Діннің тарихы


Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 121 бет
Таңдаулыға:   

ДІН ПСИХОЛОГИЯСЫ ПӘНІ

Кіріспе. Діннің тарихы адамзат баласының тарихымен тығыз байланысты. Тарихшылар, антропологтар, мәдениеттанушылар діни құбылыстар пен заттарды тарихтың барлық дәуірлерінен және жер бетінің түкпір-түкпірінен кездестіріп келеді. Алуан түрлі көріністермен, формалармен діни сенімдер мен тәжірибелер, діни дәстүрлер мен белсенділіктер, әртүрлі ғибадаттар, символикалық фигуралар үнемі кездесіп отырады және бүгінгі күнге дейін өмірден көптеп жолықтыруға болады. Алғашқы қауымдық діндер, буддизм, индуизм, иудаизм, христиандық және ислам тәрізді алуан түрлі діндердің сенімдері мен ілімдерін қабылдаған милиардтаған адам өмірлерін осы сенімдері бойынша сүріп келеді.

Өткен уақыттардағы тәрізді бүгінгі күні де адамдардың өмірлерінде діннің маңызды ықпалы бар екендігі белгілі. Тамырын тереңге жайған діни символдар, дәстүрлер мен ұйымдар қоғамдағы ықпалын айқын байқауға болады. Кез келген адамға «сен кімсің?» - деп сұрақ қойылса, олардың көпшілігі «мұсылманмын», «христианмын», «яһудимін», «буддистпін» деп өз дініне негізделген жауапты береді. Осылай, көптеген адамдар үшін дін қоғам алдындағы өз болмысын паш ететін маңызын сақтап келеді.

Демек, дін - қоғамдағы жекелеген индивидтердің жан дүниесінде терең орын алатын сезімі мен қалауының, сенімдік қажеттілігі мен жан дүниесін қанағаттандыратын рухани азықтың бастауы. Діни сенім мен құндылықтарының жөн сілтеуімен адамдар жақсы мен жаманның, туралық пен қателіктің өлшеміне қол жеткізе алады және оларды қорғауға, дамытуға тырысады. Діннің аясында көптеген адамдар өмірлері мен қоғамдарына қажетті материалдық мұқтаждықтарынан басқа, жан дүниесіне қажет мақсаттар қойып, өздерін осы діни мақсаттарға арнап жатады.

Кейбір адамдардің білімі мен қалауы бойынша дінге сенбейді немесе немқұрайды қарайды, тіпті, өздерін атеист ретінде таныстыратындар да кездеседі. Бірақ, олардың күнделікті сөйлеу мәнерлерінде, өзге адамдармен қатынастарында, қоғамдық әдет-ғұрыптарында көбінесе діни сарынды, діни сөз тіркестерін қолданып жатады. Демек, дін кезкелген адамның ойлау жүйесінде, сезімінде, түсініктерінде, әрекеттерінде, сөйлеу мәнерлерінде, өзгелермен қатынастарында маңызды рөлді ойнайтын жетекші психологиялық фактор болып табылады. Осы психологиялық фактордың қалай жұмыс атқаратынын, дамитынын, адамның жан дүниесінде әсер ететінін, қандай нәтижелерге жол бастайтынын білу - дінтанушылар мен теолог мамандардың басты міндеті.

Дін психологиясының анықтамасы, тақырыбы және әдістері. Дін психологиясы - индивидтердің қасиетті деп есептейтін болмыспен (немесе болмыстармен) қатынастары аясында ортаға қойған әртүрлі сөздерді, тәжірибелер мен іс-әрекеттерді эмпирикалық әдіспен зерттейтін ғылым саласы. Индивидтердің рухани тіршіліктері мен қатынастары аясында пайда болатын «діни оқиғалар» дін психологиясының негізгі тақырыбы болып табылады. Әсіресе, адамдардың жүзеге асыратын «діндарлықты» түсінуге бағытталуы жағынан дін психологиясының өзіне тән тақырыбы мен алаңы бар. Дін психологиясы - индивидтердің сүрген діни өмірді қалыптасу, құрылымдық, даму шарттары мен кезеңдері, нәтижелері және әсерлері тұрғысынан қарастыратын ғылым саласы. Аталған ғылым саласы дін құбылысын адам санасындағы құрылымдануын рухани тәжірибе мен қатынас ретінде өзін айқындауын әртүрлі қырларымен қуаттандырады және сипаттама жасайды. Сонымен қатар, аталған ғылым олардың айқын түсініктемесіне қол жеткізуге тырысады. Діндар индивидті немесе топтың жан дүниесі мен ішкі әлемін түсінуді мақсат ететін дін психологиясы өзіне тән ұстаныммен дінтану ғылымдарынан ерекшеленеді.

Дін психологиясының тақырыбы. Дін психологиясы - діндар адаммен немесе оң яки теріс формадағы дінмен байланысы бар адамды психологиялық тұрғыда зерделеу. Осыған орай, аталған ғылым индивидтің рухани тіршілігі мен әрекеті аясында діни сипаттағы оқиғаларды қарастырады. Дін психологиясы діннің немесе дінге қайшы келетін көзқарастар мен түсініктер алдында индивидтің ортаға қоятын оң немесе теріс субъективті ұстанымдарын зерттейді. Бір жағынан діни сенім мен әрекеттің индивидке әсерлері (жан саулығына, адамдық қасиетіне, әлеуметтік қатынастарына), келесі жағынан адамның әртүрлі сезімдері мен қалауларының, характері мен адамдық тұлғасының, ұстанымдары мен қатынастарының діни сенім мен тіршілікке ықпалын салыстырмалық түрде зерделейді. Діндарлықтың түрлі-түрлі формаларының пайда болу, даму, құрылымдану, өзгеру және дінге қайта оралу тақырыптары - дін психологиясының негізгі зерттеу нысанасы.

Индивидтердің діни сенімдері, ұстанымдары мен қатынастары белгілі бір әлеуметтік-мәдени шартта қалыптасады және дамиды. Осы себепті дін адамның діндарлық тіршілігін тек қана оның сенген діни дәстүрді назарға ала отырып түсінуге болады. Демек, дін психологиясы діннің адам жан дүниесінде орын алатын және әртүрлі формалармен сыртқа көрініс беретін (сөз, сезім және интуиция, тілек пен қалау, идея мен түсінік, ұстаным мен қатынас, әрекет пен белсенділік) түсініктемелер мен ерекшеліктер аясында дамыған құрылымды және оның динамикаларын, ішкі және сыртқы ортамен болатын қатынастары мен әрекеттесулері біртұтас тұрғыда зерттеуге тырысады.

Дін психологиясының мақсаты және маңызы. Дін психологиясы индивидтердің жан дүниелік өмірі мен әрекеттерінде пайда болатын діни оқиғаларды түсіну, түсініктеме жасау мақсатымен зерттеу жасайды. Осыған орай, дін психологтарының міндеті - дінге, діни мәтіндерге негізделген зерттеу жасау емес, адам тәжірибесі мен қатынастарында пайда болатын діни белгілерді түсінуге талпыну, діннің адамдық және мәдени ақиқат өлшемдерін жарыққа шығару, әлеуметтік және мәдени ортада өмір сүретін және әрекеттестік ішінде діни құндылықтарды игерген діндар адамның жан дүниесін түсіну. Осылай дін психологиясы дінді тек адам өміріндегі әсерлері мен өлшемдері тұрғысынан қарастырады және оның объективтік бейнесін жасауға тырысады. Одан соң ол осы бейненің шынайы мәнін ашу үшін түсініктеме жасауға, өзіне тән концепция қалыптастыруға тырысады.

Діннің шынайы бастауы мен мәні, діни ұғымдар мен құндылықтардың негізгі ақиқаты тәрізді тақырыптарда баға беру дін психологтарының жұмысы емес. Құдайдың бар екендігін дәлелдеуге немесе жоққа шығаруға жол ашатын дәлелдерді дамыту сияқты мәселелер дін психологиясының мақсатына жатпайды. Бұл ғылымның діни сенімдерге құрметпен қарап, бейтарап, зайырлы және бақылаушы ұстаныммен өмірде бар ақиқат құбылыс ретінде түсіндіруі тиіс. Сондай-ақ дін психологтары қандай да бір діннің, мазхабтың, дәстүр мен діни ілімнің өзгелерінен артық екендігін тартысқа салмайды, керісінше, діни оқиғаларға қатысты объективті мәліметтерге қол жеткізуге тырысады. Практикалық ғылым ретінде дін психологиясы діннің ақиқаттығы мәселесіне кірмейді, оның есесіне, діни оқиғаларды сана мен әрекеттің мазмұндары мен тақырыптары тұрғысынан талдайды, сипаттайды және бақылайды, діни ұстанымның, діндарлық тіршіліктің ішіндегі психологиялық факторлар пен құрылымдардың мәнін ашуға талпынады.

Адамға бағытталған барлық жұмыстарда субъективті нәтижеге қол жеткізу үшін психология ғылымының әдісіне жүгінген жөн. Адамның кім екендігін, қалай ойлайтынын, неге сенетіндігін, қалаулары мен қажеттіліктерін, қатынастары мен қабілеттерін меңгермей, тәрбиелік, жолбасшылық жұмыстарды көзделген нәтиже шықпайды. Бұл дін саласына да қатысты. Діни тәлім-тәрбие, діни ақиқатқа жету, діни кеңесші мен сараптамашы тәрізді жұмыстар тек дін психологиясының ашқан жаңалығын, қуаттауын назарға ала отырып, алға баса алады. Дін жолымен жүру, діндар өмір сүру адамның тыныштығына, бақытты өмір сүруіне көмекші болатыны тәрізді, керісінше ол конфликт, сәйкессіздік және рухани ауруға себеп те бола алады. Осыған орай, аталған ғылым оңды құндылықтарды дамытатын діндарлықтың психологиялық шарттары негізінде жаны сау діндар адамды жетілдіру жағынан маңызы зор. Дінді түсіндіру және оқыту жұмыстарында діннің жан-жақты, білікті жеткізілуі керек болғаны тәрізді тыңдаушы көпшіліктің ерекшеліктеріне қарай бейімділік танытудың да өзіндік маңызы бар. Дін психологиясы осы тақырыптардың барлығында маңызды мүмкіндіктер ұсынады.

Дін психологиясының өзге ғылым салаларымен байланысы . Дін психологиясы - өзінің аумағы жағынан әлеуметтік ғылымдар мен теологиялық ілімдер арасында орын алатын дінтану ғылымдарының ішіндегі ғылым. Осыған орай, аталған ғылымдар мен ілімдердің барлығы - бір-бірімен байланысты және бірінің орнын бірі толтыратын ғылым салалары.

Әлеуметтік ғылымдар. Дін психологиясы - психологиялық ұстаныммен зерттеу жасайтын ғылым саласы. Сондықтан, оның жалпы психологиямен ортақ жақтары көп. Аталған екі ғылым саласы да бірдей ғылыми принциптермен, әдістерімен және техникаларымен зерттеулерін жүргізеді. Дін психологиясы жалпы психологияда қолданылатын барлық ұғымдарды, ұстанымдарды және әдістерді керегінше пайдаланады. Осы себепті психология мен оның барлық салаларының (әлеуметтік психология, жалпы психология, психологиялық антропология, дифференциялдық психология, жас психологиясы, экспериментальдық психология, медициналық психология, этнопсихология, құқықтық психология, экономикалық психология, өнер психологиясы, шығармашылық психология, ғылым психологиясы, психо-лингвистика, психология тарихы) зерттеулерімен тығыз байланысты. Сонда әртүрлі теориялық ұстанымдар (феноменологиялық, танымдық, психоаналитикалық концепциялар) мен практикалық қолданыстарды (жолбасшылық, жан емі, діни кеңесшілік, дін қызметтері психологиясы) пайдаланады. Сонымен қатар, тарих, филология, социология, антропология тәрізді әлеуметтік ғылымдардың зерттеулері негізге алынады және олардан пайдаланады. Бірақ тақырыптары жағынан олар өз алдына бөлек ғылымдар болып табылады. Осыған орай дін психологиясы жалпы психологияның ішіндегі бір сала емес, дінтану ғылымдары арасында орын алуы тиіс.

Теологиялық ілімдер . Тафсир, хадис, фиқһ, калам, суфизм, мазхабтар тарихы сияқты исламдық ілім салалары діни мәтіндерді түсінумен және түсініктеме жасаумен айналысады. Діни оқиғаларды, адамның сүрген діни өмірдің сыртқы көріністері мен формаларын түсіндіру, осыларға қайнар көз болып табылатын діни сенім мен ілімдер жайлы маман болуды қажет етеді. Адамдардың өздеріне жолбасшы ететін діни ритуалдар мен табыну типтерін әлгі діннің құлшылық жүйесінде қандай орынға ие екендігін білмей, тек сыртқы бақылауға негізделген сипаттама білікті түсініктемеге жол ашпайды. Белгілі бір діннің өзіне тән қасиеттілері, сенімдері мен ілімдері, мазхабтық, жамағаттық ерекшеліктері оған сенетін адамдардың әрекеттерін түсінуге көп пайдасын тигізеді. Сондықтан, орнына қарай аталған бүкіл ілім салаларының беретін мәліметтерге жүгінуге тура келеді. Осы ілімдермен қатар діни өнер мен әдебиет, ислам тарихы, ислам философиясы сияқты салаларда жүргізілген зерттеулер бүгінгі күнгі, тарих бойындағы діни оқиғаларды түсінуде және түсініктеме жасауда маңызды орынды иеленеді.

Дінтану ғылымдары. Дінтану ғылымдары теологиялық ілімдер мен әлеуметтік ғылымдардың түйіскен жерде орналасқан. Атап айтар болсақ олар мыналар:

Дін социологиясы . Дін социологиясы дін мен қоғам қатынасы мен әрекеттестігін және осы қатынаста пайда болған оқиғаларды, кезеңдерді, діни ұйымдарды және топтарды зерттейді. Дін психологтары діни оқиғаларды индивидтік тұрғыда қарастырған кезде, дін социологтары оны қоғамдық тұрғыда зерделейді. Негізінде діни оқиғалар индивидттік деңгейде орын алатын тәрізді қоғамдық деңгейде де кездесетіндіктен, діни ақиқат екі ғылымның да ортақ тақырыбы. Сондықтан, аталған екі ғылым саласының зерттеушелері діни оқиғаны зерделеуде бір-бірін толықтырушы сипатта болып, кейде бір-бірімен мәлімет алмастырады, осылай, өз алаңдарын кеңейте түседі.

Дін феноменологиясы . Аталған ғылым - діни оқиғалардың негізгі мағынасын құрайтын тұрақты мәні, негізгі құрылымын паш етуге тырысатын ғылым саласы. Феноменологтар діни оқиғаның уақытша, ауыспалы типін емес, негізгі сипатын игеруге тырысады. Осыған орай, дін феноменологтарының талдаулары мен сипаттамаларынан дін психологтары едәуір деңгейде пайдалады. Ең маңыздысы - діни тәжірибенің діни ақиқаттарға құрмет, толеранттық қатынасы аясында қарастырған дін феноменологтарының екпіні дін психологтарының зерттеулерінде көрініс табады.

Дін антропологиясы . Бұл ғылым - белгілі бір уақыттар пен кеңістіктерде кейбір арнайы діни сенімдері мен тәжірибелердің (арнайы миф, арнайы, ритуал) көріністерін зерттейтін ғылым саласы. Бастапқыда алғашқы қауымдық құрлыстың діндерін зерттеген дін антропологиясы бүгінгі күні кең аумақта діни тәжірибе мен қолданыстардың ғылыми зерттеуін жүзеге асырады. Алуан түрлі қоғамдарда пайда болған мифтердің, діни символдардің, діни ғұрыптардың, діни әрекеттердің көріністері мен мәндерін, функциялары мен құрылымдары ұқсастықтары мен айырмашылықтарын қоса зерделеуге тырысылды. Дін психологтары діндарлықтың жергілікті мәдениетпен және қоғамдық құрылымдармен байланысты әлемдік көріністері мен мағыналарын түсінуде дін антропологтарының зерттеулеріне жүгінеді.

Дін философиясы . Бұл - діни сенім, тәжірибе және оқиғаны философиялық тұрғыда қарастарытан ғылым саласы. Дін философы діни алаңды, алдымен бұл алаңда не болғанын, сенетін нәрсенің мәні неде екендігін зерделеуге бағытталады. Олар зерттеулерінде теологтардың, дінге сенушілердің, таришылардың, психологтардың, социологтардың, антропологтардың, философтардың осы тақырыптағы мәліметтерін ойша талдайды. Дін психологтары діни таным мен ұғымдарды құрар, діни оқиғалардың мәніне зерттеу жасаған кезде, дін философтарының зерттеулеріне үңіледі.

Діндер тарихы . Адамзат тарихы бойында пайда болған барлық діндерді салыстырмалы түрде тәжірибелік, объективті ғылыми әдіспен зерттейтін ғылым саласы - діндер тарихы. Діндер тарихы теологиялық қуаттауларға арқа сүйемей, антропологиялық көзқараспен діндерді зерттейді. Діндер тарихының әдістері, ұғымдары, теориялық құрылымдары мен моделдері әлеуметтік ғылымдардың жетістіктеріне негізделеді. Діни оқиғалардың индивидтік және әлеуметтік деңгейде болғаны сияқты тарихи өткен жолы мен мұрасы баршылық. Дін психологтарының индивидтердің өмірінде бақыланған діни оқиғалардың мәнін анық ортаға қою үшін олардың өткен тарихтағы бастауларын және даму ерекшеліктерін зерттеуіне тура келеді. Міне, осы себепті діндер тарихының ұсынған мәліметтеріне жүгінеді.

Дін психологиясының әдістері . Дін психологиясы - ең алдымен діни тәжірибелерді, діни сенімдер мен түсініктерді, діни ұстанымдарды жүйелі түрде зерттейтін ғылым. Мұнда психологиялық зерттеулерге тән зерттеу техникалары қолданылады.

Бақылау. Ғылыми зерттеу ең алдымен оқиғаларды бақылаумен бастайды. Оқиғалар сырттай өзінің табиғи ағымы аясында (табиғи бақылау) немесе зерттеушінің өзі де сол оқиғаның ішінде орын алып (қатысумен бақылау) зерттеуге тырысады. Алайда психологияның өзіне тән әдісі - ішкі бақылау (өзін-өзі бақылау) . Бір адамның жан дүниесіндегі тіршілік тек өзінің жан дүниесіне бақылау қоюмен жүзеге асырылады. Дін психологы діндардың тұрмыс-тіршілігін бақылауға алғаны тәрізді өзінің діни тіршілігі жайында өзін өзі бақылау арқылы мәлімет алу үшін әртүрлі құралдардан пайдаланады.

Индивидтердің құжаттарын жүйелі зерттеу . Индивидтің діни өміріне сәуле берген, өзге адамдар тарапынан жазылған (өмірбаян) немесе өзінің хатқа түсірген өмірбаяны, естелік жазбалары, мұрағат материалдары, хаттар, саяхат естеліктері, жеке материалдар әлгі адамның жан дүниесін түсінуге көп септігін тигізеді. Алғашқы дін психологтарылың бірі - В. Джеймс атақты діни тұлғаларға осы жолмен жасаған зерттеулері нәтижесінде аталған ғылымның іргесін қалыптастырды.

Анкеталар. Жазбаша сұрақ қағаздары - осы салада ең көп қолданылатын құралдардың басында келеді. Э. Д. Старбек пен Г. Стэнли Хол тәрізді дін психологиясының негізін салушылар жастардан әртүрлі анкеталар алып, олардағы діни өзгерістерді анықтауға талпыныс жасады. Бүгінгі күні де анкеталық зерттеулер әсіресе жастарға бағытталып, қолданылып келеді.

Кездесулер (репортаж) . Бұл әдіс түрі - белгілі бір тақырыпқа қатысты ауызша сұрақтар мен жауаптарды хатқа түсіріп отыруы. Дін ауыстыру факттеріне жасалған зерттеулерде кездесу әдісі ең үздік әдіс ретінде қолданылады.

Жүріс-тұрыс өлшемдері (көрсеткіштері) . Діни сенім мен қатынастың қырларын (жағымды-жағымсыз) және қуаттық деңгейлерін (күшті, әлсіз, шешімсіз) анықтау үшін дамытылған өлшемдер.

Әрекеттерді талдау . Бақылаумен және тест алумен қол жеткізілген діни әрекеттер жайлы мәліметтерге талдаулар жасалынады. Сұрыптаулар, жіктеулер жасалып, элементтер арасындағы ортақ және ерекше қырлар анықталуға талпыныс жасалынады.

Семантикалық талдау . Діни ұғымдардың индивидтер тарапынан қалай түсінілгені өлшеніп, мағыналық естеліктер қалыптастыруға талпыныс жасалады.

Клиникалық әдісте қолданылатын талдау . Адамдармен жеке-жеке кездесу арқылы индивидтердің өткен өміріндегі діни тұрмыс-тіршілікті, есте қалған ойлар мен қасіреттерді анықтауға тырысады. Діни жолбасшылық, кеңесшілік жұмыстары көбінесе осы жолға бағытталған.

Статикалық талдау. Анкеталар мен тесттер арқылы қол жеткізілген сапалық мәліметтер өзгергендер арасындағы байланыстардың мәнділігін анықтау мақсатымен алуан түрлі статистикалық талдауларға жүгініледі.

Тәжірибелер. Дін психологиясында аз болса да тәжірибелер мен жартылай тәжірибелік зерттеулер жасалынады. Ақылдан адастыратын материалдардың жол ашатын сананың өзгеруіне байланысты діни, мистикалық оқиғалар немесе діни-мистикалық кейбір тұрмыс-тіршіліктердің қалыптасуында адам миындағы кейбір клеткалардың оянуы арасындағы байланысқа тақырып болып табылатын зерттеулер осыған мысал болып табылады.

Түсініктеме және сипаттама әдісі . Әртүрлі техникалар мен құралдар арқылы қол жеткізілген оқиғалар, психологияда қабылданатын түсініктеме жасау әдістеріне ден қоя отырып, сипатама жасалынады. Осылай дін психологтары сандық және сапалық әдістерге жүгініле отырып зерттеулер жасайды.

ДІН ПСИХОЛОГИЯСЫНЫҢ ТАРИХЫ

Ислам дін психологиясы тарихы

Діни дереккөздер. Ислам мәдениеті тарихында Құран мен Пайғамбар хадистері бастаған діни дереккөздерде бірнеше психологиялық ұғымдар мен тақырыптарға орын берілген. Құранда үш жүзге жақын жерде «нафс» термині адамның пенделік құрылымын, жан дүниесі пен әрекетін білдіреді. Нафстың сөздік мағынасы - бір нәрсенің өзі, мәні, субстанциясы деген сөз. Құранда нафс жалпылық тұрғыда рухани және тәндік, саналық және санадан тысқары барлық функциялардың тұтастығынан құралған адамның психологиялық құрылымы мағынасында қолданылады. Демек, адамдық мендігіміздің барлық құрылымдары, қабілеттері, функциялары мен кезеңдері нафс терминінде жинақталған. Нафста бір жағынан табиғи, пенделік өлшем, келесі жағынан саналық, рухани өлшем орын алады (91\7-01) . Осыған қарағанда нафс бір-біріне қарама-қайшы сезімдік күштердер құралған, даму мен өзгерістерге, кемелдену мен азғындауға икемді, саналуан динамикалық құрылым (12\53; 75\2; 89\27-28) ретінде суреттеледі.

Құранның түсініктемесі бойынша адамның жаратылысында өзгермейтін, тұрақты мән ретінде табиғи сенім қабілеті (фитрат) (30\30) орын алады. Ардақты Пайғамбардың хадистерінде аталған сену қабілетіне қатысты кең түсініктемелер кездеседі. Пайғамбар хадистеріне қарағанда сенім қабілеті (фитрат) нәресте сөйлей алғанға дейін осы пәк деңгейінде сақталады. Бала өскен ортасының тілін игеріп, қолдана бастаған шақтан бастап, әлеуметтік факторларға (ата-ана, қоғам, мәдениет) қарай бейімделіп, белгілі бір сенімнің жетегінде кетеді. Егер әлгі сену қабілеті өз деңгейінде, амас-сау дамитын болса, Аллаға сенумен, оның жолында жүрумен нәтижеленеді (6\76-79) . Діни сенім мен дін жолымен жүру адамның санасы мен жүріс-тұрысына функция атқару деңгейіне қарай, адамның рухани өмірі мен әрекеттерін реттейтін ішкі факторға айналады. Ал оған қайшы жағдайда адам өзіндік мендігіне, немесе әлеуметтік қалаулар мен идеологияға табынуға бет алады (25\43; 30\29; 38\26; 45\23; 53\23-24) .

Құранның түсіндіруі бойынша нафстың, ішкі сезімдер мен интуициялардың, сенімдердің, саналық белсенділіктердің, қысқаша бүкіл психологиялық функциялардың орны мен бастауы - жүрек. Жүрек - ойлану, құдай жолына түсу, жан ашу, рухани арылу, ар тазалығы, қорқыныш, мазасыздық, имандылық пен тақуалық, күмән, екі жүзділік пен күпірлік тәрізді бүкіл психологиялық кезеңдер мекені. Мендік түсінігі де жүректе орын тебеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Жәми ат-тауарих» шығармасындағы Орта және Кіші жүз негізін құраған ХІ-ХІІІ ғғ. түркі тайпаларының тарихы
Діннің мәні
Діннің анықтамасы
Діндер тарихы лекциялар жинағы
Дін анықтамалары
Дін этнологиясы
Дін және мәдениет
Діннің пайда болуы туралы теориялар
Діннің мәні және оның шығу тегіне қатысты мәліметтер
Дін социологиясының атқаратын қызметтері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz