Кәлам және Діни ғылымдар
Дін философиясы, Кәлам және Діни ғылымдар
Тақырыбы тұрғысынан дін философиясына жақын келетін сала - кәлам. Ислам
мәдениет жалпы алғанда, ақли және нақли дәлелдерге сүйеніп діни үкімдерді
түсіндірген, жүйелендірген және қорғаған сала ретінде танылды. Христиан
теологиясы да осы әрекеттерді жасады деуге болады. Бірақ христиан
теологиясы сенім мәселесін терең қарастыруға мәжбүр. Кәлам болса, ғылыми
және ойшылдық сала.
Дін философиясы жүйелі кәламмен жақын байланыс жағдайында. Тіпті дін
философиясы кәламды ішіне көп қамтып алған. Сондықтан кейбіреулер дін
философиясын философиялық кәлам деп атап жүр. Техникалық турғыда
кәламшы (а.т. мүтакаллим) ашық немесе жасырын түрде істі сеніммен
бастайды. Бұл жерде мүтакаллим мен кәлам тарихшысын немесе кәлам ілімі мен
ғылыммен айналысқан адам арасын шатастырмау керек. Мүтакаллим үшін
зерттеген тақырыбы өмірлік мәселе болды. Ол айтқандары мен жазғандары
арқылы дін тақырыбында туындаған күмәндерді жоюға, ақылға келген сұрақтарға
жауап беруге тырысады. Ол бойынша, діни негізгі үкімдер түрлі күмәндердің
алдында тұрады. Басынан-ақ осыған сенеді, осылай ойлайды және осылай
сипаттайды. Кәламда діни үкімдерді сұрақ астына алу деген болмау керек. Дін
философиясын жасайтын адам болса, ешбір нәрсені зерттеу ден тыс қалдыра
алмайды.
Дін философиясы арқылы дінді ғылыми тұрғыда қарастыратын басқа пәндер
арасында айрмашылықтар бар. Дін философиясы жиі қолданатын сала - діндер
тарихы. Тарих ұсынатын материал болмаса философ не жайында тартысады?
Тарихшы, әлеуметтанушы және психолог сияқты дін оқиғасын сипаттайды, оны
түсіндіреді және бұл жолда жалпы шешімдер шығаруға тырысады. Философ дін
ғылымдарының әдістерін, теорияларын, түсіндірмелерін, болжамдарын
қарастырады. Зерттеулер мен сындарымен ол салаларды айқындайды. Дін
мәліметтері мен ғылым жаңалықтары арасында қажетті салыстырулар жасайды
және ілімде бүтіндікті сақтауға тырысады. Теология мен элеуметтік ғылымдар
арасында байланыс орнатуға күш жұмсайды. Бұл істе табысқа жету үшін дін
философиясы түрлі білім мен деректерді қабылдауға дайын болуы керек.
Дін әлеуметтік феномен ретінде әлеуметтанушылар үшін аса маңызды зерттеу
объектісі ретінде қарастырылуда. Дін социологиясы діннің кейбір бағыттары
бойынша адамдарды белгілі элеуметтік әрекеттерге жетелейтін қоғам
сегменттерінің пайда болуын зерттейді. Батыста дін социологиясы мынадай
негізгі зерттеу салаларына бөлінген [Бұлұтай М.Ж. Дін және ұлт.
Алматы, Арыс баспасы, 2006, - 584 бет + 24 бет суреттер.
В,42]:
1 - Діндердің әлеуметтік тұрғыдан пайда болуының себептерін түсіндіру:
негізінен XIX ғ. өзекті зерттеу саласы. бұл салада Х.Спенсер (1820-1903),
Э.Тайлор (1832-1917), Д.Фрейзер (1854-1941), К.Маркс (1818-1883),
Э.Дюркгейм (1858-1917) комақты еңбектер жазған.
2 - Шіркеу табының әлеуметтік және діни өмірін зерттеу. Бұл саланың
белгілі зерттеушісі француз Габриэль Ле Брас (1891-1970).
3 - Дін мен зайырлы коғам арасындағы ықпалдасушылық. Әсіресе, XX ғ.
қызу зерттеулер жүргізілген бұл саланың өкілдері М.Вебер (1864-1920), Йохим
Бах (1899-1955) және Г.Меншинг (1901-1978).
Діни іс-әрекеттер екі формада жүзеге асырылуы мумкін: біріншіден, кейбір
адамдардың яки тұтастай қоғамның белгілі уақыттарда белгілі іс-әрекеттерді
жүзеге асыруы. Мұндай жағдайда діни өмірді ұйымдастырушы діни ұйымның болуы
шарт емес. Екіншіден, діни іс-әрекеттерді белгілі ұйымдардың ұйымдастыруы
және олардың мән-мағынасын белгілеуі. Осы тұрғыдан алғанда дін социологиясы
діни ұйымдар мен қоғамның әлеуметтік тұрғыдан талдауын мына мәселелер
бойынша жүзеге асырады:
Діни ұйымды сипаттау
Діни ұйымдардың тармақталуы
Діни үйымдардың типолгиясы
Діниұйымдардың дамуы
Діни жамағатты сипаттау
Діни жамағаттың құрылымдық жүйесі
Діни жамағат мүшелерінің діни ұстанымдары мен әрекеттері
Діни жамағат уә қоғамның арақатынасы
Діни сипаттары бойынша қоғамның әлеуметтік таптарға жіктелуі
Әлеуметтік жіктер жүйесінің дінмен арақатынасы
Әлеуметтік таптардың спецификалық діндарлығы
Діни көпшілдік және элеуметтік таптарға жіктелу
Дін және элеуметтік динамикалардың арақатынасы. Мұнымен бірге, М.Вебер
Протестант этикасы және
капитализмнің рухы атты еңбегінде дінніц экономикалық
өмірдегі рөлін дін және экономикалық әдіс тақырыптары
бойынша зерттеп, Қытай, Жапон, Үнді және Еуропа
экономикаларындағы бұл елдердің діни нанымдарының әсерін талдаған [Бұлұтай
М.Ж. Дін және ұлт. - Алматы, Арыс баспасы, 2006, - 584 бет + 24 бет
суреттер. Б.343].
Бақылау сұрақтары:
1. Дін философиясы,Кәлам және Діни ғылымдар 2. Кәлам
ілімінің қалыптасу мақсаты мен міндеттері 3. Діни
ғылымдардың топтамалары, зерттеу объектілері
4.Дін социологиясының мәселелері
5.Дін философиясы мен кәлам байланысы
ІІ БӨЛІМ.
ТӘҢІРДІҢ БАР БОЛУЫНА ҚАТЫСТЫ ДӘЛЕЛДЕР
2.1. Дәлелдер турасында жалпы мағлұмат
Тәңірдің бар болуын сипаттау философияның да, теологияның да орталық
мәселесі болып табылады. Философия тарихында бұл классикалық мәселе
турасында сөз айтпаған философ жоқ десе болады. Бұл салада көптеген
кітаптар жазылса да, қазіргі таңда философия мен теология саласында әр айда
жазылып жатқан жаңа кітаптар мен көптеген мақалалардың баспадан шығып жатуы
бұл тақырыптың бәсеңдемегенін көрсетеді.
Тәңірдің барына сену не сенбеу мәселесінің шешілмеуіне қараганда, соншалық
қиын бе еді? Ғазали мен Декарт сынды танымал ойшылдардың сенім адам
табиғатына тән деулеріне қарамастан, Тәңірдің бар болуына қатысты бірнеше
дәлелдер берілуде. Әрине мұндай әрекет түрлі себептерден келіп шығатыны
мәлім. Бұл себептерің бірнешеуіне тоқталайық [2, 20].
а. Дәлел мен тұжырымды іздеуге итермелеген күштердің басында діндердің
қасиетті жазбаларындағы түсініктер тұр. Үлкен діндер шығысымен бірден
қабылданылмаған. Кедергілер адамға, саясатқа, ой-пікірге қатысты туындап
отырған. Әсіресе, ой-пікірдегі кедергілерді жоюдың діннің тамыр жайып
орнығуына алып баратын өмірлік мәні бар.Ой-пікір кедергісіне оймен қатынас
жасау үлкен пікірталасқа алып келді. Осы пікірталас түрлі кәламдық және
философиялық әрекеттердің негізін салады. Мұны мынадай мысалмен түсіндіруге
болады. Исламға сенбеген меккелік арабтар Құрандағы Құдай түсінігін,
өлімнен кейін өмір жалғасатынына қатысты сенімдерге қарсы болған. Құран бұл
қарсылықтарта жауап бергенін білеміз. Ой алаңындағы қарсылықтарға берілген
жауаптардың бірнеше дәлелдерге сүйенгенін байқасақ, Ислам тарихында орын
алған тартысуларда неліктен Қүран негізге алынғанын жақсы түсінуге болады.
Тартысқа түскендер Құрандағы ұғымдар мен түсініктерді қолданғанын көреміз.
Мысалы, Құдайдың бар болғанына қатысты тартыстарда жиі қолданылған дәлел,
бұрхан, сипат, т.б. сөздер құранда кездеседі.Алладан басқа Тәңірлерге
сенушілерге қаратып Құран:Немесе олар,Алладан өзге Тәңірлер жасап алды
ма? (Мұхаммед F.C.): Дәлелдеріңді келтіріңдер. Miнe менімен бірге
болғандардың Кітабы және менен бұрынғылардың Кітабы де. Олай емес,
олардың көбі шындықты білмейді. Сондықтан олар жалтарады (Әнбиә суресі,
24). немесе жаратылысты бастайтын сосын оны қайта тірілтетін кім? Және көк
пен жерден қорекберетін кім? Алламен бірге басқа тәңір бар ма? (Мұхаммед
F.C.): Егер шыншыл болсаңдар, дәлелдеріңді келтіріңдер де (Намл, 64).
Дәлел сөзі көз жеткізу, жол көрсету, кеңес беру, т.с. мағыналарды береді.
Бұл сөз Құранда да осы мағынада қолданылған (Фурқан, 45; Саф.10; Таха, 40),
Тұжырымдау сөзі болса, шешім шығару, жайғастыру, жалғастыру, т.с.с.
түсініктерге келеді. Құранда йусаббиту, нусаббиту тұрақты ету, шешім
шығару, жалғастыру мағыналарына келеді. Яғни, ой-пікір тартысулары діннің
өз ішінде болатын нәрсе.Ақылға, терең ойға салып Алланың барына сенудің
мақұл көрінетінін, сенбеудің теріс жағдай болатынын айтқан тек Құран.
Осыдан келіп, Исламның соңғы дәуірлеріндегі кәламдық және философиялық
жолмен Алланың барын тұжырымдаумен айналысқан ғылым мен ой адамдарының
Құран аяттарына сүйеніп әрекет, етулері қалыпты көрінеді. Қай дәлелге кай
аяттың ықпал жасағаны алдын айтылады.
ә. Екіншісі, діни пікірлердің еліктеуге емес, зерттеуге негізделуі үлкен ой-
пікір алаңын өмірге келтірді. Алланың барына сену көп жағдайда еліктеуден
туындайды деп Ғазали дұрыс айтып кеткен. Екінші орында ғылым дәрежесі тұр.
Бұл жерде адам сенімін дәлелденген ақиқаттарға сүйендіруге тырысады. Үшінші
орында, Ғазалидің сөзімен айтқанда, талғам дәрежесі, яғни сеніммен өмір
сүру, терең тәжірибе тақырыбына құрылған сала. Дәлел іздеу екінші орында,
яғни иман тәжірибесінің екінші баспалдағында көрінеді. Дәлел іздеу
барысында діни өмір терең мағынаға ие болады. Басқаша айтқанда, дәлел
іздеу, егер бұл іс ой-пікірмен шектелмесе, талғам халін орнықтырады. Ой-
пікірдің кейде ғибадат ретінде қаралуының себебі осында.
б. Үшіншісі, адамда сенім тақырыбында кейде күмәнданулар шығуы мүмкін, яғни
күмәнданушы адам өз кедергілерімен бетпе-бет келеді. Бұл жағдайда адам өзін
не басқаларды қанағаттандыру үшін бірнеше дәлелдер іздеу керек екендігін
түсінеді.
в. Төртіншісі, діни ой-пікірлер басқа салалармен үнемі
байланыста болды. Алланың барына сену, негізі,ғылым мәселесі.Онтологиялық
дәлелдерді ысырып тастасақ, басқалай классикалық дәлелдердің барлығы әлем
турасындағы білімдерден бастay алады. Дәлелдер сүйенетін бұл білім үнемі
өзгерісте және дамуда. Адам білгедерін бір жаққа, сенетіндерін басқа жаққа
қойып өмір сүре алмайтындығынанан, ой-пікір және рухани өмір
тәсілін біріктіруге мәжбүр болады. Ол бұл істі ғылыми, ахлақи,діии өмірдің
мәліметтерімен жүзеге асыра алады. Философияның адам өміріне қатыстылығын
көрсететін тағы бір нәрсе, ол іске деген қажеттілігін терең сездіртуінде.
г. Кейде танымал философиялық жүйе Тәңірдің барына
қатысты мәселені міндетті етуі мүмкін. Аристотельден бастап бүгінгі таңдағы
ойшылдарға дейінгі көптеген философтар тек осы тұжырымға барамын деп емес,
жүйелеріне керек болғандықтан Тәңірдің бар болуын қарастырып отырған.
Аристотель Тәңірді әлемді алғаш қозғалысқа түсірген алғашқы себеп деп
қарастырған. Фараби әр мәртебедегі болмысты түсіндіру үшін
Міндетті Бар болуға мүқтаждық танытты.
Кәлам және философиялық еңбектерде ғасырлар бойы тартысып келген
дәлелдер Алланың бар болуына сенудің қабылданылуын ортаға қойған адам
әрекетінің ең жоғарғы көрсеткіші болды. Адамдардың көбі осы дәлелдер
арқылы сенген, тіпті сенімдерін қорғап қалып отырған дей аламыз. Көбі кәлам
мен философиядағы дәлелдерге қарамай-ақ сеніммен өмір сүріп келеді.
Кейбіреулер иманды саналы негіз керек етеді деп қарастырады. Сену
рационалды әрекет ішінде қаралады. Ислам әлемінде Фараби, Ибн Сина,
Жүвейни, Ғазали, Ф.Рази сынды танымал ойшылдар мұндай көзқарастың табысты
боларына сенген. Ф.Аквинский, Р.Декарт, Г.Лейбниц сияқты батыстың алдыңғы
қатарлы философтары да теизм дәлелдеріне үлкен сеніммен қараған. Декарт
пікірінше, Тәңірдің бар болуын тұжырымдауда философиялық позиция
ыңғайлы болып табылады, өйткені Тәңір турасында жалаң пікірдің озі де өте
аз. Бұған қарамастан, Декарт ойынша, көпшілік Тәңірдің бар болуының дәлелін
білмесе де Тәңірдің бар екеніне сенеді. Бұл тұрғыда сенімді күшейтетін
дәлелдер іздеу мен мәселені түбегейлі зерттеу философияда маңызды іс
саналады. Алланың барына еш күмән және шүбә келтірмей сенген мүмин үшін
кәлами және фәлсәфи дәлелдің қажеті неде деген сұрақтар ойға келеді.
Исламдық ой пікір тарихында түрлі тасаууфи тұжырымдарда болған ойшылдар
иман тақырыбында ақыл күшін мойындамағандықтан, философиялық дәлелдерді
қажет деп есептемеген. Олар терең ойлау мен пікірге сүйенетін өмірді
мойындамағандықтан, ой пікірдің тек негіздеме беру ісінен басқа салада
табысты бола алмайтындығын алға тартқан. Басқаша айтсақ, бұл арқылы олардың
тек сезім мен оның әрекетінің салдарын мойындаған дей алмаймыз. Яғни,
сенім, көп жағдайда, рационалдық дәлелдерден келіп шықпайтындықтан, дәлелге
мүқтаж емес. Бұған дәлелді керек етпей-ақ сеніммен өмір сүріп жатқандар
мысал бола алады.
Рационалдарды дәлелдерге қарсылық әрекеті Батыс ой-пікір тарихында ашық
көрінеді. Теологияны құпия салаларында сену мен акыл-логика байламына
келтіру арасы қай жерде болмасын қайшылықты болып келеді. Сенемін, себебі
ақыл түсіндіре алмайды дейтін христиан теологтары аз емес.
Тәжірибе алаңында, бір пікір не тұжырымның қабылданылуы оны ғылыми
жаңалықтар негізінде түсіндіріп беруімізге тәуелді. Индуктивті тұрғыда
шамалап ол түсінікті мойындаймыз. Бірақ ол түсінік ғылыми тұрғыда әр уақыт
негізделе алмайды ғой. Егер де бір пікір логикаға сәйкес келмесе, бірақ
ғылыми мәліметтер оны жаңылыс деп көрсетпесе, ол пікірге әрине сенеміз.
Мысалы, діндар адам кейбір ұстанымдарын немесе дін тыйым салған нәрсенің
шындыққа қаншалықты сай екендігіне әр уақыт көзін жеткізе алмайды. Бұл
жағдайда ол бұл тыйым салынған нәрседе мен білмейтін даналық жатыр
деуімен ақылды терістейді дей алмаймыз. Алайда назарға ілігетіні сол,
кейбір шынайылықты көзді жұмып қабылдауымыз керектігіне, яғни иррационалды
ұстанымда қалғанымызга ұқсайды.
Дәлел мен қоштау тұжырымдарының кейбірі априорлы түрде түсіндіріле алады.
Бұған онтологиялық дәлелдер жатқызылады. Кейбір дәлелдер - апостериорлы.
Яғни, қолда бар мүмкіндіктеріміз негізінде түсіндіріле алады. Бұған
космологиялық дәлелдер жатқызылады.
Кейбір тұжырымдар жеке адамның бастан кешіргендеріне, яғни тәжірибе жаса
және көзіңді жеткіз дегенге негізделеді.Тарихта сопылық білімді меңгерген
ойшылдар осы тұжырымның жақтастары болған. Олар бұл жердегі тұжырымды көз
жеткізгенін көңілде түю деп түсіндірген. Діни тәжірибе бұған жақсы дәлел
бола алады.
Исламдық қайнар көздерде дәлел мен тұжырымдаудың анықтамалары мен түрлері
турасында айтылған. Дәлел келтіру мен тұжырымдауды ең тартысты тақырыптарға
айналдырған салалардың басында логика, кәлам және фықх негіздері тұр.Кәлам
ғалымдары бір дәлелде екі сатылы ой тәсілін байқаған: көзқарас және ой.
Алдымен төңірегіміздегілерге көз саламыз, ұқыпты түрде ашықтап, зерттейміз.
Бұл бізді әлем туралы білім жинақтауымызға итермелейді. Одан соң әлемнің
құрылымы турасында ойлаймыз да, Жаратушының барына көз жеткіземіз.
Құран дәлелдің осы екі сатысын ойланатын әрбір адамның білуіне жеңіл
келеді деп ұсынады. Теологтар мен философтар болса, біршама логикалық
негіздемелер арқылы осы ойлау тәсілін техникалық құрылым деңгейіне
жеткізуге тырысқан. Дәлелден бұрын формаға тоқталады. Бірнеше алғышарттар
мен нәтижелер шығарған дәлелдерге қарап, осы алғышарттар арасында байланыс
болған бе екен дегенге келтіреді.Логикалық тәсілдерге сәйкес алғышарттардан
келіп шығады ма? Бұл сұрақтармен логика айналысады.
Одан соң дәлелдің мазмұны қаралады. Формасы дұрыс болып, мазмұны жаңылыс
тұжырымға соқтырса, бұл дәлел дұрыс қорытындыға алып келмейді. Дәлел дұрыс
болуы үшін әр алғышарттан келіп шығатын тұжырым дұрыс болуы керек. Мұны
жүзеге асыру үшін терең ғылыми зерттеулер қажет болады. Тіпті кей жағдай
теолог пен философты өз саласының шегінен шығуға итермелейді. Мысалы,
әлемнің жаратушысы бар деген қорытындыға келу үшін, әсіресе, әлемнің
жаралғандығы тұжырымын негіздеу керек. Мұны жасау үшін ғылым табиғатпен
байланысты білім салаларын пайдалануға кіріседі. Кейде субстанция, сипат,
т.б. ілімдердің шектен шығуы себебті оқушылар бұлардың Алланың барына
қатысты негіздербола алатынын ұмытып та кетеді. Ұмытпаған жағдайда да
көпшілік ол білімді меңгере алмайды. Сондықтан да біршама адамның кәламдық
және философиялық дәлелдерге қарсы шығып, олардың пайдасыз, тіпті зиянды
(мәселені қиын түсіндіру немесе мүлде түсіндірілмейтін жағдайға жеткізу)
деп қабылдауларының бір себебі осы ғылыми түсінікке бару болып тұр. Мысалы,
исламдық ой-пікір тарихында Ибн Рушд Қуранды әркімге оңай түсіндіретін
сендіру дәлелін каламшылардың қиын және миды ашытар дәлелдерге
айналдыруына қарсы болған, бұл тақырыпта Құранның рақымды қамқор болу
дәлеліне қайтуды өсиеттейді.
Ғазали бастаған біртоп ойшылдар Алланығ бар болуын негіздеу тақырыбында
Құранның өзіне жүгінуді дұрыс көріп, ақылға негізделген дәлелдерді сынап
отырған. Батыс философиясында Ж. Беркли де ақли дәлелдер анық және оңай
болмауы себептен оларды сынаған.
Дегенмен, Алланың барын негіздеген дәлелдердің арқасында үлкен адам
әрекеті жатқандығын ұмытпауымыз керек. Бұлар адам санасы ой-пікір алаңында
үлкен дәрежеге жете алатындығын көрсетеді. Дәлелдерге негіз болған ойлар
үнемі өзгеріп отырған, бұдан кейін де өзгере береді. Өйткені оларды дүниеге
келтірген алғышарттарды құрайтын білімнің бір бөлігі қазіргі біліммен
салыстырғанда қате көрінеді. Бұл оларды ысырып тастамай, керісінше жаңа
білім негізінде қайта құру керек. Қазіргі жасалып жатқан жұмыс та осы
бағытта. Бұл бағытта каламшылар мен философтар арасында тәсіл тұрғысынан
айырмашылық болуы мүмкін. Философ, әдетте қорғанысты керек етпегендіктен
ақыл мені қай жерге дейін апарса, сол жерге дейін барамын сияқты ойды
ұстанады. Ал каламшы болса, көп жағдайда, Алланың барын терістейтіндерге
тойтарыс беру ойынан келіп әрекет етеді. Каламшылар тіпті сенетін
философтар, мысалы, Беркли мен теист-философтар, Тәңір туралы сөз
қозғағанда, сенімнің мәселелерді шешуге қайшы келмейтінін, керісінше,
оңайластыратынын тілге тиек етеді. Қазір классикалық делініп жүрген
дәлелдерді зерттеуге тырысайық.
2.1Онтологиялық дәлелдер
А. Дәлелдің құрылымы
Онтологиялық дәлел әлемді бақылау не қандай да болмасын эмпирикалық сипаты
бар сыртқы факторға емес, тек Тәңір сөзінің анықтамасына ғана негізделеді.
Тәңірдің ең кемел болмыс болуы турасында сенім және ой-пікір, монотеистік
діндердің алғашқы принципі. Бірақ Тәңірдің бар болуына қатысты дәлелдердің
көбі кемел болмыс ұғымын қайнар көз емес, жету нысанасы ретінде
қарастырады. Осы тұрғыда, онтологиялық дәлел басқаларына қарағанда
құрылымға қатысты болуымен ерекшеленеді.
Бұл дәлелдің тарихи тамырлары Ислам философиясына дейін жетіп келді. Бірақ
оны дәлел деп көрсетіп, философияға жатқызған атақты христиан теолог-
философы Кентерберлік Ансельм (1033-1109) болды. Ансельм Аристотельдің
логикасын пайдаланып теология мәселесіне айқындық беруге тырысқан алғашқы
философтардың бірі саналады. Сондай-ақ, ол христиан теологиясының
бірқатар мәселесін жаңа платоншылар көзқарасымен шешкен алғашқы ой
адамы болды. Ой-пікірге қосымша деген еңбегінің бірінші бөлімінде осы
дәлелді негіздеген ол мұны Тәңірдің барына күмән келтіргендіктен емес, осы
тәсіл аркылы Тәңірдің болмысын түсіну үшін, яғни Тәңірдің бар екендігі
қорытыңдысын жасау үшін жазғандығын айтады .
Ансельм Тәңірдің
барын Тәңір сөзін талдау арқылы негіздеуге тырысады. Егер бұл сөзбен бір
нәрсені атасақ, ол нәрсе шындығында бар деген сөз. Тәңірі дегенде нені
көзге тұтамыз? , Тәңір деп өзінен жоғары кемел болуы мүмкін емес барды
айтады (aliquid quo піhіl maius cogitari possit). Бұл адамдар қолданатын
кемел барлық, абсолют (ens realіssіmum, мейлінше шынайы зат)
түсінігіне келеді. Тіпті жүрегінде Тәңір жоқ дегендердің өзінде мұндай
пікір бар. Бұл біздің санамызда ғана болатын ұғым ба? Әлде ол санамыздан
тыс шынайылыққа негізделген ұғым ба? Әдетте санада да, санадан тыс та бар
болатын нәрсе, тек санада болатыннан әлдеқайда кемел болады. Біз Тәңірді
өзінен де кемелді болуы мүмкін емес барлық дедік. Егер Тәңірді санадан
тыс барлық деп қарамасақ, біз бұл анықтамаға қарсы келеміз, яғни логикалық
дағдарысқа ұшыраймыз. Олай болса, Тәңір санамызда да, санамыздан тыс та
болатын болмыс деуіміз керек болады. Бұл дәлел, жалпы алғаңда,
онтологиялық дәлелдің бірінші түрі ретінде қабылданған. Егер ой-
қорытындыларын анық айтар болсақ онда дәлел мынадай болады:
Бірінші қорытынды: Тәңір деп ең жоғары дәрежедегі кемелге ие барлық деп
үғынамыз.
Екінші қорытынды: Бұл барлық кемеліне жеткен барлық.
Олай болса: Тәңір - бар [2,29].
Ансельмнің бұл дәлелі, алғашқы кездерде назарға көп іліккен жоқ. Аквиналық
Томас бұл дәлелді елеуді лайық көрмеді. Алайда XVII ғасырда
рационал измнің алтын ғасырын
орнатқан үш ұлы ойшыл, яғни Декарт, Спиноза мен Лейбниц дәле лді қайта
қолға алып, оған жан бітірді. Р.Декарт (1596-1650) қайта негіздеген
дәледдеу жобасын И.Кант өзінің Таза ақылды сынау еңбегінде сынап
талдайды. Кант тұжырымдарын мына ретпен келтіруге болады:
Бізде үшбұрыш бар болса,
онда оның уш бұрышы болуы керек (яғни үш бұрышы жоқ үшбұрыш ұғымында
қайшылық бар),
• алайда, егер бізде үшбұрыш жоқ болса, онда оның үш , бүрышы да, үш
жағы да жоқ.
Кант аргументтерін лайықты бағалау үшін, оның өз
тұжырымдарын екі категорияға аналитикалық және
синтетикалық деп бөлгенін есте ұстау керек:
анықтай алатындықтан аналитикалық тұжырымдар сенімді болады;
синтетикалық тұжырымдардың ақиқат не жалған екендігін тек эмпирикалық
фактілерге сүйеніп қана дәлелдеуге болады.
Канттың көзқарасы бойынша, бар болу турасында пікір айту синтетикалық болып
табылады, ал анықтамалар - аралитикалық болып табылады. Бұдан шығатыны,
үшбұрыштың бұрыштары мен жақтары қажет, өйткені олар үшбұрыш анықтамасына
кіреді. Бірақ бұл бізге үшбұрыштың шынайы бары турасында ештеңе айтпайды.
Басқаша айтқанда, Кант пікірінше, қажеттілік бұл логика мен анықтаманың
қасиеттері (2+2 қашанда 4 тең болуы қажет). Бірақ мәселе бар болатынды
сипаттау болатын болса, онда біз тәжірибеге сүйенеміз (бізде төрт зат бар
болса да, 5 болып қалуы да мүмкін). Философиялық шолу (1960ж. қаңтар айы)
деген еңбегінде Норман Малколм Кант сынының бір аспектіде негізсіз
екендігіне ұқсайды [4, 143]. Сіз ушбұрышты иеленуіңіз не иеленбеуіңіз
мүмкіп, бірақ Ансельмнің анықтауынша, сіз Тәңірді иеленбеуіңіз мүмкін
емес, бұл екі жағдай бір-біріне тең келмейді. Ансельмнің өзіне осындай сын
айтылған кезде, ол оған жауап берген. Замандастарының бірі, монах Гаунилон
оның пікірін терістеп,егер Ансельмнің дәлелі дұрыс болса, онда кемел арал
да болуы керек деген болатын. Бұған Ансельм мына тұжырмменжауап берді.
Арал - шегі бар нәрсе одан да көркем аралдар бар деп қиялдай беруге болады.
Бірақ Ансельм бойынша, өзінен жоғары кемел болуы мүмкін емес бар нәрсе-
теңдесіз нәрсе. Оны басы және соңы бар деп ойлайтын болсақ онда оны ойға
келе алатыннан да ұлы деп айта алмаймыз.
Барлық тарихи сындарға қарамастан, онтологиялық дәлелді қайтадан
философияға енгізген қазіргі уақыттың ойшылы Норман Малколм пікірінше,
Ансельмде онтологиялық дәлелдің екінші формасы да бар. Бұл екінші формада
негізгі термин бар нәрсе емес, қажетті бар нәрсе термині. Тәңір
қажеттілік ретінде бар. Мұндай бар нәрсені иелену, болуы мүмкін бар
нәрсеге ие болудан да кемелдікті керек етеді. Тәңірі өзінен де кемел болуы
мүмкін емес барлық болғандықтан, Ол кажеттілік түрінде бар. Ислам
философтарының сөзімен Ол - уажибул-ужуд. Бұл екінші формадағы қиындық бар
болу мен бар болмау арасындағы салыстырмада емес, қажетті ретінде болу
мен қажетті ретінде болмау салыстырмасында. Басқаша айтсақ, Ансельмнің
айтуынша, бар болу Тәңір идеясының қажетті бөлігі. Қажеттіліктің логикалық
және фактілік деген түрлері бар:
Егер Тәңір - бар тұжырымы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz