ДІНИ ДАСТАНДАР ТАҒЛЫМЫ



Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
ДІНИ ДАСТАНДАР ТАҒЛЫМЫ
Эпикалық жанрға жататын жырлардың бір тобы — діни дастандар.
Бұлардың көбі XIX ғасырдың екінші жартысында және XX ғасырдың бас кезінде
жеке кітап болып басылып, халық арасына қисса-хикая деген атпен тараған,
жыршы-жыраулар репертуарынан да берік орын алған. Діни дастандарды
көпшілік алдында мәнерлеп оқып, насихаттау өзгеше дәстүр болып қалыптасқан.
Оларды ежелгі Тұран жерінде қиссахан немесе қиссашы деп атаған.
(Қиссашылардың рухани өмірде атқарған қызметі өз алдына жеке зерттеуге
лайық. Сол секілді қисса-хикаяларды қолдан көшіріп, көбейтіп, ел арасына
тарататын хаттардың да (көшірушілердің) еңбегі елеулі болғанын айта кету
керек.) Бірақ соңғы сексен жыл ішінде жұртшылық діни дастандарды оқымақ
түгілі аттарын да ести алмады. Оның себебі аға буын қауымға түсінікті. Ұзақ
жылдар бойында өктемдік жүргізген әкімшілдік-әміршілдік жүйе, саясат дін
атаулыға, әсіресе ислам дініне қатысты құндылықтарға қырын келгені белгілі.
Дүниені түбірімен жаңартамыз деген қызыл сөзбен елеуреп, ұранға
малданғандар діннің мәңгілік жасайтын қымбат тұстарын көргісі де, білгісі
де келмеді. Сондықтан діннің тарихы да, тағлымы да үйретілмеді, осыған
байланысты қыруар қазына архивтің терең түкпірінен орын тапты. Ал дін
шарттары мен ғибраттарын түсіндіретін, халық мұрасы болып кеткен аңыз-
әпсаналар, ертегілер, шежірелер, көне сөздер мүлде жиналмады. Діни
кітаптарын жинау былай тұрсын олардың көзін жоғалту, тіпті өртеп жіберу
әдеттегі іске айналған еді. Мешіттердің жойылуымен бірге солардағы
сақталған кітаптар да құрдымға жіберілген.

Адам баласының тарихында кездеспеген мұндай жәһіл әрекеттер ислам
дінінің тамырын қырқуға бағытталған еді. Мәселенің бір ұшы бүрынғы Ресей
империясы-ның қарауында болған көптеген халықтардың рухани, имандылық
тірегі болып келген дінді мүлде мансұқтау саясатымен астасып жатқан
болатын. Терең ойласты-рылған мұндай зорлықтың өте жүйелі жүргізілгенін әлі
күнге дейін толық ұғынып болдық деп айту қиын.

Патшалы Ресей дәуірінде Қазақстан туралы қалам тартқан миссионерлер
жергілікті халықты ислам дінінен айыру қажет деп қаншама зерттеулер
жазғанын қазіргі жұртшылық мүлде дерлік білмейді. Мәселен, казақ жерінде
көп жылдар қызмет істеген А. Алекторовтың барлық кітаптарының негізгі
сарыны қазақтарды ислам дүниесінен бөліп тастау ниетіне бағындырылған.
Қазақстан жайында XVIII—XIX ғасырларда пікір айтқан саяхатшылардың,
дипломаттардың, географтардың, тарихшылардың көбінің еңбектерінде исламды
құбыжық етіп көрсету — негізті сарындардың бірі...
Қазақ тілінде кітап шығарып, үлкен бауырмалдық көрсеткен татар
баспагерлерінің ізгі істерін ғайбаттап, бірбеткей қаралаудан танбаған
миссионерлер болатын .
Кеңес дәуірінде патшалық отаршылар көздеген арман халықтар достығын
дәнекерлеу деген сырты жылтылдақ ұранға ұласты; исламды да, оның символы
секілденген араб әліппесін де ұмыттыру жүзеге асырылды. Көптеген түрік
халықтары мың жыл бойы пайдаланып келген араб әліппесінің көзін жоғалту
басқыншылардың ежелгі арманының орындалуымен бірдей еді. Алфавитінен
айрылып, бір сәтте жаппай сауатсыз елге айналған қазақтар, өзбектер,
татарлар, әзірбайжандар келе-келе араб әрпімен жазылған сан ғасырлық мәдени
мұрасын оқи алмайтын мүшкіл халге жетті. Осылайша замандар бойына жалғасқан
мәдени дәстүр үзілді, бұрынғының қалдырған аманатын білмейтін, имандылық
тәрбиесінен махұрым қалған жаңа буындар пайда болды. Олар өздері оқи
алмайтын, араб әрпімен жазылған, әрі үздіксіз жамандалған мұраға мойын
бұрып та қараған жоқ. Діни дастандар деп аталатын көркемсөз мүлкі де
ескішіл, зиянды деген жаман атқа ұшырады. Қоғам өмірінде соңғы жылдарда
орын тепкен күрделі өзгерістер рухани мұраны неғұрлым тұтас күйінде танып-
білуге, оны ел игілігіне жаратуға мүмкіндік беріп отыр. Бұндай оң қадамдар
ауыз әдебиетіне де қатысты. Соның бір мысалы діни дастандарды тексеруге,
жарыққа шығаруға жол ашылғандығы. Ғылым алдына ондаған жылдар бойында
қойылған тосқауыл бұзылғанын, жалпыадамзаттық құндылықтар халыққа қайта
орала бастағанын көреміз.
Әлбетте көп уақыттан бері тұмшаланып келген, мағынасы теріске жорылған,
керітартпа, зиянды деп есептелген қолжазбалар мен парақтары көнеріп,
көмескі-ленген, оқуға да, түсінуге де ауырлық келтіретін ескерткіштерді
толық қалпында жамағатшылыққа ұсыну үшін бірталай дайындық жұмыстар
жүргізілуі тиіс. Соған қарамастан оқушы жұртшылыққа бұл мұраның жекелеген
нұсқаларын ұсына беру қажеттігі де бар деп білеміз. Діни дастандарға тән
ортақ ұқсастықтар мен са-рындар оның әрбір шығармасынан да, белгілі
дәрежеде, көрініс бергендей...
Өзінің құрлысы, көркемдік тәсілдері жағынан алып қарағанда батырлар
жыры мен діни дастандар арасында ұқсастық мол. Ол, бәрінен бұрын,
қаһарманның ға-жайып туысы, жедел ержетуі, соғыста ерекше күш-қайратымен
көрінуі, жауды жеңіп, мұратқа жетуі, қысылғанда ғайыптан көмек келуі
секілді дәстүрлі желілер-ден байқалады. Бұл белгілерді Дариға қыз
дастанынан да табуға болады. Енді осы шығармаға қысқаша тоқталып өтейік.
Тәңірінің досы пайғамбар төрт шадиярымен Мединеде кеңес құрып отырғанда
алыстағы Қатыран қаласында бір палуан қыз бар дегенді естиді. Қыздың мені
бұл жалғанда күресіп жығатын жан бар ма екен деп асылық сөйлегені Ғали
арыстанның (Әлішердің) құлағына тиген соң, ол күш сынасуға бекініп,
пайғамбардан рұқсат сұрайды; дүлдүл атын мініп, қызды іздеп барғысы,
тәуекел дариясына түскісі келетінін айтады. Пайғамбардың батасын алып,
Әлішер тоқсан күн жол жүріп, қасына ерткен жолдасы Қамбар бабамен бірге бір
шаһарға келіп, қарауылдан жөн сұрайды. Хазірет Ғали (Әзірет Әлі) бұл
қаланың Қатыран екенін, мұнда патшаның Дариға атты қызы барын, оның
еркектен артық туғанын білген соң, сонымен күрескісі келетінін айтады,
өзін таныстырады...
Дастанның осылай басталуы аңыз әңгімелер мен ертегілерде, көне жырларда
сан рет қайталанған сүрлеу екенін дәлелдеп жату артық. Ғали мен Дариғаның
тілдесуі, майдан жерге елдің жиналуы, шаһмардан (жігіттің падишасы) Арыстан
Ғалидың (Әлішердің) күреске әзірленуі, қызбен бірге қырық палуан келді,
бір миллион жөйт жиналды делінуі эпикалық тұрақты көріністерді еске
салады. Дүние жүзін топырақ пен шаңдақ басып, екеуі күресіпті он төрт
күндей деген тіркестер классикалық эпосты елестетеді. Сол он төрт күнде
Әзірет Әлі қаза болған намазын окуға бір-ақ рет тыныс алады, аллаға міңәжат
қылады, бір қызды жыға алмасам, Омар, Оспан шадиярларға, отыз мың саһабаға
не бетімді айтамын деп күңіренеді Алла оның дуасын қабыл қылады, аспанңан
жебірейлді жібереді. Керемет қуат алған, Әзірет Әлі кызды жығады, жөйттер
қорыққанынан дінге кіреді. Әзірет Әлі Дариғаны әйел етіп алады.

Хазірет Ғали Дариғаны жығып алды,
Тамам жұрт тамаша қып көзін салды.
Саны жоқ жөйттер дінге кірді,
Мешіт пен медіресе және салды.
Дастанның негізгі идеясы исламды дәріптеу, оның артықшылығын үгіттеу
екені осы жолдардан айқын аңғарылады.
Ғали Мединеге қайтарында Дариғаға: Жүкті болып, босансаң, қыз атын өзін,
қоярсың, ұл болса, аты имам Мәди болсын дейді. Дариға айы, күні жетіп ұл
туады, атын Мәди қояды. Бала оқу жасына жеткенде оған бес уақыт намазды
үйретеді, медресеге оқуға береді .Міне осы қарапайым хабарламаның өзінде
мұ-сылман қауымындағы адам тәрбиесінің қалыптасқан шарты айтылады, жасынан
намазға бас қойып, тәртіпті мойындай, жаратқанға сыйынып өскен адамның
инабаттылық жібін аттап кетпейтін болып кәмелет табатыны анық...
Мәди әкесінің кім екенін білмей өседі. Бір күні бала медіреседен келе
жатып, тандырға нан пісіріп отырған кемпірді мазақтайды. Ашуланған кемпір:
Әкесі тірі кеткен сұмырай жетім,
Не жаздым, мұнша мазақ қылдың,— дейді.
Жақын адамның хабарын осылайша кездейсоқ білу — қазақ жырларында
кездесетін сарын. Қозы Қөрпеш — Баян Сұлуда Қозы Баянның жағдайын,
Алпамыста болашақ батыр айттырған қалыңдығының жай-күйін бөгде адамдардан
еститін еді. Демек, Дариға қызда да осы сарын орын алған. Діни дастандар
қазақтың дәстүрлі жырларымен әр тараптан үндесіп жататындығын көреміз. Мәди
анасынан шыныңды айт деп сұраған соң, Дариға мән-жайды түсіндіреді,
балаға жөн айтып, жолға салады. Әзірет Әліні ғана емес, Әбубәкір, Омар,
Оспан шадиярларды, ұлы анаң деп Фатиманы, ағаларың деп Қасен мен
Құсайынды, пайғамбардың зайыбы Бибі Қадишаны зор ілтипатпен атап, сырттай
таныстырады... Қисса-дастанның тағы бір тәрбиелік мәні осы тұстан қылаң
береді. Жақын адамдарға деген құрметті бұрынғы аналар балаларына осылайша
үйреткен. Дариға өзі көрмеген адамдарды қасиет тұта сөйлейді. Мұндай
сыйластықты, таза адалдықты жастай сіңірген бала қалайша мейрімді болмасын?
Ислам тағлымын азды-көпті алған қазақ арасында жақын, туысты іш тарту
дәстүрі адамшылық тәрбиенің мықты буыны еді ғой... Мәди анасына: Егер осы
сапарда олай-былай болып кетсем, ақ сүтіңді кешір деп өтінеді. Мұсылман
баласының анаға деген сүйекке біткен қайырымдылығы осылай болатын.
Батырлар жырларында жас қаһарманның жедел жетілуі, әсірелеу заңдылықтай
нәрсе десек, діни дастаннан да осыны табамыз. Мәди жолаушылардың жолын кес-
кестеген жыланды өлтіргені былайша суреттелген.
Имам Мәди жыланға жетіп барды.
Таяғын Қызыр берген қолына алды
Я, алла деп таяқпен салып еді,
Ол жылан жетпіс бөлек болып қалды.
Мәди жүретін жол ұзақ; ол алпыс күнде Мысырға, тағы алпыс күнде Мединеге
жетеді. Хазірет Ғали өзінің он жеті баласын күрестіріп жатыр екен. Мәди де
күреске түсіп он алты баланы жығады. Енді он жетінші баланы — Мұхаммед-
Қанафияны жықпақ болғанда Ғали Мәдимен өзі күреседі. Бір кезде бала Я,
медет бер хазрет Ғали атам деп дауыстағанда Ғали жөн сұрап, белдесіп
жүргені өз баласы екенін біледі. Өз атама қолым тиді, мені енді жер жұтсын
деп Мәди қуған Ғалиға жеткізбей, қара тасқа еніп кетеді. Ғали әлгі қара
тастың тасталқанын шығарса да, бала табылмайды. Ғалидың жылағанын алла
естіп, Жебірейіл арқылы баласын машқар күні көрер деп хабар береді...
Хиесалар-дың бірінде болғанда Мәди жерде, Иса аспанда деп келетін жолдар
бар еді. Ғалидың Дариғадан туған баласы, әкесінің жағасынан абайсызда
ұстағанын кешірілмес күнә санап, жер астына кіріп кеткен сол Мәди осы...
Имандылық тәрбиесінен бейхабар кейбіреулерге бұл оқиға қисынсыз қиял ғана
болып көрінуі мүмкін. Әрине мұнда қиял, әсірелеу күшті. Бірақ осы қиялдың
әке сыйлауды үйретуге жарайтын мәңгілік ғибраты педагогика пәнінің кез
келген ережесінен әсерлі екенін көрмеуге болмайды. Мәдидің аты аңызға
айналуына оның батырлығынан гөрі перзент парызын биік санайтындығы, жас
буынға берерлік үлгісі басым жатқаны шүбәсіз. Мәдидің аңыз - әпсана
деңгейіндегі бір ғана ісі әкені қадірле деген сансыз ескертпеден салмақты
жатыр.
Әке мен баланың бір-бірін танымай, күш сынасуы әлемдік фольклорда орын
алған көне сарын. Атағы жаһанға жайылған Шаһнамада да осы архайкалық мо-
тив кездеседі. Бұл тараптан алып қарағанда діни дастандардың көнелік
белгілері мол екені байқалады. Жас батырларға қысылғанда жебеуші болып, күш-
қайрат берушілік сарыны да ежелгі тотемистік наным-сенімдер мен сабақтас
жатқаны даусыз. Дариға қыздың да, басқа дастандардың да тәсірі, бәрінен
бұрын, олардың ғибраттылық өнегесінің молдығында...
Батырлық жыр үлгісінде туған діни дастандардың бірі — Зарқұм.
Оқиғалардың үдемелі түрде берілуі, тартыстың шарықтау шегіне жетіп шешілуі,
қаһармандарды сипаттаудың жүйелі берілуі және көркемдік деңгейінің
жоғарылығы жағынан Зарқұм классикалық эпос санатына көтерілген. Теңеме,
баламалардың, әсірелеудің тағы басқа көркемдік кестелердің үйлесімді сәй-
кестікпен берілуі қисса-дастанның халық арасына кең тарап, ерекше танымал
болуын белгілеген.
Қиссада суреттелген оқиғалардың тарихи шындықты қаншылықты нақтылы
бейнелегенін тексеру өз алдына бір мәселе. Ал шығармадан Мұхаммед пайғамбар
заманында дін үшін болып өткен сұрапыл соғыстардың жаңғырығы естілетіні
анық. Мәселе, дастанда келтірілген тарихи деректердің, адам, жер аттарының,
шежірелік немесе хронологиялық дәлдігінде емес, сол дәуірде орын тепкен
істердің ізі сақталып, рухы берілуінде.
Дастанда Зарқүм патша билеген Ғирақ елінің әскерлері мен Мұхаммед
пайғамбардың саһабалары, шадиярлары, қолдаған қауымы арасындағы соғыс
жағдайы баяндалады. Бұл соғыстың қажеттігін Жаратқан Алла Жебірейіл арқылы
пайғамбарға хабар еткен делінеді. Егер мұсылмандар алдын-ала әрекет етпесе,
Ғирақтағы жөйттер Мединені басып алуы мүмкін екендігі де ескертіліпті. Бұл
соғыстың басталуы басқыншылықтан емес, дін исламды қорғап қалу қажеттігінен
туғаны шу дегеннен анық болады. Эпостың ежелгі шарты батырларды таныстыру
болса, Зарқүмда бұл дәстүр кең әңгіменің арқауы болады.
Ішінде жасы үлкен кәрі де бар,
Әбубәкір, Құмар, Ғұсман, Қали да бар
Бір Қалидың он сегіз баласы бар.
Әбілмәжін, Мәлғаждар, Сәдуақас,
Құмар, Гұсман, Кәрәппен болған жолдас.
Пайғамбар, туын алған Ер Гәкаша
Саһаба бәрі палуан құрбы-құрбас.
Бас болған баршасына хақ пайғамбар
Қасына ерген өңшең палуаны бар.
Тәуекел хаққа қойып тақсыр ерлер
Жөнелді бірі қалмай барша жандар.
Бұлардың алдында зор кедергі, өткел бермес айдын дария кездеседі.
Бір ғажабы мұсылман қосының әлгі дариямен өзге емес, өз күшіне сенген Ғирақ
патшасы Зарқұм төрт жүз кемемен өткіздіріп алады. Тіпті Ғирақ шаһарының 400
қақпасын аштырып қояды. Әлсіз дұшпан мұндай тәуекелге бел байламас еді.
Өзінің күші басымдығына, соғысса жеңетініне, айласының артықтығына
сенгендер ғана осындай шешімге барса керек. Оқиғаның дүниеде сирек
кездесетіні соншалық — осының ақиқат негізі қалай болғанын тарихи
құжаттармен салыстыруды қажет еткендей. Бірақ біз бұл арада әңгімені дастан
көлемінен ғана шектейміз.
Дастан әсірелеусіз болмайды. Алладан алған төрт қылыштың үшеуін
(Зұлпықар, Зұлқашы, Самсам) — Хазірет Ғали, біреуін (қамқом) пайғамбардың
өзі тағынады. Бұл қиссада да, басқа діни туындыларда да хазірет Ғалидың
Зұлпықар атты қылышы зор даңкқа ие болғаны мәлім. Тіпті Зұлпықар ер
қаруының теңдесі жоқ белгісіндей биік көркемдікке бөленген, аңызға айналып
кеткен.
Қиссада жау жағының күші, әйгілі батырлары толық таныстырылады, олардың
жеңіске деген жігері, мақсаттарына сенімділігі көрсетіледі. Зарқұмның елі
қандай дұшпанды да қырып жіберерліктей мығым, ерлері сай секілді
сипатталады. Олардың әскерлерінде пілге, көлікке мініп соғысатындар бар
екені де айтылады. Бұл бір жағынан қиссаға негіз болған оқиғаның көнелігін
байқатса, екінші жағынан сол замандағы соғыстардың сипатын түсінуге де
көмектеседі.
Пілдердің монтанысы жүрсе баста,
Нәрсе екен тілі үйренген кәрі, жас та.
Темір тор тумсығымен ұрған шақта
Дал-дал боп кетуші еді қара тас та.
Екі жақтың өліспей беріспейтінін алапат айқасы алдындағы қорқынышты хал
ақындық тілмен шабытты жырланған.
Қараңғы болды мұқым аспан асты,
Шыққан соң, қалың әскер шаңыт басты.
Адамдар көре алмай бірін-бірі
Қысылып шыбын жаны қатты састы.
Ақылдан көрген пенде танды сонда
Шаң-тозаң басып кетті оңда, солда.
Құдайдың құдіретімен бір керемет
Аспаннан қалың жаңбыр жауды сонда...
Қиссада батырлардың жекпе-жек ұрыстары мол керсетілген. Мұхаммед
пайғамбар әскері жағынан мұндай сайысқа алдымен Құмар (Омар) шығады. Оның
ересен ерлігі қысқа да болса, жарқын суреттеледі.
Сонда жұрт қарап тұрды Құмар ерге,
Бата алған пайғамбардан батыр шерге.
Бір кәпір келе жатты пілге мінген
Аяғы сүйретіліп қара жерге.
Піліне бұрын кәпір қамшы басты
Сыртына қайраттанып қаһар шашты,
Көтеріп қылыштарын екі жүз кез,
Жүгіріп екі палуан қарсыласты.
Кұмардың кім ермеген өз қасына,
Күнінде патша болған жолдасы да,
Ақырып салды семсер хақ басына,
Айрылып түсті кәпір жамбасыма.
Алқап жұрт тамаша етті. Кұмар ерді,
Бата алған пайғамбардан батыр шерді.
Үйрек алған сұңқардай дал-дал қылды,
Кәпірлерден менменсіп келгендерді...
Енді Құмарға қарсы, қолында сегіз жүз батпан күрзісі бар батыр қарсы
келеді. Өзара кезек тілдескенде Құмар өзін тастап тәжді, тағымды талақ
етіп, қызметкер пайғамбарға болдым дейді. Бұл сөздерден оның пайғамбар
ісіне берілгендігі, адам баласын адал жолға салу үшін белді бекем буғаны
байқалады.
Зарқүмның өзге кейбір қиссалардан тағы бір айырмашылығы жау
батырларының сесі мен күші шыншыл, әділ көрсетіліп отыруында. Мәселен,
мұсылмандардың көп батырын бет қаратпаған Жәнәбіл қимылдары өзгеше тартымды
сипатталады. Жәнәбіл айбыны асқан Құмардың өзін аспанға бір-ақ атады.
Құстай боп тақсыр Құмар аспанға ұшты,
Болар ма күші басым мұндай күшті,
Жіберген бір садақтың оғындай боп
Қасына асқаптардың келіп түсті.
Жәнәбіл мұсылман батырларын шақ келтірмеген соң, ұрысқа Хазірет Ғалидың
өзі шығады. Оның келбеті де тамаша тапқыр бейнелермен көмкерілген.
Тақсыр ер дүлдүлімен кетіп тұрды,
Қан майдан болар жерге жетіп тұрды,
Жер мен көк қаһарынан діріл қағып
Тамаша тақсыр ерге етіп тұрды...
Кигені жібек киім, қызыл бетті

Тақсырдың өзі шалқақ, кең көкіректі,

Бойының сұлулығы тоты құстай

Ғалидың сипатына есі кетті:

Өзгеден және бөлек мінген аты,
Сегіз жүз батпан күрзі қолда
қатты,
Ғаламның жігіттерін жисадағы
Көрінді пар келместей салтанаты.

Ғали мен Жәнәбілдің жекпе-жегін бейнелейтін жолдар эпикалық әсірелеудің
биік үлгілері болып табылады. Олардың бірнеше күнге созылған шайқасын жыршы-
ақын көкке көтеріп, мадақ етеді. Бірінен бірі асып түсетін теңеулер тізбегі
осында.
Бұған дейін ешкімнен беті қайтпаған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХХ ғасырдың басындағы ірі саяси- қоғамдық өзгерістердің ұлттық әдебиетке тигізген ықпал
Әсет Найманбайұлы «Бақтиярдың қырық бұтағы» циклдік топтамасының жанрлық ерекшеліктері
XX ғасыр басындағы тарихи қоғамдық өзгерістердың қазақ әдебиетінің дамуына әсері
Тұрмағамбет ақын шығармасындағы пайғамбарлардың жырлануы
Зар заман ақындарындағы сопылық сарын
Абай көтерген адам болу, азамат болу идеясы
Қожа Ахмет Йасауи және Қазақ мәдениетi
Қазақ ақын жырауларының дүниетанымының қалыптасуы
Қазақ хандығы тұсындағы заң жүйесі негізінде оқушыларға құқықтық тәрбие беру
Қазақ поэзиясында жырау - ақынның ерекше ежелгі түрі
Пәндер