Діни философия мен таным негіздері және зайырлылық



Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Діни философия мен таным негіздері және зайырлылық.

 
Адамзат қоғамы тарихында дін құбылысының маңызы ерекше. Шындығында
үздіксіз процесс болып табылатын адамның дүниеге келуі мен өлімі арасындағы
тіршіліктің кез келген саласы діни нормалар арқылы қалыптасқан. Жай ғана
қарапайым жақсы мен жаман өлшемі, моральдық құндылықтардың негізі дінге
барып тіреледі. Ал енді осы құндылықтар, нормалар, өлшемдер адам қоғамының
тұрақтылығы, қауіпсіздігі, бақыты үшін шарт болғандықтан осы танымдық
мәліметтер ұрпақтан ұрпаққа беріліп келеді. Бұл құбылыс әсіресе діни
мәселелерде үздіксіз үдерісті, қайталауды, салыстыруды, қорытуды, талдауды,
жалпы ойдың жүйеленуін, дүниетанымды, философияны, ғылымды, өнерді,
сәулетті, музыкалық, моральдық, эстетикалық, ұлттық, құқықтық, экономикалық
және өркениеттік ерекшеліктерді параллель қалыптастырып отырады. Демек, дін
адамның дүниетанымын, тұрмыс-салты, тіршілігі мен трансценденталды әлеммен
байланыстырушы, өмірді мәнге айналдырушы институт ретінде өмір сүріп келе
жатыр.

Дін сөзінің этимологиясына келсек, арабтың дана, йадину
етістігінен жол, үкім, орталық, байланыс деген мағыналарды береді.
Мәдина, яғни, қала, белгілі бір үкімдер негізінде орталықтандырылған, ұлы
құдіретпен байланысқа түсу жолы бар қауымды, қауымдасқан топты білдіреді.
Адамзаттың алғашқы жазу арқылы білінген тарихында, кешегі археологиялық
қазбалар негізінде табылған цитадельдерде негізгі орталық – ғибадатханалар.
Ғибадатханалар қаланың ортасына салынып, ең басты білім беру ошағы болатын.
Міне, ежелгі қала орындарындағы сәулет ерекшеліктері жүйелі дін құбылысының
тарихтағы орны мен рөлін көрсетеді. Бүгін біздің тіліміздегі мәдениет сөзі
де осы арабтың Мәдина яғни, қала сөзінен шыққан. Бүгінгі культурологиялық
және антропологиялық анықтама бойынша, мәдениет тіл мен дін арқылы болмысқа
айналған. Осы болмыстың ішінде әдет-ғұрып, дүниетаным, өнер, сәулет, музыка
– барлығы біртұтас құндылық ретінде өзара іштей өріліп тұр. Осы тұтастықты
қамтамасыз ететін қуат, аксиологиялық жүйе арқылы азықтанып отыратын
мемлекеттік, саяси еркіндіктің көрсеткіші. Сондықтан біз қазақ
мемлекеттілігінің негізінде қазақ мәдениеті жатыр, ал қазақ мәдениеті
негізінде ислам діні бар деп білеміз. Әрине, ислам мен дәстүрлі түркілік
сенім арасындағы үндестік, үйлесімділік, діни білім берудің негізінде
жүзеге асты. Діни білім беру діни тәжірибе мен тіршілікті реттеп, бағыттап
отыратын үдеріс. Ал ол біздің өткен тарихымызда бірнеше сатылардан өткен
белгілі. Сонымен діни тіршілік тарихы мәселесі ұғыну, оқыту, жору,
түсіндіру және өмірде қолдану сияқты біртұтас компоненттерден тұрады.

Діннің өзегін немесе тірегін аян яғни, Құдайдан келген таным
құрайды. Яғни, бұл танымның мазмұны адам баласына трансцендентальды болмыс
тарапынан берілген. Сондықтан да аян өзгермейді, абсолюттік ақиқат ретінде
қабылданады. Бірақ, бұл қабылдау – толығымен иман, сенімге тікелей қатысты.
Ислам дінінің негізі болып табылатын Құдайлық аян, пайғамбарлық институты
және адам арасында діни таным мәселесі өзіне тән ерекшеліктерімен тарихи
процесс ішінде нақты көрініс тапқан. Бұл ерекшеліктерді шартты түрде
кезеңдерге бөлуге болады.

Бірінші Хз.Мұхаммед (с.ғ.с)-ның пайғамбарлық кезеңі. Бұл кезеңде
пайғамбардың Құдайлық аянды үндеген, исламға шақырған тұсында мұсылмандар
басқа дүниетаным және мәдениет түрлерімен әлі танысып болмаған, әрі
исламның негізгі ғылымдары да қалыптаса қоймаған болатын. Ислам ойшылдары,
философ-ғұлама, даналары өсіп шықпаған әрі қоғамда  олардың ықпалы да жоқ
еді. Мұсылмандар шәкірт ретінде тікелей ұстаздары пайғамбар арқылы кез-
келген діни мәселені шешіп отырған. Олар алғашқы мұсылмандар, исламды
тікелей қайнар көзінен үйрену мүмкіндігіне ие болды. Құдайлық аян – жанды
құбылыс, әрі пайғамбардың да көзі тірі, исламдық таным өте сергек болатын.
Бұл жерде Алла, адам және пайғамбарлық тұғырларын тұтастандырып тұрған күш
иман және сунна болатын.

Исламның ең басты негізі – Құран. Екінші бір ықпалды негіз – бұл
арабтардың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы. Пайғамбар да көптеген мәселелерді араб
мәдениетінің дәстүріне сүйеніп шешетін. Мысалы, соғыс жағдайында немесе
бейбіт кезеңде пайда болған мәселелердің ең бастысы “Мәдиналықтар
келісімшартының” мазмұнында араб дәстүрі басым болатын, ел басқару,
әлеуметтік қаулы-қарарлар, Қағба қызметі, әскери істер, байлықты бөлісу,
отан қорғау, кісі өлімі, құн төлеу және т.б. туралы ереже-үкімдердің басым
көпшілігі араб дәстүрінің жемісі мен көрінісі екендігі айқын. Хз.Мұхаммед
Пайғамбар өлгеннен кейін Хз.Әбубәкірдің халифа сайлануы да осы екі негіз
Құран мен араб дәстүрі бойынша жүзеге асты. Сондықтан алғашқы
мұсылмандықтың болмысында екі негіз үстемдік етті. Біріншісі Құран –
құндылықтары, екіншісі – араб мәдениеті мен дәстүрі. Бұл араб
мұсылмандығының үстемдік құрған дәуірі еді. Олар араб дәстүрінің елеулі
бөлігін исламдандырып жіберді, қалған бөлігі әр түрлі дәстүрлі формаларда
әлі күнге дейін жалғасып келеді. Негізінде әдет-ғұрып, дәстүр (мейлі ол
араб, парсы, түркі болсын) де ислам дінінің негізгі ұстындары мен
дәлелдерінің бірі. Ислам ешқашан дәстүрді, әдет-ғұрыпты толығымен жоққа
шығармаған, оларды діннің негізгі принциптеріне сәйкестігі тұрғысынан
бағалаған. Керек десеңіз, әдет-ғұрып исламдағы құқықтың негізгі қайнар
көздерінің бірі болып табылады. Ислам кейбір әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді
жаңғыртып, кейбірін сол қалпында пайдалануды мақсат етеді. Дегенмен әдет-
ғұрып, дәстүр ешқашан діннің орнын баса алмайды және діннен үстем
қабылданған емес. Солай бола тұрса да, исламнан бұрынғы “жахилийа”
дәуірінен бері келе жатқан қалыптар мен түсініктер уақыт өте келе ислам
қоғамында өз орнын алып, кейіннен идеялық қайшылықтарға, бөлінулерге апарып
соқты. Бұған мысал ретінде расизм, тек, тайпа, ру, тұтқын, құл түсініктері
мен әлеуметтік, экономикалық және сауда сияқты көптеген құбылыстарды
көрсетуге болады. Бұған қоса Ибн Әбу Суфиан Муавияның мемлекеттің басына
келуі нәтижесінде халифаттың орнын сұлтандық басты, мұсылман үмметінде араб
дәстүріне негізделген исламдық түсінік бой көтерді. Яғни, мұрагерлік ислам
дәуірі басталды.

Хз.Мұхаммедтің (с.ғ.с.) пайғамбарлық кезеңі мен көсем-халифалар
кезеңі таза исламдық сипатта болса, одан кейінгі, сұлтандық дәуірінде
мұсылмандар дәстүрлі ислам дүниетанымы негізінде қалған ислами түсініктің
екінші кезеңі ретінде әр түрлі тарихи асулардан өтті. Бұл процесс бүгінге
дейін жалғасуда. Осы екінші кезеңнің өзі исламның дәстүрлі діни танымы,
яғни, “дәстүрлі ислам” ретінде мұсылман халықтары мен мемлекеттері
тарихында 4 үлкен дәуірді басынан өткізді.

Исламда дәстүрлі діни танымның бірінші сатысында фықық пен кәлам
ғылымдары басты назарда болып, қоғамда факихтер мен кәламшылардың билігі
мен үкімдері ғана мойындалды (VІІІ-ХІ ғасыр). Бұл кезеңде исламдық тұжырым
– кәлам, фиқық ғұламаларының, онда да шектеулі ағымдар негізіндегі
тафсиршілер мен хадисшілердің түсіндірмелері, үкімдері мен жорамалдарынан
құралатын. Осы ғұламалардың пәтуалары, түсініктемелері, көзқарастары
шеңберінде діни түсінік пен таным қалыптасты. Пайғамбардың мұрагерлері
саналған ғұламаларды діни көсем, ұстаз ретінде танып, олардың
көзқарастарына, жолына бас иді. Яғни, Алла – пайғамбарлық және адам арасына
тағы бір институт келіп қосылды – олар “ғұламалардың” ижма, қияс әдістеріне
негізделген құқықтық таным болатын. Факихтер, кәламшылар, хадисшілер мен
тафсиршілер өте жоғары беделге ие болды.

Екінші саты – суфизм және тариқатқа негізделген исламдық түсінік
кезеңі (ХІ-ХVІІІ ғасыр). Бұл кезеңде сопылар мен тариқат шайхтарының діни
танымы мен түсіндірмелері негізге алынды. Даруни, яғни ішкі мәнге
негізделген, рухани сипаттағы түсініктер мен идеялар үстем бола бастады.
Білім беру мен тәлім-тәрбие ісі медресе, мешіттерге қарағанда текке,
дергахтарда, ленгерлерде көп тарала бастады. Мұсылмандар енді сопылардан
үлгі ала бастады. Сопылардың идеялары да Құран мен Сүннетке негізделетін
еді. Исламдағы дәстүрлі діни танымның осы екінші сатысы ХІ ғасырдан ХVІІІ-
ші ғасырдың орта тұсына дейін жалғасты.

Суфизмнің танымдық әрі телеологиялық ерекшеліктеріне  орай, бұл
сатыда діни практика мен рухани тәрбие бірінші орынға шықты. Дінді және
пайғамбар жолын рухында, хәлінде, ділінде сезіну арқылы қанағатқа, бақытқа,
бірлікке жетуді мақсат етті. Осылайша исламдағы фықық, кәламшылар мен
хадисшілердің орнын сопы-шайхтар алды. Исламдағы діни музыка, саз, би,
өнер, архитектура, әдебиет осы сатыда жоғары деңгейге көтерілді. Ислам
дүниетанымындағы суфизмнің ислам дінінің кеңінен жайылып, орнығуында
маңызды орны бар екендігін атап өткен жөн.

Үшінші саты – исламның қорғаншақтық кезеңі (ХVІІІ-ХІХ ғасыр).
Бұл кезеңде мұсылмандардың ғылым мен технологияда дамыған, ғылым мен
мәдениетте, саясат, экономика салаларында өздерінің үстемдігін көрсете
бастаған Батыстық қоғамнан қорғана бастағаны сезіледі. Бұл құбылыс
негізінен ХІ ғасырдан бастап байқалатын, әсіресе өркениеттераралық
қақтығыстарда айқын көрінетін. Қорғаншақтық кезеңнің ерекшелігі –
отарлаушы, яғни, технологияның иелеріне олардың ғылым мен өркениеттегі
үстемдіктеріне жауап ретінде мұсылмандар өздерін өткен ғасырлардағы
жетістіктері мен тарихтағы ренессанстарымен жұбата бастады. Кейбір топтар
Батыс өркениетінен артта қалуының себебін исламнан, оны дұрыс түсінбеуден
іздесе, ал кейбірі фатализмнен іздеген. Бұл құбылысты Алланың еркіне
негіздегендер (тағдыршылдар) де баршылық. Қорғаншақтық кезеңінде
керітартпалар мен модернистер, метатрадиционалистер мен батысшылдар,
зиялылар, ағартушылар сияқты топтар өзара мәмілеге келе алмай жатты.
Осындай дау-жанжалдар, пәтуасы кеткен ахуал – негізінен қорғаншақтықтың
нақты көрінісі болатын.

Төртінші саты – үйлестіруші, түсіндіруші-телуші, синтездеуші
исламдық кезең (ХХ ғасырдан бүгінге дейін). Бұл кезеңде кешегі өткен
ғасырдың негізгі идеологиялары, жүйелері, діни-философиялық ағымдары мен
ұсынған жолдары арқылы исламның әр түрлі тақырыптарына қатысты көзқарас,
пікір, қағида, мәліметтер мен әдістерді үйлестірумен, жақындастыру
әрекеттері – осы кезеңнің негізгі ерекшеліктері. Интеллектуалдық ортада
тарала бастаған бұл түсінік ХVІІІ ғасырдан қазірге дейін кеңінен тарап
отыр.

Жаңашыл ойшылдар, зиялылар ретінде танылған Сайд Ахметхан,
Мұхаммет Абдух, Рашид Рыза, Фаруқи, Фазлуррахман, Сайт Наср, т.б. тұлғалар
арқылы болмыстық құбылысқа айналған ағым Батыстың құндылықтары мен
көзқарастарын, ғылымы, мәдениеті мен философиясын “исламдандыру” әрекетіне
кірісті. Қазіргі таңдағы “ғылымның исламдандырылу” мәселесі – осындай
әрекеттердің жалғасы. Кезінде Әл-Фараби, Ибн Сина сияқты мұсылман
философтары да  Платон мен Аристотель философиясын ислам хикметімен
үйлестіруге, жақындастыруға тырысып, жаңаша ой-сана, ойлау жүйесін шығарып,
ұсынған болатын. Қазіргілер болса, кейінгі екі ғасырдағы үстем философиялық
ағым болған Батыстың Декартшыл философиясы, оның эпистемологиялық жүйесі
мен ислам хикметі арасында үйлестіру платформасын іздеуде. Ал Декарт
философиясының негізі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Діни бірлестіктердің мемлекеттен бөлінуі
Әлемдегі діни экстремизм мен радикализм
Діни таным және жат ағымдар
Зайырлылық түсінігі
Қазіргі Қазақстандағы жастардың діншілдік мәселесі
Исламдағы діни төзімділік пен толеранттылық мәселесі
Қазақстандағы діни жағдайдың заңдық негіздері
Қазақстандағы ислам жайлы
Зайырлылық
Зайырлы мемлекет және дін
Пәндер