Мұқтар Әуезов



Кіріспе:
Өмірінен мәлімет.
Алғашқы әңгімелері.
Негізгі бөлім:
Прозасы. “Aбай жолы” эпопеясы.
Драмалық шығармалары. “Еңлік.Кебек” , “Қаракөз”.
Ғылыми.зерттеу еңбектері.
Қорытынды:
М.Әуезов қазақ әдебиетінің классигі.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Мұхтар Әуезов

Орындаған:

Тексерген:

Жоспар:
Кіріспе:
Өмірінен мәлімет.
Алғашқы әңгімелері.
Негізгі бөлім:
Прозасы. “Aбай жолы” эпопеясы.
Драмалық шығармалары. “Еңлік-Кебек” , “Қаракөз”.
Ғылыми-зерттеу еңбектері.
Қорытынды:
М.Әуезов қазақ әдебиетінің классигі.

Мұхтар Әуезов 1897 жылы қазіргі Семей облысы Абай ауданында дүниеге
келді. Алғашында атасы Әуезден мұсылманша сауат ашып, хат таниды. Кейін
мұғалімдер семинариясында оқиды. Төңкеріс қарсаңында Алаш қозғалысының
Семейдегі жұмысына қатысады. 20 жылдары Ленинград университетінде,
Ташкенттегі Орта Азия университетінің аспирантурасында оқиды. Бұл жылдары
Мұхтар Әуезов әлем әдебиеті үлгісімен терең танысып, жан-жақты, кемел білім
алып шығады.
Мұхтар Әуезовтің алғашқы шығармашыларының көлемдісі де, көркемі де
прозалық әңгіме, повесть түрлерінде жасалды.
Мұхтар Әуезов жиырмасыншы жылдардың бас кезі мен орта шенінде көптеген
әңгімелер ( “Қорғансыздың күні”, “Жетім” , “Жуандык”, “Ескілік
көленкесінде”, “Кім кінәлі”, “Бартыма” т.б.) жазып, оларда ескі қазақ
ауылының алуан түрлі әлеуметтік шындығын реалистік дәстүрде бейнелейді.
“Қорғансыздың күні ” (1921) – жазушының алғашқы жарық көрген әнгімесі.
Мұнда Ғазиза деген панасыз жетім қыздың адам айтқысыз озбырлық, қорлыққа
шыдамай, боранға ұрынып, үсіп өлгені айтылған. Бұл шығармада Ақан сияқты
қара ниет ауыл әкімінің тағылық қылықтары әшкереленеді.
“Қорғансыздың күні” өзінің көркемдік бітімі жағынан қазақ әдебиетіне
жаңа өрнек енгізді. Адам өмірінің қайталанбас, дара ерекшелігі әңгімеде
шебер ашылған. Шығармада болыс Ақан, оның серігі Қалтай, пәк, сәби қыз
Ғазиза, оның қарт әжесінің бейнелері өте шынайы көрінеді.
“Жетім” деген әңгімеде Қасым атты жетім баланың қасіретті балалық шағы,
Иса деген жамағайынның қорлығына шыдамай, ауылдан қашып шыққан бетінде,
қараңғы түнде, тоғай ішінде өлгені айтылады.Өмірден зәбір көргендердің мұңы
мен наласын үлкен әлеуметтік толғақты мәселе ретінде сипаттау сыншыл
реализмнің негізгі белгісі еді.
“Ескілік көлеңкесінде” ескі салт бойынша өлген апасының орнына кәрі
жездесіне тоқалдыққа баруға ризалық білдірген, өзін сүйген жігіт Қабыштың
тілегімен есептеспеген Жәмеш деген қыздың халі әңгімеленген. Мұхтар Әуезов
өмір қайшылықтары мен теңсіздіктерін әр қырынан көрсету арқылы қазақ
әдебиетінде психологиялық прозаның үлгілерін тудырды.
“Жуандық” (1926) әңгімесінде момын кедей Жақсылықтың өз жолын тауып,
ерікті, баянды өмір жасауға ұмтылғаны, бірақ бұрыннан кедей - кемтарды
уысында ұстап, тізе батырып үйренген Әбіш, Құрман секілді байлардың оған
қиянат, зорлық жасағаны көрсетіледі.
Мұхтар Әуезовтің жиырмасыншы жылдардағы шығармашылығындағы негізгі
тақырыптың бірі - әйел теңдігі. Шығармаларында өмір шындығына берік табан
тіреп отыратын жазушы сол кезеңдегі қазақ әйелінің басындағы
хал – ахуалды асырмай да, жасырмай да, қаз қалпында көрсетеді. Бірде
жазушы ата – анасының еркімен күйеуге шығып, тағдырына мойын ұсынған әйел
тарихын (“Cөніп – жану” ) әңгімелесе, екінші шығармасында сүйгеніне қосыла
алмай, қүсадан өлген Ғазиза ( “Кім кінәлі” ) жайын сөз етеді. Тағы бірде (
“Үйлену” ) әке әміріне көнбей, көңілі сүйген жігітімен қашып кеткен қыз
хикаясына тоқталады.
“Қараш – қараш оқиғасы” төңкеріс қарсаңындағы қазақ қоғамының
шындығынан туған, ескі ауылдағы әлеуметтік теңсіздік тәрізді өткір тартысқа
құрылған. Мұнда да 20 жылдардың әңгімелеріндегідей дала билеушілерінің
заңсыз жуандығы – байлардың кедейлерге жасар өктемдігі, зорлығы,
кедейлердің байлардан көрер қиянаты, қорлығы сөз болады.
Бірақ повестің бас кейіпкері Бақтығұлдың ісі мен мінезі өзіне дейінгі
өзі секілділерден өзгеше. Бұл – олар секілді өз тағдырының құлы емес,
қожасы болуға ұмтылған адам.
“Қилы заман” повесінде 1916 жылғы ұлт – азаттық қозғалыстың барысы,
әділетсіздікке төзбей, ел бастап шыққан ерлердің бейнесі көрсетілген.
Мұхтар Әуезов бейбіт жатқан Албан руының 1916 жылғы маусым жарлығының зіл
салмағынан іште тұншығып жатқан кегі оянып, дүр сілкініп, айбарлы күшке
айналғанын өмір шындығына сәйкес суреттеген. Өз жерінен, малына иеліктен
айрылған, патша әкімдерінің, қазақтың өз ішінен шыққан обыр болыс, парақор
би, жебір тілмаштардың қиянатынан ығыр болған халықтың еріксіз халі бірде
кейіпкер сөзімен, кейде авторлық баяндау үстінде айқындалады.
“Абай жолы” – қазақ совет әдебиетіндегі тұңғыш роман – эпопея. “Абай
жолында” өткен ғасырдың екінші жартысындағы қазақ қоғамының шындығы
мейлінше кең көрсетілді, қаһармандардың жеке өмірі халық тарихындағы
күрделі өзгерістермен байланысты берілді. Абай өмір сүрген қоғамның өзекті
тартыстары мен күрестерін, ізгілік пен зұлымдықтың шайқасын, көркем
тұлғалардың өткенін, бүгінгісін кеңінен қамтып, болмыстың екшелген,
жинақталған шындығын айту міндеті роман – эпопеяда зор шеберлікпен шешім
тапты. “Абай жолында” ұлы ақынның жеке бастық іс - әрекеттері дәуірдің
көкейкесті мәселелерімен, нәсілдер, таптар, халықтар тағдырларының
тоғысуымен орайластырыла баяндалады. Роман – эпопеяда оқиғалардың
объективтік ағысы, жеке адамдар тағдырының қоғамдық тіршілікке тәуелділігі,
тұлғалардың даралық келбеті, зұлымдықты әшкерелеу мен ізгілікті мадақ ету
өмір шындығына сәйкес көрсетіледі.
Эпопеяның желілерін тұтастырып тұрған негізгі арна – Абайдың және оған
тілектес топтың озбыр, содыр үстем қауым өкілдерінің зорлығына қарсы
күресі. Абай бастаған жаңашыл қауымның халық бақыты үшін батыл айқасқа
шығатын кезі өте көп. Сырттай қарағанда эпопеядағы әрбір тараудың әңгімесі
жеке – дара, оқшау секілденеді. Бірақ оларды іштей жалғастырып тұрған
негізгі арқау ылғи сезіліп отырады. Ол – ақын, азамат, еңбекші қауым
мүддесі үшін жаны ауыратын, күштілерге қарсы тапжылмай тартысқа шығатын
Абайдың өмірі, оның шығармашылық, әлеуметтік қызметі, Абайдың араласуымен
шешілетін әр түрлі оқиғалар. Романның құрылысы Абайдың ұзақ та қажырлы
ақындық, қайраткерлік қызметін танытуға бағындырылған.
Эпопеядағы орталық тұлға, типтік характер – Абай. Ол – бүкіл бір
халықтың рухани адамшылық келбетін елестете алатын бейне. Абай сөзі мен ісі
соншалық нақты, әрбір әрекетіне нандыратын тұлға, заман мен халық қамын
терең толғайтын үлкен ойшыл, ұлы ақын сипатында көрінеді. Абайдың көркем
бейнесін жасауға ақынның өз өлеңдерінің көп көмегі болғанын жазушы
ризалықпен еске алады. Суреткер ұлы ақынның шығармаларын туғызған жағдай
мен себептер табиғатына терең болжау арқылы оның өмір жолына қанығады. Абай
халық қиялында қаншалық биік сатыда тұрса, роман оның көркем бейнесін
соншалық жоғары деңгейде көрсетеді.
Абайдың өз әкесі Құнанбайдан мүлде басқа ой-өріс бағытында қалыптасып
келе жатқандығы оның оқуға аттанар алдында Тобықтының білгір шешендерін
сөзден жығуынан, Құнанбайдың мінің деп көрсеткендерін жақсылық деп
дәлелдеуінен айқын аңғарылады. Бұл тұста болашақ ұлы ойшыл ақын мінезіндегі
қайсар тегеурін сезіледі.
Абайдың өмір өткелдерін, әлеуметтік майдандағы әр алуан күрделі істерін
оның нағыз адамдық ықыластарымен, үміт-арманымен, күйініші-сүйінішімен
бірлестіре көрсету арқылы суреткер оның тұлғасын типтік характер дәрежесіне
көтерді, ақын, ойшыл, қоғам қайраткерінің асыл бейнесін жасады.
Құнанбай образының жасалу шеберлігі бүкіл дүние жүзілік әдебиет
тарихында сирек ұшырасады. Мейлінше шыншыл суреткер бұл образды мінездеу
мен мүсіндеуге, жинақтау мен даралауға өзінің бай палитрасындағы бір ғана
емес, бірнеше (ақ, көк, сары...) бояуды қоса, қатар жұмсап, түрлі-түсті
табиғи кескінде, алдымен адам ретінде, бірақ күнгей-көлеңкесімен жан-жақты,
толық, тұтас тұлғаландырған. Автор ұнамсыз кейіпкер бойындағы ұнамды
қасиеттерді күзеп, не тонап әкетпейді, өзіне береді, өзінде қалдырады.
Құнанбай – азулы ғана емес, ақылды; шоқпар мен сойылдың ғана емес,
әріден толғайтын ойдың адамы. Көзі дара болғанмен көкірегі сара – көреген;
ашуы мен қайратын қатар ұстайтын, қаталдығының арғы жағында қайсарлығы
жатқан, қасарма сұғын қадағанды сілейтпей тынбайтын қазымыр, қатал кісі.
Арыстанның айбаты да, жолбарыстың жүрегі де бір өзінде; жыртқыштығы да
сондай; бүргені құтылмайды, құтылса, мынаның тырнағы сонымен бірге кетеді.
Мұнысын қайталанбас қайсарлыққа саяды. Осыған енді амалы мен айласы
қосылғанда Құнанбайдың қулығы мен сұмдығына, сұңғыла зымияндығына найза
бойламай шығады. Мұнысы – ақылдан туған тәсіл.
Құнанбай алыс-жұлысқа, арпалысқа ғана емес, сөзге де жүйрік, шешен;
тілі өткір, тиген жерін тіліп түседі.
Осылардың бәрі Құнанбайдың өз ортасынан биік, оқшау тұрған жоталы тұлға
екенін көрсетеді және оның осындай өзгеше бөлек бітімін өз ортасы да әбден
иойындап болған. Құнанбайдың көп қырлы қасиетін досы түгіл тіпті дұшпаны да
жоққа шығара алмайды.
Құнанбай жалғыз емес. Оның маңында әр рудың басы, әр ауылдың ақсақал-
қарасақалдары – Бөжей, Байдалы, Байсал, Сүйіндіктер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ыбырай Алтынсариннің өмірі
Бала Абайды дана Абай, шәкірт Абайды ұстаз Абай еткен қандай күш
Қазақ әдебиеті
Абайтану ғылымының бастауы
Роллан Сейсенбаевтың өмірі мен аудармашылық шеберлігі
Әлкей Марғұланның педагогикалық қызметтері
Махамбет Өтемісұлының педагогикалық көзқарастары
XIX ғасыр әдебиеті жыраулар толғауларындағы архаизм, тарихи көнерген мағынасы түсініксіз сөздер текстологиялық талдау
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ПОСТМОДЕРНИСТІК БАҒЫТ
А.Құнанбаев және Ы.Алтынсариннің педагогикалық көзқарастары
Пәндер