Цехтың түрлері


Жоспары
Кіріспе
Цех ұғымы
Цехтың түрлері
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Кәсіпорындағы жедел жоспарлау, әдетте, жедел-өндірістік деп аталады. Жедел-өндірістік жоспарлаудың негізінде ағымдағы жоспарда немесе бизнес жоспарда әзірленген және орындауға қабылданған дайын өнімді шығарудың бір жылдық, тоқсандық, айлық өндірістік бағдарламасы жатыр. Жедел жоспарлар бірден он дұмыс күніне дейінгі кезеңді (екі күнтізбелік аптаға дейінгі) қамтиды, алайда көбінеки олар тәуліктік болып табылады. Мұндай жоспарлар әдетте үш негізгі элементтен құралады:
• цехтардың, телімдердің, желілердің өндірістік бағдарламаларынан, олар өндірістік қуаттылықтардың іс-жүзіндегі жүктемесін көрсетеді;
• осы бөлімшелерге берілген жедел тапсырмалардан;
• бұйымдардың және олардың жекелеген бөліктерінің технологиялық тізбек бойынша қозғалуының кесте-жоспарларынан.
Осылайша, жедел жоспарлар құрал-жабдықтың жүктемесін, технологиялық циклдегі жекелеген әрекеттердің орындалу тізбектілігін; соған арнап бөлінген уақытты; адамдардың қолда бар өндірістік қуаттылықтардың, материалдық ресурстардың, қызметкерлердің есебімен бөлістірілуін белгілейді. Сондай-ақ цехаралық және цех ішіндегі жоспарлауды бөледі. Цехаралық жоспарлау - әр цехке арнап өнімді өндірудің шұғыл жоспарын белгілеу. Цех ішіндегі жоспарлау кезінде өндірістік телімдерге арналған шығару бағдарламалары, әдетте, цех үшін белгіленгенге қарағанда толығырақ белгіленеді. Тапсырма тек өндірістік телімдерге ғана емес, сондай-ақ телім шеңберіндегі белгілі құрал-жабдық топтарына, бөлшектерді іске қосу және олардың әрекеттер бойынша өту мерзімдері бойынша, сондай-ақ оларды шығару мерзімдері бойынша белгіленеді.
Цех ұғымы
Өндірістік кәсіпорынның белгілі бір өндірістік өнім немесе дүмбілзат жасалатын (өндірістік цех) не көмекші материалдар дайындалатын, қызмет көрсету операциялары жүргізілетін құрылымдық бөлімшесі; белгіленген бір бұйымдарды жасап шығаратын немесе технологиялық үрдісінің белгіленген бір түрімен шұғылданатын өнеркәсіп орынының негізгі өндірістік бөлімшесі.
Орта ғасырларда қалалық қолөнершілердің кәсіптер бойынша біріккен бірлестігі. Ортағасырлық қалалардың қалыптасу кезеңі 11 - 12 ғ-ларда Батыс Еуропада, Францияда, Англияда, Германияда, Италияда дүниеге келіп, 13 - 14 ғ-ларда толық даму кезеңіне жетті.
Мұнай-газ өндірісінде құрылымдық бірлік ретінде цех - өндірістік әкімшіліктік-бөлектенген бөлімше шығады, оның міндеттеріне өнімді шығару немесе белгілі бір жұмыс түрлерін жүргізу жатады. Негізгі өндіріс өнімді шығарумен тікелей қатысты болатын процестерді қамтиды. Қосымша өндіріс негізгі өндіріс бөлімшелерінің өнімді үздіксіз шығаруына арнап қалыпты жағдайларды қамтамасыз етеді. Негізгі өндіріс ретінде орталық инженерлік-технологиялық қызметпен (ОИТҚ) біріктірілген аудандық инженерлік-технологиялық қызметтер (АИТҚ) бөлінген.
Орталық инженерлік-технологиялық қызметтің негізгі міндеті - мұнай-газ өнеркәсібінде орталық инженерлік-технологиялық қызметі бекітілген технологиялық режимін ұстанумен мұнай мен газ өндіру жөніндегі жоспарлық тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз ету. Орталық инженерлік-технологиялық қызмет төмендегілерді жүзеге асырады:
• аудандық инженерлік-технологиялық қызметтер жұмысын басқару;
• негізгі өндіріс объектілерінде жұмыстарды орындау кезінде мұнай-газ өнеркәсібінің барлық өндірістік бөлімшелерінің іс-әрекетін тәулік бойы жедел бақылау және үйлестіру;
• барлық өндірістік объектілер бойынша ақпаратты жинақтау мен өңдеу;
• апаттарды жою жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
• оқыс жағдайлар кезінде көмек көрсету және т. б.
Негізгі және қосымша өндіріс цехтары
Жұмыстарды жоспарлауға маңызды мән беріледі. Орталық инженерлік-технологиялық қызмет өздеріне ұңғымалар бойынша барлық қажетті жұмыстар кіретін айлық кешендік кесте-жоспарларды әзірлейді.
Цехтың түрлері
Көмекші цех (Цех вспомогательный) - негізгі өндіріске немесе зауытқа түгелдей технологиялық қызмет ететін цех.
Қыздырып қалыптайтын цех (Цех горяче штамповочный) - қыздырылған дайындаманы баспақта немесе тоқпақта қалыптап, соғылма (поковка) өндіретін цех.
Құйманың негізгі бөлігі(Цех отливки основная) - құйманың тетік жасайтын бөлімі.
Құрал-сайман цехы (Цех инструментальный) - қалып, соққыш, әр түрлі құрал жасайтын цех.
Ұсталық цех (Цех кузнечный) - тоқпақта соғып, соғьшма жасайтын цех.
Ұсталық-баспақ цех (Цех кузнечно-прессовый) - гидравликалық баспақта соғып, соғьшма жасайтын цех.
Ұсталық-қалыптау цехы (Цех кузнечно-штамповочный) - ыстықтай қалыптайтын қос иінді баспақта жөне көлденең соғу машинасында қалыптап соғылма жасайтын цех.
Суықтай қалыптайтын цех (Цех холодной штамповки) - қаңылтырдан, жолақтан, таспадан тетік жасайтын цех.
Ұңғымаларды өндірістік күтімге алумен қатысты қосалқы өндірістер өндірістік күтімге алу базаларына біріктірілген. Өндірістік күтімге алу базалардың құрамына келесілер кіреді:
• пайдаланушылық құрал-жабдықтың илектеу-жөндеу цехы (ПҚИЖЦ) ;
• электр жабдығы мен электрмен қамтудың илектеу-жөндеу цехы (ЭЖ мен ЭИЖЦ) ;
• ұңғымаларды жерасты және күрделі жөндеу цехы (ҰЖ және КЖЦ) ;
• өндірісті автоматтандыру цехы (ӨАЦ) .
Өндірістік күтімге алу базалар басшылығы кесте-жоспарларға сәйкес цехтардың іс-әрекетін үйлестіреді және ұңғымалар мен барлық негізгі өндіріс объектілерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, тікелей мұнай-газ өндіру басқармасына бағынатын құрылымдық бөлімшелер бар, атап айтқанда:
• мұнайды даярлау мен айдау цехы (МДАЦ) ;
• қаттық қысымды ұстау цехы (ҚҚҰЦ) ;
• бу-сумен қамту цехы (БСҚЦ) ;
• газ сығымдағыш (газ) цех (ГСЦ) ;
• құрылыстық-монтаждау телімі (ҚМТ) - мұнай-газ өнеркәсібінің дербес құрылыс ұйымы болмаған жағдайда.
Қабат қысымды ұстау цехының басты міндеті - жұмыстық реагенттің бекітілген қазу жобасына сәйкес көлемдерде өнімді деңгейжиектерге айдалуын қамтамасыз ету.
Мұнайды даярлау мен айдау цехы шикі мұнайды жинақтау мен оны жинау құрылғысына дейін айдау, өңдеуге, сақтауға, есепке алу мен тапсыруға әзірлеу жұмыстарын жүргізеді. Мұнай мен газ өндіру цехы мұнай мен газды ұңғыманың түбіне қарай жасанды қозғалу процестерінен, мұнай мен газды күндізгі жазықтыққа көтеру, тауарлық мұнайды әзірлеу процестерін қамтиды. Өндірістік қажеттілік болған жағдайда жекелеген мұнай-газөнеркәсіб бірлестіктің рұқсатымен цехтар құрылуы мүмкін: илектеу-жөндеу, батырмалы электрқұрылғылар, құбырларды шегендеу (футерлеу) (жемірілуге қарсы жабындар, әйнектеу, эпоксидтік шайырлармен жабу, эмальдау) . Мұнай өндіру процесінің үздіксіздігі көбінеки мұнай және газ ұңғымаларын дұрыс пайдалануға, күтімге алу мен жөндеуге байланысты болып келеді. Пайдалану жабдығының илектеу-жөндеу цехы пайдалану жабдығын жөндейді, оны пайдаланудың техникалық ережелерін ұстануды бақылайды, механикалық жабдықты дер кезінде және сапалы жөндейді.
Мұнай-газ өндіру кәсіпорнының өндірістік құрылымын жетілдірудің негізгі бағыты - негізгі өндірісті бағыттандыру процесін оны бұдан әрі бірқатар қосымша қызметтерден босату мен оларды дербес кәсіпорындарда шоғырландыру арқылы жалғастыру, атап айтқанда, МГӨК-тің құрамынан жөндеу және көліктік қызмет көрсетуді шығару және орталық илектеу-жөндеу базалары мен технологиялық көлік басқармаларын, және бірлестіктерде арнайы техниканы құру.
Мұнай-газ өнеркәсібінде қабат қысымды ұстау жұмыстарын қабат қысымдарды ұстау цехы (ҚҚҰЦ) жүргізеді. Қабат қысымдарды ұстау цехы судың көлемі мен сапасын бақылау-өлшеу құралдарының көмегімен бақылаумен, оны айдаудың берілген мөлшерін қамтамасыз етіп оны сол деңгейде ұстап отырады. Суландыру жөніндегі жұмысты тәулік бойы жедел басқаруды ауысым бастықтары жүргізеді. Цехтың негізгі жоспарлық көрсеткішіне қатты қазу жобасымен бекітілетін кубтық метрмен көрсетілген суды құю көлемі (Қс) жатады, ол қаттан алынатын сұйықтың мөлшерінен аспауы тиіс. Бір жылға арнап құю көлемін анықтаған кезде тәуліктік құю Қс. т. мен жоспарланып отырған мерзімдегі күндердің күнтізбелік санына tкүнт. Негізделеді:
Қс = Қс. т. · tкүнт., (10)
мұндағы, Қс. т. - қаттан алынатын судың мөлшерінен асатын қатқа тәулігіне құйылатын судың мөлшері, м/тәу.
Тоғыту ұңғымаларының саны nұңғ. т. әзірлеу жобасымен бекітілген қажетті құю көлеміне негізделумен келесі формула арқылы анықталады:
Қс = R · Сч · kп (11)
мұндағы, R - ұңғымалардың айлық қабылдауыь, пайдалану айына м3/ұңғыма;
Сч - бір жылдағы тоғыту ұңғымалары бойынша есепте тұрған ұңғ. ай жұмыс көлемі;
kп - тоғыту ұңғымалары, станциялар мен су алулар бойынша тоқтауларды ескеретін пайдалану коэффициенті;
Тоғыту ұңғымалары бойынша ұңғыма-айлармен берілген жұмыс көлемі немесе пайдалану көлемі келесі мағынаға тең:
Сч = nұңғ. · Нtкал / 30, (12)
Осылайша, Қс = Rnұңғ. · Нtкал · k3 / 30
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz