ДІНИ ФИЛОСОФИЯ пәнінің ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ


Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 69 бет
Таңдаулыға:   

Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

ТАРИХ-ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІ

ДІНТАНУ ЖӘНЕ ТЕОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

ДІНИ ФИЛОСОФИЯ пәнінің

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ

Мамандығы: 5В021100-Теология

Пән оқытушысы: дінтану магистрі Б. Сайфунов

Түркістан 2012-2013

Діни философия пәнінің оқу-әдістемелік нұсқаулары кафедраның «___» 2012 ж. мәжілісінде (хаттама №___ ) талқыланды

Кафедра меңгерушісі доцент, С. Қ. Оразбай

Дайындаған пән оқытушысы Б. Сайфунов

Оқу-әдістемелік нұсқаулары факультеттің «___» 201_ ж. (хаттама №___ ) ОӘК-де қаралып, мақұлданды.

Оқу-әдістемелік кеңес төрайымы, п. ғ. к., доцент Ү. Мелдебекова

Оқу-әдістемелік нұсқаулары университеттің «___» 201_ ж. (хаттама №___ ) ОӘК-де талқыланып, қолданысқа ұсынылды.

МАЗМҰНЫ

1. Лекцияның тақырыптық жоспары

1. 1. Лекция сабағының тақырыптық жоспары

2. Семинар сабағының әдістемелік нұсқауы және жоспары

2. 1. Семинар сабағының әдістемелік нұсқауы

2. 2. Семинар сабақтарының жоспары

3. СӨЖ, ОБСӨЖ тапсырмалары, әдістемелік нұсқауы және таратылым материалдары

3. 1. СӨЖ әдістемелік нұсқауы

3. 2. СӨЖ тарсырмалары

3. 3. СӨЖ таратылым материалдары

3. 4. ОБСӨЖ тапсырмалары

4. Оқу сабақтарының бағдарламалық және мультимедиалық сүйемелденуі

4. 1. Оқу сабақтарының бағдарламалық және мультимедиалық сүйемелденуі мәліметі (кесте түрінде)

5. Аудиториялардың, кабинеттердің және зертханалардың мамандандыру тізбесі

5. 1. Аудиториялардың мамандандыру тізбесі

5. 2. Кабинеттердің мамандандыру тізбесі

5. 3. Зертханалардың мамандандыру тізбесі

1. Лекция тақырыптық жоспары

1-модуль. 6 сағат. Лекция тақырыптары: Кіріспе: Философия, Ислам философиясы,

Мұсылман философтар

1. 1. Лекция сабағының тақырыптық жоспары

І-Кіріспе: Философия

-Философия сөзінің тілдік және терминдік мағыналары

-Философия және Шындық

-Философия ғылымының пайда болуы

-Пәннің мақсаты мен міндеттері

-Пән әдебиеттері

ІІ- Ислам философиясы

-Ислам философиясының пайда болуы және дамуы

-Исламда философиялық ой-пікірлердің пайда болуы

- Сүннет және Шиизм философиясы

-Ғазалиге дейінгі және кейінгі философиялық әрекеттер

ІІІ-Мұсылман философтар

Кинди, Фараби, Ибн Сина, Ғазали, Ибн Рушд

2-модуль. 8 сағат. Лекция тақырыптары: Индуизм философиясы, Буддизм философиясы,

Жайнизм философиясы

2. 1. Лекция сабағының тақырыптық жоспары

ІҮ-Индуизм философиясы

-Философиялық мектептер

-Ньяя/Вайшешика

-Санкхья

-Йога

-Миманса

-Веданта

-Үнді философияның негізгі мектептері:

-Ортодоксалдық, Ортодоксалдық емес

Ү-Буддизм философиясы

-Буддизмнің негізгі концепциялары:

-Пратитья Самутпаданың үш көрінісі

Анигта, Анатта, Дуккха

-Төрт қасиетті ақиқат

-Сегіз жол

-Үш жол

-Буддизм мектептері

1-Махаян Буддизмнің философиясы

-Махаяна философиясы

-Классикалық буддизм философиясы

-Мадхьямика (Шуньявада)

2-Йогачар Буддизмнің философиясы

-Йогачара және Татхагатагарбхи теориясы

-Ваджраяна (Тантарлық буддизм)

Жайнизм философиясы

-Махавира

-Жайнизмнің негізгі концепциялары:

Анекантавада, Атомизм және анимизм, Атеизм

3-модуль. 4 сағат. Лекция тақырыптары: Ежелгі Шығыстың діни философиясы, Даосизм

философиясының мектептері

3. 1. Лекция сабағының тақырыптық жоспары

ҮІ-Ежелгі Шығыстың діни философиясы

-Қытай философиясының тарихы

-Конфуциянствоның өзгеруі

-Жаңа конфуциянство

ҮІІ-Даосизм философиясының мектептері

-Даосизмнің негізгі концепциялары

-Дао

-Дэ

-Ци және Мин

-Өзгеріс және Дао

-Инь-ян

-Даосизм және өзге философиялық мектептер

4-модуль. 6 сағат. Лекция тақырыптары: Католик философиясы, Православтық философия,

Протестанттық философия

4. 1. Лекция сабағының тақырыптық жоспары

ҮІІІ-Католик философиясы

-ХХ-ғасырдағы католик философиясының негізгі тенденциялары

-А. Августин, Р. Ле Сенн, Л. Лавель, М. Блондель, П. Тейяр де Шарден, Фома Аквинский, Г. Марсель

-Неотомизм

-Неоавгустиандық

-Тейярдизм

1-Православтық философия

-Академиялық философия

-Метафизика

-ХІХ-ғасыр соңы-ХХ ғасыр басындағы орыс дінифилософтарының

ой-толғамдарының негізгі тақырыптары

-В. Соловьев, П. Флоренский “метафизика”

2-Протестанттық философия

-Л. Лютер, Ж. Кальвин

-Ортодоксия

-К. Барт, Р. Бультман

-Неортодоксия

5-модуль. 6 сағат. Лекция тақырыптары: Дәстүрден тыс синкретикалық діни философия,

Қазіргі шығыс философиясы, Қазақстандағы діни философия

1. 1. Лекция сабағының тақырыптық жоспары

ІХ- Дәстүрден тыс синкретикалық діни философия

-Мистицизм, Оккультизм, Спиритуализм ұғымдары

-Эзотеориялық ілім

-Герметикалық философия

-Теософия

-Антропософия

-Агни Йога

Х- Қазіргі шығыс философиясы

-Үнді философиясы

-Неоиндуизм философиясы

(С. Радхакришнан, Вивекананда, Шри Ауробиндо)

-Қазіргі жапон философиясы

-Дзен-буддизм философиясы

-Дзеннің негізгі ерекшеліктері.

ХІ- Қазақстандағы діни философия

-Қазақ халқының дәстүріндегі діни философиялық ізденіс

-Қорқыттың мәңгілікті діни-философиялық ізденуі

-Қазақ жырауларының дүниетанымы

-Абай және Шәкәрімнің діни-философиялық көзқарастары

2. Семинар сабағының әдістемелік нұсқауы және жоспары

2. 1. Семинар сабағының әдістемелік нұсқауы

Семинар сабағы тақырып бойынша оқу материалдарын игерудің қорытынды кезеңі болып табылады. Осыған орай, мұндай сабақта Студенттердың өзіндік жұмысы қорытылып бағаланады. Лекция сабағымен салыстырғанда семинарда салмақ толығымен студентке артылады, студент осындай сабақтарда негізгі рөлді атқарады. Семинар сабағында Студенттер теориялық мәселелерді тереңінен қарастырып, оларды практикада қолдану дағдыларын қалыптастырады.

Семинар сабағының ерекшеліктері

Студенттер талқыланатын проблеманы түсіндіру, талқылау, талдау және бағалау әрекеттері арқылы өз пікірлерін, ұстанымдары мен позициясын келтіреді: семинар сабағын топтық талқылау мен пікірталас арқылы ұйымдастырған тиімді.

Семинар сабағының тағы бір ерекшелігі келесідей: әр студент қарастырылатын мәселелерді талқылауға тең құқылы және белсенді түрде қатыса алады. Ал оқытушы мұнда Студенттердың пікірлерін қорытындылаушы, күрделі мәселелерді айқындаушы, кеңес-консультация беруші рөлдерін атқарады.

Семинар сабақтарында теориялық мәселелер практикалық тұрғыдан қолдану аясында қарастырылып меңгеріледі. Ғылыми проблеманы талқылау практикада кездескен ситуацияларды мысал ретінде немесе кемшіліктерді сынау түрінде ғана өтпейді, мұндай жұмыстар талдау әрекеттерін қолдануды талап етеді. Сабақта студенттер жүйелі түрде ойлау, негізгі мәселелердің аясында нақты баяндау, логикалық тұжырымдау, басқалардың пікірін сыни тұрғыдан бағалау сияқты біліктерін көрсете білуі керек.

Семинар сабақтарында теориялық оқу материалдарын меңгерудің келесі тиімді нысандарын қолдануға болады: проблемалардың шешімін табу, ақпаратты (статистикалық көрсеткіштер, ғылыми көзқарас, тұжырым, заңнамалық ережелер т. б. ) талдау мен бағалау, практикалық ситуацияларды жан-жақты талқылау мен оларды шешу жолдарын қарастыру.

Семинарға дайындалу барысында студенттер силлабустарды келтірілген өздік жұмыс тапсырмаларын орындап, қосымша әдебиетпен (ғылыми журналдарға мақалалар, интернеттегі мәліметтер, жаңа ресми құжаттар, ғылыми басылымдар, т. б. ) танысуы керек.

Семинар сабақтары белгілі бір ғылыми проблеманы немесе пәннің бір бөлімін тереңінен және жан-жақты қарастыру мен талқылауға арналып, студенттерде келесі тәжірибе, білік, дағды, машықтарды қалыптастыруға бағытталады:

  • абстрактілік, логикалық және сыни ойлау қабілеттерін қалыптастыру;
  • танымның методологиялық және әдістемелік тәсілдерін практикада қолдану мен оларды жетілдіру;
  • бірлесе жұмыс жасау (топ ішінде, команда құрамында) дағдыларын жетілдіру;
  • кез келген ақпаратты талдау қабілеттерін, таңдау жасау, қорытындылау мен шешім жасау біліктерін қалыптастыру мен жетілдіру;
  • теориялық білімді практикада, өндірістік ситуацияларда қолдану біліктерін жетілдіру;
  • қарастырылатын проблемалар бойынша өз ойы мен пікірін қысқа, айқын, дәлелді түрде жеткізу;
  • кез келген білімді өздігімен игеріп, оның негізінде шығармашылық арқылы жаңа түсінік пен білім құрастыру.

Семинар сабағы құрылымының үлгісі

1. Мотивация (немесе Қызығушылықты ояту) кезеңі

Сабақ барысында оқытушы студенттерге талқыланатын проблеманы (проблемаларды) ұсынып, сол мәселе бойынша білімдерін, пікірлері мен көзқарастарын анықтау мақсатында оларға келесі тәртіппен төмендегідей тапсырмаларды орындауды ұсынады:

  • Жеке жұмыс. Әр студент «Мен осы тақырып бойынша не білемін? Бұл мәселе бойынша ойларым мен ұстанымдарым қандай?» деген сынды сұрақтар төңірегінде берілген уақыт ішінде (1-3 минут ішінде) жекелей ойланып, өз идеяларын қағазға түсіреді.
  • Топтық жұмыс. Шағын топ ішінде Студенттер жазғандарымен бөлісіп, талқылау ұйымдастырады, өз ойларын толықтырады, оларға өзгерту енгізеді. Топтық бақылау нәтижесінде студенттер бәріне де ортақ, жалпылама бір шешімге тоқталуы керек. Бұл жұмысқа уақыт көбірек беріледі (шамамен 5-7 минуттай) .
  • Жариялау. Кезекпен әрбір топтан бір студент (шешен, спикер) топ тұжырымдарын ауызша жария қылады.
  • Қорытындылау. Оқытушы немесе оқытушының сұрауы бойынша бір студент талқыланатын проблема бойынша бүкіл аудитория келтірген негізгі деректер мен проблемалардың қысқаша тізімін тақтаға жазады.
  • Негізгі проблеманы айқындау. Тақтаға жазылған тізім ішінен студенттер оқытушының ұйымдастыруымен ең өзекті проблеманы таңдайды (проблемалардың бірнешеуі болуы мүмкін, мұндай жағдайда әр топ сабақтың келесі кезеңінде жеке проблеманы қарастыру ісімен шұғылданады. )

2. Білім құрастыру (немесе Мағынаны ажырату) кезеңі

Сабақтың бұл кезеңінде студент топтары өздері айқындаған және таңдап алған проблеманы шешу жұмысымен айналысады. Оқытушы шешімнің теориялық мағлұматты практикалық кеңістікке аудару тұрғысынан орындалуы керектігін баса ескертеді.

Семинарға дайындалу барысында студенттер силлабустарда келтірілген өздік жұмыс тапсырмаларын орындап, қосымша әдебиетпен (ғылыми журналдардағы мақалалар, интернеттегі мәліметтер, жаңа ресми құжаттар, ғылыми басылымдар, т. б. ) танысуы керек.

Семинар сабақтары белгілі бір ғылыми проблеманы немесе пәннің бір бөлімін тереңінен және жан-жақты қарастыру мен талқылауға арналып, студенттерде келесі тәжірибе, білік, дағды, машықтарды қалыптастыруға бағытталады:

абстрактылық, логикалық және сыни ойлау қабілеттерін қалыптастыру; танымның методологиялық және әдістемелік тәсілдерін практикада қолдану мен оларды жетілдіру;

бірлесе жұмыс жасау (топ ішінде, команда құрамында) дағдыларын жетілдіру;

кезкелген ақпаратты талдау қабілеттерін, таңдау жасау, қорытындылау мен шешім жасау біліктерін қалыптастыру мен жетілдіру; теориялық білімді практикада, өндірістік ситуацияларда қолдану біліктерін жетілдіру;

қарастырылатын проблемалар бойынша өз ойы мен пікірін қысқа, айқын, дәлелді түрде жеткізу;

кез келген білімді өздігімен игеріп, оның негізінде шығармашылық арқылы жаңа түсінік пен білім құрастыру.

Семинар сабағы құрылымының үлгісі

Мотивация (немесе Қызығушылықты ояту) кезеңі

Сабақ басында оқытушы студенттерге талқыланатын проблеманы (проблемаларды) ұсынып, сол мәселе бойынша білімдерін, пікірлері мен көзқарастарын анықтау мақсатында оларға келесі тәртіппен төмендегідей тапсырмаларды орындауды ұсынады:

Жеке жұмыс. Әр студент «Мен осы тақырып бойынша не білемін? Бұл мәселе бойынша ойларым мен ұстанымдарым қандай?» деген сынды сұрақтар төңірегінде берілген уақыт ішінде (1-3 минут ішінде) жекелей ойланып, өз идеяларын қағазға түсіреді.

Топтық жұмыс. Шағын топ ішіңде студенттер жазғандарымен бөлісіп, талқылау ұйымдастырады, өз ойларын толықтырады, оларға өзгерту енгізеді. Топтық бақылау нәтижесінде студенттер бәріне де ортақ, жалпылама бір шешімге токталуы керек. Бұл жұмысқа уақыт көбірек беріледі (шамамен 5-7 минуттай) .

Жариялау. Кезекпен әрбір топтан бір студент (шешен, спикер) топ тұжырымдарын ауызша жария қылады.

Қорытындылау. Оқытушы немесе оқытушының сұрауы бойынша бір студент талқыланатын проблема бойынша бүкіл аудитория келтірген негізгі деректер мен проблемалардың қысқаша тізімін тақтаға жазады.

Негізгі проблеманы айқындау. Тақтаға жазылған тізім ішінен студенттер оқытушының ұйымдастыруымен ең өзекті проблеманы таңдайды (проблемалардың бірнешеуі болуы мүмкін, мұндай жағдайда әр топ сабақтың келесі кезеңінде жеке проблеманы қарастыру ісімен шұғылданады) .

2. Білім құрастыру (немесе Мағынаны ажырату) кезеңі

Сабақтың бұл кезеңінде студент топтары өздері айқындаған және тандап алған проблеманы шешу жұмысымен айналысады. Оқытушы шешімнің теориялық мағлұматты практикалық кеңістікке аудару тұрғысынан орындалуы керектігін баса ескертеді.

Топтық жұмыс. Студенттер шағын топ ішінде (10-20 минут) проблеманы шешу ісімен шұғылданады. Оқытушы оларға мәліметті жан-жақты қарастырып, зерттеп, игеруге тиімді белсенді тәсілдерді ұсынады (мысалы, ой қозғау, рөлдік ойын, т. б. ) . Жұмыс нәтижесі графикалық түрде көлемді қағазға (плакат, АЗ форматындағы қағаз) түрлі-түсті маркерлермен түсіріліп, қабырғаға ілінеді.

  1. Түсінікті дамыту (немесе Ой-толғаныс) кезеңі

Сабақтың бұл кезеңінде оқытушы студенттердің өздерінің жаңа біліміне баға беру процесін ұйымдастырып, болашақта (сабақтан кейін, ертеңгі күні) жаңа білімді қалайша өздігімен толықтыру және жетілдіру ісімен айналысатындығы туралы ойларымен бөлісуге шақырады.

Презентация. Кезекпен әрбір топтың атынан бір студент (шешен, спикер) ортаға шығып, берілген уақыт ауқымында (1, 5-2 минут) плакатта келтірілген өз тұжырымдарын жария қылады. Оларды қорғайды, оқытушы мен басқа топтардың сұрақтарына жауап береді.

Қорытындылау. Оқытушы әр топ келтірген шешімдердің тиімді жақтарына тоқталып, қысқаша комментарий береді. Өз тарапынан проблема шешудің басқа да жолдарын ұсынады, сол тұрғыдан студенттерді өз тұжырымдарына толықтыру мен өзгертулерді енгізуді сұрайды.

Толықтыру. Студенттер топ ішінде (2-3 минут) өз ұсыныстарын тағы да бір рет сараптап, жасаған өзгертулері жайында аудиторияны хабардар етеді.

Бағалау. Студенттердің алған білімдерін анықтау мақсатында оқытушы оларға жекелей жазу жұмысын орындауды тапсырады (6-10 минут) . Жазу жұмысының Эссе, Еркін жазу, Дөңгелек үстел, т. б. тәсілдері арқылы жүзеге асырылуы орынды.

Жариялау. Егерде уақыт жеткілікті болса, студенттер топ ішінде өздерінің жазғандарын әріптестеріне оқып береді. Әр топтан бір жұмыс (студенттің өз қалауы немес басқа студенттердің тілектері бойынша) бүкіл аудиторияға оқылады. Оқытушы барлық студенттерден жазба жұмыстарын жинап алуына болады немесе тек өзіне тексеру үшін керекті жұмыстарды жинап алып (мәселен он шақты жұмыс), қалған жұмыстарды кабырғаға іліп қойып, үзілісте студенттердің олармен танысуды және бағалауды (мәселен, ұнаған жұмысқа жағымды комментарий жазылған постер іліп қоюға болады) сұрайды.

Оқытушы тексеру үшін жиналып алынбаған жұмыстар студенттердің портфолиосында болуы керектігі туралы ескертеді.

Үй жұмысы. Сабақта меңгерген жаңа білімдерін тереңдету мақсатында оқытушы студенттерге тапсырмалар беріп, олардың орындалуын жазбаша түрде (мәселен, 3-4 беттік эссе немесе кесте, схема, график, жоспар, т. б. түрінде) келесі сабақта өткізуді тапсырады.

Қорыту. Оқытушы сабақта қарастырылып, өз шешімін тапқан проблемаларға қысқаша тоқталып, бір-екі студенттен сабақтың қалайша өткендігі («ұнады-ұнамады, пайдасы бар - пайдасы шамалы» тұрғысында) туралы пікірін сұрайды.

2. 2. Семинар сабақтарының жоспары

1-модуль. Семинар сабағының тақырыбы: Кіріспе: Философия, Ислам философиясы,

Мұсылман философтар

Сабақ жоспары:

І-Кіріспе: Философия

-Философия сөзінің тілдік және терминдік мағыналары

-Философия және Шындық

-Философия ғылымының пайда болуы

-Пәннің мақсаты мен міндеттері

-Пән әдебиеттері

ІІ- Ислам философиясы

-Ислам философиясының пайда болуы және дамуы

-Исламда философиялық ой-пікірлердің пайда болуы

-Сүннет және Шиизм философиясы

-Ғазалиге дейінгі және кейінгі философиялық әрекеттер

ІІІ-Мұсылман философтар

Кинди, Фараби, Ибн Сина, Ғазали, Ибн Рушд

2. Сабақ мақсаты: Діни философия туралы студенттерге мағлұмат беру. Ол туралы күнделікті өмірдегі қолданыстағы философиялық ұғымдардың мағынасы мен мәнін түсіндіру.

3. Қысқаша теориялық мәліметтер

Философия сөзінің тілдік және терминдік мағыналары

Философия сөзі араб тіліндегі «фәлсәфә» көпше түрі «фәлсафият» сөзінен келеді. Кинди, Хауаризми және Шахристани сияқты философтар және ойшылдардың көзқарастары бойынша «фәлсәфа» сөзі грек тілінен еніп философия сөзі арапшаға ыңғайлы етіп айтылды-дейді. Бұл грек сөзінің «фило» (сүйемін) және «софия» (данышпандықты) деген екі тіркестің қосындысы екендігі айтылады.

Алғаш рет философия терминін Пифагор өз еңбектерінде қолданған. Ал айрықша білім саласы ретінде философияны Платон енгізді.

Әбу Сүлеймен ас-Сижистаниге қарайтын болсақ мұсылман философтардың философия сөзінің алты мағынасын білгендігі айтылады. Аристотелдің, Платонның, Пифагордың т. б. көрсеткен алты анықтаманы ислам философтары тек қана қайталап қоймай өздері де анықтаманы одан әрі дамытқан.

Алты анықтама:

  1. Этимологиялық анықтама: Фәлсәфа, хикмет сүйіспеншілігі болып табылады. (Пифагордың сөзі)
  2. Жақын тақырыбына қарай анықтама: Фәлсәфа болмысты сол қалпында тану (Пифагор сөзі)
  3. Ұзақ тақырыбына қарай анықтама: Фәлсәфа, илаћи және адамдық істердің жиынтығы. (Пифагор)
  4. Жақын мақсаты мен іс-әрекетіне қарай анықтама: Фәлсәфа, өлімге дайындық. (Платон сөзі. Бұл сөзді Федон еңбегінде «өлім тәжірибесі» деп қолданған. )
  5. Ұзақ мақсаты мен іс-әрекетіне қарай анықтама: «Фәлсәфа, адамның мүмкін болғанша өзін илаћқа ұқсатуы». (Платон сөзі. өз еңбегінде «Бұл әділетсіз дүниеден қашу» деп қолданған. )
  6. Ұлылыққа қарай анықтама: Фәлсәфа өнерлердің өнері және ғылым. (Аристотель сөзі. Бұл сөзді метафизика деген еңбегінде қолданылады. )

Осы философия анықтамаларына кішкене өзгешеліктер енгізген мұсылман философтары өздерінің жеке көз-қарастарын білдірген.

Кейбір мұсылман философтары алты анықтаманы қайталайды.

Мысалыға Кинди, Хауаризми және ибн Араби сияқты философтар «фәлсәфа хикмет сүйіспеншілігі» деген сөзді қайталайды.

Кинди, ибн Мискеуейх және ибн Хинди «Фәлсәфа өлімге дайындық» деген сөзді (анықтаманы) қайталайды. Өлім деген кезде екі өлімді түсінеді. Бірі рухтың денені тастап кетуі. Екіншісі шәхәуатты өлтіру. Мінеки олардың айтып жатқан өлім осы өлім.

Фараби, ихуани сафа, ибн Хинди «фәлсәфа адамның күші жеткенше ұлық Аллаћтың іс-әрекеттеріне ұқсауға тырысуы» деп қайталайды.

Кинди «Ұлылығы тұрғысынан фәлсәфа өнерлердің өнері және хикметтердің хикметі» деп қайталайды.

Ислам философтарының анықтамаларына келетін болсақ Кинди «фәлсәфа, адамның ойлау қабілетіндегі мәңгі барлық заттардың ақиқаттылығы, түр-түсінің себептерінің жиынтығы» дейді.

Фараби, «Фәлсәфа (хикмет) бизатихи Уажибул Ужуд болған ақиқат болмыстың болмыс ретінде білінуі».

Ибн Рушд «Фәлсәфа, болмысты өнердің нәтижесі ретінде қарап Жаратушыны тану».

Ибн Хинди «Фәлсәфа, рухтың ғылым және амал мен тәрбие етілуі»-дейді.

Философия және Шындық

Философия- адамзат дамуының қайнарынан бастау алатын ғылым. Ол біздің заманымызға дейінгі мыңжылдықтың басында дүниеге келген. Сол кезден бастап ол үнемі даму үстінде. Философия дінге жақын, өйткені ол да философиялық нақты фактылармен қатар дін сияқты догмаға сүйенеді. Бірақ ол дін емес. Философия бүкіл әлемді, оның басты салалары - табиғат, қоғам, адам санасын тұтас құбылыс ретінде алып, оның жалпы заңдылықтарын ашады. Объективтік шындық жөніндегі белгілі қағидалар жүйесін қалыптастырады.

Адамзат дамуымен қатар философия да өз алдына дүниеге көзқарас ілімі ретінде қалыптаса түсті. Сонымен қатар ол басқа ғылымдарға методологиялық жол сілтейтін әдістемелік рөл де атқаруда. Философия адамзаттың рухани табысы. Ол ғасырдан ғасырға бір халықтан бір халық үйреніп, біліп, ұғу арқылы ойдан өрнек құрап, рухани дами береді.

Философияда екі түрлі әдіс қолданылады. Бірі диалектикалық әдіс. Ол дүние ұдайы қозғалыста, дамуда деп түсінеді. Екіншісі метафизикалық әдіс. Бұл біріншіге қарсы дүниені өзгермейтін қозғалмайтын дамымайтын құбылыс деп түсінетін ұғым.

Диалетикалық әдісті Гераклит, Аристотель қолдады оны одан ары Гегель дамытты.

Метафизиктерге К. Маркске дейінгі материалисттердің басым көбі жатты.

Философия ғылымы басқа нақты ғылымдар арасында тығыз байланыс бар. Олар бірінсіз бірі өмір сүре алмайды. өйткені философия жалпы теориялық ілім. Сонымен философия дегеніміз материя мен сана, таным мен болмыс, адам мен қоғам жайлы адамзат ой-санасының дамуы барысында жинақталған, жүйеленген ғылыми ой пікірдің теориялық жиынтығы.

Философия ғылымының пайда болуы

Философия құл иеленушілік қоғамда дүниеге келді. Ол кезеңде философия адамның объективтік дүние және өзі туралы түсініктерінің жиынтығын құрайтын ілім. Бұл жағдай, антика заманындағы білім деңгейінің төмен екендігін көрсетеді. Философияның сана формасында пайда болуы белгілі бір туындайды. Біріншіден дүниені білу үшін ең алдымен ол туралы жалпы көзқарас болуы қажет. Екіншіден дүниені тереңдей тану үшін ол туралы дұрыс, рационалды ойлау әдісі, логика және дүниетаным теориясы қалыптасуы керек. Осы қажеттіліктердің нәтижесінде философияның ойлаудың болмысқа қатынасы туралы мәселесі алдыңғы қатарға шықты, ал оның шешімі таным логикасының негізінде жатты. Философия көптеген салалардан тұрады: онгология, гносеология, логика, этика, эстетика, психология, социология, философия тарихы. Бір кезде философия «ғылымдардың ғылымы» деп атанды. Бірте-бірте практиканың дамуына, ғылыми білімнің көбеюіне, тереңдеуіне байланысты философияның «ғылымдардың ғылымы» деген функциясы әлсірей бастады. Қазіргі өзінің қоғамдағы орнын, ролін проблемаларын шеңберін нақты анықтап бұл функциядан мүлдем арылды.

Пәннің мақсаты мен міндеттері

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепте тарихты оқыту әдістемесінің орны мен рөлі
Педагогикалық зерттеудің библиографиясы
Педагогикалық пәндер жүйесіндегі тарихты оқыту әдістемесі
Педагогика - тәрбие туралы ғылым
Қазіргі Қазақстандағы жастардың діншілдік мәселесі
БАСТАУЫШТЫ ОҚЫТУДА ЖАҢАШЫЛ ӘДІСТЕРДІ ПАЙДАЛАНА ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Жеке тұлғаның ерекшеліктерін зерделейтін бағыт
Педагогикалық зерттеулердің сипаттамалары
Физика сабағында ақпараттық технологияны қолданудың тиімділігі
Қазақстан тарихының орта мектепте пән ретінде оқытылуы: теориялық және методикалық негіздер (1958ж. - қазіргі кезеңге дейін)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz