Діни экстремизм мен террроризм ұғымы және саяи, құқықтық, қылмыстық сипаттамасы



Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Нурбекова Р. К., Өрлеу БАҰО АҚ
ШҚО бойынша филиалы
Білім сапасыжәне басқару
кафедрасының доценті м.а.,
Өскемен қаласы

Діни экстремизм мен террроризм ұғымы және саяи, құқықтық, қылмыстық
сипаттамасы

Қазақстанның дүние жүзі қауымдастығында, халықаралық құқықтық қарым-
қатынаста толық құқықты субьект ретінде танылуы, дүниежүзілік
қауымдастықтың сақталуы мен одан әрі дамуы барлық мемлекеттердің бейбіт
өмір сүруін қамтамасыз етумен қатар, ұлт пен халықтың, адамзат
қауіпсіздігін, жоғары әлеуметтік құндылықтарды қорғауда алдын - ала жаңа
тәсілдерді ойластыруда. 
Көп конфессиялы Қазақстан үшін экстремизмнің мемлекеттің ішкі және
сыртқы саясатына тигізер әсері бар, ..яғни әртүрлі конфессия өкілдерін
меемлекеттің ішкі қоғамдық-саяси, діни, ұлттық-этникалық өмірінде қарама-
қайшылық, экстремизм идеологиясы, қақтығыстардың туындауына құрал ретінде
қолдану - Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігіне нақты қауіп-қатер. 
Экстремизм деген терминнің өзі ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап
қолданысқа енді. Экстремизм - жеке адамдардың, топтардың, ұйымдардың және
сол сияқты қоғамдық қызметте ұшқыр пікірге, пәтуасыз позиция мен шытырманды
шараларға бейімділігі. Экстремизм қоғамдағы тәртіп пен нормаларды жоққа
шығаратын құбылыс ретінде анықталады. Осындай кері әрекеттерді жақтап,
теріс көзқарастарды қолданғандар экстремистер болып табылады. Экстремизм
бірте – бірте күш жинап террорға, ұйымдасқан бандитизге, қарақшылық қылмыс
жасауға барады. 
Діни экстремизм әрқашан экстремистік іс-әрекеттің басқа түрлерімен
тығыз арақатынаста болады - саяси, ұлтшылдық - әр түрлі саяси күштердің
нақты мақсаттарына жету барысында идеологиялық және ұйымдастырушылық көмек
ретінде. Экстремистік іс-әрекеттің формалары бойынша шектеу - саяси,
ұлтшылдық, діни-шартты болып келеді, өйткені олар іс жүзінде нақты түрінде
сирек кездеседі. Діни экстремизм ұғымы діннің негізгі қағидаларынан,
қазіргі қолданыстағы ұлттық заңнамалардың және халықаралық құқықтың
қағидаттарынан тыс шектеу дегенді білдіреді. Орталық Азия, соның ішінде
Қырғызстан мен Өзбекстанда соңғы жылдары экстремизм қауіп-қатері ушығып
тұр.
2005 жылғы 26 ақпанда қабылданған экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы
ҚР заңының І – бабының І - тармағы бойынша экстремистік іс-әрекеттер
ұйымдастыру - экстремистік іс - әрекеттерге басшылық ету, экстремизмді
қаржыландыру, экстремистік мақсатта адамдарды тарту, құралдар мен қару
жасау және алу, сондай-ақ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың, жеке және
(немесе) заңды тұлғалар бірлестіктерінің экстремизмді жүзеге асыру үшін
жағдай жасауға бағытталған басқа да іс-әрекеттері қарастырылған. Ал осы
заңның І – бабының 5 - тармағында экстремизм – жеке және (немесе) заңды
тұлғаның бірлестігінің белгіленген тәртіппен экстремистік деп танылған
ұйымдардың атынан іс - әрекеттер ұйымдастыру және (немесе) оны жасау деп
танылған. ҚР ҚҚ Басқару тәртібіне қарсы қылмыстар деген 14 - тарауының
337-1 бабы бойынша қоғамдық немесе діни бірлестіктің не өзге де ұйымның
экстремизмді жүзеге асыруына байланысты олардың қызметіне тыйым салу немесе
тарату туралы сот шешімінен кейін олардың қызметін ұйымдастыру сотталған
адамға 1 жылға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзгенің табысының
мөлшерінде айыппұл салынады, не бір жылдан бес жылға дейінгі мерзімге
белгілі бір лауазымды атқаруға немесе белгілі бір қызметпен айналысу
құқығынан айыру, не 6 айға дейінгі мерзімге қамауға алу, не үш жылға
дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру қарастырылған. Экстремизмге қарсы
іс - қимыл туралы заңның 6 - бабында мемлекеттік органдардың экстремизмнің
алдын - алу саласындағы құзіреті қарастырылған. 
Қазақстанның оңтүстік аймақтарында Оңтүстік Қазақстан облысы және
Жамбыл облысында Таблиғи Джамаат астыртын құпия 5 адамнан тұратын ұя
құрған радикалды қозғалыстың үгіт-насихат жүргізуі тіркелген, сонымен қатар
ОҚО-да Хизб-ут-Тахрир, Аль-Ислами ұйымының жұмыс жүргізу белсенділігі
байқалып отыр. Мұндағы жедел іздестіру шараларының нәтижесінде радикалды
бағытта оқытатын, шетел мемлекетінен қаржыландырылатын діни ұйымның басшысы
ұсталып, әкімшілік заң бойынша мемлекеттен аластатылған. 
Экстремизм - бұл соңғы көзқарас бойынша шара қолдануға бейімділік.
Қоғамды нормаларға түбегейлі қайшы, шектен шығатын, саясатты, дінді
бұрмалауға негізделген, саяси, экономикалық, әлеуметтік тұрғыдан саясаттың
тұрақсыздығынан, экономикалқ салдардан туындайтын идеологиялық құбылыс.
Экстремизмнің қандай түрі болмасын, насихат жүргізу арқылы мақсат-мүддесін
жетуге, өте астарды саясат жүргізуге бағытталған. Экстремизм – бұл қоғамға
қауіпті, қылмыстық құқыққа қайшы, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси экстремизм мен терроризмнің пайда болуының тарихи алғышарттары
Экстремиз және терроризм
Саяси экстремизм және терроризм идеологиясы
Қазақстан Республикасының қауіпсіздік жүйесіндегі терроризммен күрес саясатын қалыптастыру
Еуропадағы терроризмнің таралуының себептері
Халықаралық терроризммен күрестің құқықтық негіздері
Терроризм және халықаралық террористік экстремистік үйымдар
Терроризмге қарсы күрестің халықаралық тәжірибесі
Терроризмге қарсы күрестегі халықаралық ыңтымақтастық
Терроризмнің ұғымы және белгілері туралы
Пәндер