Діннің негізгі формалары мен географиясы


Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

3 тақырып. Діннің негізгі формалары мен географиясы.

Ислам.

Ислам әлемдік 3 діннің соңғысы болып есептеледі. Милади жыл санауы бойынша 610 жылы Аллаһтың елшісі және пайғамбарымыз Мұхаммедке (с. а. с. ) Аллаһ тағала қасиетті Құран кітабын түсірген Араб жарты аралында (Джазирату-л-араб), Хиджаз аймағындағы жақын шығыс жерінің бозғылт тартқан құмды жерінен бастау алған. Қазіргі кезде жер шарындағы барлық тұрғындардың 1 млрд. 300 млн. астамы Ислам дінін ұстанады. Қасиетті кітабы-Құран. Бүгінгі күні Европа, Азия, Африка, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка, Австралия құрлықтарында кеңінен тараған ақиқат діні-Ислам.

Римдік католиктік шіркеуі.

Католицизм (грек сөзі katholikos-жалпыға бірдей, әлемдік) көбінесе, Батыс және Шығыс Европада таралған (Италия, Португалия, Польша, Франция, Чехия) . Оңтүстік және Солтүстік Америка елдерінің көпшілігі ұстанады.

1 млрд. астам дінге сенушілер католицизмді ұстанады. Католицизмнің Ватикан-біртұтас халықаралық орталығы бар. Ватиканның Конституциясына сәйкес жоғары заң шығарушы, атқарушы және сот билігі Рим Папасына берілген. Католицизмде монахтық немесе «рыцарлық» деп аталатын орденінің әсері зор (900 мыңға жуық монахтар мен монах әйелдер бар) .

Иудаизм.

Иудаизмнің алғашқы сабақтары б. з. д. II мың жыл бұрын Палестина территориясында тұратын еврейлер арасында пайда болды. Б. з. д. I мың жыл бұрын политейстік нысан ретінде пайда болып иудаизм кейіннен монотейстік ұлттық дінге айналды. Иудаизм дін ретінде-еврей мәдениетінің күрделі бөлігі. Ол осы қағидаларға негізделген: Яхве бір құдайды қабылдау, еврейлер- құдайдың таңдауы түскен халық, барлық тірілерді және өлілерді сынайтын, ал Яхве сенетіндерді қасиетті жерге әкелетін Мәсихке сену; Көне Өсиетке-«Бес кітаптік, Киелі кітаптарға» (Танаха) және Талмудқа сену. Діни ғибадатханасы-Синагога.

Буддизм.

Буддизм-әлемдік үш діннің ішіндегі ең ежелгісі. Ол б. з. б. VI-V ғ. үнді мәдениетінің көпғасырлық діни-философиялық дәстүрінің негізінде құрылды. Буддизмнің негізін қалаушы Солтүстік Үндістанда Гималай тауының етегінде дүниеге келген Сиддхартха Гаутама болды. Негізінен буддизм Непалда, Шри-Ланкада, Мьянмеде, Таиландта, Лаоста, Вьетнамда, Тайванда, Моңғолияда, Оңтүстік Кореяда, Сингапурде, Брунееде, Малайзияда, Индонезияда таралған. 1990 ж. басында буддистердің 99, 5 % Азияда, қалғандары Америка мен Европада өмір сүрді. Әлемде 700 млн. жуық буддистер бар. Қасиетті кітабы-Трипитака.

Протестантизм.

Протестанттық (латын сөзі protestants-қарсы келуші, келіспейтін) -XVI ғасырда қалыптасқан, Солтүстік және Батыс Европада, АҚШ, Канадада таралған христиан дініндегі 3-ші ағым. Қазіргі күнде әлемде 332 млн. протестанттар бар, олар лютерандар, адвентистер, пресвитериандар, методистер, англикандар және басқалары құрайды. Протестанттық негізінен католицизмнің маңызды ұстанымдары мен ұғымдарын терістеу барысында қалыптасты.

Орыс православие шіркеуі.

Христиан діні-өзінің 2 мыңжылдық тарихында үш негізгі: православие, католик және протестанцизм тармақтарына бөлінген әлемдік үш діннің бірі. Бүгінгі православие-9 патриархтың (Александрлык, Антиохскилік, Болгарлық, Грузиндік, Иерусалимдік, Константинопольдік, Мәскеулік, Румыниялық, Сербтік), 3 автокефальді архиепископтың (Албандық, Кипрлік, Элладтық) және 3 митрополийдің (Американдық, Поляктік, Чехославакиялық) 150 млн. астам дінге сенушілерін біріктіретін негізгі конфессиялардың бірі. Орыс православие шіркеуі-ірі Автокефальді православтік шіркеу. Рустегі христиандықтың басталуының ресми датасы 988 жыл. ОПШ құдайға славян тілінде құлшылық етеді, уағыздарын орыс тілінде және басқа да халықтардың тілінде оқиды. ОПШ басшысы Мәскеулік Патриарх және Русь Всеясы болып табылады, резиденциясы Мәскеуде.

Атеизм (қазіргі ғылымда- позитивизм; автор Б. Тажибаев) - діни нанымдарға күдік пайда болып, құдайсыздардың көбейе түсуі, дін дүниетанымның бір нысанына айналғанда, оған қарсы дүниетаным-атеизм қалыптасты. (Ксенофон, Эпикур: «құдайға сену-қорқыныштан және адамдардың шарасыздығынан»; К. Маркс: «дін дегеніміз халықтың басын айналдыратын апиын»; В. Ленин осы теорияны жалғастырушы, дінмен бірге философияның идеалистік бағытына қарсы шығып, ЖОО «ғылыми атеизм» пәні оқытылып, кеңестер дүниежүзіндегі тұңғыш және соңғы атеистік мемлекетке айналды; ) .

Өмірде әркімнің өз көзқарасы болуымен қатар, өзгелердің сенімдерін де құрметтей білуді үйрену керек, сондықтан көптеген елдерде адамшылық- демократиялық құндылықтардың бірі ретінде ар-ождан бостандығы, діни ымырашылдық, толеранттық жарияланған.

Дін және саясат. Барлық дін жүйелерінің саясатпен тығыз байланысы бар. Афина тираны Критий (б. з. д 403 ж. өлген) дін адамдарды жақсы басқару үшін билік иелерінің ойлап тапқан дүниесі деп санаған. А. Македонский өзін Египет құдайы Амонның баласымын деп жариялаған. Атеизмнің позициясы біртіндеп нығайып, қоғамның секуляризациялануына (зайырлы) қолайлы жағдайлар қалыптаса бастады. Қоғамдық қатынастарды қайта құру көбіне дінге қарсы ұрандармен жүргізілді. Дін мен саясат адамзаттың барлық ғұмырында тығыз байланыста болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәдениет және өркениет: өзара байланысы мен ерекшелігі
Зайырлы Қазақстандағы рухани мәселелер
Көпэтносты қоғамдағы дін мәселелерінің баспасөздегі көрінісі
“ДІН СОЦИОЛОГИЯСЫ” пәні бойынша ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Дін социологиясы пәнінен лекциялар жинағы
Шоқан ғылымға не қосты
Индонезия Республикасы
Халықаралық туризм: анықтамасы, негізгі түсініктері және атау сөздері
Қазақстан тарихы жөніндегі мәліметтер
Ш. Уәлихановтың атқарған қызметтері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz