Допты аяқ алқымының ішкі және сыртқы бөлігімен шапшандық пен бағытты өзгертіп алып жүру
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Допты аяқ алқымының ішкі және сыртқы бөлігімен шапшандық пен бағытты
өзгертіп алып жүру
2. Домалап келе жатқан допты аяқ алқымының сыртқы жанымен соғу
3. Тебу техникасын жетілдіру ойын жаттығуларында жүргізіледі.
4. Ұшып келе жатқан допты мандайдың ортасымен соғу
5. Орнында тұрып қапталдағы (бүйірдегі) сызықтан допты лақтырып ойынға
қосу
6. Түсіп келе жатқан допты табанның ішкі бетімен тоқтату
7. Жаттығулар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
XI сыныптың бағдарламалық материалдары ойынның жеткілікті күрделі
тәсілдеріне үйретуді қарастырады және бұрын үйренген техникалық тәсілдер
жетілдіріледі.
Жаттығып машықтану үшін әдеттегі немесе кіші көлемдегі футбол алаңы
болса жеткілікті. Футболмен айналысу үшін хоккей немесе қол добы алаңы
толық жарайды, бұл алаңдардың асфальтті жамылғысы болмағаны жөн. Ойын
техникасын үйренуді тіпті спорт залдың өзінде өткізу тиімді болмақ. Жаттығу
өтетін алаң өлшемі 2x5 м немесе 2x3 м, 1x1,5 м кіші көлемдегі қақпалармен
жабдықталуы керек (хоккей қақпасын да пайдалануға болады).
Допты аяқ алқымының ішкі және сыртқы бөлігімен шапшандық пен бағытты
өзгертіп алып жүру.
Допты аяқалқымының ішкі жағымен алып жүргенде алып жүретін аяқтын ұшы
допқа тиер алдында сыртқа қарай шамалы ғана бұрылады. Табан бос ұсталады.
Допқа кері айналыс беру және оны жақсы бақылау үшін доптың төменгі жағынан
тебу, итеру жасалады. Дене шамалы ғана алға еңкейтіліп, назар допқа тиер
сәтте оған бағытталады, ал аландағы жағдайға да көз қыры салынады. Допқа
аяқ жанасар алдында жағдайды бағдарлап алу үшін бас көтеріледі. Допты
қарсыластан қашықтау аяқпен, оны аяққа жақын ұстап, алып жүрген қолайлы.
Допты алқымның сыртқы бөлігімен алып жүру барысында жоғарыда айтылған
жағдайлар сақталады. Табанның сирақ буынының анатомиялық құрылымына
байланысты аяқтарды сыртқа қарағанда ішкерірек бұруға болады. Сондықтан да
допты осы тәсілмен алып жүру сенімді және еркін болады.
Домалап келе жатқан допты аяқ алқымының сыртқы жанымен соғу.
Алқымның сыртқы бөлігі деп алқымның ортасы мен табанның шеткі сыртқы
сызығының аралығын атайды.
Мұнымен соғу өте жиі қолданылады. Доп жеңіл ширатылады, мұның өзі қарсылас
үшін барлық уақытта қауіпті болады.
Осындай соғуды орыңцау үшін екпінді тура немесе шамалы ғана бұрыш жасап алу
керек. Егер допты тура жіберу керек болса, онда оған біршама қапталдан келу
қажет болады. Оң аяқпен соғарда доптың сол жағынан екпін алынады. Тірейтін
аяқты доптың артынан және бір бүйірінен 15-20 см қашық қояды, ал тебетін
аяқтың ұшы ішке қаратылады. Тізе шамалы ғана бүгіледі. Кеуде шамалы ғана
алға, тебетін аяққа қарама-қарсы жаққа қарай еңкейтіледі. Тебетін аяққа
қарама-қарсы қол жанға немесе алға созылады, екінші қол тепе-тендікті
сақтауға көмектеседі.
Тебу техникасын жетілдіру ойын жаттығуларында жүргізіледі.
1. "Қарсы эстафета". Жаттығушылар екі топқа бөлініп, бір-бірінен 25-30 м
қашықтыққа лекке тұрады. Доппенен тұрған оқушы оны 3-5 м алға лақтырып және
қуып жетіп оны қарсы ойыншыға бағыттайды. Допты қабылдап алғасын ол да
осылай жасайды. Тепкеннен кейін оқушылар қарсы жаққа қарай жүгіріп, лектің
соңына барып тұрады.
2."Бос қақпа". Бір-біріне қарама-қарсы 25-30 м қашықтықта екі оқушы
орналасады. Олардың аралығында аяқтарын алшақ қойып, үшінші оқушы
орналасады. Міндет — "бос қақпаға" допты енгізу. Допты енгізгені үшін ұпай
есептеледі.
3. "Айналдырып өт те, қақпаға теп". Бағандарды айналып өткеннен кейін
қақпаға соғу орындалады. Бір бала (не мұғалім) қақпаның сыртында тұрып,
допты бағыттауға болатын бұрышты жалаушамен көрсетеді. Тапсырманы
орындағаны үшін ұпай есептеледі.
Ұшып келе жатқан допты мандайдың ортасымен соғу.
Бұл соққы кезінде оқушы доппен кездесемін-ау деген орынды алдын-ала
есептеп, даярлық қалпы немесе жақындау деп аталатын тұрысты қабылдайды.
Тізе және сирақ буынынан бүгілген аяқ кең қойылады, кеуде шамалы ғана алға
еңкейтіледі, қол шынтақтан сәл-пәл бүгіледі.
Соғу алдындағы сәтте дене кейін шалқайтылып, арқа еттері ши-ратылады.
Осыдан кейін кеудені алға қарай қатты ұмтылдырып, бастың маңдайымен допты
соғу керек. Денені жазу артта тұрған тірейтін аяқты жазу есебінен жүреді.
Орнында тұрып қапталдағы (бүйірдегі) сызықтан допты лақтырып ойынға қосу.
Жазылған саусақтар допты бүйірінен қысатыңдай етіп, оны алақаңдарда ұстайды
(оқушыға қаратылған бүйіріне біршама жақындау), бас бармақтар бір-біріне
тиеді десе де болады.
Б.қ. —аяқты алшақ қойып немесе адымдау қалпында тұру. Аяқ табандары
бүйірдегі сызықтың сыртында немесе сызықтың бойында болады, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz