СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАР АРЌЫЛЫ БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОЌУШЫЛАРЫНДА ВАЛЕОЛОГИЯЛЫЌ МЄДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІН ЌАЛЫПТАСТЫРУ



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Көлемі: 64 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 1500 теңге
Таңдаулыға:   
Тегін:  Антиплагиат

Қандай қате таптыңыз?

Рақмет!






Ф-ОБ-001034
ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖЄНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ќ.А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ЌАЗАЌ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ
ПЕДАГОГИКА КАФЕДРАСЫ

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

ТАЌЫРЫБЫ: СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАР АРЌЫЛЫ БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОЌУШЫЛАРЫНДА
ВАЛЕОЛОГИЯЛЫЌ МЄДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІН ЌАЛЫПТАСТЫРУ

Орындаған: 4525 тобының студенті
Тоќсанбаева М.
Ғылыми жетекшісі: п.ғ.к., доцент
Торыбаева Ж.З.

Шымкент, 2010

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

І тарау. Бастауыш мектептің оќу-тєрбие жұмысында балалардың денсаулығын
саќтау жєне нығайтудың жолдары

1.1 Өскелең жас ұрпаќтың денсаулығын саќтау єлеуметтік педагогикалыќ
проблема ретінде

1.2 Бастауыш мектептің білім беру мен тєрбие жүйесінде балалардың
денсаулығын саќтау мен валеологиялыќ мєдениет негіздерін ќалыптастырудың
алғы шарттары

2-тарау. Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру арќылы бастауыш мектеп
оқушыларында валеологиялыќ мєдениетін қалыптастырудың єдістемелік негіздері

2.1.Оқушыларды салауаттылыќќа ынталандыру және валеологиялыќ мєдениетін
қалыптастыру жолдары

2.2.Валеология мєдениетін ќалыптастыру бойынша сыныптан тыс жұмыстар
жүйесінің мазмұны, әдіс-тәсілдері мен формалары

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі. Денсаулыќ – тіршілік пен баќыттың басты
кепілі. Жеке тұлғаның биологиялыќ жєне єлеуметтік єлеуетінің мүмкіндіктерін
ќаншалыќты толыќ жүзеге асыру оның денсаулығына байланысты. Жеке бастың
денсаулығы єркімнің жауапкершілігінің, салауаттылығы мен саналығының
көрсеткіші болса, жалпы халыќ денсаулығы – єр мемлекеттің єлеуметтік-
экономикалыќ, мєдени даму сатысы мен жетістіктерінің сипаттамасы.
Сондыќтан да “Ќазаќстан-2030” мемлекеттік даму бағдарламасының ұзаќ
мерзімді стратегиясының негізгі бағыттарының бірі “Азаматтардың
денсаулығын, білімін жєне єлеуметтік жағдайын жаќсарту” деп аталып, онда
салауатты өмір салтына ынталандыру, ана мен баланы ќорғау, нашаќорлыќ мен
есірткі саудасымен күресу, темекі мен ішімдік тұтынудың алдын алу, тағамның
сапасын жаќсарту, ќоршаған ортаның тазалығын саќтау мєселелерін ќолға алуды
тапсырады.
ЌР Үкіметінің 1999 жылы 30 маусымдағы № 905 ќаулысымен бекітілген
“Салауатты өмір салтының комплексті бағдарламасы” жұмыстарды төмендегі
бағыттарды жүргізуді ќарастырады:
- Оќушылардың салауатты өмір салтын ќалыптастырудағы білім беру
саланың рөлін күшейту;
- Білім беру жүйесінің базистік оќу жоспарына валеология пєнін ендіру;
- Темекі, есірткі заттардан саќтандыруға арналған көп сатылы білім
беру бағдарламасын ендіру;
- Адамның ќорғаныш тапшылығы ќоздырғышы жұќтырушы ќорғаныш тапшылығы
белгісі (ВИЧСПИД) індетінің алдын алу шаралары бағдарламасын ендіру
[1].
Соңғы жылдары жалпы білім беретін мектептерде оќушылардың денсаулығының
ќурт нашарлау тенденциясы, єсіресе йод жетіспеушілік, темір жетіспеушілік
жєне жыныстыќ жолмен таралатын аурулар байќалуда.
Ќазіргі кезде балалар денсаулығының жағдайына жасалған талдаулар,
мектепке дейінгі жєне бастауыш сынып оќушыларының арасында дені сауларының
үлесі елеулі түрде азайып отырғандығын көрсетеді.
Бірінші сыныптағы балалардың 20-25 % ғана денсаулыќтары жаќсы деп
санауға болады. Єрбір бесінші оќушының созылмалы сырќаты бар, мектеп
оќушыларының тең жартысында функционалдыќ ауытќушылыќ байќалады, бірінші
орында асќазан- ішек аурулары тұрса, екінші орындарда- тыныс органдары,
үшінші орында – жүйке жєне жүрек ќантамырлар аурулары, одан єрі ќарай
балалардың без аурулары, аллергиялыќ жєне т.б. патологиялыќ аурулардың 15%
дан астамында салмаќ тапшылығы бар, єрбір 20-шы баланың бой өсуі төмендегі
дєрежеде, ал олардың 35 %–нің салмағы артыќ, 30 – дан астам баланың тісі
шіріген, єрбір 1000 баланың 30-дан 70 % ға дейінгісінің көзі нашар көреді.
Осыған байланысты жүргізілген валеологиялыќ зерттеулер оќушылар
денсаулығының нашарлауының екі негізгі себебін аныќтады. Онын бірі,
оќушының ќызығушылығының ескерілмей ќұрылған оќу процесі. Бұл ќайшылыќ
салдарынан оќушыларда психологиялыќ шаршап-шалдығу пайда болады, ол
соматикалыќ ауруларды тудырады. Оќушының сабаќќа деген ќызығушылығы
төмендеп, белсенділігі жойылады, дамуы баяулап, жағымсыз єдеттер пайда бола
бастайды [3].
Екінші себеп мектептегі білім жүйесінің кемшілігі ретінде оќушылар
денсаулығын күтуді білмейді. Бүгінгі күні мектеп валеологиялыќ білім беру
мен оќушыларда салауатты өмір салтын ќалыптастыру міндеттерін толыќ
деңғейде жүзеге асыра алмай отыр.
Сондыќтан да ќазіргі мектеп еркін тұлғаны ќалыптастыру технологияларын,
оќуға ќызығушылығын арттыру методологиясын ќажет етеді. Білім берудің
маңызды міндеттерін жүзеге асыруда оќушы ќызығушылығы мен сұранысы
ескерілуі.
Оќушының психологиялыќ дамуын ескере отырып, білім берудің мазмұны мен
ќұрылымы ќайта ќаралуы ќажет. Оќушының іс-єрекеті оның санасына, ќоршаған
ортамен ќатынасына, оның ішкі жєне сыртќы өміріне, оның жалпы дамуын
аныќтайды. Осы айтылған теориялыќ негіздерге сүйене отырып, өзін-өзі үнемі
дамытып отыратын тұлғаны ќалыптастыратын білім беру мекемесінің моделін
ќұруға мүмкіндік бар деп ќорытынды жасауға негіз болды.
Жас ұрпаќтың денсаулығын саќтау мєселесі ќай заманда болмасын
ойшылардың, ағартушылардың, ғалым-педагогтардың назарынан тыс ќалмағандығы
белгілі.
Классикалыќ педагогтардың өкілдері Я.А.Коменский, Н.К.Крупская,
А.С.Макаренконың еңбектерінің негізгі өзегі дені сау азаматты тєрбиелеу
болып табылады. Ќазаќ ағартушылары Ш.Уєлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Ќунанбаев,
М. Жұмабаев, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов т.б. өздерінің саяси-ќоғамдыќ,
ғылыми жєне єдеби еңбектерінде балалар мен жастардың салауаттылығы туралы
пікірлер айтып, ғылыми ќұндылығы жоғары мұралар ќалдырған [4].
Бүгінгі таңда Ќазаќстанда оќушылардың денсаулығын саќтау мен нығыйту,
салауатты өмір салтын негіздерін ќалыптастыру мєселелері А.В.Ахаев,
Б.А.Тойлыбаев, А.Ќаплиева, Ж.Ембергенова, Д.Аќбердиева [6-8] жєне т.б.
зерттеу еңбектерінде ќарастырылып, тың нєтижелер алынғандығы белгілі.
Дегенмен, жоғарыда айтылған еңбектерде мектеп оќушыларында салауатты
өмір салтын ќалыптастыруына ќатысты зерттеулердің болғандығына жєне бұл
мєселенің маныздылығына ќарамастан, бастауыш мектептен бастап оќушыларда
валеологиялыќ мєдениет негіздерін ќалыптастыруды нєтижелі етуде єлі де
шешілмеген мєселелер бар екендігі аныќ.
Осыған орай біз дипломдыќ жұмыстың таќырыбы “Сыныптан тыс жұмыстар
арќылы бастауыш мектеп оќушыларында валеологиялыќ мєдениет негіздерін
ќалыптастыру” деп аныќталды.
Зерттеу мақсаты: Бастауыш мектеп оќушыларында валеологиялыќ мєдениет
негіздерін ќалыптасуын ќамтамасыз ететін педагогикалыќ жүйелерді теориялыќ
тұрғыдан негіздеу жєне оның тиімділігін іс-тєжірибе арќылы тексеру.
Зерттеу нысаны: бастауыш мектеп оќушыларының денсаулығын саќтау жєне
нығайту жолдары
Зерттеу пәні: бастауыш мектеп оќушыларында валеологиялыќ мєдениет
негіздерін ќалыптастыру
Зерттеу міндеттері
1. бастауыш мектепте оќушыларында валеологиялыќ мєдениетін ќалыптастыру
негіздерін аныќтау
2. психологиялыќ, педагогикалыќ жєне єлеуметтік факторларды ескере
отырып, мектепте валеологиялыќ мєдениет негіздерін ќалыптасуын ќамтамасыз
ететін сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру жолдарын айќындау.
3. бастауыш мектеп оќушыларының салауаттылығын ќалыптастыруда сыныптан
тыс жұмыстын єдістері мен формаларын айќындау жєне жүйеленген
педагогикалыќ шарттарды іске асырудың тиімділігін аныќтау.
Зерттеу әдістері:
- зерттеу проблемасы бойынша философиялыќ, педагогикалық және
психологиялық ғылыми-єдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау;
-мектептердің ќұжаттары мен іс-тєжірибелерін жинаќтау, оларды талдау;
-сауалнамалар мен єңгімелесулер;
- оќушылар мен мұғалімдердің шығармашылыќ жұмыстарын баќылау;
-педагогикалыќ эксперимент;
- нєтижелерді математикалық әдістерді қолдану арќылы өңдеу .
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері – тұлғаның
салауаттылығы қалыптасуына берілген теориялар, пікірлер мен
тұжырымдармалары (И.И. Брехман, Н.А.Амосов, А.С.Имангалиев, Л.С.Выготский,
А.Н.Леонтьев, С.Л. Рубинштейн т.б).
І Бастауыш мектептің оќу-тєрбие жұмысында балалардың денсаулығын саќтау
жєне нығайтудың жолдары
1.1 Өскелең жас ұрпаќтың денсаулығын саќтау єлеуметтік педагогикалыќ
проблема ретінде

Егеменді еліміздің жарќын балашағы дені сау ұрпаќ. Ұлт денсаулығы –
ұлттыќ ќауіпсіздіктің басты кепілі екені баршамызға аян. Ұлт денсаулығын
нығайту үшін жоғары жєне жергілікті деңғейде арнаулы бағдарламалар
ќабылдануда. Олар бойынша тиімді жұмыстар нєтижелі іске асып жатыр деуге
болады. Десек те, ол ұрпаќ салауаттылығын ќалыптастыруда жеткіліксіздігін
көрсетіп отыр. Барлығымызға ой салатын мєселенің бірі – орта экологияның
бұзылуы бала денсаулығына кейбір технологияның жєне басќа факторлардың єсер
етуі болып отыр, осындай єсер салдары адамның физиологиялыќ, психологиялыќ
жєне адамгершілік ќасиеттері мен денсаулығының бұзылуына єкеліп соғады.
Көпшілік жағдайда адамның осындай єсерлер кезінде өзін-өзі дұрыс үстай
алмау жағдайларынан болады. Содан барып өз денсаулығына, орта жєне өсіп
келе жатќан бүлдіршін денсаулығына ќолайсыз жағдайлар туындайды. Атап
айтсаќ: ішімдіктерді, есірткілік жєне токсикалыќ заттарды пайдалану, темекі
шегу, насыбай ату т.б.
Сондай-аќ баланың күнделікті күн тєртібін дұрыс ќұрмау, демалыс уаќытын
дұрыс пайдаланбау, таза ауа дем алмау, ой жєне дене еңбегінен кейін ағзасын
дұрыс дем алдырмау, уаќытында тамаќтанбау, психологиялыќ жүктеменің шектен
тыс көбеюі немесе стресс жағдайынан шыға алмау т.б. барлығы кері єсерін
тигізетіні сөзсіз.
Күнделікті теледидар алдында, компьютер мониторының алдында шектен тыс
көп отыру - жасөспірімнің тек психологиясына ғана єсер етіп ќана ќоймай,
көз ауруларына күні кешке дейін ќұлаќтарына іліп алып жүретін арзан ќолды
магнитофон ызыңы – ќұлаќ, бас ауруына, аз ќозғалу немесе гиподинамия –
жүрек, ќан, жүйке ауруларына, дұрыс тамаќтанбау – ас ќорыту жүйесінің түрлі
ауруларына єкеліп соғып жатыр.
Бүгінгі ќоғамдағы экологиялыќ апаттардың көбейіп, адамзат болмысына
зиянды єсерінің елеулі көрініс беріп отырған таңында денсаулыќты саќтау мен
ќалпына келтірудің жєне алдын алудың ең тиімді жолы мектеп ќабырғасында
салауатты өмір салтын ќалыптастырумен байластырылмаќ[2].
Соңғы жылдары республикамыздың мектептерінде балалардың денсаулығының
төмендеу тенденциясы байќалуда. 2005-2006 жылғы зерттеулердің ќорытындылары
оќушылардың денсаулыќ индексінің төмендегенін көрсетеді: еліміздің
оќушыларының 44,3 пайызында түрлі патологиялар байќалады, кейбір аймаќтарда
оќушылардың тең жарымында созылмалы аурулар тіркелген.
Ресми статистикалыќ мєліметтер соңғы бес жылда оќушылардың аурушаңдығы
22 пайызға артып отырғанын көрсетеді. Оның ішінде анемия 2,5 есе, тыныс
жолдарының аурулары 1,5 есе, жүйке жүйесінің аурулары 1,5 есе, жараќат алу,
улану, т.б. оќиғалар саны 1,2 есе артып отыр [9].
Балалар мен жасөспірімдердің психологиялыќ жєне мінез-ќұлыќтыќ
ауытќушылары өсіп келеді. Єрбір сегізінші баланың психикасы мен жүйке
жүйесінде патологиялар байќалады. Ал психоактивті заттар, оның ішінде
алкоголь мен есірткі заттарын ќолданудан туындайтын баланың мінез-ќұлыќтыќ
ауытќушыларының көрсеткіштері одан да жылдам екпінмен көбейіп келеді.
Ќазаќстан ғасырлар тоғысында тєуелсіз елге айналып саяси, єлеуметтік
жєне экономикалыќ жүйесі єлемдік өркениет үлгісінде ќайта ќұрылуы – білім
беру ұйымдарында бейіндік оќытуды ұйымдастыруды мен оќушы деңсаулығын
саќтау мен нығайту көкейкесті мєселе болып табылады.
Елбасымыз алдыға міндет етіп ќойғандай өзіндік өмір өрнегін жасай
алатын, өзіндік даму арнасын белгілеп, өмірдің ќиыр көкжиегіне батыл ќадам
бүгінгі бєсекенің ќатал заңына икемді ұрпаќтың тұғыры бастауыш мектебінен
басталады. Оның алды шарты оќушы бойында өмірлік бейіндіктерді ќалыптастыру
мен деңсаулығын саќтаумен орындалады –дейді.
Біраќ өкінішке орай, ќазіргі кезде жасөспірімдердің бір бөлігі
салауатты өмір салтына ќайшы келетін іс-єрекеттерге баратыны барлығымызға
белгілі жайт.
Сондыќтан бүгін білім беру жүйесінде еліміздің өсіп өркендеуіне сай,
заман талабына беретін рухани-адамгершілік ќасиеттерін ќалыптастырған,
ќоғамдыќ өмірге икемделген, білім жєне ќолөнер сырларын бойына мұќият
сіңіргенќоғам, мемлекет жєне отбасы алдындағы жауапкершілігін сезінетін,
салауатты өмір салтын саналы түрде таңдаған өркениетті ұрпаќ тєрбиелеу
кезек күттірмес міндет. Бұл жерде балаларға валеологиялыќ тєлім-тєрбие беру
ерекше орында. Сондыќтан валеологиялыќ білім беру барысында балалармен
жасөспірімдердің бойына салауатты өмір салты аспектілеріне мен факторларына
айрыќша мєн беру керек [6].
Адамға байланысты басты ұғымның бірі “салауаттылыќ” жєне “салауатты
өмір сүру”. Салауаттылыќ ұғымын наќты, жан-жаќты аныќтамай, адамға тиісті
мєселелерді ќарастыру өте ќиын. Сол себептен жүйелер ќағидасына сүйене
отырып “Адам - жай жетілген жүйе” негізінде салауаттылыќ түсінігіне жєне
аныќтамасына келетін болсаќ, салауаттылыќ дегеніміз генетикалыќ аппарат
негізінде пайда болатын дене, жыныстыќ, аќыл-ой жєне єлеуметтік дамулардың
өзара сєйкестілігін (гармония) баптау, тєрбиелеу нєтижесінде организмнің
басќарушы аќпаратќа, Аллаћќа, тиімді бейімделуін ќамтамасыз ету арќылы
адамның көбею мүмкіншілігін жєне жоғары деңғейлі еңбектік ќабілетін саќтау
жєне адамның игілікті өмір сүруін ќамтамасыз ету.
Салауаттылыќ – адам бойында аурудың немесе дінќастыќтың болуы ғана
емес, оның күш түскенде тіршілік жєне єлеуметтік ќызметтерін аќаусыз
орындалуы. Салауаттылыќ түрлері: деңсаулыќ, аќыл-ой,психалыќ саулыќ жєне
имандылыќ.
Деңсаулыќ адамның тектік, генетикалыќ аппараты мен табиғи ќоршаған
ортаның өзара ќатынасының нєтижесі болып келеді. Адамның дүние келуін
ќамтамасыз етеді. Сондыќтан саулыќтың бұл түрін ізденушілер негізгі салыќ
деп атауды жөн көреді.
Адамның аќыл-ой, психилыќ саулығы тектік, генетикалыќ аппарат негізінде
тєрбие арќылы ќалыптасады. Аќыл-ой саулығының ќалыптасуында негізгі єсер
көргенділікке, баптауға, тєлім-тєрбиеге байланысты болып келеді. Сондыќтан
саулыќтың бұл түрі шартсыз аќпарат негізінде шартты түрде ќалыптасады. Аќыл-
ой саулығында обьективті аќпараттардың рөлі басым, сол себептен саулыќтың
бұл түрін обьективті деп те атауға болады.
Адамның кісілік ќасиеттерінің ќалыптасуындағы басты рөлді имандылыќ
атќарады. Имандылыќ аќыл-ой саулығы негізінде єлеуметтену арќылы
ќалыптасады. Имандылыќ – шартты, субьективті ұғым. Сол себептен имандылыќты
аныќтаудың обьективті критерийлерін ќарастыру өте ќиын. Єрбір ќоғамдыќ
топтың имандылыќты бағалауды өздерінің шартты ұғымдары бар, олардың бірімен-
бірі сєйкес келуі өте ќиын. Ал түбінде имандылыќ кісінің іс-єрекетіндегі
шынның көлемімен өлшенеді. Кез келген адамның айтќаны шындыќ. Ал шын,
аќиќат, рас тек ќана Абсолюттен, Жаратушыдан ғана шығады. Одан басќа барлыќ
нєрселерден шығатын аќпарат шындыќ болып табылыды. Шындыќ шынның жєне
өтіріктің ќосындысы болып келеді, яғни шындыќтың бір бөлігі шын да, ал
ќалған екіншісі өтірік. Шындыќтың шын бөлігі адам үшін зияны жоќ, оны
баќытты өмір сүруге жеткізетін аќпарат болып табылады. Сондыќтан, кісінің
іс-єрекетіндегі шын бөлігін салауатты өмір салты деп атаймыз [8].
Салауаттылыќ ғылымы – денсаулыќ туралы дєрігерлік-гигиеналыќ
біліктердің жєне оның практикалыќ жолдарының жиынтығы болып табылады.
Денсаулыќты саќтау, оны шыныќтыру, нығайту, аурудан кейін ќалпына келтіруге
ќажетті нұсќаулар мен кеңестер береді.
Салауатты өмір салты ұғымына мынадай аныќтама беріледі: бұл денсаулыќты
саќтауға жєне нығайтуға бағытталған жұмыстардың жиынтығы.
Соңғы мєліметтер бойынша адам денсаулығының 50 % салауатты өмір салтына
байланысты.
Мұғалім оќушыларға салауатты өмір салтын ќалыптастыру бойынша жұмысы:
жүйелі, ќалыпты маќсатты түрде жүргізілгенде ғана нєтижелі болатындығын
түсіндіреді.
Салауатты өмір салты дегеніміз- єрбір жеке адамның өнімді еңбек етіп,
тұрмыс ќұруы, бос уаќытында дем ала білуі, ќысќасы адамның күнделікті дұрыс
ќалыптасќан өмір тіршілігі. Салауатты өмір салтының маңызды элементі
ретінде соңғы уаќытта балалардың спортќа ќызығушылығының артуына
байланысты, халыќ арасында дене шыныќтыру жєне спорт ќұралдары арќылы
сауыќтыру жєне оңалту орталыќтарын кабинеттерін ұйымдастыруда.
Сондыќтан да “Ќазаќстан - 2030” мемлекеттік даму бағдарламасының ұзаќ
мерзімді стратегиясының негізгі бағыттарының бірі “Азаматтардың
денсаулығын, білімін жєне єлеуметтік жағдайын жаќсарту” деп аталып, онда
салауатты өмір салтына ынталандыру, ана мен баланы ќорғау, нашаќорлыќ пен
есірткі саудасымен күресу, темекі мен ішімдік тұтынудың алдын алу, тағамның
сапасын жаќсарту, ќоршаған ортаның тазалығын саќтау мєселелерін ќолға
алуды тапсырады.
ЌР үкіметінің 1999 ж. № 905 ќаулысымен бекітілген “Салауатты өмір
салтының комплексті бағдарламасы” жұмыстары төмендегі бағыттарда жүргізуді
ќарастырады:
- оќушылардың салауатты өмір салтын ќалыптастырудағы білім берудің рөлін
күшейту;
- білім беру жүйесінің базистік оќу жоспарына валеология пєнін еңдіру;
- темекі, есірткі сияќты заттардан саќтандыруға арналған көп сатылы білім
беру бағдарламаларын еңдіру;
- адамның ќорғаныш тапшылығы ќоздырғышы жұќтырылған ќорғаныш тапшылығы
белгісі (ВИЧСПИД) індетінің алдын алу шаралары бағдарламасын еңдіру.
Ал, денсаулыќ негізінен мына жағдайларға байланысты. Олар:
- даму;
- тіршілік ету жағдайы;
- өмір сүру жағдайы.
Сонымен, организм үнемі дамиды, адамның өмір сүру жағдайы мейілінше
дұрыс болуы ќажетін ќанағаттындыра алатындай мүмкіндігі болуы керек.
Зерттеушілердің пікірі бойынша денсаулыќты ќалыптасуына байланысты, оның
бірнеше аспектілерден тұратының білуіміз жөн [12,13]. Олар: физикалыќ
(немесе тєн саулыќ), психологиялыќ, тұлғалыќ, рухани, эмоционалдыќ,
єлеуметтік (кесте 1).

Денсаулыќ түрлері (аспектілері)
физикалыќ Психология тұлғалыќ Жан (рухани) Эмоционал Єлеу
лыќ дыќ меттік
Дене өз ќабілетін Жеке тұлға Бұл адамгершілікөз Єр
кемістігі-ңдамыта ретінде ќасиеттерді сезімдерін адамның
болмауы, алатын, алғанќоғамнан өзбойына дарыту, өзі баќылау,ќоғамна
организм-ң білімін орнын таба өз єрекеттерін тежей алуы, н өз
сыртќы ортаөмірде білуі, же басќа көңіл-ќүйін орнын
жағ-на пайдалана мүмкіндігінадамдар тежей алуы таба
бейімделуі,алатын болуы е ќарай ќатынасын білуі
дене-ң өзің-өзі түсіну,
шыныќќаны дамыту кешірімді болуы

Сондыќтан да дүниежүзі денсаулыќ саќтау ұйымының (ВОЗ) аныќтамасы
бойынша “денсаулыќ дегеніміз – организмде аурудың не болмаса физикалыќ
кемістіктің болмауы ғана емес, бұл толыќ табиғи, рухани жєне єлеуметтік
аман-саулыќты айтуға болады”. Бұл аныќтама бойынша, денсаулыќ:
- аурудың жоќтығы;
- дене кемістігінің болмауы ғана емес;
- рухани дені сау (наркоман емес, ќоғамда өз орны бар) дені сау.
Ал, академик В.П.Казначеевтың пікірі бойынша “денсаулыќ дегеніміз –
организмнің ұзаќ өмір сүру барысында биологиялыќ жєне физиологиялыќ жєне
жұмысќа ќабілеттілігі мен єлеуметтік белсенділігінің саќталуы” .
Бұл аныќтама бойынша:
- ұзаќ өмір сүру кезінде организм үнемі биологиялыќ жағынан дамиды;
- физиологиялыќ єрекетін саќталуы (жүрек, өкпе, көз т.б. өз ќызметтерін
саќтайды);
- организм жұмысќа ќабілетін саќтайды;
- єлеуметтік белсенділігін саќтайды (тек үй жұмысына ғана емес, ќоғамға
ќажетті адам ретінде өз орнын жоғалтпайды).
Демек, тек сондай адамдарды толыќ дені сау деп айтуға болады.
Көптеген ғалымдардың [14-17] зерттеуі бойынша бала денсаулығына єсер
етуші факторлардың % көрсеткіштерін төмендегі кестеден көруге болады:
(кесте 2)

Факторлардың Бала денсаулығына єсер етуші факторлар
єсер ету
аймағы
Денсаулыќты нығайтушы Денсаулыќќа ќауып төндіруші
факторлар факторлар
өмір сүру Жағымсыз ќылыќтардың болмауы;Шылым шегу, ішімдікпен
жағдайы (50%) дұрыс тамаќтану; адекватты айналысу; нашаќорлыќ
физикалыќ белсенділік; өмір (токсикомания), дєрі-дєрмекті
сүру ортасындағы (мектепте, шектен тыс көп ќабылдау;
отбасында) психологиялыќ тамаќтанудың дұрыс болмауы;
ахуалдың саулығы; өз стрестік жағдайларға ұшырауы;
денсаулығына мұќият ќатынасы медициналыќ ќызметтің төмен
болуы
Сыртќы Тіршілік ортасында жағымсыз Ќоршаған ортаның адам
ќоршаған орта факторлардың болмауы; жаќсы денсаулығына ќауіптілігі; төмен
(20%) материалдыќ-тұрмыстыќ жағдай.материалдыќ-тұрмыстыќ жағдай
Биологиялыќ Ауруды тудырушы Аурушаң болудағы тұќым
фактор (20%) жастыќ-жыныстыќ, ќуалаушылыќ арќылы берілген
конституционалдыќ аурулар; ауруды тудырушы
ерекшеліктердің болмауы жастыќ-жыныстыќ жєне
конституционалдыќ
ерекшеліктердің болуы
Медициналыќ Медициналыќ көмек көрсетудің Сапасыз медициналыќ ќызмет
көмекті жоғары деңғейі көрсету
ұйымдастыру (
10%)

Ал, салауатты өмір сүру салты дегеніміз – биоєлеуметтік категория. Ол
интегративті түрде ќалыптасады. Сондай-аќ, адамдардың іс-єрекетіне
байланысты болады. Салауатты өмір сүру салты шаруашылыќ, күнделікті үй
тұрмысы, материалдыќ жєне рухани сұраныстарын ќанағаттандыру үшін, ќоғамдыќ
ұйымдарда өзін- өзі ұстай білуі тағы да зиянкестерден басќадан аулаќ болу.
Сонымен, салауатты өмір сүру салты дегеніміз – тұлға мен ќоғам деңғейінің
прогресті дамуы көрсеткішінің категориясы. Адамдардың биологиялыќ
ерекшелігіне сєйкес салауатты өмір сүру салты біркелкі болмайды [12]. Міне,
осыған байланысты салауатты өмір сүру салты ұғымының мєніне үңілсек, ол өте
терең мағыналы ұғым, ол оќушылардың дене тєрбиесі ғана емес, ең бастысы жан
тєрбиесі екен.
Салауаттылыќты меңгеретін адам алдымен өзін-өзі біліп, түсінуден
бастайды, өз мінез-ќұлќының жаќсы-жаман жағын сезініп, оны талдап, жаќсы
жағын дамытып, жаман жағын болдырмауға тырысады, машыќтанады. Жан
дүниесінің сыры туралы ғылымның ќағидаларын меңгеру арќылы адам өз рухын
шыныќтырып, аќыл-ой мен жұмысын тиімді пайдалану жолдарын ќарастырады.
Адам мен ќоғамның саулығы тек ќана медицина ғылымның мєселесі болудан
ќалғанына көп уаќыт болды. Бұл мєселе бүкіл өркениетті єлем үшін єлеуметтік
сипатќа айналды.
өмір салты негізінен мынадай 4 түрлі түсінікпен тығыз байланыста
ќарастырылады – тұрмыстың деңғейімен, тұрмыс сапасымен, өмір стилімен жєне
тұрмыстың тєртібі, єдет ғұрпымен.
Тұрмыс деңғейі таза экономикалыќ жағдайда, яғни материалдыќ жағдайға
байланысты аныќталады; тұрмыс сапасы – ќоғамдыќ түсінік, яғни өмір сүруін
деңғейінің сапасын көрсетеді; өмірдің стилі (көркемдігі) – єлеуметтік-
психологиялыќ түсінік. Ал өмір тєртібі, єдет-ғұрып – бұл єлеуметтік-
экономикалыќ түсінік.
Ендіше өмір салты єдет-ғұрып, салт-дєстүрлермен тығыз байланыста
ќаралады. Осы түсініктер жалпы адам денсаулығына єсер ететін, өмір салтының
мєнін көрсететін негізгі көрсеткіштер болып табылады.
Сонымен ќатар, адамның дені сау болуына салауатты өмір сүру салтының
факторлары іске асырылғанда ғана ќол жеткізуге болады.
Ќорыта келгенде, салауатты өмір салты ұғымы “салуаттылыќ” пен “өмір
салты” деген ұғымдардан тұрады. “Салауаттылыќ” яғни “деннің саулығы”,
“оќушы денсаулығы” дегеніміз ағзада аурудың не болмаса физикалыќ
кемістіктің жоќтығы ғана емес, ол табиғи (физикалыќ) рухани жєне
єлеуметтік, моральдыќ, материалдыќ жағынан толыќ аман есендік деген
Дүниежүзілік денсаулыќ ұйымы ұсынған аныќтаманы жаќсы түсініп, өмірде
ќолдана білу бүгінгі күннің өмір талабы болып табылады.
Ал, “өмір салты” – адамның дене, интеллектуалдыќ жєне еңбек єрекетін,
тұрмыстың өзара єрекетін, дағдысын орныќќан мінез-ќұлыќ, демалысын жєне
ќарым-ќатынас ерекшелігін жатќызуға болады. Олай болса “өмір салты”
–дененің саулығына нєтижелі ыќпал ететін “салауатты өмір сүру” ұғымын
білдіреді.
Ќазіргі ғылым “салауатты өмір салтын”: ең жаќсы үйлесімді тєртіп;
денені шыныќтыру; ќымыл белсенділігі; дұрыс тамаќтану; орныќты өмір сүру
єдеті; зиянды єдеттің болмауы; жоғары дєрігерлік белсенділік – деп
түсіндіреді [13].
Сонымен бүгінгі мектептің маќсаты – оќушыны өмірге дайындау. Оќушының
мектепте алған білімі – оның болашаќ өміріне ќажетті, ќолданылатын білім
болуы ќажет. Бұл маќсатќа оќушы мен мұғалім денсаулығын көздейтін оќу-
тєрбие үрдісін ұйымдастырудың єдіс-тєсілдерін жинаќтаған денсаулыќ саќтау
педагогикасы арќылы жете алады. Мұғалім педагогиканың соңғы жаңалыќтарын
біле отырып, оќушы, ата-ана, медицина ќызметкерлері мен өз єріптестерімен
бірлесе отырып, өз жұмысын бүкіл педагогикалыќ үрдістің ќатысушылары
денсаулығын саќтау мен нығайтуға бағыттап жоспарлау ќажет.

1.2 Бастауыш мектептің білім беру мен тєрбие жүйесінде балалардың
денсаулығын саќтау мен валеологиялыќ мєдениет негіздерін ќалыптастырудың
алғы шарттары

Денсаулыќ – тіршілік пен баќыттың басты кепілі. Жеке бастың биологиялыќ
жєне єлеуметтік потенциалдыќ мүмкіндіктерін ќаншалыќты толыќ жүзеге асыруын
оның денсаулығына байланысты.
Біраќ ќазіргі таңда оќушылардың іс-єрекетінде, мінез-ќұлќында
психоэмоционалды тепе-теңдіктің бұзылуы – ќызғаншаќтыќ, тез ренжіп ќалу,
өктемдік көрсету, дау-жанжалға берілгіштік бүгінгі мектеп оќушыларына тєн
ќұбылыстар болып отыр. Бастауыш сыныптан бастап єр балада өктем мінездің
пайда болуының бірден-бір себебі отбасында ұрыс-керіс, теледидар, радио
арќылы таралатын аќпараттар, зорлыќ-зомбылыќты насихаттайтын фильмдер.
Бұлар баланың ішкі секреция бездерінен адреналиннің көп бөлуіне, өктем,
өзімшіл бұзылған тұлға ќалыптастыруға жол береді [10].
Болашаќ салауатты өмір салты ќалыптасуына єлеуметтік тұрмыстыќ жай-күй
де єсер етеді. Ұдайы отбасындағы түсініспейшілікке, агрессиялыќ мінез-
ќұлыќ, баланың ішкі дүниесімен бөліспеу оќушылардың функциональды жүйесін
нашарлатады. Ондай жағдайда баланың иммундыќ жүйесіне де көп заќым келеді
[11].
Оќушылардың денсаулығының нашарлап, жылдан-жылға бірнеше аурумен ќатар
ауыратын балалар санының өсіп келе жатќандығын бауќауымызға болады.
“Адамның адамшылығы жаќсы ата, жаќсы ана, жаќсы ұстаздан болады”. “Тєрбие
кешіктірілсе: кешірілмейтін, дұрыс бағыт алмаса ќайта ќалпына келмейтін,
нєзік те күрделі игілікті істеріміздің бірі” деп ұлы ғұламаларымыз
айтќандай баланың єрбір іс-єрекетіне, дұрыс ќалыптасуына, дамуына отбасы
мен мұғалімнің тигізетін єсері мол.
Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлы атамыздың мына бір ұлағатты
сөзіне салайыќшы; “Жаудан да ќорыќпаған ќазаќ едім, енді ќорќынышым көбейіп
жұр:
- балаларды бесікке бөлемеген, бесігі жоќ єйелден ќорќамын;
- немерелеріне ертегі айтып беретін єженің азайып бара жатќанынан ќорќамын;
- дємді, дєстүрді сыйламайтын балалар көбейіп келеді, ќолына ќылыш берсе
кімді де болса шауып тастауға єзір. Үйреніп жатќан бала жоќ, үйретіп
жатќан єке жоќ” - деп мұңайған екен[18].
Сондыќтан да баланың дені сау, тєрбиелі болуына отбасының
жауапкершілігі жоғары. Яғни, жастарды салауаттылыќќа бағыттау отбасында
ұрпаќтың ана ќұрсағында жатќан кезден басталу керек. Балалардың денсаулығын
жоғалтпай білім беру үшін ата-ана, мұғалім, дєрігер үш жаќты байланыс
орнатып, жұмыла ќызмет атќару керек.
Салауатты өмір сүру валеология ғылымының негізі болып есептеледі.
Валеология дегеніміз (valeo лат.тіл. - денсаулыќ) адамдардың сыртќы
ќоршаған ортамен байланыстынегізіндегі физикалыќ, психикалыќ, рухтыќ
денсаулығы жөніндегі жєне олардың туылғаннан бастап өлгенге дейінгі
денсаулығын саќтау жєне нығайту, ауырудың алдын алу, аурудан кейін
денсаулығын түзеу, салауатты өмірді ұзарту тұралы жинаќылыќ ілім.
Валеологияның негізгі маќсаты мен мєселесі єр жеке адамның денсаулығы,
табиғат денсаулығы, адам ќоғамның жалпы денсаулығы. Яғни валеология –
салауатты өмір сүруге арналған ғылым.
Ал валеологиялыќ тєрбие процесі – саналы, жүйелілік, динамикалыќ
процесс болып саналады, оќушының жалпы мєдениетінің дамуына жол беретін,
мектептегі бүкіл оќу-тєрбие процесіндегі маңызды бөлігі, сол мектептің
мєдениет өлкесі, білім, тєрбие, даму ќызметтерінің орындалуы.
Көптеген педагогикалыќ валеология зерттеу мәселелерінде оќушыларының
валеологиялыќ мәдениетін қалыптастыру мәселелері жан-жақты мазмұндалған.
Дене дайындығына машықтанудың әдіс-тәсілдерін, жаттығу кешендерін орындау
барысында жаттықтырушының тәрбиелік қызметінің технологиясы әдістемелік
ұйымдастыру, әдістемелік тәрбие құралдарын белгілеу болып табылады. Ол дене
мәдениеті және спорт процесінің аясындағы тәрбие процесін ұйымдастырудың,
валеологиялыќ мәдениетін қалыптастырудың әдістерін, стратегиясын
анықтайды[18].
Тәрбие стратегиясы практикалық міндеттерді шешу, процесінде тәрбие
мақсаттарына жетуге қол жеткізудің жоспарын және оның келешектегі ойлары
мен ниеттерін белгілейді.
Тәрбие тәсілдері өзінің стратегиясына сәйкес оқу орындарында,
мекемелерде, кәсіпорындарда және әрбір нақтылы мамандармен тәрбиелеу
қызметін ұйымдастырудың жүйесін айқындайды.
Тәрбиелеу әдістері валеологиялыќ қызметте тәрбиелеу құралдарын
пайдалану бойынша денсаулыќ педагогиканың әдістерінің жиынтығын және басқа
әрекеттерін сипаттайды.
Мұнда тәрбиелеу қызметінің басты технологиясының негізгі элементі
дене мәдениеті және спортпен шұғылданатындарға, ұжымдарға немесе әлеуметтік
міндеттерін табысты орындау және жеке тұлғаның елеулі мақсаттарға жетуі
үшін бір тектес педагогикалық әсер етудің белгілі бір әдістері болып
табылады.
Тәрбиелеу әдістерінің әрқайсысы тәрбие мақсатын қамтамасыз ететін,
сонымен бірге қатысатын тәрбиелеу субьектілерінің ерекшеліктеріне
бағытталған. Адамға тәрбиелік әсер етіп, әрбір тәрбие әдісі нақтылы
айқындалған қызметтерді орындайды. Және де оның белгілі сапаларының даму
қызметіне иеленеді. Кез-келген тәрбие құралы өзіне тән педагогикалық әсер
ету құралдары мен әдістерін, олардың көмегімен сол әдіске тән тәрбие
міндеттерін шешетін жиынтығын ендіреді.
Тәрбиелеу әдістерінің негізін өзара байланыстағы және тәрбие
тәжірибесінде бірегей қолданылатын құралдар мен әдістер құрайды.
Тәрбиелеу құралдары – оқыту процесінде оќушыларға тәрбиелік әсер
ететін құралдары. Валеологиялыќ тәрбие құралдарына мыналар жатады: сөз,
көрнекті құралдар, кино және бейнефильмдер, әңгімелесу, жиналыс, дәстүрлер,
әдебиеттер, бейнелеу және музыкалық өнер және т.б.
Валеологиялыќ тәрбиелеу әдістері – нақтылы педагогикалық жағдайға
сәйкес тәрбиелеудің элементтерін немесе жекелеген құралдарын
пайдаланубойынша әрекет жасаудың жекелеген жағдайы әдіске қатынасы бойынша
тәрбие тәсілдері бағынышты сипатта болады.
Тәрбиелеу әдістерінің жүйесінде басқаларының нақтылы бір әдісті
әмбебап әдіс ретінде қарауға болмайды. Тек тәрбие әдістерінің жиынтығы және
олардың олардың технологиялық өзара байланыстылықта қолданылуы тәрбиелік
мақсатқа қол жеткізуге мүмкіндік туғызады. Жекелеген бірде бір әдіс
адамдарда жоғары саналылықты, сенімділіктің және жоғары адамгершілік
сапалардың қалыптасуы [19-21].
Жақсы деңғейде ұйымдастырылған валеологиялыќ ќызметтің жұмысы –
оќушылардың дайындығындағы барлық жағдайды жетілдіру үшін негіз болса,
олардың дене дайындығы жаңадан бастағандарына да, олардың ата-аналарына да
көңіл бөлу қажет.
Қазақ жас балдарының қандай деңгейде өсіп жетілетіні алдыңғы
қатардағы өмір сүру процесін құрайтын адамдар тобына жүктелген. Ол қоғамның
белсенді мүшелері мен тұлғалары және қоғам үшін маңызды роль ойнайтын дене
тәрбие сахнасының бір бөлігімен ұштасқан жанашырлар.
Қашанда жас ұрпаќтың денсаулыќ мәселесі тұлғаның жан-жақты даму
қырларын сипаттайды. Ол нәтижелі жетістіктерге жетудің бір көрінісі.
Әсіресе денсаулықты нығайту, дене бітімін қалыптастыру, уақытты тиімді
пайдалану, дене сапаларын дамыту жайлы білімдермен тәрбие беру [21].
Тек практикалық сапалар ғана бұл процесті тиімді құруға мүмкіндік
береді. Ол үлкен машықтану алаңдары мен күнделікті тұрмыста кездесетін іс-
әрекеттер мен қарапайым әрекеттер мен бірігу процесінде жүзеге асып
отырады. Қоғамда құрылған спорт дәстүрлері мен жетістіктері негізінде
тәрбие процестерін құру тиімді болып табылады. Оған жаппай жұмылдыру және
жекелей дайындық арқылы жалғасымды жаттығуларды орындау мен шешуге болады.
Барлық қоғамдық жетістіктер тәжірибеге сүйене отырып әдістердің одан
кейінгі даму бағытын анықтаумен сол бағыттағы тәрбиенің негізі бола
алады.
Барлық денелік машықтану тек дайындықты талап етеді. Осы дайындық
процесі жүретін аймақ салауатты өмір салтын құруға негіз болады. Осылайша
дене дайындығы мәселесі шешімін инновациялық тәрбие негізінде табады. Дене
дайындығына тәрбиелеу ол жайлы білім алу, практикаға айналдыру, дамытуды
қажет етеді. Сондықтан басты алғы шарттар: ол денені үйрету, қалыптастыру,
дағдыландыру, жетілдіру процестері [19].

Сызбанұсќа 1 - Валеологиялыќ мєдениет негіздерін ќалыптасуына єсер
ететін факторлар

Валеологиялыќ тєрбиенің жүйеќұраушы факторы дегеніміз, оның рефлексиясы
(яғни өзін-өзі тану, білу, меңгеру), шығармашылыќ жұмыс, оќушының
физикалыќ, психикалыќ жєне єлеуметтік денсаулығын ќорғауға жєне күшейтуге
бағыт береді. Валеологиялыќ тєрбиесінің нєтижесінде тұлғаның валеологиялыќ
мєдениеті ќалыптасады. Валеологиялыќ мєдениет єр жеке адамның валеологиялыќ
ќызметінің жеке стилінде.
Оќушыға валеологиялыќ тєрбиелеу процесінде оның жеке өзінің
шығармашылыќ психофизиологиялыќ ќасиеттерімен жєне бағыттанған єлеуметтік
тєжірибесімен байланыстыру керек.
Бастауыш мектеп оќушыларына валеологиялыќ тєрбие беру процесті
валеологиялыќ мєдениет жєне дене шыныќтыру тєрбиесімен ұштастыру ќажет.
Валеологияның басты міндеті денсаулыќты дамыту жолын ќарастыру, себебі ол
үшін өмірдің дені сау жағын нығайту ќажет, єрине, бұл өте күрделі, жан-
жаќпен байланысты жұмыс. Бұл пєнаралас ғылым, педагогика жєне
психологияның, физиология жєне дене шыныќтыру пєнінің жетістіктеріне
сүйенеді. Сол себептен оны өз бетінше “педагогикалыќ валеология” немесе
“денсаулыќ педагогикасы” деп бөлек ғылым саласына бөледі[19].
Педагогикалыќ валеология - жас өспірімдерге тєрбие мен білім берудегі
жаңа бағыт, оның басты маќсаты жүйелі-пєнаралас интегративтік білім
арќасында оќушылардың денсаулығын саќтау жєне өз бетінше білімін, ќұзыретін
нығайтуға жол ашу, бағыт ќөрсету.
Валологиялыќ білім дегеніміз – єр адамның жеке басындағы
интеллектуалдыќ, энергетикалыќ, ұстанымдыќ ќасиеттері өз денсаулығына
пайдалана білу жєне денсаулыќты жоғалтпай білім алу жолдары.
Жеке тұлғаның валеологиялыќ мєдениеті дегеніміз – бұл жеке тұлғаның
өзінің сапалы, жүйелік білімі, валеологиялыќ дамуын жєне білімділігін
аныќтайтын осы деңғейге жету сезімін арттыратын валеологиялыќ жєне дене
шыныќтыру – салауатты өмір сүру іс-єрекетінде корініс беретін сапа.
Оќушылардың валеологиялыќ мєдениетің ќалыптасуын ұйымдастыру кен
ауқымды мәселе. Оның қоғамдағы бұқаралық сипаты арқылы валеологиялыќ
мәдениетін қалыптастыру дене шыныќтыру-спорттық қозғалысқа түрткі болады.
Ол оқу-жаттығу процесінің бастапқы сатысында жалпы дамыту жаттығуларына
үлкен назар аударуды қажет етеді[5].
Мектеп-өскелең ұрпақты тәрбиелеу жүйесіндегі шешуші буын. Оның жас
ұрпақты тәрбиелеудегі рөлі өте зор. Еліміздің бүкіл жастары мектеп арқылы
өмірге жолдама алады. Мектеп еш уақытта отбасыдан, қоғамнан бөлініп, өз
бетінше жеке автономиялық мекеме болған емес. Сондықтан оның іс-әрекеті
отбасымен, жұртшылықпен, еңбек ұжымдарымен, табиғатпен байланысты. Міне,
мектептің тәрбиелік функциясы осында [21].
Мектеп тәрбиеге байланысты барлық қоғамдық күштерді ұйымдастыру және
біріктіру рөлін атқарады. Ол ішкі тәрбие процесін басқарып қана қоймай,
сонымен бірге мөлтек аудандарда, кәсіпорындарда жүргізілетін тәрбие
жұмысының валеологиялыќ білім жєне тєрбие беру мақсатқа бағыттылығын
қамтамасыз етеді. Осы тұрғыдан мектеп балаларымен тәрбие жұмыстарын
ұйымдастырудың жеке адамның денсаулығын дамуында және қалыптасуында әр
түрлі факторлардың ықпалын үйлестіріп, біріктірудің орталығы.
Мектеп іс-әрекеттің ең бастысы – тәрбие түрлерінің (дүниетаным, еңбек,
мінез-құлық, эстетикалық және дене тәрбиесі) валеологиялыќ ќызметтің
мақсаттары және міндеттерімен ұштастырып жүзеге асырылады[6,28].
Мектеп басшылығымен жүргізілетін валеологиялыќ білім беру мен тәрбие
жұмыстарының формалары көптеп саналады. Олар: ата-аналармен жұмыс: сынып
жетекшілерінің және мұғалімдердің отбасымен жұмысы; сыныптан және
мектептен тыс жұмыстары. Осы жұмыстардың барлығына мектеп басшылық жасайды,
көмектеседі, тиісті адамдармен, ұйымдармен бірігіп іске асыруды қамтамасыз
етеді.
Сонымен ќатар, тәрбие жүйесінде, әсіресе, жеке адамның жоғары моральдық
қасиеттерін қалыптастыруды, адамгершілік сезімін, эстетикалық талғамын
дамытуда қоғамдық тәрбие институттарының алатын орны ерекше. Олардың
ынтымақтастығын істейтін жұмыстарының негізгі бағыттары: педагогикалық
ұжым, ата-аналар комитеті, тәрбие жұмысының жоспары жасалып, оны басшылыққа
алады. Келер ұрпақтың бойына дарытып өн бойынан көргіміз келетін адамзаттық
асыл қасиеттердің жиынтығы. Отбасы адамзат қоғамының ең шағын бейнесі.
Яғни, салауатты отбасы - өркениетті ќоғамның талабы.
Отбасы бүкіл ғасырлар бойы адам баласы тәрбиесінің құралы болып келеді.
Сондықтан ол адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Қоғамда отбасы екі қызмет
атқарады, оның бірі –дүниеге ұрпақ әкелу, екіншісі- дүниеге келген сәбиді
тәндік жағынан дамытуды қамтамасыз етіп, өмір бойы рухани жағынан
жетілдіріп оны тұлға ретінде қалыптастыру. Отбасы тәрбиесі қоғамдағы
өзгерістермен тығыз байланысты, сондықтан ол қоғам мүдесіне қызмет етуі
тиіс [21].
Онда бала алғаш рет өмір жолымен танысады, моральдық нормаларын
игереді. Сондықтан отбасылық өмір жеке адамның азамат болып өсуінің негізі.

Отбасы валеологиялыќ ќызмет жұмысындағы мектептің одақтасы. Ол бала
тәрбиесі жөнінде мектеппен тығыз байланысты болуды өте жақсы түсінеді.
Өйткені, бала тәрбиесінің отбасында, мектепте нәтижелі болуы осындай
ынтымақтастыққа негізделеді.
Отбасы тәрбиесі – бұл қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі, мемлекет алдындағы
ата-аналардың борышы. Өкімет отбасыға үнемі қамқорлық жасауда. Оған дәлел:
балалар мекемелері жөнінде халықтың қажеттілігін толық қанағаттандыру,
балалардың еңбек, спорт лагерлеріне ерекше көңіл бөлу: Отбасы мүшелерінің
дем алуы үшін санаториялардың демалыс үйлерінің жүйесін кеңейту: аналар
жағдайын еске алып, әйелдердің халық шаруашылығына қатысуын үйлестіру.
Отбасы басты мәселелердің бірі: баланың тіршілік әрекетін ұйымдастыру.
Бұған баланың күн ырғағы, міндеттері, қойылатын талаптар, оның үй еңбегіне
қатысуы, оқу әрекеті, бос уақытын ұйымдастыру жатады.
Бала өмірін және іс-әрекетін ұйымдастыруда негізгі жағдайлардың бірі
– ұтымды ырғақ жасау. Күн ырғағы өмір тәртібі, еңбек пен демалыстың
парасаттылықпен кезектесіп өтуі, талаптарды орындау, жақсы әдеттерді
қалыптастыру.
Балалардың күн ырғағы И.П. Павловтың іліміне негізделеді. Ол жұмыс
қабілетін толық сақтау үшін еңбек пен демалыстың қажет екенін көрсетті.
Күн ырғағы баланы жинақтылыққа, тіл алғыштыққа, дәлдікке, мұқияттылыққа
үйретеді, денсаулығын нығайтады, еңбек қабілетін жақсартады. Күн ырғағын
жасаудың ата - ана баланың жасын, үй жағдайын, денсаулығын, мұғалімдер мен
сынып жетекшілер келісіп отбасы мен мектеп ырғағының бірлігін еске алуы
тиіс.
Отбасы күн ырғағының негізгі құрамды элементері –еңбек, демалыс,
сабаққа дайындалу, тамақтану, ұйқы, т.б. дұрыс алмасып отыруы қажет. Күн
ырғағын сақтау негізінде мидың үлкен жарты шарының қабында шартты
рефлекстер жүйесі (динамикалық стереотип) пайда болады.
Мысалы, бала белгілі бір уақытта ұйықтауға үйренсе, оның ми қабында
тежелу процесі басым болады да тез ұйқыға кіріседі. Сондықтан ата-аналар
балаларын белгілі уақытта сабаққа дайындалуға, ұйықтауға, тұруға
үйретулері, яғни, ырғақ элементтері берік орындалуы тиіс.
Сонымен, дұрыс ұйымдастырылған күн ырғағы белгілі дағдыға үйретеді,
дағды әдетке айналады, ал әдет келешекте бала қажетін қанағаттандырады.
Отбасы жағдайын және баланың жас ерекшелігін ескере отырып, оны ата-
аналар түрлі еңбек іс-әрекеттеріне үйретуі қажет. Бала отбасы мүшесі, өз
міндетін адал ниетпен орындауы зор қуаныш. Отбасының бала еңбегіне артық
салмақ түсірмей парасатты ұйымдастырылғаны жөн. Үйге берілген оқу
тапсырмаларын үнемі орындап отыруға бақылау жасау, көмектесу, балаларды өз
бетімен жұмыс істей білуге үйрету.
Бала бос уақытында қоғамдық пайдалы істерге, спорт ойындарына, кино
фильмдерге, спектакльдерге қатысады. Көптеген отбасыларда ата-аналардың
балалармен бірігіп серуендеуі ізгі дәстүрге айналады.
Егер ата-аналар қоршаған табиғат және өз өлкесінің көз тартарлық
көрнекті орындары жөнінде әңгіме өткізсе, мұндай серуендердің танымдық
маңызы зор болады[25]. Отбасы баланың тұлғалық қасиеттеріне ықпал ететін
көптеген жағдайлар болады. Мәселен, отбасы мүшелерінің мәдени деңгейі
баланың түрлі әлеуметтік құндылықтарды игеруіне игі әсерін тигізеді.
Отбасында балалардың мүмкіндіктерін барынша дамытып, оны өмірде қолдана
білуге, еңбек етуге еңбектің қандай түрін болса да атқаруға психикалық
тұрғыдан даяр болуға шығармашылық әрекетке даярлыққа, әрдайым өзінің
білімін жетілдіріп отыруға тәрбиелеу қажет.
Сонда олар ұжымда жеке басының қамын ойламайды, басқа адамдар үшін
өмір сүре алады. Жеке бастың пайдасы мен ұжымдық пайданың үйлесімділігін
табуға, іскерлікке, ізгілікке өздігінен ізденуге өзін-өзі жетілдіруге
тәрбилеудің мәні зор.
Отбасының өзіне тән ерекше функциялары бар. Ол халықтың өсуі, адамзат
ұрпағын әрі қарай жалғастыру, отбасы мүшелерінің өзара және туған-
туысқандармен қатынас жасау функциясы. Отбасы тәрбисінің проблемалары
педагогикалық әдебиеттерде, Н.К. Крупскаяның; В.А. Сухомлинскийдің және
басқа да ғалымдардың еңбектерінде кең түрде баяндалған.Баланың құқы
жөнінде конвенцияда (1989) отбасыда баланың құқық қорғау, оған қамқорлық
жасау көрсетілген.
Отбасыдағы жас ұрпақтың тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына ата-
ананың, отбасы мүшелерінің қарым-қатынасындағы мейірімділік пен махаббат
қажет. Толық мәнді отбасы болу үшін ата-ананың және басқа отбасы
мүшелерінің береке-бірлікті түсіністікті сақтауы, сонымен қатар әр отбасы
мүшесінің құқы қорғалуы тиіс. Тек осындай ізгілік мұраттар отбасында орын
алғанда ғана, Отанын, елін-жерін сүйетін, өз ұлтының салт-дәстүрін, сонымен
бірге жалпы адамзаттық мәдени құндылықтарды бойына сіңіріп өзінің кісілік
келбетін сақтай алатын тұлға тәрбилеуге болады. Бала отбасынан жақсыны да
жаманды да бойына сіңіреді.
Сондықтанда халқымыз Бала ұяда не көрсе ұшқанда соны іледі дап текке
айтпаған. Белгілі педагог А.С. Макаренко Ата-анаға арналған кітабында
бала тәрбиесінде сіздің іс-қимылыңыздың өзі шешуші рөл атқарады Сіз
тәрбиені сөз арқылы немесе үйрету, бұйыру арқылы іске асырамын деп
ойламаңыз. Тәрбие өмірдің әр сәтінде, тіпті сіз үйде болмаған кезде де іске
асады. Тәрбие сіздің қалай күлетініңіз, өзгелермен қалай
сөйлесетініңіз,олар туралы не ойлайтыныңыз, қалай күлетініңіз, қалай газет
оқығаныңыз, осы іс-әрекеттеріңіздің бәрі де балаңыз үшін маңызды. Өмір
тәжірибесі көрсеткендей, екі түрлі отбасыға назар аударуға болады.
Біріншісі - материалдық игілікті алға қойып, соған жетуді мақсат
еткендіктен рухани құлдырауға соқтыруда.
Екіншісі - материалдық игілікті жеткілікті отбасыда бала мен ата-ана
арасында эмоционалдық, мейірімділік қарым-қатынастың орнықпағандығы
байқалады. Осы жағдайлар отбасыда жасөспірімдерді тәрбиелеуде ескерілуі
қажет. Отбасындағы тәрбиенің тиімді болуы ондағы қарым-қатынас түрлерінің
орнығуына байланысты. Отбасыда түрлі қарым-қатынастар орын алады
-ынтымақтастық қарым-қатынас, яғни отбасы мүшелерінің түсінік пен
көмекке бағытталған;
-ортақ мүддеге негізделген бірыңғай қарым-қатынас;
-бәсекелестік, барлық жағдайда өзінің бәсекеде ұтуын көздеген қарым-
қатынас;
-түрлі себептерден туындаған отбасыдағы қайшылықты қарым-қатынас. Демек
әр отбасыда түрлі қарым-қатынастың орнығуынан баланың жеке тұлғалық
қасиеті қалыптасады [24].
Отбасында түрлі қарым-қатынас қалыптары көрініс береді. Кейбір
отбасында отбасы мүшелерін бетімен жібереді,мұндай жағдайда ешқандай қарым-
қатынас болмайды. Ал кейбір отбасында бедел орын алған қарым-қатынас
орнамайды. Оның да өзіндік ерекшеліктері бар, онда біреудің басқаларға
басымдылық танытуы, бұйыруы баланың тұлғалық қасиетінің дамуына жағымсыз
ықпал етеді. Қазіргі кезде заман ағымына қарай, отбасыда демократиялық
қарым-қатынасқа ұмтылушылық бар, яғни әр отбасы мүшесі тең құқықты қарым-
қатынасты орнатуды көздейді.
Түйіндей келе, отбасыда орныққан қарым-қатынас түрі мен қалыптарына
сәйкес баланың тұлғалық қасиеттері қаланады. Бала әрқашанда ата-анадан
жүрек жылуын, мейірімділікті қажет етеді, ол ата-ананы өмірдің тірегі
санайды. Баланың денсаулығын саќтау мен салауатты өмір салтына баулу үшін
ата-ана игілік жасаушы, айтушы болып табылады.
Біраќ, ќазіргі кезде мектеп пен отбасындағы ынтымаќтастыќты орнатуға
немќұрайлыќпен ќарау орын алып отыр. Бұл күнкөріс жағдайымен отбасындағы
балалардың денсаулығын шыныќтыруына, салауатты өмір салты ұстанымдарына
баулу мєселелеріне көңіл бөлінбеуі тіпті ата-аналардың жиналысќа келмеуі,
мектеппен байланыс жасауға талпыныстың болмауына єкеліп отыр. Ауыл єлеуметі
мен мектеп арасындағы ынтымаќтастыќты орнатуда мектеп психологы мен
єлеуметтік педагогтың орны ерекше. Нарыќтыќ экономика жағдайында ауыл
тұрғындарының єлеуметтік деңғейлері єр түрлі болғандыќтан єр отбасында
тєрбиеленуші оќушылардың да мұќтаждыќтары єр ќалай ќанағаттандырылады. Осы
орайда бұл мамандыќ иелері ата-анамен бала, мектеп пен ата-ана арасындағы
ќарым-ќатынас орныќтырылады [26,14]. Ғылыми тұрғыдан дєйектеп оќушының
дұрыс єлеуметтенуіне, салауатты өмір сүруіне үлес ќосады. Ауыл жағдайында
білім беру мекемесінің, отбасының, ортаның, билік орындарының арасында
байланыс арќылы оќушының жеке тұлғалыќ дамуын жєне денсаулығын ќамтамасыз
ететін ашыќ валеологиялыќ орта ќалыптасын, яғни ол өз ќызметін іске
асыруына негіз бола алады.
Ќазіргі заман мұғалімі денсаулыќ саќтау жүйесіндегі мектепте жұмыс
істеу үшін єдістемелік дағды мен технологиялыќ біліктіліктің “педагогикалыќ
минимум” деңғейімен ќамтамасыз етілуі ќажет. Осыған байланысты біз
валеологиялыќ ќызметті ұйымдастыру жолдарын аныќтап жєне єдістемелік
негіздерін көрсетуді жөн көрдік.

2 Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру арќылы оқушыларда валеологиялыќ
мєдениетін қалыптастырудың єдістемелік негіздері

2.1 Оқушыларды салауаттылыќќа ынталандыру және валеологиялыќ
мєдениетін қалыптастыру жолдары

Қазіргі таңда оқушыларды салауатты өмір салтына ынталандыру мен
денсаулығын қалыптастыру өзекті жалпы педагогикалық проблема болып отыр.
Бәрімізге мәлім, бүгінгі таңдағы кең таралған түрі мектеп ауруларының
басты себебі – авторитарлық – репродуктивтік тұрғыда ұйымдастырылған оқу-
тәрбие процесі. Осы заманға мектеп жүйесі жас ерекшелігі физиологиясы мен
психологиясының ғылыми негіздері мен гигиена, валеология талаптарына сай
емес. Мысалы, 1-сыныпта мектепке үйрену және негізгі мектепке өтуде
көпшілік балалар үшін ауыр және бұл жағдай олардың функционалдық
мүмкіндіктерінің төмендеуіне әкеп соғады. Нәтижесінде үйрену тәсілдерінің
таусылуы, үнемі шаршап, қажудың пайда болуы оқушылардың ауруларын
көбейтеді. Баланың сабақ кезінде бір орнында тапжылмай ұзақ отыруы, оның
үнемі стресс жағдайында болуы баланың психикалық саулығына көптеген зиянын
тигізеді.
Жас ұрпақтың денсаулығының маңызды көрсеткіші оның дене дамуы мен
денесінің жұмысқа жарамдылығы болып табылады. Осы саладағы кемшіліктің
басты себептерінің бірі – оқушылардың жалпы қимыл белсенділігінің
төмендеуі.
Біріншіден, оқушылар оқу әрекетімен шамадан тыс шұғылданады. Екіншіден,
кейбір мектептерде валеология, дене шынықтыру сабақтары тиісті дәрежеде
өткізілмейді. Үшіншіден, баланың өз ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Химиядан сыныптан тыс жұмыстар
Бастауыш сыныптарда математикадан жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар
Математикадан бастауыш мектепте сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар
Сыныптан тыс жұмыстар
Физикадан жеке сыныптан тыс жұмыстар
ӘДЕБИЕТТЕН СЫНЫПТАН ТЫС ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫСТАР
Информатикадан сыныптан тыс жұмыстар әдістемесі
Сыныптан және мектептен тыс психологиялық жұмыстар
Бастауыш сыныпта математика пәнінен ұйымдастырылатын сыныптан тыс жұмыстар әдістемесі
Бастауыш мектепте сыныптан тыс жұмыстардың педагогикалық мәні
Пәндер
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь