Дүниетаным және оның құрамды бөліктері



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
1. Дүниетаным және оның құрамды бөліктері

Дүниетаным дегеніміз объективті дүниеге және ондағы адам алатын орнына,
адамның өзін қоршаған шындыққа және іс қатынасы туралы көзқарастар жүйесі,
сонымен қатар осы көзқарастарға тәуелді адамдардың өмірлік позициясын,
олардың ірі, мұраттары, таным және іс-өміет принциптері, құнды бағдарлары.
Педагогика ғылымы оқушы тәрбиесінің мазмұнына енетін ғылыми дүниетанымды
қалыптастыру мәселесін шешуде оның құрамды бөліктерін ажыратып қарайды.
Педагогикалық ғылыми еңбектерде дүниетанымның төрт құрамды бөлігі
көрсетіліп жүр. Олар: ғылыми білім жүйесі; дүниетаным; сенім; адам мұраты.
Білім объективтік дүниені бейнелейтін адам баласының мол тәжірибесі.
Білім арқылы табиғаттың және қоғам құбылыстарының объектиівтік жақтарын
зерттейді, түсінеді, ұғады. ғылымын білім қалыптасудың және дүниетанымы
дамуының үлкен гірсіИ Міне, осының нотижееіндс білім ор адамиың
көзқарасыийИ сеніміне айналады.
Дүниетаным жеке адампың табиғи және әлеуметгік құбылыстарын түсіндіру
туралы байымдауы, ой тұжырымы. Адамзаттың пайда болу тарихын түсіндіруде
түрлі көзқарастардың бар екеіні мәлім. Мысалы, материалистер мұндай
проблеманы ғылыми дүниетаным тұрғысынан дәлелдесе, ал дін ілімінің
өкілдері тәңірдің қалауымен деп тұжырымдайды.
Сенім терең, тиянақты ойланып айтылатын идеалардың жиынтығы. Сенім жеке
адам өмірлік позициясының беріктігін анықтайды, мінез құлқын сипаттайды. Әр
түрлі идея адам сенімінің негізгі, шындықты терең тану, оның соңынан еріп
отыру.
Адам мұраты жете түсінудің жоғары кемелі, адам баласының жоғары мұрат
мақсаттары, өмірге ұмтылушылығы, талаптанушылығы. Мұрат айналадағы өмірді
жетілдіруде және қоғамның әлеуметтік-экономикалық үдеуін дамытуда адамның
сезімін оятады.
Дүниетанымның қалыптасуы үздік және күрделі процесс, оның нәтижссінде
жеке көзқарастар және сенім жүйесі дамиды, қалыптасады, олар жеке адамның
өміет жасауына басшылық болады. Дүниетаным процесінде әртүрлі факторлар,
мәселен, әлеуметтік және микроорта мен тәрбие, жаппай ақпарат құралдары
т.б. әсер етеді. Олардың әрқайсысы іс-өміеттеріне әр түрлі ықпал жасайды.
Жеке адамның өмірге, табиғатқа көзқарасының қалыптасу процесі дүниетаным
идеясы элементтерін игеруден, яғни білімніңі ғылымның негіздерін және мінез
құлықтың белгілі формаларын білу, оларды сақтай білуден басталады,
Дүниетанымдық білімін оқушылар дене, ақыл-ой, күшінің дамуына, білім
деңгейіне сәйкес бірте-бірте игереді. Орыстың ұлы, педагогы К.Д.Ушинский
Әрбір сыныптан, ең кіші сыныптан бастан оқушылардың жасына қолайлы өзінің
жинақталған көзқарасы болуы керек... Әрбір жыл сайын бұл көзқарастың
тереңдетілуі кеңеюі, толықтырылуы тиіс, - деп жазды. Қандай дүниетанымдық
ұғымды бастауыш, орта, жоғары мектеп жасындағы балалардың меңгеруі керек?
Оқыту мен тәрбиенің әрбір кезеңінде дүниетанымдық білімнің мазмұны,
тереңдігі және оларды оқушыларға түсіндіру мемлекетгік оқу және тәрбие
бағдарламаларында қарастырылған. Оларда оқушылардың жас ерекшсліктері және
күрдеді дүниетапымдық ұғымды игеру қабілеттері еске алынған.
Бастауыш сынып оқушылары дуние, табиғаттың құбылыстары, біздің
еліміздегі, шетелдердегі қоғамдық және саяси өмір туралы, адамның
табиғатпен өзара өміеттесуі, қоғам өміріндсгі оның іс әрекеті туралы ғылыми
білімнің бастапқы негіздерін игереді. Оқыту және тәрбие барысында Отан,
халық туралы, алдыңғы қатарлы адамдардың дүние жүзі халықтарының
бейбітшілік және бақыты үшін күресі туралы оқушылардың түсінігі
қалыптасады.
V-VIII сынып оқушыларының ғылыми дүниетанымы жаратылыстану математика,
физика және гуманитарлық пәндерді оқу барысында дамиды, сонымен бірге
олардың көзқарасы қоғамдық пайдалы және онімді еңбек туралы қалыптасады,
құқықтық санасы, азаматтық жауапкершілігі тәрбиеленеді. Дүниетанымның
қалыптасуы оқытудың өмірмен тығыз байланысы, оқушыларды еңбек іс әрекетіне
тарту, яғни бұл дидактикалық және тәрбиелік жагыдайлардың бірі.
Оқушылардың өмірлік жагдайларының қалыптасуы, әлеуметтік тұрмыс және
адамгершілік қалып, олардың практикалық істері үлкен ықпал жасайды.
Өйтксні осы ортада әрбір оқушы өмір суреді, тіршілік етеді. Бұлардың бәрі
оқушылардың еңбегін, қоғамдық пайдалы іс-әрекеттерін дұрыс ұйымдастыруды
талап етеді. Осындай тиімді істердің барысында олардың өмірлік тәжірибесі
артады, іскерлігі және дағдысы дамиды.
Жоғары сынып оқушыларының табиғат және қоғам туралы ғылыми білім шеңбері
кеңейеді, тереңдейді, диалектикалық ойлай білуі, табиғат пен қоғам дамуының
заңдылықтарын дәлелдеп түсіндіре білуі қалыптасады, Олар жинақталған
адамгершілік идеасы төселу үшін өздерінше жете түсінуге, шындықты іздеуге,
өздеріне және басқа адамдарға жоғары талап қоюға, барлық істерде әділетті,
адал болуға тырысады.
Әр түрлі проблемаларды (саяси, әдеби, ғылыми т.б.) байымдау, талдау және
оларға қорытынды жасауга саяси-идеялық, ғылыми-техникалық бағыттылықты
басшылыққа алуды оқушыларға үйрету қажет.
Дүниетанымды қалыптастыруда оқытылатын құбылыстар мен процестерді ғылыми
тұрғыдан түсіндіру керек. Мысалы, өсімдіктер мен .жануарлар дүниесінің даму
себептері, бір түрдің жойылып кетуі, екіншісінің берік өмір сүруі көп
жылдар бойы жұмбақ болып келді. Атақты ағылшын ғалымы табиғат зерттеушісі
Ч.Дарвиннің табиғи сұрыптау теориясы олардыц себептерін ғылыми негізде
түсіндіреді.
Жеке адамиың дамуына және мінезқұлқында дүниетанымның рөлін баса айта
келіп, А.С.Макаренко біз мектептеріміздегі уақытта, өз өмірінің әрбір
кезеңінде өзінің бақыты үшін қобалжымай, дұрыс өлшем табатын, жігерлі,
идеялы қоғам мүшелерін біріктіруіміз керек, - деді. Сондықтан ғылыми
дүниетанымның қалыптасуы тұтас педагогикалық процестің барлық салаларына
енуі керек. Оқыту және тәрбие жұмыстарының әр түрлі құралдарын, әдістері
мен тәсіддерін жинақы пайдаланудың нәтижиесінде оқушылардың ғылыми
көзқарастары сенімі және мұраты қалыптасады, табысты болады.
Қай уақытта болмасын дүниенің жаралуы, табиғаттың түрлі құбылыстары
туралы адамның өзіндік көзқарасы, түсінігі болды. Кейбір табиғат
құбылыстары тылсым жұмбақ болып көрінеді де, адам санасына елеулі әсер
етеді. Адам тосын бір жағдайға кездессе немесе өзіне беймәлім нәрсе көрсе,
көпшілік жағдайда оны ойға салып қорытындыламай, сезім жетегіне еріп
кетеді. Табиғат құбылысының терең тылсымына үңілуде адамзат баласы талай
талай жолдардан өтті. Бай тәжірибе жинақтады. Дегенімен, адамның ақыл ойы,
өресі жете бермейтін құбылыстар аз емес.
Түрлі салт-дәстүр, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адамзат дамуының қай кезеңінде болмасын тәрбиенің тиімділігін жетілдіру
Дүниетаным мен ғылыми дүниетаным
Адамның сенім жүйесі оның дүниетаным көрінісі
Орта білім беретін мектептің оқыту процесінде оқушылардың дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыруға байланысты жүргізілетін педагогикалық тәжірибе жұмыстары
Кіші мектеп жасындағы оқыушыларға берілетін сабақтан тыс тәрбие процесі
Жеке тұлғаның ғылыми дүниетанымын қалыптастыру жолдары
Тұлғаны қалыптастыруда дене тәрбиесінің маңызы
Оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастырудың педагогикалық негіздері
Мектептегі тәрбие процесі – динамикалық жүйе ретінде
Экономикалық ілім пәні мен әдістері
Пәндер