Дүниежүзілік саясат және халықаралық қатынастар мен саяси болжамдар



Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Дүниежүзілік саясат және халықаралық қатынастар мен саяси болжамдар

1.Дүниежүзілік саясат ұғымы.
2.Қазақстан Республикасы сыртқы саясаты, оның көп бағыттылық сипаты.
3.Қазіргі заманның жаһандық проблемалары
4.Саяси болжамдау ұғымы, мәні және ерекшеліктері.

1.Дүниежүзілік саясат ұғымы.
Бүкіл ғаламшардағы адамзат дамуының қазіргі жағдайларында жиынтық
әлемдік саяси процесі ретінде халықаралық қатынастардың саясаттануы мына
проблемаларды бірінші кезекке қояды:
а) халықаралық қатынастар жүйесі және оның шығу тегі;
б) дүниежүзілік саясат пен халықаралық құқықты қалыптастырудағы таптық
және ұлттық мүдделердің рөлі;
в) дүниежүзілік әлеуметтік ілгерілеу;
г) осы заманғы ғаламдық проблемалар және оларды шешу жолдары;
"ЭД" халықаралық қатынастарды демократияландыру.
Халықаралық қатынастар халықтар, мемлекеттер мен мемлекеттер жүйесінің
арасындағы байланыстар мен өзара байланыстардың жиынтығын сипаттайды.
Халықаралық қатынастар деп саяси, шаруашылық-экономикалық, ғылыми-
техникалық, валюта-қаржылық, әлеуметтік, дипломатиялық, құқықтық, ізгілік
және коммуникациялық байланыстардың және дүниежүзілік қоғамның барлық
негізгі субъектілері арасындағы қатынастардың жиынтығы ұғынылады.
Халықаралық қатынастар саясаттануының негізгі субъектілері -
мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар. Олардың өзгешелігінің басты белгілері
егемендігі (мемлекеттің) және егеменді еместігі (халықаралық ұйымдар,
қозғалыстар және т.с.с.) болып табылады.
Негізгі ұғымдардың шектелу қажеттігі туралы. Саясат ғылымында
"халықаралық қатынастар", "сыртқы саясат", "дүние жүзілік саясат" санаттары
қолданылады.
Сыртқы саясат — халықаралық аренадағы жекелеген мемлекеттердің іс-
қимылдарының сипаты, сонымен бір мезгілді халықаралық қатынастар ретінде
бүкіл сыртқы саясаттардың белгілі бір жиынтығы болып табылады.
Халықаралық қатынастар жекелеген мемлекеттердің айқындамалары мен іс-
қимылдарының, олардың қатынастары мен проблемаларының әншейін жиынтығы ғана
емес, керісінше белгілі бір объективті және субъективті факторларға
байланысты серпінді түрде дамитын жүйе болады.
Мемлекеттің халықаралық қатынастары мен сыртқы саясаты өзара ықпалдас
болады. Бір жағынан, халықаралық қатынастар көбінде белгілі бір тарихи
дәуірде жетекші державалардың ішкі саясатын бейнелеп, білдіреді, екінші
жағынан, кез келген мемлекет халықаралық құқықтың қалыптасқан өзара
қатынастарының, нормалары мен принциптерінің дүниежүзілік шынайылығын,
"әлемдік саясат ойыны ережелерін" есепке алуға мәжбүр болады.
Осы заманғы халықаралық қатынастардың сипаттамасынан нені есепке алу
керек?
Біріншіден, XX ғасырдың 90-жылдарында түбегейлі өзгерістер болды:
КСРО, социализмнің әлемдік жүйесі күйреді, Варшава Шарты мен Экономикалық
Өзара Көмек Кеңесі таратылды, "қырғиқабақ соғыс" жойылды, бұрынғы кеңестік
кеңістіте жаңадан жас ұлттық мемлекеттер пайда болды және т.т.
Екіншіден, Шығысқа НАТО ықпалының өрістеу процесі жүріп жатыр.
Югославияға қатысты АҚШ пен НАТО саясаты — НАТО-ның БҰҰ Жарғысын бұзғанын
дәлелдейтін оқиға, олар ашық түрде соғыс қимылдарына килікті.
Үшіншіден, Ресей мен Шешенстан арасындағы жанжал. Төртіншіден, адамзат
алдында тұрған ғаламдық проблемалар. Қазіргі заманғы халықаралық қатынастар
тәжірибесінде әртүрлі замандағы белгілі бір заңдылықтар байқалады:
а) біртұтас ұлттар өздерін дүниежүзілік аренада тең құқықты
субъектілер деп мәлімдей отырып, халықаралық қатынастарға қатысушылардың
мемлекеттілік пен егемендікті барынша жүзеге асыру үрдісі;
б) халықаралық қатынастарға қатысушылар санының барған сайын
ықпалдасуының күшейе түсуі, кең көлемді саяси, әлеуметтік-экономикалық
және ізгілік ынтымақтастықтың институциялық нысандарының нығаюы үрдісі;
в) жаңа қауымдастықтың орнығуы процесінде диалектикалық тұрғыдан өзара
мүдделестікті ескеру негізінде ынтымақтастықты ұлғайту, сондай-ақ әртүрлі
мемлекеттердің бесекелестігі мен тіпті тайталасу процестері болған кездегі
халықаралық қатынастардың өтпелі жай-күйі.
Халықаралық (дүниежүзілік) саясат халықаралық құқық субъектілерінің
мүдделерімен келісуіне, соғыс және бейбітшілік, бүкіл адамзаттың өмір
сүруі, жалпыға ортақ қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен ғаламдық, аймақтық
және ұлттық жанжалдарды реттеу, қоршаған ортаны қорғау, медеулік пен
кедейлікті, аштық пен ауруларды жеңу, әлемде әділетті тәртіп орнату
мәселелерін шешуге байланысты осы субъектілердің мақсатты саяси қызметі
болып табылады.
Бүгінгі таңда дүриежүзілік қауымдастықта тарихи, әлеуметтік-
экономикалық және мәдени дамудың әртүрлі деңгейлеріндегі 200-ден астам
мемлекеттердің өкілдері болып отыр.
Дүниежүзілік саясат құрылымдық жағынан ұлттық мемлекеттердің сыртқы
саяси қызметі, БҰҰ-ының, халықаралық одақтардың, ұйымдар мен мекемелердің
ғаламдық қызметі, осыған өкілдік алған мемлекеттер мен халықтардың өкілдері
болып табылады. Дүниежүзілік саясаттың негізгі артықшьшықтары адамзат
алдында тұрған ортақ проблемаларды шешу қажеттілігімен және осы саясат
субъектілерінің ұлттық мүдделеріне байланысты болады.
Саясаттың халықаралық қатынастардағы жетекші рөлі мына факторларға
байланысты болады:
а) дүниежүзілік саясат субъектілерінің орасан зор ресурстары мен
бүкіл, қоршаған дүниеге әсер ету мүмкіндіктері бар, сонымен бірге олар
саяси, сондай-ақ саяси емес халықаралық процестерді басқарудың қуатты
тетіктеріне ие болып отыр;
б) халықаралық қатынастардың қадамдастыру жөнінде айқын көрінетін
үрдісі бар, мұның өзі оларды реттеуге арналған халықаралық саяси тетіктерді
жетілдіруді талап етеді;
в) қазіргі заманғы ядролық дәуір бүкіл адамзаттың қауіпсіздігі мен
өмір сүру пробемаларын айрықша қойып отыр, бұл дүние-жүзілік саясаттың
басты бағытын белгілейді;
г) осы заманғы әлем сонымен бір мезгілде қарама-қайшылықты және
біртұтас, өзара байланыстарды әрі өзара тәуелді дүние.
Дүниежүзілік саясатта жалпы адамзат проблемалары мен мемлекеттің
ұлттық мүдделері мәнді көрінісің, табады. Ұлттық мүдде мемлекет қызметінде
оның түбегейлі қажеттерін түсіну мен көрсету болып табылады.
Халықаралық саясат екі бірдей процесс: мемлекеттің өз мүдделерін
қорғау мен жүзеге асыру және басқа мемлекеттердің, дүниежүзілік
қауымдастықтың мүдделерін есепке алу болып табылады.
Қазіргі заманғы халықаралық қатынастар, дүниежүзілік саяси процесс
екіұдай қарама-қайшы әлемнен көп қарама-қайшылықты әлемге көшуімен
сипатталады, АҚШ-тың басым айқындамаларын сақтаған жағдайда саяси және
экономикалық өзара байланыстар мен қатынастарды ғаламдастыру процесі
жүреді. Туындайтын алшақтықтарды шешудің әдісі ретінде халықаралық
қатынастарда қауіпсіздікті нығайту мен соғысты жою проблемасы басты мәселе
болып отыр, халықаралық және ұлттық өмірлік қызметінің негізгі салаларын
демократияландыру үрдістері көріне бастады.

2.Қазақстан Республикасы сыртқы саясаты, оның көп бағыттылық сипаты.
Дүниежүзілік тәртіпті қалыптастырудың геосаяси үлгілері туралы. Әлем
XXI ғасырда қандай болмақ?
АҚШ-тың бұрынғы Президенті Б. Клинтон АҚШ Конгресінде сөйлеген сөзінде
XXI ғасыр — бұл Американың ғасыры деген болатын.
ФГР-ның бұрынғы канңлері Т.Коль XXI ғасырда дүние жүзілік
қоғамдастықтың дамуын үш орталық: АҚШ, Германия мен Жапония Біріккен Еуропа
анықтайтын болады деп атап көрсетті.
Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Накасонэ әлемдік дамуды тоғыз
орталық Капитализмнің дамыған жеті елі, Pecей мен Қытай белгілейтін болады
жаздады. Кейбір саясаткерлер XXI ғасыр екі үстем державалардың – АҚШ пен
Қытай тай-таласының ғасыры болады дей eceптейді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев бейбітшілік, қоғамдық
өмірдің барлық салаларындағы ынтымақтастық негізінде іргесі қаланатын
бірнеше орталықты атап көрсетті.
Бұл саяси қайраткерлердің, мемлекеттер басшыларының болжамдары.
Халықаралық қатынастар саласындағы мамандар да болжамдар жасайды, олар
жоғарыда айтқан пікірлермен қаншалықты бөлісер екен?
Дүниежүзілік тәртіпті қалыптастырудың бірінші үлгісінде әлем бір –
қарама-қайшы-авторитарлық үлгі ретінде көрінеді, онда АҚШ өзінің еркімен
және өзінің ұлттық мүдделеріне және өзінің дүние түсінігінің негізделген
"әлемді құрумен" айналысуға мәжбүр болады.
Екінші үлгі - екіұдай қарама-қайшылықты қақтығысты үлгі, онда АҚШ пен
Қытай жетекші рөл атқарады.
Үшінші үлгі – көп қарама-қайшылықты әлем — әртүрлі елдердің, ең
алдымен саяси ықпал мен қуат орталықтары мүдделерінің теңгерімі есебінің
үрдісімен байланысты тайталассыз демократиялық жүйе.
Қазіргі уақытта ең болашағы бар әрі ықтималыдар қарама-қайшылықты
әлемнің үшінші үлгісі болып табылады, оны жүзеге асыру дүниежүзілік
геосаяси дамудың екі алғашқы нұсқаларының әсеріне байланысты болады.
Дүниежүзілік қоғамдастықта Қазақстан қандай орынлады, біздің
мемлекетіміздің сыртқы саясатының принциптері мен мақсаттары қандай?
1991 жылы Қазақстан егеменді ел, халықаралық қатынастардың дербес
субъективті болды. Алайда тәуелсіздік алып, егемендікті жариялау көптеген
проблемаларды шешу қажеттігін талап етті. Қазақстан дүниежүзілік саясаттың
белортасында болды, сондықтан оған ерекше назар аударылды. Осының барлық
негізі бар болатын, ең алдымен, оның аумағының орасан зор көлемі, ұшан-
теңіз табиғат байлықтары, халқының көп этникалық құрамы, сайып келгенде,
бұрынғы КСРО-ның адролық әлуетінің көп үлес-салмағы болды.
Қазіргі кезенде Қазақстанның тәуелсіздігін 120 мемлекет танып отыр,
олардың 115 мемлекетімен дипломатиялық қатынастар орнатылған, 49 шетел
елшіліктері мен миссиялары, халықаралық ұлттық ұйымдардың 19 өкілдіктері
жұмыс істейді, Республика БҰҰ-ның мүшесі болды.
Қазақстанның сыртқы саясат бағыты беделді халықаралық ұйымдар мен
форумдардың бірқатар құжаттарында, атап айтқанда, БҰҰ-ның Жарғысында, 1970
жылғы халықаралық құқық принциптері туралы мәлімдемеде, 1975 жылғы
Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі Кеңестің қорытынды
актісінде баянды етілген халықаралық қатынастардың негізгі принциптерін
сақтауға бағдарланған.
Құжаттарды талдау халықаралық актілерде әңгіме он принцип туралы болып
отырғанын дәлелдейді:
1. Егемеңді теңдік принципі.
2. Басқа мемлекеттердің ішкі істеріне араласпау принципі.
3. Халықаралық ынтымақтастық принципі.
4. Халықаралық міндеттемелерді адал орындау принципі.
5. Күш қолданбау немесе күштеп қоқан-лоққы жасамау принципі.
6. Шекаралардың мызғымастығы принципі.
7. Мемлекеттер аумағының тұтастығы принципі.
8. Халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу принципі.
9. Ұлттар мен халықтардың өзін-өзі билеу прииципі.
10. Адамның құқықтары мен негізгі бостандықтарын құрметтеу принципі
Президент Н.Назарбаев Қазақстанның сыртқы саясатыньщ негізгі
бағыттарына "Егемен мемлекет ретінде Қазақстанның орнығуы мен дамуы" деген
еңбегінде: "ТМД", "АТА", "Азия", "Еуропа", "Америка" бағыттары деп анықтама
берген. Кез келген басқа мемлекет сияқты, Қазақстанның сыртқы саясаты
ұлттық мүдделерге негізделді. Геосаяси жағдайды, экономиканы, әскери
әлуетті, экономикалық-саяси құрамды негізге ала отырып, біздің мемлекет
дүниежүзілік дипломатияда қабылданған саяси құралдарға сүйенеді.
Бұл тұрғысындағы стратегиялық бағыт аумақтық жағынан жақын "көршіміз"
Ресеймен өзара қатынас болып табылады, онымен қатынастар екі мемлекеттің
даму тарихы барысында қалыптасып, олардың мүдделері көп ретте үйлесім
тапты. Тең құқықтық және сенімді қатынастардың дамуы мен нығаюы
Қазақстанның тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз етудің маңызды
шарты болып табылады.
Қазақстан Орта Азия мемлекеттерімен ықпалдастық процестерін белсенді
түрде ұстанып келеді. Отын-энергетика кешеніндегі ықпалдастық аймақтың
барлық мемлекеттерін отынның барлық түрлерімен толық қамтамасыз ету үшін
жағдайлар жасайды, сонымен бірге, табиғи шикізат пен бірлескен
инвестициялар негізінде бәсекелік-еркін өнім өндіруді ұйымдастыруға
мүмкіндік беретін сенімді экспортгық және жиынтық өндірістік әлует жасайды.
Бүгінгі таңда берік өзара қатынастар ең алдымен осы аймақта Қырғызстанмен
және Өзбекстанмен болып отыр.
"АТА" бағыты — бұл Оңтүстік-Шығыс Азияның басқа елдеріне шығатын Пекин-
Сеул-Токио бағыты. Оның маңыздылығы бұл елдердің озық технологиялар елдері
болуымен анықталады, олар кең көлемді инвестициялар мүмкіндігі бар несие
көздері болып табылады. Болашақта бұл аймақ Қазақстанда бірқатар жобаларды
іске асыру үшін біздің өнімдерімізді өткізу және жұмысшы күшін тарту
рыногына айналуы мүмкін.
АТА ауқымыңда Жапония жетекші рөл атқарады және АТА-ны дүниежүзілік
экономиканың орталығына айналдыруға ұмтылып отыр. Жапония Қазақстанның аса
ірі қаражат құюшысы болады. Жаңада құрылған экономикалық және әлеуметтік
дамыған Қазақстан-Жапония қауымдастығы (1995 ж.) жұмыс істеуде, оның
негізгі бағъптары өнер-кәсіпті құрылысты, инфрақұрылымды, әлеуметтік саланы
дамьпу үшін инвестициялар мен шетелдік жеңілдетілген несиелерді тарту болып
табылады.
Қытаймен ынтымақтастықты дамыта отырып, Қазақстанның дүниежүзілік
коммуникацияларға шығу мүмкіндігі бар. Қытай, Оңтүстік Корея, Сингапур,
Малайзия, Таиланд, Индонезия жылына 4-5-тен 8-9 %-ға дейін экономикалық
даму есімінің жоғары қарқындарын көрсетіп келеді.
"Азиялық" бағыт Түркиямен, Иранмен, Үндістанмен, Пәкістанмен және
Азияның басқа да мемлекеттерімен ынтымақтастықты көздейді. Қауіпсіздік
проблемасы азиялық саясатта басым орын алады. Осыған байланысты
Қазақстанның Азиядағы іс-қимылдар мен сенім шаралары мәселелері жөніндегі
Кеңесті шақыру туралы бастамасы нақты саяси мәнге ие болады және
халықаралық өмірдің нақты факторына айналады.
"Еуропапық" бағыт стратегиялық бағыт болып табылады. Мұның осындай
бағыт болуы, ең алдымен, мынаған байланысты: Еуропа дүние жүзінің аса ірі
саяси, экономикалық және мәдени орталықтырының бірі және Азия мен Еуропаның
ортасында орналасқан Қазақстан еуропалық мемлекеттерді болашағы бар
әріптестер ретінде қарастырады. Еуропалық Кеңеспен ынтымақтастық техникалық
көмек, инфрақұрылымды және кадрларды оқытып-үйретуді дамыту мақсатында
несиелер алу мүмкіндігін береді.
"Америкалық" бағытты да стратегиялық бағыт деп қарастыруға болады.
Қазақстан-Америка қатынастары саясат пен экономика саласындағы әріптестік
деңгейіне көтерілді. Сауда-экономикалық ынтымақтастық саласында бірқатар
шарттар мен келісімдерге, атап айтқанда, сауда келісіміне қол қойылды,
осыған сәйкес Қазақстан АҚШ-пен сауда жасауда мейлінше қолайлы ел
мәртебесін алды.
Сонымен, Қазақстанның сыртқы саясаты орнығу кезеңінен ойдағыдай өтті
және жаңа тарихи жағдайларда мемлекеттік саясаттың ажырағысыз бөлігі
ретінде нық ірге тепті. Қазақстанның дүниежүзілік қауымдастықтағы орны мен
оның дүниежүзілік саяси процестегі рөліне қатысты жоғарыда қойылғай
сұрақтарға жауап бере келіп, біздің президентіміздің Қазақстан әлемдегі
геосаяси және геоэкономикалық үрдістерге есер ететін ірі аймақтық
державаның толық мәніндегі мәртебесіне үміткер бола алады екен көзқарасымен
келісуге барлық негіздер бар.

3.Қазіргі заманның жаһандық проблемалары
XX ғасырдың 60-жылдары ғылымда ғаламтану бағыты пайда болды.
Ғаламдық проблемалардың негізгі топтары:
а) халықаралық әлеуметтік-саяси проблемалар: жалпыға бірдей
қауіпсіздік жүйесін нығайту негізінде ядролық сағысқа жол бермеу, жанталаса
қаруланудың деңгейін төмендету, аймақтық, мемлекетаралық жанжалдарды
реттеу, күш көрсетпеу әлемін құру;
б) халықаралық әлеуметтік-экономикалық және экологиялық проблемалар:
дамушы елдердің мешеулігін (аштықты, кедейлікті, сауатсыздықты) жою,
энергетикалық, шикізат және азық-түлік дағдарыстарын шешу, демографиялық
ахуалды оңтайландыру, өндірістің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету,
ғарыш пен Дүниежүзілік мұхитты бейбіт мақсаттарға игеру;
в) адам проблемалары: негізгі құқықтар мен бостандықтарды сақтау,
адамның өмір сүруінің қажетті өмірлік жағдайларын қамтамасыз ету, қағандық
қатынастарды демократияландыру, адамды саясаттан және халықаралық
қатынастардан аластауды жою.
Өзінің сипаты жағынан ғаламдық проблемалар әртүрлі болады, алайда
олардың бәрі адамзаттың географиялық бірлігі мен оның өмір сүруінің
принципіне бағынады. Өркениет басынан кешетін қайсыбір проблемада қауіп-
қатердің деңгейіне қатысты даулар пайда болады, бірақ олардың өскелең
өткірлігі мен олар сөзсіз шешіледі. Бұл орайда, қаншалықты қуатты
болғанымен, бір де бір мемлекет, мемлекеттердің бір де бір тобы бұл
проблемаларды дербес шеше алмайды. Бейбітшілік жағдайларындағы барлық
елдердің өзара іс-қимылдары ғана, жалпыға ортақ өзара тәуелділікті түсіну
мен бірінші кезекке жалпы адамзаттық міндеттерді қою ғана халықтардың
ертеңгі күніне деген, былайша айтқанда өмір сүруіне кәміл сенімін ұялатады.
Қазіргі заманғы әлемнің ғаламдық проблемалары туындауының себептері
қандай? Олардың көрінуіне себепші факторлар қандай?
Біріншіден, бұл дүние жүзінде кең өрістеген ғылыми-техникалық
революция. Оның өткендегі өнеркәсіп төңкерістерінен айырмашылығы
техникадағы, технологиядағы және ғылымдағы бір мезгілдегі сапалық
секірістер болып табылады. Мұның өзі әскери істе, өндірісте, көлікте,
байланыста, саудада ірі ілгерілеулерді туғызды, адамзат алдынан еңбек
қарулары мен құрал-жабдықтарын, материалдық және рухани құндылықтарды
өндіруде принципті жаңа мүмкіндіктерді ашты.
Екіншіден, ғылыми-техникалық революция дүние жүзіндегі аса ірі
әлеуметтік өзгерістерден, елдердің индустриялық дамуын шапшаңдатқан
қоғамдық ілгерілеумен тұспа-тұс келді.
Үшіншіден, қоғамдық дамудың барлық жақтарын, ең алдымен энергияның
жаңа түрлерін, электрді, атом энергиясын, ғарышты, Дүниежүзілік мұхиттың
құпияларын игеру мен оның байлықтарын пайдалануға жеткізетін өндіргіш
күштердің дамуын шапшаңдату.

4.Саяси болжамдау ұғымы, мәні және ерекшеліктері.
Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін капиталистік және
социалистік системалардың арақатынасында "кырғи қабақ соғыс" пен қатал
идеологиялық қарама-қарсылық кезеңі басталды. Ол 80 жылдардың ортасына
дейін созылды. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саясат тарихы жайлы мәлімет
Ақша-несие саясаты жайында
Қазіргі әлемдік үрдісті реттеу және жаңа әлемдік саясат
Экономикалық ой-пікірлердің қалыптасуы туралы
Г. Киссинджер:тұлға әрі саяси қайраткер
Қазақстан Республикасындағы болжау мен жоспарлаудың дамуын талдау
Валюталық реттеу механизмі және оны жетілдіру
Экономикалық жоспарлау мен болжау
Эмр-дің әдістері мен ұйымдастыру негіздері
Саясаттанудың ғылым ретіндегі пәні, әдістері мен қызметтері
Пәндер