Дүниетану сабағында бастауыш мектеп оқушыларының табиғатқа деген эстетикалық тәрбиесін қалыптастыру


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Дүниетану сабағында бастауыш мектеп оқушыларының табиғатқа деген эстетикалық тәрбиесін қалыптастыру.

Қазіргі таңда оқушылардың эстетикалық құштарлығын арттыратын жаңа жол іздеу керек. Ол үшін әр ұстаз өзі қызмет етіп жүрген ортасына қарай, шәкірттерінің ұғымы, санасы, тәрбиесіне, мінез-құлқына орай өзінің мүмкіншілігіне қарай әдіс таңдап алуы тиіс. Әрине, әр пәннің жеке ерекшелігіне орай ізденіп, әдіс-тәсілдерді түрлендіру қажет. Сабақта оқушылардың қызығушылықтарын, шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін жұмбақтар, ойын-есептер, санамақтар, жаңылтпаштар, ойындар тағы басқа жұмыыстарды жүргізген жөн. Берілген тапсырмасларды жалаң түрде орындаттырып қана қоймай, сол сабақ үстінде әр түрлі ойын элементтерін кіргізсе бала үшін әрі ойын, әрі ойлау қабілетін арттыратын процесс болар еді.

Бастауыш сынып мұғалімдері оқушылардың оқуға қызығушылығын оятудағы өзіндік белгілерін ескеруі қажет:

І - Ішкі белгілер

А) Сабаққа белсенді қатысу

Б) Сабақ үстінде сұрақтар қою

Б) Пәнмен көбірек айналыссам деген тілегі

В) Берілген тапсырмаларды оқушылардың толығымен орындауы

ІІ - сыртқы белгілері

А) Оқушылардың көңілдерінің көтерілуі

Б) Көздерінің оттай жануы

В) Бет әлпеттерінде қуаныщтың белгісі

Балаларды оқытуда және тәрбиелеуде ойынның мәні педагогикалық жүйеде бұрын да, қазір де қарастырылып отыр. Алдыңғы қвтврлы педагогтардың бәрі де ойынды нағыз керекті және маңызды іс-әрекет деп түсінеді. Чех педагогы К. А. Коменский ойынды баланың ең қажетті іс-әрекетінің табиғатына және бейімділігіне ең жауапты түрі деп санайды.

А. С. Макаренконың айтуынша ойында баланың физикалық психологиялық қасиеттерінің сапалары да өзгеріп отырады. Ойын баланың сабаққа ынтасын, қызығушылығын, белсенділігін білімді толық игеруіне көмектеседі. Ойын балаларды негізгі іс-әрекетінің бірі.

Бала өмірі ойынға байланысты. Бала ойынсыз өсіп, өркендей алмайды. Бұл - өмір заңдылығы. Еңбек үстінде адамның көптеген ерекшеліктері дамиды. Өмір сүру барысында ол түрлі жолдармен жарыққа шығады. Мысалы: үлкендер өздеріне тән ерекшелігін еңбектену барысында көрсетсе, ал мектеп оқушылары сабақ үстінде, ойын үстінде көрсетеді.

Ойын - балалар үшін күрделі әрекет. Балалар білімді ойын арқылы алады және үлкендерден үйренеді. Сондықтан сабақтағы ойын арқылы білімін шыңдап, ой-өрісін кеңейте алады. Ал, ойынның өз мақсаты, қажетті заттары (құралы), ерекшеліктері, түрлері болады.

Әр түрлі мектептердің бірінші сыныптарындағы тәрбие жұмысының мазмұны мен ұйымдастырылуын ұзақ зерттеу ойындардың әдетте тәрбие мақсаттары үшін әлі де жеткіліксіз пайдаланып келе жатқанын көрсетті. Ешкім де ойындарға формальды түрде қарсы шықпайды. Оның маңызын мойындайды. Бірақ іс жүзінде ойын оқу-тәрбие (арқылы) процесінде кеңінен қолданылмай жүр. Шындап келгенде, мектепке бару көптеген оқушылар үшін бұдан әрі ойнауды қойып, бірден елеулі іске, оқуға, еңбекке ауысатын шетке айналып кетеді.

Мұғалім ұдайы балаларға «есею» керектігін айтумен болады. Ал ата-аналар бұл пікірге қосыла отырып, үйде де ойынға бөлінетін уақытты шектеуге тырысады. Бірақ, балалар бұған қарамастан кез-келген бос уақытында, үзіліс кезінде, үйде де, жалғыз да, басқа балалармен бірге де ойнайды.

Ойындары да әр түрлі болады.

Шығармашылық, үстел үсті, қимылды болып келеді. Осы ойындардың көпшілігіне баланың өз тәжірибесі оның қоршаған өміріне, кітаптардың, кинофильмдердің мазмұны көрініс етіп алынады.

Оқу-тәрбие процесінде балалардың дұрыс адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға жәрдемдесетін ойындарды іріктеп алу қажет. Ойын - балалардың жақын араласуына олардың арасында байланыс орнауына іштарту және жек көру сезімдерінің тууына мүмкіндік береді.

Балалардың бәрі белсенді болмайтыны сөзсіз. Сондықтан, мұны ескермеске болмайды.

Енжар, тұйық, жүрексінгіш балалар бар. Мұндай балаларды ұжымдық қызметке тартып, олардың балалар ұжымындағы өз жағдайын баянды етуіне көмектесуді оқу мен еңбек арқылы жүзеге асырудан гөрі ойын арқылы іске асыру оңай.

Н. К. Крупская ойынның байқағыштығы ептілікке, өзін-өзі ұстай білушілікке және басқа мінездерге тәрбиелейтінін атап айтқан. Ол адамның дербестігін, ұйымдастырушылық дағдыларын дамытып, қоғамның ұйымшыл психологияға тәрбиелейтін ойындарға айрықша мән береді.

А. С. Макаренко ойынның - адам өміріндегі маңызы зор еңбекке даярлық болып табылады және бірте-бірте еңбекке ұласуы тиіс деп атап көрсеткен болатын. Ойын арқылы бала өмірден көптеген мәліметтер алады, психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырудың маңызы зор. Бала зейіні қажет ететін әдейілеп ұйымдастырылған ойындар оның ақылын, дүниетанымын кеңейтеді. Мінез-құлқын, ерік-жігерін қалыптастырады. Аса ірі психологтардың айтуы бойынша бала ойын үстінде қандай болса, зскенде еңбекте де сондай болады дейді. Ойын баланың өміртанымының алғашқы қадамы қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала болар ма?» - деп айтқандай бала өміріндегі ойын еркше орын алады. Балалар ойын барысында өздерін еркін сезінеді. Ізденімпаздық, тапқырлық әрекеті байқалады (сезіну, қабылдау, ойлау, зейін қою, ерік арқылы) түрлі психологияның түсінікпен сезім әрекетіне сүйенеді.

Ойын үстінде бала бейнебір өмірдің өзіндегідей қуаныш пен реніш сезімінде болады. Сондықтан мұғалім баланы сабақта талабын шаттандыратындай, ойын оятатындай, іскерлігін дамыта тыңдай білу керек.

Оқушылардың белсенділігін саналы ойлана білуін, ой-өрісінің дамуын, қиындықты жеңу тәуелділікке баулуды үйрету мұғалімнің негізгі міндеті. Сабақ үстіндегі ойын балалар зерігіп, шаршаған кездерде, сергіту мақсатында ғана емес, оларға берілген негізгі ұғым, түсініктерді берік меңгерту мақсатында ғана жүргізіледі.

Шығармашылық белсенділікті дамыту үшін іс-әрекетке деген қызығушылық құмарлықты ынтасын, қиялды дамыту қажет. Балаларға өздерін тапқырлыққа, білгірлікке және қиялдауға итермелейтін ойындар мен тапсырмалар өте ұнайды.

Әр түрлі ойын баланың дүниетанымын кеңейтіп, қарым-қатынас жасау белсенділігін дамытады. Ойын барысында баланың құрдастарымен де өзара қатынасы өзгереді. Олар басқа балалармен де ойнауға тілек білдіреді.

Халқымыздың тарихи мәдени мұраларының түрлері сан алуан. Солардың қай-қайсысы да адамға, соның игілігіне қызмет етеді. Осындай құнды мәдени мұралардың бірі-ұлт ойындары.

Ойын да халық педагогикасының бір бөлігі. Адам баласы жасаған жеті кереметтің қатарында сегізінші етіп осы ойынның аталып жүруі жайдан-жай емес. Дегенмен халық ойынның неше алуан түрлерін туғызып қана қойған жоқ. Соны іс жүзінде қолданып, оның тәрбиелік, білімдік жақтарын да көре білді. Ойын - мыңдаған ұрпақтың керегіне жарап, оларды өмірге әзірлеу үшін қажетін өтеген, сыннан өткен сенімді құралы.

Халық ойындары тек денені ғана емес, ойды жаттықтырушы болып табылады.

Халық өзін қоршаған ортаның қыры мен сырын егжей-тегжейлі білуді баланың санасына ойын арқылы жастайынан сіңіре алды. Ойын бала табиғатымен тығыз байланысты.

Мысалы: «Жер, су, ауа» ойыны.

Ойынның шарты балалар екі жаққа тең бөлініп отырады. Бастаушы ортаға шығады. Ол ойынға қатысушылардың кез-келгеніне допты лақтырып жібереді де, «жер», «су», «ауа» деген үш сөздің біреуін айтады. Егер бастаушы «жер» десе, қағып алған бала жерде өсетін өсімдікті, немесе жер бетінде тіршілік ететін аңның атын тез атауы керек. Ал «су» сөзі айтылса, суда мекендейтін тіршілік иелерінің, балықтың аты аталады. «Ауа» дегенде бір құс айтылуы тиіс. Ойынның шартын бұзған бала - ортаға шығып, жаңылтпаш, жұмбақ, тақпақ айтып беруі керек.

«Сөз ойла, тез ойла» ойыны.

Мақсаты: берілген дыбысқа сөз ойлап, ойлаған сөздегі дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажырата білу. Сөздік жұмыс жүргізу арқылы баланың сөздік қорын молайту. Ойын арқылы балаларды тапқырлыққа баулу.

Көрнекі құралдар: кеспе әріптер қалтасыз текшелер салынған сандық, текшелер (дыбыстардың дауыссыз, дауысты екендігін білдіретін текшелер)

Ойын барысы: тәрбиеші әріп қалтасынан кез-келген бір әріпті көрсетеді. Балалар сол әріптен басталатын сөздерді айтады. Сандыққа бірнеше текше салыпр қояды.

Мысалы А - болса:

Балалар:

Ай, алма, алмұрт, асқабақ, айна, алма, т. б.

Ал, «Санамақ» ойынында көбінесе шағын топ құрып ойнауға болады. Ауыз әдебиетінің бұл түрі баланы дұрыс диалог түұрінде сөйлей білуге, өзіне қойылған сұраққа жауап беруге жаттықтыру ісінде басты роль атқарады.

«Санамақ»

Бір дегенім - бесік

Шықтым содан өсіп

Екі дегенім - елім

Далам, тауым, көлім

Үш дегенім - үміт

Үміт артар жігіт

Төрт дегенім - төзім

Төзе білем өзім

Бес дегенім - бақыт

Бағалайтын уақыт

Алты дегенім - ақыл

Тыңдағаның мақұл

Жеті дегенім - жалау

Жүректегі алау

Сегіз дегенім - сенің

Серт беретін кезің

Тоғыз дегенің - тоқтау

Елдің жоғын жоқтау

Он дегенім - Отан

Қорға соны ботам.

Бастауыш сыныпта соңғы жылдары енгізілген дүниетану пәнінің мақсаттарының бірі - оқушылардың қоршаған ортаны танып, олармен дұрыс қарым-қатынас жасауын қалыптастыру. Дүниетану пәні орта мектептегі жаратылыстану ғылымдарының негізі болып табылады.

Дүниетану сабағы арқылы оқушылар адам, қоғам, табиғат, яғни реалды дүниенің үш құрамдас бөлігі туралы білім алады. Бұл пән балалардың танымдық белсенділігін арттырады, дүниетанымын қалыптастырады. Оқушыға өзін қоршаған өмірді, оның құбылыстарын, танып-білуге мүмкіншілік береді. Сонымен бірге, бастауыш сынып оқушыларының тілін, ой-өрісін дамытып, оларды өздігінен жұмыс істеуге дағдыландырып, шығармашылыққа жетелейді.

Дүниетану пәні қоршаған орта туралы білім бере отырып, балалардың табиғатқа деген қызығушылығы мен сүйіспеншілігін арттырып, оның тылсым тынысы мен сиқырлы сырларын білуге, табиғатты қорғауға, көркейтуге тәрбиелейді.

Дүниетану пәнінің мазмұнына адам туралы мәселелер енгендіктен, бұл материалдарды меңгеру барысында оқушылардың үлкендерге, құрбы-құрдастарына, айналасындағы басқа адмдарға қамқорлықпен қарауға, құрметтей білуге төселеді. Оқушыларды адамгершілікке, кішіпейілділікке баулу да, адамдық асыл сезімдерді ояту да осы пән арқылы жүзеге асады. Сонымен қатар қазақ халқының салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын қастерлеуге үйрететін ұлттық мәдениетіміздің бүкіл нәрін бала жүрегіне жеткізетін де осы пән. Егер әр пәндегі әр тақырыпты тиімді әдіс-тәсілдер арқылы оқытса, балалардың сана-сезімін, мәдениеті мен дүниетанымын дамытуда пәннің тигізетін әсері айрықша.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектепте сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру арқылы оқушылардың біліктерін қалыптастырудың жолдарын анықтау
Бастауыш сынып оқушыларына педагогикалық процесте адамгершілік тәрбиесін беру
Бейнелеу өнері мен дүниетану пәндерін кіріктіре оқыту негізінде бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие беру
Бастауыш сыныптарда дүниетануды оқытудың маңызы және оның басқа пәндермен байланысы
Адамгершілік мәдениеті
Бастауыш сынып оқушыларына дүнетану пәнін оқыту барысында экологиялық тәрбие беру жолдары
БАСТАУЫШ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ АДАМГЕРШІЛІК САНА СЕЗІМІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ РОЛІ
Бастауыш сыныпта дүниетану пәнінен сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
Шағын жинақталған бастауыш мектепте оқытудың қиыншылығы
Кіші мектеп оқушыларының экологиялық тәрбиесін оқытудың әдіс-тәсілдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz