ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОРПОРАЦИЯЛАР ЖӘНЕ ЕРКІН ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҚ
8 ДӘРІС. ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОРПОРАЦИЯЛАР ЖӘНЕ
ЕРКІН ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҚ

8.1. Трансұлттық корпорациялардың пайда болуы
8.2. ТҰК қызметінің негізгі ерекшеліктері
8.3. ЕЭА мәні және пайда болу себептері
8.1. ТРАНСҰЛТТЫҚ КОРПОРАЦИЯЛАРДЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ
Біріккен Ұлттар Ұйымы эксперттерінің пікірі бойынша трансұлттық
корпорациялар дүниежүзілік экономиканың бірегей қозғаушы күші болып
есептеледі. Трансұлттық корпорациялардың негізгі бөлігі АҚШ-та, Еуропалық
Одақ елдерінде және Жапонияда тіркелген.
Біріккен Ұлттар Ұйымының анықтамасы бойынша жылдық айналымы 100млн.
доллардан асатын және кем дегенде 6 елде филиалы бар фирмалар корпорация
деп аталады. Кейінгі жылдары бұл түсінік біраз пысықталып, ендігі уақытта
фирманың халықаралық дәрежесінің көрсеткіші ретінде оның өнімдерінің басқа
елдерде сатылған көлемнің проценті алынатын болып жүр. Мысалы, осы
көрсеткіш бойынша Швейцарияның НЭСТЛЕ фирмасы (98%) алдыңғы орындардың
бірін алады.
Сонымен, тарнсұлттық корпорациялар дегеніміз-шетелде активтері (құнды
заттары) бар ұлттық монополиялар. Олардың өндірістік және сауда-өткізу
қызметтері ұлттық шекарадан тыс елдерде ұйымдастырылды.
Трансұлттық корпорациялардың шаруашылық жүргізу құқықтары шетелдер
филиалдар, еншілес компаниялар ұйымдастыру және іскерлік белсенділікті
күшейту арқылы жүзеге асады. Еншілес компониялар өндірістік және дайын
өнімді өткізу, ғылыми-зерттеу жұмыстары, тұтынушыларға қызмет көрсету
мәселелеріңде дербес шешімдер қабылдайды. Тұтас алғанда олар біріктірілген
ірі өндірістік-өткізу кешендері. Оларда бар акционерлік капиталға меншік
құқығы құрылтайшы елдің өкілдеріне ғана тарайды. Сонымен бірге филиалдар
мен сыбағалас компаниялар жергілікті капиталдың басым қатысуымен аралас
кәсіпорындар құруы да мүмкін.
Көп ұлттық корпорациялар дегеніміз - өндірістік және ғылыми-техникалық
негізде бірқатар мемлекеттердің ұлттық компанияларын біріктіруші
халықаралық корпорациялар.
Халықаралық құқық бойынша көпұлттық корпорациялардың айырықша
белгілеріне: 1) көпұлттық акционерлік капиталдың бар болуы; 2) көпұлттық
басқару орталығының жұмыс істеуі; 3) шетел филиалдары әкімшілігіне
жергілікті мамандардың тартылуы жатады.
Тарнсұлттық және көпұлттық корпорацияларға әлемдік (глобальные)
корпорацияларды да қосуға болады.
Тансұлттық корпорациялардың пайда болуының басты себептерін атайық. Ең
маңызды және жалпыға ортақ себеп өндіргіш күштердің дамуы негізінде ұлттық
шекарадан шығуы мүмкін болған өндіріс пен капиталдың интернационалдануы.
Өндіріс пен капиталдың интернационалдануы шетелдерде бөлімшелері бар аса
ірі компаниялардың құрылуы, ұлттық корпорациялардың трансұлттық
корпорацияларға айналуы, олрадың шаруашылық байланыстарының нығаюы
негізінде жүзеге асады. Капиталды шетке шығару халықаралық корпорацияларды
қалыптастыру мен дамытудың ең маңызды факторына жатады. Трансұлттық
корпорациялардың жедел дамуының негізгі себебі жоғары, артық пайда табу
үшін ұмтылыс деп айтар едік. Өз кезегінде қатаң бәсекелік күреске төтеп
беру үшін өндіріс пен капиталды халықаралық көлемде шоғырландыру да
трансұлттық корпорациялардың пайда болуын жеделдетті.
8.2. ТРАНСҰЛТТЫҚ КОРПОРАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Дүниежүзілік шаруашылықта жүріп жатқан объективті экономикалық
процестердің нәтижесінде пайда болған трансұлттық корпорациялардың өзіне
тән бірқатар ерекшеліктер бар.
Трансұлттық корпорациялар халықаралық еңбек бөлінісіне белсенді қатысушы
ретінде оның дамуына қолайлы жағдайлар туғызады.
Трансұлттық корпорациялар капиталдардың қозғалысы, әдетте, сол
корпорациялар халықаралық өндірістер жүйесін қалыптастырады. Олар дүние
жүзінің көптеген елдердің филиалдар, сыбағалас компаниялар, бөлімшелер
ашуға негізделген.
Трансұлттық корпорациялар орасан зор инвестициялар мен жоғары дәрежелі
маман кадырларды қажет ететін жоғары технологиялық және ғылыми сыйымды
өндіріс салаларына сыналай кіріп, оларды өзіне бағындыра бастайды. Осы
кезде трансұлттық корпорациялардың жекелеген салаларды монополизациялауға
ұмтылыс тенденциясы байқалады.
Қуатты өндірістік базасы бар трансұлттық корпорациялардың сауда-өндірістік
саясаты тиімділігі жоғары өндіріс пен тауар рыногын қалыптастыруға
бағытталған.
Трансұлттық корпорациялар халықаралық аренда күрделі қаржы мен ғылыми-
зерттеу жұмыстарына байланысты икемді динамикалық саясатты жүзеге асырады.
Халықаралық корпорациялардың пайда болуына және дамуын көрсететін мысал
ретінде өз қарауында тұрмыстық электротехника мен өнеркәсіптік жабдықтардың
дүниежүзілік рыногының 25 процентін қамтитын Электролюкс трансұлттық
корпорациясының әрекетін келтіруге болады.
Трансұлттық корпорациялардың дүниежүзілік рыноктағы әрекетінің бірнеше
нысаны бар. Бұл нысандар келісімшарт қатнасына негізделеді. Олардың
қатарына: 1) лицензиялау; 2) франчайзинг; 3) басқару келісім шарттары; 4)
техникалық және маркетингтік қызмет көрсету; 5) кәсіпорындарды толық іске
қосып беру; 6) бірлескен кәсіпорындар құру және жекелеген операцияларды
жүзеге асыру жатады. Практика жүзінде трансұлттық корпорациялардың
қызметтері нысандарының аражігін ашып көрсету қиын, себебі оларбір-бірімен
тығыз байланысты. Бұл нысаналардың ерекшелігі- олар трансұлттық
корпорациялардың өзара қатнастарында да жиі қолданылады, демек, орталыққа
ұмтылар тенденцияларының күшеюіне көрсетеді.
Лицензия дегеніміз- белгілі уақытқа лицензия алушы лицензия берушіге өзара
келісілген ақысын төлеп пайдаланатын құқық, заңды келісім-шарт. Лицензия
беру трансұлттық корпорацияның құрамындағы фирмалар арасында да,
технологияны сыртқы арналар арқылы беруде де қолданылады.
Лицензиялық келісімнің ерекше түріне франчайзинг жатады.
Франчайзинг дегеніміз- ұзақ мерзімге лицензиялық келісім. Мұнда
франчайзер клиентке алдын ала келісілген құқық береді. Ондай құқықтарға
фирманың атын, сауда маркасын пайдалану, техникалық көмек көрсету, жұмысшы
күшінің мамандығын көтеру т.б. жатады.
Соңғы жылдары тарнсұлттық корпорациялардың әрекетінде басқару мен
маркетингтік қызмет көрсету түрі кеңінен тарап келді. Басқару жөніндегі
келісім кәсіпорындарды тікелей бсқару құқын басқа кәсіпорынға ақысын төлеу
арқылы беруді заңдастырады. Келісім бойынша басқарушылардың атқаратын
қызметтеріне өндірісті басқару, соның ішінде кәсіпорының техникалық және
инженерлік деңгейі үшін жауапкершілік, кадрларды басқару, атап айтқанда,
шетелдік жұмысшыларды қабылдау мен жұмыстан шығару, жергілікті жұмысшы
күшін оқыту, техника мен шикізатты сатып алу т.б. қызметтер жатады.
Техникалық көмек көрсету келісімдеріне сәйкес трансұлттық корпорациялар
фирма қызметінің жекелеген саласы үшін техникалық жәрдем көрсетеді. Мұндай
келісімдер көбінесе машиналар мен жабдықтарды жөңдеу, ноу-хауды тиімді
пайдалану жөніндегі кеңес, апаттардың алдын алу сияқты қызметтерді қамтиды.
Зауаттарды толық іске қосу келісімдері де кең қолданыс табуда. Бұл жағдайда
трансұлттық корпорациялар қызметтің барлық түрін атқару жауапкершілігін өз
мойнына алады.
Трансұлттық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz