ДҮНИЕТАНУДЫ ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 95 бет
Таңдаулыға:   

I тарау. ДҮНИЕТАНУДЫ ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ

НЕГІЗДЕРІ

1. 1. "Дүниетану" ұғымыньщ ғылыми негізі

Қазақстан Республикасының егемендік алған алғашқы жылдарынан бастап білім беру мәселесінің дамуына аса мән берілуде. Білім беру барысында оқушының жеке тұлғасын жан-жақты жетілдіруге, олардың танымдық әрекетін дамытуға, ой-санасын қалыптастыруға ерекше назар аударынып отыр. Мұның дәлелі республикамыздағы "Білім туралы" заңының қабылдануы.

Президент Н. Ә. Назарбаев "Қазақстан-2030" атты Қазақстан халқына Жоддауында болашақ қоғам мүшелері - жастардың қандай болуға тиіс екендігін айта келіп, "Біздің балаларымыз білігі жоғары жұмысшылар мен фермерлер, инженерлер, банкирлер және өнер қайраткерлері, магазиндердің иелері, мұғалімдер мен дәрігерлер, зауыттар мен фабрикалардың иелері, биржа делдалдары және спортшы-лары болады. Олар мұнай, газ бен электр қуатын, тамақ өнімдерін өндіретін, өрі олармен әлемдік экономиканы қамтамасыз ететін болады . . . ", - дейді.

Жастардың болашақка деген бағыт-бағдары отбасында, мектеп қабырғасында, Жалпы қоғамдық деңгейде алсақ, бүкіл қоршаған дүние ортасында қалыптасады. Әрине, қоршаған дүниенің әр саласының көзқарасқа тигізетін өсері, беретін білімі, тәрбиеге ықпалы әртүрлі. Мемлекетіміз осының бәрін ескеріп, білім беру жүйесін баса дамытуға, оның дүниежүзілік деңгейге көтерілуіне аса мән беруде. Осындай аса маңызды сенім жүктеліп отырған жастары-мыздың болашақта мемлекеттік жауапты қызметтерді атқа-ратындай, өз мүддесінен гері халықтық мүддені жоғары қоятын деңгейде өсіп жетілуі үшін оларға сапалы білім беру, саналылыққа тәрбиелеу, жеке бас құндылығын көтеру оқу-ағарту саласының үлесіне тиеді. ,

Осыған байланысты білімнің мазмұнын, оқыту әдістері мен сабақты ұйымдастыру нысандарын жетілдіруді нақтылай түсу қажеттілігі туындайды. Білімнің ербір бөлігі оқушы дүниетанымын қалыптастыруға септігін тигізіп, олардың өлем туралы ой жүйесін дамытуға негіз салуы тиіс. Орта білім стандартында "Мектептің әрбір саласында жеке тұлғаны дамыту міндетіне сай білім мазмұнының толык, жүзеге асуын қамтамасыз ету" талабы қойылып отыр. Мұнда әсіресе, оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру мәселесі басты орынды алмақ.

"Дүниетаным, дүниеге көзқарас дегеніміз - айнала қоршаған орта, бүкіл әлем, тұтас дүние туралы, ондағы адамның орны, тіршілікгін мәні, мағынасы туралы көзқарастың, пікірлер мен түсініктердің жүйеленген жиынтығы". Дүниетанымның көзі - білім. Білім неғұрлым тереңдеген сайын дүниетаным да қалыптасып, тұрақтанады. Мектеп қабырғасында алған білімнің шындығы мен ғылымилығы практика жүзінде қолдану барысында айқындала түспек. Осы арқылы адам, заттар, құбылыстар арасындағы қарым-қатынас пайда болады. "Адамзаттың, қоғамның пайда болып қалыптасуы қоршаған табиғи ортаның қажетті алғы шарттардың, жағдайлардың болуына байланысты . . . ", " . . . адамның өмір тіршілігінің қызмет әрекетінің негізі табиғат заттары мен табиғи процестер" - дейді, философтар Д. Кішібеков пен Ү. Сыдықов. Табиғатты танып, білу, игеру барысында адам қоршаған ортаға ауқымды, қуатты ықпал ете алатын күш екенін және осы қарым-қатынас барысында дүниетанымы қалыптасатынын АТ. Спиркин, В. С. Степин, Д. П. Горский, А. П. Шептулин, А. Ф. Файзуллаев еңбектері де өр саладан дәлелдейді. Адам тіршілігінің кезі - табиғат. Осы табиғат заттары туралы оқып, оны танып білу арқылы адам сол табиғатпен қатынасқа түседі, оның заттарын пайдаланып, екінші бір қолдан жасалған заттар шығарады. "Екінші затты жасау үшін ол ақылын, білімін жұмсайды, соның нәтижесінде "екінші табиғат" заттары пайда болады. Бұл "екінші табиғат" дүниелері қоғамның дамуына тікелей әсер етеді. Табиғат заттары туралы ғана емес, оның құбылыстары жайында ұққандарын да ой елегінен өткізіп, табиғаттың даму зандылықтарын ашатын да - адам. Мұндай жетістіктерге ол қоршаған ортаға бақылау жүргізу, ой қорыту, ғылыми-зерттеулер жүргізу нәтижесінде жетеді.

Табиғат заттарын оқып білу арқылы адам табиғат байлығын керегіне пайдаланады. Сонымен қатар бүкіл білімін, дағдысын, шеберлігін жұмсап, оны өндіру үшін еңбек етеді. Осының нәтижесінде жасалған заттарды әлеутметтік өмірде қолданып, қажетіне жаратады.

Ғылым мен техника дамыған сайын әлеуметтік өмір деңгейі де өзгереді. Осының бәрі табиғат байлығын игерудегі адам миы мен күшінің жұмысы. Адам табйгат, қоғам - біртұтас дүние. Тұтас дүниені өз мәнінде бір-бірімен байланысты қабылдау таным үрдісі арқылы жүзеге асады.

Дүниетану ұғымы диалектикалық дамудың қарама-қарсылығы мен біртұтастығына сүйенбей өте алмайды. Дүние - ол тек бізді қоршаған табиғат қана емес, ол - адам, адам мен адамның қарым-қатысы, ол - табиғат, табиғат заттары мен құбылыстары, ол - қоғам. Әр қоғам-ның өркендеуіне адамның ойы мен білімі қандай керек болса, табиғат пен оның байлығы да сондай керек. Осының озі дүниенің бір-бірімен байланысты дамитын, оны бір-бірінен бөліп қарауға болмайтын орта екенін көрсетеді.

Дүниетану - "дүние" және "тану" деп аталатын екі бөліктен тұрады. Алдымен нені танып-білу керектігін анықтауымыз керек. Оқушыларға танытқалы отырғанымыз - дүние. Сол дүниені танып-білу әдістері мен оларды қаруландыру жолын іздестіріп, тиімділерін іс жүзйде қолдануға ұсынбақпыз. Дүние - қоршаған орта, табиғат, бүкіл әлем, олай болса бұған енбейтін, оның құрамына кірмейтін бірде бір зат не құбылыс жоқ. Адам дүниені өмір бойы танып, білумен, оның таусылмас ерекшеліктерін бакылап, байқаумен айналысатыны анық. Бірақ оның сыръін түгел біліп шегіне шыға меңгеру мүмкін емес. Дүниені өз дөрежесінде танып-білу әр адамның меңгерген білім деңгейі мен оның мазмұнына байланысты жүзеге асады.

Адамның әрбір даму кезеңіне байланысты дүниені тану шеңбері мен оның мәнін ұғыну дөрежесі терендей түседі. Әр кезеңнің психологиялық ерекшелігіне байланысты дүние тану мүмкіндігі де өзгереді. Дүниені өз мәнінде тану үшін адамның санасы, ой-пікірі, білім деңгейі дамуы керек. Керісінше дүниені танып-білуге байланысты білім көлемі мен ұғым деңгейі, сана-сезімі кеңейе түседі, адамның көзқарасы қалыптасады. Сөйтіп, диалектикалық дамудың қарама-қарсылығы мен біртұтастығы жүзеге асады. "Материалды дүниеге айналадағы қоршаған заттардың бәрі, яғни адамның санасынан, ой-жүйесінен тысқары, әрі одан тәуелсіз, объективті түрде өмір сүретіннің бәрі жатады".

Қоршаған дүниені білу танымға байланысты. Таным - адам санасын дамытуды" негізі және ол арқылы адам өзін қоршаған ортаны игеруге де үйренеді.

"Таным" - философиялық ұғым, " . . . айналадағы материалдық шындықты" адам санасында бейнеленуі". Қоршаған дүние объективті түрде өмір сүретін болғандықтан, оның заттары мен құбылыстары санада бейнеленеді. Көру, сезіну, түйсіну арқылы сезім мүшелерімізге материалдық заттар әсер етеді де, біз оларды қабылдаймыз. Қабылданған дүниені танып білеміз. Сезім арқылы таныған дүниені ғылыми біліммен байланыстырғанда ғана білім қалыптасады. Қабылдау барысында сыртқы сезім мен ішкі сезімдер біріге отырып, танымды нақтылай түседі. Сезінуді ойлау процесі құптау арқылы танымның логикалық формасы дамыды.

Адам баласы таным арқылы білмеуден білуге көшіп отырады. Ол затты құбылысты танығаннан кейін, енді таныс еместерін білуге ұмтылады, ізденеді. Сөйтіп, әлде де толық емес білім, толығырақ, дәлірек білімге қарай дамиды. Тану үшін адам дүниеге белсенді әсер етеді, оған ықпал жасап, өзгертеді, екінші зат өңдіреді, соның нәтижесінде өзі де өзгереді.

Таным арқылы заттар мен құбылыстардың басты белгілері, ұқсастықтары мен айырмашылықтары жайындағы бейнелі қабылдау нәтижесінде ұғым туады. "Таным . . . практикалық қызмет барысында іске асады".

Осылайша таным нақты дүниеге, қоршаған ортада бар заттарға негізделсе, оны өз мәнінде танып-білу үшін ғылым керек. Дүниетанымды қалыптастыру үшін биологиялық, химиялық, тілдік және басқа ғылым салаларынан, өз ұлтымыздың мәдениеті, әдебиеті, казіргі таңда рухани өмірде жеткен жетістіктерін бір-бірімен байланыстыра отырып білім беруді қамтамасыз ету керек.

Дамыған қоғам мен биологиялық ғылымның, техниканың ара қатысынан айқын тартылған шекараны табу қиын.

Академик В. В. Струминский философия ғылымы мен биологиялық ғылымның бірін-бірі толықтырып, біріне-бірі сүйене отырып, дүниетаным шекарасын күшейте түсетінін айта келіп, "Искать границу раздела - это значит воздвигнуть стену между естественными и общественными науками" дейді.

Қазіргі таңда адамның дүниені тани білу ауқымын тіпті күшейте, кеңейте түсу талабы туып отыр. Бүкіл өлемді, галактиканы, жүлдыздардың пайда болуы мен дамуын зерттеп отырған астрофизика ғылымы болса, маман емес адамдардың өзі онда болып жатқан жаңалықты біліп, түсінуге тырысады.

Дүниетану ұғымына диалектикалық тұрғыдан қарайтын болсақ, қазіргі тандағы ғылым мен техниканың дамуын, ірі ашылыстарды ғана есепке алып қоймай, өндіріс күштерінің, ондағы адам мен қоғамаралық қатынасты да қадағалай білген жөн.

Жаңа заманда ғылым қоғамның үлкен өндіріс күшіне айналуына байланысты өндіріс күшін өндірістік қатынастан бөліп қарауға болмайды. Керісінше, қадағалау арқылы ғылыми-техникалық революцияның қоғамға тигізер пайдасымен қатар, табиғи ортаға, адам тіршілігіне келтіретін қиындығын түсіну қажет.

Ғылым мен техниканың дамуына байланысты адам баласы табиғи дүниемен қарама-қайшылыққа түсіп отыр. Себебі дамыған техниканың әсерінен айнала қоршаған орта ластанып, табиғи объектілердің, заттардың түрлері азайып, адам денсаулығы мен өміріне қауіп тенуде. Түрлі машиналардан, зауыттар мен өңдіріс орындарынан шыққан улы газдар көбейіп, тіршілікке қауіп туғызуда. "Адамзат өмір сүретін табиғат аясы да азып-тозып барады, ендігі жас ұрпақтың қандай табиғат жағдайында өмір сүретіні күрделі мәселеге айналуда".

Қазіргі кезде орын алып отырған экологиялық апаттар еліміздің түкпір-түкпіріне зиянын тигізуде. Бір ғана Арал теңізінің апаты бүкіл жер жүзіне зиян келтіретіндігі белгілі болып отыр.

Есепсіз кесілген ағаш, есепсіз пайдаланған судың қоршаған ортаға тигізіп отырған зияны үшан-теңіз. Ағаштың азаюынан топырақтың құрғап кетуі, судың тартылуынан аса бағалы халық байлығы - балықтың азаюы - осының бәрі де бізді қоршаған дүниеге адам баласының өз қолымен жасап отырған зияны. Пайдалы қазбалар өндірген шахталар орны толмайтын үңгір апандарға айналды. Ол жерлерде тіршілік ететін қаншама тірі табиғат енді келмеске кетті. Топырақтың табиғи қалпывдағы құрамы органикалық затқа соншама бай, оны санап болмайды. Егер оны микроскоп арқылы қарасақ, 1 шаршы метр жерде мывдаған бактериялар, миллиондаған балдырлар, мындаған бунакденелілер тіршілік ететінін білеміз. Ал, сол өте құнды да бай тіршілік ортасы - топырақты жырту оның құрылымының бұзылып, құрамындағы тіршіліктердің жоғалуына өкеліп соғады. Тірі табиғаттың топырақ құрудағы пайдасы жайында оқып, білген адамға бұл айтылған зиянды түсіну қиын емес. Осындай есепсіз, жауапсыз ысыраптан дүниені сақтау үшін әр адам-ның дүниетану сауаттылығы болуға тиіс. Дүниеге енжарлық, сауатсыз қарау, жауапсыз іс-әрекет жасау өдейі зиян келтірумен бірдей.

Ғылымның дамуы қоршаған табиғи ортаны зерттеп қана қоймай, оның кейбір ерекшеліктерін техниканың өркендеуіне пақцалануға мүмкіндік береді. Осының нәтижесінде аралық ғылымдар пайда болды. Мәселен, бионика ғынымы биологияны, техниканы, физиканы байланыстырады. Жаңа ғылым - ғаламдық биология дамьщы. Табиғат байлығын, адам еңбегін үнемді пайдалану экологиялық білімі жоғары, дүниетану деңгейі дамыған, мәдениетті қауымның өсуін қажет етіп отыр.

Биологиялық ғылымдардың зерттеу нәтижесі бүкіл шаруашылық түрлеріне енуде. Күннен күнге, өсіп дамып келе жатқан халық саны, азайып бара жатқан табиғи ресурстар адам, табиғат, қоғам арасындағы байланыстың мәнісіне түсініп, сауатты қатынас жасауды керек етеді. Адам, табиғат және қоғамның бір-бірімен байланысынсыз бір де бір ғылым дамуы мүмкін емес. Сондықтан да орта білм беру саласына биологиялық білімнің бастамасы болып саналатын дүниетанымдық мазмұн енуін және оны оқытуды бастауыш сыныптан қолға алу қарастырылып отыр.

Көптеген ғылым салаларында дүниетанымдық көзқарас философиялық тұрғыдан қарастырылады. Қазақ халқының қоғам, адам, табиғат туралы философиялық ойлары ертеден-ақ адамгершілік, ізгілікті көксеу, имандылықты дәпіртеу, зорлық-зомбылыққа қарсы күресу, мемлекет пен адам тағдырының менін түсіну тұрғысында қалыптаса бастаған. Мәселен, ақыңдар, жыраулар, хандар мен батырлар, билер - осылардың бәрі де әділдік, адамгершілік, табиғат байлығын меңгеру сияқты тіршілік қамына тікелей байланысты мәселелер тұрғысында ой қозғады.

Халық арасынан шыққан ақындар табиғат пен әлеуметтік ортаның байланысы туралы біршама шығармашылық үлгі көрсетті. Философия ғылымы біртіндеп дами отырып, заттар мси құбылыстардың мәнін, олардың байланысын, қоғам, адам , табиғат арасындағы ішкі - сыртқы тұтастықтары жайында тиімді ойлауға, сол арқылы дүниені танып-білудегі кайшылықтарды шешуге тырысады. Әр қоғамда да білім мсн сананың байланысы айқын байқалады. Адам санасы мсңгерген біліміне, өмір тәжірибесіне, алдыңғы қатарлы дапалық пікірлер жиынтығына байланысты дамиды.

Алдыңғы қатарлы ойшылдар да өздерінің керген-білгендерін терең біліммен байланыстыра отырып, ауқымды ой жүйесін құрады. Осыдан халықтық философия және ғылыми көзқарастар туады. Қоғамдық сананың өсуімен байланысты адамның ойлау дәрежесінің шеңбері де ұлғаяды. Сойтіп " . . . қоршап тұрғандүниені, қоғамды, және адамның өзін дұрыс бейнелеу белесіне жету" көзделеді.

Адамзаттың даму эволюциясына байланысты дүниетану деңгейі де өзгеріп, күрделене түсті. Неғұрлым табиғи ортаға икемделіп, оның сырын аша бастаған сайын адамның оны меңгеру мақсаты да, соған орай атқаратын қызметінің түрі де өзгерді. Енді адам табиғатқа табынушы, оның дүлей күшінен қорқатын қалыпта қалмай, оны бағындырушы, керегіне қарай езгертуші дөрежесіне жетті. Сөйтіп табиғатты меңгеру деңгейінің өсуімен байланысты адам санасы мен білімі де өсе түсті.

Қоршаған ортадан алған ұғымдарына байланысты сөз қоры молайып, заттар мен құбылыстардың қасиетін бейне-лейтін ой тұжырымдау деңгейіне көтерілді. " . . . ұғымдар бай-лығы адамды әлемнің тылсым сырын танып-біліп, табиғат күштерін игеруге жақындата түседі". Бірақ ертеректе әр зат пен құбылыстың бүкіл қасиетін ашып, оның сырын, бір-бірімен байланысын білетіндей дәрежеге көтерілу мүмкіндігі болмады. Ондай тұрғыда түсіну үшін дамыған ғылым керек еді. Заттар мен құбылыстардың химиялық, физикалық, биологиялық қасиеттерін жай байқау арқылы анықтау, олардың байланысын дәлелдеу, ара қатынасын ашу ғылыми ұғымсыз қиындыққа соқты.

Білім салаларының қай-қайсысы да адамның дүниетаны-мын қалыптастыруға үлесін қосады. Сондықтан да ертеден бастап ғылымның дамуына орай дүниетанымдық деңгей де бірнеше кезеңнен өтті. Оның ең алғашқы кезеңі - халық ауыз өдебиетінің басты түрлері - ертегілер, аңыздар, айтыстар, батырлар жырлары негізінде қалыптасқан дүниетанымдық деңгей.

Бұл кезендегі дүниетанымдық деңгей адамдардың өз тәжірибесінен, күнделікті өмірден, олардың арасындағы қарым-қатынастан туындаған дүниетанымдықпен сабақтаса байып отырды. Аңыз, ертегілерде қоршаған дүние ішінде адамды жоғары ұстап, оның өзіне тән қасиеттердің (батырлық, тапқырлық, күштілік, ақылдылық, сұлулық, ізгілік, адамгершілік және т. б. ) сол кездегі қоғаммен тығыз байла-ныста керсетеді.

Қай кезде де адам өзі өмір сүретін ортада қызмет етіп, яғни, іс-әрекет жасап, өз қажеттілігін өтеп, алдына мүлде, мақсат қойып, сол арқылы көксеген мұратына ұмтылады. Бұл - адамның тарихи дамуын көрсететін жағдай. Көксеген мұратына жету үшін білім, ақыл-ой, шеберлік, ұстамдылық пен шыдамдылықтың қажеттілігі аңыз, ертегілерде атап айтылған.

Мұратқа жетудің жолы мен түрі көп болғанымен, халық оған батылдық, адалдық, күш-қайрат арқылы жетуді айрықша армандап, көксеген. Сондықтан да дүниетанымдық тұрғыдан өмір тежірибесінде кездескен практикалық жолға бой үрып, соны жырлап, соны уағыздаған. Ол тұстағы аңыз, ертегілерде танымның эмперикалық түрі басым. "Эм-пирикалық деңгейде білімнің мазмұны тәжірибе негізінде жинақталады". Дүниетанымның тәжірибеден дамыған деңгейін уағыздап, ортаға салған. Мұны көшпенді дәуірдегі қазақ халқының дүниетанымының негізі деп қарауынызға болады. Мұндай пікірлерді қазақ философтары М. С. Орын-беков пен Ә. Нысанбаев еңбеісгерінде кездестіреміз.

С. Мұқанов қазақтың эпостық жырларының, мифоло-гияға емес, реалистік шындыққа құрылғанын атап көрсетеді. Шындықты уағыздайтын жырлар мен айтыстар дүниетанымның нақтылана түсуіне әсерін тигізбей қоймайды.

Сонымен қатар, жоғарыда айтылған кезендерде табиғат күшіне табынушылық, дінге сенушілік басым болды да, мдамның дүниетанымы да осы ой пікірлерге лайықты тұрғыдан көрінді. Табиғат, қоғам, адам, төрт түлік мал, торбие, түрлі қолөнері жайындағы түсініктер біртіндеп дамып, бүкіл халықтық ой-санаға айналды.

Адамның танымы білмеуден білуге, қарапайымнан күрделіге қарай нақтылы шындықты түсіну кезеңіне көшті. Бұл тұста сұлулық, әдемілік, достық туралы дүниетаным етек алды. Адамгершілік, батырлық, байлық сияқты философиялық категориялар орныға бастады. Күнделікті өмір тіршілігіне негізделген дүниені тану - сезіну мен түйсінуге сүйеніп қоршаған орта заттарын көру, ауызша нйту, эмоциялық бейнелі қабылдау тұрғысында жүзеге асты.

Қазақтың ауыз әдебиетіндегі ойшылдар (Асан қайғы, Бұхар жырау, Шал ақын, Шортанбай, Ақтамберді, Шалкиіз, Дулат, Майлықожа, Ақан сері, Махамбет, Шернияз, Сүйінбай және т. б. ) ездерінің дүниетанымдық көзқарастарында материалдық, рухани байлықтарды, ақын-парасатты, адамгершілік, қоғамдық байлықты игеру мақсаттарын паш етті. Ііүл дүниетанымның ақыл-ой мен парасаттылық деңгейіне көтерілген шегі болатын. Олардың көксегені теңдік, бостандық, жерді сақтау, табиғи ортаны құндау, адамдар арасындағы қарым-қатынас, үлкенді сыйлау және т. б. өмір тіршілігіне тікелей қатысы бар мәселелерді дәріптеу болды.

Мұндай дүниені көркемдеп жеткізу, Абай тілімен айтқанда, "Жан азығы" еді. " . . . Табиғаттың бойындағы әсемдікті, күш-қуатты адамның қажетіне сәйкестендіріп, қол я гіл арқылы көріктендіріп жіберу ол жанға, яғни көңіл күйіне, сезімге қатты әсер етеді".

Адамзаттың әлеуметтік тұрмысы материалдық және рухани болып қаралады. Көшпелі қазақ елінің рухани жан азығы одебиет (өлең, ән, жыр, музыка, айтыс, ертегі және т. б. ) арқылы қалыптасатынын айтсақ, " . . . алғашқы адамдар озін қоршаған дүниенің сырын білмегендіктен олардың бәрінен қорқатын болды. Мысалы, табиғаттың сүрапыл, мылқау күштерінің бәрі - найзағай жарқылдап, күн күркіреу, жер сілкіну, су тасу т. б. адамдарды үнемі үрейлендіріп отыратын қаһарлы күштер қатарында саналады". "Ендеше алғашқы адамдардың дүниетанымы айналаны қоршаған табиғат құбылыстарын түсіндіру талаптары да осыған ұқсас". Осылайша адам дүниетанымының бастапқы көрінісін ашып жазган жазушы С. Мұқанов "Еңбек етудің арқасында алғашқы адамдардың сана-сезімі оянып, табиғатқа саналы түрде әсер ете бастаған кезде, айналаны қоршаған алуан түрлі құбылыстарға назар аударып, оларды өздерінше түсіндіре бастаған", - деп ой түйеді.

Мұнан өрі адам санасы, тілі, ұғымы дамып, табиғатты меңгеру жолындағы өздігінен атқаратын әрекеттер етек алып, күнделікті көргендерін тек қабылдап қана қоймай, заттар мен құбылыстардың байланыстарын іздестіруге, олардың себеп-салдарын білуге талпынды. Сананың, ой-өрістің дамуына байланысты дүниетаным да жаңа белеске көтерілді. Осы тұста білімі бар, парасатты ойшылдарымыз да көріне бастады.

Адам мен қоғам арасындағы байланысты, қарым-қатынасты диалектикалық тұрғыдан қарау кезеңі басталды. Абай, Шәкәрім, С. Торайғыров және т. б. ойшылдар туындыларында бұл пікірлер белең беріп отырады. "Абай адам мен қоғам мұратын еңбекпен, біліммен, ақыл-ой санамен, принципшілдік және қарапайымдылықпен, халықтың бірлігі мен өркениетке жету жолындағы мақсаткерлігімен тікелей байланыстыра қарастырады", - дейді М. С. Орынбеков. Бұл пікірдің түпкі тірегі - дүниетанымдық деңгейдің көтерілу сатысын көрсетуінде. Көргенді, сезінгенді логикалық ойға салып талдау арқылы сол затқа, құбылысқа адам қатысы деңгейінің айқындала түсуінде.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы оқу пәні
Пәнді оқытуда жоспарланған нәтижелер
Бастауыш мектепте дүниетануды оқыту
Бастауыш сыныптарда дүниетануды оқушының негіздеріне технологияның талғама жасау
Проблемалық оқыту жолдары мен әдістемесі
Шағын жинақталған бастауыш мектепте оқытудың басты ерекшелігі
Бастауыш сыныптарда дүниетануды оқытудың маңызы және оның басқа пәндермен байланысы
Дүниетану сабақтарында көрнекіліктерді пайдалану әдіснамасы
Екінші сыныпта дүниетануды оқытудың ерекшеліктері
Дүниетану пәнінен дәріс кешені
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz