Дыбыс пен әріптерді оқыту



Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   
Дыбыс пен әріптерді оқыту

Қазақ тілінің фонетика тарауынан бастауыш класс оқушыларына негізгі
білімдік мағлұмат пен практикалық дағды біршама жеткілікті беріледі. Дыбыс
пен әріптер үш класта да өтіледі. Қазақ тілі бастауыш курсында дыбыс, әріп,
олардың мәні, жазылу емлесі, алфавит, буын және тасымал жайлы бастапқы
ұғымдармен танысады.
Балалар қазақ тілі дыбыстары ерекшелігін мектепке келгенше
практикалық тұрғыда әжептеуір игереді. Бірақ олар жеке сөздегі әрбір
дыбысты саналы түрде ажырата алмайды. Әліппені өту кезеңдерінде сөзді,
буынды талдау жолымен дыбыстарды айырып үйренеді. Мұнда да тіл дыбыстарының
бір-бірінен өзгешелік белгілерін толық тани қоймайды. Ал, тіл дыбыстарын
және олардың өзіндік айырмашылықтарын білудің балаларды сауаттандыру үшін
де, грамматика мен емлені жетік меңгеруі үшін де және ауызша, жазбаша тіл
дамыту үшін де маңызы күшті.
Дыбыс пен әріп тақырыбы ең негізгі мәселе ретінде бірінші класта
оқытылады да, екінші-үшінші кластарда ол меңгерілген білік пен дағдыны
тереңдетіліп, бекітіле түседі. Сондықтан бұл тақырып материалдарын бірінші
класта мұқият танытуға мұғалімдер білімі мен әдіс-тәсілдерін сарқа
пайдаланады. Бұл тарау грамматика сабағында да практикалық жолмен өтіледі.
Демек, балалар сөзді дәл әрі дұрыс сөйлеп, сөзді буынға бөліп, одан
дыбыстарды айырып жазуда дыбыстарды әріппен таңбалай білуге үйретіледі.
Бірінші класта қазақ тілін оқытқанда, Дыбыс пен әріп тақырыбын
үйрету жұмысы ол жөнінде әліппе кезңінде өтілген материалды қайталаудан
басталады. Сауаттандыру кезеңіде дыбыс, әріп туралы түсінік алған
оқушылардан олардың ерекшелігі тәжірибелік тұрғыда жаттығу жұмыстарын
орындату жолымен еске түсіріледі. Дыбыстың сөз бөлшегі екендігі дыбыстарды
тыңдату, айтып жаттығу тәсілдерімен меңгертіледі.
Дыбыстың сөз мағынасы түрленуіне әсер ететіндігін практикалық жұмыс
орындату арқылы түсіндіруге болады. Ол үшін қосу және алу әдістері
қолданылады. Тиімті сөзге тағы бір дыбыс қосқанда немесе сөзден бір дыбысты
алып тастағанда, сөз мағынасы өзгеріп, түрленетіні байқатылады. Сөздегі
дыбыстардың саны көбейсе не азайса, сөздің мағынасы өзгеретіні ғылыми ұғым
бағдарында танытыла бастайды.
Сөзде басы артық, қажеті жоқ дыбыс болмайтынын сөздегі дыбыс санын
көбейту амалы мен ойын элементін ендіре отырып, қызғылықты түрде түсіндіру
– тиімді әдіс. Мәселен, а дыбыс деп танылады, егер біреу есіміңді
атағанда а деп жауап қайтарсақ, сөз мәнінде жүретіні ескеріледі. Енді осы
а-ның үстінде бір-бірлеп дыбыс қосып атау жолымен қандай-қандай алуан
мағыналы сөздер жасауға болатынын төмендегіше байқатамыз.
А а. Ат. Ата. Атақ. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сауат ашу методикасының ғылыми негіздері
КӨРКЕМ ЖАЗУҒА ҮЙРЕТУ ӘДІСТЕМЕСІ МАЗМҰНЫ
Бірінші сыныпта сауат ашу мен қазақ тілін оқытудың тиімді әдіс- тәсілдері
Сауат ашу әдістемесінің ғылыми негіздері
Әріптерден сөз жасау
Сауат ашу - практикалық (семинар) сабақтар
Сауат ашу кезеңіндегі көрнекіліктердің түрлері
Әліппеден кейінгі кезең мен сауат ашу кезеңіндегі жасалатын жұмыстар, сабақ жүйесі
Дыбыстарды үйреткендегі негізгі әдістер
Сөздерден сөйлем құрау
Пәндер