Евней Букетов …қазақи қалпымда ойланамын
http:www.arka.medialaw.kz
Евней Букетов:...қазақи қалпымда ойланамын
Жалпы Е. Букетовтің публицистикалық мұрасын тым ұсақтамай, күрделі үш
топқа бөліп қарастырған дұрыс:
Біріншісі — оқу, білім-ғылым саласы,
Екіншісі — әдебиет, өнер, тағылым хақында,
Үшіншісі — өнеркәсіп, өндіріс, экология.
Осы ауқымды үш тақырыптың қай саласы болмасын Е. Букетов үшін
ешқайсысының жаттығы болған емес. Сегіз қырлы, бір сырлы бірегей талант
иесі Евней Арыстанұлының бойынан осы қасиеттердің барлығы жарқырай
керінеді. Ол өзінің публицистикалық шығармалары мен деректі хикаяттары мен
естелік эсселерінде, түрлі зерттеу мақалаларында осының бәрін жетік
білетіндігін көрсетті.
Ахат Жақсыбаев айтқандайын, біліп жазудың басты қасиеті Е. А. Букетов
шығармаларының ең негізгі ерекшелігі болып табылатындығы да сондықтан.
Ғасырлар бойы отарлау саясатының қанды сойылы қазақтың тілі мен
дәстүріне айрықша соққы болып тиді. Соның зардабы XXI ғасыр таңы атса да
әлі жойыла қойған жоқ. Қылышынан қан тамған, қызыл империяның нағыз кәріне
мінген шағы жетпісінші жылдар тұсы еді. Қазақ тілінің тағдыры тұрмақ, халық
өзінің тәуелсіз ел болуын ойлау ол кезде өңі түгілі, түсіне де кірмейтін.
37-інші жылдың ойранынан кейін қазақ зиялылары да әр сөзіне, әр ісіне
сақтықпен қарайтын үркеншек халде еді. Екі сөзінің бірі ұлы Ленин, ұлы орыс
халқы, коммунистік партияның арқасында деген сөздермен тұздықтап отыру
қазақ зиялыларының әдетіне айналды. Сол жылдардың баспасөзі мен әдебиетін
парақтап отырсақ, мұны кез келген жанның аңғарары сөзсіз. 1974 жылдың 20
қазаны күні шыққан Правда газетінің Простор атты бас мақаласы академик-
жазушы Евней Букетовпен интервью негізінде беріліпті. Белгілі публицист-
жазушы Сергей Никитиннің қандай оймен екендігі белгісіз:
— Евней Арыстанұлы, қай тілде ойланасыз, — деген сұрағына Евекең, терең
ойға бата отырып былай деген екен: Ғылым, педагог ретінде әрине орысша
ойлануым мүмкін. Ал, туған жер, өскен ортам, халқымның тағдыры еске
түскенде әрине қазақи қалпымда ойланамын. Орыс тілі қазақтар үшін екінші
тіл ғой.
Евней Арыстанұлының ұзақ үнсіздіктен соң осылай деп жауап беруі, ұлы
жүректің туған халқына деген қалтқысыз сүйіспеншілігін танытса керек. 1974
жылы Правда газетінің бірінші бетінде орыс тілі екінші тіліміз деп айту
дәл сол кезде екінің бірі айта алмайтын батылдық еді. Өз ұлтының тілі мен
дәстүріне деген Е. Букетов көзқарасы кеңестік баспасөз беттерінде еш
бұлтақсыз ашық-айқын айтылуы оның азаматгық позициясының беріктігін
танытады.
Осы тұрғыдан қарар болсақ, Евней Арыстанұлының тағдыр-танымы қазақтың
біртуар ғалымы Шоқан Уәлихановтың болмысын еріксіз еске түсіреді. Белгілі
ғалым Б. Кенжебаев Шоқан туралы зерттеу мақаласында: Шоқан өзінің туған
елін, туған жерін мейлінше сүйгені туралы жолдастары сұрағанда айтады екен:
Мен алдымен өзімнің қазақ халқымды, онан кейін Сібірді, онан кейін
Россияны, онан кейін бүкіл адам баласын сүйемін. Шоқан өз халқын мейлінше
сүю арқылы онымен көрген күні, тілек-арманы, тарихи тағдыры бір халықтарды
сүйді, халқына үлгі боларлық, туысқандық жәрдем қолын созарлық ұлы орыс
халқын сүйді.
Білім жөне еңбек журналының 1972 жылғы 12 санында Е. А. Букетовтің
Қараша үйден Қарағанды университетіне дейін атты публицистикалық мақаласы
жарық көрді. Мақаланың аты айтып тұрғандай, қараша үйдің жабығынан жасқана
сығалаған қазақ баласының Қарағанды университетінің босағасын аттағанға
дейінгі қилы тағдырға толы кезеңіне ойша шолу жасай отырып, бүгінгі таңдағы
білім мен ғылымның өркен жайған өрелі істеріне жан-жақты тоқталады.
Қай қаламгер болмасын, ол ең алдымен — өз дәуірінің, өз ортасының
перзенті. Ол жазған шығарма арқауы да сол замана шындығы болып табылады.
Халқының мәдени, рухани өмірінің болмысын сол уақыт үрдісімен бағалайды,
суреттейді. Ешқандай жазушы-публицист болашаққа арнап, немесе келер күннің
еншісіне лайықтап шығарма жазып қалдырған емес. Келер ұрпақ өзіне керегін
өткен күннің шындығынан алады.
Е. А. Букетов шығармаларындағы уақыт шындығы сол шындыққа берген пайым-
парасаты бүгінгі ұрпақ үшін таптырмас құнды дүние. Сондықтан да Е. А.
Букетовтің ғылыми-публицистикалық шығармалары көрегенділікпен жазылыпты
деген әсіре марапаттаудан аулақпыз. Мысалы: Иә, бүгінгі аға ұрпақтың өмірі
қараша үйден басталған. Қара сирақ балалар қараша үйдің жабығынан сығалап,
айналаға елеңдей қарап жүргенде ұлы Октябрьдің нұрлы таңы атты. Бүтін ел
тарихында болмаған ғажайып зор бақыт қазақ даласын сілкінтіп өтті. Қазақтың
бар баласы мазмұны терең, еркін өмірге жаппай араласып, революциялық
романтикамен жалындап ер жетті. Содан бері елу бес жылдан сәл астамдау ғана
уақыт өткен екен. Ал сондағы балалар бүгінде ғылымның алтын баулы ірі-ірі
шаңырақтарын көтеріп, ғалымдар тарихын жасап отыр — деген жолдар сол дәуір
көзқарасы мен пайым-парасатынан хабардар етіп тұрған жоқ па?
Жалпы, ғылым мен техника, экономика мен психология, адам мен қоғам
ғылыми-техникалық прогресті дамытушы күш ретінде қарастырылады. Ғылым
өмірге өндіргіш күш болып араласып, өндірісті өзгертеді, адамдардың
психологиясына қозғау салады, сезімін ұштайды.
Осы айтылған ғылыми тұжырымдарға Е. Букетовтің публицистикалық
шығармалары толығымен жауап береді десек қателеспейміз. Ғылымның қоғамға
қажеттілігі мен оның атқаратын рөлі туралы Е. Букетов баспасөз беттерінде
аз айтқан жоқ.
Біз қазір ғылыми-техникалық революция кезінде өмір сүрудеміз. Ғылым,
партиямыз айтқандай, өндіргіш күшке айналып, тікелей іс-әрекетімізге
араласып отыр ғой. Бұның сырт көрінісі, ғылымның кеңінен өсіп-өрбуінен,
ғылыми қызметкерлердің көбеюінен байқалады.
Сондықтан болашақта ғылымға құлаш сермеуге ұмтылған жастарға жемісті
еңбек тілеп, ғылыми қызметтің өзгешелігі туралы бір-екі ауыз сөз айтуға
бола-ды.
Ғылыми-техникалық прогресс проблемасы Е. Букетов публицистикалық
шығармаларының негізгі арқауы десе де болады. Өйткені бұл ғалым-публициске
таныс, жақсы білетін тақырып. Сондықтан да оның ғылыми-публицистикалық
мақала-очерктері, түрлі аудиторияларда оқыған баяндама-лекциялары, жоғарғы
орындарға жазған ғылыми хаттарында аталмыш мәселе күн тәртібінде тұрады.
Тағы да айрықша атай кетеріміз, жәй проблема ретінде емес, соған қол
жеткізудің ғылыми концепциясы нақты түрде көрсетілуі. Мысалы, Қарағанды
обкомының екінші хатшысы Н.Ә. Назарбаевқа Қарағанды кен-байыту комбинаты
жұмысындағы кейбір кемшіліктер атты хатында сол тығырықтан шығудың жолдарын
атап-атап, нақты фактілермен ғылыми тұрғыда талдау жасай отырып көрсеткен.
Немесе мәдени ескерткіштерді қорғау қоғамының II съезінде оқыған баяндамасы
мен Табиғат ананы аялай білейік атты мақаласында елдің әлеуметтік-
экономикалық жағдайын салалап, саралап, тұжырымды пайыммен, ғылыми-
публицистикалық негізбен жазады. Осы жерде Е. Букетов публицистикасындағы
тағы бір ерекшелік цифрлы материалдарды жүйелеп жіктеп бере отырып, мақала
маңыздылығын айшықтай түсуі деп бағалауға болады.
Адам күші аса қуатты. Ол қазір жер шарындағы құрлықтың 55 процентін,
өзен-суының 12 процентін, орман-тоғайдың жыл сайынғы 50 процент өсімін
пайдаланып, құрылыс пен кен қазбалары үшін 4 мың шаршы километр парода
алуда. Қазір жер қойнауынан жыл сайын 100 миллиард тонна руда алынып,
шамамен 7 миллиард тонна отын шығарылады. Сөйтіп жыл сайын өзен аңғарына
600 миллиард тонна өнеркәсіп пен тұрмыстық орындардың қалдық сулары
құйылады. Орташа есеппен 800 миллион тонна әр түрлі металл қортылып, жер
бетіне 300 миллион тонна минералдық тыңайтқыш сіңіріледі, төрт миллион
тонна улы химикатгар себіледі. Атмосфераға 23 миллиард тонна көмір қосынды
тотығы, бір миллиард тонна басқа да қосынды тарайды. Бұл цифр екі мыңыншы
жылға дейін дүние жүзі бойынша төрт-бес есе өспек.
Осы жерде ойымызға Н. Г. Левиновтың: Цифрлы материал дәлелдеу құралы
ғана емес, сонымен қатар құбылыстың сандық жағын зерттеу арқылы және сандық
өзгерістердің сапалық өзгерістерге ауысуы ықпалымен шындықты танудың қуатты
құралы да деген тұжырымы оралады.
Жоғарыда біз Е. А. Букетов публицистикасын үш топқа бөліп қарастырған
едік. Соның бірі оқу, білім-ғылым саласы. Бір ғана ғылым тақырыбының
аясында Е. А. Букетовтің көптеген мәселелерге қалам тербеп, онда өз үнін,
парасат-байламын танытқаны белгілі.
Артында қалдырған публицистикасының негізгі арқауларының бірі — жалпы
адамдық, азаматтық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz