Еврей ұлтының зерек болу сыры неде


Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Еврей ұлтынан ғылым - технйка, йнженеря, музйка, сауда саласындағы алыптардың коптеп шығатынын барлығымыз былемыз. Асыресе, олардың кобырек табысқа жеткен жақтары сауда саласы болып, дұнйе саудасының% 70 тен артығы еврейлердың алақанында, маселен, безену бұйымдары, ынжу - маржан, асыл тас, кйым - кешек, азық - тұлык, қару - жарақ саудасы жане кйно касыбы сяқты жақтарды қамтйды.

А қ ш - тың "фубус" журналының малыметынде алемның алдыңғы легындегы жалпы қаржысы мйллярд долларға жеткен 400 байдың ышынде 60 еврей бар, %15 ын ұстаған. Еврейлер оздерының ерекше тйжарат сауда - саттық тасылымен "алем саудагерлеры" деген алтын тажыны алдеқашан кйып болған. Егерде а қ ш - тағы алдыңғы қатардағы 40 байды екшеп алатын болса, оның 16 сы еврей екен. Алемдегы еврей ұлтынан нобел сйлығын алған адамның жалпы саны 240 тан асқан, дұнйе жұзы жан санының не бары %3. 0 йелейтын быр ұлттан дұнйе жұзындегы нобел сйлығын алған ғалымдардың %30 тен артығының шығуы адамды таң қалдырады, ал дұнйе жұзындегы айгылы 10 фйлосоптың 8 ы еврей. Олай болса осы ұлттың зерек болу сыры неде?

Шетел мамандары йзрайл елындегы еврей ұлтының ыштегы ембрён жане бобек тарбйесыне, азықтануға, мектеп тарбйесыне, мектептердегы отылетын сабақ мазмұндарына зерттеу жұргызген де, басқа ұлттар мен елдерден томендегыдей озгешелыктердың барлығын байқаған:

Бырыншыден, олар жатырдағы ембрён тарбйесынде, ембрёнға сырттан музйка тыңдату, аймалап сйпау сяқты тасылдерден горы, айелдер ауыр аяқ болғаннан бастап ан айтуды, тұрлы музйка аспаптарын ойнауды (маселен, скрйпка, роял қатарлыларды) ұнемылык қймылға айналдырады кен.

Екыншыден, айелдер жұкты болған кезынен бастап ар кұны математйкалық қйын маселелерды шешуды жане есептеуды адетыне айналдырған.

Ұшыншыден, жұкты айелдер ар кұны азықтануға ерекше коңыл болып, ұнемы балық жеуды, басқа жануарлардың етын барынша аз тұтынуды дарыптейды. Қатты қабықты жемыс - жйдектен салат жасап жейды, асыресе, орык даны, шылан сяқтыларды коп тұтынады. Ар жолғы тамақтанудың алды - артында жемыс - жйдек жеуды адеттерыне айналдырған.

Тортыншыден, жұкты айелдердың темекы шегуын, жұкты айелдер бар орында жане алеуметтык орында, ұйде темекы ше гуды қатаң шектейды, темекының құрамындағы нйкотйнның адамның ақыл - ой қуатын, зейын - зердесын барған сайын томендететындыгын, асыресе, бобектерге зяны тыпты де зор екенын ерте бастан былген.

Бесыншыден, балаларды азықтандыру аке - шешесының жетекшылыгынде болады, жемыс - жйдек, балықтың бауыр майы, жаңғақ, шылан олардың ұнемы жейтын азықтарына айналған.

Алтыншыдан, мектептерде бастауыштан тартып коп тыл ұйретуды жолға қойған, коп санды еврей балалары ұштен артық тыл быледы, балалар оз тылы еврей тылын жетык меңгергеннен сырт, араб, ағылшын тылдерын де жақсы йгерген.

Мектептерде музйка сабақтары бастауыштан тартып арнаулы сабақ ретынде отыледы, оқушылардың барлығы роял ойнауды, скрйпка тартуды быледы. Еврейлер музйка адамның ақыл - парасатын, зейын қуатын ашатын алтын кылт деп қарайды екен.

Жетыншыден, йзрайл мектептерынде бастауыштың 1 - жылдығынан 6 - жылдығына дейын економйка математйкасын отеды, балаларға ерте бастан економйкалық құн козқарасын орнатады екен.

Сегызыншыден, еврей ата - аналары балаларды тұрлы дене тарбйе қймылдарына белсене қатынастырады ары мектептерде дене тарбйе дарысын жане қймылдарын қанат жайдыруға ерекше ман береды екен. Маселен, садақ ату адамның парықтау қуаты мен маселеге шешым жасау қабылетын кемелдендыреды деп қарайды.

Тоғызыншыдан, еврей орта мектеп оқушылары жаратылыстық пан оқуды ерекеше ұнатады, олар оздерының ойларын, қялдап жобалаған жаңалықтарын оз қолдарымен жасауға бейым тұрады. Ғылым саласы олардың осы жобалаған нарселерын құрал - жабдық жасау, емдеу, денсаулық сақтау саласында пайдалануды ойластырады, олардың козқарастарын, жобалаған жасампаздықтарын жоғары мектеп зерттеу орындарына жане арнаулы зерттеу академяларына жолдап, ыске асу мұмкындыгын талқылап шабыттандырады екен. Буқара еврейлері деген қандай еврейлер? қай тілде сөйлейді? Қазақтар арасына сіңіп кеткен еврейлер барма?

Бұхара еврейлері туралы айтуды ерте заманнан басынан бастайық. Б. з. б. 722 жылы Таяу шығыстағы Исраил патшалығын Ассирия империясы (шумерліктер мен аккадтықтардың орнына келген Қосөзендегі мемлекет) жаулап алады. Б. з. б. 586 жылы Вавилон (Бабыл) патшалығының қолына өтеді. Одан көп ғасырлар бойы Мидиялықтардың (Парсы) империясының ықпалында болады да, б. з. б. 63 жылы Исраилды Рим империясы шабуылдайды. Осы парсы империясының құрамында болған ұзақ ғасырларда еврейлер Орталық Азия далаларына да жетеді. Түркі тілдес хунну тайпалары б. з. б. 3 ғасырдан бастап ене бастағанға дейін Орталық Азия Иран тілдес тайпалардың ықпал ету аймағы болғандығы белгілі. Ал крест жорықтары кезінде Еврейлер бытырап, жалпы әлемге таралып кетті. Ал оның Орталық Азиядағы Бұқара мен Самарканд, Ферғана өңірлеріндегі бөлігін, жергілікті халық ол кезде “Жебірейлер”, “Яхудалар” немесе “Ысрайылдар” деп атаған. Олар өз тілдерінде емес, парсы (иран) тілінде сөйлейтін еді. Кейін парсы империясының орнын араб халифаты басты. Ислам туын көтерген империяда еврейлерге де олардың дініне де қысым жасалған жоқ. Пайғамбарымыздың өзі пұтқа табынушылар елден ығыстырған кезде олардың арасынан пана тапқан кезі болғаны белгілі, сонымен бірге көптеген бұрынғы, ескі пайғамбарлардың да (Мұса пайғамбардан басталатын) осы халықтан шыққаны мәлім…

Бұхара еврейлері аты көрсетіп тұрғандай негізінен қазіргі Өзбекстанның Бухара қаласынан шыққан. Бұл қала есте жоқ ескі заманнан бері негізі тәжік халқының және олардың ата-бабаларының тұратын қаласы еді, кейін өзбектене бастайды. Сондықтан Бұхар еврейлері осы тәжік тілінің диалектілерінде сөйледі, әлі де сол тілде сөйлейді. Тек 70 жылдары көптеген Бұқар еврейлері тарихи Отандарына, Иерусалимде қайта тірілген мемлекет - Израилге қайта оралды. Ғажап, 2500 жылдан соң!…

Олардың көші Өзбекстан тәуелсіздік алған 90-жылдардан бастап тағы жалғасты. Жалпы әлемде 90 мыңдай Бұхар еврейі бар. Қазіргі кезде олардың екінші Отаны - Өзбекстандағы бөлігі онша көп емес. Израилден басқа, Америка мен Еуропаға және Ресейге кетті. Сондай-ақ Қазақстанда да қазір 800-дей Бұхар еврейі тұрады деп есептеледі. Олар 70-90 жылдар аралығында Өзбекстаннан келген. Таң қалмасқа болмайтын бір жай бар: жат жерде, әрі шағын тобымен 2500 жылдан астам тұрған олар салты мен дінін, тегін жоғалтпағаны. Басқа халық болса, өзінің кім екенін ұмытып қалар еді. Жалпы еврейлер өз салттары мен діндерін қатты ұстайды және өзге халықтарға таратпайды, керісінше өз діндерінің сырларын ашпайды, идеология, уағыздаудан аулақ. Бұл жағынан ешкімге зияны мен ықпалы жоқ…

Енді қазақ халқының құрамына сіңіп кеткен еврейлер бар ма - еврейлер отырықшы өмір сүретін халық. Сондықтан өткен ғасырларда олар көшпелі халықтардың арасына енбеген. Мысалы Хазар қағандығында олар көп болған. Бұл еврейлер қазір Ресейдегі орыстардың ішінде жүр. Тегінен (фамилиясынан) немесе түрінен айыруға болады. Ал жалпы Қазақ даласындағы болған мемлекеттерде еврейлер болды ма. Жоғарыда Дешті-қыпшақ ру-тайпалары мен халықтарының “92 баулыға” байланысты тізімін берген едім. Бұл ру-тайпалардың ішінен қазақ халқының ру-тайпаларын әркім де көрген болар, ал қалғанының көпшілігін қазіргі Оғыз халықтарының, негізінен Түрікмен халқының құрамынан және Кавказдағы Түркі халықтарының ішінен тауып отырмын. Сонымен бірге, сол тізімнің ішінде “жөйт” деп аталған ру немесе халық бар. Бұл сөз жоқ Бұқар еврейлері… Яғни, ұлан-байтақ Алтын Орданың оңтүстігінде бұл халықтың өкілдері топтанып мекен еткен. Егер қазір қандай да бір түркі халқының ішінде түркіленіп кеткен, сіңіп кеткен еврей халқының өкілі болатын болса, ол руы немесе рудың бір тармағы бойынша осы “жөйт” атымен жүреді…

Жапондар неге ұзақ жасайды?

Қазіргі кезде адамдар өмірінің орташа ұзақтығы бірқалыпты өсіп келеді. Яғни, біз ата-бабаларымыздан ұзағырақ өмір сүреміз деп есептеледі. Алайда, ұзақ өмір сүру - жақсы өмір сүру деген сөз емес. Өйткені, ең бастысы ұзақ жылдар бойы жақсы денсаулық пен жақсы көңіл-күйді сақтау. Ол үшін өзіміздің күнделікті тұрмыс тіршілігімізге басқаша қарап, өзімізге, денсаулығымызға көбірек көңіл бөлсек, онда біз өзімізге ұзақ ғұмыр ғана емес, бақытқа толы жылдар сыйлаймыз. Осы мақсатта біз сіздерге Токио денсаулық институты мамандарының кеңестерін ұсынып отырмыз.

Көкөніс, жеміс көп жеңіз: Күнінге міндетті түрде аз болса да, көкөніс пен жеміс жеу керек. Одан басқа, пісірілген көкөністер мен астық тұқымдары пайдалы. Әсіресе, асшөп (шпинат) сәбіз, асқабақ сияқты қанық жасыл және сары түсті көкөністер пайдалы. Бұл біздің сіздің ағзаңыздағы қажетті дәрумендермен және минералдық заттармен қамтамасыз етеді.

Майлардың пайдасы: Майлардың ағзаға зияны көп деген көзқарас кең тараған. Бірақ, олар біздің ағзамызға өте қажет, әсіресе қартайған шақта. Бұл жерде қандай майлардың маңызы зор екенін айта кету керек. Мысалы, күнбағыс және зәйтүн (оливковое масло) майларында адам өмірін ұзартуға қажетті қышқылдар бар. Осы майлардың қайсысын болса да, күніне 1 шай қасықтан ішсе абзал. Ал, сары майды, сыр және етті жеуді азайтқан дұрыс.

Қозғалу пен тыныс алуды үйреніңіз: Ағза үшін су мен астан гөрі ауаның маңызы өте жоғары. Ауа - ағзадағы миллиардтаған жасушылар үшін бағалы «отын» болып табылады. Сондықтан, тыныс алу техникасына көп көңіл бөлу керек. Бос уақытта қала сыртында көп болу керек. Аз да болса, бірнеше қарапайым жаттығуларды игеріп алыңыз.

Темекі шегу мен арақ ішуді азайту керек: Бұл туралы айтылып жатқан әңгімелер өте көп. Дегенмен де, темекі мен арақ - тыныс алу және жүрек-қан тамырлары жүйелері ауруларының басты себептері. Одан басқа әр түрлі ісіктердің дамуына да себін тигізеді.

Бақытты болыңыздар: Біздің басымыздан кешкен барлық эмоциялар «басымызда» сақталып қалады. Олар біздің ағзамыздың физиологиялық әсерлерін басқарады. Сол себептен, біз қамыққанда немесе мазасызданғанда, ағзаның иммундық жүйесі Т және Б жасушаларын өндіруді доғара бастайды. Ал, бұл жасушалар бізді инфекциялық жұқпалы аурулардан, керек болса рактан да (!) қорғайды екен. Ал, өмірден ләззат алып, қанағат сезіміне бөленсеңіз, иммундық жүйеңізді, яғни денсаулығыңызды күшейтесіз.

Миыңызды жұмыс істетіңіз: Миыңызды көп жұмыс істетсеңіз, бұл шаршатпайды, керісінше, кез келген жаста, әсіресе, қартайған шақта, мидың жады үшін жауапты зоналарын үнемі «оятып» отырған жөн.

Демалып, тынышталыңыз: Қазіргі заманда, біздің көңіл-күйімізге кері әсер ететін нәрселер өте көп. Олардан мүлдем қашып құтылу мүмкін емес. Сондықтан, оларды бойға жинамай, арылу керек. Уақыт тауып, өзіңізді демалдырып, тынышталған дұрыс.

Көбірек ұйықтаған дұрыс: жақсы ұйқы бұлшық еттерді демалдырады, жүрек соғу ырғағын төмендетіп, артерия қысымын төмендетеді, гормон бөлу жүйелерін ретке келтіреді. Ағза жасушалары қалпына келеді. жарақаттардың да ұйқы кезінде тез жазылатыны белгілі.

Қымтанып қалың киінбеңіз: Ағзаның қорғаныс жүйесі әрдайым шынығуды талап етеді. Егер сіз үнемі қымтанып, жылы киініп жүрсеңіз, онда ағзаға қорғанудың қажеті не? Сол кезде, әлсіз соқса да, кішкентай инфекция болса да сіздің ағзаңыз беріліп, ауырып қалу қаупі туады. Сондықтан, қымтанып киінбеңіз, бөлмеңізді жиі желдетіп тұрыңыз. Ұйықтайтын бөлмеде ауа температурасы 16-17 0 С аспау керек.

Өзіңізге қанағат, ләззат сезімін сыйлаңыз: Досыңызбен әңгіме, дәмді тамақ, жақсы фильм немесе гүлдер . . . сізге қуаныш сыйлайтын осындай кішкентай нәрселердің тізімін әрі қарай жалғастыра беруге болады. Осындай кішкентай қуаныштар адам миында серонин атты затты бөлуге көмектеседі. Оны кейде «бақыт гормоны» деп атайды екен.

Тамақты аздап жеңіз: Жүз жылдан аса өмір сүрген адамдардың көбі тамақты аздап жегенін зерттеулер көрсетіп отыр. Әйгілі жапон биологы Цусима Рой күндік рацион 1500-2000 калорийден аспау керек деп кеңес береді. Ал, А, Е және С дәрумендерін міндетті түрде қолдану керек деп кеңес береді жапон ғалымы.

Күліңіз! Адам күлген кезде, оның бетінің бұлшық еттері ғана емес, іштің, асқазанның да бұлшық еттері жұмыс істейді. Сонымен қатар, күлген кезде біз терең дем аламыз, ал бұл жасушалардағы оттегі қорларын жаңартуға, бронх пен өкпенің қалпына келуіне, тыныс алу жолдарын ашуға көмектеседі.

Бір-біріңізді аялаңыздар: Жапон медицинасы ежелден мәңгілік өмірдің құпияларын ашуға ұмтылып келеді. Ол жыныс қатынасын еркек пен әйел бастауларының қосылуына негізделген, ағзаның ішкі энергиясын қалпына келтіретін бірден-бір ем ретінде қарастырады.

Жапондар ер баланы қалай тәрбиелейді?

20-Қыркүйек, 2010 1 314 рет оқылған

Ата - баба дәстүрін қандай заманда өмір сүрсе де, бұлжытпай сақтауға тырысатын ұлттың бірі - жапон. Ғылымы мен техникасы қарыштап дамып, кез- келгеннің миы жетпес ғажайып технологияларды өндіріске енгізіп, соның арқасында экономикасы өзге мемлекеттерден озық тұрған Жапонияның адам ресурстарына деген қатынасы таңданарлық. Баланың ержеткенге дейінгі рухани толысуы үшін жасалатын ғұрыптар Күншығыс храмдарында күні бүгінге дейін бұлжытпай орындалады деуге болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мағжан Жұмабаевтың педагогика ғылымын дамытуға қосқан үлесі
Қазақ баласының тәрбиесі қазақ тұрмысына қабысуы мақұл
Тарихи шынайылықтың әсерінен тұлғаның түрлену процесі
Мағжан - елдің патриоты, қазақ баласы
М. Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы
Қазақ балалар әдебиетінің ақсақалы
Т.Әлімқұлов сыншы және әдебиет зерттеушісі
Абайдың философиялық ойлары
Мағжан Жұмабаевтың педагогика туралы ой-пікірлеріндегі тәрбиелік идесының тәжірибеде қолдану маңызы
Сұлтанмахмұт Торайғыров романдары мен өлеңдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz