Көне Мысыр



Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Египет
Көне Мысыр – Ніл өзенінің төменгі ағысында, солтүстік шығыс Африкадағы
болған ертедегі мемлекет. Күллі Египетті қамтитын мемлекет бірден қалыптаса
қойған жоқ. Әуелі қырыққа тарта шағын патшалық пайда болды.Олардың
әрқайсысы көршілерін бағындырып, билеп – төстегісі келіп, үнемі бір –
бірімен соғысып отырды.Ақырында Ніл аңғарында ірі екі мемлекет: өзеннің
төменгі сағасында яғни атырауында – Солтүстік Египет, жоғарғы жағында
Оңтүстік Египет мемлекеті пайда болды.Шамамен б.з.д.3000 жылы Оңтүстік
Египеттің патшасы Солтүстік Египет патшалығын біржола бағындырып елді
біріктірді.Сөйтіп, басына бірінің үстіне бірін қойғандай, қосарлы тәж
киді.Біртұтас Египеттің әміршілері перғауындар ( фараондар) деп аталды.
Египет мемлекетінің алғашқы астанасы Мемфис қаласы болды.Египет жерін халық
палеолит дәуірінде мекендей бастаған.Б.з.б. 10 -6 мың жылдықтарда ауа райы
жылы әрі ылғалды болып тұрған кезде Египет жерінде көшіп - қонып жүрген
жеке тайпалар Ніл өзенінің айналасындағы саваннада тұрды. Тайпалар жеміс –
жидек теріп, аңаулап, кейінірек балық аулап күн көрді.Неолит дәуірінде ауа
райы өзгеріп, саванна құрғаған кезде, олар Нілдің су жайылмаларына қоныс
аударды. Бұлардың арасында түпкі семиттер, берберлер мен кушиттер болдв,
осы тайпалардың араласуынан кейінірек египет халқы қалыптасты. Халықтың
көбеюі аң және балық аулау арқылы күн көрудің қиындауы мал өсірумен және
егін егумен шұғылдануды тездеттті. Мұның өзі территориялық қауымдардың
құрылуына себепкер болды. Егін егуге жарамды қосымша жерге деген ділгірлік
жер суару каналдары мен плотиналар салуды қажет етті. Египеттегі ежелгі
егіншілік қоныстары б.з.б. 5-4 мың жылдықтарда бірінің орнына бірі ауысып
отырған мәдениеттер ошағы болды.Мысалы, солтүстікте – Тасий, Бадари және
Амрат, Негада мәдениетттері, бүкіл ел көлемінде Герзей мәдениеті.Ру
ақсүйектері шықты, тайпа көсемдері кіші – гірім патшаларға айналды, құл
еңбегі пайдаланылды, таптар қалыптасты. Б.з.б.4 мың жылдықтың орта шенінде
солтүстікте төменгі Египет, оңтүстік Жоғарғы Египет патшалықтары құрылды.
Олардың орталықтары:Буто және Иераконполь қалалары болды.Осы кезде ежелгі
египет мәдениетінің негізгі ерекшеліктері қалыптасты.Б.з.б. 2000 жылда
патша Юга Менес бүкіл елді біржолата біріктірді.
Б.з.б. 3000-2800 ж. Шамасында Египет жерінде Ертедегі патшалық өмір
сүрді. Бұл кезеңде жер суару шаруашылығы дамыды, тас және мыс құралдар
жетілдіріле түсті, қыш ыдыстар жасалды, айырбас саудасы өріс алды,
мемлекеттік ақпарат қалыптасты, әкімшілік окруктар – номдар құрылды.
Б.з.б.2800-2250 ж.Ежелгі патшалық кезеңі 3 әулеттің бірінші патшасы
Джосердің таққа отыруынан басталады. Бұл кезеңінде мал шаруашылығы,
егіншілік, қолөнері сауда мен құрылыс дами түсті. Қауымдық жер иеленумен
бірге жеке меншікті жер иеленушілік те өрістеді. Жоғары лауазымды адам
тчати ( уәзір) басқарған бюрократтық ақпарат нығайды.Доғары дәрежедегі абыз
әрі жердің ұлы мәртебелі иесі перғауынның ( фараонның) үстемдігі де
шарықтау шегіне жетті, тұрақты әскер жасақталды. 3 – 4 Перғауындар
әулеттері тұсында қабір үстіне аса зор пирамидалар ( Снофру, Хеопс, Хефрен,
Микерин пирамидалары ) салғызды.Б.з.б. 2250-2050 ж., шамасында Египет
Бірінші ыдырау кезеңіне ауысты.Египет өзара жауласқан номдар мен шағын
мемлекеттерге бөлініп кетті. Мұның өзі суару жүйесінің, демек алыл
шаруашылығының да құлдырауына әкеп соқтырды. Қолөнері бұйымдарына ділгір
ұсақ және орта жеке меншік иелері көбейді. Қолөнері мен сауданың өріс алуы
қалалардың өсуіне қолайлы жағдай туғызды. Мұның өзі бірте - бірте елдің
қайтадан бірігіп, суару жүйесін қалпына келтіруге мүмкіндік берді. 2050 ж.,
шамасында - Ментухотеп 1 тұсында ел қайтадан біріктірілді.Б.з.д.2050-
1700ж., шамасында Египет Орта патшалық кезеңіне ойысты. Бұл кезеңде суару
жүйесі көптеп салынды, қола бұйымдар жасалды, Сириямен Критпен айырбас
ұлғайды.XII әулеттің алғашқы перғауындары тұсында өзара қырқысқан соғыстар
тоқтамады.Мүлік теңсіздігі кедейлердің көтерілісін туғызды. Б.з.б.1750 ж.ш.
ел тағы да ыдырай бастады. 1700 – 1580 ж. шамасында Египет Екінші ыдырау
кезеңін бастан кешірді. 1700 ж.ш., Египетке гиксос тайпалары басып кіріп,
олар елдің денін 110 жыл бойы дерлік билеп тұрды.( XVII әулет ) өкіметі
сақталды. Олардан тараған перғауындар Секененра мен Камос басқыншыларға
қарсы азаттық соғысын бастады. Бұлардың мұрагері, XVIII әулетінің негізін
салушы Яхмос I ( Амасис ) күресті жеңіспен аяқтап, 1580 жылы гиксостарды
Египетттен қуып шықты. Б.з.б.1580-1070ж.ш.Египетте Жаңа патшалық кезеңі
орын алды.Бұл кезеңде қола кең пайдаланылды, темірден алғашқы бұйымдар,
жасалды, металл өңдеу техникасы тоқыма станогы мен плугтың конструкциясы
жетілдірілді, дөңгелекті арбалар мен әйнкетен жасалған бұйымдар
көбейді.Яхмос I – нің мирасқорлары Тутмос I (б.з.б.1538-25) және Тутмос III
(б.з.б. 1503-1491) мен Аменхотеп II (б.з.б.1491-65) Сирия мен Палестинаны,
Оңтүстік Кушты Египетке қосты.Миланнимен, Вавилонмен және Хетт патшалығымен
тұрақты дипломатиялық қатынас орнатты.Аменхотеп III (б.з.б.1465-1419 )
тұсында Египет шарықтап дамыды.Б.з.б. 1070-332ж.ш., Египетте кейінгі кезең
орын тепті.Бұл кезеңде темір құралдар мен қарулар кең тарады, зат айырбасы
мен ақша айналымы және өсімқорлық өрістеп, халық бұқарасы күйзелді.
Мемлекеттік және діни идеяларды көздеген ежелгі Египет мәдениеті өз
заманында үлкен қоғамдық беделге ие болды. Сол заманда ірі қалалар мен
қамал – қорғандар, монументті тас храмдар, сарайлар салудың жаңа
архетектуралық түрі қалыптасты.Бұрын пайдаланып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ежелгі Мысыр өміріне шолу
Мысыр өнері
Ежелгі Египет мәдениетінің қалыптасуы
Араб математикасы
Әлемнің көне жеті кереметі
Мысыр өнері. Мысырдағы қашқындар
Ежелгі пирамидалар
Египет мәдениеті мен құдайлары
Ежелгі Мысыр математикасының тәсілдері
Мысырдың ғажайып өнері
Пәндер