Егіншілік кәсіпке байланысты туған жырлар


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Егіншілік кәсіпке байланысты туған жырлар .

Қазақта егіншілік кәсіпке байланысты көне замандарда туып келе-келе бүкілхалықтық дәстүрге айналған көптеген әдет-ғұрыптар, маусымды мерекелер бар. Солардың дені көктем мен күзгі маусымды бейнелейді. Мысалы, көктем шығып, жабықтан шуақ төгіліп, нұр себіле, диқан қуанып: үйімізге нұр кірді - егіншіге құт кірді деп, соқа-сайманы мен кетпенін әзірлеп, дала қамына дайындала бастаған. Мұны ел ішінде «Наурыз торғай» дейді. Ал, алғашқы атызды түсірген күнді қазақтар «Наурыз көже» деп атаған. Ауыл ақсақалдары төбе басына жиналып келіп: «Диқан баба, қолдай көр» деп егін молшылығын тілейтін болған. Оңтүстік жағында көжені - құдайы көже, қос көже деп атап, оған арнап жұқа нан пісіріп, ерте замандарда боз бие сойып, әр түрлі ырым жасап, әйелдер жағы кәделі өлеңдерін айтатын болған.

Бұдан соң шығыр жасап, қол қауға теңдеп, кетпен шауып, атпа су тарататын. Сөйтіп, Әли-Шынар піріне жалынып, жалбарынатын. Әли- Шынар деп отырғаны шығыр иесі, соны жасаушы мифтік әулие, тәңірісі есепті. Қазақ ескілігінде жауын шақыру, жел шақыру, соның тәңірі - құдайына табыну жиі кездеседі. Кейін мұсылманшылықтың келуіне байланысты жауын болмаса тасаттық беріп, мал соятын мәрәсім-кәделері көбейген.

Жалдамадан арық тартып, ақ табан болып атпа салып, кетпен шапқан жатақ ауылы ақ бидайды буазып дән салғанын көргенде «Көк жағыс» мерекесін өткізген.

Енді күз келіп, алты ай жаз адақтаған еңбегінің жанғанын көріп қазақ қырман тойын өткізеді. Мұны көне замандарда «Қырман қандау» деп атаған. Қырман тойында жатақ ауылы жиналып келіп, етке бидай салып пісіріп «Әлім ботқасын» жейтін болған. Мұны көбіне-көп өзбектермен көрші қазақтар арасынан жиі кездестіруге болады. Сондай-ақ егін орған кезде алғашқы баудан түскен бидайды «Егіс көже» жасап ішіп, ақсақалар жағы: «Қырман қызылды болсын», - деп, ақ батасын беріп, диқан бабаның рахымын күтетін-ді.

Қазақта дән тазартып, бидай ұшырып жатып жел иесі - «Мірхайдар, кел Мірхайдар» деп, жел иесін көмекке шақыратын сенімдер де болған. Әбубәкір Диваевтың түсіндіруіне қарағанда жел иесі Мірхайдарды Сырдария бойында Жалаңаш ата деп атаған.

Сөйтіп, орақ аяқталып, қырман басқан, ат айдаған диқаншы мұны да өз өлеңінің арқауы етеді. Соның бірі:

Оптыр майда, оп майда,

Майда болмай болмайды.

Сабаны саған пайда,

Дәні маған пайда, -

Егіншілікпен айналасудың дәлелі боларлықтай белгілер қазақ ескіліктің өзге түрлерінен де табылады. Мысалы, халқымыз бастан кешкен талай тарихи кезеңдердің куәсі боларлық мақал-мәтелдерді алайық. Қазақта «Тамыр тартқан тарықпас», «Тамырың қашса тары ек», «Берген алар, еккен орар», «Егінші мәрт, жер жомарт», деген сияқты ескілікті сөздер бар. Осындағы негізгі ой - аш өзегің талып, қарның ашса, қара жерден де тамыр тартып күн көруге болады деген пікір. «Арпа, бидай ас екен, алтын, күміс тас екен» деп арпаның ас екенін білген ата-бабаларымыз оның бабын тауып береген ету жағында ойлаған сияқты. «Егіннің жайын еккен білер, арбаның жайын жеккен білер», «Егін ексең тыңға ек», «Егіндікті күз суар, күз суарсаң жүз суар» - осындай мақсатта айтылған мақал-мәтелдер екеніне шүбәлануға болмайды.

Егінжайға, бау-бақшаға байланысты атаулар, бейнелі, образды сөздер, эпитет, теңеу, салыстырулар қазақтың халық өлеңдерінде де көптеп кездеседі. Мысалы, қазақ қыз баланы бірде: «қыз емес, қыздың аты -қызыл бидай» деп қызыл бидайға ұқсатса, енді бірде «қыз емес, қыздың ата - қызыл өрік» деп өрікке, немесе: « қыз бала он бесінде қызыл алма, жеткенде қыз он беске бойға талма» деп оны піскен алмаға ұқсатса - осының бәрі қазақ поэзиясында бар, сонау ерте замандардан бері жатталып келе жатқан дәстүрлі поэтикалық үлгілер.

Халық өлеңдерінде бой жеткен сұлу қыздың көркін, бет әлпет, пішінін суреттеп, нақтылы портрет жасаудың талай жолдары бар. Соның ішінде егінжайға, өрік, мейізге орай алынған ұқсатулар тіптен көп.

Өрік, мейіз, қант пен шай,

Алма мойын, ақ бидай.

Қарағым, айналайын, ойыныңнан,

Алманың сабағындай мойыныңнан.

Алып келген базардан білте шам-ай,

Бидай өңді аққұба құдашам-ай.

Көрінсеңші көзіме егіндей боп,

Жаңа шыққан егіннің көгіндей боп.

Қазақ халқының егін егіп, бау-бақшамен айналасуы тек бертінгі замандарда ғана пайда болған кәсіп емес, тіпті арғы көне дәуірлердің өзінен келе жатқан күн көріс, тіршілік талшығы екендігін дәлелдейтін ауыз әдебиетінің нұсқалары, әрине, теңеу, салыстырулармен шектеліп қоймайды. Еккен егін, өнген өнімді нақтылай айтып, әңгімелейтін өлеңдер де туа бастайды. Мысалы, мына бір өлең жолдарында:

Арпа ішінде бір бидай,

Теріп жейді көп торғай.

Ат байладым тақырға,

Жем сап қойдым ақырға.

Ақ алма, қызыл алма жемедің бе,

Тәтті алма шықты қайдан демедің бе?

деген сияқты арпа бидай, алманы тікелей салыстыра сипаттау нышаны байқалады. Бірақ, оның өзінде де әлде нені тұспалдап бейнелеуді, кейіптеуді мақсат еткен. Ал, бұған қарағанда, «Ай, көкке» өлеңдерінде ұшырасатын:

Мөп-мөлдір сынап құсап бұлақ аққан,

Маңында үш түрлі көл шалқып

жатқан.

Топырағы бейне мақпал егінге жай,

Шырайы әдемі жер күліп жатқан, -

немесе:

Келемін жоғарыдан заулай түсіп,

Жатады орған бидай баудай

түсіп, -

деген жолдарда сол анық отырықшылық тұрмыстық сипаты бар.

Әрине, аузы аққа жарымай жүрген кедей тіске талғажу етерлік тары егуді армандайды. Тіпті бидай емес, қара көжеге қатық болар тарының өзі табылса ырза.

Бойында шіркейлінің тарым болса,

Қолымда жетектеген нарым болса, -

дейді.

Сөйтіп, осының бәрінен шығатын қорытынды - қазақ халқы біріңғай мал бағып, төрт түліктің соңында жүрген ел емес. Сонымен бірге егіншілікті де кәсіп еткен. «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» жырында Қозы шешесінің алақанына қуырылған бидай басып, шындықты айтқызады. Арқалық батыр Әжі төренің зардабына шыдай алмай жан қамына деп егін салады. Кейінгі ұрпақ сол егіншілікпен шұғылданған ата-баба кәсібін жалғастырады.

Егіншінің баласы қара борбай,

Бидайыңды жеп қойды қараторғай,

ойбай, ойбай! -

Айқайласам ақ киік тау асады,

Қатыны егіншінің бау басады, -

деген жолдар осының куәсі.

Г. Н. Потанин 1864 жылы Тарбағатайды аралап жүріп егінші кедей-жатақтардың арасынан секемен тары туралы екі өлең жазып алынған. Мұның біріншісін айтып беруші - Мұрын деген адам да, екеншісін - тоғас руының біреуі, аты-жөні белгісіз. Міне, сол өлеңнің толық текстісі мынау:

Секемен тары піскен жоқ,

Қазақтар таудан түскен жоқ,

Қозылары өскен жоқ,

Секемен тары піскенде,

Қазақ таудан түскенде,

Балалары тойғанда,

Үлкендер ұрлықты қойғанда.

Рас, Г. Н. Потанин мұны балалар өлеңі деп атаған. Секемен тары, яғни құмаршық құмды далада өседі. Кедей жатақ ауылдары мұны егіні піскенше талшық етіп, ашыққан балаларын қоректендіріп, күн көрген.

Г. Н. Потанин жинаған ауыз әдебиеті нұсқаларының ішінде қазақтың егіншілік кәсібін бейнелейтін тағы да бір өлең бар. Бұл жоғарыда келтірілген өлеңдер секілді арық қазып, егін еккен, бірақ еңбегі жанбай, азын-аулақ бидайдың өзі қаптаған қалың торғайға жем болып, қан-қақсап қалған кедей өмірін бейнелейді.

Байғұра алмай, тағы да байғұра

алмай,

Егінші арықтады егінін суғара алмай.

Бидай, тары бермедің барғанымда,

Жеп кетті егініңді жұта торғай.

Әрине, осы аталған өлеңдердің әрқайсысы әр кезде әр түрлі айтылып, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып келе жатқанымен соның бәрінің негізі бір - жер тырналап, егін еккен, кетпен ұстап, арық қазған, тоған тоқтатқан қазақтың кедей-жатақ ауылдарының өмірін көрсетеді.

Қазақ руларының ертедегі егіншілік кәсібі, әсіресе, айтыс өлеңдерінен жақсы көрінеді. Өйткені мұнда екі ақын өзара айтысып, сөз жарыстырады - бірін-бірі кемсітуді мақсат етеді. Ал, төрт түлік малды ата кәсібіміз деп есептеген қазақтың кейбір рулары ол кезде кетпен шауып, дән ұшырып, масақ теріп, қара табан болып жүруді өздеріне намыс көрген. Сол себепті мұндау рулардан шыққан қайсыбір ақындар өз қарсыласын егін егіп, орақ орған диқаншылығы үшін сынап, оны мұқатып, мазақтап, сүріндірмек болады. Мысалы, Бөлтірік оңтүстіктен шыққан Майкөтті кемсіткен болып:

Боз торғайы шырылдап,

Егіндерін қорысып,

Аспандағы құдайдың

Торғайменен ұрысып, -

дейді. Бұған Майкөт саспайды. Егіншілік ата-бабамыздың ежелгі кәсібі екенін айтып:

Дәнсіз қашан бар еді,

Адамзаттың базары

Бабаң салған диқанды,

Бос жамандап оттайсың,

Түркістан дейтін қалада

Қайнап тұр ырыс қазаны, -

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ТҰРМЫС-САЛТ ЖЫРЛАРЫ ТУРАЛЫ
Фольклордың басқа жанрларындағы еңбек көрінісі
Әдеп - эстетика ғылымының этика деп аталатын үлкен саласының ұлттық мәдениетке тән қисынды баламасы
Фольклор материалдары этнопедагогакалық ғылыми-зерттеу объектісі ретіндегі ролі
Қазақ және түрік тілдеріндегі кәсіпке байланысты мақал - мәтелдер
ТӘЛІМ - ТӘРБИЕНІҢ ТҮП - ТӨРКІНІ ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКА
Тәрбие үрдісінде мақал - мәтелдерді пайдалану
Қазақ жырлары
Қазақтың ғашықтық жырлары
Үйлену салтына байланысты туған өлең - жырлар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz