Ежелгi Үндiстандағы саяси-құқықтық ойлар


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

  1. Ежелгi Үндiстандағы саяси-құқықтық ойлар
  2. Ежелгi Қытайдағы саяси-құқықтық ойдың қалыптасуы және оның ерекшелiктерi

Пайдаланылған әдебиттер

  1. Ежелгi Үндiстандағы саяси-құқықтық ойлар

Ежелгi Үндiстандағы саяси және құқықтық iлiм мифтiк және дiни көзқарастар түрiнде қалыптасты. Бұның өзi ежелгi үндiс қоғамында ұзақ ғасырлар бойы олардың рухани және әлеуметтiк-саяси өмiрiнде үстем болған брахмандарға тiкелей байланысты болып келедi.

Брахманизм идеяларының алғашқы көрiнiстерi б. з. д. екi мыңыншы жылдықтағы «Beдa» ескерткiштерiнде кездеседi. «Beдa» - “бiлiм, кiрiспе” (Санскрит тiлiнде) деген ұғымды бiлдiредi Бұл ведаларда адамдардың төрт варнаға (кастаға) бөлiнетiндiгi және олардың брахмандар - Пуруши құдайдың аузынан, кшатрийлер - құдайдың қолынан, вайшийлер - құдайдың санынан, шудралар - құдайдың табанынан жаратылды деп айтылады. Ману заңдарының 96- бабында «Тiрi нәрселердiң iшiндегi ең қасиеттiсi - жандылар, ал жандылардың iшiнде адам, ал адамдардың iшiнде брахмандар» деп айтылады.

Веда бойынша барлық варналар мен олардың мүшелерi құдай көрсетiп берген «дхармаға» - заңдарға, мiндеттерге, құқықтар мен ережелерге бағынуы тиiс. Дхармадағы ережелер бойынша брахмандар қоғамда жоғары дәрежеде және үстемдiк жағдайда көрсетiледi. Оқу, бiлiм, дiн iлiмiн, құрбандық шалу, өзiне және өзгеге арнап садақа үлестiру, садақа алу iсiн құдай брахманға мiндеттеген.

Брахманизм идеялары брахман мектебiнiң әртүрлi өкiлдерi жасаған «дхармасутра» және «дхармашастра» сияқты әртүрлi құқықтық жинақтарда кездеседi. Брахманизм ежелгi үндi ойының ескерткiшi «Упанишадта» (б. э. д. IX-VI ғ. ғ. ) одан әрi дамытылады және нақтылана түседi.

«Ману заңдарында» адамдардың варналарға бөлiнуi және олардың қоғамдағы орны мен әлеуметтiк теңсiздiгi қорғалады. Мұнда да брахмандардың жоғары дәрежедегi жағдайы мен үстемдiгi, артықшылығы туралы айтылады. Тiптi патшалар да брахмандарды құрметтеуге, олардың ақыл-кеңестерi мен талаптарын орындауға, олардан «Beдa» iлiмiн оқып үйренуге тиiстi. Бұл заң бойынша патшаның басты мiндетi варна жүйесiн қорғау және оған қарсы келгендердi жазалау болып табылады.

«Ману заңдары» бойынша патшаның өкiлдiгi шектеулi, ол брахмандардың ақыл-кеңестерiн тыңдаумен қатар кейбiр талаптарға да сәйкес болуы керек. «Ману заңдарының» 3-бабында «ақылсыздықпен өз елiн азапқа салған патша уақыт күттiрместен өзiнiң ағайын-туыстарымен бiрге елден кетуi тиiс және ол өмiрден айрылады» деп айтылады. «Ману заңдарында» жазаға көп көңiл бөлiнген, оның басты мақсаты варналарды сақтауға және қорғауға бағытталған. Құдай иелiгiнiң ұлы ретiнде жаза (данда) оның жердегi бейнесi «таяқ» деген ұғымды бiлдiредi. Яғни, жаза өзiнiң бұл ұғымында «басқару өнерi» (данданиттер) деген мағына бередi.

«Ману заңдарының» 7-тарауы бүтiндей жазаға арналған. Онда жазаның қуаттылығы мен күштiлiгi және қоғамға пайдасы туралы көп айтылады. “Жаза бүкiл адамды билейдi. Жаза адамдарды қорғайды, ол өзгелер ұйықтап жатқанда сергектiк танытады, данышпандар жазаны, данданы қорғаушы” деп жариялаған. Егер патша қылмысына қарай жаза тағайындауды үздiксiз жүзеге асырып отырмаса, онда күштiлер әлсiздердi қармақтағы балықтай қуырған болар едi. Жаза дұрыс қолданылмаса бүкiл варналар бұзылып, бөгеттер жойылып, бүкiл халық наразы болар едi» делiнедi.

Әртүрлi варна мүшелерiнiң құқықтары мен мiндеттерiнiң тең болмауы олардың заң алдындағы қылмыс пен жазадағы әдiлетсiздiгiнен көрiнедi. Брахмандар заң алдында ерекше жеңiлдiктерге ие болған. «Әлемдегi бар нәрсенiң бәрi брахмандардың меншiгi болып табылуымен бiрге» (100-бап), оларға ешқашан тән жазасы қолданылмайтын едi. Олар үшiн ең ауыр жаза - шашын алу болып саналды. Қылмыс үшiн айып төлеуде варналардың қоғамдағы теңсiздiгiнiң сипаты анық көрiнедi. Мысалы, брахманды тiлдеген кшатрийге 100 пан айып салынады, вайший екi жарым есе артық төлейдi, ал шудра дене жарақатымен жазаланады (267-бап) . Ал «брахман кшатрийдi тiлдесе 50 пан, вайшийдi тiлдесе, оған 12 пан айып салынады» (268-бап) . Бұдан бiз жаза белгiлеуде қылмыстың ауыр немесе жеңiлдiгi емес, адамның қоғамдағы алатын орны назарға алынатынын байқаймыз.

Б. з. д. VI ғасырда Будда («данышпан» деген ұғымды бiлдiредi) деген атпен белгiлi болған Сиддхартха Гаутама «Веда» iлiмiн сынға алады, құдайдың адамдар өмiрiне араласуын, олардың билiгi мен заңдарын жоққа шығарады. Оның айтуынша, адамзат iсi адамдардың өздерiнiң белсендi әрекеттерiне байланысты. Будда дiнi бойынша брахмандардың жоғары дәрежесi мен артықшылықтары жоққа шығарылады. Будда “ең бастысы - адамның атағы мен шыққан тегi емес, адамгершiлiгi” деп үйреттi. Буддистер үшiн брахмандар артықшылыққа ие болған варна мүшесi емес, қарапайым адамдардың бiрi.

Будда iлiмiн жақтаушылар дхарманы табиғи заңдылықты басқарушы әлем ретiнде көредi. Саналы мiнез-құлық үшiн танымның қажеттiлiгi, табиғи заңдылықты қабылдау және мойындау туралы айтылады. Адам өмiрiнiң мәнi байлық пен атақта емес, әрқашан шындықты айтып, мейiрiмдiлiк пен қайырымдылыққа ұмтылуда екендiгi дәрiптеледi.

Дхарма түсiндiрмелерiнде адамдардың бiр-бiрiне бауырмалдығы, қайырымдылығы, жамандыққа жамандықпен емес, жақсылықпен жауап беруi ғана бұл әлемде iзгiлiктi өмiрге қол жеткiзетiндiгi баяндалады. Буддизм iлiмi бойынша адамдардың барлығы тең дәрежеде. Олар қандай варнада немесе әлеуметтiк сатыда тұрса да, аурудан, қасiреттен және өлiмнен құтыла алмайды. Оған олардың лауазымдық шенi де, құдайға шалған құрбандығы да көмектесе алмайды.

Б. з. д. IV-III ғасырларда жазылған «Дхаммападе» жинағында брахманизмге қарағанда жазаның ролi мен көлемiнiң азайғандығы байқалады. Мұнда кiнә дәлелденбей жаза қолданбау туралы арнайы атап көрсетiледi. Будда iлiмiнде сонымен бiрге өмiрдiң заңды жолына, заңдылықтың қатаң сақталуы мен орындалуына үлкен мән берiледi.

Б. з. д. III ғасырдан бастап буддизмнiң көптеген идеялары әлеуметтiк-саяси маңызға ие болып, мемлекеттiк саясат пен заңдылыққа да ықпалын тигiзе бастады. Үндiстанды бiр орталыққа бiрiктiрген Ашока патшаның билiгi кезiнде (б. з. д. 268-232 жж. ) буддизм мемлекеттiк дiн болып жарияланды. Буддизмнiң ықпалы кейiннен Қытай, Жапония, Бирма, Цейлон елдерiне де тарады.

Брахманизм идеологиясынан едәуiр ауытқу б. з. д. IV-III ғасырларда өмiр сүрген Каутильяның «Артхашастра» трактатында көрiнiс тапқан. Бұл шығармада философия логикалық дәлелдемелер арқылы Веда iлiмiнде - заңдылық пен заңсыздықты, шаруашылық iлiмiнде - пайда мен зиянды, мемлекеттiк басқару туралы iлiмде - дұрыс және қате саясатты зерттейтiндiгi туралы айтылады. Шығармада сонымен бiрге саясат пен заңдылық және билiк туралы айтылады. Онда билеушiнiң заңды бұзбай өз мүддесiн ойлауына құқық берiлген. Бiрақ оның ең басты мiндетi варна жүйесiн сақтау және мемлекет қауiпсiздiгiн қорғау болып табылады.

  1. Ежелгi Қытайдағы саяси-құқықтық ойдың қалыптасуы және оның ерекшелiктерi

Ежелгi Қытай философиясы мен қоғамдық-саяси ойындағы ықпалды ағымдардың бiрi даосизм iлiмiнiң негiзiн салушы болып б. з. д. VI ғасырда өмiр сүрген Қытай оқымыстысы Лао-цзы болып саналады. Оның басты еңбегi Дао және дэ туралы кiтапта ( Дао дэ цзин ) Аспан астындағы күштер туралы дәстүрлi дiни түсiнiктерден даосизмнiң айырмашылығы - аспан астындағы билеушiден тәуелсiз заттардың табиғи дамуы мен табиғи заңдылықтары туралы сипаттама берiлуiнде. Яғни, даосизм iлiмi дао ұғымына негiзделедi, ал дао “алғашқы түп негiз” дегендi бiлдiредi.

Даосизм iлiмiнде аспан, табиғат және қоғам заңдылықтары анықталады. Бұл заңдылық жоғары қайырымдылық пен табиғи әдiлдiктi жақтайды. Дао iлiмi бойынша барлық адам тең. Өз дәуiрiндегi мәдени жетiмсiздiктер мен адамдардың әлеуметтiк-саяси теңсiздiгiн, халықтың қайыршылық жағдайын және т. б. Лао-цзы даодан ауытқу деп есептейдi. Сол кездегi халықтың ауыр жағдайына наразылық бiлдiрген Лао-цзы даоның әдiлдiктi қайта орнататынына сенедi.

Лао-цзы даоны аспан және адам даосы деп екiге бөледi. Оның айтуынша, аспан даосы байлардың артық дүниелерiн алып, кедейлерге бередi, ал жердегi дао кедейлердiң керек затын алып, байларға бередi.

Даосизм iлiмiнде адамдардың қанағатшылдығы мен белсендi әрекеттерден тартыну принципi көбiрек орын алған. Лао-цзы сонымен бiрге соғыстың барлық түрi мен армияны қатты сынға алады. Оның айтуынша, әскер жүрiп өткен жерде арам шөптер мен тiкенектер ғана өседi, үлкен соғыстардан кейiн ашаршылық жылдары басталады. Прогрестiк дамуды жақтырмаған Лао-цзы өткен дәуiрге қайта оралуды және бiлiм мен ғылымнан бас тартуды ұсынады. Оның айтуынша ақылды билеушi өзiнiң қол астындағыларға дао жолымен (табиғи жолмен) жүруге жағдай жасайды. Ондай билеушi халықтың жеке iсiне араласпайды. Оның басты мiндетi - елдегi тәртiп пен заңдылықты сақтау ғана.

Қытайдағы саяси және философиялық iлiм тарихында конфуцизм iлiмi маңызды роль атқарады. Оның негiзiн қалаған б. з. д. 551-479 жылдары өмiр сүрген ұлы Қытай ойшылы Конфуций болды. Оның көзқарастары оның шәкiрттерi құрастырған Лунь юй ( Әңгiмелер мен пiкiрлер ) кiтабында жинақталған. Бұл кiтап ғасырлар бойы Қытай халқының өмiрi мен көзқарасына, тәлiм-тәрбиесiне едәуiр ықпал еттi. Оны балалар жатқа айтты, отбасылық және саяси iстерде үлкендер беделге ие болды. Оның даналық туралы өсиеттерi әлi күнге дейiн мәнiн жойған жоқ. Ол даналыққа бiз үш түрлi жолмен жетемiз, ең iзгi жол - санамен саралау, ең оңай жол - елiктеу, ең қиын жол - тәжiрибеден тәлiм алу дедi.

Дәстүрлi көзқарастарға сүйенген Конфуций мемлекеттiң патриархалды- патерналистiк концепциясын дамытты. Оның айтуы бойынша, мемлекет - үлкен жанұя. Патшаның қол астындағыларға билiгi әкенiң балаға билiгi ретiнде көрсетiледi. Патшаның билiгi отбасындағы жасы кiшiлердiң ересектерге бағыныштылығымен теңестiрiледi. Конфуций суреттеген әлеуметтiк-саяси жүйедегi адамдар теңсiздiгi, қараңғы адамдар, төменгi адамдар, құрметтi адамдар, жоғары шендi адамдар, лауазымды адамдар ретiнде көрсетiледi.

Әлеуметтiк теңсiздiктi қалыпты жағдай ретiнде қарастырған Конфуций аристократиялық билiк концепциясын, яғни ақсүйектер тобының билiгiн жақтады. Билiктiң зорлықсыз тәсiлiн жақтаған Конфуций билеушiлердi өз бағыныштыларына қайырымды болуға шақырды. Билеушi қайырымды болса, төменгi адам да қайырымды болады. Билiктiң осы ережесiн жақтаған Конфуцийден Шөп жел соққан жаққа қисаяды деген нақыл сөз қалған. Iшкi және сыртқы соғыстарға қарсы болған Конфуций Қытай жерiнен алыс тұратын басқа халықтарды бiлiмдiлiкпен және ақылмен жаулап алуды ұсынды.

Конфуций барлық нәрсе үнемi өзгерiсте болады, уақыт тоқтамайды, әрбiр нәрсенiң басталуы мен аяқталуы болады дейдi. Адамның iсi де солай, бас-аяғынсыз бiрде-бiр iс жоқ. Оның басталуы мен аяқталуын анық түсiнген адам ақиқатқа жақын тұрады .

Конфуцийдiң этикалық-құқықтық және мiнез-құлық нормалары мен принциптерi адам өмiрi мен тұрмысының барлық жағын қамтыған. Бұған дәстүр ережелерi (ли), ата-аналар мен үлкендерге құрмет (сяо), адамдық қасиет (жэнь), адамдар қамқорлығы (шу), билеушiге адалдық (чжун), парыз (и) және т. б. жатады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ежелгі Үндістандағы саяси-құқықтық ойлар жайлы
ШЫҒЫСТАҒЫ САЯСИ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ОЙДЫҢ БАСТАУЛАРЫ
Рим заңгерлерінің құқық туралы ілімі
Ежелгі Үндістандағы құқық
Саяси ілімдер тарихы
Ежелгі Қытай еліндегі саяси ойларды қарастыру
Ежелгі Шығыстағы саяси ойлар
Ежелгі шығыстағы саяси және құқықтық ойлары туралы
Әлемдік саяси ойдың даму тарихы жайлы
Әлемдік философиялық ілім
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz