Ежелгі Қосөзен мифтері



Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Ежелгі Қосөзен мифтері

Жоспар:

Әлем және адамдардың пайда болуы
Адапта
Гильгамеш және Энкиду
Гильгамеш және Иштар
Мәңгілік Утнапешти елінде
Тарихи-мәдени дәстүр контестіндегі Қосөзен мифтері

Ежелгі заманда шумерлер мен аккадықтар өмір сүрген аймақты Қосөзен деп
атайды. Өйткені бұл жер Тигр және Ефрат сынды өзендер бойында орналасқан.
Қазіргі таңда ол жерде Ирак мемлекеті орналасқан. Қосөзен климаты,
географиялық орналасуы мемлекеттің өркендеуіне әсер етуші факторына
айналды. Бұл мемлекетті мекенеген шумерлер мен аккадықтарда металл, ағаш,
тас болған жоқ. Сондықтан олар бәрін балалар ойнайтын ойыншықтан бастап,
храм, сарайларға дейін балшықтан жасауды үйренді.
Балшықтан кітап жасай білді. Балшықты сумен араластырып, қою қамырға
айналдыратын болған. Бұл қамыр жіңішке қабатқа дейін иіліп, төртбұрышты
формаға кесілгенен кейін кептіру жұмыстарын басталған. Сәл кепкен балшыққа
жазу түсірілетін болған. Жазу сына жазуы деп аталынып кеткен. Алфавитте
сына таңбалары болған екен. Археологиялық жұмыстар нәтижесінде бұл
төртбұрышты тақтайшаларға жазылған сына жазу табылған.
Ежелгі мысырлықтар секілді Қосөзен мекедеушілерінде табынған көп құдай
болды. Жер Құдайы Энлиля, су Құдайы Эа, аспан Құдайы Ану, күн Құдайы Шамаш
болса, ең басты жігерлі, мықты батыры Гильгамеш туралы жазбаларда
табылған.
Әлем және адамдардың пайда болуы
Әлем жаратылысы туралы Қосөзенде бірнеше мифтер болған. Бұл мәселеге
қатысты Энума элиш Жоғарыда болғанда деп аталынатын поэма да
сақталынған екен. Қосөзен мекендеушілер Өздерінің аңыздары мен әңгімелеріне
солар басталатын сөздерге байланысты ат берген болатын. Бұл поэма келесіей
басталады. Төмеде жер әлі пайда болмаған кезде әлемдік мұхит Апсу және
теңіз Тиамат, Муму есімді Апсу кеңесшісі болған. Олар бірге тұрған екен.
Эйа Апсуны өлтіреді. Аспан, жер, тау, батпақ болмаған. Олар өздерінің
суларын аралыстыра отырғанда құдайлар пайда болды. Су әлемінің перілері
Лахму және Лахаму пайда болған. Бұл жұптан Аншара, яғни аспан дөңгелегін
және Кишара жер дөңгелегі пайда болды. Кейін Аншар Ану құдайын, ал Ану
құдайы жерасты сулар құдайы Эйаны туды. Құдайлар мазасыз еді, әрі Әлем
Мұхитын мазасыздағандықтан Тиамат пен Апсу ашулана бастады. Апсу ұйқысынана
айрылып, құдайларды жою қажет деп шешім қабылдады. Тиамат әрине оны
істегісікелмеді, бірақ Апсу құдайларды өлтіру туралы шешеімін өзгерткен
жоқ, сондықтан құдайларды өлтіруге бел байлады. Бұл әңгімені естіген Эйа
әрекет етпек болды. Апсуға арналған сиқырлы ішімдік дайынады. Апсу
ішімдікті ішіп ұйықтап қалды. Сол сәтте Эйа Апсуны өлтіріп, бөліктерге
бөліп тастаған денесін мұхитқа тастады. Содан кейін Эйа өзіне сарай
салдырып, солсарайда тұра бастады. Көп ұзамай Мардук дейтін баласы туылды.
Мардук бойы ұзын, төрт құлағы, төрт көзі бар болып туылды. Мардук бәрін
естуші және көруші болды.
Тиаматтың құдайларға кек қайтаруы
Сайқан сынды жел пайда болып мазасыз күй пайда болды. Тиамат оянып,
Апсуны өлтіргені жөнініде білді. Сонда Тиамат құдайларға кек қайтармақ
болды. Оларды өлтіріп, әлемді қайта хаосқа қайтаруға бел буды. Тиамат өзіне
құбыжықтардан әскер құрды. Әскер басшысына Кингуны қойып, оған әлемдегі
бардың тағыдыры жазылған кестелер берді. Ол туралы білген құдайлар,
қорқыныш сезімдерінен арылы алмаы. Не істерін білмеген олар Тиаматпен
соғысуға қатты қорыққан болатын. Сол кезде Мардук Тиаматпен соғысуға дайын
екендігін айтты. Бірақ Мардук құдайлардан оны патша ретінде мойындалуын
талап етті. Құдайлар Мардукты таққа отырғызып, оны патша ретінде мойындаған
болатын.
Мардуктың Тиаматты өлтіріп, жер мен аспанның пайда болуы
Мардук соғысқа дайындық жасай бастады. Қаруланып, өз алдына найзағай қойды.
Осылайша Мардук Тиаматқа қарсы шығуға дайын болды. Мардук түрінен қорыққан
Тиамат әскерлері жан жаққа қаша жөнелді. Мардук Тиаматтың әскер басы
Кингуны ұстап алып, бар жаратылыстың тағыры жазылған кестелерді тартып
алды. Дегенмен Тиамат одан қорыққан жоқ, одан бетер ызаланып кетті. Аузын
ашып, Құдаға қарай жөнелді. Мардук саспай сол сәтте-ақ аузына сиқырлы
желді бағыттаған болатын. Жел Тиамат ішіне кіріп, оны толтырғаны соншалықты
Тиамат қозғала алмады. Сонда Мардук садағын ұшырып Тиаматты өлтірді. Тиамат
денесін екі бөлікке бөліп, бір бөліктен жер, екіншісінен аспан жаратты.
Аспанда үлкен есік жасап, алдына қорғаушыларды қойды. Қорғаушылар Есік
ашқанда жерге жаңбыр жауатын болған екен. Аспанда Мардук құдайлар сараын
қойды. Кейін Мардук аспанға ай, күн және жұлдыздарды қойды. Күн құдайы етіп
Шамашты қойды. Тиамат басынан тау шығып, екі көзінен екі өзен Тигр және
Ефрат ағызды. Содан кейін жаратылыс туралы кесте алып, сол бойынша заттар
мен заңдарды шығарды.
Мардук пен адамдар
Сонда Мардук адамды құдайларға қызмет жасау үшін жаратқысы келді. Барлық
құдайларды шақырып Мардук адамды жарату үшін оған қан керек екенін айтты.
Сонда құдайлар Кингуны өлтірмек болды. Кингуға кінә тағып өлтірді. Мардук
Кингудан қалған қанды жинап, оны балшықпен аралыстырып, адамды жаратты.
Адамдарға Мардук құдайларға қызмет ету және құрбандық шалу сынды тағдыр
жазды.
Құдайлар адамды жаратты.
Баяғы заманды Ииги болып табылатын құдайлар дамдардың пайда болуынан ерте
ауыр жұмыс істеп қатты шаршаған екен. Сонда ауыр жұмыстан шарашаған және
жалыққан олар жер құдайы Энлильге келіп шаршағандығын айтады. Сонда Энлиль
құдайларға көмекшілер ретінде адамдарды жарату керек деп шешім қабылдады.
Қан мен балшықты аралыстырған құдайлар адамдары жаратты. Бүкіл адамзатқа
құдайларға қызмет ету тағдыры жазылған екен. Содан бері адамдар жұмыс
істеп, құдайлар қызметінде жүрсе, ииги құдайлары демалып жүрен екен.
Адапта
Эреду қаласында өзен жағасында адапта деген адам тұрған екен.Эа құдайы оған
ұлы ақыл берді, бірақ Адапта барша адамдар секіді өлім алдында тең еді.
Адапта балық аулап күн көрген екен. Бір күні Оңтүстік жел көтеріліп,
Адаптаға балық аулауға кедергі келтірген екен, Сонда Адапта Ол желдің
қанаттарын сындырып алды. Өзен тыныштыққа өтіп, жеті күн бойы жел соққан
жоқ. Ану өз көмекшісінен желдің неге соқпайтынын біліп, Адаптаға қатты
ашуланады. Адаптаны сарайына әкеліп, жазалауға бұйрық берді. Оны білген су
құдайы Эа Адаптаға Ану жоспарын айтып береді. Содан соң оған қара қайғы
киімін беріп, аспандағы есік алдында оны Думмузи және Гишзида сынды
құдайлар күтіп тұратынын айтады. Олар адаптаның неге қара киім кигені
жөнініде срағанда оларды жоқтап жатқанын айт деп кеңес береді. Егер Ану
оған киім берсе алу керектігін айтты, ал нан мен су берсе олардың құрамында
у барын айтады.
Адапта аспан құдайы Ану сарайында.
Адапта Ану сарайына әкелінеді де Эа айтқандай Думмузи мен Гишзада
құдайларын кездестіреді. Сұрағына сол екі құдайды жоқтап жатқанын айтқаннан
кейін бұл екі құдайға ұнап кетеді. Ануға әкелінгеннен кейін адапта оңтүстік
жел қанатын қорғану мақсатында сындырғанын айтып,екі құдайды жоқтағанын
білгеннен кейін Ану Адаптаға ашуын басып оны марапаттау туралы шешім
қабылдайды. Ану Адаптаға киім мен тағамдар әкелуге бұйырады. Адапта Эа
айтқанай киім алып тағам татпай отырады. Ану неге тағам жемейсің деп
сұрағанда Адапта Эа үйреткеннің бәрін айтып береді. Ану ашуланып, бұл тағам
мәңгілік өмір силайтын сиқырлы күші бар екенін айтып, оны тыңдамағаны үшін
Адаптаны жерге қайта апарып, оған жерде азап көретінін аурып-сырқап және
азаппен өлесің деп қарғыс айтқан екен. Ану осылайша адамды қарғап, оны
мәңгілік өмірден айырған екен.
Гильгамеш пен Энкиду
Ефрат өзені жағалауында Урук дейтін қала болған екен. Жеті дана қаланы
кірпіштен негізін салған екен. Ежелгі заманда Урук патшалығында гильгамеш
билік құрған екен. Гильгамеш нағыз батыр болған екен. Ол үштен екі бөлігі
қдай, ал үштен бі бір бөлігі адам болған екен. Арыстан Гильгамеш тұсында
безек сияқты көрінген екен.
Бір жаманы Гильгамешке күшін жұмсайтын іс болмаған екен. Урук қала
тұрғындары қатты қорқып құдайлардан оған теңдей келетін бір күшті жерге
жіберіп, Гильгамешпен екеуі күресіп жатқанда Урук тыныштықта өмір сүруін
сұрады. Құдайлар жалбарынған адамдарды естіп, жерге Энкиду жартылай құдай,
жартылай адамды жіберді.
Энкиду
Энкиду денесі қалың түк басқан, басында қалың тікенек секіді шашы бар
болатын. Энкиду орманда тұрып, жануарлар секілді тышқан, жылан,
өсімдіктерді жеп күн көрген екен. Жануарларды қорғаштап, Гильгамеш жіберген
мергендердің бәрін құр ол қайтарған. Түрінен шошып кеткен ең батыл мерген
Гильгамешке келіп, орманда қорқынышты жан бар екенін айтып, оларға аң
аулауға кедергі келтіретінін айтты. Сонда гильгамеш әдемі қыз Шахматты
орманға жіберіп Энкидуны әкелуге тапсырады. Шахмат орманға барып, Энкидумен
кездеседі. Энкиду шахматты ұнатып, артынан еріп жүреді. Бі жерге тоқталып,
адамдарды көреді. Адамдар үйінде қона болып нан басқа да адамдар №жеп-
ішетін тағамдарды жейді, киім киіп, денесін жуады. Азанда Шахмат Энкидуны
Гильгамешке алып келді. Гильгамеш Энкидумен ұзақ соғысып,бір-бірін жеңе
алмайды. Күштері тең келген батырла достасып кетеді.
Энкиду біраз урукта тұрып, күннен-күнге Урук өмірінен жалыға бастады.
Гильгамеш көңілі болмай жүрген досына Хумбабу құбыжығын өлтіруге шақырды.
Энкиду мен Гильгамеш Хумбабу өлтіруге бел байлайды. Уруктың қариялары
Гильгамештің өте жігерлі, табанды батыр жан екендігін айтты, бірақ
Хумбабумен соғыспай-ақ қой деп айтқан екен. Сонда Энкиду Гильгамешпен
бірге Хумбабу күшіне төтеп бере аламыз деп жолдан қатпаған болатын. Мықты
қару жасап жолға барудың алында Шамаш күн құдайынан көмек сұрап, батырлар
жалбарынып, уруктан кетеді.
Адамдар аяғы баспайтын жерде алыста Хумбаба тұрған екен. Тек Энкиду ғана
Хумбаба мекеніне жол білген. Біраз жолжүріп шаршаған батырлар ұйықтап
кетеді. Гильгамеш түнде екі батырдығтау астында жатқанын және сол тау
оларға қарай жөнеліп,басып жібергені туралы түс көреді. Шошып оянған
Гильгамеш Энкидуге түсін айтып береді. Энкиду түсті жақсылыққа жорып,
Олардың Хумбабуны жеңетінін айтты. Тұрып батырлар жолын жалғастырады.
Хубабаны көрген батырлар түрінен шошып кетеді, бірақ бастаған істі
аяқтайды. Хубабаны ұстап алып артына балта шауып, Хубаба бар тіршілікті
жағып жіберетін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ежелгі Месопотамия діндері
Ежелгі қосеөзен мәдениеті
6-сынып. ежелгі дүние тарихынан дәрістер
Ежелгі Қосөзен халықтарының мәдениеті. Ежелгі Қосөзеннің табиғаты мен алғашқы тұрғындары
Ежелгі Қосөзен қала мемлекеттерінің тарихы
Ежелгі Месопотамия мәдениеті
Месопотомиядағы мемлекеттер
Ежелгі қосеөзен мәдениеті туралы мағлұмат
Хаммурапи патша заңы
Мәдениеттану
Пәндер