АДАМ ЭВОЛЮЦИЯСЫНЫҢ БАҒЫТТАРЫ. ӨТЕ ЕРТЕДЕГІ АДАМДАР

Адам және адамтәрізді маймылдардың ортақ ата тектері. Мезозой
заманының соңғы бор кезеңінде (бұдан 65 млн. жыл бұрын) жер бетіндегі ауа
райы суыта түсіп, маусымдық құбылыстар орын ала бастады. Бұл кезде
жорғалаушылардың көптеген өкілдері (динозаврлар, т. б.) жойыла бастады да,
оның орнына сүтқоректілер пайда болды. Сондағы бунақденеқоректі
сутқоректілерден алғаш рет приматтардың өкілдері пайда бола бастады. Бұдан
36—23 млн. жыл бұрын приматтардын өзі 2 тармаққа: тартанаулы және
кеңтанаулы болып бөлінді. Тартанаулы маймылдар тобына геологиялық
кезеңдерде жойылып кеткен барлық приматтардын түрлері, адамтәрізді
маймылдар және адам жатады. Ал қазіргі кездегі тіршілік ететін маймылдардың
көпшілігін кеңтанаулы приматтарға жатқызады. Демек зоологиялық жүйе бойынша
адам тәрізді маймылдар мен адам өзара жақын туыстас топқа жатады.
Кайнозой заманындағы жер шарының солтүстік және оңтүстік
ендіктерінде ауа райының салқындауының нәтижесінде бұрынғы орманды
алқаптардың орнын далалы алқаптар басты. Осындай қатаң табиғат
жағдайларында өте ертедегі адамтәрізді маймылдардың бір тобы еңбек
құралдарын жасауға, ол үшін қолды еңбек кұралы етіп пайдалануға, әрі тік
аяқпен жүруге және құрғақ далалы аймақтарда тіршілік етуге мәжбүр болды,
яғни жаңа орта жағдайына бейімделу жолына түсті. Адамтәрізді маймылдардың
тіршілік етуі үшін кейбір жыртқыш жануарлар аса қауіпті болды. Маймылдардың
ондай жыртқыш жануарлармен тайталасуына шамасы келмеді. Олардың басқа
жануарлардан артықшылығы — дене мөлшері шағын болса да ми көлемінің едәуір
үлкен болуы, сондай-ақ олардың сезім мүшелері де жақсы дамыды. Сонымен
бірге маймылдардың қолы да ағашқа жармасып, өрмелеуге, жабысып қатты
ұстауға, заттарды лақтыруға икемді болды.
Маймылдар ағаш басында қолымен ағаштарды қармап, ұя жасауға
бейімделе бастады. Эволюциялық дамудың бұл кезеңінде тұқым қуалайтын
өзгергіштік белгілері табиғи сұрыпталудың нәтижесінде тұрақтала түсті.
Маймылдардың бұл кездегі топтанып, тіршілік етуінің де маңызы зор болды.
Олар жауларынан қорғаныш, өз ұрпақтарына камқорлық жасауда едәуір
тәжірибелер жинақтап үлгерді және ұзақ уақыттар бойы далалы аймақтарда екі
аяғымен тік жүріп тіршілік етуге бейімделе түсті. Тіршілік үшін күресте
олардың қөпшілігі қырылып кетті, тек кейбір орта жағдайына бейімделе алған
төзімділерінде тұқым қуалайтын өзгерістер ұрпақтан-ұрпаққа табиғи
сұрыпталып беріліп отырды.
Бізге дейін 20—25 млн. жыл бұрын жоғары сатылы маймылдардың
түрлері Африкада, Азияның және Еуропаның оңтүстігінде кеңінен таралды. Ең
жоғары сатыдағы адам тәрізді маймылдар да, қазіргі кездегі адам да
гоминидтер тұқымдасына топтастырыдды. Сонымен қатар, бұл тұқымдасқа адамның
арғы ата тектері болып саналатын австралопитектер, архантроптар және
палеонтроптар да жатады. Көпшілік ғалымдар адамның пайда болуын 4 кезеңге
ажыратады. Олар: австралопитектер, архантроптар (өте ертедегі адамдар),
палеоантроптар (ертедегі адамдар), неоантроптар (қазіргі кездегі адамдардың
арғы тегі) деп аталады.
XX ғасырдын 20—30 жылдары Африканың оңтүстік және шығыс
аймақтарынан австралопитек (латынша — аустралис оңтүстік және грекше
питек маймыл) деп аталатын адамтәрізді маймылдардың арғы ата тектерінің
сүйектерінің қалдығы табылды. Сүйек қалдықтарын зерттей келе ғалымдар
олардың қазіргі кезде тіршілік ететін адамтәрізді маймылдардан гөрі адамға
едәуір жақын екенін анықтады. Ағылшын ғалымдары ерлі-зайыпты Л.Лики мен
М.Лики, американ антропологы Д.Джохансон австралопитектердің сүйек
қалдықтарын тауып, әрі зерттеп, антропология ғылымына өте құнды жаңалықтар
енгізді. Олардың бассүйектерінің ми сауыты едәуір үлкен және тістері мен
жамбас сүйегінің құрылысы қазіргі адамдарға ұқсас. Австралолитектер — екі
аяғымен тік жүріп тіршілік еткен адамтәрізді маймылдардың өкілдері. Олар
тастан қарапайым құралдар жасап, күнделікті тұрмысқа пайдалана білді. Бұған
олардың сүйектері табылған жерлерден тастан жасалған қарапайым
құралдардында табылуы толық дәлел болды. Соңдықтан ғалымдар оларды епті
адам деп те атайды. Олардың бойының ұзыңдығы 120—130 см, салмағы 30-40 кг,
ал миының көлемі 450—600 текше см. Соңғы кездегі ғылыми деректер бойынша
австралопитектер адам эволюциясының бастапқы басқыштарының бір тармағы деп
есептелінеді. Олар бұған дейін 5 - 5,5 млн. жыл тіршілік етті деғен
ғылыми пікірлер бар. Қазіргі кезге дейін олардын Африкадан және Азияның
оңтүстігі мен оңтүстік-шығыс аймақтарынан 400-ден аса қаңка сүйектерінін
қалдықтары табылды.
Австралопитектердің бір мезгілде бірнеше топтары қатар өмір
сүрген. Олардың кейбір топтары эволюция барысында жойылып кеткен.
1974 жылы белгілі американ антропологы Д. Джохансон Эфиопиядағы
(Африка) Афар шөлді аймағынан бұған дейін 3,5—4 млн. жыл бұрын тіршілік
еткен алғашқы австралопитектің едәуір толық қанқаларының қалдығын тапты, ол
әлемдік ғылымға Люси деген атпен әйгілі болды. Ғалымның пікірі бойынша
Люси сол дәуірде өмір сүрген барлық австралопитек топтарының және қазіргі
адамдардың жалпы тегі болып саналады.
Австралопитектердің бір тармағынан эволюция барысында адамның
тікелей өте ертедегі ата тегі епті адам пайда болған. Оның тәнтанымдық
құрылысы адамтәрізді маймылдарға едәуір ұқсас және ол өте қарапайым, яғни
тастардан жасалған кесуге және шабуға арналған құралдарды ғана пайдаланған,
соған орай оны епті адам деп атаған.
Адамның пайда болуы ұзақ уақытқа созылған дәуірлерді қамтиды.
Бұл кезде табиғи сұрыпталу ықпалы елеулі орын адды. Бір мезгілде өмір
сүрген адамдардың әр түрлі топтары арасында даму дәрежесіне сәйкес талас-
тартыстар болып тұрды. Бұл кезде адамның арғы ата тектерімен бірге адам
тәрізді маймылдардың да көптеген түрлері тіршілік етті.
Өте ертедегі адамдар. Оларды соңғы кезде шыққан ғылыми
әдебиеттерде көбіне архантроптар кейде питекантроптар (маймыл адам) деп
атайды. Олардың сүйектерінің қалдықтары Ява аралдарынан, Қытайдан,
Эфиопиядан, Алмания жерінен табылған. Бұларды шын мәніндегі адамдар десе де
болады. Өйткені, өте ертедегі адамдардың гоминидтер тұқымдасының өкілі
екеніне ешбір ғалым күмән келтірмейді. Маймыл адам бұдан 2—1 млн. жыл
бұрын өмір сүрген және олар тастан, жануарлар сүйектерінен құралдар жасап,
отты пайдаланған. Олардың қоғамдық дамуы австралопитектерден едәуір жоғары
дәрежеде тұрған. Сүйектерінің тәнтанымдық құрылысы да қазіргі адамдарға өте
ұқсас. Бұлар тік жүрген, ірі денелі мандайы жазықтау, жақсүйектері үлкен,
миының көлемі 800— 1220 текше см болған, үлкен ми сыңарларының тебе, мандай
және самай бөліктері жақсы дамыған. Өте ертедегі адамдар топтанып тіршілік
еткен, әрі сөз арқылы бір-бірімен қарым-қатынас жасаған және көбінесе
үңгірлерде тұрған. Олардың мекен еткен орындары Орталык Азиядан, Кавказдан,
Дон бойынан, Азон теңізінін жағалауынан, Карпат етегінен, Алтайдан табылды.
Архантроптардың тіршілігінде еңбекке үйрену, дағдылану арта түсіп, оның өзі
мидың дамуына ықпалын тигізген. Сөздің пайда болуы ақыл-ойының дамуына
түрткі болды.
Қазақстан жерінде табылған археологиялық ескерткіштерге сүйене
отырып, кейбір аймақтарда адам бұдан 800—700 мың жыл бұрын қоныстанғандығы
анықталды. Қазақ даласьша алғаш келгендердің бір тобы Азияның оңтүстігінен,
ал екінші бір тобы Африканың оңтүстік-шығысынан келіп қоныстанғандар деген
пікірлер бар.
Архантроптардың енді бір тобы синантроптар деп аталады. Олар
питекантроптардан кейін тіршілік еткендер, оны қытай адамы деп атайды,
өйткені олардың сүйектерінің қалдықтары 1927—1937 жылдары Пекин маңындағы
үңгірден табылған. Олар бұдан 400 мың жылдай бұрын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz