Грек философиясы мен мәдениеті



Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Ежелгі Грек философиясы
2. Классикалық философия. Сократ, Платон, Аристотель.
3. Эллада мәдениеті
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Грек философиясы мен мәдениетінің өркендеген жері грек жері емес,
Жерорта теңізі жағалауындағы елдер. Бұл елдерді бір кезде гректер жаулап
алған болатын. Милет, Самос, Абдер сияқты қалалар Жерорта теңізіне жақын
болып, оларда сауда-саттық және экономикалық қатынастар кеңінен өркендеді.
Сондықтан бұл қалаларда ірі мәдениет ошағы, философиялық орта пайда болып,
дами бастады. Алғашқы грек философиялық мектебі Милет қаласында пайда
болды. Милет мектебі Ежелгі Грекияда б.з.д. VI ғ. өмір сүрді. Бұл Милет
мектебінің негізін қалаушылар Фалес, Анаксимандр, Анаксимен. Бұлар дүниені
біртұтас, бір-бірінен бөлінбейтін жалпы процесс деп қарай отырып, оның
негізін материалдықтан іздеді. Фалес (б.з.д. 640-560 ж.ж.) дүниенің негізін
судан, Анаксимандр (б.з.д. 610-540ж.ж) апейроннан (шексіздіктен), Анаксимен
(б.з.д. 546ж. туған) ауадан іздеді. Олар өткен дәуірдегі мифологиялық
көзқарастан бас тартты. Алдымен жаратылыстану саласын зерттеушілер болды.
Олар дүниеде не бірінші деген мәселені емес, керсінше, дүниенің
біртұтастығын белгілі бір материалдық бірінші негіз арқылы шешуге тырысты.
Эфестік Гераклит (шамамен б.д.д.540ж.). Оның есімі философия тарихында
өшпес із қалдырған. Сонымен қатар, Гераклит тарихта Қараңғы деген қосымша
атпен белгілі. Мұндай теңеу оның шығармаларының ерекшелігіне: ойлау
машығының сипатына, тіліне, стиліне қарай айтылады. Гераклиттің ойлары өте
қысқа әрі жинақты келеді. Ол түсініксіз сөздер арқылы терең ой жүйесін
ширатып, әрбір құбылыс пен заттың мәнін ашуға тырысады.
Гераклит қарама-қарсылықтардың бірінсіз-бірі өмір сүрмейтіндігін дәлелдеп
шықты. Ол дүниенің тұрақсыздығын, оның үнемі қозғалыс пен өзгерісте, жалпы
дамуда болатынын айқындап берді. Өзендегі суға екі рет түсе алмайсың,
өйткені ол ағып жатыр дейді. Мұның өзі барлығы ағып, үнемі дамуда болады
деген пікірді білдіреді. Гераклит қарама-қарсылықтардың бір - бірінен
ажыраспайтынын, бір - біріне өтетінін, алмасатынын, бірін-бірі
толықтыратынын, бірі жойылса, екіншісі де жоғалатынын айқындап берді.
Гераклит сол кездегі басқа ойшылдар сияқты жаратылыстану саласымен
айналысып, дүниенің негізін материалдық біртұтастықтан іздеді. Сондықтан да
ол дүниенің негізін отта деп есептеді.
Гераклит – көрнекті диалектик, теориялық ойлаудың шым-шытырман
тұңғиығына, оның қайшылықтары мен бұрылысы көп жолдарына батыл көз
жүгірткен ғұлама философ. Гераклиттің диалектикасы көптеген келелі
мәселелерді көтерді. Сондай проблемалардың бірі таным процесін, әсіресе,
диалектикалық танымның салыстыру әдісімен қалыптасатынын атап көрсетті.
Салыстыру арқылы жақсылық пен жамандықтың, әсемдік пен көріксіздіктің т.б,
жігін ашып, мәнін негіздеуге тырысты.

Ежелгі Грек философиясы

Грек философиясында Гераклит диалектикасына қарама-қарсы бағытта
пайда болған сол кездегі ағымдардың бірі - Элей мектебі болды. Ол
мектептердің өкілдері – Парменид пен Зенон. Парменид пен Зенон бастаған
Элей мектебі келелі философиялық мәселелерді көтерді. Ең алдымен олар
болмыс туралы проблеманы жан-жақты талқылады.
Элей мектебі болмыс туралы философиялық мәселе көтере отырып, оның
мәнін ашуға әрекеттенді. Болмысты тек ойлау арқылы білуге, түсінуге, сырын
ашуға болады. Ендеше, негізгі мәселе – ойлаудың болмысқа деген қатынасы.
Бұл - Элей мектебінің ашқан жаңалығы. Мұның өзі кейін философияның негізгі
мәселесіне айналды.
Элей мектебінің негізін қалаған Парменид деген ойшыл. Оның ұстазы
атақты ақын, ойшыл Ксенофан.
Міне, Парменид болмыс туралы терең ой-пікірлер қозғаған. Ол: Болмыс
бар, болмыс емес жоқ - кесіп айтты.
Зенонның атақты апориялары: Ахиллес пен тасбақа, Жебе. Апория -
ойлаудағы қиналу, аң-таң болу, шешілмейтін жұмбақ мәселе.
Пифагоршылдар – ежелгі грек философы, әрі математигі, Пифагордың
ізбасарлары. Олар дүниенің негізін сандық қатынастарда, сан барлық заттар
мен процестердің мәні деп есептеді. Сандардың негізі әрбір зат пен
процестің өлшемінде жатыр.
Атомистер – материалистік тұрғыдағы философиялық мектеп. Негізі
өкілдерінің бірі: Демокрит. Оның пікірінше, барлық материалдық дүние
атомдардан тұрады. Атом бөлінбейді, мәңгілік, өзгермейді, өзіне-өзі тең.
Софистер б.д.д. V-IVғ. өмір сүрген. Софистік философия, шын мәнісінде,
антропалогиялық ілім болып қалыптасқан еді. Оның негізін қалаушы аға
буынның өкілі — Протагор болатын. Протагордың Адам - барлық дүниедегі
заттардың мөлшері деген қағидасы адам туралы ілімнің іргетасын калаған
негізгі принцип болды. Шынында да, адам барлық заттардың және соған қатысты
процестердің мөлшері болуға тиіс. Мұндай идеяның негізінде адамның өзінің
рөлі де және оның қызметінің маңызы да жан-жақты қамтылады.

Классикалық философия. Сократ, Платон, Аристотель.

Сократ (б.з.б. 469-399 жылдары) жасында мүсіншілікпен айналысып, кейін
философ, қоғам қайраткері дәрежесіне дейін көтерілді.
Сократтың философиясы әрбір ғасырдағы, әрбір дәуірдегі адамдарды үнемі
ойлантатын, ешуақытта маңызын жоймайтын аса қажетті ілім. Сократ софистер
басын бастап, бірақ, аяқтай алмаған адам туралы ілімге ерекше назар
аударды. Ол, ең алдымен өзіне дейінгі философтардың ой-пікірлерін талдай
келе, олар негізгі кемшілігін көре білді. Сократтың ойынша, таным
философияның негізгі мәселесі адам болуы керек. Сократ мәселені батыл
қойды. Дүниені тану, әлемді тану, әрине, қажет-ақ. Дегенмен адам өзін-өзі,
өзінің ішкі дүниесін білуге ұмтылуы керек. Осыдан келіп Сократтың бірінші
принципі шықты. Сен алдымен өзінді-өзің таны. Сократ бұл жерде адамның
өмірін философияның негізгі мәселесі етіп қараумен шектелмей, өмірдің өзін
өзіндік сана ретінде қарап отырған. Ендеше, адамша өмір сүрудің өзі өнер
екен. Оның екінші қағидасы: Менің білетінім - менің ештеңе білмейтіндігім,
ал басқалар мұны да білмейді. Адам өзіне-өзі сырттай үңілген сайын, өзін
өзі тануға ұмтылған сайын, сайып келгенде ештеңе білмейтіндігін анықтайды.
Платон (б.з.б. 427-347 жылдары өмір сүрген) атақты және аса ауқатты
бай жанұядан шыққан. Философия тарихында Платонның қалыптасуы, көбінесе
оның ұстазы Сократтың есімімен тығыз байланыстырады. Оның үстіне Платонның
көптеген шығарма сұхбаттарының негізгі кейіпкері — Сократ. Ол Афины
демократиясын қатты сынға алды. Платонның еңбектері: Мемлекет, Театет,
Федон, т.б. Сезімнен тұратын шындықты Платон нақты шындық емес, ол тек
өмірдің көлеңкесі, шын өмір идеяда деп түсіндірді. Таным дүниені білу емес,
еске түсіру деп уағыздады. Идея деген ұғымды алғаш философияға енгізген де
- сол. Табиғатта идея тек түр ретінде өмір сүреді. Заттар өз қасиет сипатын
сол түрге сәйкестенуі арқылы иемденеді. Идея ол біріншіден мәңгі, ол
тумайды да, өлмейді де, өспейді де, кемімейді де; екіншіден, ол біртектес,
әр түрлілік тек заттарға тән, олар өнеді, өшеді, - дейді Платон. Сөйтіп, ол
идеяны алға тартады. Шәкірттерін оқыту үшін Академия ашты. Мемлекетті
философтар басқармайынша адам баласы зұлымдықтан арылмайды. Платон жастарды
философиямен айналысуға шақырды. Философ болу үшін, таңдана білу керек, —
дейді.
Аристотель (б.з.б. 384-322 ж.ж.) философиясы, жағынан, барлық көне грек
философиясының қорытындысы іспетті. Ал, екінші жағынан, Аристотель
көзқарасы ғасыр мен жаңа дәуірдің ғылыми ілімдерінің қайнар бастауы болды.
Яғни бұл ұлы ойшыл көне грек данышпандары көтерген проблемаларға жан-жақты
талдау жасап, өз заманының көкейкесті мәселелерді шешіп беруге ұмтылды. Ол,
сондай-ақ, өзінің өмір сүріп отырған заманы әлі де күн тәртібіне қоймаған
мәселелерді шешемін деп болашаққа ой жүгіртті.
Аристотель философиясында алғаш рет өткен дәуір көзқарасына терең талдау
жасалды. Ол Метафизика деп аталатын кітабында философияның негізгі
мәселелерінің бірі - болмысты жан-жақты анықтай отырып, өзіне дейінгі
ойшылдарға, әсіресе, Платонның философиясына сын ескертпелер айтты.
Аристотель - Платонның шәкірті. Ұстазының көзі тірісінде шәкірті оның
шығармаларына сын көзбен қарап, пікірлерін ашық айтпағаны рас. Бірақ кейін
келе, өзінің философия жүйесін жасау процесінде ол Платонның көзқарасына
қарсы шықты. Аристотельге: Сен неге көзінің тірісінде ұстазыңа қарсы
шықпадың, - деп айып таққанда, ол: Платон маған дос, бірақ ақиқат одан да
гөрі қымбатырақ - деп жауап беріпті.
Эллиндік философия. Эллинизм дәуірі (б.з.б. ІІІ-ІІ ғасырдағы) басталды.
Эллинизм ойшылдары стоялықтар – Аристотель ілімін, эпикуршілдер Демокритті,
скептиктер Элей мектебі мен софистерді, Платонды әрі қарай ілгері
жалғастырушылар болды.
Ендеше, заманның мәнін, ішкі рухани дүниесін түсіну үшін эллинизм
дәуірі, ондағы стоялықтар, эпикуршілдер және скептиктер маңызды рөл
атқарды.
Стоялық бағыттың негізін салған – Зенон. Әсіресе, стоялық ойшылдар өзінің
логикасында, физика мен этикасында табиғатты, яғни сезімдік материалды,
ғарышты субъекті ретінде қарап, сол арқылы адамның негізін түсінуге
ұмтылды.
Эпикуршілдік бағыттың өкілі Эпикурдің есімімен аталатын философиялық ағым
сонау Демокриттің атомдық философиясын дамыта отырып, осы эллинизм
дәуірінде адам туралы көптеген мәселелер көтерді. Эпикуршілдікті
жаратылыстану саласын және этика мен эстетика мәселелерін көтерген ғылыми
бағыт деп қарауға болады. Бұл ағымның негізгі бір ерекшелігі ұсақ бөлшекті
атомдарды қарастыра отырып, солар арқылы адамдардың қоғамдық өміріне талдау
жасайды.
Скептиктер (грек тілінде қараймын, зерттеймін, күдіктенемін)
бағыты адамның ішкі дүниесін, рухани өмірін өзгерткен көптеген ойларды
қамтыды. Бұл ағымның негізін қалаушылар \Пиррон, Секст Эмпирик, тағы
басқалары болды. Бұл философияның негзі адамның ойы арқылы айналадағы
дүниеге кеңінен көз салу, оны жақсылап көріп алу, өткен жолымызға қайта
қарау және танымның жетістігіне сын көзбен шолу арқылы оны қайта бағыттау.
Неоплатонизм өз дәуіріне тән философиялық бағыт болғандықтан сол заманның
қоғамы мен адамының әлеуметтік тәжірибесін дәл ұғынып, оны абстракциялық
философиялық формулаларда шебер көрсете білді. Тіл жеткісіз Тұтастық пен
оның алуан түрлілікпен байланысын іздеу, Тұтастықты абсолюттендіру және
Тұтастық пен материалдық ғарыш, құдай мен адам арасындағы шексіз аралық
сатыларды іздеу мифологиялық ойлауды философиялық тұрғыда жаңғыртуға
әкелді. Тәнге қатысты барлық нәрселерге қарсы шығу, аскетизм мен экстаз
туралы ілімге басымдылық беру тек ерте христиандық философияға ғана емес,
бүкіл ортағасырлық теологиялық ойлауға озінің едәуір ықпалын тигізді. Филон
Александрийскийдің Көне Өсиет (Ветхий Завет) грек философиясымен алғаш
синтездеуге ұмтылысы өзінің жалғасын таппады. Христиан дінінің жеңіске
жетуі ертедегі гректердің ойлау тәсілін игере отырып, теріске шығару арқылы
жүзеге асты. Бұл ортағасырлық өркениетте бастапқыда антиктік-христиандықты,
ал кейінірек еуропалық христиандықты даярлады.

Эллада мәдениеті
Ежелгі Грекия мәдениеті, ежелгі заманнан бастап эллинизм дәуіріне
дейінгі аралықта қалыптасқан. Грек полистеріндегі (қала-мемлекеттер) тау-
кен ісі мен металлургияның, құрылыс техникасының, қыш-құмыра және тоқыма
өндірісінің дамуы Жерорта т. айналасында шашырай орналасқан грек мәдени
дүниесінің әр түрлі бөліктерінің арасындағы сауда қарым-қатынастарының
кеңеюіне әсер етіп, Элладаның Таяу Шығыс, Солт. Африка және Жерорта т-нің
солт.-батысындағы елдермен байланыстары нығая түсті. Грек полистерінің
арасындағы тәжірибе алмасу мен іскерлік белсенділіктің артуына әліпбилік
жазудың таралуы да жәрдемдесті. Қоғамдық топтардың көпшілігі сауатты болу
мүмкіндігіне ие болды (қ. Грекия). Осының бәрі ғылымның, әдебиет пен
бейнелеу өнерінің жедел қарқынмен дамуына әсер етті. Нәтижесінде өзіндік
ерекшелігі және қайталанбас белгілері бар ежелгі грек мәдениеті қалыптасты.
Бұл мәдениет белгілі бір дәрежеде адамзаттың бұдан кейінгі мәдени дамуы
үшін тамаша үлгіге айналды.
Мифология және дін. Ежелгі Грекия мифологиясы ұзақ даму жолынан өтті.
Грек мифологиясы өз дамуының ертеректегі сатыларында стихиялық, құбыжықтық
формалармен сипатталды. Грек мифологиясының ең жоғары гүлденуі б.з.б. 2-
мыңжылдыққа тура келеді. Сол кезде “қарлы” және “көп шатқалды” Олимп
тауында тұратын және бір құдайдың – “адамдар мен құдайлардың әкесі” –
Зевстің билігіне бағынатын құдайлардың олимп. пантеоны түпкілікті
қалыптасып болды. Әрбір олимп. құдай қатаң түрде белгілі бір міндет
атқарды: Афина – соғыс, жоғары дәрежелі өнерлердің, қолөнердің құдайы,
қалалар мен елдерді қорғаушы, Гермес – сауда құдайы, Артемида – аңшылық
құдайы, Афродита – махаббат пен әдеміліктің құдайы, т.б. болды. Олимп.
мифология айқын көрінетін антропоморфизммен (ежелгі гректердің діни және
мифол. сенімдерінде құдайлар мен перілер адамға тән кәдімгі сапаларға,
тұлғаға ие болып, адамға тән кемшіліктері мен кеселдері бар болып
бейнеленді) сипатталды.
Құбыжықтар жөніндегі бұрынғы аңыздардың орнына құбыжықтармен күресіп,
оларды жеңіп шығатын батырлар жөнінде (Геракл, Тесей, т.б.) мифтер пайда
болды. Алайда адамның табиғатқа үстемдігінің өсе түскенін дәлелдейтін бұл
антропоморфизм грек мифологиясы дамуындағы тек белгілі бір тарихи өтпелі
баспалдақты ғана сипаттайды. Рулық-қауымдық қатынастардың ыдырай бастауына,
ғыл. білімдердің пайда болуына байланысты қарапайым мифол. антропоморфизм
жоғалды. Ежелгі грек ақындары Гесиод пен Пиндар шығармаларында Зевс
антропоморфизм қасиеттерінен айырылып, дүниежүз. әділдік қағидасын жүзеге
асыратын кейіпкерге айналса, Эсхилдің “Бұғауланған Прометейінде” Зевс
көрсоқыр дүлей күштердің өкілі, адамдарды жек көретін дүниежүзілік қатал
билеуші түрінде бейнеленеді. Грек мифологиясы кейінгі элллиндік-римдік
кезеңде әдеби және көркемдік әдіске, аллегорияға немесе метафораға айналды.
Мифологияның дамуымен қатар грек діні де қалыптасып, дамыды. Ежелгі
гректердің діни іс-әрекеті белгілі бір құдайға арналған ғибадатханаларда,
негізінен құрбандықтар шалу мен дұғалар оқудан тұрды. Ежелгі Грекияда ресми
мемл. дінмен қатар тек арнаулы адамдар үшін ғана ашық болған құдайға қызмет
етушілік – мистериялар (Элевсиндегі Деметра, Орфийдегі Дионистің құрметіне,
кабирлер – жер асты құдайларына табыну, т.б.) да таралды. Грек мифологиясы
мен діні Ежелгі Шығыс халықтарының (негізінен хеттер мен финикиялықтардың)
кейбір аңыздарын қабылдады, сондай-ақ Шығыстан грек пантеонына кейбір
құдайлар мен батырлар енді. Адамиланған, үйлесім мен өлшем сезіміне енген
грек мифологиясының кейіпкерлері антик. өнердің дамуына негіз болды.
Кейіннен грек мифологиясының кейіпкерлерін Қайта өркендеу дәуірінің
идеологтары өз шығармаларында кеңінен қолданды.
Жаратылыстанудағы ғылыми көзқарастар. Эллинизм кезеңіне дейін (б.з.б. 4
ғ-дың соңы) Грекиядағы жаратылыстану, ғыл., саяси, философ. көзқарастар
бөлінбеген бір ғылымды құрады. Ежелгі грек философтарының барлығы дерлік
жаратылыстанушылар болды (қ. Ежелгі дүние философиясы). Алғашқы грек
ғалымдарының Отаны кішіазиялық Иония болды. Ол Ежелгі Грекияның басқа
бөліктеріне қарағанда ежелгі шығыс мәдениетімен неғұрлым тығызырақ
байланысты болып, ежелгі грек ғылымының дамуына шешуші ықпал етті. Алғашқы
геом. мәліметтер, циркульді пайдалану, күннің тұтылуын болжау, теңізде
жүзушілердің бағытын жұлдыздарға қарап анықтауды ұсыну милет мектебінің
(б.з.б. 6 ғ.) негізін салушы Фалестің, жануарлар дүниесіне бақылау жүргізу
– Анаксимандрдың (ол сондай-ақ ойкуменаның ең ежелгі картасын құрастырды)
есімімен байланысты болды. Анаксимен “отты” аспан шырақтарымен қатар
“жерлік қасиеті бар қараңғы денелердің” бар екендігі жөнінде пікір айтты.
Жаратылыстану ғыл. пәндерінің ішінен математика, статика, астрономия мен
медицина жоғары дамыды. Сандар теориясы дамуының, ал геометрияда матем.
түсініктер мен қатаң логик. дәлелдеулерді дәл анықтау әдістері теориясының
басталуы Пифагор есімі мен оның мектебіне байланысты болды.
Грек ғылымы дамуының классик. кезеңі (б.з.б. 5 – 4 ғ-лар) анағұрлым
елеулі ғыл. жетістіктермен сипатталады. Осы кезеңде қазіргі мектептегі
элементар геометрияның мазмұнын құрайтын білімнің елеулі бөлігі алынды. Бұл
білімдер математиктер: Элидадан шыққан Гипийдің (5 ғ.), хиостық
Гиппократтың (5 ғ-дың 2-жартысы), Менехмнің (4 ғ.) еңбектерінде баяндалды.
Сандар теориясы бөлінгіштік, пропорциялар жөніндегі ілімдермен дамытылды. 5
ғ-дың ортасында Анаксагор мен Демокрит перспектива теориясы жөнінде бірінші
очерк жазды. Математиканың дамуында Пифагор алғаш тұжырымдаған санның
абстрактілі түсінігі маңызды рөл атқарды. Пифагор мектебінде ашылған
иррационалдық шамалардың маңызы зор болды. Б.з.б. 5 және 4 ғ-лар
шекарасында Левкипп пен Демокрит атомдық ілімнің негіздерін қалады. 6 – 5 ғ-
лардың шекарасында биолог және дәрігер кротондық Алкмеон ең ежелгі
мед.мектептердің бірін құрды. Ол бірінші болып жануарлар органдарына
зерттеулер жүргізді, мидың нервтік қызметтің орт. болып табылатынын
анықтады. Сициялық мед. мектептің негізін қалаушы Эмпедокл (5 ғ.) адамның
ана құрсағында дамуын түсіндіруге бірінші болып әрекет жасады. Анаксагор (5
ғ.) жануарлар миына алғашқы тәжірибелер жүргізді. 5 ғ-да книдтік (орт.
Книд, Кіші Азия), косстық (орт. Косс аралы) мед. мектептер қалыптасты. Косс
мектебінің аса көрнекті өкілі ауруларды анықтау әдістерін жасаған,
науқастарды емдеудің іс-тәжірибелік қорытындыларын жинақтаған, көптеген
аурулардың сипаттамасы мен емдеу жолдарын ұсынған Гиппократ болды. 4 ғ-да
ғыл. білімдер, әсіресе жаратылыстану мен математика салалары одан әрі дами
түсті.
Математика саласындағы табыстар негізінен Платон академиясынан шыққан
ғылымдарға тиісті болды. Книдтік Евдокс өлшенбейтін шамалардың жаңа
теориясын жасады. Классик. дәуірдің ғыл. білімдерінің көпшілігін Аристотель
қорытындылап, аяқтады. Ол сол кезде белгілі болған барлық ғылымның жүйесін
құрып, оларды жіктеуді ұсынды, зоологияның, ботаниканың, биология
элементтерінің алғашқы негіздерін қалады. Оның шәкірті Теофраст ботаниканы
одан әрі дамытып, минералогияның негізін салды. Аристотельдің биол.
еңбектері (“Жануарлар тарихы”, “Жануарлар бөліктері туралы”, “Жануарлардың
пайда болуы туралы”) ғылым тарихында орасан рөл атқарады. Эллинизм
уақытынан бастап жаратылыстану ғылымдарының философиядан біртіндеп бөлінуі
басталды.
Астрономия мен оған байланысты математика мен механика дәл және жүйелі
зерттеулердің пәніне айналды (Евклид, Архимед, пергтік Аполлоний,
александриялық Диофант, самостық Аристарх, Гиппарх, Птоломей,
александриялық Герон, т.б.). Медицина мен ботаника саласында да елеулі
табыстарға қол жеткізілді (Халкедондық Герофил, иулистік Эрасистрат).
География. Ежелгі геогр. шығармалар жаттап алуға жеңіл болу үшін өлең
түрінде баяндалған периплдер мен периэгестер (арақашықтығы көрсетілген екі
пункттің аралығына құрғақ жермен немесе теңізде жүзу арқылы жасалған
саяхаттарды сипаттау) болды. Осындай жол сілтеушілер бойынша мифтер мен
эпик. жырларда айтылатын құдайлар мен батырлардың саяхаттарын сипаттап жазу
құрастырылды. Гомер эпосында теңіз саяхаттарындағы ертегілік егжей-
тегжейлілікпен бірге өмірде нақты болған ахейлік қоныстар мен жерлерді
(мыс., Крит аралын сипаттау) немесе жартылай аңызға айналған (Схерия,
Тринакия, т.б.) жерлерді сипаттау кездеседі. Ежелгі иониялық географтардың
(б.з.б. 7 – 6 ғ-лар) пікірі бойынша Жер Дүниежүз. мұхитта жүзіп жүретін
жалпақ цилиндр түрінде болды. Бұл цилиндрдің беті толықтай қоныстанылмаған,
одан ойкумена (орт. Эллада болған жердің қоныстанған бөлігі) бөлініп тұрды.
Анаксимандр жасаған ең ежелгі картада (7 ғ-дың соңы – 6 ғ.) ең орт-қа
Жерорта т. орналастырылып, ол ойкуменаны теңдей екі бөлікке: Еуропа мен
Азияға бөліп тұрды. Құрлықтардың шекарасы Фасис өз., кейінірек Дон мен ұлы
ортаазиялық өзендер біріктірілген Танаис өз. болды. Милеттік Гекатейдің (6
және 5 ғ. шекарасында) картасында дүниенің үшінші бөлігі – Ливия (Африка)
пайда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәдениеттану. Ежелгі грекия мәдениеті
Ортағасырлық араб-мұсылман философиясы
Тіл философиясы – тілдің философиялық қызметі жөніндегі ғылым
Түркі мәдениеті мен менталитеті ұғымы
Теориялық дінтану
Философия пәні: ұғымы мен мазмұны
Ғылымның филоосфиялық мәселелері
Көне дүниедегі мектеп және тәрбие, оқыту
Араб және мұсылман елдерінің өнері
Калам - Ислам дініндегі философиялық ілім
Пәндер