Ежелгі Грекия өнері



Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
Ежелгі Грекия өнері
Парфенон қаласы
Ника бейнесі
Грек ұлттық ассамблі Афинада
Олимп тауындағы құдайлар бейнесі
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Археологиялық зерттеулер бойынша б.з.д. IV мыңжылдықта Балқан
түбегі мен Эгей теңіз аралын, Орта Азияныңбатыс жағалауын эгейліктер
жайлаған.
Ежелгі Эгей мәдениетінің гүлденуі б.з.д. II мыңжылдықта пайда болды.
Эгей мәдениетінің орталығы б.з.д. ІII—II мыңжылдықтарда Крит аралының бас
қаласы Кносс болған. Сол себепті "Кносс Мииостыц резиденциясы" деп
жазылған.
Белгілі деректемеде Крит сәулет өнеріндегі ең танымал ескерткіш Кносс
сарайы болып табылады.
Кезінде ағылшын археологі А.Эванс XX ғасырдың басында қазба жұмыстарын
жүргізді. Сарай алаңының аумағы — 16 000 шаршы метр. Мұның ішіндегі тіреуіш
колонналардың ағаштан жасалғаны, сарайда су құбырын жүргізу жүйесі де
ойластырылғаны дәлелденген.
Оның қабырғасына сәндік суреттер салынған, б.з.д. II мыңжылдықта
Крит шеберлері әр түрлі бояуларды қолдана білген. Атап
айтқанда: қара, ақ, қызыл, сары, кө к және жасыл. Кносс сарайының қабырғасы
аңдардың суретімен безендірілген (мысық, маймыл, елік). Қабырғаға жазылған
көркем суреттерде діни және мифологиялық кейіпкерлермен табиғат көріністері
қиял-ғажайып ертегі сияқты бейнеленген. Кескіндеме
түрлері монументті фрескаларменбезе ндірілген, онда акробат, бұқаның үстінде
секіріп жүрген адамдар салынған (б.з.д.1500 жыл). Олардың еркін қимыл-
әрекеттері шынайы кескінделген. Бейнелеуші қыздар мен ұлдардың дене бітімін
әдемі көрсетуге тырысқан. Бұл суреттен бұқалармен ойын көрсету сол кездегі
діни нанымдармен тікелей байланысты екендігі айқын байқалады. Мүсін үстінде
ұсақ пластикалық жұмыстар пайда бола бастаған.
Ежелгі грек мифтері төңірлік әрекеттер туралы баяндаса, ішінара
ғажайып батылдық дарыған әр алуан ерлі-зайыптыҚұдайлар ұрпағы болып
есептелетін қаһармандардың ерліктері мен бастан кешкен оқиғаларын
суреттеуге арналған. Бұл бағзы хикаялар мен аңыздарды римдіктер де
пайдаланған. Жаңа дәуірде ол хикая-аңыздар ежелгі грек мифологиясы дейтін
ортақ атаққа ие болды.

Ежелгі Грекия өнері

Афина-Ника храмындағы бейнесі
XVII ғасырдың аяғында Грекияны басып алған түріктер Афина-Ника храмын
бұзып, оның мәрмәр тақталарын бекініс салуға пайдаланды, тек ел XIX ғасырда
азат болған соң храм бұрынғы орнында қайтадан бой түзеді.
Афины акрополі композициясында Бибі-Афинаның сәулетті храмы — Парфенон
маңызды орын алады. Перикл храмның бас сәулетшілігіне Грекияның аса ірі
сәулетшісі Иктинді, оның көмекшілігіне Калликратты тағайындады. Ғимарат
құрылысы б. э. бұрынғы 447 жылдан бастап 438 жылға дейін, тоғыз жылға
созылған. Парфенон — жоспары жағынан аумағы 70\31 м қырық алты колоннамен
қоршалған дорлық периптер. Алайда, Иктин храм сәулетін иониялық ордердің
көптеген элементтерімен байытты: әдеттегі алты колонналық портиктің орнына
ғимарат қасбеттерінде сегіз колонналық сәулетті портиктер қойылған;
биіктігі 10,5 м колонналардың өздері мұның алдындағы дорлық храмдармен
салыстырғанда анағұрлым сымбаттырақ көрінді;ақырында, Парфенонды әсемдеуге
колонналардьщ ар жағынан ғимарат қабырғасын бойлай жалпақ басқұр болып
өтетін иониялық фриз пайдаланылды. Акропольдегі храмдарды салуда
сәулетшілер екі ордердің де жарасымды сабақтастығын көздеді, айбынды да
айбарлы дорика нәзік те әсем ионикамен үйлестірілді.

Парфенон қаласы
Парфенонды тұтас шолып қарай алатын бірден-бір нүкте, оны жасаушылардың
есептегеніндей, солтүстік-батыс бұрышыңда. Тап сол жерден монументтік храм
оңтүстіктің ашық көгілдір аспанында толық көрініп, аса айбынды әсер
қалдырады. Оның күн нұрына малынған мәрмәр колонналарының реңі алтын
күреңденіп жылы ұшырайды, ал күн батар алдында, күн көзін көгілдір мұнар
басқан сәтте мәрмәрға сұрғылт көкшіл көлеңке түседі. Храмның кемел
пропорциясы, барша бөліктерінің керемет келісімі мен ғимарат аумағының
Акрополь шоқысы тұрғысынан дәл есептелуі оны грек сәулет өнерінің үздік
үлгісіне айналдырады. Храмды шола қараған көрерменнің көңілінде таңғажайып
әсер қалады. Парфенонның мінсіз сұлулық әсері храмның бүкіл болмысынан алау
атып тұрған белгілі бір шама мен жарасымдылықты айқын сезінуден туады.
Барлық желілер де көзге қалтқысыз дұрыс тартылғандай көрінеді. Шынында да,
Парфенонды салуда адам жанарының көру ерекшеліктері ескерілген. Ғимаратты
көтеріп тұрған түп- түзу стилобат арқалық арысы сияқты, шындығында, белгілі
бір шамада ғана сәл-пәл дөңестеу, өйткені өте мінсіз тартылған түзу
сызықтың өзі бізге қашықтан қарағанда аздыкем қисықтау көрінер еді. Осыдан
құтылу үшін құрылысшылар стилобат пен оған алып баратын ортадағы
басқыштарды шет жақтарынан гөрі 10 см биікке орнатқан. Харфенонның
бұрыштағы колоңналары мейлінше қомақты әрі көрші колонналарға жанай
салынған, әйтпесе жарық түскенде олар өте жіңішке көріңуі мүмкін.
Өлшеп қарағанда, колонналар ғимараттың ортасына қарай сәл еңкіштеу болып
шықты, бірақ сырттай қарағанда, мүлдем тіп-тік сияқты. Олардың арасының
алшақтығы бірдей көрінгенімен, шындығында, әр түрлі. Мұның бәрі Парфенонның
сәулеттік келбетіне таңғажайып өмір тынысы мен қайталанбас сұлулық береді.
Ғимарат іші қабырға арқылы аумағы әр түрлі екі бөлікке бөлінген. Бас
бөлмеде — Эеллада — Афина-Парфеностың (Бибі-Афинаның) б. э. бұрынғы 447—438
жылдары Фидий алтын мен піл сүйегінен жасаған әйгілі мүсіні тұрған.
Тәңіріның он екі метрлік пішіні бедерлі өрнекпен айшықталған аласа тұғырға
орнатылған. Оны үш жағынан қос қабат мәрмәр колоннада қоршап тұрған. Сфинкс
пен қанатты аттар бейнесі салынған әсем дулыға, мерекелік сәнді киім,
көкірегіндегі Медуза Горгонаның бет пердесімен әшекейленген ешкі терісі —
эгида (қамқорлық белгісі), Афинаның оң қолындағы колонна тіреп тұрған екі

Медуза, Караваджо, 1598-99, Уффици. Горгона Медузаның басын шауғанан
кейінгі бейнесі.
метрлік қанатты жеңіс тәңірісы Ника бейнесі, тәңіріның сол иығындағы найза
мен тұғыр таста тұрған қасындағы дөңгелек қалқан мүсінге ерекше салтанат
дарытады. Мүсінші Афинаның аяқ жағына орасан зор киелі жылан Эрихтонийды
орнатқан.

Ника бейнесі
Фидий тәңіріның сұлу жүзің, жалаңаш білегі мен кеудесіндегі бет пердені піл
сүйегінен, киімі мен қару-жарағын ағаш қаңқаға қондырылған қақ алтыннан
жасаған. Ертедегі жазушылардың айтуына қарағанда, бұл мүсінге бір мың екі
жүз килограмдай алтын жұмсалған. Афинаның көзін шебер асыл тастан қиюлап
құрастырған. Фидий мүсіннің барлық бөлшектерін де айшықтағаң: шабаталарда
ол гректердің кентаврлармең арпалысын, диаметрі бес метрлік қалқанның
сыртқы бетіне амазонкалармен шайқас көріністерін, ішкі бетіне құдайлардың
алыптармен соғысын бейнелегең. Афинылықтардың парсыларды жеңгенін еске
салатын осы мифологйялық оқиғалар сол заманға үндес келді. Мүсіндер мөлшері
храмның ішкі кеңістігімен мұқият үйлестірілген. Парфенонға түсетін көмескі
жарықтың өзінде алтынның сан құлпырған жарқылы мен піл сүйегінің жылы реңі
храм құрастырылған пентелий мәрмәрінің алтын сары түсімен жақсы жарасатын.
Б. э. V ғасырында Афина мүсінін византиялық императорлардың бірі
Константинопольге алып кетіп, сонда жүз жылдаң кейін өрт кезінде опат
болды.

Афинаның бейнесі
Храмның батыс жақ жартысын төрт иониялық колоннасы бар зал — афинылық
балғын қыздар қала тұрғындарының тәңірге сыйға тартатын қасиетті киімін
тігетін бөлме алып жатқан- Афина теңіз одағының қазынасы мен мемлекеттік
архив та сонда сақталған. Бұл бөлменің аты парфенос—бибі деген грек
сөзінен шыққандықтан Парфенон деп аталғаң. Б. э. бұрынғы IV ғасырдан
бастап бүкіл храм Фидий өзінің талантты шәкірттері Алкамен, Агоракрит және
Каллимахпен бірігіп жасаған Парфенонның мүсін әшекейлері қала пірі тәңірі,
Афинаның өмірі мен ерлігі туралы аңыздармен сабақтастыра жұмысқа есімдері
белгісіз қаланың талай шеберлер тобы қатысты.

Грек ұлттық ассамблі Афинада
Coнay храм құрылысы жүріп жатқан тұста, б. э. бұрынғы 447—443 жылдары 92
метопа салынып, б. э. бұрынғы 442—438 жылдары колонналар сыртынан бүкіл
ғимаратты айналып өтетін иониялық фриз басқұры жасалған. Б. э. бұрынғы 432
жылы шеберлер фронтондар композицйяларының жұмысын аяқтаған. Парфенонның
мүсіндік ансамблі — дүниежүзілік өнердің аса ұлы туындыларының бірі. Ол
сирек кездесетін көркемдік сом тұлғасымен, кемел логикалық шешімімен көзге
түсті. Бұл — Афинаны жырлаған, тұнып тұрған, мәрмәрге қашалған ұлы дастан.
Шебер шығыс фронтонда найзағай тәңірі Зевстің басынан тәңіріның дүниеге
келу көрінісін бейнелеген. Мифте айтылатынындай, Олимп тауының басында
өткең бұл оқиғаны құдайлардың бәрі де көріптіміс. Батыс фронтонның тақырыбы
— Афина мен Посейдонның Аттиканы билеу жөніндегі егесі. Аңыз бойынша, әр
құдай осы жердің халқына сыйлық әкелуге міндетті болған. Посейдон жартастан
тузды бұлақ қашап шығарыпты. Афина найзасын сұғып жіберген жерден гректер
тәңіріның киелі сыйлығы деп атаған зәйтүн ағашы шыға келіпті. Афина
Аттйканың пірі есептеліп, қалаға өзінің есімін берген. Мүсінші шығыс
метопаларында — құдайлар мен алыптар айқасын, солтүстік метопаларыңда —
Трояның қирауын, батыста — афинылық қаһармаңдардың амазонкалармен шайқасын,
оңтүстікте — гректер мен кентаврлар арпалысын бейнелеген. Бұл сюжеттердің
бәрі де қаһармандарды жеңіске шабыттандырған Афина жайындағы мифтермен
сабақтас. Бірақ Фидий ескі аңыздарды қайта қорытып, олар арқылы өз
заманының сырын шертті. Аңызға айналған шайқастар шығыстан келген варварлар
— парсыларды жеңген гректердің салтанатын көрсететін өзгеше бір салыстырма
сияқты қабылданады. Шебер бейнелі поэзия түрінде табиғаттың дүлей күштеріне
қарсы адамның қаһармандық күресінің сұлулығы жайында да ой толғайды.

Олимп тауындағы құдайлар бейнесі
Ақыры, Фидий Парфенон фризінде бейнеленген афинылық азаматтардың шеруі
осынау алып симфонияның финалы іспеттес көрінеді. Ұлы мүсінші барлық
замандар сәулетшілері мен суретшілері алдында тұрған аса маңызды
мәселелердің бірін — ғимараттың сәулеттік келбетінің мүсіндік жиһазбен
өзара байланысы, етене синтезі міндетін ойдағыдай шешті. Гетенің грек
храмдарына берген: Таңғажайып храм бүкіл болмысымён ән шырқап тұрғандай
дейтін бағасының Парфенонға да қатысы бар деуге толық хақылымыз. Әлбетте,
Фидий Парфенонның барша мүсіндері мен бедерлі өрнектерін өз қолымен жасай
алған жоқ. Сақталған фронтондар, фриздер мүсіндері мең метопалардағы
бейнелерді мұқият талдау арқылы ғалымдар оларды өзіндік дара мәнері бар әр
түрлі шеберлер орындаған деген пікірге келді. Олардың арасынан өнері әлі
ебедейсіздік пен қасаңдықтан арыла алмаған аға буын мүсіншілерді де,
қолтаңбасы Фидийге жақын шеберлерді де анықтауға болады. Ұлы мүсінші
Парфенонның мүсіндік ансамблінің жалпы композициясын жасаған деген жорамал
бар. Ол, сірә, суретін салып, шеберлер сол бойынша метопалардағы бейнелерді
қашаған болуы да мүмкін. Бәлкім, бедерлі фриздер мен фронтондар мүсіндеріне
үлгі болған саз балшық үлгілер соның қолынан шыққан шығар. Зерттеушілердің
ойынша, бұлардың кейбіреулерін Фидийдің өзі мәрмәрден жасаған, басқалары
оның бақылауымен орындалған. Фидий мәрмәрді соңғы рет өңдеуге қатысқан
болуы да мүмкін. Қалай болғанда да, Парфенонның әшекей- айшықтары —
Фидийдің кемеңгер туындылары.
Олардың тағдыры Парфенонның қайғылы тарихымен сабақтас. Орта ғасырлық
заманның алғашқыға- сырларында храм христиан шіркеуіне айналдырылып, шығыс
фронтонының ортасынан терезе ою кезінде мүсіндердің едәуір бөлігі құрып
кеткен. Сонда храмның шығыс, батыс және солтүстігіндегі метопаларының
мүсіндері қирады. Тек оңтүстік жақтағы Акропольге баратын жолдан көзге түсе
бермейтін метопалары ғана орнында қалды. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ежелгі Грекия өнері жайында
Мәдениеттану. Ежелгі грекия мәдениеті
Ежелгі Грекия мен Рим мәдениеті, өнері
Ежелгі Грекия мен Рим мәдениеті туралы
Ежелгі Грекия мен Рим мәдениеті туралы
Гомер дәуірінін, мәдениеті
Ежелгі Грекия
Ежелгі Грекия өнері жайлы
Алғашқыда Микены мәдениеті
Грек тарихнамасы
Пәндер