Ежелгі Кытай тіл білімі


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы: Ежелгі дәуір тіл білімі. Ежелгі Кытай тіл білімі

Ежелгі Үндістан тіл білімі

Жоспары: 1. Ежелгі дәуір тіл білімінің өзекті проблемалары.

2. Атау, ат қою теориясы. Грамматикалық өнер.

3. Ежелгі Қытай тіл біліміндегі ат қою теориясы.

4. Қытайлардың көне жазуы. Қытай сөздігі «Эрья»

5. Ежелгі Үндістан тіл білімі

Лекция мақсаты: Студенттерге жалпы тіл білімінің зерттеу нысаны және пәні, анықтамасы, тіл білімінің тарихы бойынша теориялық мәлімет беру. Студенттердің дүниетанымын кеңейту.

Лекция мәтіні :

Ежелгі дәуір - лингвистикалық ой-пікірдің жаңа туындай бастаған және оның мейлінше балаң шағы. Ұзақ мерзімді қамтитын бұл уақыт бойында лингвистикалық түсінік бірте-бірте, өте баяу дамиды. Ол өрісі, тереңдігі жағынан да тым жұпыны болды. Соған қарамастан бұл кезеңдегі лингвистикалық мәліметтерді қазіргі кезде өркен жайған тіл білімінің бастамасы, қалана бастаған іргетасы еді деп санаған жөн.

Ежелгі дәуір лингвистикасында ерекше екі күрделі проблема болған. Оның бірі - атау, ат қою, екіншісі- грамматикалық өнер (искусство) проблемасы. Заттарға, құбылыстарға, оқиғаларға қойылған аттардың қайдан, қалай пайда болғандығын, ол атаулардың дүрыс не теріс қойылуының қандай мәні барлығын, яғни тілдің табиғатын сөз етушілер философтар болған және бүл проблеманы олар философияның ең мәнді саласының бірі ретінде қараған. Ғылым тарихында ат қою теориясы деп аталатын бұл сала қытайда да, үнділерде де, гректерде де бір-біріне өте ұқсас бағытта талданып, біртектес шешімге сайып отырған.

Грамматикалық өнер теориясы тілді дүрыс қолданудың ережесін белгілеуді мақсат еткен. Бұл ереже бірде грамматикалык өнер делінсе, енді бірде жазу өнері деп те аталады. Грамматикалық теория жазба ескерткіштер тілдерін зерттеуден туған. Сондықтан ежелгі дәуір лингвистикасы, әдетте, филология дәуірі деп те аталады. (Филология - грек сезі. Мағынасы - сөзді сүю) .

Филология - жазба ескерткіштердің тілін, стилін, тарихи жақтарын зерттейтін ілім. Оның дүниеге келуі жазба ескерткіштердің пайда болуымен, оны зерттеу қажеттігінің тууымен тығыз байланысты. Атау теориясындай емес, грамматика теориясы көне заман елдерінін әрқайсысында әр түрлі бағытта, әр түрлі мақсатта және әр түрлі дәрежеде болған.

Қытай - мәдениеті ғылыми ой-пікірі ерте дамыған, дүние жүзілік цивилизацияға зор үлес қосқан ежелгі ел. Қытайдың жазба ескерткіштері біздің заманнан XV ғасыр бұрын пайда болған. Олар мал сүйектеріне, әсіресе жауырынға жазылып сақталган. Қытай жазбаларында Шығыс халықтары тарихына қажетті материалдар да мол. Бірақ бұл тілде жазылып сақталған тарихи материалдар басқа тілдерге, әсіресе европалық тілдерге дер кезінде аударылмағандықтан, ғылым әлемінен шеттеп қалып келеді, лингвистикалық нұсқалар жағдайы да осындай.

Сондықтан лингвистика тарихын зерттеген Европа ғалымдарының барлығы дерлік әңгімені Ежелгі Үндістан, Ежелгі Грециядан бастайды.

Ат қою теориясы мен грамматикалық өнер теориясы Ежелгі Қытайда да болған. Ат қою теориясын қалыптастырған адам, біздің жыл санауымыз бұрынғы 551-479 жылдар арасында өмір сүрген философ ғалым - Конфуций (Кун-Цзы) .

Ат қою теориясымен қатар Ежелгі Қытайда грамматикалық өнердің де негізі қаланды. Грамматикалық ілім қытайлардың көне жазуы - иероглифке негізделген. Қытай иероглифі біздін. жыл санауымыздың бірінші ғасырының өзінде-ақ белгілі нормаға келтіріліп, уставтық, жартылай уставтык, және жылдам жазу делініп үш стильге бөлінген, грамматикаға байланысты пікірлер де осы иероглиф жазуын талдап түсіндіруге негізделген.

Грамматикалық өнер ежелгі дәуірден сақталған діни жазбалар тілін зерттеу негізінде туған. Тілді зерттеуде қытайлықтардың өзіндік ерекшелігі, өзіндік дәстүрі болған. Оларда ежелден қалыптасқан ұғым бойынша, тілдегі ең негізгі тұлға - сөз. Сондықтан иероглиф жазуы жеке дыбысты емес, сөзді таңбалайды. Ежелгі Қытай лингвистикасының негізгі міндеті - тілдегі әр сөзге жеке таңба тағайындау, ол таңбалардың мағынасын, оларды қалай оқу, қалай қолдану жолдарын айқындау болған. Ол үшін таңбалар сөздігі жасалған. Біздің заманға жеткен сондай сөздіктің бірі және қытайлар үшін ең беделдісі - қытайша «Эрья» деп аталатын сөздік. Біздің заманға дейінгі үшінші ғасыр шамасында жасалған бүл сөздік бұрыннан сақталған діни жазбаның сөздерін - иероглифін түсіндіруге арналса керек. Ол жазбалардың сөздері - киелі, жоғары стильді, канондық сөздер саналған. Сөздікте оның иероглифін талдау, жүйелеу, оларды оқудың, түсінудің ережелері берілген. Сөздікті грамматикалық еңбектер қатарына жаткызуға себепші болатын да сол ережелер.

Кейінгі кездерде «Эрья» сөздігіне еліктеп, оның сырын аша түсуге арналған тағы да бірнеше сөздіктер жасалған. Олардың барлығы да қытайдың иероглифін талдауға, олардың этимологиясын, мағынасын ашуға арналған. Осы себептен бұл сөздіктерді кейде иероглифтік грамматика деп те атайды.

Иероглифтік грамматикаларда морфема, сөздер мағынасы, этимология мәселесі болмаса, қалыпты грамматикалық әдебиеттердегідей грамматикалық категория мәселелері сез болмаған. Қытай лингвистикасының өзіндік ерекшелігі, өзіндік дәстүрі де осында.

Ежелгі Үндістан лингвистикасы. Үнділерден бізге жеткен зерттеулер жыл санауымыздан бұрынғы V ғасырдан басталады. Бұл материалдардың ғылыми жүйелілігіне, ой тереңдігіне қарағанда Үндістан лингвистикасы бұдан да бұрын болғанға ұқсайды. Тіл білімі мұнда практикалық қажеттіктен туған. Үнділердің өте ерте ежелгі дәуірден сақталған аңыздардан, гимндерден, діни жырлардан құралған «Веда» деп аталатын кітаптары болған. Біздің дәуір алдындағы VI ғасырларда белгілі болған бұл жинақты үнділер қасиетті, киелі деп санаған және қазірде де солай санаушылық бар көрінеді. Бұл «киелі» жырлар тілінде сол уақыттағы үнділерге мағынасы түсініксіз көптеген сөздер, сөйлемшелер болған. Соларды айқындау және «Веда» тілін сөйлеу тілі әсерінен қорғау, оның айтылу мәнерін, беретін түсінігін өзгеріссіз сақтау мақсатымен «Веданың» тілін зерттеуді қолға алады. Бұл зерттеу төрт түрлі бағытта жүргізілген: а) дыбыстық жүйесі мен айтылу мәнерін, яғни фонетикасы мен орфоэпиясын зерттеу, ә) жыр құрылысы мен өлең өлшемдерін зерттеу, б) грамматикасын зерттеу, в) жеке сөздердің тіркесін және онын мән-мағынасын, яғни лексикасы мен этимологиясын зерттеу. Ежелгі Үндістандағы тіл білімі, негізінде, осы төрт бағытта дамыған. Бірақ бұлардың даму тарихы, зерттелу дәрежесі біркелкі емес.

Өз кезі үшін айтарлықтай жақсы, жан-жақты зерттелген мәселелер қатарына фонетика мен грамматиканы жатқызуға болады. Бұлар жөніндегі зерттеулер үнділердің аса атакты лингвисі Яски мен Панини жазған еңбектер арқылы біздің заманға жетті.

Яски біздің, дәуірімізге дейінгі бесінші ғасырларда өмір сүрген. Ол - «Веда» тілінің бес томдық сөздігін жасап түсінік жазған адам.

Панинидің біздің дәуірге дейінгі IV ғасыр шамасында жазған «Аштадхьяи» (Грамматикалық ережелердің сегіз бөлімі) деген еңбегінде төрт мыңнан астам грамматикалық ереже берілген. Бұл еңбегінде Панини «Веда» тілін қалпына келтіру нәтижесінде пайда болған үнділердің санскрит деп аталатын көне әдеби тілінің және «Веда» жыры тілінің дыбыстық жүйесін, сөз туғызу, сөз езгерту жолдарын жан-жақты зерттеген. Панини еңбегі- тіл білімі тарихындағы біздің дәуірге жеткен тұңғыш сипаттама грамматика. Ол санскрит тілінің грамматикасы деп те аталады. Мұнда сөздерді тапқа, түбірге, түрлі қосымшаларға бөлу, жұрнақ, префикс дегендердің бәрі де бар. Панини грамматикасы ережелерінің дәлелдігіне, зерттеулерінің терең және жан-жақтылығына қарап, бірсыпыра ғалымдар Үндістанда тіл білімі Паниниге дейін де даму басқышынан өткен, бірнеше грамматикалық еңбектер жазылған болу керек деп жорамалдайды. Бірақ ондай еңбектердің болған болмағаны ғылымда әзірше белгісіз.

Үнділер тілдегі барлық сөздерді есім, етістік, предлог, демеулік деп төрт топқа бөлген де, әрқайсысының өзіндік ерекшеліктерін жан-жақты сипаттаған. Етістіктің шаққа бөлінуі, есімдерде жеті түрлі септік жалғаудың барлығы, т. б. көптеген грамматикалық мәселелер өте дәлдікпен шешілген.

Үнділер тілдік негізгі тұлға - сөйлем, өйткені ой тек сөйлем арқылы ғана беріледі дегендерімен, синтаксис мәселелеріне жеткілікті көңіл бөлмеген.

Ежелгі Үндістан лингвистикасында грамматикадан кейінгі мол зерттелген мәселе - фонетика. Фонетика ежелгі заман тіл білімінің ешқайсысында да Үндістандағыдай зерттеудің жоғарғы сатысына көтеріле алған жоқ. Рас, үнділер фонетиканы өз алдына жеке ұғым етпеген, ол морфология мәселесіне, негізінде, түбір сөз бен қосымша, сөз бен сөз арасындағы дыбыс алмасуына байланысты қарастырылған. Соның өзінде қазіргі заман фонетика ғылымында айтылып жүрген мәселелердің біразын кездестіреміз. Дыбыстардың физиологиялық сипаттары, сөйлеу органдарынын, тіл дыбыстарын жасаудағы артикуляциясы, дыбыстардың дауысты, дауыссыз, шұғыл, ызың болып кездесетіндіктері, олардың себептері жан-жақты және дүрыс сөз етілген.

Үндістан лингвистикасының тарихын сөз ете келіп, В. Томсен: «Үндістан лингвистикасының көтерілген биігі ерекше. Бұл биікке, көп нәрсені үнділерден үйрене тұрса да, европалық тіл білімі XIX ғасырға дейін көтеріле алмады» , - деп жазады.

Қажетті әдебиеттер

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ежелгі тіл білімі
Ежелгі дәуір тіл білімі мен араб тіл білімі
Тіл білімі тарихындағы негізгі кезендер
Тіл бірліктерінің қалыптары
Тіл білімі ғылымы туралы түсінік
Ежелгі дәуір және орта ғасыр лингвистикасының қалыптасуы жөнінде
Ежелгі дәуір тіл білімі және араб тіл білімі
Пиктографиялық жазулар
Жалпы тіл білімінің зерттеу нысаны және пәні. Дәрістер кешені
Лингвистикалық ілім тарихы Ежелгі дәуір тіл білімі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz