Алыс замандар да өткен бабаларымыздың өмір тіршілігі



Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Ежелгі дәуірдегі Қазақстан
Тас ғасыры. Алыс замандар да өткен бабаларымыздың өмір тіршілігі жайлы
қазіргі түсінігіміз олар тұрған үңгірлер мен үңгіме қуыстарды зерттеп
білуге негізделген сол үңгірлер мен қуыстарды адам еңбегінің белгісі – тас
құралдар, соларды дайындаудан қалған қоқыстар тамақ қалдықтары –
жануарлардың сүйектері сақталған. Мұндай мәліметтер ежелгі адамзаттың
материалдық және рухани мәдениетінің біраз қырлары мен сырларын анығырақ
түсіндіруге мүмкіндік жасайды. Көне тас ғасырдың дәуірі – адамзат және оның
шаруашылығының қалыптасу кезі - өндіргіш күштердің төмен деңгейінде
болуымен сипатталады. Адамдардың өзара қарым-қатынасы мүшелерінің
экономикалық теңдестігіне еңбек бейнеті жынысы мен жасына қарай табиғи
түрде бөлісуге негізделеді және өзінің сипаты жағынан ұжымдық қатынастар
болады.
Алғашқы тобыр төменгі палеолиттің ертеректегі екі басқышына – шелльге
дейінгі және шелль кезеңдеріне сәйкес келеді. Ащель заманында жаңа
әлеуметтік организм – алғашқы қауымға қажетті алғы шарттар біртіндеп
толысып жетіле бастады. Мустье дәуірінде отырықшылық еңбекті жұмысы мен
жасына қарап, табиғи түрде бөлу жүзеге асады. Көптеген зерттеушілердің
пікірінше, осы бір сапалық секіріс неяндерталдардың дене бітімі қазіргі
адаммен бірдей саналы жанға (Homo sapiens) айналымына сай келеді.
Палеолит дәуірі. Палеолит дәуіріне жататын 5 мыңнан астам қашау мен
үшкір еңбек құралдары табылған аймақ Жамбыл облысы. Бұл тұрақтардан өте
жақсы өңделген қырғыштар табылды (бұдан 25 мың жыл бұрын).
Семізбұғы (Орталық Қазақстан). Бұл жерден жүзі түзу, кейде қайқы тас
пышақ түріндегі қырғыштар табылған.
Ертедегі палеолит ірі-ірі үш дәуірге бөлінеді. Олар: олдувай (2,6
миллион – 700 мың жыл бұрын), ащель (700 мың – 150-120 мың жыл бұрын) және
мустье (150-120 мың – 31-30 мың жыл бұрын) дәуірлері. Күллі тас ғасыры
бойына еңбек құралын жасау жолындағы басты рөлді тас атқарды. Көңірдек
поселкесі қасынан табылған тік бұрышты зілдей кремней сындырғышы ең ескі
құралдары қатарынан орын алды. Қаратау қырының оңтүстік-батыс жоталарынан
өтетін Арыстанды өзені алқабының төменгі төрттік дәуіріне жататын ең биік
сөресін құрайтын, тұтасып қатып қалған кангломераттар қабатынан табылған.
Төменгі палеолит кезінде адам тасты жару үшін екінші тасты пайдаланған –
оларды бір-біріне соғатын болған. Кейін іс-әрекетте жақсы нәтиже беретін
соққыштар пайда болды.
Өнежек тобы тұрағының алқабынан бір-біріне жақын жатқан жеті олжалы
орын табылды. Бұдан 13 мың жыл бұрын ру мен тайпа қалыптасқан. 6-7 мың жыл
бұрын рулық қауым ыдырап, ақсүйектер пайда болған.
Мезолит дәуірі. Мезолит дәуірі шамамен 7 мың жылға созылды. Қазақстан
аумағында 20-дас астам мезолиттік тұрақтар бар.
Мезолит дәуірінде еңбек құралдары пайдалануға ыңғайлы қалыпқа түсе
бастады.
Мезолит дәуірінің ең маңызды өнер табысы – садақ. Ол 10 мың жылдан
астам уақыт бойы ең тез атылатын қару болып саналды.
Аңшылық үшін неғұрлым жетілдірілген қару түрлері қажет бола
бастағандықтан жебелі садақ пен бумеранг ойлап табылды. Шебер садақшы
минутына 20 оқ атты. Қарапайым садақтың оғы 80-100 метр, күрделі садақ оғы
450 метрге жетті. Садақ пен жебенің пайда болуынан бастап шағын адам
топтары мен жеке аңшылар аңшылықпен айналыса алатын болды. Садақ пен
жебенің шығуынан аңшылық негізгі кәсіптің біріне айналды.
Микролит (ұсақ тас) – ұзындығы 1-2 см. ұсақ жаңқа тастан жасалған
құрал.
Адамдар үнемі жайылымын ауыстырып, өрістегі аңдардың көшіп жүрген,
аңшылардың қоныстанған жерлері: Ертіс, Есіл, Тобыл, Торғай, Жайық өзендері.
Б.з.б 8 мың жылдықта ауа райының жылуынан жылы үй салу қажет болмады.
Терімшілік пен егіншілік шықты. Аң аулаудан мал өсіру қалыптасты. Егіншілік
бұдан 10 мың жыл бұрын пайда болды.
Неолит. Бұл кезеңнің басталуы б.з.д. 5 мың жылдыққа тура келеді. Ол –
тас өңдеу техникасының әбден жетілген кезі. Еңбек құралдарын жасау ісінде
уақыт өткен сайын мамандандыру әрекеті күшейе түседі.
Бұл кезеңде экономикалық және қоғамдық өрлеу басталды. Бұл құбылыс
Неолит төңкерісі деп аталды.
Неолит дәуірінің басты ерекшелігі өнімді еңбектің пайда болуы.
Мал шаруашылығы мен егін шаруашылығының тууы, табиғаттың даяр өнімдерін
иемдене қою – жинау, аң аулау орнын өндіруші шаруашылық дейтіннің келіп
басуы – сол дәуірдің аса маңызды белгісі болып табылады.
Қазіргі кезде Қазақстан жерінде ғылымға белгілі 500-ден аса неолиттік
және энолиттік ескерткіш бар, олардың басым көпшілігі ішінара ғана
зерттелген. Неолит тұрақтары жер-жерге орналасу сипатына қарай 4 түрге
бөлінеді: бұлақ бойындағы, өзен жағасындағы, көл жиегіндегі және үңгірдегі
тұрақтар болып бөлінеді.
Қазақстанның неолиттік ескерткіштері бірнеше территориялық топтардан
тұрады, бәлкім бұл мәдениеті жағынан бір-біріне жақын туыс тайпалар
мекендейтін аудандарға сәйкес келетін шығар.
Аңшылық көзі – құландар, аюлар, бұғылар, киіктер, қабандар, жылқылар,
қасқырлар, бұқалар, тасбақалар, кекіліктер мен қырғауылдар болған. Мұның
куәсі – үңгірден табылған сүйек қалдықтары.
Қазақстанда 500-ден аса неолиттік тұрақ қоныстар табылған. Тұрақтардың
түрлері: уақытша мекендер, ұзақ уақыт өмір сүргендер.
Қазақ жерінде кездесетін неолит тұрақтарының ең көнесі б.з.б. 5 мың
жылдыққа жатады.
Энолит дәуірі (б.з.б 3000-2800жж). Металдан жасалған құралдар игеріле
бастады. Ең бірінші қолданылған металл (бұдан 700 мың жыл бұрын). Мыстан
жасалынған құралдар: қанжар, балта, сәнді әшекей бұйымдар т.б.
Балқыған мысты құятын қалып саз балшықтан немесе жұмсақ тастан жасалған
мыс құралдары тез тозды және ауыр жұмыстарға жарамады.
Ботай тұрағы (Солтүстік Қазақстан) аумағы – 15 га жер, б.з.б. 3-2 мың
жыл бұрын.
Тұрақтан 158 үй және жылқы сүйектері көп табылды. Ботайлықтар – жылқы
малын қолға үйретушілер.
Шебір тұрағы (Маңғыстау). Мекеннің маңынан тас пен қыш құралдары
табылды. Шебірліктер теңіз маллюскаларының қабықтарын моншақ етіп таққан.
Негізінен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Табиғи жағдайлар және ежелгі гоминидтердің тіршілік еткен ортасы
Тас дәуірі жайында
Тас дәуірі
Естияр топ балаларын елжандылыққа тәрбиелеуде ертегілерді пайдаланудың педагогикалық шарттары
Жаңа тас дәуірі
Жан туралы ілімі білімдерінің Қазақстандағы даму жолдары
Шандоз шығармасының жаңа танымдарын зерттеу
Бағзыдан жеткен баба жыр
ОНОМОСТИКАЛЫҚ АТАУЛАР
АСЫЛ МҰРА түркі антологиясы
Пәндер