Ежелгі дүние тарихын оқытуда компьютерлі техниканы пайдалану


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті
Тарих факультеті
Арнайы тарихи пәндер және
оқыту технологиясы кафедрасы
Диплом жұмысы
Ежелгі дүние тарихын оқытуда компьютерлі техниканы пайдалану
Орындаған: 4-курс студенті Душабаева Асель
Ғылыми жетекшісі: профессор Найзағарин Т. Ә.
Қорғауға жіберілді
« » 2008
Кафедра меңгерушісі:
т. ғ. д., профессор Сыздықов С. М.
Алматы 2008ж
Мазмұны:
І. Кіріспе.
І бөлім: Мектепте тарихты оқытуда компьютерлі техниканы пайдалану
негіздерінің теориялық сұрақтары
- Қазіргі жалпы білім беретін мектептерде компьютерлі техниканы қолдану
- Мектепте тарихты оқыту барысында компьютерлі техниканы пайдалану мүмкіндіктері
І бөлімге қорытынды.
ІІ бөлім: Жаңа информатика технологиясын жоспарлау тәжірибесі және оны
тарихты оқытуда пайдалану.
2. 1. Жаңа информатикалы технологияны тарихты оқытуда тәжірибеде қолдану және құру мәселесі.
2. 1. ЖИТ базасында (6 сыныпта) дүниежүзілік тарих курсын оқытуда компьютерлі техникамен жұмыс тәжірибесі.
ІІ бөлім бойынша қортынды түйін.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Қосымшалар
Кіріспе.
Информатикаландыру-қоғамдық прогрестің негізгі бағыты мен шарттары ғана емес, сонымен қоса қоғамның дамуын анықтайтын стратегиялық ресурсы болып табылады. (14. 2б)
Информатикалы революция мен оның салдарына назар аудармайтын елдер қазір қандай деңгейде тұрса дағы артта қалып қоюы мүмкін. Қазіргі таңда қоғамды информатикаландыру білім сферасында компьютерді қолдануды қажет етеді. Мектеп білімі, үзіліссіз білім алу жүйесіндегі база бола отырып, оқушылардың информатика мәдениетін және компьютерді меңгеруін қамтамасыз етуге бағытталған. Егер мектепте білім беруді жаңа жолға қою қоғамды информатикалау бағытымен сәйкес болса, онда ол қоғамдық прогрестің жеделдеуіне ықпал етеді. Егер де олар сәйкес болмаса, онда қоғамда тоқырау құбылысы кеңінен өріс алады.
Соңғы жылдары зерттеуші-педагогтардың мектепте білім беруде компьютерді енгізу мәселесі туралы пікірлерінде өзгерістер болды. Егер де басында бұл ұғымды мектептерді компьютермен толтыру деп түсініп, педагогикалық және әдістемелік мәселелер екінші жоспарға қалып отырса, қазіргі кезде компьютерді оқыту мен педагогикалық бағдарлама «өнімі» (ПБӨ) деген ұғымдардың айырмашылығы көрсетілді, яғни бұл информатика технологиясы мәселесін оқытуды талдау мен жасауға мүмкіндік береді, онда оқу-тәрбие процесінде ПБӨ тиімді пайдаланылады. Автор осы көзқарасты ұстанады.
Егер жалпы теориялық жоспарда жаңа информатика технологиясын (ЖИТ) оқытудың талдамасы жасалған болса (38, 39), ал гуманитарлық пәндерді ЖИТ оқыту мәселесінің талдамасы әлі жасалған жоқ.
Зерттеу мақсаты: Тарихты оқытуда компьютерлік технологияны қолданудың теориялық негіздерін ашып көрсету және оны жалпы білім беретін мектепте іске асыру жолдарын анықтау. Мектепте тарихи білім беру жүйесінде компьютерлендірудің маңыздылығына нық сеніммен қарауға негізделген мәселелерді шешуге ойланып қарау қажет, сонымен қатар қажетті жолдарын іздестіруде бір шектен шығудан екіншісіне өтуге жол бермеу қажет. Компьютерлендірудің мектеп жүйесінде тарихи білім берідегі маңыздылығы мен сенімді нақтылыққа негізделген, түйінді мәселені шешудегі сараланған нақты іс-әрекет қажет және сонымен бірге соңғы жетістіктің қайшылықтары мен қиыншылықтарын, түсіну яғни педагогикалық нәтежелерді шешудегі осы түйінді мәселені сезіну.
Білім беру жүйесін компьютерлендірудің барлық жаңалықтарында оның алғы тарихи жалғасы барын ескеруміз қажет. Келешектегі істің ғылыми анықталған бастауы мен оқыту бірлестіктері жаңа әртүрлі автоматтандырылған құралғыларды пайдаланудағы тәжірибелер, сондай-ақ компьютерлік техниканы қолдану барысында оқытудың түрлі құрамдас бөліктерінде жинақталған және көптеген отандық және шетелдік басылымдарда біршама орын алған. (18, 19, 24, 25, 26, 27)
60-70 жылдары оқытуды программаландыру барысында ауқымды зерттеулер жүргізілген өнерлі парасат иесі (интеллекті) мәселелері бойынша қызықты жұмыстар туындаған. Содан соң оқу барысында ЭВМ пайдаланудың педагогика-психологиялық мүмкіндіктерін анықтау әрекеттері қолданылған. (5, 9, 34, 35, 46) ғылыми педагогикалық зерттеулерде есептеу техникаларын пайдаланудың негізгі бағыттары белгіленген. Білім беруді компьютерлендірудің теориясы (ілімі) мен іс-тәжірибесіне елеулі үлес қосқандар академик А. П. Ермов бастағаны СССРО Ғылым Академиясының Сібір бөлімшесінің ғалымдары, олар көп жылдар бойы компьютерлік жаппай оқытуды методикалық және бағдарламалық жағынан қамтамасыз ету барысында жемісті еңбек етіп келеді. (13, 14, 15, )
Біздің елімізде АПН (Педагогикалық ғылым академиясының) «Мектептегі ЭВМ» атты ғылыми-зерттеу және құрастырушы - тәжірибелік жұмыстардың бірлескен мақсатты бағдарламасы жоспарланған, онда ғылыми зерттеу және тәжірибе-бақылау жұмыстарының әртүрлі бағыттардағы: оқытудағы компьютерлендіру мәселелерінің теориялық (ілімдік) және методологиялық зерттелуі, оқушыларды информатика мен компьютерлік техника негіздеріне оқытудағы әдістер мен ұйымдастыру мазмұнының дәлелділігі; түрлі оқу салаларында ЭВМ-ді оқытудың құралы ретінде қолдану мүмкіндігін анықтау; компьютерлік техниканы оқу-тәрбие ісін басқаруда қолдану нәтежесіне талдау жасау; информатика мен есептеу техникасы құралдарын оқу-тәрбие барысында қолдану және физиологиялық, гигиеналық, психологиялық сұрауларды зерттеуге; біздің елімізде және шетелде компьютерлік техниканы тәжірибесін жүйелі түрде үйрену; халыққа білім беру ісінде компьютерлендіруді әрі қарай дамытуды болжаудың нұсқалары қарастырылған. (23)
Дамыған капиталистік елдерде білім беру мақсатында компьютерлік техниканы қолдану үлкен қарқынмен жүргізілуде. Оқу орындарында және жеке пайдалануда миллиондаған компьютер құралғылары қызмет етуде, көптеген оқуға негізделген видеоойындар мен бағдарламалар жоспарланған, соның нәтежесінде оқыту үрдісі (процесс) оқыту қызметінің технологиясының өзі түбегейлі өзгерді.
Білім беру негізінде компьютерлік техниканы іске қосумен байланысты байқау-тәжірибе және зерттеу мақсаттарының кең шеңбері жалпы теориялық -методологиялық мәселелердің білім беру педагогикалық ғылым барысын компьютерлендіру стратегиясын анықтайтын қарқынды (бірден-бір) шешімдерін талап етеді. «Кім жалпы істің алдын-ала шешімінсіз жеке сұрау үшін күрессе - деп жазды. В. И. Ленин, -сол сөзсіз өзі үшін ойланбастан әр қадамында осы жалпы сұрауға «сүріне береді» Әр жеке жағдайда оларға көзсіз сүріну, өз саясатын қағидасыз және әлсіретіп тәлтіректеуге әкеп соқтырады». (31, с 368)
Сондықтан да осы жұмыстың бір мақсаты, жоғарыда көрсетілген жұмыстарға сүйенген, компьютерлік техниканың теориялық негіздерінің жиынтығын тарихты оқытуда зерттеу мен ашып көрсету қойылған.
Зерттеудің екінші мақсаты: Тарихты оқытуда (жалпы білім беру мектептерінің 6 сыныбында) жаңа информатикалық техниканы үйретудегі жобаланған қағидаға және оның өміршеңдік мүмкіндіктеріне негізделген болып табылады.
Отандық және шетелдік басылымдардың қорытындысы білім беру барысында компьютерлік техниканы қолданудың негізгі мүмкіндіктері төрт бағыттар бойынша жеткілікті түрде жеке тұрғыдан қаралғандығын дәлелдейді: Компьютерлік техника мен информатика оқып-үйрену объектісі ретінде; компьютер оқу-тәрбие ісінің құралы ретінде компьютер педагогикалық басқару жүйесінің бір бөлігі ретінде; компьютер ғылыми-педагогикалық зерттеудің нәтежесін көтеру құралы ретінде қарастырылады.
Соңғы зерттеулердің көрсеткіштері мини ЭВМ - де тарихты оқытуда қолдану оқушыларды тәрбиелеуде жеке тұлғаның азаматтық қасиеттеріне қолайлы жағдай туғызады, олардың экономикалық ойлауын қалыптастыра отыра қоғамдық даму барысының нұсқасын әзірлеуге жағдай туғызады, сондай-ақ экономикалық және әлеуметтік құбылысын басқару барысын бейнелеп көрсетеді. Компьютер мен бағдарлама бойынша жұмыс істей отыра, оған тән қарқынмен оқушы лезде тарихи дерек құбылыс туралы қажетті хабарлама ала алады, сондай-ақ графикалық бейнелерді дисплейге шығара отыра жекелеген тарихи оқиғаларды ойынға шығарады.
Тарихты оқыту барысында тарихи түсінікті қалыптастыру мәселесін ерекше ашып көрсету керек. И. Я. Лернер мен В. И. Чуыровтың көтерген мәселелері келешектегі өз шешімін күтуде, тіпті бүгінгі таңда тарихи түсінікті қалыптастыруда компьютерлік техниканың зерттеу аймағында ықпал етуіне нақты қадам жасауды қажет етіп отыр. Аталған жұмыста төмендегідей қағидалар қарастырылады: жалпы білім беретін мектептің 6 сыныбында Дүниежүзі тарихы курсын оқыту барысында компьютерлік техниканы қолдану оқушылардың тарихи білімге деген қызығушылығын творчестволық ізденісін арттырады, соңында оқыту барысының нәтежесін және оқушылардың тарихи түсінігін қалыптастырады.
І-тарау. Мектепте тарихты оқытуда-компьютерлік техниканы қолданудың теориялық негіздері төңірегіндегі сұраулар жайында:
1. 1. Компьютерлік техниканы қазіргі жалпы білім беретін мектептерде қолдану .
Ғылымда компьютерді гуманитарлық аймақта қолдану мүмкіндігі жайында түрлі көзқарастар бар. Кейбір ғалымдар бұлай мүмкін емес деп, компьютерді тек жаратылыстану-математикалық пәндер жиынтығы ғана қолдану мүмкіндігін шектейді және олар білім беруді гуманитарландырудан алшақтатуға тырысады. Сондықтан да гуманитарлық пәндер адамды ЭВМ-нен қорғауға тиісті деген көзқарас туындайды. Енді біреулері мектептік гуманитарлық білім беруде компьютердісаналы түрде қолдану елеулі нәтеже беру мүмкін деп есептейді, кейде тіпті оқытудың қалыпты тәсілдеріне қарағанда біршама нәтежелі екендігін айтады. Осы көзқарастың дәлелі ретінде «Компьютерлік сауаттылық негіздері» атты еңбекті айтуға болады (онда компьютердің гуманитарлық ауқымдығы мүмкіншілігі зор, ал компьютердің өзі - оқытудағы әмбебап құрал екендігін атап көрсетіледі. Әр түрлі көзқарастарға қарамастан, оған дайын мәселенің шешімінің құралы мен дайын рецепті жоқ кездегі жіктеу жасалуы маңызды.
Ең алдымен мектептік гуманитарлық хабарламаның өзі және тарихи білім берудің жеке өзі осы мәселе төңірегіндегі теоретикалық, сондай-ақ қолданбалы мазмұнда арнайы қойылыммен байланысты екендігіне баса назар аудару қажет.
Оған төмендегілерді жатқызуға болады:
- тарихи білім беруді информатикаландырудың әлеуметтік және
методологиялық мәселелері;
- тарихи түйсінудің ерекшелігі;
- тарихты оқытудағы компьютердің орны;
- тарихты оқытудағы компьютердің мүмкіндігімен қызмет ету аясы;
- тарихты оқытудың қайта құру (хабарлама технологияларының методологиялық жүйесін шынайы мүмкіндіктерін есепке ала отыра) ;
- тарих пәніне арнап педагогикалық бағдарламалық өнім (ПБӨ) құрудың методикалық тұжырымдамасын әзірлеу және оны іс-тәжірибеде нәтежелі қолдануға қажет педагогикалық жағдайды анықтау;
- мектеп оқулығының хабарлама технологиясы жағдайындағы оқытудың негізгі құралы ретіндегі міндетін өзгерту.
Тарихи білім беруді информатикаландыру көптеген әлеуметтік, методологиялық, психологиялық, лингвинистік, логикалық мәселелерінің шешілуін қамтиды, ол ең алдымен адамдық құбылыстардың рөлінің күшеюімен, компьютердің адамның денсаулығын жүйкесіне әсер етуімен байланысты.
Философтар, социологтар мен психологтардың еңбектері мен сөйлеген сөздерінде адам мен машинаның қарым-қатынасының адамгершілік аспектілері еш жерде шешілмеген деген тезис көптеп кездеседі.
Білім беру мен оқыту жүйесін қайта құру мәселелерін іс-жүзіндегі шешімі компьютерлік техника мүмкіндігіне қатысты бастапқы желіктен басталуы кездейсоқ емес, ал аяқталуы, нәтеженің қарапайым бағасына сай болуы шартты.
Компьютердің дәстүрлі оқыту жүйесіндегі фантастикалық барлық мүмкіншіліктері бірте-бірте жоғалады, яғни педагогикалық негізсіз және кездейсоқ пайдаланылады. Осыған орай, тарихи білім беруді информатикаландыру шешуде жекеленген аспектілер ұсынылады, олар компьютерлік техниканың техникалық мүмкіндіктерінен емес, оның әлеуметтік - психологиялық және методологиялық негіздерінен келіп шығады.
Бұл мәселенің маңыздылығының шартты ЭВМ-ді жаңалық ретінде енгізумен қоғам мен адамзат қызметінің маңызды түбегейлі өзгереді, ол адам гуманитарлық мәдениетін құрудың маңызды бөлшегі болып табылады. Бұл сұрақтар «Философия сұрақтары» журналының беттерінде пікірталас құралы ретінде қарастырылды, оның қатысушылары түрлі көзқарастарын білдірді.
Олардың айтуынша, дәстүрлі «адам-адам» хабарласу-сөйлесу жүйесі «адам-компьютер-адам» жүйесіне ауыстылады. Қоғамның хабарлау шегіне сәйкес сөйлесудің қандай түрі тиімді болып қалатындығы туралы сұрақ шешілуге тиіс. Г. Г. Воровьеваның пікірінше, адам ең алдымен өзінің табиғи тілінде сөйлесу қызықты (өйткені ол тек тексті ғана емес, сонымен бірге сөйлемді-конспекті құрайды, яғни ережелерді пайдаланып қоймай, сонымен бірге ережеден тыс ескертулерді, нәзік реңкті синонимді де қолдана алады.
Тарихи білімдегі істің мәніне нысаншылдық (формализация) хабарламаның жойылуына әкеп соқтырады. Сондықтан да өмірдің хабар бейнесі сөйлесудің барлық түрлері мен оның түрлі үлгілерін кітаптың, компьютердің дисплейі мен теледидардың көмегімен алдын ала болжап біріктіреді.
Осы орайда мектептің білім беруді компьютерлендіру жеке тұлғаны басып тастамайды, оның талап-тілектерін, машинаның мүмкіндіктеріне бағындырмайды. Керісінше, компьютерді пайдалану жеке тұлғаны талаптандырады, машинаны оған бағындырады. Осылайша мектеп оқушысы өз алдына бөлек мүмкіндік алады, өзі шешім қабылдайды. Компьютермен байланысу мәселесін сонымен бірге Д. А. Поспелов те көтеріп отыр, оны ол ойды дамыту төңірегінде қарастырады. Ол таңбалармен байланысты заттық құбылыстың дерексіздігіне сүйенсек компьютер ойлаудың «алгебралық» деп аталатын жүйесін дамытады деп есептейді. Оның негізгі қызметі мыналар: обьектінің ерекшелігі барлық мүмкін болған топтастыру, ойлау әдістері және т. б. Мектептік білім беруді жаппай компьютерлендіру оның ойынша, ойлауды гуманитарландырудан аулақтауға, яғни алгебралық стильдің қарқынды дамуына, оның басқа түрін бейнелер және әсерлермен байланысты геометрикалық түрін басып тастауға әкеп соқтырады мүмкіндігін айтады. Балалардың компьютер әлеміне «кетуі» олардың нақты өмірмен байланысының әлсіреуі және қиял дүниесінде қиял» өмір туғызуы мүмкін. Психолог В. П. Зинченко түйсіктің даму құралы және ойлаудың жүзеге асу әрекетінің қызметін қарым-қатынастың психологиялық құбылысы ретінде қарастырады. Оның ойынша оқушы мен компьютердің байланысы бала дамуының нормадан ауытқуына осы құбылыстың құралының жарамсыздануына әкеп соқтыруы мүмкін. Ол сонымен бірге адамзат қызметінің, іс-әрекетінің өзгеріске ұшырау мәселесін көтеріп отыр.
Компьютермен жұмыс істей отыра адам пәндермен емес, түрлі кейіптегі бейнелермен байланысады. Бұл пәнді керек етпеуге, іс-әрекетті ойланбауға және оның маңызын бұрмалауға әкеп соқтырады. Оның нәтежесінде баланың жеке басы мен ойлау мүмкіншілігі бұзылады. Бұл күрделі әлеуметтік жағдай, яғни бір жағынан, өмірді бейнелі және ұғынған түрде түсіну, екінші жағынан - нақты өмірден қол үзу қажеттілікке ұрындыру қаупін туғызады. Сөйлеу мен іс-әрекеттің мүмкін болған жіктелуін болдырмас үшін, іс-әрекеттің заттық тұлғасын жоғалтпау жолдарын, компьютердің модельдермен және заттай- тәжірибе қызметінің және адам қарым-қатынасының орнын дұрыс анықтау қажет.
Сондай-ақ тарихи танымдағы ақпаратты мәселелердің шешілу ерекшелігі мен методологиялық айырмашылықтар туралы сұрақ алға қойылып отыр.
Компьютер тарихшыға мәліметтерді талдау мен бағалауда, қажетті құжаттарды іздеу барысында, сенімді, шек келтірмейтінді айғақты айыра білуде, яғни оның ой-өрісінің қызметін, тарихи танымның нақты және дұрыс қорытындысын алу мүмкіндігіне жақындатуға көмегі бар ма? Белгілі бір жағдайда барлық ғылымдардың құрылымы жақсы және нашар деп бөлуге мүмкіншіліктеріне қарай ондағы ұғымдарды анықтап және байланыстарды белгілеуге болады. Мұндай жағдайда нақты ғылымдарға қарағанда тарих құрылымы нашар және өзіндік ерекшелігін меңгерген ғылым нақты ғылымдардың негізінде ойлауға негізделген тұжырым болса, ал тарихи білімнің негізінде ойлауға негізделген дәлел жатыр. Ойлауға негізделген тұжырым қағиданың жүйесінен келіп шықса егер барлық мүмкін болған жағдайлар мен шешімнің атүсті жасалған іс-жосығы сенімді болса дұрыс деп есептеледі.
Ойлауға негізделген дәлел әрқашан түрлі жағдайдағы істің тура нәтежесі бола бермейді және кез-келген талқылама барысында жоққа шығарылуы мүмкін. Мұнда көптеген субъектікті жайттар зерттеушінің тұжырымдамасы, ықпалды адамның кеңес беруді өтініп, біреуге жүгінуі, қосымша мәліметтердің т. б. маңызы зор. Адам баласының білімі нысаншылдықтың түрлі ғылымдар деңгейін қамтиды, соның ішінде гуманитарлық тіпті нақты ғылымдар үнемі ережеге сай емес. Гуманитарлық білімде үнемі мүмкіндікті таңдау мен балама мәселесі тұрады.
Тарихи таным ерекшелігін ашып көрсеткен жөн. Бір жағынан тарих жеткілікті түрдегі нақтылы аймақ, өйткені дәлелдермен, уақытпен, есімдермен т. б. байланысты. Тарихтағы өткенді білу үнемі іс жүзіндегі деректерді талдау барысында көптеген жоғалтулар деңгейінде жүріп отырады. Осыған орай түсіну мәселесі мен тарихты түсіндірудің маңызы зор. К. В. Хвостованың зерттеуі тарихи білімнің ерекшелігі сонда деп атап көрсетеді, онда кез-келген тұжырымнан түсінік келіп шығады, сондай-ақ түсінік тарихи зерттеудің методологиясы болып саналады. Тарихшы зерттеудің кез- келген зерттеу тұрғысына тоқталуы мүмкін, түрліше түсінуі және өзінде бар документ материалдарындағы дәлелдерді түсіндіруі, сондай-ақ қандай тұжырымдамада тоқталғандығын қарастыруы мүмкін. Нақты ғалымдар түсіндіруде тарихи танымды жақындату үшін, ең алдымен белгілі бір қалыпты немесе «идеальды нұсқаны» сипаттайтын аралық нұсқаны құру қажет, оны артынан шынайы нұсқамен, яғни құжатпен салыстыру үшін қажет. Егер ондай мүмкіндік болмаған жағдайда тарихи таным баяндау тұрғысына дейін көтерілмейді, тек құнды мінездеме мен түсіну тұрғысында қалып қояды. (Тарих сұрақтары 1989, №10)
ЭВМ-ді кез-келген аумақта қолданудың үштік жобасы бізге белгілі: үлгі-есептеу жүйесі-бағдарлама машинаны гуманитарлық білім үшін пайдалануда, ең алдымен теңдеу немесе басқа математикалық категорияларды таңдап алу қажет, содан кейін математикалық есептің есептеу жүйесінің шешімін құру қажет және артынан бағдарламасын жасау керек. Үлгілі дайындау нақты және жаратылыстану ғылымдарында жақсы әзірленген. Гуманитарлық аймақта үлгіні жасап шығару алдымен үлгілер қатынасын құру содан соң оны сандық көрсеткіштерде нысандау атүсті қарау, сөз жоқ көптеген қиыншылықтармен байланысты, яғни бұл нұсқалар іс жүзінде көп жағдайда теңбе-тең болмайды. Білім баяндау түрінде берілген тарихи аймақ үшін, ал қорытынды адамзаттың ой-толғаулары негізінде берілгендіктен, ЭВМ үшін арнайы үстірт қарау: семантикалық тор, фреймдер және олармен байланысқан ой қорытындысының жүйесі әзірленген. Осындай үстірт қарауға негізделген үлгілер қатты үлгілерден айырмашылық үшін, жұмсақ үлгілер деген ат алып отыр.
Осылайша қараудың екінші ерекшелігі тек хабарлама технологиясын енгізудің әлеуметтік нәтежесін есепке алу ғана емес, сонымен бірге комтпьютерлік төңкерістің әлеуметтік алғышарттарын есепке алу болып табылады. Адам ұзындығына қарай оқымайды, дами түседі және сонымен бірге компьютерлік техника да ескере түседі. Сондықтан да хабарлама техникасының мәселелерін шешуде және оны мектепте тарихты оқытуда қолдануда адамға берілген оқу үшін үлгеру мүмкіндігіне деген жағдайды қарастыру қажет және жаңа заманға сай технологияның талабына деген бірдей деңгейге жету керек. Мектепте хабарлама технологиясын қарқынды түрде енгізудің шарты ретінде қоғам дамуының жаңа баспалдағы және оның білім беру деңгейі болуы тиіс.
Ойшылды, туғызушыны, құрушыны өсіріп шығару үшін оқушыларды жалпы білім беруге дайындаудың жеткілікті базалық деңгейі болуы қажет, сонда ғана ол тек негізгі білім беру мен іс-әрекетті түрлерін қамтып қана қоймай сонымен бірге жаңа замандық ой-өрістің біліктілігін қамтиды, онсыз комтпьютердің мүмкіндігі қаншылықты зор бола тұрса да, бірде-бір есептің шешімі болмас еді. Осыған сәйкес компьютердің көмегімен миды және есті көптеген операциядан босата отырады, себебі адамды қоршаған нақты өмір алдында әлсіз сезінбеу үшін және комтпьютерге бағынышты болмас үшін нәжелі баламаны табу керек. Жаңа қоғамдағы бтыстық социологтардың ойынша білім мен адамгершілік қатынастарында белгілі бір арақашықтықтың байқалып келеді, оны гуманитарлық білім беруде және жекелеп алғанда тарихи білім беруде информатикаландыру мәселелерін қарастырғанда есепке алу қажет.
Тарихи білім беру және адамды рухани және адамгершілік тұрғысынан даму барысында маңызы зор екендігін ескере отырып, мағынасыз, яғни технократикалық қауіптің зор екендігін және оқытуға атүсті қарау артық, ол мектептік білім беруде комтпьютерді қолдануда қажетсіз нәтежеге әкеп соқтыратыны осыдан келіп шығады.
Барлық қойылған сұрақтар зерттеуді қажет етеді, өйткені мектепте тарихты оқытудағы компьютердің орнын анықтау тұрғысынан қарастырылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz