Египет елі


Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Египет елі Солтүстікүстік шығыс Африка жерінің ұшы-қиырсыз шөл даласында орналасқан. Мұнда қызғылт сары құм, қаһарлы бейнедЕгипеті жартастармен алма-кезек алмасып отыратын табиғат құбылыстармен ерекшеленеді. Осы өлкені әлемде Египете ең ұзын өзен Ніл басып өтеді. өзен аңғары жап-жасыл. Жағалауында құрма пальмалары, иісі жұпар аңқыған қарағандар мен биік папирус қамыстары өсіп тұрады. Ніл аңғарының топырағы жұмсақ, майлы кездеседі. Халық Египетін Египетіп, қолөнермен, малшылықпен айналысады. Ежелгі Египет тарихына көз жүгіртсек, оны негізінен төрт кезеңге бөлуге болады.

Ежелгі патшалық (б. э. д. 3000-2400 жж. )

Орта патшалық (б. э. д. 2400-1710 жж. )

Жаңа патшалық ((б. э. д. 1580-1090 жж. )

Соңғы кезең (б. э. д 1090-332 жж. )

Күллі Египетті түгел қамтитын мемлекеттер бірден қалыптаса қойған жоқ. Алғашында қырыққа жуық патшалық болса, кейінірек біріккен екі мемлекет Солтүстік Египет пен Оңтүстік Египет мемлекеті пайда болды. Оңтүстік Египет елінің патшасы басына биік дулығаға ұқсайтын ақ тәжі киді. Солтүстік Египет патшасының тәжі қызыл түсті болды. әрі артқы жағы биіктеу жасалды. Шамамен б. э. д. 3000 ж. Оң Ег патшасы Сол Египет патшалығын біржолата бағындырып екі лді біріктірді. Сөйтіп, басына бірінің үстіне бірін қойғандай қосарлы тәжі киді. Египет әміршілері перғауындар (фараондар) деп аталды. Египет мемлекетінің алғашқы астанасы Мемфис қаласы болды. Онда елді перғауындар - ақсүйек шонжарлар, патшаның кеңесшілері, әскер басшылары басқарды. Египет дінің өзіндік ерекшелігі мол болды: олар күн, ай, жер және үй мен жабайы жануарларды (крокодил, арыстан, шибөрі, сиыр, мысық, сұңқар, жылан) құдайлар деп сенді. Сонымен қатар өнерде де дінге сенушілік байқалды. Мысалы, Лотос гүлі - мәңгілік пен өмір, жемістілік символы деп саналса, адам денесін бейнелеу шартты схемалы сипатқа ие болды. Бейнеленген адамның тұрысы және қимылы канонды және әлеуметті тұлғасы шартты тұрғыда бейнеленеді. Ежелгі Египет перғауындарының мүсіндерін бейнелеуде статикалық әрі мәнгілік сипатқа тән жасалды. Адам тұлғасының масштабы әлеуметтік шартты тұрғыда суреттеліп, қимыл-қозғалысы белгілі бір мағынаны білдірді.

Әсемдікке құштарлығы

Ежелгі Египет мүсіндері мен фрескаларының рельефіне қарай адамдардың көркемдікке ұмтылысы мен олардың киім үлгілерінің негізгі түрлерін байқаймыз.

Ранэфера статуясында ежелгі египеттердің әсемдікке құштарлығын бейнелеу тәсілінен байқауға болады: адам тұлғасы сұңғақ, жауырыны кең, белі мен мықыны жіңішке әрі бет әлпеті көрікті. Сонымен қатар қазіргі заманғы сұлулық ұғымындай әйел бейнесімен сұңғақ тұлғасымен, пропорциялық шешімімен әрі нәзік те келбетті, міндальді көз пішімімен ерекшеленеді. Мұндай бейнені біз Раннан мүсінінен көрінуімізге болады.

Киім түсі мен матасы

Египет тарихының мәліметтеріне қарағанда ол кенеп матаның шыққан жері болып саналады. Ніл өзені арнасында осы талшықта өсімдікті өсіру аса қолайлы болды.

Тоқыма өнерде Египет тоқымашылары өте жоғары шеберлікке қол жеткізді. 240 м жұқа жіп салмағы 1 гр-ға ғана ие болды. Тоқымашы өзінің аса сезімталдығымен осы мата талшығын көзімен емес, қолымен ұстап байқап, одан өт жұқа кенеп маталарын тоқыды. Сондықтан Египет кенеп матасы таза жібек матасынан кем түспеді. Осы кенеп матасының жұқалығы соншалықты оның 5 қабатының адам денесі айқын көрініп тұрады.

Әсіресе, патшалық тұсында тор секілді немесе жылтыр моншақтармен, кестемен зерленген маталар шығарыла бастады.

Мата бетіне негізінен геометриялық ою-өрнектер жиектеліп салынатын болды. Мата қызыл, көк, жасыл түсті табиғи материалдарымен боялды. Кейінірек сары, қоңыр, көкшілтім түстердің түрлі реңктеріне боялынды. Киім әзірлеуде кенеп, мақта, тері, үлпек секілді материалдар пайдаланылды.

Киімнің негізгі түрлері мен формасы

Ежелгі патшалық тұсында ер кісілер киім ретінде кенептен немесе теріден әзірленген алжапқышты (схенти) белдеріне байлады: оны Ранэфера мүсінінен байқауға болады. Схентидің бүйір тұсында майда қатпарлар түсірілген.

Бұл киім түрі перғауындар мен ақсүйектерді қарапайым халықтан ерекшелеп көрсетеді.

Әйелдер денесін орап тұратын, көкірек тұсынан тобыққа дейін жететін, иығында баумен бекітілген киім түрлерін пайдаланды.

Бұл киім үлгісі «калазирис» деп аталды. Киім пішімі барлығына бірдей болып, таптық ерекшеліктері тек киім матасының сапасына байланысты ажыратылады.

Орта патшалық тұсында египеттіктердің киім формасы күрделеніп, көлемі ұлғая түседі, бір киім үстінен бірнеше киім киюді дәстүрге айналдырды. Киім силулэті етегіне қарай кеңейе түседі де пирамида бейнесіне ұқсайды. Қатпарларды да көбірек пайдаланылатын болды.

Әйелдер киімі айтарлықтай өзгерген жоқ, олар тек тағыншақтарды көбірек қолданды. Киім композициясын дөңгелек пішімі сәнделген жұқа қондырмалы жаға (ол шыны моншақ тастармен әсемделген) толықтырды.

Жаңа патшалық тұсында тегі өз киімдерінде түрлі түсті маталар мен жұқа қымбат материалдарды, алтын және эмальды тағыншақтармен әшекейленген, қатпарлармен сәнделген киім үлгілерін пайдаланды. Қатпарлар киімнің жеке бөліктеріне бекітіліп тұрды. Бұл дәуірде киім тігу үшін шеберлер манекен пайдаланғанын байқауға болады. Тутанхамон перғауыны табыты ішінен табылған манекені соның дәлелі. Сирия елін жаулап алған соң египеттіктер киімінде өзгерістер ене бастады: екіге бүктелген матаның жоғарғы жағында мойын ойындысын ойып, бүйір тұсына қоса тігілген ерлер мен әйелдер калазисін қолданады. Оның үстінен бір немесе бірнеше қатпарлы юбка киді. Иығына жамылғы жамылды, қатпарлар киімге сымбат пен ырғақты айқын форма берді. Киім мықын тұсында шаршауланып, алдына қарай қайырылды. әскер басшылары ежелгі киім үлгілерін: схенти үшбұрышты әлжапқышпен бір иыққа салатын қыбалын терісін пайдаланды. Әскерлер әлжапқыш, көкіректеріне тері байлады. Қарапайым шаруалардың киімдерінде айтарлықтай өзгеріс болған жоқ.

Әшекей түрлірі, бас киімдері мен шаша пішімдері

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Египет Араб Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы қарым қатынастың даму тарихы (1992-2003 жылдар)
Египет пен Орталык Азия елдері ынтымақтастыгы: бүгіні мен болашағы
Өнер кереметі
Египет пирамидалары
Египеттің конституциялық құқығы
Мысыр
Әлемнің жеті кереметтері
Африканың тропикалық елдерінің экономикалық жағдайы
Египет халқы және қазіргі әлеуметтік экономикалық жағдайы
Сандар тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz