Ежелгі Египет тарихын дәуірлеу



Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
1-тақырып. Ежелгі Египет мемлекеті және құқығы

1. Ежелгі Египет

1.1. Ежелгі Египет мемлекеті
1.2. Ежелгі Египет тарихын дәуірлеу
1.3. Қоғамдық құрылысы

1. Ежелгі Египет мемлекеті – әлемдегі көне мемлекеттердің бірі. Ол
б.д.д. ІІІ мыңжылдықта Солтүстік Шығыс Африкада құрылды. Оның Ніл өзенінің
төменгі сағасына орналасуы суармалы егін шаруашылығын дамытуына қолайлы
жағдай жасады. Бұл б.д.д. ІV мыңжылдықтың бірінші жартысында-ақ әлеуметтік
жіктелуге және билеуші топтың бөлініп шығуына мүмкіндік берді.
Б.д.д. ІV мыңжылдықтың екінші жартысында Ежелгі Египетте бірінші
мемлекеттік құрылым – нома қалыптаса бастады. Ол суармалы егіншіліктің
дамуына абйланысты пайда болды: ауыл қауымдары егіншілік жұмыстарын
бірлесіп атқару үшін храмдардың айналысына топтасты. Біртұтас Египет
патшалығы құрылғанға дейін номдардың саны отыз болды. Олар бастапқыда екі
дербес мемлекетке – Жоғарғы (Оңтүстік) Египет және Төменгі Египетке
бірікті.
Б.д.д. ІV мыңжылдықтың соңында Жоғарғы Египет патшалары бүкіл
Египетті жаулап алып, өз билігіне қаратты.
2. Ежелгі Египеттің тарихы мынадай кезеңдерге бөлінеді:
Ертедегі патшалық кезеңі (б.д.д. 3100-2800 жж.);
Ежелгі патшалық кезеңі (б.д.д. 2800-2250 жж. шамасы);
Орта патшалық кезеңі (б.д.д. 2250-1700 жж. шамасы);
Жаңа патшалық кезеңі (б.д.д. 1575-1087 жж. шамасы).
Жаңа патшалық соңында Египет күйреуге ұшырады. Оны алдымен парсылар,
кейіннен римдіктер жаулап алып, Египетті Рим империясының құрамына қосты.
3. Ертедегі патшалық кезеңінде Египет патшалығы ежелгі тайпалық
одақты білдірді.
Халықтың басым бөлігін еркін шаруалар-қауымшылдар құрады. Қауымдар
қауымдық жер иелену негізінде жерді биледі. Мемлекеттік билік бүкіл жердің
иесі деп есептеліп, еркін қауымдар кірісінің бір бөлігін өз пайдасына алып
отырды.
Бұрын Египетте басқа елдерге қарағанда таптық құл иеленуші қоғам
қалыптасты. Бастапқы патшалық кезеңінің өзінде-ақ көптеген соғыстар жүргізу
нәтижесінде тұтқын құлдар пайда болды. Олар ірі шаруашылықтарға
пайдаланылды.
Ертедегі патшалық кезеңінде шаруашылық жоғары деңгейде дамыды.
Халықтың әлеуметтік және мүліктік жіктелуі нақты анықталды.
Мемлекет билігі перғауыннан бастап жекелеген адамдардың меншікті
шоғырлануымен бекітілді.
Ірі құл иеленуші қомақты жер иелігіне ие болды және қоғамда жоғары
билік иеленді. Сарайда және мемлекеттік басқаруда жоғары лауазымда отырды.
Шаруалар мемлекеттегі негізгі жұмыс күші болып қала берді. Ежелгі
патшалық кезеңінде құлдар нарығы болғанымен, құлдар әлі де болса аз еді.
Египет қоғамында жрецтер ерекше жағдайда болды. Олар үлкен құрметке
ие болды. Өйткені олар қабыр өмірі туралы ілімді білді, дәрігерлік өнерді
игерді, күрделі сәулет құрылыстарын салуды, жер учаскелерін есептеп бөлуді
білді. Жрецтер патша билігінің сүйеніші болды. Храм шаруашылығы салықтан
босатылды. Перғауын тек жоғары билеуші болған жоқ, сонымен бірге ол жрец те
болды. Кейіннен бұл функция бөліне бастады.
Орта ғасыр кезеңінің гүлдену дәуірі мынадай сипаттармен ерекшеленеді:
жеке шаруашылықтарда құл иелену едәуір өсіп, жер иеленушілердің
жағдайы өзгерді;
ауыл қауымдарының бөлінуі жүрді, ол ұсақ меншік иелері – неджестерді
қалыптастырды.
Неджестер тобы өз кезегінде, кедейлерге немесе кішкентайларға,
неджестерге (ұсақ шаруа) және күшті неджестерге бөлінді.
Жаңа патшалық кезеңінде құлдық дамуын жалғастырды. Оған көптеген
соғыстар әсер етті. Құл иеленуші қатынас қоғамға тереңдеп орнықты.
Құлдар еңбегі үй шаруашылығында ғана емес қолданылып қалған жоқ,
олардың кәсіби санатқа бөлінуі жүрді. Тас қалаушылар, тас тасушылар,
ұсталар, тігіншілер, құрылысшылар және т.б. осылардың арасынан шықты.
Шаруалардың басым бөлігі кедейленді. Жер өңдеушілерді еріксіз түрде
патша және храм жерлері үшін пайдаланды.
Абыздықты ардақ тұту жалғаса берді. Жоғары абыздардың байлығы еселеп
артты. Сөйтіп олар орталық билікке бағыныштылықтан босай бастады.

2. Ежелгі Египеттің мемлекеттік құрылысы

2.1. Ертедегі патшалық кезеңіндегі мемлекеттік құрылыстың негізгі
белгілері
2.2. Ежелгі патшалық кезеңіндегі мемлекеттік құрылыстың негізгі
белгілері
2.3. Орта патшалық кезеңіндегі мемлекеттік құрылыстың негізгі
белгілері
2.4. Жаңа патшалық кезеңіндегі мемлекеттік құрылыстың негізгі
белгілері
2.5. Әскер
2.6. Сот жүйесі
1. Ертедегі патшалық кезеңінде мемлекеттік аппарат қалыптаса бастады.
Осы кезеңде мемлекет басында патша болды, оны сарай қызметкерлерінен
құралған көптеген сарайлар қоршап тұрды. Патша билігінің мәні
құдайландырылды.
Ертедегі патшалық кезеңінде Ніл жазығындағы егіншілік ісін ұйымдастыру
жөніндегі жұмыстарға жоғарғы билік мемлекет қолында болды.
2. Ежелгі патшалықтың мемлекеттік құрылымының ерекшелігі басқарудың
орталықтандырылуынан тұрады.
Заң шығарушы, атқарушы және сот билігі перғауынның қолына шоғырланды.
Мемлекеттің барлық маңызды істері – суару шаралары, сот, тағайындау және
кешірім беру, әскери жорық, мемлекеттік құрылыс – соның жалпы басшылығымен
жүргізілді.
Перғауынның беделі патшаны құдайдай дәріптейтін діни идеологиямен
нығайтылды.
3. Ора патшалық кезеңінің басы номархтардың шексіз билігімен
сипатталады. Мемлекетті біріктіру және орталық билікті нығайту
перғауындардың номархтар билігін шектеуіне мүмкіндік берді. Осы
реформаларды жүргізуде патшаға сарай маңындағылар, белгілі әулеттер, әскер
сүйеніш болды.
4. Жаңа патшалық кезеңіндегі мемлекеттік құрылыстың негізгі белгісі
орталықтандырылған бюрократиялық басқару жүйесінің нығаюы болды. Ел екі
әкімшілік округқа бөлінді: Жоғарғы және Төменгі Египет. Олардың әрқайсысын
перғауынның арнайы адамы басқарды. Бірінші және жоғары қызметші уәзір
болды. Әкімшілік округтар облыстарға – номдарға бөлінді. Қалалар мен
бекіністерді перғауын тағайындайтын бастықтар басқарды.
Одан кейінгі маңызды қызметке бас қазынашы және бүкіл патшалық
қызметтерінің бастықтары саналды. Көптеген шенеуніктер бұйрықтар жазды, жер
өңдеушілер мен кәсіпкерлердің жұмысына бақылау жасады, кірістерді есептеді.

5. Ежелгі патшалықты тұрақты әскер болмады. Әскери операциялар жасау
кезінде әскер бейбіт кезеңде өз шаруаларымен айналысып жүрген еріктілерден
жасақталды. Кадрлық офицерлер болмады. Әскери отрядтарды перғауынның өзі
немесе ол тағайындаған адам басқарды.
Орта патшалық кезеңінде кадрлық офицерлік пайда болды. Египетте патша
гвардиясы мен патшаның жеке күзет қызметі қалыптаса бастады.
Жаңа патшалық кезеңінде көршілес аумақтар есебінен мемлекет шекарасын
кеңейту жүргізілді. Әскери іс-қимылдардың күшеюіне орай тұрақты әскер
құрылды. Ол жер өңдеушілерден, қала тұрғындарынан жасақталып, перғауынның
қаржыландыруында болды.
Офицерлер саны мен олардың беделі өсті. Скер сонымен бірге
жалдамалылар арқылы да толықтырылып отырды.
Полицейлер қызметін бастапқыда әскер, Жаңа патшалық кезеңінде – арнайы
полицей отрядтары атқарды. Олар каналдарды, астық қоймаларын, храмдарды,
астананы күзетті.
6. Ежелгі Египетте сот әкімшіліктен бөлінбеді.
Ежелгі патшалықта жергілікті сот ретінде қауымдық өзін өзі басқару
органдары әрекет етті. Олардың құзыретіне жер, су, отбасы және мұрагерлік
қатынастар туралы даулар жатты.
Патша судьялары номдарда номархтар болды. Олардың қызметіне жоғарғы
қадағалау функциясын перғауынның өзі немесе уәзір атқарды. Олар кез келген
судьяның шешімін қайта қарай алды.
Египетте түрмелер қылмыскерлерді әкімшілік және шаруашылық тұрғыдан
жазалау орындарын білдірді. Арнайы патша бюросы құқық бұзған адамдарды ауыр
мәжбүрлі жұмыстарға жегуге бөлумен айналысты.

3. Ежелгі Египеттегі құқық
3.1. Құқық бастаулары
3.2. Меншік
3.3. Міндеттемелер түрлері
3.4. Неке-отбасы қатынастары
3.5. Қылмыстық құқық және процесс

1. Ежелгі Египетте құқық бастаулары:
бастапқыда - әдет;
мемлекеттің дамуына орай – перғауындардың заң шығару қызметі;
2. Египетте жер иеленудің мынадай нысандары болды:
мемлекеттік;
храмдық;
жеке;
қауымдық.
Ең ірі жер иеленушілер храм шаруашылықтары мен патша вельможалары
болды. Олар жермен әртүрлі мәмілелер жасай алды: сату, сыйлау, мұраға беру.
Ауылдарда жеке меншік баяу жүрді. Өйткені қауым тежеуші фактор болды.
Жылжымалы мүлік (құлдар, малдар, құрал-саймандар) жеке және басқа
меншікте болып, әртүрлі мәмілелер мәні бола алды.
3. Ежелгі Египет құқығындағы белгілі болған шарттардың түрлері:
заем шарты;
жалдау шарты;
сатып алу-сату шарты;
жер жалдау шарты;
поклажа шарты;
серіктестік шарты.
Египетте жердің айрықша құндылығына байланысты оның қолдан-қолға
өтуінің ерекше тәртібі жасалды. Мұнда үш түрлі әрекет жасмау көзделді:
біріншісі – сатушы мен сатып алушы арасында шарттың мәні мен төлем
туралы келісімге келу;
екіншісі – сатушы шартты құдай алдында шартты растаушы ант берді;
үшіншісі – сатып алушыны иелікке кіргізу, бұл жерге меншік құқығының
өтуіне әкелді.
4. Египетте неке ер мен әйелдің арасындағы шарт негізінде жасалды.
Әйелдің жасау ретінде әкелген мүлкі әйелдің меншігі болып қала берді. Бұл
да шартта анықталды. Ажырасау екі жағынан да еркін түрде жүзеге асты.
Египетте матриархат ұзақ уақыт болды. Ақыт өте келе отбасының басшысы
ері болды. Әйелдің отбасындағы теңдігі біртіндеп жоғала бастады.
Египет құқығы мұрагерлікке заң жүзінде де, өсиет бойынша да рұқсат
етті. Заң бойынша мұрагер қосжыныстың да артындағы балалары саналды.
Өсиетті ері де, әйелі де жасай алды.
5. Египет құқығы мынадай топтағы әрекеттерді қылмыс деп таныды:
мемлекеттік және қоғамдық құрылысқа араласу – сату, жасырын келісім,
бүлік, мемлекеттік құпияны жариялау. Бұл қылмыстар аса ауыр қылмыстар деп
саналды. Бұған бүкіл отбасы мүшелері бірге жауап берді.
діни сипаттағы қылмыс – қасиетті жануарларды өлтіру, көзбояушылық;
адамға қатысты қылмыс – кісі өлтіру, мүшеге зақым келтіру;
мүліктік қылмыстар – ұрлық, дұрыс өлшемеу, дұрыс таразыламау;
ары мен насына қатысты қылмыс – зорлау, балағаттау.
Жазалау мақсаты үрейлендіру болды. Өлім жазасы кең таралды. Сонымен
бірге, мүшені кесіп тастау, дүре соғу, абақтыға жабу, құлдыққа беру,
ақшалай айыппұл салу секілді жазалау түрлері де жиі қолданылды.
Процесс қылмыстық іс бойынша да, азаматтық іс бойынша да бірдей
жүргізілді. Іс зардап шегуші тараптың мәлімдемесімен басталды. Дәлелдеу
құралы ретінде куәлар көрсету, ант пайдаланылды.
Тергеу кезінде қорқыту жиі қолданылды. Іс қағаздары жазбаша
жүргізілді.

2-тақырып. Қосөзен аралығында мемлекет пен құқықтың пайда болуы мен
дамуы

1. Месопотамия ежелгі мемлекеттері
1.1. Ежелгі Шумер
1.2. Ежелгі Вавилон
1. Азиялық Қосөзен аралығында, Тигр мен Евфрат өзендері аралығында
біріалғашқы мемлекет б.д.д. ІІІ мыңжылдықта пайда болды. Осы шағын қала-
мемелкеттердің қоғамдық және мемлекеттік құрылымында рулық ұйым белгілері
ұзақ сақталды.
Шумер мемлекеті шумерлер халқының атын иемденді. Ол Қос өзен
аралығындағы өркениеттің негізін салған ел болатын. Біртіндеп мемекеттің
барлық аумағын аккадтар жаулап алып, Шумер-Аккад патшалығын құрды.
2. Б.д.д. 2000 жылдар шамасында Қосөзенді көшпелі-аморейлер жаулап
алып, сол жерге қоныстанды. Көшпелілердің тірек пункттерінің бірі Вавилон
болды. Вавилонның өрлеуі Хаммурапи (б.д.д. 1792-1750 жж.) патша тұсындағы
ыңғайлы орналасу болды.
Б.д.д. IV-VI ғғ. Вавилон жаңа өрлеу кезеңіне енді. Жаңа Вавилон
патшалығы кезеңі басталды. Вавилон патшалығы қуатты державаға айналды.
Навуходоносор ІІ қайтыс болғаннан кейін Вавилонды парсы патшасы Кир жаулап
алды. Қоғамда құл иеленуші қатынас дамыды. Ірі жер иелену өрістеді. Храмдар
салынды, қорғаныс және суару құрылыстары жүргізілді.

2. Ежелгі Шумер сипаттамасы
2.1. Ежелгі Шумердің қоғамдық құрылысы
2.2. Ежелгі Ш умердің мемлекеттік құрылымы
1. Ежелгі Шумердің қоғамдық құрылымының ерекшелігі рулық ұйымдастыру
қалдықтарының сақталуы болды.
Аумақтық қауымдардың сақталының себебі ауыл шаруашылығын ұйымдасқан
түрде өңдеу принципіне байланысты болды. Ауыл шаруашылығын басқару орталығы
храм болды. Бастапқыда олардың өз жерлері болды. Әрбір ауыл өз храмына жер
участогін берді. Оны шаруалар өңдеп, жиналған өнімді храмға берді.
Біртіндеп храмдар осы жерлерде шаруашылықты дербес жүргізе бастады. Жердің
бір бөлігі жалға берілді.
Шумер қоғамының жоғарғы тобы жрецтер болды. Олар Шумер өмірінде
айрықша маңызға ие болды.
Рулық қауымшылдар халықтың жартысынан астамын құрады.
Жері жоқ шаруалардың жалдамалы еңбегі храм жерлерінде кеңінен
пайдаланылды.
Шумерде құлдар негізінен тұтқынға түскен немесе сатып алынған жат
жерліктер болды. Құлдарды храмдар да, жеке адамдар да иелене алды.
2. Ежелгі Шумердің мемлекеттік құрылымының ерекшеліктері болды. Шумер
аумағында бір мемлекетке қарамайтын бірнеше ондаған дербес қалалар мен
облыстар болды. Олардың барынша әйгілілері: Эрид, Ур, Лагаш, Урук, Киш.
Қала мен облыстың басшысы бас қалалық храмның жреці болды. Ол энси
деген мансапқа ие болды. Билеушінің билігі қала шегінен асып кетсе, онда
билеушіге лугал деген мансап берілді.
Билеушінің негізгі функциясы қоғамдық құрылысқа, суармалы егістікке
және храм шаруашылығына басшылық жасаудан тұрды.
Билеушінің билігін шектейтін органдарға ақсақалдар кеңесі мен халық
жиналысы болды. Олар билеушіні сайлады, оған ұсыныстар берді, оның
қызметіне жалпы бақылау жасады, сот жұмысын жүргізіп, қауым мүлкіне
басшылық жасады.

3. Вавилон мемлекетінің қоғамдық құрылысы
3.1. Вавилондағы құлдық
3.2. Вавилондағы еркін халық

1. Ежелгі Вавилонда төменгі қоғамдық тап құлдар – вардум болды. Оларға
әскери тұтқындар, сондай-ақ құлға айналғандар мен бас еркі жоқтар жатты.
Құлдар:
патшалық;
храмдық;
жеке иеліктегі құлдар бөлінді.
Құлдарды ажырату үшін оларға шыжғырып таңба басты. Құлдар қожайынның
иелігіндегі мүлік секілді қаралды. Оларды сатуға, кепілге беруге т.б.
рұқсат етілді.
Құлдардың меншік құқығы болмады.
2. Вавилонның еркін халқы:
толық құқылы (вилум);
толық құқығы жоқтарға (мушкен) бөлінді.
Халықтың негізгі бөлігін тощық құқығы бар азаматтар (авилум) құрады.
Жекелеген ауқатты қауымшылдар барынша дербес бола бастады.
Халықтың ендігі бір бөлігін жаулап алынған қалалар мен облыстардың
тұрғындары құрады.
Таптық бөлініспен бірге кәсіптік жіктелу де жүрді:
бірінші орында сарай маңындағы қызметшілер – патша оққағарлары мен
жоғары жрецтер;
одан кейін редум, баирум, лубуттум секілді әскери қызметшілер
болды;
храм қызметкерлері маңызды орын иеленді;
шенеуніктер қоғамда жоғары мәртебеге ие болды;
кәсіптік-қызметік сатының төменгі жағында ірі көпестер, кәсіпкерлер,
дәрігерлер, т.б. тұрды.

4. Вавилонияның мемлекеттік құрылысы
4.1. Мемлекеттік құрылысы
4.2. Сот құрылымы
4.3. Әскері
1. Мемлекеттік құрылымы бойынша Ежелгі вавилон патшалығы
орталықтандырылған мемлекет болды. Заң шығарушы, атқарушы және сот билігі
патшаның қолында болды. Мемлекет басшысы қорғаушы құдайдың мұрагері және
қызметшісі деп есептелді.
Вавилонда ерекше артықшылыққа ие болған үш қала болды: Ниппур, Сиппар
және Вавилон.
2. Вавилон қоғамында Хамурапи билігіне дейін сот төрелігін храм мен
қауымдық сот атқарды. Сот органы ретінде храм кеңесі, қауым жиналысы әрекет
етті.
Патша билігінің күшеюі қауымдар мен храмның сот билігін шектеді.
Хаммурапи кезінде ірі қалаларда патшалық соттар енгізілді. Патша жоғарғы
сот инстанциясы болып саналды. Ол өлім жазасына кесілгендерге қайырымдылық
жасау құқығына ие болды.
3. Вавилонда тұрақты әскер болды.
Ірі әскери жорықтар кезінде қауымдық ерікті әскерлер құрылды.
Хаммурапи кезінде тұрақты әскерді қауымдық жер иеленуден адырату жүрді.
Жауынгер патша жерінен үлес алды. Ол оның өзі мен отбасын қамтамасыз етті.
Әскерде тәртіп пен жауынгерлік рухты сақтап отыру үшін хаммурапи
заңдарында патшаның жорыққа шығу туралы збұйрығына мойынсұнбағандарды қатаң
жазалау көзделді.

5. Хаммурапи заңдары
5.1. Жалпы ұғымдар
5.2. Меншік
5.3. Міндеттемелер түрлері
5.4. Неке-отбасылық қатынастар
5.5. Қылмыс пен жазалау түрлері
5.6. Процесс
1. Хаммурапи патша билігі кезеңіне жататын Вавилон заңдарының бірінші
кодификациясы бізге жетпеді. Бізге белгілі Хаммурапи заңдары осы билік
кезеңінің соңында жасалған.
Жинақтың әтіні үш бөліктен тұрады:
кіріспе. Мұнда Хаммурапи, күштінің әлсізге қысым көрсетпеуі үшін
билікті өзіне құдай бергенін мәлімдеген;
заңдардың 282 бабы;
кең қорытынды.
Жинақты жасау кезінде бастаулар ретінде:
әдет құқығы;
шумер сот тәжірибелері;
жаңа заңдар алынған.
2. Хаммурапи патша кезінде жерге жеке меншік барынша жақсы дамыған.
Вавилонда жер меншігінің мынадай түрлері болды:
патшалық;
храмдық;
қауымдық;
жеке.
Патшалық және храмдық шаруашылықты патшаның өзі басқарды.
3. Хаммурапи заңдарында мынадай шарттар белгілі:
жалдау;
мүліктік жалдау;
жеке жалдау;
заем;
сатып алу-сату;
сақтау;
серіктестік;
айырбас;
кепілдік.
Жер қатынастарында сол тұста жерді жалдау үлкен рольге ие болды.
Өйткені Хаммурапи заңдарында жерді, юақшаны, тың жерді жалдауға арналған
баптар мол болды.
4. Неке болашақ күйеу мен қалыңдық әкесінің арасындағы жазбаша шарт
негізінде жасалды.
Отбасының басшысы күйеу деп есептелді. Тұрмыстағы әйел бірқатар
құқыққа ие болды: өзінің мүлкі болды, өзіне берілген жасауға, ажырасуға,
күйеуінен кейін балаларына мұраға қалдыруға құқығы болды. Алайда әйелдің
құқығы шектеулі еді: ол бедеу болса, күйеуіне басқа әйел алуға мүмкіндік
берілді.
Заң бойынша мұраға қалдыру тәсілі көп қолданылды. Мұрагер ретінде:
балалар;
асырап алынған балалар;
немере;
қожайынның күңінен туған бала саналды.
5. Кодификация бойынша қылмыстың үш түрін бөліп алуға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ежелгі Египет мемлекеті және құқығы
Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарындағы әдебиет туралы айтыстар. ҚазАПП тұсындағы тұрпайы социологиялық сындар. Соғысқа дейінгі әдеби мұраны игеру мәселесі
Қазақ жазба әдебиетін дәуірлеу мәселесі
Т.Жомартбаевтың публицистикалық шығармалары. Уәйіс Шондыбайұлы шығармашылығының зерттелуі. Қайым Мұхамедханұлының Абайтануға қосқан үлесі
Ғылым тарихы мен философиясының қалыптасуы және зерттеу обьектілері сипаттаңыз
Қазақ әдебиеті тарихын дәуірлеудің ғылыми негіздері
Алаш әдебиеттануын совет кезінде дамытқан ғалым
Ежелгі түркі әдебиеті
Ежелгі Қытай еліндегі саяси ойларды қарастыру
Б.КЕНЖЕБАЕВ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТАРИХЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Пәндер