Ежелгі және орта ғасырдағы саяси және құқықтық ілімдер тарихы



Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
2.1 Ежелгі және орта ғасырдағы саяси және құқықтық ілімдер тарихы

Глоссарий (анықтама, сөздік)
Саяси-құқықтық ілімдер тарихының пәні – заң ғылымы жүйесіндегі жеке
тарихи-теоретикалық пән болып табылады. Пәннің зерттеу нысаны мемлекет,
құқық, саясат және заң шығару туралы ілімнің пайда болуы мен дамуы.
Әділдік- бұл адамдардың өз ісімен айналысып, басқа біреудің ісіне араласпау
(Платон).
Заң – табиғат күші, заң ақылды адамның ақылы мен санасы, заң -әділеттілік
пен әділетсіздіктің өлшемі (Цицерон).
Мемлекет – халық ісі. (Цицерон)
Мемлекеттің мақсаты – жалпы игіліктер, саналы өмір мен тұрмыс үшін қажетті
жағжай жасау (Ф.Аквинский)

Тақырып 1. Саяси және құқықтық ілімдер тарихы пәні және кезеңдері
Мақсаты: СҚІТ пәні түсінігі және кезеңдерін анықтау, оның заң ғылымдары мен
тарихи ғылымдар жүйесіндегі алатын орны мен маңызын түсіну
Жоспар:
1. Саяси-құқықтық ілімдер тарихы пәні.
2. Саяси-құқықтық ілімдер тарихы курсының кезеңдері
3. Діни-мифологиялық көзқарастар және Ежелгі Шығыстағы саяси-құқықтық
ойлар.

Саяси-құқықтық ілімдер тарихында адамзаттың өткен заманнан бүгінгі
күнге дейінгі саяси-құқықтық ілімі мен тәжірибесі жинақталған,
мемлекет,саясат, заң жүргізу, құқық, бостандық мәселелерінің негізгі
қағидалары және ілімдері анықталған.
Саяси-құқықтық ілімдер тарихының пәні – заң ғылымы жүйесіндегі жеке
тарихи-теоретикалық пән болып табылады. Пәннің зерттеу нысаны мемлекет,
құқық, саясат және заң шығару туралы ілімнің пайда болуы мен дамуы.
Мемлекет пен құқықтың сан ғасырлы тарихында көптеген саяси-құқықтық
ілімдер қалыптасқан.
Әртүрлі ойшылдар өздерінің концепцияларын және оларды халыққа
жеткізудің көптеген жолдарын қалыптастырды (теретикалық трактат,
философиялық шығарма, конституция жобасы және т.б.).
Теоретикалық деңгейде саяси-құқықтық ілімдердің даму заңдылықтарына
сол кезеңдегі әртүрлі саяси-құқықтық проблемалар, саяси және идеологиялық
күрестер ықпалын тигізді.
1.2 Саяси және құқықтық ілімдер тарихы пәнінің кезеңдері
Саяси-құқықтық ілімдердің негізгі кезеңдері:
1. Ежелгі замандағы саяси-құқықтық ілімдер тарихы (алғашқы мифтік
көзқарастардың пайда болуынан, б.з.д. 3 мың жылдықтан – б.з.V ғасырға
дейін).
2. Орта ғасырлар мен қайта өрлеу дәуіріндегі саяси-құқықтық ілімдер тарихы
(V-XVII ғғ.).
3. Буржуазиялық революциялар кезеңіндегі саяси және құқықтық ілімдер тарихы
(XVIII-XIX I жартысы).
4. XIX II жартысы – қазіргі уақыт.

1.3 Діни-мифологиялық көзқарастар
Алғашқы саяси-құқықтық ілімдер Египетте, Үндістанда, Қытайда пайда
болды. Саяси ойлар Ежелгі Шығста ұзақ уақыт бойы діни-мифологиялық
көзқарастар негізінде дамыды. Айтылған ойлар мен көзқарастар белгілі бір
күшке құдайға келіп тірелді және олар міндетті құқықтық нормалар ретінде
қабылданды.
Мифология – ежелгі адамдардың өзін қоршаған әлемге, дүниеге қатынасы.
Өндіріс қатынастары мен өндіргіш күштердің жетілмегендігінен әлемді, оның
заңдылықтарын түсіну қиянға соқты. Сондықтан да ежелгі дүние адамдары
әлемгі екіге бөліп қарастырды: 1) Өздері өмір сүріп отырған әлем; 2)
Олардан тыс жатқан дүние.
Мифтік көзқарастарда табиғаттан тыс адамның еркі мен әрекетінен жоғары
тұратын күш туралы айтылады. Осыған байланысты ерте таптық қоғамның саяси
санасындағы негізгі орынды құдайылық сипаттаға қоғамдық тәртіптер иеленді.

Қоғамдық және мемлекеттік құрылыс, ел билеу мәселесі, адамдардың өзара
қарым-қатынасы, олардың міндеттері мен құқықтары құдай ісі деп саналды.
Патша, абыздар, соттар және т.б. билік өкілдері құдайдық ұрпағы немесе
қызметшілері деп есептелініп , олар көптеген Қасиетті артықшылықтарды
иеленді.
Мысалы, Қытайды - аспан астындағы билеуші туралы айтылады, Египетте -
күн құдайның ұлы, Хамурапи өзін жерде әділдік орнату үшін Шаман құдайы
жіберген билеуші ретінде жариялайды, Зорастризм бойынша Мемлекет Ормузданың
жердегі билігі болып саналады. Мемлекет билеушісі монарх – Ормузданың
әмірін орындаушы қызметкері.
Саяси көзқарастар жалпыдүниетанымдық, моральдық түсініктермен тығыз
байланысты болды.
Көне құқықтық тыйымдар, бір уақытта жалпыдүниетанымдық қағидалар
(бүкіл әлем заңы), діни уағыз және мораль ержелері болып табылды. Мұндай
көзқарастар Хамураппи заңдарында, құқықтық жазба – ташуда және үнділердің
діни кітаптарында кездеседі.
Тән сипаттар:
1. Ежелгі Шығыстағы саяси-құқықтық ілімдер өте көне, алғашқы ілім
болып табылды. Олардың негізгі мазмұнын басқару өнеріне,
билікті және әділсотты жүзеге асыру механизміне қатысты
мәселелер құрады. Көптеген ілімдерде мемлекеттік билікті патша
билігімен байланыстырады.
2. Ежелгі Шығыстың саяси ілімі моральмен тығыз байланыста болып –
этика-саяси доктринаны құрады. Көптеген шығыстық ілімдерде
қоғам мен мемлекеттегі өзгерістер мен қайта құрулар адамның
моральдық тұлғасының өзгеруінен деп түсіндірілді.
3. Саяси-құқықтық ілімдерде діни-мифологиялық көзқарастар
сақталып қана қоймай, ақыры ары қарай дамыды. Мысалы, Қытайда
Аспан астындағы билеушінің болғандығы туралы айтылады. Египет
– Ма-ат, Үндістанда – рта, Қытайда дао, гректерде дике
ұғымдары өмір сүрді. Бұл ұғымдар шындық пен мінез-құлық – Ка
принципіне сәйкес болу керек.
Ежелгі Египеттегі Птахотеп өсиеті (б.з.д. XVIII ғ.) Өлілер кітабы
(б.з.д. XXV-XXIV ғ.ғ.) Осирис құдайына есе беру.
Ежелгі Вавилонда Хамураппи (б.з.д. 1792 – 1750 жж) Шаман құдайы
жіберді.
Парсыларда - зорастризм. Діни-этникалық ағымның негізін қалаушы
б.з.д. VIII ғ. өмір сүрген Заратустра болып саналады.
Қайырымдылық – Ормузда құдайы, жауыздық пен жамандықты жасаушы қараңғы
дүние патшасы – Ариман құдай деп көрсетіледі. Зорастризм бойынша мемлекет
аспан құдайы Ормузданың жердегі билігі болып саналады. Мемлекет билеушісі
– Монарх – Ормузданың әмірін орындаушы қызметкері.
Мемлекет билеушісі перғауын – құдайлар патшасы күн құдайының ұлы.
Қоғамның ерте даму сатысында саяси-құқықтық ойдың ғылымға негізделе
қоймағын кезінде сана бүкіл әлемге мифтік тұрғыда қалыптасты. Айтылған
ойлар мен көзқарастар белгілі бір күшке құдайға келіп тірелді және олар
міндетті құқықтық нормалар ретінде қабылданды. Ежелгі Шығыстың саяси-
қоғамдық және әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктеріне қарай құқық саласында
өзіндік ерекшеліктер болды. Оған жеке меншік құқығының әлсіз дамуы,
патриархтық отбасының сақталуы, қылмысқа ру, қауым болып жауап беру,
жазалаудың қатаң принципі.
Саяси-құқықтық ойлар мифтік тұрғыдан болса да алғаш рет Ежелгі Шығыста
қалыптасты. Саяси-құқықтық ойлар діни сипатта қалыптасқанымен онда таптық
мүддені қорғайтын белгілер басым болды және заңдар қаталдығымен әйгіленді.
Ежелгі Шығыстың әлеуметтік-саяси теориялары діни догмалардан,
моральдық танымдардан және сяасат пен құқық туралы алғашқы ілімдерден
тұратын күрделі идеологиялық құрылым.
Бұл элементтердің ара қатынасы әртүрлі ілімдерде әрқилы өрбіді.
Діни догмалары басым ілімдерді билеуші тап ойшылдары шығарды
(фараонның жеке басына табыну).
Бұл ілімдер әлеуметтік теңсіздікті қанаушы таптың билігінің көрінісі
болды, яғни таптық мүддені қорғайтын белгілер басым болды, қоғамның
негізін құдайлар қалады, сондықтан билікке қарсы қандайда бір әрекет
құдайға қарсы тұру деп саналды.
Билеуші идеологияға қарсы қаналушылардың көзқарастары қалыптасты. Олар
ресми діни догмаларды сынға алып, жаңа сенім мен дін іздеді. Олардың
идеялары саяси теорияның дамуына зор әсерін тигізді.
Ежелгі Шығыстың саяси-қоғамдық және әлеуметтік-экономикалық даму
ерекшеліктеріне қарай құқық саласында өзіндік ерекшеліктері болды. Оған
жеке меншік құқығының әлсіз дамуы, патриархалдық отбасының сақталуы,
қылмысқа қауым болып жауап беру, жазалаудың қатаң принципін тады және
заңдар қаталдығымен ерекшеленді.
Экономикалық артта қалушылықтың жаулап алушылық соғыстардың салдарынан
Ежелгі Шығыс мемлекетінің көбі тәуелсіздіктерін жоғалтып біржола құлады. Ол
мемлекеттерде пайда болған саяси-құқықтық ілімдер дамуын тоқтатты. Тек қана
Қытай мен Үндістанда өз жалғасын тапты.
Бақылау сұрақтары:
1. СҚІТ пәні түсінігі және кезеңдерін атаңыз?
2. Мифологиялық көзқарастардың ерекшелігін көрсетіңіздер?
Әдебиеттер (пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу бөліміндегі, оқу
әдістемелік әдебиетке сілтеме)
Қараңыз.Оқу-әдістемелік әдебиеттер тізімі

Тақырып 2. Ежелгі Грециядағы саяси- құқықтық ілімдер
Мақсаты: Еж. Грециядағы саяси және құқықтық ілімдердің мәнін ашу
Жоспар:
1. Ежелгі Греция ілімдерінің жалпы сипаттамасы.
2. Платон ілімі.
3. Аристотельдің мемлекет және құқық туралы ілімдері.

2.1 Ежелгі Грецияда саяси және құқықтық ойлардың дамуы
Б.з.д 1 мыңжылдықтың ортасында Грецияда құл иеленушілік құрлыс
толығымен қалыптасады. Ежелгі Грецияның әлеуметтік- саяси құрлысы тәуелсіз
полистер жүйесі түрінде болды.
Гректердің саудамен қарқынды айналысуы олардың дүниетанымдылығын
кеңейтті, техникалық дағдыны жетілдіру, азаматтардың полис ісіне белсенді
араласуының нәтижесінде мифологиялық көзқарас дағдарысқа түсіп, әлемде
болып жатқан құбылыстарды түсінудің жаңа тәсілдері пайда болды. Осының
негізінде Ежелгі Грецияда дүниетанымның ерекше теоретикалық формасы ретінде
философия дамыды. Жалпы философиялық ілім шеңберінде саяси- құқықтық
концепция жасалады. Ежелгі Грециядағы құқықтық ойлар заңдарды салыстыра
оқуға негізделді.
Құл иеленуші қоғамда жеке тұлғаның моральдық бекітілуі
антикалық саяси- құқытық концепцияның мазмұнына ықпал етті. Жеке адамның
бостандығы идеясына сүйене отырып демократия өкілдері азаматтардың теңдігі
және заң мен құқытың пайда болуының шарттық теориясын жасап шығарды.
Б.з.д 3 ғасырдан бастап Грек мемлекеті тәуелсіздігін
жоғалтады. Еркін тұлғалар арасында діни ізденіс басталады. Осы кездегі
саясаткерлердің теоретикалық зерттеулері нравоучениемен алмастырылады.

2.2 Платонның саяси және құқықтық көзқарастары
Платон ( б.з.д 427- 347 ж.ж) обьективті идеализм философиясының
көшбасшысы. Оның көзқарасы Сократтың ықпалымен қалыптасты.
Саяси- құқықтық тақырыпқа Мемлекет және Заң еңбектерін
арнады.
Платон Мемлекет еңбегінде мінсіз мемлекет құрылысты
адамзаттың жан дүниесінің аналогиясы ретінде қарастырады. Адамның жан
дүниесінде үш бастау бар, сол сияқты мемлекете үш сословие болуы керек (
философтар, әскерилер мен қолөнершіліер). Қоғамның таптарға бөлінуі
мемлекеттің беріктілігнің негізі. Төменгі таптан жоғарғы тапқа өз еркімен
өту қылмыс болып саналады. Әділдік- бұл адамдардың өз ісімен айналысып,
басқа біреудің ісіне араласпау. Яғни Платон туғаннан бастап адамдардың
жоғарғы және төменгі тпақа бөлінуін, қоғамдағы теңсіздікті жақтады.
Платонның бойынша мемлекет басында өмірлік игілікке қатысы бар және аспан
әлемі ойларын жердегі өмірмен байланыстыра алатын адам түруы керек. Билікті
ұйымдастыру жобасында Платон демократиялқ рух принципін алмастырады. Осы
идеяға негізделе отырып Платон философ билеушіге рухани элита сапасын
береді.
Мемлекет еңбегінде тәрбие мен азаматтардың өмір сүру оьразына
көп көңіл бөлді. Жоғарғы екі тап, бірігіп мемлекет күзетшісі класын
құрайды. Оларды біріктіру үшін мүлік, тұрмыстық заттар ортақ болуы керек.
Тұтынушылық өнімдермен натуралды өнім түрінде үш тап қамтамасыз етіп
отырды. Үшінші тап азаматтары жеке меншік, ақша иесіне саудаға сатуға
құқылы болды. Жер иеленушілер мен қолөнершілердің өндірістік әрекеттері бір
қалыпты деңгейде болуы керек. Байлардың күзетшілерден жоғары түру
мүмкіндіктерін жойып отырды.
Платон идеалды мемлекеттік құрылыстың обпазы ретінде
аристократиялық Спартаны ұсынады, яғни әскери үлгісі ретінде билеуші
таптардың ұйымы, қауымдық меншіктің қалдығы, топтық неке- патриархалды
қатынас сақталған мемлекет. Платон мемлекеттік формалардың ауысу схемасын
жасады- тимократия- олигархия- демократия- тирание. Мемлекет формаларының
ауысу себебін адамзаттық өзгеруімен түсіндірді. Қоғамдағы қиын жағдайдан
шығу үшін бастапқы формаға қайта өту керек және ақылдылар билеу қажет.
Заң бұл Платонның соңғы шығармасы. Заң шығармасының мемлекет
шығармасынан айырмашылығы:
1) Философтар мен әскерлердің ұжымдық меншігінен бас тартып, азаматтар
үшін мүлікті қолдау тәртібін қалыптастырады. Жер мемлекет меншігі.
Әрбір адамзат жер үлесі мен үй ала алады. Жеке меншіктік мүлік
иеленуге шек қойылмвйды, бірақ олардың мөлшері шектеледі.
2) Азаматтарды тапқа бөлу мүліктік ценза дәстүрімен алмастырылады. Байып
немесе кедейлене отырып, олар басқа класқа өте алады. Баолық таптар
билеуші табын құрайды.
3) Жер өндеудің өндірістік қажеттіліктері құлдар еңбегімен қамтамасыз
етеді.
4) Мемлекеттік билікті ұйымдастыру және заң туралы жазады.
Мінсіз мемлекет құрлыс деп демократия мен, монархияның араласқан
бастауы бар мемлекетті айтады. Мұндай бастауға арифметикалық теңдіктің
демократиялық қағидасы (көп дауыс бойынша саулау) және геометрикалық
бастауы халық жинала\ысында көрініс табады. Демократиялық және монархиялық
қағидаларының үйлесуі негізінде 37 билеушілердің майлау коллегиясы және 360
мүшеден тұратын Кеңес құрылады. Мемлекеттік органда иерархиясын 10 мүшеден
тұратын түнгі жиналыс аяқтайды. Оларға мемлекеттегі ждоғарғы билік
беріледі.
Барлық сайланбалы мемлекеттік органдар және билеушілер заңға сәйкес
әрекет етуге міндетті. Қоғам өмірінде жазылған заң нормаларынмен реттеу
керектігімен келісе отырып, Платон жазылған заңдарды діни моральдардан
жоғары қоя алмайды.

2.3 Аристотельдің саяси-құқықтық ілімдері
Полистік жериеленуші ақсұйектер идеологиясын жалғастырушы ұлы ежелгі
грек философы Аристотель болды. Өздерінің саси-құқықтық ойларын Аристотель
Саясат, Никомах этикасы трактаттарында жазды. Оларға Афинаның
мемлекеттік құрылысының дамуына араналған Афина политиясы шығармасы
кіредеі. Аристотель идеалистік метофизика жүйесін құруға ұмтылды.
Оның көзқарасы бойынша әрбәр зат материя мен формадан тұрады.
Мысалы, мыс шарда мыс материя болып табылады, шардың формасы оны басқа
заттардан ажыратуға мүмкіндік береді. Форма - заттың мәні, оның жеке зат
болып өмір сүруінің негізі, оның мақсатты тағайындалуы. Материя әрекетсіз
және форманың арқасында аяқталған түрді иеленеді. Табиғат заңдылықтарын
зерттей отырып Аристотельде теологиямен әлемнің құрылуының тұтастығы туралы
ілім алмасады.
Табиғатта алдын-ала қалыптасқан мақсаттар туралы ереже Аристотельдің
саяси-құқықтық теориясының әдістемелік негізін құрайды. Мемлекет, жеке
меншік, құлдық және басқа да әлеуметтік құбылыстар табиғаттан пайда болған
табиғи құбылысы ретінде қарастырылады.
Мемлекет Аристотель бойынша адамдардың қарым-қатынасқа табиғи
тартылулары нәтижесінде құрылады. Қарым-қатынастың алғашқы түрі ол отбасы;
бірнеше отбасынан ауыл немес ру құралады; соңында бірнеше ауылдан адамзат
жатаханасының ең жоғарғы формасы – мемлекет құрылады. Мемлекетте адамдарда
біріккен өмірге деген бастапқыда қалыптасқан қызығушылықтары толық жүзеге
асады. Аристотельдің қанатты сөздерінде Адам табиғатынан саяси жанды
дене.
Тұқым және әке билігін жалғастыруға негізделген мемлекет адамдар
арасындағы моральдық қарым-қатынас негізінде құрылады. Саяси ынтымақтастық
азаматтардың қайырымдылыққа қатысты бір ойлылықтары пайда болғанда ғана
өмір сүреді.
Әртүрлі жатақхана түрлері туралы өз ойларын қортыта келе, Аристотель
мемлекетке төмендегідей анықтама береді: мемлекет жақсы өмір сүруге
ұмтылушы адамдардың қарым-қатынасы. Бұл анықтамадағы азаматтар тек қана
грек полисінің ерікті азаматтары. Рухани жағынан дамымаған варварлар
мемлекеттік өмірге өабілетсіз, олардың улесі – гректерде құл болу.
Варварлар мен құлдар табиғатынан біріккен түсінік. Арситотель осылай
құлиеленушілердің мүдделерін ашық қорғады. Мемлекет құлиеленушілік қоғам
істерін бірігіп басқарушы ерікті азаматтардың ұйымы.
Жеке меншік ол отбасының элементі. Аристотель Платон ұсынған
мүліктің қоғамдандырылуына қарсы болды. адамдар өз мүлкіне артық қарайды,
ал жалпы мүлікке кем қарайды. Аристотель саяси теорияның басы міндеті
мәнсіз мемлекеттік құрылысты табу деп түсінді. Осы мақсатта ол мемлекет
нысандарын талдап, оның кемшіліктері мен мемлекеттік төңкерістердің себебін
іздеді.
Саясат еңбегінде мемлкет нысанын жіктеу екі талап бойыша
жүргізілді:билеуші тұлғалардың саны және мемлекет жүзеге асыратын мақсат
бойынша. Билеушілердің санына қарай Аристотель бір адамның, бірнеше адамның
және көпшіліктің билігі деп бөледі. Екінші талап бойынша дұрыс басқару,
азаматтардың жалпы игіліктері үшін қызмет ететін жоғарғы билік; бұрыс,
ұкімет өз мүдделері үшін жұмыс істейді. Дұрыс мемлекетке – моархия,
аристократия және полития; бұрыс мемлекетке – тирания, олигархия және
демократия жатады.
Бақылау сұрақтары:
1. Платон бойынша мемлекет және заңға анықтама беріңіз?
2. Аристотель еңбектеріндегі адамгершілік мәселесі?
Әдебиеттер (пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу бөліміндегі, оқу
әдістемелік әдебиетке сілтеме)
Қараңыз.Оқу-әдістемелік әдебиеттер тізімі

Тақырып 3. Ежелгі Римдегі саяси-құқықтық ілімдер
Мақсаты: Еж. Римдегі саяси және құқықтық ілімдердің мәнін ашу
Жоспар:
1. Римдегі мифтік көзқарастардың өзгеруі.
2. Цицеронның мемлекет және құқық туралы ілімдері.

3.1 Римдегі мифтік көзқарастардың өзгеруі
Римдегі мифтік көзқарастардың өзгеруінің себептері:
1) жеке меншік және құлдық қатынасының дамуына негізделген, саяси
теорияның өзгеруі. Ірі жер меншігінің пайда болуы билеуші таптар
алдында мүліктік қатынастарды құқықтық қорғауды күшейту қажеттілігін
қойды. Өздерінің мүдделерін құқықтық құралдармен бекітуге деген
көзқарастар туды.
Заңдарды түсіндіру бойынша заңгерлердің қызметтерінің нәтижесі
юриспруденцияның жеке білім саласы болуына негіз болды. Рим заңгерлерінің
еңбектерінде құқық институттары мен нормалары, еріктілер мен құлдардың
құқықтық мәртебесі, мүліктік шарттардың классификациясы, меншік құқығының
мазмұны және мұрагерлік тәртібі беріледі.
2) Мемлекеттік механизмдегі қайта құру (империя кезінде республикалық
басқару формасы монархиялық режимге ауысады). Рим қоғамдық идеологияға
стоиктер философиясы маңызды ықпал етті. Олардың өкілдері барлық адамдардың
құлдармен қоса рухани теңдіктері туралы әлемдік заңға бағыну
қажеттіліктерін айтады.

Цицеронның мемлекет және құқық туралы ойлары
Республика кезеңінде Рим аристократиясының көрнекті ойшылы оратор Марк
Туллий Цицерон (106-43 ғғ д.к.ә.) болды. Өзінің саяси-құқықтық ілімдерін
Мемлекет туралы және Заң туралы еңбектерінде берді. Цицерон мемлекеттің
пайда болуының табиғи көзқарасын жақтаушылардың бірі. Азаматтық қоғамды
ешкім жасамайды. Ол табиғаттан жаралған немесе құдайлар адамдарды үнемі
қарым-қатынасқа ұмтылатындай етіп жаратқан. Азаматтардың мемлекетке
бірігуінің бірінші себебі олардың әлсіздіктері емес, бірге өмір сүруге
деген туғаннан басталатын қажеттіліктері. Цицерон мемлекеттік билік
ақылдыларға берілуі тиіс деп санаған. Егер адамдар өсиет не әке дәстүрімен
өмір сүрсе мемлекет мәңгілік өмір сүреді. Мемлекет мақсаты – Цицерон
концепциясы бойынша азаматтардың мүліктік мүдделерін қорғау болып
табылады.
Бұйрық беруге, тыйым салуға қабілетті әділ және бірінші заң ол жоғары
тұрған Юпитердің тікелей санасы.
Жоғары табиғаты және жазылмаған заңдар азаматтық қоғамға дейін пайда
болған. Оны халықтық дауыспен немесе сот шешімімен өзгертуге болмайды.
Мемлекет заңдары табиғатта қалыптасқан құдайылық тәртіпке сай болуы тиіс.
Әйтпесе оның заңдық күші болмайды.
Заң – табиғат күші, заң ақылды адамның ақылы мен санасы, заң
-әділеттілік пен әділетсіздіктің өлшемі.
Ақылдылар құқығы мен меншік құқығы бірігіп табиғи заңнан шығады. Бұл
жағдайда мемлекет тек қана табиғи организм емес, ол қолдан жасалған
құрылым.
Цицерон бойынша адамдар табиғатынан тең және білім алғандардың
барлығында ақылдылыққа жету мүмкіндіктері бар. Бұл көзқарас бойынша адамдар
арасындағы мүліктік және әлеуметтік әртүрлілік туғаннан бастап емес,
қалыптасқан қоғамдық қатынастарға байланысты.
Жеке меншік – табиғаттан емес. Ол ұзақ уақыт иелену негізінде, не
болмаса жеңіс нәтижесінде немесе заң мен келісім негізінде пайда болады.
Полистік демократиялық идеологиясын дамытты. Мемлекет – халық ісі.
Халық ортақ мүдделері және құқық мәселелерінде өзара келісім шартпен
байланысқан көптеген адамдардың бірігуі. Цицерон трактатында құқық мемлекет
негізі, бастауы ретінде беріледі. Мемлекет тек қана моральдық ұйым емес,
сонымен бірге құқықтық ұйым болып саналады.
Цицеронның мемлекет анықтамасындағы халық – ол тек қана жер
иеленушілер мен ірі саудагерлер. Цицеорн саяси идеяны – аристократиялық-
сенаттық республика.
Грек ойшылдарына қарап Цицерон мемлекеттің негізгі үш формасын береді:
патшалық билік – монархия, шағын ақсүйектер билігі – аристократия және
халық билігі – демократия. Цицерон бойынша ең жақсы форма ол монархия.
Цицерон шынайы және тұрақты билеу формасы ол – монархиялық,
аристократиялық және демократиялық бастаулары бар мемлекет.
Әдебиеттер (пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу бөліміндегі, оқу
әдістемелік әдебиетке сілтеме)
Қараңыз.Оқу-әдістемелік әдебиеттер тізімі

Тақырып 4. Орта ғасырлық Батыс Европадағы саяси-құқықтық ілім.(VI-XV ғ.ғ)
Мақсаты: Ортағасырдағы саяси және құқықтық ілімдердің мәнін ашу
Жоспар:
1. Ортағасырлық қоғамдағы Батыс Еуропадағы саяси-құқықтық ойлар
2. Фома Аквинский ілімі
3. Марсилия Падуанскийдің ілімі.

4.1 Орта ғасырлық Батыс Европалық қоғамдағы саяси-құқықтық ойдың негізгі
белгілері мен бағыттары.

Батыс европалық орта ғасырлар тарихы алуан түрлі айтулы оқиғаларға толы
ұзақ дәуірді қамтиды. Бұл дәуір экономикалық және қоғамдық өмірдің, әртүрлі
топтпар арасындағы шиелініскен күрестің жаңа формаларының тууы мен
дамуымен, өткір саяси және идеологиялық қақтығыстармен, буржуазиялық
алғашқы революциялармен және мәдениет пен ғылымның одан әрі дамуымен, ұлы
жаңалықтар мен өзгерістер ашқан ұлы ойшылдарымен әйгілі болды. Бұл дәуір
бүкіл адамзат ұрпағы мақтаныш ететін ұлы адамдар тобын өсіріп шығарады.
Петр Абельяр, Роджер Бекон, Николай Коперник, Джордано Бруно, Шекспир,
Сервантес сияқты алдыңғы қатарлы өкілдері де осы дәуірде өмір сүрді.
Эволюциялық даму нәтижесіне қарай тарихшылар орта ғасырлар кезеңін 3
дәуірге бөледі:
1. Ерте феодалдық кезең (V-XI ғ.ғ.) бұл кезде феодализм қоғамдық-
экономикалық формация ретінде қалыптасты, әлсіз ұйымдасқан ірі
мемлекеттер пайда болды, олар біртіндеп саяси бытыраңқылыққа ұшырады.
2. Феодалдық қоғамның дамыған және гүлденген кезеңі (XI ғ. Ортасынан-XV
ғ. Соңына дейін). Бұл кезде бір орталыққа бағынған сословиелі - өкілді
монархиялар өмір сүрді.
3. Кейінгі орта ғасыр (XV ғ. Соңы- XVII ғ. Басы). Феодалдық қоғам
әлсіреп, дағдарысқа ұшырады, капиталистік қатынастар пайда болып,
абсолютті монархиялық билік орнады.
Феодалдық алғашқы дәуірде – ірі формадағы, бірақ мемлекеттік әлсіз
бірлестіктер, X-XII ғасырларда ұсақ саяси құрамалар – князьдық, герцргтік,
графтық және басқа түрлері де (феодалдың бытыраңқы кезеңі) болды, XIII-XV
ғасырларда көптеген елдерде мелекетті орталақтандыру процесі жүріп жатты
және ол бірте-бірте сословиелк монархия формасына айналды, онда өз
шамасынша күшті корольдік өкімет билігі сословиелік-өкілдік жиналыстарымен
ұштастырылды.
Феодалдық қоғам дамуының осындай кезендік сипаты батыс европалық орта
ғасырлық саяси құқықтық ойдығ даму деңгейі мен оның ерекшеліктерін
белгілеп берді.
Европа елдерінде феодалдар мен ақсүйектер үстемдігін нығайтуда христиан
діні мен рим-католиктік шіркеуінің едәуір ықпал етуі болды. Шіркеу орта
ғасырлардағы рухани өміа саласына шексіз билік етті. Орта ғасырлық христиан
діні феодалдық қоғам көұарасының түп тамырын белгіледі, адамдар санасына
үстемдік етті.
Шіркеу идеологтары мемлекеттің қуаттылығы шіркеудің қамқорлығының нәтижесі
деп түсіндірді. Осыған келіп христиан дінінде мемлекеттердің хритиан
шіркеуіне бағыну міндеттілігі пайда болды. Ерте феодалдық қоғам дәуірінде
шіркеудің озбырлығы мен феодалдардың шаруаларды қанауы және езуі діни
көзқарас шеңберінен шыға алмады.
Қайта өрлеу дәуірінің адамдары, оның гуманист ойшылдары феодалдық дүние
тану жүйесін сынға алды. Жаңа әлеуметтік топтың идеологтары – гуманистер-
феодалдық қоғамның соқыр сенімдеріне, қарағғылығына, шыққан тегімен
мақтануына жиіркене қарады.

2. Фома Аквинскийдің мемлекет және құқық туралы идеялары

Рим папасы өзінің саяси және рухани өмірдегі ең жоғарғы қуаттылығына
XII ғасырда жетті. Бұл кезде католик дін басшылары адам санасына билік
жүргізудің схолостикалық жүйесін жасауды аятаған болатын. Бұл жүйені
жасауда доминикан монахы, діни-ғалым Фома Аквинский үлкен роль атқарды.
Оның шығармалары мемлекет, заң, құқық және билік мәселелері де қамтылған.
Діни ғалым Фома Аквинский өз шығармаларында Аристотельдің көзқарастарын
католиктік шіркеу қағидасымен үйлестіруге және діннің позициясын осылайша
нығайтуға ұмтылды.
Мемлекет туралы былай деген адамдар алғашқы кезден –ақ бірігуге және
мемлекетте өмір сүруге ұмтылған, өйткені олар жеке-дара өз қажеттіліктерін
өтей алмайды. Осындай табиғи себеп бойынша – саяси ұйым (мемлекет) пайда
болған, яғни, мемлекеттің пайда болуы адамдардың прогресті іс-әрекетінен
емес, табиғи қажеттіліктен туады, оның пайда болуы алдын-ала дайындалған,
құдайдың әлемді жаратқаны сияқты мемлекет те солай жаратылған.
Мемлекеттің мақсаты – жалпы игіліктер, саналы өмір мен тұрмыс үшін
қажетті жағжай жасау. Бұл мақсатқа жету үшін Фома Аквинский феодалдық-
соловиелік жүйені және билік иелері мен байлардың артықшылық жағдайын
сақтау керек деп есептейді.
Фома Аквинкий мемлекеттік биліктің 3 элементін анықтайды. Олар:
1. Биліктің мәні
2. Биліктің пайда болу формалары.
3. Билікті пайдалануы.
Аристотельдің мемлекет туралы ілімінің терең меңгерген Ф. Аквинский саяси
форманың аристократия, олигархия, демократия және арасал басқару ұғымдары
туралы өз ойларын білдірді. Оның пікірінше саяси формалардың ең тиімдісі
монархия болып табылады. Сонымен бірге ол монархиялық құрылыстың екі түрін
– абсолютті және саяси монархияны бөліп қарайды.
Фома Аквинский айтуынша барлық заңдар субординация тізбектері арқылы
байланысқан. Бұл заңдардың ең шыңында бүкіл әлемді басқарушы құдайлық
сананың жалпы принциптері, универсальды нормалары – міңгі заңдар тұрады.
Мәңгі заңдар құдайдан келген, ол өздігінен өмір сүреді, басқа заңдар мәңгі
заңдар негізінде пайда болған.
Табиғи заңдар – мәңгі заңдардың адам санасындағы бейнеленуі болып
табылады. Табиғи заңдар өзіңді-өзің қорғауды, ұрпақ жалғастыруды, құдайдан
ақиқатты іздеуді және адам қасиеттерін құрметтеуді міндеттейді.
Заңның келесі түрі – құдай заңы Библияда берілген және ол екі жағдайда
қажет. Біріншіден, адамдық заңның зұлымдыұты толығымен жоюға шамасы
келмейді. Екіншіден, адам санасының толық дамымуынан олар ақиқат туралы
бірыңғай ұғымға өздігінен келе алмайды.

4.3. Орта ғасырлық еретиктер қозғалысындағы саяси-құқықтық идеялар (X-
XV ғ.ғ).

Орта ғасырлардағы феодалдық езгі мен зорлық-зомбылық, теңсіздік және
қайыршылық өмір қанаушылардың наразылығын туғызады. Қоғамдық санада үстем
болған христиан дінінің ықпалы бұл наразылықтарға өзінің діни сипатын
берді. Халықтың едәуір бөлігін қмтыған бұл қозғалыс ресми католик шіркеуі
қабылдаған докринадан және рим-католик шіркеуі мен папалықтан әртүрлі
дәрежеде ауытқыған ағым ретінде қалыптасты. Ресми діни-нанымға оппозициялық
көзқараста болған бұл ілім – ересьтер деп аталады.
Орта ғасырлардағы әртүрлі елдерде және әртүрлі халықтарда пайда болған
ерестер қозғалысы көп жағдйда езілуші халықтың әлеуметтік наразылығының,
олардың феодализмге қарсы оппозициясының көрінісі болды. Бірақ, олардың
зорлық-зомбылық пен езушілікке қарсы күресі шіркеумен күрес формасында ғана
ерекшеленеді.
Ересьтер қозғалысы, ең алдымен, шіркеудің әулиелігі жөніндегі аңыздың
беделін түсірді, дін басыларының пайдакүнемдігі мен азғындығын әшкереледі.
Орта ғасырлық ересьтер өздерінің әлеуметтік сипаты мен маңызына қарай екі
топқа бөлінді. Олардың біріншісі – қала экономикасының дамуына кедергі
болған феодалдық қанау мен зорлыққа қарсы бағытталған қала халқы-бюргерлер
арсынан шыққан ересьтер болса, екіншісі – қаланың ең төменгі топтары мен
шаруалар арсынан шыққан ересьтер болды. Қалалық-бюрегерлік ересьтердің
басты талабы ерте христиан діни шіркеуінің қарапайым құрылысын қалпына
келтіру және сословие ретінде өздерінің бақталасы – дін басыларын әлсірету
еді. Бұның негізгі мәні шіркеу салықтарын, шіркеулік-монастырлық жер
иеленушілікті және қымбатқа түсетін діни ғұрыптарды жою, яғни арзан
шіркеуді талап ету болып табылады.
Плебей-шаруалар ағымы ересьтердің талабы бұдан гөрі әлдеқайда
радикалды болды. Олар бюргерлік ересьтердің шіркеуге қарсы талаптарына
толығымен қосыла отырып, адамдар арасындағы әлеуметтік теңдіктің де болуын
талап етті, бұлардың кейбір өкілдері тіпті мүлік теңдігін орнатуға шақырды.

Феодалдық қатнастардың алғашқы кезеңінде (V-XI ғ.ғ.) Батыс Европада
ересьтер қозғалысы жаппай сипат алған жоқ еді. Бұл қозғалыс Батыс Европа
елдерінде XI-XII ғасырлардан бастап бұқаралық сипатқа ие болды. Ересьтердің
алғашқы ірі қозғалыстарының бірі Болгариядағы богомильдер қозғалысы болды.
Бұл қозғалысқа қатысушылар крепостнойға айналған шаруалар бұқарасы мен қала
кедейлерінің феодалдық қанауға, үстемдік етуші шіркеу мен феодалдық
мемлекеттің езгісіне қарсы наразылығын білдірді. Олар ресми шіркеудң
ілімінғ шіркеулік артықшылықты және діни әдет-ғұрыптарды мойындамады.

Бақылау сұрақтары:
Ортағасырдағы шіркеулік идеологияның мәні?
Ф.Аквинскидің мемлекет пен құқықтық пайда болуының теологиялық теориясының
мәні
Әдебиеттер (пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу бөліміндегі, оқу
әдістемелік әдебиетке сілтеме)
Қараңыз.Оқу-әдістемелік әдебиеттер тізімі

5 Қайта өреу дәуіріндегі Батыс Европаның саяси құқықтық ілмдері.
Мақсаты: Қайта өрлеу дәуіріндегі саяси және құқықтық ілімдердің мәнін ашу
Жоспар:
1. Николло Макиавеллидің мемлекет және саясат туралы ілімі.
2. Реформацияның саяси-құқықтық ілімдері. Мартин Лютер.
3. Ерте социализмнің саяси-құқықтық ойлары. Томас Мор “Утопиясы” және
Томмаз Кампаннелдың “Күн қаласы”

5.1 Қайта өрлеу дәуіріндегі саяси және құқықтық ойларға жалпы
сипаттама.
Қайта өрлеу менг реформациялық басты мазмұны- шексіз үстемдікке ие
болған, мызымастай болыпкөрінген феодалдық тұрмыс – салттан бас тарту
және адамдардың тұрмыс-тіршілігіне қажетті жаңа көріністер мен
қажеттіліктерді орнату.
Орта ғасырлық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Cаяси құқықтық ілімдер тарихының қалыптасуы
Саяси процесс
Қоғамдағы саяси ілімдерді қалыптастырудағы ұлы ойшылдардың маңызы мен ролі
Саяси ғылымның даму тарихы және негізгі кезеңдері
Саяси ілімдер тарихы
Дәрістер - Тарих
Рим заңгерлерінің құқық туралы ілімі
Саяси және құқықтық ілімдер тарихының пәнімен әдісі
Саяси ғылымдардың негізгі кезендерінін даму және қалыптасуы. Казақстан саяси ойларының тарихы
Ежелгі Грекиядағы саяси және құқықтық ілімдер
Пәндер