Ежелгі қазақстандағы психология ғылымының даму тарихы



Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Ежелгі қазақстандағы психология ғылымының даму тарихы
Психология тарихы жайлы сөз  қозғағанда еске алар бір жәйт: жалпы
әлемдік психологияның  дамуында  екі тарихтың бар екендігі. Оның бірі- басы
Аристотельден басталатын психологиялық ой-пікірлер мен ілім-білімдердің
тарихы; екіншісі -  өткен ғасырдың екінші жартысынан  басталатын 
эксперименттік психологияның тарихы. Оның біріншісі  2400 жылдай  уақытқа
созылса, екіншісі бар жоғы 115 жыл. Халқымыз осы тарихтың  біріншісіне 
өлшеусіз үлес қосқан да, екінші кезеңінде айтарлықтай іс бітіре алмаған.
Әрине  мұның да түрлі себептері бар. Ежелгі ата-бабаларымыздың  күмбірлеген
күміс  күйімен, сыбызғы үнімен, асқақтата салған әсем әнімен, ғашықтық,
лироэпос, жырымен сан ғасыр бойы өз ұрпағын  сегіз қырлы, бір сырлы,
өнегелі де, өнерлі, имандылық-адамгершілік ар-ожданы жоғары, намысқор
ажамат етіп тәрбиелеп келгені тарихи шындық.
Шығыс Аристотелі аталған  ғұлама Әл-Фараби бабамыздың да Қазақстан
топырағында дүниеге келіп, артына ұлан-ғайыр тәліми мұра қалдырып кеткенін
бүгінгі ұрпақ зор мақтаныш тұтады. Түркі тілдес халықтардың бәріне ортақ
ортақ  өшпес мұра  қалдырған  орта ғасыр ойшылары:  Баласағұни, Қашқари,
Жүйенки,  Иассауи шығармалары, сондай-ақ  алтын Орда дәуірінің ойшылары:
Хорезми, Сараи, Дулати,  Жалаири, Әбілғазы т.б. екбектерінің де қазіргі
ұрпақ тәрбиесінен  алар орны ерекше. Соңғы кездері қазақ психологиялық ой
пікір тарихы жаңа ғылыми деректермен таласып отыр. Осыдан 500 жылдай бұрын
орта ғасырлық  ғұлама ғалым Өтебойдақ Тілеуқабылұлы Шипагерлік баян атты
үлкен еңбек жазды. Мұнда шипагерлік  мәселесімен қатар қазақ  тарихи, тіл,
әдебиет, этнография,  анатомия, физиология, медицина, философия
ғалымдарынан  да мағлұмат  беріледі. Осынау еңбекте  психология саласынан
да көптеген қызықты деректер мол.
ХVІІІ ғасырда  өмір сүрген Тауасарұлы Қазыбек  бектің Түп-тұқиянынан
өзіме шейін атты еңбегі тек сол кездің рухани өмірін ашатын төл туынды
ғана емес, сондай-ақ халқымыздың ұлттық психологиясынан көптеген тың 
мағлұматтар беретін кемел дүние. Бұл  айтылғандарды зерттеп, жұртшылық
кәдесіне  жарату  алдағы жердегі зерттеу жұмыстарының басты міндеттері
болып табылады.
Асан қайғы, Шалкиіз, Жиембет, Ақтамберді, Бұқар Шал,  Дулат, Мұрат,
Махамбет т.б.  қазақтың  күміс-көмей, жез таңдай ақын-жыраударының әр түрлі
өмір  құбылыстары, адам және қоғам, жан мен тән, өмірдің сан алуан қыр-сыры
туралы толғаныстардың, ақыл-кеңес, өсиеттерінің қазіргі жастарымыздағы
психологиялық  тәрбие беру үшін маңызы зор.
Әлемдік озық  мәдениттің  шоқ жұлдыздары: Шоқан,  Ыбрай, Абай сияқты
ғұлама ойшылардың адамның  жан-жүйесі жайлы мұралараның  қазіргі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық және мұғалімдер институттары
Қазақстанда психология ғылымының дамуының алғышарттары
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫ ДАМУЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
Психология ғылымының дамуы
ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ ҚҰРЫЛУ ТАРИХЫ
Психология ғылымының даму тарихы
Психология пәні
Психология ғылымының Ресейде дамуы
Психологияның ой пікірлері
Мағжан Жұмабаевтың Педагогика оқулығының қазақ педагогикасындағы орнын анықтау
Пәндер