Шығыс Славяндардың ертедегі тарихы
Ежелгі орыс мемлекетінің тууы және дамуы
1. Ертедегі шығыс Славяндар.
2. Шығыс Славяндар мемлекетінің пайда болуы.
ІХ ғ. ХІІ ғасырдың басындағы Киев Русі
3. ХІІ – ХІІІ ғ.ғ. орыс княздықтары.
4. Монғол татар шапқыншылығы және оның орыс жерлері үшін салдары.
Шығыс Славяндардың ертедегі тарихы тарихшылар арасында үлкен дау
туғызады. Оған себеп, әрине, бізге дейін жеткен жазба деректердің аздығы.
Славяндардың ата бабаларының өмір сүрген территориясы жайлы басты мәселеге,
әр түрлі жауаптар беріледі. Бірқатар ғалымдар, археологиялық деректерге
сүйене отырып, славяндардың ата – бабаларын б.ғ.д. ІІІ – ІІ мың жылдықтарға
жатқызады.Славяндардың ата – бабаларын олар Днепр мен Одр өзендерінің
аралығында өмір сүрген тайпаларды жатқызады. Тарихшылардың екінші бір тобы
славяндар ата – тегі б.э.д. І мың жылдықтан – б.э. І мың жылдығының орта
тұсына дейінгі аралықта пайда болған деп шамалайды. Бұл уақыт аралығында
ежелгі словяндар черняховтық, днепр бойы, лужалық мәдениет үлгілерін
жасаған деген болжамдарды археологиялық деректер дәлелдейді.
Біздің эрамыздың алғашқы ғасырларында антикалық авторлар Тацит,
Плинидың еңбектерінде словян тайпалары венедтер деген атпен кездеседі. Бір
қатар авторлар бұл мәселеге де күмәнмен қарап, славяндар мен венедтерді бір
деуге болмайды дейді.
Славяндардың көршілерімен қарым-қатынастары ауыр болды. IV – VIIғ.ғ.
Европаға көшпенді тайпалардың шабуылы үдеп кеткен еді. Сол тұста, VI ғ.
Көшпелі тайпалардың Аварлық одағы пайда болды. Славяндардың тағыда бір
көршісі оңтүстік далаларында VII ғ. құрылған бұлғарлар мемлекеті еді.
Өзара қырқысу соғыстары нәтижесінде тез ыдырап кеткен бұл мемлекет, басқа
мемлекеттердің тууына септігін тигізді. Бұлғарлардың Аспарух басқарған бір
тобы батысқа жылжып, ондағы славян тайпаларын өздеріне бағындырып Дунай
өзені бойында өз мемлекетін құрды. Екінші бір бөлігі Еділ және Кама
өзендері ауданында Еділдік Бұлғарлар мемлекетінің негізін қалады.
Славяндардың үлкен, құдіретті көршілерінің бірі, территориясы
Солтүстік Кавказдан төменгі Еділ бойына дейін созылып жатқан, Хазар
қағандығы болатын. Қағандықтың үстемдігі Қырым территориясына дейін жетті,
ал славяндардың бір қатар тайпалары хазарларға ІХ ғ. соңына дейін алым
төлеп отырған.
Славяндардың көршілерінің ішіндегі ең дамығаны Византия мемлекеті
болды. Византиялық деректерде шығуы жағынан өздеріне ұқсас анд және славян
тайпалары туралы мәліметтер кездеседі. Тарихшылар арасында анттардың
этникалық шығу тегі жайлы дау бар: біреулері оларды славяндар десе, енді
біреулері славяндар анттардың бір бөлігі болған деседі. Византиялық
авторлар Славяндар жайлы олардың бостандыққа деген махаббатын, құлдықтың
болмағандығын, шет жерліктерге мейірімді қатынасы (Стратегикон,
Меврикий Стратег) туралы баяндайды. Сондай-ақ Византиялық деректерден VI
ғасырда Славяндар ру – тайпалық құрылыста, бір – бірімен жауласып өмір
сүргендігін білеміз. Арей жазба деректерінде де қызықты мәліметтер
беріледі. Араб саяхатшылары Славян тайпаларының жабайылығын ерекше атап
өте отырып, олардың киім кешектері, қару – жарақтары, сауда қарым –
қатынастары туралы жазып қалдырған.
Славяндардағы алғашы қауымдық құрылыс VIІ – VIІІ ғ.ғ. басталады. Бұл
кезеңде Шығыс Европа территориясында - Ильмен көлінен бастап Қара теңіз
далаларына дейін, Шығыс Карпаттан бастап Еділ өзеніне дейінгі алқапта,
бірнеше ірі тайпалық одақтар қалыптасты. Әрбір одақ сол кездегі еуропалық
территориялық өлшем бойынша, үлкен аймақты алып жатты. Мұндай одақтардың
ұзын саны (оларды көбіне тайпалар депте атайды) он бес болды. Поляк деп
аталатын ең ірі тайпасы Днепр өзенінің орта ағысында, Киев ауданында өмір
сүрді. Ильмен көлінің жағасында славяндар тұрды. Кирвичтер мен полочандар
Батыс Двина, Еділ және Днепр өзендерінің жоғарғы ағысын жайлады.
Поляндардың көршілері древляндар, солтүстігінде – северяндар (Суле жне
Десне өзендері бойында) болды. Припяты және Березин қос өзендері аралығында
дреговичтер, Соже және Деснада – радимичтер өмір сүрді. Ока және Москва
өзендері бойында ветичтер тұрды. Бужан, волынян және дулей тайпалары Буге
және Волын жағалауларында, Қаратеңіз маңында тиверліктер мен уличтер
орналасты.
Бүгінгі таңға дейін Русь сөзінің шығу тегі және мағанасы тарихшылар
үшін белгісіз болып отыр. Бір қатар тарихшылар, бұл шығыс славян
тайпаларының бірінің атауы десе, біреулері ежелгі германдықтардың әскер
деген мағана беретін дротс сөзінен шыққан деп шамалайды. Тағы бір топ
тарихшылар Балтық теңізіндегі Ругленд аралында орталығы болған ругтер
тайпасының атауымен байланыстырады.
Ал енді славяндардың тұрмысына келетін болсақ, олардың шаруашылығының
негізін егіншілік құрады. Славян елді мекендері өзендер мен көлдердің
жағалауларында орналасты. Бұл территориялар егін шаруашылығына ыңғайлы
болды. Славяндар егіншіліктің жүйесін қолданды. Ормандар кесіліп, ағаштар
келесі жылға дейін кептірілді де, кейін өртелетін болды. Ағаштардың
күлімен тыңайтылған жер жақсы өнім береді. Сондай – ақ, залежная жүйесіде
қолданылды, онда шөптері өртелгеннен кейін пайда болған егістік
алқаптарында толық изтощения дейін егін салынатын болды. Екі жүйеде
шаруашылықты жүргізудің экстренный (жылдамдатылған) түрінің болғандығының,
және бұлай егін егу үнемі территорияларын кеңейтіп отыруын талап еткендігін
дәлелдейді. Жерді өңдеу барысында ішін ара соқада пайдаланылды.
Славяндарға белгілі ауыл шаруашылық мәдениеті: бидай, рожь, ячень,
тары, гречка – үлкен емес ауылдарда ғана қамтамасыз ете алды. Басқа
өнімдерден – редька, капуста өсірілді. Мал шаруашылығыныңда маңызы ерекше
болды. (Мал сөзі ақша эквивалентін білдірді). Ірі қара мал, сондай – ақ
жылқы және шошқа өсірілді.
Славяндар үлкен емес елді мекендерде тұрды. Олардың өмір сүрген
үйлері жер төлелер сияқты болғандығы белгілі.
Елді мекендердің экономикалық өмірінде ақшалық, балық аулау,
бортпичество да маңызды роль атқарған. Кол өнерде белгілі дәрежеде дамыды –
гопчерное, кузнечное. Экономикадағы табыс көздерінің бірі - әскери олжада
болды. Қарулы қақтығыстарда жасақтар маңызды рол атқарады. Оған ересек ер
адамдардың барлығыда кірді. Биліктің бас органы тайпалардың жалпы жиыны
болды. Оның басында тайпа көсемі тұрды. Оны княз деп атады. Тарихшылар осы
кезеңде дружина – көсем төңірегіндегі әскери замандастары, бөлініп шыға
бастады деп есептейді. Ал ру қоғамында ақсақалдар маңызды рольде бола
берді. Ұйымның мықты формасы қауым – вервь болды. Тіпті экономикалық дамуы,
еңбек өнімділігінің артуымен байланысты мүлік теңсіздігінің шығуы да,
қауымдық институттардың ыдырауына айтарлықтай әсер ете алмады. Мүлік
теңсіздігін вервтер бақылауға алып отырды. Қауымның қолында мал болды, оның
мүшелері жайылымдарды орман – суларды ортақтаса отырып иеленді.
Осы кезеңде алғашқы қалаларда пайда болды алайда олар сырт көрінісі
қамал поселкелерге ұқсағанымен сауда және қол өнер орталығына айнала
баотады. Шығыс славяндардың ежелгі қалалары қатарында Киев, Новгород,
Чернигов, Пересловль, Смоленск қалалары болды.
Славяндардың ежелгі діні пұтқа табыну еді. Олар табиғатқа табынды.
Тайпалардың әр қайысысының ерекшеліктеріне байланысты бас құдайлары да әр
түрлі болған дейді тарихшылар. Славяндардың басты құдайларына Сворог –
аспан құдайы, Мокоть – жер құдайы, бұл бір деректерде, ал басқа мәліметке
қарағанда – су және жаңбыр құдайы жатқызылды.
Күн құдайын Джадобог деп атады. Перун - славяндардың найзағай құдайы
деп есептелді. Бір қатар тайпалардың басты құдайы Перун болды. Славяндарда
княздар мен әскери дружиналардың пайда болуымен Перунды әскерлер қамқоршысы
деп санай бастады. Сондай – ақ славяндар күн құдайын Хорсты да қасиет
тұтты, кейін оны Ярило деп те атаған, ал жел құдайы Стрибог болды. Сауда
мен қалалардың қамқоршысы Велес құдайы деп есептеді.
Славяндардың бұл кезеңдегі мейрамдарында табиғатпен байланысты болды.
Олардың ішіндегі әйгілісі бүгінгі күнге дейін келіп жеткен Иван Кунала
мерекесі жазғы күннің (солнцеворот) 24 маусым болған.
Тарихнамалардың басым бөлігі Киев Русьі тарихының мынадай
хропологиялық шеңберін ұсынады:
І. Алғашқы орыс княздары кезеңі – ІХ – Х ғ. орта тұсы;
ІІ. Киев Русьінің гүлдену дәуірі. Владимер І және Ярослав мудрыйдың билік
еткен уақыты. Х ғасырдың екінші жартысы – ХІ ғ. басы.
ІІІ. Саяси бытыраңқылықтың басталуы. ХІ ғ. екінші жартысы – ХІІ ғ. басы.
Ежелгі орыс мемлекетінің құрылуы алғашқы қауымдық құрылыстың
ыдырауының заңды процесі болып табылады.
Мемлекеттің құрылу процесі көбіне классикалық формацияда көрініс
табады: еңбек құралдарының жетілдірілуі – еңбек өнімділігінің артуы – артық
өнімнің пайда болуы – мүлік және әлеуметтік теңсіздіктің пайда болуы –
мемлекеттің тууы.
Славяндардың ұзақ уақыттағы тарихы бойында мемлекеттің құрылуының
алғы шарттары қолөнер. Барлағанан бұрын экономикалық негіздері қаланды,
егіншілікте еңбек өнімділігі артты, себебі подсечный егіншілігінің орнына
пашенное (шамамен VIІІ ғ.) келді, онда жетілдірілген еңбек құрал –
саймандары қолданылды ( темір соқа). Бұл жағдай ру – тайпалық қауымның
бұзылып, көршілік қауымның пайда болуына мүмкіндік берді. Сауда
қатынастарының кеңеюіне алып келген қолөнердің дамуы да маңызды роль
ойнады. Русьте қолөнер құралды да олардың бірқатары экономикалық
орталықтарға айналды.
Қоғамның әлеуметтік құрылымы да өзгере бастады, ол біртіндеп
күрделене түсті, өз үстемдігін бекітуге ұмтылған жеке меншік иелері бөлініп
шықты. Барлығымызға белгілі, белгілі бір әлеуметтік жүйенің бекітілуін
қамтитын институт – мемлекет болып табылады. Мұнымен бірге мемлекеттің
қалануына сыртқы факторларда елеулі түрде ықпал етті. Көшпенді тайпалар мен
Хазар қағандығы және Еділ бұлғариясы сияқты мықты мемлекеттердің көрші
болуы, тұрғындар қауіпсіздігін қамтамасыз етуге итермеледі. Ол үшін
маманданған әскер, сыртқы саяси мәселелерді реттеуге қабілетті белгілі бір
басқару аппараты қажет болды.
Мұнымен бірге Славяндарда мемлекеттің құрылу мәселесі бүгінгі күнге
дейін тарих ғылымындағы күрделі мәселелердің бірі болып табылады. Оған
себеп XVIII ғ. пайда болған нормандық теория еді. Көптеген даулардың тууына
себеп болған жай ХІІ ғ. басында Печер шіркеуінің монахы Нестордың Русь
тарихы жайында жазған Бағзы замандар повестінде (Повесь временных лет)
мемтекеттің құрылу тарихын баяндаған болатын. Онда автор мынадай үш сұрақ
қояды: Русь жері қайдан шықты? Киевте алғаш рет кім княздық құрды? Және
қай уақыттан Русь өмір сүре бастады? (откуда есть пошла Руская земля? Кто
в Киеве наче первее княжить? И с коких пор Русская земля стале есть?).
Аталған сұрақтарға берілген жауаптар тарих ғылымында ұзаққа созылған даудың
тууына алып келді. Ежелгі жылнамамыз жинақтарда (Повестің Лаврентилік
және Инатьевтік тізімдері және Новгородтық жылнама) Новгородқа княздық ету
үшін варягтардың шақырылғандығы жайлы аңыздар айтылады. Сырттан келген
ағалы – інілі үшеуі – Рюрик, Синаус және Трувор Новгордте, Белоозерода,
Изборскіде княздық құра бастады да Орыс мемлекектінің негізін қалаушылар
болды.
Осы жылнамалық әңгімені негізге ала отырып VIІІ ғ. Ресейге жұмыс
істеуге шақырылған неміс ғалымдары Ф.Миллер, З.Байер, А.Л.Шлецерлер
мемлекеттің варягтардан, Русь деп аталатын тайпадан шыққандығы жайлы
теорияны шығарады. Олар Новгородтықтардың княздық ету үшін келуін (прийти
княжить) қалағандығы жайлы мәліметті және жылнамадағы теорияны теріске
шығаратын бірқатар жағдайларды ескермеді. Новгородтық деп аталатын бұл
теориямен ғалым М.В.Ломоносов келіспеді, алайда ол және оның жақтастары да
өз көзқарастарын жақтай алмады. Кейіннен де, тарихшылар оның ішінде
Н.М.Карамзин және С.М.Соловьевтар, орыс тарихын зерттеуде норман теориясын
қалдады.
Кеңестік тарихшылар аталған теорияны дұрыс емес деп дәлелдеді.
Рюриктің екі інісінің – Синеус пен Трувордың болғандығында теріске шығарды.
Олар ежелгі швет тілінен аударғанда Сине хус Тру варинг сөздері Өз руым
және адал дружина деген мағана береді дейді. Рюриктің княздық құруы
мәселесі бұл мемлекеттің құрылуын емес, билік етуші әулеттің шығу тегі
мәселесін анықтайды. Себебі мемлекет қоғамның табиғи дамуы нәтижесінде
пайда болатын процесс екені белгілі. Археологиялық қазба жұмыстары сол
кезде Новгородта варягтардың болғандығын дәлелдейді. Тарихшылардың
бірқатары бұл жағдайды Новгородтың жалдамалы әскеріндегі варягтардың
болуымен, кейіннен Киевтің княздар дружиналары құрамына да варягтардың
алынғандығымен байланыстырады. Дружиналық қорғандардың зерттелінуі кезінде
скандинавиялық жерлеу рәсімдері, скандинавиялық мәдениет элементтері Х
ғғасырдағы Русьте болғандығымен дәлелдейді.
Нормандардың варягтармен бірлігі мәселесі де дау туғызады. Варягтар,
русьтер дегеніміз Балтық жағалауы мен Еуропаның солтүстік ойпатарында өмір
сүрген иллириялық тайпалар тобына жататын ругтар деген атпен белгілі
тайпалар тобы болуы мүмкін. Варягтар, бірқатар тарихшылардың пікіріне
қарағанда, ругтердің көршілері поморякдар болған, олар Балтық жағалауында
өмір сүріп славяндармен ассимиляцияға ұшырағандар еді. Бұдан мемлекеттің
шетелдіктердің құрған деген пікірдің теріс екендігіне көз жеткізуге
болады.
Алғашқы орыс княздерінің билік құруы Олег Вищин (882 - 912). Бұл
княздың атымен славян тайпаларының бірігуін, орталығы Киев болған ежелгі
орыс мемлекетінің құрылуы байланыстырады.
Киев және Новгородты біріктірумен бірге поляктар мен ильмен
славяндарын Олег 883 ж. деревняларды, 884 ж. – славяндарды, ал 885 ж. –
радимичтерді бағындырды. (Мұнда, ІХ – Х ғ.ғ. орыс тарихын бейнелейтін
жылнама кейіннен жазылғандықтан, онда бірқатар оқиғалардың хронологиясы
нақты болмады, сондақтанда Киев Русьының ежелгі тарихының кезкелген датасы
шартты түрде алынғандығын ескертеміз) Киевте Олег 882 ж. әскери жорық
нәтижесінде келді. Жылнама да, сол кезде онда Аскаль мен Дир билік құрып
отырды делінеді. Осы Киевке шығыс славяндар мекендеген территорияларды
қосып алу саясатын жүргізді. Мұндай біріктіру формасы сол уақытқа тән
дәстүр еді – кейін алым жинау мақсатымен өзіне бағындыру.
Бағзы замандар повесті Славяндарды, радмичтерді бағындырғандығы,
Тиверліктер мен болған соғысты баяндайды. Княздың қызметіндегі басты
мәселелердің бірі Византиямен қатынас орнату болды. Византияға жасалынған
жорық ұтымды келісім – шарттардың жасалуына алып келді. Византия императоры
Лев VI және оның інісі Александрдың туысында орыс армиясына үлкен көлемде
алым төлеуіне орыс елшілерінің Византия қазынасы есебінен қамтамасыз
етілуіне қол жеткізілді.
Олегтің ӨЗ атынан өлуі аңызға айналды.
Игорь (912 – 944 ж.) Игорьдың билік құруы туралы мәлімет өте аз,
сондықтан да бірқатар тарихнамалар оны жылнамада көрсетілген уақыттан және
қайда аз уақыт княздық еткен дейді. Кей біреулер Игорь Рюриктің ұлы
болатын, жас болғандықтан Олегтің қысымынан шыға алмаған деп те болжайды.
944 ж. Игорь Канстантинопольге сәтсіз жорық жасайды да, Русь сол уақытқа
дейінгі көптеген артықшылықтарымен қалады. Сондай – ақ, оның Древляндар
деп қайта алым жинамақ болып жасаған жорығы нәтижесінде өзінің және
әскерінің өлгендігі жайлы оқиға тарихта белгілі.
Ольга (945-957) Ольганың шығу тегі жайлы мәлімет көп емес.
Жылнаманың жас псковтық қыздың ақындылығымен Игорьдың жүрегін жаулап алуын
баяндауы, княздық ақсүйек емес отбасынан екендігін білдіреді
Ольга жұбайы Игорь өлгеннен кейін 945ж. Киев Русінің билеушісі
болды.
Княгиняның алғашқы реформасы. Салық жинаған кездегі бүлікті
болдырмауға бағытталды. Бұл әрине ақылды қадам болды, мемлекеттің нығаюына
үлесін қосты.
Погостор – алым жинау орны және урок – алым көлемі белгіленді.
Сыртқы саясатта Ольга әскери жорықтарман емес дипломатиялық саясаттардың
негізінде Рустің абыройын көтерді. Ольга өзінің ақылының арқасында билікті
ұлы Святословқа бергеннен кейін де елді басқаруын жалғастыра берген дейді
жылнама.
Святослов (957-972) Святослов ежелгі орыс княздары арасындағы іс -
әрекеттері, мінез – құлқына үлкен дау туғызатын тұлға. Ол бір жағынан аса
батыр, ер жүрек , үлкен жеңістерге қол жеткізген рыцарь болса, екінші
жағынан елдің ішкі жағдайына ешқандай көңіл бөлмегендіктен өз қас
астындағылардың жек көретін патшасы еді. Оның жасаған жорықтарының көптігі
елдің ішкі жағдайына үлкен нұқсан келтіріп те отырған.
Святслов Словяндар алым төлеп отырған Хазар қағандығына шабуыл
жасап, елді тәуелділіктен құтқарды.
Святслов Византилмен белсенді қарым – қатынас орнатып отырды. 971 ж.
Болгарияға сәтсіз жорық жасап қайта оралып жолда реченегтердің қолынан
қаза тапады.
Владимир (980-1015) Святсловтың өлімінен кейін Киевте оның үлкен
ұлы Яронолы билік етеді. Өз інілерімен болған күрес нәтижесінде билік
басына сол кезге дейін Новгордта билік құрып отырған Владиьир келді. Князь
тарихта екі атымен қалды. Пұтқа табыну дәстүрі бойынша Владимирді орыс
батырларының қамқорлысы, Русьтің қорғаушысы ретінде Қызыл күн (Красно
Солнышко) деп атаса, Християн діні рәсімі бойынша Князьды Қасиетті немесе
Шоқындырушы деп атады.
Жылнамада Владимирдің билігі өмірі аңызға ұқсайды. Ол барлық жағынан
өте жақсы суреттеліп идеалдағы князь бейнесінде берілген. Ол талантты
қолбасшы, парасатты мемлекеттік қайраткер, мемлекетті нығайту жолында
жасалынған бірқатар реформалар оның есімімен байланыстырылып баяандалады.
Әскери жорықтарда Владимир поляктармен печенектермен соғысады.Печенегтерден
мемлекетті қорғау үшін Стугка, Суда, Десн өзендері бойындақорғаныс
бекіністерін салғызады. Владимир болайын деп жатқан қауіпті ескерту үшін
белгі беру байланысын (жиналып тұрған шөпті өртеп) ойлап тапқан.
Владимирдің ең басты реформасы христиан дінін қабылдауы еді. Жаңа
дінді қабылдау Русьтің шоқындырылуы анық саяси синатта болды. Көк құдайға
табынудың орнына бір құдайға табыну орталықтанған мемлекеттің нығаюына
бағытталды. Сондай – ақ христиан дінін қабылдауға сыртқы факторларда ықпал
етті. Әрине, бұлай ету Византиямен тығыз байланыс орнатуына мүмкіндік
берді. Христиан дінін қабылдауы және Владимирдің Византия императоры
Василий II қарындасы Аннаға үйленді. Русьтің беделін көтеріп, Европаның
жетінші держовалары Катерина қайталауына мүмкіндік берді. Жаңа діннің
мәдениеттің, рухани өмірдің, саяси істердің дамуына ықпал етіп үлкен тарихи
маңызға ие болғаны анық.
Әрине, халық жаңа дінді бірден қабылдай қоймады. Сондықтан да,
князь қарулы күш қолдануына да тура келді.
Ярослав Мудрый (1019-1054) Ярослав Мудрый (Данышпан) ежелгі орыс
князьдарының ішіндегі ең атақтыларының бірі болды.
Ярославтың билігі тұсы – Киев Русьінің гүлденуі және Еуропаның мықты
мемлекеттері қатарына кіруі кезеңі еді.
Киев тағына келедің алдын Ярослав әкесінің бұйрығы мен Новгородты билеп
отырған болатын. Владимир өлгеннен соң билікке таласу барысында ағалары
Борис пен Глебті өлтіріп, Киев тағына отырған Святополпен Ярослав ұзақ
соғысты, ақыр соңында Новгордтықтардың көмегімен 1019 ж. Киев тағына
отырады.
Ярослав ең маңызды сыртқы саяси міндетті шешті – оның тұсында 1036ж.
печенегтер толық талқандалды. Осы жеңістің ескерткіші ретінде Киевте атақты
Қасиетті София соборы салынады. Ярослав оңтүстіктегі шекараларды
көшпенділерден қорғауға ұмтылды. Ол үшін қорғаныстар салынып шеткері
аймақтарға адамдар орналастырылды. Солтүстік – батыстағы шекараны қорғау
үшін 1030 ж. Балтық жағалауында Юрьев қаласы тұрғызылды.
Ярослав тұсында Киев Русьінің Еуропадағы беделі күрт өсе түсті.
Ярослав диностиялық неке мүмкіндіктерін ұтымды пайдалана білді. Оның
қыздары француз, швед, венгр, норвег корольдарының әйелдері болды. Ярослав
отбасымен поляк, герман, византиялық патшалар сарайлары қыз берісіп, қыз
алысты.
Князьдың аты тарихта құрылысшы ретінде де қалған. Еуропадағы ірі
қалалар қатарына қосу мақсатында Киевте шіркеулер, монесторлар салынып қала
көшелері мен терреториясы күшеитілді.
Сонымен бірге Ярославтың кезінде Русьтегі ағарту ісі аса ірі
жетістіктерге жетті. Қасиетті – қызметшілерге арналған алғашқы учелище
Киевте алғашқы рет Владимир I тұсында Киев – Печер монесторын негіздеу
барысында салынған еді. Святослов сондай оқу орнын Новгордте салғызды,
Ярослав мектептер салуды әрі қарай жалғастырды. Сол тұста грек тілінен
аударған көптеген тарихи, философиялық кітаптар пайда болды.
Ярослав Мудрыйдың есімімен Русьтің заңдық ескерткіші Орыс
Ақиқатының қысқа редакциясы екі тізіммен Новгордтық жылнамаға енгізілген.
Ярослав оның алғашқы 17 бабын жасауға қатысқан, ал қалғанын оның ұлдары
Изяслов, Всеволд, Святословтар Ярославичтер Ақиқаты деген атпен
жалғастырған.
Аталған алғашқы жазба заңдар жинағы рулық құрылысқа тән қанды кекті
шектерді, дауларды қарастырды, мүлікті қорғады (бірінші кезекте князьдың).
Заңдық жинақ К иевтегі әлеуметтік теңсіздікті бейнелейді.
Жалпы алғанда Ярословтың билігі ежелгі орыс мемлекетінің гүлденуі ретінде
тарихқа енген.
Киев Русьінің әлеуметтік – эканомикалық дамуы.
Русьтің әлеуметтік – эканомикалық дамуына баға беруде негізгі дерек
көзі археологиялық мәліметтер мен бірге сақталынған жазба құжаттары: Орыс
Ақиқаты көптеген тәуелді адамдарды тізіп баяандайды, алайда бүгінгі күнге
дейін кімқоғамда қандай роль ойнағандығы толық анықталмаған. Мысалы; Люди
( адамдар) қауым мүшесі болған деп шамалауға болады. Смердтер – дегенімізді
князьға тәуелді шаруаларға жатқызамыз. Ғалымдардың көпшілігі құлдар
холонтарды жатқызады, ал закуптерді хлоптарға жақын тәуелділер дейді.
Құлдық дәрежеге челядтардың жағдайлары да бір табан жақын тұрады. Ал
рядовичтер - өз міндетімен құқтарын келіссіммен белгілегендер болса керек.
Мәліметтерге қарағанда изгоий – қауымнан құтылғандар екендігі белгілі.
Қауым (община) немесе верво, мир ежелгі словияндар өмірінің
негізін құрады. Ол коллективті меншіктің – белгілі бір территориясының,
егістіктің, орманның және т.б иесі, қонысы деп есептелді. Оның ішкі өмірі
де коллективизм принцппімен құрылды: ақсақалдар сайысы қойылды, маңызды
шешімдерді бірлесіп шешті. Қауым тығырықтан шығуға көмектесті, қорғады.
XI – XII ғ.ғ. феодалдық жеке меншіктің бөліну процессі басталады. Оның
негізі вотчина болды. Ол атадан балаға мұра болып қалатын, тәуелді
шаруалары бар шаруашылық комплекс болды. Алғашқы ботчениктер – феодалдар –
маменданған әскер дружиниктер болды. Соған сәйкес князьға қызмет еткені
үшін вотчина берілетін еді. Вотчениктер үлкен құқтарға ие болды: мұраға
қалдыру, айырбастау, сату. Шаруашылық өмірдің негізі натуралды шаруашылық
болғандықтан сауда әлсіз дамыды.
Тарихшылар Русь эканомикасы сол кезде көп үкілетті сенатты болды
дейді. Бір қатары патриотхалдық құлдық пен алғашқы қауымды қатнаспен бірге
дамып келе жатқан феодалдық үкімет негізгі деп есептейді. Бұл жағдай Киев
Русьін ерте феодалдық мемлекет болды деп атауына мүмкіндік береді.
Киев Русьінің саяси құрылысы.
Русь мемлекетінің басында ұлының Киев князьы отырды. Князьдық
биліктің мұралыққа берілу мәселесі нақты болмады – ұлы князьдық билік
барлық кезде үлкен ұлына берілмеді, кейде князьдық жұбайы тіптен үшінші
бір адам (Олег) отырды. Киев князьына басқа князьдар бағынды. Жылнамада
көптеген есімдер айтылмаған, алайда Византиямен жасалынған келісім
шарттардан олардың бірқатарының аса ірі күшке, еркіндікке ие, өзіндік
әрекет еткен басшылар болғандығын білеміз. Князь заң шығарушы, жоғарғы
судья, алым алушы функцияларын атқарды. Ең басты оның міндеті - әскери
басшылық болып қала берді. Жиі болатын соғыстарда дружениктерге ерекше роль
берілді. Олар тәуелділер ретінде ғана емес, кеңесшілер ретінде де қызмет
етті. Әскери олжадан олжа алу құқына ие болды. Князьбен дружина арасындағы
қатнасты өзара тәуелділі деп сипаттауға болады. Дружинаның ішінде князьға
жақын адамдар кеңесшілер – дума бөлініп шықты. Бұл беделді дружиниктерді
боярлар деп атады. Боярлар вотчниканы алғашқы болып иеленді.
Біртұтас мемлекеттің нығаюында маңызды идеалогиялық роль христиан діні
ойнады.
Ярослав Мудрый өлер алдында өз мемлекетін ұлдары арасында бөліп
береді.Изясловқа – Киев, Святсловқа – Чернигов жері, Всеволдқа – Переяслов
жері, Игорьге – Владимир болып, Вячасловқа – Смоленск жері бұйырды.
Негізгі иеліктерден бөлек әр қайсысына бөлек аудандардан да жер берілді –
осылайша, олардың жерлері араласып жатқандықытан билікті бірге
жүргізулеріне тура келді. Ярословичтердің ауыз біршілігі оннан астам жылға
ғана жетті. 1073 ж. жаңадан өзара соғыс оты тұтанып оған Ярословтың
немерелері де араласты. Нәтижесінде 1097 ж. Князьдардың съезі өтті. Оның
инициаторы сол кездегі беделді княздардың бірі Всеволодтың ұлы Владимир
Мономах болды. Өзара қырқысуға өкініш білдіре отырып князьдар Әр
қайсысымыз өз әрекетімізді қорғауымыз керек, Каждо да держати отчину
свою деп шешті.
Съезд заң жүзінде қалыптасқан бытыраңқылықты бекітті, бірақ өзара
қырқысуды тоқтата алмады. Аз ғана уақытқа мемлекет нығайып, біртұтас
мемлекет дәрежесіне жете алды – Князьы Владимир Монамах тұсында. Владимир
Мономах Ярослав Мудрыйдың соңғы немересі, анасы жағынан – византиялық
император Константин IX Мономахтың немересі болатын. Өзінің алғашқы
әскери жорығын Владимир 14 жасында жасаған. Игорь полкі жайындағы сөз
жырынан. Немиге өзені бойындағы атақты шайқасты оқуға болады.
Жылнамашы қыпшақтар балаларын Мономахтың атын айтып қорқытқан деп те
айтады. Мономах көбіне орыс князьдарының әскерлерінің басында соғыста
кірісіп отырған.
Тарихшылар Владимирдің жасынан ақ өз мүделерін жоғары қойып,
билікке ұмтылған князьдарға қарсы болғандығын ерекше атап көрсетеді. Ол
князьдардың өзара қырқысуын тоқтатуға тырысты. 1093 ж. Әкесінің жағына
отырудан бас тартты, себебі: Ярославтың басқа немерелері мен жанжалдасқысы
келмеді. Уақытынша өзара соғыс тоқтатылды, князьдар күштерін біріктіріп
бірге қыпшақтарға қарсы екі рет жорық та жасады.
1113 ж. Киев князьы Святословтың өлімінен кейін халықтың
шақыруымен Владимир Киев тағына отырды.
Князь болған Мономах қарызы үшін төленетін пайызды алу мерзімі – 3
жыл деп белгіленген. Владимир Всеволдович Жарлығын шығарады. Пайыздың
максимумдық көрсеткіші төмендетілді. Владимир закуптердің қарызы үшін толық
салыққа айналуына тиым салды. Олардың қожаларынан басқа жоққа қарсы табуға
кетуіне мүмкіндік берді.
Сытқы саясатта Владимир Мономах әсіресе византиямен тығыз
байланыста болды. Диностиялық некелерді жалгастырды.
Өзінің жоғарғы парасаттылығымен, мәдениеттілігімен Мономах
замандастарының құрметіне ие бола алды.
Владимир Мономахтың ұлы Метисловтың өлімінен кейін (1125-1132)
бытыраңқылық кезеңі басталды дейді көптеген тарихшылар.
Феодалдық бытыраңқылық – феодалдық құрылыстың дамуындағы заңды
құбылыс. Бұл процесс Еуропаның барлық мемлекетін шарпыды. Алғашқыда
Русьтің 15 жеке князьдық болса, XIII ғ. басында – 30, XIY ғ. – 50ге тарта
князьдық өмір сүрген. Олардың ішіндегі ең ірісі Киев, Чернигов, Галицк –
Валын, Полоцк, Смоленск, Муромо – Рязанское, Владимиро – Суздальское. Мұнда
князьдықтардың территорияларының көлемі өзгеріп тұрды, бірде бірнешеуі
біріксе, бірде ірілері бірнеше ұсақ бөліктерге бөлініп кетті.
Феодалдық бытыраңқылықтың жағымды және жағымсыз жақтары болды.
Жағымды жағына қалалардың күрт өсуі, мәдениеттің гүлденуі, әр түрлі
мектептердің ашылуы жатса, жағымсыз жағына – елдің қорғаныс қабілетінің
әлсіреуі жатады.
Бытыраңқылықтың бірнеше себебі болды, оларды эканомикалық және
саяси деп бөлуге болады. Сондай – ақ, нақты тарихи жағдайларда өзі
дегенін иістеді. Киев орыс жерлері анасы ретіндегі саяси және
эканомикалық позициясынан айырылуы. Бұл ішкі процесстерімен ғана емес,
сондай –ақ, Еуропадағы оқиғаларға да байланысты болды. Қалалар өсті, ішкі
еуропалық сауда дамыды, кркст жорықтары Шығыс пен сауда байланыстырып
жасауға жаңа жол тапты. Киевтің әлсіреуіне көптеген шығындар алып келген
Даламен соғыста әсер етті. Князьдардың Киевтік тақ үшін күресі Киевтік
жер шаруашылығын құлдыратып, ол жерден көптеген шаруалар көшіп кетуге
мәжбүр болды. Елдің бытыраңқылыққа ұшырауының басқада эканомикалық
себептері болды. Барлық жерде өмір сүрген натуралды шаруашылық
тұрғындардың барлық қажеттіліктерін өтеді де, елдің ішкі рыногын
ынталандырмағанымен сыртқы сауда байланыстының кеңірек дамуына мүмкіндік
бермеді. Егін шаруашылығында барлық жерлерде жетілдірілген еңбек құрал
саймандары (плуг, соха железними сошниками) қолданылды, үш талапты егіс
пайда болды. Мұның барлығы еңбек өнімділігінің артуына алып келді. Бұл
жерде отбасының толық қамтамасыз етуінен артылып, феодалдардың артық өнімді
иеленуіне, баии түсуіне мүмкіндік берді. Феодалдық жерге иеліктің
қалыптасуы және дамуы бытыраңқылықтың тағы бір себебі болды. Ендігі жерде,
феодал – баярлардың басты табысы соғыстан түсетін олжалар емес, жерінен
жиналатын салық көлемі болды. Мұнымен бірге қолөнерде дами түсті, қолөнер
мен сауданың орталығына айналған жаңа қалалар пайда болды. Деректерге
қарағанда монғол – татар шапқыншылығына дейін Русьте 300-дей қала бой
көтерген.
Бытыраңқылық кезеңнің басталуында саяси себептерде маңызды роль
ойнады. Тарихшылар ХІІ ғ. соңына қарай құрылған княздықтардың соңы
монғолдық кезеңге дейінгі өмір сүрген тайпалық одақтар санымен тура келеді
дейді. Тайпалық өзгешеліктердің қалдықтары да өз дегенін істеді. Киев
князінің үстемдігі де әлсіреді: дружиналардың жерге орналасуымен князь
өзінің әскери күшінің басым бөлігінен айрылды. Есесіне жергілікті князьдар
күшейді. Әрбір жердің күшеюі арқылы оларда өз кезегінде Киев князьінің
армиясынан кем түспейтін өз әскерін ұстауға мүмкіндік алды. Өз әскерін
ұстауға итермелеген тағы бір жағдай – тәуелді шаруаға айналған өз
шаруаларының көтерілістерінің болуынан қауіптенді. Мықты экономикалық
баярдың базасы және князьдың билігін шектеуге ұмытылған. Боярлардың рольлі
де үлкен болды. Князьдардың болуымен күресі русьтің садай – ақ тақ
мұрагерлігі мнақты жүйесі болмады және қақтығыстардың тууына, өзара
қырқысалардың өрістей түсуіне мүмкіндік берді. Рустегі саяси бытыраңқылық
толық болмады. Орталық билік – Киев княздығы билігі, княздықтардың
конфедерациясы, бір тұтас тіл, мәдениет, барлық жердің оқиғаларды
суреттеген жылнама жазуда сақталды. Русьтың бірлігін дәріптеген шіркеу де
ықпалды институт болып қала берді. ХІІ ғасырдың соңы мен ХІІІ ғасырдың
басында Русьте үш негізгі саяси орталық анықталды, олар әр қайсысы көрші
жерлермен княздықтарының саяси өміріне шешуші ықпал етті. Солтүстік – Шығыс
және Батыс Русь үшін – Владимир – Суздаль княздығы, Оңтүстік және оңтүстік
батыс Русь үшін – Голицин – Волын княздығы, Солтүстік – батыс Русь үшін
Новгородтық феодалдық Республика. Княздар егеменді ел басылары ретінде
барлық құқықтарғы ие болды. Сол кезде өмір сүріп отырған Орыс Ақиқатымен
бірге жерлер мен княздықтарда өздерінің құқықтық нормалары қалыптасты.
Басқа сөзбен айтқанда әрбір орыс жерлерінің өздеріне тән ерекшеліктері мен
бірге барлық орыс жерлеріне ортақ негізгі заңдарда федерация шеңберінде
өмір сүреді.
Басқа княздықтарда өмір сүрген саяси құрылыстан бөлек құрылыс ХІІ
ғасырда Новгород жерінде қалыптасты.
Новгород жері өте үлкен территорияны қамтыды – Мұзды мұхиттан Еділдің
жоғарғы ағысына дейін, Балтық теңізі бойынан Оралға дейін. Новгородтың
географиялық орналасу жағынан өте ыңғайлы орында тұрды. Новгородтың халқы
аң, балық аулаумен, тұз өндіру, темір өңдеумен, егін шаруашылығымен
айналысты. Қала Батыс Европа мен Ресейді, Шығыспен Византияны байланыстырып
тұрған сауда жолы тоғысында орналасқандықтан сол дәуірдегі ең ірі сауда
орталығына да айнала алды.
Өз тұрғындары Новгород мырза деп атаған қала Русь тарихында әр
кезеңде де ерекше орында тұрған. Новгородтың қала өнер шеберлерінің
еңбектері бүкіл әлемге әйгілі болды. Дәл сол Новгородта көпестердің ірі
ұйымы құрылды, кредиттік жүйе пайда болды.
ХІІ – ХІІІ ғасырларда Руське таңсық жай Новгородтың саяси құрлысының
бөтендігі еді. Новгород феодлдық республика болды, ондағы билік жер және
сауда аристократтардың қолында шоғырланды. Биліктің жоғарғы органы 300 –
400 белгілі қала тұрғындары жиналатын Вече болды. Новгородтың тарихының
басынан таққа княздарды шақыру дәстүрге айналған еді. 200 жылда (ХІІ –
ХІІІғ.ғ.) Новгородта 40 княз ауысып, барлығы 53 рет княздық билік өзгерген
екен. Князь дружина қолбасшысы, жоғарғы судья, алым жинаушы, мемлекет
символы және басқада орыс жерлерімен Новгородты байланыстырушы міндеттерін
атқарды.
Вече әскери жорықтарды басқаратын, дипломатиялық келіссөздерді
жүргізетін және іс жүзіндегі қала басшысы посадникті сайлады. Салықтармен
тысяцкий айналысты. Сондай-ақ ол Новгородта маңызды роль ойнаған жасақты да
басқарды.
Манғол – татар басқыншыларымен күрес және оның орыс жерлері үшін
салдары.
1237 – 1241 ж.ж. Орыс жерлері ХІІІ ғасырдың бірінші жартысында Тынық
мұхитынан Орталық Европаға дейінгі кең алқапты жаулап алған Ортаазиялық
мемлекет – Монғол империясының тарапынан үлкен шабуылға душар болды.
Империяның негізін қалаушы Шыңғысханның немересі Батудың басшылығындағы
монғол әскерлерінің 1237 – 1238 ж.ж. Солтүстік шығыс Руське, 1239 – 1241
ж.ж. Оңтүстік Руське жасаған шабуылынан кейін Русь жерінде Монғол – татар
үстемдігі кезеңі басталды. Көбіне бұны Монғол империясының батыстағы ұлысы
болған, ХІІІ ғасырдың 60-шы жылдарынын бастап жеке мемлекет ретінде бөлініп
шыққан Алтын Орданың атымен байланыстырып – Алтынордалық билік кезеңі деп
атайды.
Орыс княздықтары Алтын Орда территориясының құрамына тікелей кірген
жоқ. Оның Ордаға тәуелділігі алым – выход (шығын) төлеумен және орыс
княздарын таққа тағайындауда алтынордалық хандардың жоғарғы
сюзеренттілігімен ғана шектелді Монғол жаулап алушыларының соғыстағы
жетістігі монғол әскерлерінің үлкен әскери күштері мен жауға қарсы күресте
күштерін біріктіруге тіптен әрекетте етпеген орыс жерлері княздарының өзара
қықысулары тікелей байланысты болды. Мұнымен бірге шетелдіктер үстемдігінің
бекуі және ұзақ уақытта сақталынып қалуына ежелгі орыс қоғамының дүние
танымындағы бір қатар ерекшеліктерге де байланысты болды. Монғол – татар
үстемдігінде орыс жерлері екіжарым ғасыр өмір сүрді. Манғол – татар
шабулымен бір тұста орыс жерлеріне батыстанда жау шапты.
Орыс жерлерінің солтүстік батысында ежелден Русь мемлекетімен тығыз
байланыста болған Балтық теңіз жағалауы халықтары (Латыш, Литве, Эстон,
Корель халықтарының ата-бабалары) өмір сүрді. Жылнамаларда бірқатар
тайпалар (чуд, яма, либь, литва) Руське бір кездер де алым төлепте тұрған
деп беріледі. Тарихшылар Балтық теңізі бойындағы тайпаларды екі топқа
бөледі – финоугорлар (эст) және балттар (ятвалтар, леткелдер, жмудьтар)
деп. Осы жерлерде кресшілердің ордендері ХІІ ғ. пайда бола бастады. Ал 1202
жылы Шығыс Балтық теңізі бойында епископ Альберт негізін қалаған орден
құрылып, ол 1237 жылы Ливоп деп атала бастады. 1198 жылы Сібірде пайда
болған Гевтон орденімен Ливоп ордені 1237 жылы бірігеді де өзінің жаулап
алу соғыстарын жалғастырады. Сол ордендердің Швед кемелері Нева өзенінде
пайда болған кезде монғолдар Киев түбінде тұрған болатын.
Неміс және Швед агрессиясына қарсы күрес қолбасшы және дипломат,
Русьтың ұлы мемлекеттік қайраткері Александр Невскийдің атымен байланысты
Александр князь Всеволд Болыное Гнездоның ұлы болатын. Ол өзінің билігін
Новгородке 1236 жылы княздық құрудан бастады. Осында Алексендрдың алдында
өте күрделі таңдау тұрды: Солтүстік – Шығыс Русьті Батуға қарсы күреске
аттандыру немесе кресшілерге қарсы күресу.
1240 жылы Руське Э.Биргер басқарған швед рыцарлары келді. Шведтер Нева
өзенінің сол жағасына түсіріледі, рыцарлардың бір тобы кемелерінде қалады.
1240 жылы 15-ші шілдесінде Новгород князьы Александрдың дружинасы шведтер
лагеріне жақындайды. Александр күтпеген жерден оларға шабуыл жасап, сан
жағынан басым болғандығына қарамастан жеңіске жетеді. Сол жеңісі үшін
Александрға Невский деген ат беріледі.
1240 жылы тамыз айында неміс рыцарлары Орыс жерлеріне тағыда шабуыл
жасап Избарск бекінісін, кейіннен Псковты да жаулап алады.
Бұл кезде Александрдың Новгородтағы жағдайы ауыр болды. Ол әскери
қимылдарға бөлінетін шығындардың көбейтілуін талап еткенімен, оған
Новгородтықтар келісім бермеді. Князь қаланы тастап Переяславльгекетіп
қалды, алайда көп ұзамай кресшілер шабуыл жасаған кезде новгород халқы
өтінішімен князьды қайта шақырып алады. Келген бойда Александр әскер жинап
Копорьені, Псков пен Изборскіні рыцарлардан азат етеді. Жас княздың
жетістігі орден басшыларының оған қарсы ең мықты әскери күшті бағыттауға
мәжбүр етті. Орден мен Алексендр әскері арасындағы шайқас 1242 жылы ерте
көктемде – 5-ші сәуірде Чуд көлінің жағасында болып, бұл оқиға тарихқа Мұз
қырғыны деген атпен енеді. Александар Невскийдің тапқыр да ұшқыр ойының
арқасында аса ауыр киінген кресшілер ери бастаған мұзға ығыстырылып суға
батырылады. Орыс әскерлері осылайша толық жеңіске жетеді де бұл жағдайдан
соң кресшілер орыс жерлерін жаулап алудан бастартады. Новгородтық Русь
өзінің тәуелсіздігін қорғап, территориясы мен теңізге шығу жолын сақтап
қала алады.
1250 жылы Александр Невский Ордадан ұлы княздық құру жарлығын (ярлык)
алады. Невский Ордамен бейбіт қатынас жасау саясатын жүргізеді. (басқа жол
болмағандықтан). Оның бұл саясатын зерттеушілер бірдей қолдамайды. Чуд
көліндегі жеңісінен кейін де Александрды Бату өз сарайында үлкен құрметпен
қарсы алған болатын. Бұл Александрдың беделін күрт өсіріп жіберді. Сондай-
ақ, Александрдың саясатын орыс шіркеуі де қолдады, себебі неміс рыцарлары
қол астына қарағанда орыс әскерлері котолик дінін қабылдауы әбден мүмкін
болатын.
Жалпы Монғол – татар шапқыншылығының салдары өте ауыр болды.
Археологтардың берген мәліметтеріне қарағанда 49 қала талқандалған, оның 14-
де қайта өмір сүрмеген, 15-сі селоға айналған. Бірнеше жылдан соң италяндық
Плено Карлини Киевте 200 дей қираған үй болғанын анықтады.
Қолөнердің құлдырауын да зерттеушілер әртүрлі мәлімдейді.
ХІІІ ҒАСЫРДЫҢ СОҢЫ – ХV ғ. БІРІНШІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ ОРЫС ЖЕРЛЕРІ
Алтын Орда үстемдігі орнаған соң Русьтың орталығы Сотүстік – Шығыс
және Сотүстік – Батыс Руське қарай ауысты.
ХІІІ – ХV ғ.ғ. Сотүстік – Шығыс Русьте 14 удельдік княздықтар
өмір сүрді. Олардың ішіндегі ең ірілері Суздаль, Ростов, Ярослав, Москва,
Тверь, Переяслов жерлері болатын. Орыс княздары бұл кезеңде де Владимерлік
дәуірде басталған ұлы княздық титулға таласын жалғастыра берді.
ХІV ғасыр ауыл шаруашылығын қалпына келтіру және өсуімен сипатталады.
Русь Орда шапқыншылығынан кейін өз - өзіне келе бастады. Егістік алқаптары
кеңейтіліп, астық егуде үш торапы егіншілік жүйесі кең тарады. Біріншіден
мал басы көбейе түсті, бұл жағдай жерді мал қиымен тыңайтуға мүмкіндік
берді. Егіншілікпен бірге балық аулау, аңшылық, мал шаруашылығы да дамыды.
Шаруашылық бірлігінің негізі феодалдфқ вотчина – княздық, боярлық,
шіркеулік болды. Вотчина қожайындары өз иелігіндегі жердің бір бөлігін
вассалдарына белгілі бір шартпен бере бастады. Жерді бұлай алу түрі
поместьелік деп аталды. Поместьені негізінен қызметі үшін бояр балалары -
дворяндар алды. Қара жерлерде, яни шаруа қожалықтарының иелігіндегі жерлер
сақталынды. Қауымдар өзі - өзі басқарып отырды.
ХІV ғасырда шаруалар термині пайда болды. Шаруалар жаңа тың жерлерді
игере бастады. Вотчиналық жерлерде өмір сүретін шаруалар оброк (қожасына
берілетін алым) және барщина (вотчина иесінің жерінде еңбек ету). Сондай –
ақ, қожалардың өз меншігі деп есептелген холоптарда өмір сүре берді.
ХІV ғасырда шаруалардың негізгі екі катигориясы өмір сүрді: Қара
шаруалар – феодалдарға тәуелді емес, өз селоларында қауым ішінде өмір
сүрді; феодалдарға тәуелді және феодалдық вотчиналарда өмір сүрген
жекеменшік шаруалары. Вотчинада өмір сүрген шаруа бір феодалдан екіншісіне
өте алатын болды.
Ауыл шаруашылығындағы экономикалық өсім қалалардың да өсуіне септігін
тигізді. Қалалар тұрғындары көбейіп, қолөнер өрлей түсті. Ішкі сауда мен
бірге сыртқы сауда да (Алтын Орда мен Қырыммен, Византиямен) дамыды.
Қала тұрғындары да, өз кезегінде, қара қол өнершілері және боярлар
иелігіндегі қолөнершілер болып екіге бөлінді. Қара қол өнершілер
мемлекетке салық төледі. Қол өнершілер артелдерге немесе дружиналарға
бірігіп, көбіне бір көше бойында өмір сүрді. Олардың өз шіркеулері, соттық
құқықтары болды. Көбіне саудагерлер мен қол өнершілер қала бекіністеріне
жақын орналасқан посадта өмір сүргендіктен оларды посад адамдары деп
атайтын. Қала тұрғындары өз жұмыстарымен еркін айналысуына кедергі болып
отырған княздардың өзара қырқысу соғыстарының тоқтауына, мықты княздық
билік пен жерлерді біріктіру саясатының жүргізілуіне аса мүдделі халық
болды. XIV ғасырларда монастырлық жер иелену өсті. Монастырлық және
шіркеулік жерлер мұрагерлер арасында үлестірілетін еді.
Осы кезде орыс жерлерінің ірі қолөнершілерінің бірі және орыс
жерлерінің тағдырына үлкен роль ойнаған мемлекет Ұлы Литва княздығы
болатын.
Литва жайындағы мәлімет ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz