Ежелгі Ресей территориясында халықтар мен мемлекеттер
Ежелгі Ресей территориясында халықтар мен мемлекеттер.
Жоспар:
1. ҮІ-ҮІІІ ғғ. Шығыс славяндардың тұрмысы, шаруашылығы,
сауданың, қолөнердің дамуы.
2.Орыс мемлекетіндегі алғашқы княздар және шіркеудің орны.
3. ІХ-ХІІ ғғ. Новгород, Киев мемлекеттерінің құрылуы.
1.ІІ-V ғасырларда орманды дала аумағының шығыс славяндар тайпаларының
тек шамалы бөлігінде ғана өндіргіш күштердің сол кез үшін жоғары
дамығандығы байқалады, осының өзі кейіннен заңды түрде ежелгі орыс
мемлекетінің негізгі ұйытқысы болған территорияда таптардың қалыптасуы
процессінің жаңадан ғана бастағаны туралы сөз қозғауға мүмкіндік береді.
Анттарға белгілі болған және олар көне тіс ағашты, сондай-ақ темір түрінде
қолданған жер айдау егіншілігі ІV-ІX ғ.ғ орманды аймақтың қалың ішінде
солтүстікке қарай тарады. Оңүстікте де, солтүстікте де қара бидай, бидай,
арпа, сұлы бұршақ, атбас бұршақ, тары өсірілді. Бақша дақылдарынан шалқан
отырғызылды. Техникалық дақылдар (зығыр, сора) егілді. Орманды аудандарда
бұрынғысынша егіншіліктің жерді ағаштан арылту жүйесі, яғни ормандағы
ағаштарды шауып, өртеп жібергеннен кейін тұқымды бірден жерге егу
қолданылып жүрді. Осының нәтижесінде алғашқы жылдары мол өнім алынып, ал
жердің құнарлығы кеткен соң қараусыз қалдырылатын. үй малдарынан сиыр,
жылқы, қой, шошқа, ешкі өсірілді.
Дәл сол кезеңнің аяқ шенінде жер-жердің бәрінде қолөнер дамыды.
Мамандар-ұсталар, құюшылар, алтын және күміс шеберлері, сәл кейінірек
қышшылар бөлініп шықты. қолөнершілер поселкелері құрылды. олөнер
шеберханалары кішігірім округтың ортасы болған қалашықтарда селолық
маңдарда және феодалдық қалалардың түйіні бола бастаған тайпалық қалаларда
шоғырланды. Орыс жерлерінің оңтүстігі мен оңтүстігінің арасында тарихи
қалыптасқан айырмашылық бірте-бірте жойыла бастады.
ІХ-ғасырда славяндар мекендеген жерлер едәуір кеңейді. Славяндар
Шығыс Европадағы ежелгі территориямен бірге солтүстік-шығыс угро-фин
тайпаларының жерлеріне (Ладоганың бойы жоғарғы Волга) қоныстанды және VІ-
VІІІ ғасырларда топ-тобымен қара топырақты өңірді отарлады. Печенегтердің Х
ғ. шапқыншылығына дейін славяндардың қолында егіншілікке өте қолайлы
оңтүстегі кең аумақты жерлер болды. қолөнер мен ауыл шаруашылығы жерді жеке
семьяның күшімен өндіруге мүмкіндік беретіндей дәрежеге жетті. Рулық қауым
көршілес қауымға айнала бастады.
VІ-ІХ ғасырлар бойына рулық-тайпалық байланыстар интенсивті түрде
ыдырай берді. Жеке семьялардың шаруашылықтық дербестігі берік топтасқан
рулық коллективтердің сақталып қалуы қажеттігін керек етпеді. Жеке
семьялардың күшімен жаңа жерлер жыртыла бастады. Рулық қауымнан шығып кету
мүмкіндігі туды, өзін рудан қол үзіп кетушілер өлім-жітімге ұшырау
қауіпінен қорықпады. қауымның рулық тұйықтығы бөтен рулардан шыққандарды
қабылдаудың, жаңа жерлерді елдену процессінің және қауымдарды
патриархальдық құлдармен толықтырудың нәтижесінде бұзыла берді. Сол кездегі
елді мекендерде салынған үйлердің көлемі шағын болуына қарағанда
славяндарда бір некелі семьялар қалыптаса бастаған. Ендігі жерде туыстық
негізінде біріккен жеке семьялық селолық (көршілік) немесе территориялық
қауымды құрастырды. Меншікті егістік жер учаскелерін жеке пайдаланған бұл
қауым мүшелерінің сонымен бірге қауымға тиісті жерлерді (жайылымдарды,
ормандарды және т.б.) пайдалану правосы болды. Рулық қарым-қатынастар
бәрінен де қалың орманды жерлерде ұзақ сақталды.
қауымның шеңберінде жеке меншік салты дамыды. Тазартылған жерге және
т.б. иемдену правосы пайда болды. VІ-ғасырдан бастап қаруға, жылқыға және
басқа мүлікке қойылатын меншіктің арнаулы таңбалар жүйесі жасалды.
Византияға жасалған жорықтар славяндардың алғашқы қауымдық
қатынастарының ыдырауына ықпалын тигізді, өйткені бұл жорықтар кезінде
оларға қатысушылардың бір сыпырасы, әсіресе тайпа шонжарлары-княздар мен
боярлар болып байитын.
Византияның VІ-VІІ ғасырлардағы деректерді ІV-VІ ғасырларда славян
княздарының есімдерін сақтап қалды. Кейбір жағдайларда князьдің әкесінің
аты аталды, мұның өзі биліктің мұрагарлікпен берілетінін көрсетуі мүмкін.
Осы деректердің өзінде славяндардың еліне айдап әкетілетін тұтқындар туралы
және оларды сатып алу туралы хабарлар бар. Сәтті жорықтар княздар мен
боярлардың жағдайын нығайта түсіп отырғаны даусыз. Рулық тайпаның ішінде
мүліктік жіктелу арта түсті. Тайпаның тұрақты жасағы бөлектеніп отырды,
оның мүшелері экономикалық және әлеуметтік жағдайы жөнінен өздерінің рулас
жамағаттарынан барған сайын ерекшелене түсті.
Егшіншіліктің дамуы, қолөнердің егіншіліктен бөлініп шығуы,
қауымдардың ішінде рулық байланыстардың ыдырауы, мүліктік теңсіздіктің
ұлғая түсуі, жеке меншіктің дамуы тайпалық князьдықты басқару аппаратының
қабаттаса түсуі, сондай-ақ боярлардың күшеюі, міне мұның бәрі өндірістің
феодалдық жаңа әдісінің тууын демек, ерте феодалдық мемлекеттің қалыптасуын
әзірледі.
2.Клерикалды тарихшылар христиандықты пұтқа табынушылыққа барынша қарама-
қарсы қойып, халықтар надандықта болған христиандыққа дейінгі кезеңді
қара түнек ғасырлары, ал христиандық олардың өмірлерін нурландырдың деп
санады.
Христиандықты пұтқа табынушылыққа қарама-қарсы қоюға болмайды, өйткені
бұлардың екеуі де алғашқы тұрмыстық идеологияның екі формасы, екі түрлі
сырт көрінісі ғана болып табылады.
988 жылға таман Владимирдің өзі шоқынды, өз боярларын шоқындырды және
жазалаумен қорқытып, киевтіктерді және жалпы барлық орыстарды шоқынуға
мәжбүр етті.
Русьте шіркеудің ұйымдасуы былай болды: оның басында Константинополь
тағайындайтын немесе Киев князының өзі тағайындап, кейіннен епископтар
соборы сайлайтын Киев метрополиті тұрды. Ірі қалаларда үлкен округтың —
ерархияның барлық шіркеу істерін епископтар басқарды. Жеке князьдықтардың
оңашалануына байланысты әрбір князь өзінің қол астында өз епископының
болуын қамтамасыз етуге тырысты.
Егер шіркеуге шақыратын болса, онда “есінеп, қасынып “жаңбыр сіркіреп
тұр, күн суық” деп ұйқылы-ояу жауап береміз немесе сол тәрізді басқа
бірдеңе айтып, жалтарамыз”.
Шіркеу өз өнерін қалыптастыра отырып, шіркеулік емес ойын-ермекке,
мүдделерге үнемі дүрсе қоя беріп отыртын: “Музыка — гуслилер, флейталар,
тамбуриндер болатын кешті асыға күтушілердің... гуслидің, ойынның, бидің,
әннің қандай зиян екенін ескертті.
Шіркеудің жоғарғы өкіметі — епископтар мен митрополит, әдеттегі поптар
мен дьяктардың өзгеше қара діни адамдар деп аталатын монахтардың арасынан
ғана сайланатын.
Киев-Печора сияқты (XІ ғ. ортасында құрылған) кейбір орталық монастырлар
бейне бір діни академияларға айналды, бұларға мансапқа ұмтылған көрнекті
шонжар балалары құлшына түсетін. Мұндай монастырлардың жақсы кітапханалары
болды; мұнда жылнамалар, уағыздар жазылып шығарылды, монастырлардың ішкі
оқиғалары жазылып отырды.
Орыс шіркеуі XІ—XІІІ ғғ. Русьтің тарихын-да күрделі және көп қырлы роль
атқарды. Бір жағынан феодализмнің қаулап үдемелеп даму кезеңінде орыстың
жас мемлекеттігін нығайтуға көмектескен ұйым ретінде шіркеудің пайда
тигізгені даусыз. Орыс мәдениетін дамытудағы Византияның мәдени
байлықтарына қоса ағартушылықты таратудағы және ірі әдеби де керкем
туындылар жасаудағы ролі де даусыз.
3.Киев – Русь және Новгород мемлекеттерінің құрылуы.
3.ІX—X ғғ. ежелгі орыс мемлекетінің саяси құрылысын ерте феодалдық
монархия ретінде сипаттауға болады. Мемлекеттің басында ұлы князь деп
аталған Киев князы тұрды. Русьте уақытша билік жасаған кейбір князьдар,
мысалы, Новгородтың князы Рюрик (ІX ғ. екінші жартысы) немесе Олег (ІX ғ.
аяғы — X ғ. басы) орыс жерлерінде билікті басып алған, шыққан тегі варягтар
болды. Русьтің атын сарматтардың Роксалан тайпасынан шығарды. Русь
мемлекеті шығыс словяндар мекендеген 15 ірі аймақтан құрылды. Киевтің
айналасында ертеден -ақ поляктар тұрды.
Киевтің князы өзге князьдар мен жасақшылардан құрылған кеңестің (боярлар
думасы) көмегімен басқарды. Жасақ ересек (боярлар, ерлер) және кіші (кіші
князьдық, бала жігіттер және балалар жасағы) болып бөлінді. Сот жүргізуді,
салық және сот, баж алымын жинауды мечниктер, вирниктер, емецтер және
басқаша аталатын князь жасақшылары жүзеге асырды.
Жасақшылардың көмегімен князьдар халыққа жүргізетін билігін нығайтты және
ежелгі орыс мемлекетінің территориясын кеңейтті. Жасақшылар князьдардан
ежелгі орыс мемлекетінің құрамындағы тұтас территориялардың халықтарынан
табыс табу (салық ретінде) правосын алатын. Феодалдық қатынастардын
дамуымен жасақшылардың басым бөлігі бар-ған сайын жер иелері бола бастады,
олар ез иеліктерінде шаруашылықты езгіге түскен шаруалардың еңбегін қанау
жолымен жүргізді.
қалаларды князьдың посадниктері басқарды, ал олардың аса ірілерін
басқаратын мың басы мен жүз басы қызметтері болды, мұның өзі полктардың
әскери бөлінуіне (аса ерте заманда шыққан) сай болса керек.
Киев князының қолында халыққа билік жасау жүйесін ұйымдастыру, сондай-ақ
мемлекеттің шекараларын кеңейту және оны қорғау үшін қажетті елеулі әскери
күш болды. Бұл әскери күш вассалды князьдар мен боярлардың әскерлерінен
және әрдайым князьдың маңында болатын оның меншікті жасағы-нан тұрды.
Ерекше жағдайларда анағұрлым мол халық жасағы жиналды. Мұнда алыстағы
жорықтарға, сондай-ақ оңтүстіктегі көшпелілердің салт атты отрядтарымен
күресуге жарамды атты әскерлердің ролі үлкен болды. Князь Святославтың
Балканға жорықтары кезінде 60 мың әскер жинағаны мәлім.
Ежелгі Русьте өзендер мен қара теңізде әрекет жасаған үлкен қайықтардан
құрылған елеулі флот та болды
ІХ ғасырда Ирандық географ Ибн-Хардад Бех Русьтер дегеніміз
словяндардың тайпасы деп көрсетті.
Русь мемлекетінің құрылуы фоедалдық қатынастар мен феодалдық қоғамның
антогонистік топтары қалыптасуының ұзақ процесінің заңды түрдегі
қорытындысы болып табылады. Русьтің астанасы Киев қаласы болғаны анық.
ХІІ ғасырда анағұрлым дамыған орыс жерлерінің бірі Новгород жерінде
княздық монархияларда өзгеше ерекше бір саяси құрылыс қалыптасты. Ильмен
және чудь көлінің аралығында, Волхов, Ловать Великая, Молого және Мете
өзендерінің бойында жатқан жерлер Новгород, Псков жерінің ежелгі кіндігі
болатын. Новгород республикасы жүйесінде ерекше автономиялы жағдайы болған.
Псковта қолөнер мықтап дамыды. ХІІ ғасырдың ІІ жартысында Псков іс жүзінде
дербес феодалдық республика болды.
ХІ ғасырдан бастап Новгород Корелияның Подвиньеенің Прионежьені және
кең байтақ солтүстік Приморьені жедел иемдене бастады. Сөйтіп бұлар
Новгородтың отарларына айналды. ХІІ-ХІІІ ғасырларда мұнда Новгородтық
шонжарлардың ірі вотчиналық иеліктері болды.
ХІІ ғасырда Новгород Русьтегі ең ірі және анағұрлым дамыған қалалардың
бірі болды. Новгород жерінде боярлық, ал одан соң шіркеулік ірі жер иелену
ерте қалыптасып, үстемдік құрды.
Новгородтың ХІІ-ХІІІ ғасырларда саяси тарихы тәуелсіздік жолындағы
күрестің халық бұхарасының антифеодалдық қимылдарымен және боярлар
топтарының арасындағы билік үшін күрестің шиеленіскен күрделі жағдайымен
ерекшеленеді. 14-15 ғасырларда ежелгі орыс халықтары негізінен туысқан үш
халық ұлы орыс халықы, Украин және Беларусь халықтары шығады. Ежелгі ұлы
орыс халықтарының территориялық орталығы Владимир Суздаль және Новгород
жерлері еді. Солтүстік Шығыс Русьпен Новгород-Псков жерлерінің, сондай-ақ
Смоленск мен черников князьдықтары жерінің бірқатар бөлігінің Москва
төңірегіне бірлесуіне байланысты ежелгі орыс тайпаларының диалектикасы
негізінде орыс тілі мен мәдени ерекшеліктері пайда бола бастады.
XІІІ ғ. Ресейдің басқыншыларға қарсы күресі.
Жоспар:
1. Батый ханның Ресей жеріне шапқыншылығы.
2. Ресейдің Алтын Ордаға тәуелді болуы.
1.Шынғыс хан 1207 жылы Ертістің бассейінімен одан әрі батысқа қарай
’’Монғол атының тұяғы тиетін жерді’’ ұлыс ретінде үлкен баласы Жошыға
беруімен Европаға қарай шапқыншылық жорықтарының жоспарын белгілеген еді.
ХІІІ ғ. 30 жылдарына дейін қытай мен Азияда соғысқан Монғол татарлар
болашақ ұрыс майданында пәрменді түрде стратегиялық барлау жүргізді.
Европалық елдердің саяси жағдайы, экономикалық және әскери потенциялы
жөнінде деректер жинады.
1223 ж. Жебе мен Сүбедейдің 30 мыңдық отряды Шығыс Европаға барлау
жоспарына аттанып, Оңтүстіктен Закавказье арқылы қыпшақтардың даласына
еніп, Волга мен Днепр арасында көшіп қонып жүрген қыпшақтар ордасының бірін
күл талқан етті. Бұлардың үрейі қашып қалғандары Днепрдің арғы бетіне өтіп
кетті. Днепрдің төменгі сағасының батыс жағында көшіп-қонып жүрген қыпшақ
хандары орыс князьдықтарынан көмек сұрады. Олар Киевте жиналған съезінде
қыпшақтарға көмек көрсетуді ұйғарды, сөйтіп олармен қосылып, монғолдарға
қарсы шықты. Бұл Батудың шапқыншылығы қарсаңында орыс князьдықтарының
көпшілігі қатысқан соңғы әскери қимыл еді. Бірақ феодалдық қырқыстардың
салдарынан сол кездегі Русьтің ең күшті князьі Юрий Всевалодович
Владимрский жорыққа қатыспады. 1223 ж. 31 майда Калка өзеніне таяу жерде
біріккен орыс қыпшақ әскерлері монғол татарлардың негізгі күштерімен
кездесті. Бірыңғай басшылықтың болмауы, қимылдың үйлестірілмеуі және
князьдардың тіпті ұрыс үстінде қырқысуы, орыс полктары мен қыпшақтар үшін
шайқастың қайғылы аяқталуының бірден бір себепшісі болды. Калканың
жағасынан Руське орыс әскерлерінің 110 бөлігі ғана оралды. Русь бұрын
соңды мұндай ауыр жеңіліске душар болған жоқ еді.
Монғолдар орыс жасақтарының қалдықтарын Днепрге дейін қуып келді,
бірақ бұл шайқаста сиреп кеткен күшпен Русьтің ішіне басып кіруге олардың
дәті бармады. Шыңғыс ханның негізгі күштерімен қосылу үшін шығысқа қарай
шегінген Сүбедей Волга Болгариясының жеріне кіріп кетпек болды, бірақ ол
сәтсіздікке ұшырады. Алайда қыпшақтар мен Русьтің күшін әскери барлау
жөнінде отрядтің алдына қойылған негізгі міндеті орындалды.
20 жылдардың аяғында 30 жылдардың басында Монғолдар бір ғана Жошы
ұлысының күшімен қыпшақтардың, аландардың, башқұрттардың және Волга
Болгариясының жерін басып алуға әрекеттенді, бірақ ол сәтсіз болып шықты.
Сондықтан 1235 жылғы қарақорымдағы құрылтайда Европа елдерін басып алу үшін
Батысқа жалпы монғолдық жорық ұйымдастыру ұйғарылды. Жорықтың басына
Жошының ұлы Бату хан қойылды, оның кеңесшісі Сүбедей болды. Монғолдар 1236
жылы екпінді шабуылға шығып, Еділ болғарларынын тас-талқан етті. 1237 жылы
көктемі мен жазында Волга мен Дон өзенінің аралығындағы қыпшақ жерлерін
бағындырды. Орта Волгада буртастар мен мардваның жерлерін жаулап алды. 1237
жылдың күзінде Батудың негізгі күштері солтүстік-шығыс Руське баса көктеп
ену үшін Варонеж өзенінің жоғарғы сағасына шоғырланды. Русьте дайындалып
жатқан шабуыл жөнінде білмеулері мүмкін емес еді. Бірақ өз қырқыстарымен
басы қатқан князьдар ортақ жаудың алдында күш біріктіру үшін ештеңе
істемеді.
2.Бату Руське 120-140 мың жауынгерлерімен аттанды (олардың 40-50 мыңы
ғана монғол-татарлар еді, қалғандары бағындырып алған елдердің жауынгерлері
болды). Бытыраңқы княздіктердің Бату әскерлеріне қарсы тұруы оңай емес
еді. Әскери күш жағынан монғол-татарлар артық болатын. Әсіресе монғол-
татарлардың атты әскері қуатты еді. Батудың соғыс өнерінде бұрыннан
пайдаланып келе жатқан қала бекіністерін бұзатын жеңіл құралдары болды.
Русь сол кездегі Европа мен Азияның басқа да бытыраңқы феодалдық
мемлекеттері сияқты қатаң тәртіппен және бірыңғай команда берудің астында
топтасқан монғол-татардың атты әскерлеріне төтеп беріп, қарсы тұратындай
сан жағынан пара-пар келетін қарулы қол шығара алмады.
Бүкіл Русь 100 мыңнан аса жауынгерлер шығара алар еді, бірақ
князьдардың араздығы мен қырқыстары жағдайында елдің бар күшін біріктіру
тіпті де мүмкін болмады. Князьдардың салт атты жасақтары, қару-жарағы және
жауынгерлік сапалары жағынан монғолдардың атты әскерлерінен басым болды,
бірақ олардың саны аз еді. Өйткені князьдықтардың негізгі қарулы күштері
қару-жарағы ірі әскери дағдылары жағынан монғолдардан кем болған қала мен
село жасақтарынан құралды. Сан жағынан басым болуы, мұның өзі далалық жер
жағдайында монғолдардың атты әскерлеріне көп артықшылықтар берді. Орыс
князьдарын негізінен қалаларды табандылықпен қорғап жауды әлсеретуді
көздеген қорғаныс тактикасын қолдануға мәжбүр етті. Бірақ орыс қалаларының
азын-аулақ қорғаушылары бар ағаш қамалдары феодалдық қырқыстар негізіндегі
дұшпанның онша көп емес отрядтарының қаланы қоршап алып, әбден титығына
жетуді көздеген енжарлық қимылдарына қорғаныста ұзақ отырумен төтеп беруге
ғана жарамды болды. Бірақ қытайлардан алғаш қорған бұзғыш күрделі техниканы
пайдаланған және қамалдардың қорғаушыларын әлсіретпек үшін үздіксіз шабуыл
жасау тактикасын қолданған монғол-татарлардың қалың қолына ұзақ уақыт бойы
төтеп бере алмады.
Бұл құралмен орыс қалаларының ағаштан салынған бекінісін бұзу қиынға
түспейтін, бұған қосымша Бату әскерлері соғыс жүргізудің неше түрлі
әдістерін меңгерді. Сөйтіп жолындағының бәрін жайпаған Бату 1237 жылдың
қысында қалың қолын Еділ өзенінен Рязань қаласына келіп жетті. қыста шабуыл
жасауды күтпеген Рязаньдықтар айтарлықтай қарсылық көрсете алмады. Бес күн
бойы монғол-татар әскерінің шабуылына тойтарыс бергенімен басқа жақтан
көмек келмегендіктен Рязань қаласы жау қолына көшті. Келесі кезек орыстың
ірі Владимир, Суздаль княздігіне жетті. Мәскеу қаласын алды.
1238 жылы 4 ақпанда Бату Владимир қаласын қоршайды қала халқы
айтарлықтай ерлік көрсетеді. Бірақ үш күннен арыға шамасы келмеген қаланы
қорғаушылар жеңіліс табады. Монңғол-татар әскері осылайша Ростов, Суздаль,
Ярослав, Кострома, Углич, Тверь сияқты 14 қаланы бағындырып, Владимир
княздігінен Новогородқа қарай бағыт алды. Бірақ көктемнің ерте шығуы
орманды және батпақты Новгород жері алға қарай жүруге қиындық туғызады.
Және монғол-татар әскерлерінің де ұзақ соғыстан қажығаны сезіледі.
Сондықтан Бату әскерлері оңтүстікке қарай бұрылады.
Жолында кездескен қалалар мен ауылдарды жаулап алып, 1240 жылы Киев
қаласына жетеді. Киев қаласын қорғауды Даниел мен Дмитрий княздері өз
қолдарына алады. қала бекінісін бұзып кіру монғол-татар әскерлеріне оңайға
түспеді. Киев қаласы сегіз күн қарсылық көрсетеді. Күштің тең болмауы
княздердің дер кезінде күш біріктіре алмауы Киевтің жеңілуіне әкеліп
соқтырады. Монғол-татар шапқыншылары Киев қаласын талқандап, ежелгі
ескерткіштердің көбін жойып жібереді. Бірақ Бату хан князь Дмитрийдің
ерлігіне риза болып өлтіртпейді. Киев қаласын алғаннан кейін Бату әскерлері
Галич-Волынь княздігіне аттанады. Батый орыс жерін жаулап алғаннан кейін
Польшаға, чехия мен Венгрияға баса көктеп кіреді. Алайда бірнеше жылға
созылған жорықтардан әбден қажыған Бату әскерлері Европа елдеріне одан ары
кіре алмайды. Бату әскерлері Еділ өзенінің төменгі сағасына оралып, осында
1243 жылы Сарай-Бату қаласын салғызады. Алтын-Орда мемлекетін құрады. 1240-
1280 жылдар аралығында орыс жеріне монғол-татар үстемдігі орнайды. Бату
өзіне арнап астана салдырып, сарай тұрғызғанымен уақыттың көбі ұлан байтақ
қазақ сахарасындағы жайлауларда өткізеді. Алтын-Орданың астанасы алғашқы
кезде Бату қаласында (қазіргі Астрахан маңында) болса кейінірек Сарай
Беркеге көшіріледі.
ХІІІ-ХІҮ ғғ. Ресей.
Жоспар:
1. Москва княздігінің саясаты. Иван Калита.
2. Куликова шайқасы және ерекшелігі.
3. Тоқтамыстың Москваға жорығы.
1.Князь Иван кезінде Москва князьдығы Солтүстік-Шығыс Русьтегі ең ірі
әрі күшті князьдық болды. Иван Калитаның тұсында орталықтандырылған
мемлекетті құруда үлкен роль атқарған Москва ұлы князы өкіметінің шіркеумен
тығыз одақтасуы қалыптасады. Калитаның одақтасы митрополит Петрдің өзінің
резиденциясын Владимирден Москваға көшіруімен (1326 ж.) соңғысы бүкіл
Русьтің шіркеу орталығына айналды, сөйтіп оның өзі Москва князьдарының
саяси позициясын анағұрлым нығайтты.
Ордамен қарым-қатынаста Калита Александр Невский белгілеген хандарға
сырттай вассалдық бағыныштылық тәртібін, алым төлеудің дұрыстығын, оның өз
князьдығында толық тоқтатылған, Руське жаңа шабуыл жасауға жол бермеу
бағытын ұстады, “40 жыл бойғы тыныштық қандай жақсы, орыс жерлерін жаулап
алудан, шаруаларды күйзелтуден не түспек, тұрмыстың ауыртпалығын бастан
өткізген кедейлер, татар басқыншыларынан аулақ тыныш өмір сүрсін
де...”,—деп жазды жылнамашы Калитаның князьдық еткен кезіне баға бере
келіп. Орыс жерлері экономиканы қалпына келтіріп, өркендету үшін,
езушілікті жою жолында алда тұрған күреске күш жинап алуға қажетті тыныс
алды. Калита өзінің бар қаталдығымен және қайсарлығымен барлық орыс
жерлерінен алым жинауы Москва князының қолына едәуір қаржының жинақталуына
мүмкіндік берді. Сөйтіп оның Новгородқа және орыстың басқа да жерлеріне
саяси қысым жасауына жол ашылды. Калита қару күшіне сүйенбей-ақ өзіне
қарайтын жерлердің территориясын бай сыйлықтары үшін ханнан жеке жерлерге
(Галич, Углич, Белоозер) берілген жарлықтар — купель есебінен кеңейте
білді. Калитаның князьдық құрғанын қорытындылай келе К.Маркс Москваның
негізінен Калитаның тұсында күшейгендігін атап көрсетті. Калитаның баласы
князь Семен Иванович (1340—1353) “бүкіл Русьтің ұлы князі” деген атақ алуға
ұмтылды, сөйтіп өзінің өктемділігімен және басқа князьдарға тәкаппарлықпен
қарағаны үшін “Гордый” деген атақ алды.
2.1380 жылдың жазында Орданың барлық күшін жинап Қырымдағы
отарларының Орда вассалы солтүстік Кавказбен Поволжье хандықтары жалдамалы
отрядтарымен күшейген Мамай Рязань княздығының оңтүстік шекараларына басып
еніп, одақтас ұлы Литва князі Ягайло мен Рязань князі Олегтің күшінің
қосылуын күтті. Батыйдың қырып-жоюшылық зардаптарының қайталану қаупі
төнген Русьтің бүкіл орыс халқы басқыншыларға қарсы күреске көтерілді.
Мамай әскерлеріне жалпы орыстар тойтарысын ұйымдастыруда, Русьті саяси
жағынан біріктіруде Москваның алғашқы табыстарының маңызы өте жоғары болды.
Москваға қысқа мерзімнің ішінде шаруалар мен қолөнершілерден орыс
жерлерімен княздықтарының бәрінен дерлік полктермен жасақшылар жиналды.
Борянскмен Полоцкіден өз полктерімен тіпті Олегтің ұлдары да жетті, ал
мұның өзі Литва ұлы княздығының құрамына кіретін батыс-орыс жерлері
мүддесінің тығыз байланысының сақталғанымен бірлігінің айғағы еді. Мамаймен
күресуде Москваға жау Тверлік, Нижегородтық және Рязандық княздер, сол
сияқты ұлы Новгородтты басқаратын боярлар ғана бас тартты.
Москва князі Дмиттрийдің туы астына жиналған орыс жауынгерлерінің
жалпы саны 100-120 мың әскер болатын (Мамайдың қарамағындағы әскердің саны
да осы шамалас). “Өмір бақи орыс княздарымен жергілікті воеводалардың күші
осыншалықты зор болмаған еді”,-деп жазды жылнамашылар. Ойдағыдай
ұйымдастырылған барлау жұмыстарының нәтижесінде Мамайдың аттануымен жоспары
Москваға дер кезінде мәлім болып отырды. Дмитрий Иванович Мамаймен Ягайло
жасақтарын біріктірмей, бірінші соққыны негізгі қарсыластарына беруге бел
байлады. Тамыздың аяғында Донды бетке алған орыс әскерлерінің Коломна
арқылы жүріп өткенін білген Ягайло, қарсы жақ жасақтарының сан жағынан
көптігінен сескеніп асығыс кері қайтты. Істің артын бағып отырған Рязандық
Олегтің де осыған орай Мамайға қосылуға батылы бармады. 1380 жылы
қыркүйектің 7-нен 8-не қараған түні орыс жасақтары Доннан өтіп Куликованың
кең даласында, Непрядва өзенінің Донға құяр тұсында үлкен әскери бекініс
жасады. Бұл арада татарлардың тылдан шабуыл жасау қылығын іске асырмау да
ескерілген болатын. Мұнда орыстың негізгі күштерінен тыс Куликоваға таяу
жерде тәжірибелі қолбасшы Дмитрий Боброк-Волотнецпен Серпуховтық князь
Владимир бастаған аса қуатты “Тосқауыл” полкіде орналасқан болатын. 1380
жылғы 3 қыркүйекте талай мемлекетпен халықтардың тағдырын шешкен,
ортағасырдағы ең ірі соғыс Куликова шайқасы болып өтті. Соғыстың алғашқы
тұсында татарлар алғы саптағы орыс әскерлерін түгелге жуық қырғанмен,одан
кейінгі негізгі жасақтар тарапынан күшті қарсылыққа кезігіп, олардың
тегеурініне төтеп бере алмай қалды. Енді Мамай өзінің атты әскерімен
Непрявда өзеніне қарай қусырылған сол жақтағы орыс полкінің соңына түседі.
Осы кезде тасада тұрған орыс тосқауыл полкінің жасақтары татарлардың ту
сыртынан шабуыл жасайды. Соққының күштілігі сонша, татарлардың атты әскері
қарсыласуға шамасы келмей кейін шегінеді. Сөйтіп шабуылға көтерілген басқа
да орыс жасақтарынан татар басқыншылары біржола талқандалады. Мамайдың өзі
аман қалған азын аулақ әскерлерімен әзер қашып құтылады. Куликово
даласындағы жеңіс орыс халқына оңайға түскен жоқ. Бұл қырғында көптеген
таңдаулы полктер мен мыңдаған жасақтар, диқандар мен қолөнершілер мерт
болды. Халық езгіден біржолата азат етілмесе де жау әскерлерінің
талқандалуы үлкен жетістік еді. Татар-моңғол шапқыншылары шешуші соққыға
ұшырап “бүкіл Орданың” жеңіліс дегенді білмейтіні жөніндегі аңыздың күлі
көкке ұшты. Сондай-ақ негізгі Орда жасақтарының күйреуі феодалдық
құрылыстың ыдырауымен Алтын Орданың жалпы әлсіреуін тездетті. Оның үстіне
бұл жеңіс Москва қаласының бүкіл орыс жерінің басын біріктірді. Москва
князі Дмитрий Иванович те осы жолы өзінің аса көрнекті қолбасшы екеін
танытып Куликово даласындағы жеңісі үшін Донскойң деген атаққа ие болды.
3.Куликово шайқасында жеңілген Мамай Уфаға қашып, барған жерінде
өлтіріген соң, Алтын Орданың билігі Ақ Орда ханы Тоқтамыстың қолына көшті.
Екі бірдей Орданың күшіне ие болған Тоқтамыс 1382 жылы күтпеген жерден
Руське шабуыл жасады. Рязань князі Олег оған Ока өзенінің өзі білетін
өткелі арқылы Москвалық бақылаушыларға білдірмей Москваға өтуіне құпия
түрде көмектесті. Хан әскерінің суыт келе жатқан хабары Москваға кеш жетті.
Дмитрий Донскойда хан жасағына қарсы тұрарлықтай күш жоқ еді. Кулиководағы
соғыстан саң әскер қатары селдіреп қалған еді. Сондықтан ұлы князь жаңа
жасақ жабдықтау үшін Еділдің сол жағалауындағы қалаларға аттанды. “Жау келе
жатыр” дегеннен үрейі ұшқан Москва феодал шонжарлары сасқалақтап қаладан
қаша бастады. Астананы қорғау қарапайым тұрғындар мен Кремльді қорғауға
келген қалаға жақын деревнялар мен селоларда тұратын шаруалардың үлесіне
қалды. қалада феодал шонжарларға қарсы көтеріліс бұрқ ете қалды. Олар
қашпақ болған феодал шонжарларды тұтқындап дүре соғып дүние мүлкін қала
халқына бөліп берді. қаладан кетуге тек метрополит Киприану мен ұлы
князьдың семьясына ғана рұқсат етілді. қалада тәртіп орнатылып Москвалықтар
жауға соққы беру үшін Кремльге жиналды. Монғол шапқыншылары Кремльді
қоршауға алысымен ақ орыстың бірінші құймалы зеңбірегі сынға түсті.
Москвалықтар күші басым жау тегеурініне бірнеше күн бойы қарсылық көрсетіп
бетін қайтарып отырды. Тоқтамыс хан тек өз қоластында жүрген Нижегородтық
екі князьдың опасыздығы арқасында Кремльге кірді. Князьдар Кремльді
қорғаушыларды Тоқтамыстың достық ниетпен келгендігіне сендіріп қақпаны
ашуға көндіредің. Одан соң моңғол татарлар Москваны өртеп халқын қырып
салады. Өрт кезінде көптеген кітаптар, құнды қолжазбалар жойылды.
Москваны алған Тоқтамыс енді қала маңындағы жерлерге ауыз сала
бастады. “Көп жасақпен Д. Донской келе жатыр” деген хабарды естіген соң
асығыс Ордаға қайтады. Алайда Тоқтамыстың осы шабуылының нәтижесінде Д.
Донской Ордаға Батый хан, Өзбек хан кезіндегідей болмаса да бірнеше
дәрежеде алым салық төлеп тұруға келіседі. Кулиководағы шайқастан соң Алтын
Орда да орыс жеріне бұрынғыдай үстемдік етуден қалып Москваның Русьтегі
саяси басшылығын мойындауға мәжбүр болады. Д. Донской қайтыс болар алдында
Москва князьдарының билеушісі ретінде өзінің үлкен ұлы Васйлий 5
Дмитриевичке Владимир ұлы князьдығын мұраға беру арқылы бұдан былай бұл
өлкеде хан үстемдігінің жүрмейтінін дәлелдеді. Сөйтіп Владимир князьдығының
оған байланысты Русьтегі ақсақал князьдығының титулын да Москваға қосу
процесі аяқталды.
1480 жылы Алтын Орда ханы Ахмет хан поляк Литва королі ІV Казимирмен
одақтаса отырып Москва князын қайтадан алым-салық төлеп тұруға мәжбур ету
үшін Орыс жеріне баса көктеп кірді. Москва ұлы князы Ахмет ханның жауы
Казимирдің Украинадағы жасақтарына соққы берген қырым ханы Меңлікереймен
шарт жасап, одақ құрды, сөйтіп Ахмет ханның жолын кесті. ІІІ- Иван
қарамағындағы уделдік княздар бүлігінде басып тастап отырды. Ахмет ханға
Казимирден көмек келмей 1480 жылы және Угра өзенінен өте алмай моңғол татар
әскерлері кері қайтты. Алтын Орда мемлекеті ыдырағаннан кейін қырым, қазан,
Астрахан хандықтары болып жеке хандықтарға бөлінді. Олармен соғыс ұзақ
жылдарға созылды.
ХҮІ-ХҮІІ ғғ. қарсаңындағы Ресей.
Жоспар:
1. ІҮ Иванның билікке келуі және оның жүргізген саясаты.
2. Ресейдегі шаруалар көтерілісі және дүбірлі кезең “Смутные Времена”
3. Интервенттерге қарсы К. Минин мен Д. Пожарскийдің көтерілісі.
4. Поляк әскерлерінің басып кіруі.
5. С. Разин бастаған шаруалар соғысы.
1.ІV Иванның патшалық құруының басталуы бұрыннан жиналып, қалыптасып
қалған тап қайшылықтарың ашықтан-ашық шиелінесе түсуімен тұспа-тұс келді.
1547 жылы шілдеде Москвада орасан зор өрт болды, қала түгелдей өртеніп
кетті. Мыңдаған адам отқа өртеніп түтінге шашалып өлді. Жас патша тұсында
“Таңдаулы Рада” атты өкімет құрылды. Боярлардың үстемдегіне қарсы
наразылықтан дворяндар тарапынан реформаға қажеттілік бар еді. Пересветов
мықты патша билігін қолдап, тұрақты әскердің болуын қалады. “Таңдаулы Рада”
әртүрлі феодалдық таптан тұрды. Басшысы Алексей Адашев дворян шіркеу
қызметкері Макарий, сарай шырақшысы Сильвестр және княз Курбский болды.
1549 жылы Москвада болған жиында, Дворяндар бояр наместниктердің билігі
(сотынан) азат етілгенін жариялады. 1550 жылы “Судебник” жарық көрді. Онда
боярлардың билігі соттағы сияқты басшылықта да шектелді. 1555-1556 жылдары
жергілікті басқаруда губалық старостат және земстволыққа дворяндар
тарапынан сайланды. Шіркеудің жаңа жерлерді сатып алуы тоқтатылды. Боярлар
билігі тұсында тартып алынған жерлер мемлекетке берілді. 1550 жылы тұрақты
әскер құрылып, ол патшаның бақылауында болды.
1550 жылдардғы реформалар Ресей мемлекетін әскери күш жағынан дамытты.
Бұл ІV Иванға сыртқы саясатта батыл әрекеттерге баруға жол ашты. 1502 жылы
Алтын Орданың құлауымен пайда болған ұсақ хандықтар бірнеше рет орыс
жерлеріне шабул жасады. Әсіресе қазан хандығы Ресейдің орталық қалаларына
жорық жасап тонаумен айналысты. 1552 жылы орыс әскерлері қазан қаласын,
одан кейін 1556 жылы Астрахан қаласын басып алды. Бұл хандықтардың
алынуымен 300 жылдық Татар-моңғол езгісі жойылды. Солтүстік Кавказдан
Сібірге дейінгі жерлер Ресейге қарады. Башқұрттар, Ноғай хандығы өз
еріктерімен бодадықты қабылдады. ІV Иван бірнеше рет қырымға қарсы сәтті
жоықтар ұйымдастырды. Осы жорықтардан кейін қырым хандығының шабулы
тоқтатылды.
Тағы бір Ресейдің сыртқы саясатындағы ең басты әрекет Балтық теңізне
шығуы болды. Ресейге осы кезде басты бөгет Ливон ордені болды. Кез келген
орта ғасырлық мемлекет үшін теңіз жолдары маңызды транспорт көзі болды.
1558 жылы ІV Иван солтүстік батысқа жорық жасап, Ливон соғысын бастады.
Алғашқы кезде соғыс Ресей үшін сәтті болды. Кейінен Ливондықтарға Шведтер,
поляк, литва, дания, әскерлері көмекке келді. Ресей әскерлері 1563 жылы
Полоцк қаласын алды. Ірі әскери шығындар елдің ішкі жағдайына әсер етті.
Феодалдық аристократия ІV Иванның саясатына наразылық білдіріп,
қиыншылықтарды патшаға қарсы пайдаланған Таңдаулы радаң өкіметі тарап, ІV
Иван сенімді шағын кісілермен басқаруға мәжбүр болды. Ірі боярлар Литваға
кетіп отырды. 1564 жылы князь Курскийде сатылып кетті. Курский өз хатында
“сенімді боярларды жазықсыз қинап, жазалауымыз дұрыс емес”,- деді. ІV Иван
жауап ретінде, Біз өзіміздің “Мы свойх холопов жаловать и казнит вольны...,”-
деді.
Ішкі княздік боярлы оппозицияның шиеленісін шешу үшін бір шара керек
болды. Ол опричина саясаты еді.
ІV Иван “Өзінің опричнина” саясатын ендіріп 1565 жылы билікке қайтадан
келді. Бұл бойынша бүкіл жер опричнинаға және земщинаға бөлінді.
Опричнинаны патшаның ерекше приказды аппараты және әскері басқарды, ал
земщинаны боярлар думасы басқарды. Опричнинаға ең қолайлы, таңдаулы жерлер
ғана емес, соңымен қатар әскери стратегиялық жағынан ерекше маңызды
территориялар да алынды. Замосковский өлкесі мен Новгород, Псков, жерінің
едәуір бөлігі опричнинаға өтті. Опричнина князь-боярлардың жер иелену
тәртібін елеулі түрде бұзды. Сонымен қатар опричнина патшаның қолындағы
қуатты әскери жазалау ұйымы болды. (Опричнина әскери жазалау ұйымы болды).
Опричнина әскерлерінің мекемесін құру үшін земщинаға 100 мың сом
мөлшеріндегі орасан зор салық салып, ІV Иван жартылай монахтық, жартылай
сарбаздық өзіндік сипаттағы орден құрды. Ол орден жер мен ақша түріндегі
жалақыны аямай жұмсауы және оның патшаға сөзсіз бағынуы негізінде құрылған
опричнина терроры бояр шанжарларын ғана емес сонымен қатар халық
бұқарасының да қарсылығы күшпен басып отырудың әрекеті болатын. Опричнина
феодалдық бытыраңқылық қалдықтарына да, халықтың антифеодалдық қозғалысына
да қарсы бағытталды. Ол бір орталыққа бағынған самодержавиялық мемлекет
формасындағы феодалдық құрылысты нығайтуды мақсат етті.
Көп ұзамай-ақ опричнинаға көптеген ірі-ірі феодалдар кірді, өйткені
олар өздерін құртып жіберуден осы тәсілмен құтылғысы келді.
Опричнина Ливон соғысында жеңіп шығуыға әсер ете алмады. 1569 жылы
Люблин үндестігі бойынша Литва мен Польша, Речь Посполитая болып бір
мемлекетке біріккеннен кейін, Ресей жауларының күші артып жағдай қиындай
түсті. 1572 жылы ІV Иван опричинаны жойғаны былай тұрсын тіпті осы сөзді
айтуға тиым салды. Бұл сөзді айтқан адамды өлім жазасына кесті. Земщина
опричнинаға бірігіп бір өкіметке бағынды.
1578 жылы орыс әскерлері бірқатар жеңіліске ұшырады. 1579 жылы
Шведтер, Новгород жеріне басып кірді, ал Польшаның жаңа королі Стефан
Баторий Полоцкіні, алып қойды. Ливон соғысындағы сәтсіздік Ресей
экономикасына неғұрлым күшті жаумен болған күрес ұзақ уақыт болған соғыста
төтеп бере алмағандықтан экономика нашарлады. Бұл сәтсіздік халықаралық
оқиғалардың Ресей үшін қолайсыз дамуының, сондай-ақ күш қуатын опричнина
ойсыратып кеткен Ресей мемлекетінің шиелініскен ішкі күресінің нәтижесі
болды. Швециямен уақытша бітім жасалғаннан кейін бір жылдан соң 1584 жылы
ІV Иван қайтыс болды.
Ресейдің Сібірге кіру мақсаты Европа державаларының мұхиттың арғы
жағындағы елдерге еніп, ондағы қымбат бағалы байлықтарды тонауды
мақсат етті. Сібір хандығы 1552 жылы қазан хандығы жойылғаннан кейін Ресей
мемлекетінің көршісі болды және Орта Азиялық хандарға қарсы күресте
қамқоршы болуын өтінді. Бірақ 1570 жылы Ресей мемлекетінің әлсіреуіне
байланысты Сібір хандары орыстардың иелігіндегі жерлерге шабуыл жасай
бастады. Олардың жолында Строганов көпестерінің бекіністері бар болатын.
Бұл кезде Строганов қымбат бағалы аң терілерін сатып алу үшін Батыс Сібірге
өз экспидицияларын жібере бастады. Ал 1574 жылы олар Ертісте бекініс салу
үшін және Бұқараға сауда жолын ашуды қамтамасыз ету үшін Тобыл бойындағы
жерлерге иелік етуге право берген патша грамотасын алған болатын. Бұл
жорықтар Ермак Тимофеевичтің казактар дружинасының басшылығымен болды.
Ермак Ертіске жетіп, осы кезде кескілескен шайқастан кейін Сібір хандығының
астанасы қашлықты алып, Көшім ханды қуып шықты. Екі жақ алма кезек жеңіп
отырған бірнеше жылғы күрестен кейін Сібір хандығы біржола талқандалды.
XVІ ғ. Орта кезінде Солтүстік Батыс Кавказдағы жағдай ерекше
шиелінісе түсті. қырым – Осман экспансиясының Кабардаға жақындай түсуіне
байланысты ондағы кейбір феодалдар қырым хандығына Васальдық тәуелділігін
мойындады. Бірақ Темрю Идаров бастаған ықпалды Кабарда княздары Ресейден
көмек сұрап үлгерді. 1552 жылдан бастап Москвада Кабарданың елшілері
бірнеше рет болып қайтты. 1557 жылы Кабардаға орыс елшісі Андрей Шепетьев
жіберілді. Князь Темрюкті Ресейдің қамқорлығына алу жөніндегі келіссөздер
ІV Иванның оның қызы Княжна Кученейге үйленуі арқылы нығая түсті. Ресейдің
Кабадалықтарды дағыстан феодалдарының шабуылынан қорғау жөніндегі көмегі
1567 жылы Сунжа өзенінің сол жақ жағасына орыс бекінісін салу арқылы жүзеге
асты. Орыс үкіметі солтүстік Дағыстанға оның басты қаласы Таркиді қоршауға
алу үшін екі рет әскер жіберілді. 1569 жылы орыс-түрік соғысы кезінде
Сұлтан ІІ Селим өзінің көп әскерлерімен келіп Астраханды басып алуға әрекет
жасады. Түрік әскерлері Астрахан түбінде жеңіліп, шегінгеннен кейін
кабардалықтар мен адыгейлер түрік армиясына қарсы соғыс қимылдарына
қатысты.
2. 1584 жылы ІV Иванның қайтыс болуымен, орнына ұлы Феодор Иванович
келді. Ол ақыл есімі кем, ауру, мемлекетті басқаруға әлсіз еді. Іс жүзінде
билік қайынағасы Борис Годуновтың қолына өтті. Ол мемлекеттік өкіметті
нығайтуға және дворяндарды күшейтуге тырысты. 1598 жылы Феодор артына
мұрагер қалдырмай қайтыс болды. Рюриктер династиясы өмір сүруын тоқтатты.
Билікке Борис Годунов келді. Ол сыртқы саясатта Польшамен достық келісім
жасады. Швециямен болған соғыста 1590-1593 жылдар ол, Ям, Орешек, Иван-
город қалаларын қайтарып, Балтық теңізіне шықты. Солтүстік Кавказдағы Терек
өзені бойындағы Батыс Сібірдегі ірі-ірі бекіністерді салды. Ішкі саясатта
оның крепостнойлық саясаты ірі феодалдардан қолдау тапқанымен мысалы
дворяндар елдің көп бөлігін қамтыған шаруалардың қарсылығына тап болды.
Көптеген ауылдарда шаруалар көтерілісі болды. Оның үстіне 1601-1603 жылдары
ашаршылық, шаруалар көтерілісінің басталуы 1603 жылы Холопка (малай)
көтерілісі болды. Бұл көтеріліс Москваға дейін жетті. Және оларды патша
әскерлері зорға дегенде басты. Холопка өліп, көтерісшілер оңтүстікке қарай
шегінді. Оңтүстік өлке феодалдарға карсы көтеріліс өлкесі болды. Ал
орталықта Поляк - Литва күштеріне сенген боярлар позициясы қалыптасты.
Тарихшылар бұл кезеңді "Смутные времена" (анық емес кезең)деп атады. XVІІғ.
басында Ресей үшін таптар күресі өріс алды.Оның себебі Борис Годуноывтың
крепостнойлық саясатынан шаруалардың қарсылығын ірі экономикалық нәтижелер,
боярлар аристократиясының патша билігіне қарсы және поляк литва
феодалдарының ішкі саясатқа арласуына алып келді. Князь боярлар позициясы
және Поляк - Литва феодалдары, анық емес жалған патшалардың болуына жол
ашты. Юрий Богданович есімді дворянин Литваға қашып онда өзін патша етуге
көмек сұрады. Литва королі Сигизмунд ІІІ тен көмек алды. 1604 жылы Юрий
Богдановичке Дмитрий патша деген ат берілді. Оған тарихшылар тарапынан
Лжедмитрийң (жалған Дмитрий) аты берілді. Лжедмитрийге шаруалар және
холопкалар келіп қосылды. Әскер қатарынан толықтырылғанына қарамастан,
патша әскері жеңіліп өтірігі шығып қалды. Осы уақытта оңтүстікте Борис
Годуновқа қарсы халық көтерілісі болды. 1605 жылы Борис Годунов қайтыс
болып орнына Лжедмитрий Иванович отырды. 1606 жылы Василий Шуийский,
Кремльге басып кіріп Лжедмитрийді өлтірді.
қызыл алаңда Василий Шуийский патша болып сайланды. Поляк-Литва
феодалдарының жалған патша арқылы Ресейді бағындыру әрекеті іске аспады.
Василий Шуийскийдің таптық шиеліністі басу әрекеті іске аспады. Бояр
патшаның саясаты халықтың әр түрлі таптарының шаруалар, казактар,
феодалдардың қарсылығын туындатты.
Иван Болотников басшылығындағы шаруалар соғысы орын алды. 1606 жылы
елдің оңтүстік батысындағы Путивл аймағында халық көтерілісі бұрқ ете
қалды. Оны Иван Болотников есімді малай бастады. Көтеріліс бүкіл Ресей
территориясына тарады. Көтерілісті жасаушылар көбінесе малайлар, шаруалар,
қала халқы, казактар, қолөнершілер болды. қозғалыс үстем тап өкілдеріне
феодалдарға қарсы болды. 1606 жылы желтоқсанда Котл түбінде шешуші шайқаста
көтерісшілер жеңілді. Болотников қалған әскерімен Калугаға шегінді, сосын
Туланы паналады. Патша Василий Шуйский 1607 жылы мамырда 100 мыңдық
әскерімен Туланы қоршады. Болотников төрт ай бойы қорғанды. 20 мыңдық
әскерімен соңғы күші қалғанша қорғанды. қаланы суалдырған әрекеті ешқандай
нәтиже бермеді. Патша өзара келісімге жүгінді. қақпаны ашса көтерісшілерге
кешірім береді дегенмен, сөзінде тұрмай, патша барлығын жазалап, Иван
Болотниковты Каргапольға жер аудартып, онда бірінші көзін ойып, сосын суға
батырып өлтіріді. Тула беріліп бұл көтеріліс нәтижесіз болғанымен елдің әр
бөлігінде көтерілістер болып тұрды.
Василийдің Болотников көтерілісін басуымен оның жағдайы жақсармады.
Стародубта жаңадан патша Лжедмитрий ІІ пайда болды. Оған поляк әскерлері
Дон казактары келіп қосылды. Ол Тушинада бекінді. Сөйтіп Ресей тарихында
Москва және Тушина болып екі патша отырды. Біраз уақыттан кейін Тушинаға
Литва магнаты Ÿн Сапегидің әскері келіп қосылды. 1608 жылы олар өздеріне 22
қаланы қаратты. Василийдің қарамағындағы боярлар жалған патшаның қарамағына
өтіп кетіп отырды. Жалған патшадан Василийге ауысып отырды. Бұлар "перелет"
ел ішінен тірек таппаған Василий швед короліне жүгінді. 15 мыңдық швед
әскері және патшаның жақтастарымен Лжедмитрий ІІ елден қуып шықты. Ол
Калугаға қашты. Бірақ осы көмегінің орнына Кареланы беру қиынға соқты, қала
халқы қарсылық білдіріп шведтерге қарсы соғысты. 1609 жылы поляк-литва
әскерлері Смоленск қаласын алды, сосын Москваға қарай жылжыды. 1610 жылы
поляк-литва әскерлерімен болған Клушино түбіндегі соғыста Василий әскерлері
жеңілді. Осыдан кейін Василий үкіметі тарап, оны орнынан түсіріп,
монастырға жіберді. Билікке, Жеті боярлар үкіметі, құрылды. Бұлар поляк
королімен оның баласы Владиславты таққа отырғызу мақсатыңда поляк әскерін
Москваға кіргізді.
Іс жүзінде билік поляк коменданты Пан Гансевтің қолында болды. Ресей
үшін қиын кезең басталды. Ресейдің ұлттық тәуелсіздігіне қауіп төнді.
Интервенттерге қарсы бүкіл халықтық қозғалыс пайда болды.
3. Поляк-Швед интервенттеріне қарсы Минин мен Пожарскийлердің
көтерілісі. Жеті баярлардың сатқындығы поляктардың тонау әрекеті Сигизмунд
ІІІ тің таққа дәмелігі, Ресейдің барлық тап өкілдерін интервентерге қарсы
күреске біріктірді. Алғашқы жасақ П.Ляпунов тарапынан ұйымдасты. Орталығы
Рязан қаласы болып, әр қаладан дворяндар келіп қосылды. Казак атамандары
Заругукий және Трубецийлер де қосылды. Нижний Новгордта жан-жақты ұйымдасып
оның ұйымдастырушысы Кузьма Минин Сухарик болды. Оның бұйрығы бойынша ақша
жиналып, ал әскерді қамтамасыз етуге жұмсалды. Нижный Новгордқа көптеген
дворяндардың әскери жасақтары жиналды (2-3 мыңға жетті). Әскери басшылықты
князь Дмитрий Пажарскийге берді. 1612 жылы көктемде Волга бойымен жоғары
көтеріліп, Маскваға жылжыды.Орыс халқымен бірге марилер, чуваштар, комилер,
мордувалар, татарлар, башқұрттар қатысып, Ÿрославл қаласында 4-ай
тұрақтады. Осында бүкіл жердің кеңесі атты жаңа басқару принципІ құрылды.
Жасақ құрамы 10-мыңға жетіп, 1612 жылы жазда елдің солтүстік аудандарын
интервенттерден босатты. Осы жылы тамызда Москва түбінде казактар келіп
қосылды. 1612 жылы октябрде поляктар ауыр аштыққа ұшырап керІ шегінуге
мәжбүр болды. Сигимунд ІІІ король Москваны тағы алуға әрекет жасағанымен
Волокам түбіне кетпей кері шегінуге мәжбүр болды. 1613 жылы қаңтарда
Земский саборың шақырылып, патша сайлау керек болды. Екі айлық тартыстан
кейін 16 жасар Михайл Романовты дұрыс деп шешті. (1613-1645) жас патшаның
тұсында шонжарлар өз жағдайларын нығайтып алуға тырысты. Осыдан бастап
Ресей империясында 300 жыл билік құрған Романовтар әулеті билікке келді.
4. 1654 ж. майда жүз мыңдық орыс армиясы Речь Посполитаяның шекарасына
қарай аттанды. Оларға көмекке Богдан Хмельницкий казактардың отрядын
жіберді. Соғыстың бастамасы Ресей үшін қолайлы болып қалыптасты. Ақырында
XVІІ ғ. басындағы оқиғалар барысында одан бөлініп алынған орыстың батыс
жерлері қайтарылды. Орыс әскерлері Смоленскіге кірді де, одан әрі
Белоруссияны азат етілуімен жергілікті халық орыс армиясының қимылдарына
қолдау көрсетіп тұрды. Могилев, Витебск, Полоцк бірінен соң бірі орыс
армиясына қақпаларын ашып, қарсы алды. Сол қанаттан Пинск алынды. Поляк
армиясының тылында белорус халқы көтеріліске шықты. Келесі, 1655 жылдың
басында поляк армиясының орасан көп күші Могилевке қарсы шабуылға шығу үшін
әрекет етті.Оны қоршап алды. Бірақ қаланы ала алмады. Орыс әскері мен
Украин казактары да, өз кезегімен, шабуылын жалғастыра берді. Олар
Минскіні, Гродноны, Вильнюсті алды. Брестке шығы, бүкіл Белоруссия дерлік
азат етті.
Бірақ поляк күіштері өз қимылын Украинада, жағдайдың ең қиын жерінде
өршітті. Казак старшиналарының бір бөлігі Переяславль радасының шешіміне
риза болмай, поляк магнаттары мен шляхталарын қолдап шықты. Орыс әскерлері
Украинаға қарай жылжыды. Богдан Хмельницкий әскерімен бірігіп, орыс
әскерлері Украинадағы поляк әскерлерін бірсыпыра жеңіліске ұшыратты және
Львовқа таяп келді. Осы кезде поляк армиясына көмекке Речь Посполитаяның
одақтасы — қырым ханы келді. Татарлар Украинаға баса көктеп кіріп, орыс
және украин әскерлерін Белая Церковьқа ығыстырды.
Речь Посполитаяның соғыстағы жеңілісін швед билеушілері пайдаланып қалды.
1655 ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz