Дүниежүзілік мәдениеттің асыл қазынасы


Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   

Ежелгі Рим өнері

Уикипедия - ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Ежелгі Рим өнері- Б. э. бұрынғы VIII ғасырдан б. э. V ғасырына дейінгі он екі ғасырдан астам кезеңді қамтитын тарихы барЕжелгі Римадамзатқа орасан бай мәдени, көркем мұра қалдырды.

Дүниежүзілік мәдениеттің асыл қазынасына Вергилийдің, туындылары, еңбектері, Лукрецийдің материалистік философиясы, Цицеронның шешендік өнері, . Римдік право жүйесі заң туралы ойдың дамуында көрнекті роль атқарды.

Ежелгі Рим шеберлері өзінен бұрынғы ерте -білмеген инженерлік ғимараттардың жаңа типін, реалистік мүсіндікпортретпен ғажайыпфрескаларды, мозаикалармен көркемдік кәсіп шығармаларын тудырды.

Антик дүниесі өнерінің дамуы Рим өнерімен аяқталды. Ол ертедегі грек және ертедегі итальян өнерлерінің үздік жетістіктерін мұра етіп қабылдап, творчестволықпен қайта өңдеді.

Рим шеберлері өздерінен бұрынғылардың дәстүрлерінен шабыт алғанымен, өздерінің өзгеше стилі мен творчестволық даралығын әрдайым сақтай білді.

Рим мәдениеті, оның өнері сияқты, ең алдымен ЕжелгіИталияхалықтары жасаған цивилизация топырағында өсіп-өнді, олардың арасында саяси да мәдени тұрғыдан анағұрлым дамығаны этрустар болды.

Мазмұны[жасыру]:

Мазмұны

[жасыру]

1 Рим империясы өнері (б. з. д. I-IV ғасырлар) 2 Этрустар өнері (б. з. д. VII-VI ғасырлар) 3 Рим өнері (б. з. д. IV-II ғасырлар) 4 Рим империясы өнері (б. з. д. IV-I ғасырлар) 5 Тағы қара:6 Пайдаланған әдебиет[өңдеу] Рим империясы өнері (б. з. д. I-IV ғасырлар)

Октавиан Август бейнесі салынған теңге. Бір бөлшегі. Мыс. Б. э. I ғ. Берлин. Мемлекеттік музейлер

, Империя орнатылған тұстаРим әдебиетімен өнерінің , оның үстемдігін дәріптеу міндеті тұрды. Б. э. бұрынғы 27 жылы Рим сенаты бірінші император Октавианға Август, яғни «даңқын асырған», «жарықтық» немесе «құдіретті» деген титултабысетті. Бұдан соң бұл титулды Римнің барлықбилеушілеріалды. Императордың принцепс, яғни бірінші азамат және біріншісенатордеп аталатын билігі заң жолымен бекітілген жоқ. Жаңа саяси құрылыс, сырттай қарағанда, республика түрін бүркенген монархия болатын.

Октавиан Август мүсіні. Мәрмәр. Б. э. I ғ. басы. Рим. Ватикан

Тарихи еңбектер Рим жүргізуге тиіс деген ой айтылады. Ақын Вергилий: «Міне, римдік, сенің өнерің осы болмақ. Есіңде сақта, сен халықтарды басқарып, , әлсіздерді аяп, мүсіркеуге, тэкаппарларды тізгіндеуге тиістісің», - деп уағыздады. Бұл алаңдары мен храмдарда тұрғызылған императорлардың қыруар мүсін- дерінде өз бейнесін тапты. Әміршініңбейнесі Римнің күші мен қуатын кейіптейтін. Сондықтан мүсіншілер императорлар бейнесінде портреттік ұқсастықты сақтай отырып, оларды әдейі дәріптеуге тырысты. Еліктеу үшін оларға айбынды асқақпафосымен ізгілік-сабыры, байыбы, мен пропорциясының сұлулығы римдіктер назарын аударған б. э. бұрынғы V-IV ғасырлардағы грек мүсіндері үлгі болды. Әсіресе, Грекия классикалық өнерінің римдік портрет дамуына керемет ықпалы б. э. бұрынғы I ғасырдың аяғы мен б. э. I ғасырында көрінді. Римдік шеберлер грек мүсінінен Империя талаптарына толық жауап беретін пластикалық тіл мен кейіпкерлерді қаһармандандыру тәсілдерін тапты.

Вергилий «Энеиданы» жазып отыр (қасында - тарих музасы Клио мен трагедия музасы Мельпомена) . Мозаика. Б. э. II ғ. аяғы - III ғ. басы. Тунис. Ұлттық Бардо музейі

Октавиан Августың мәрмәрден қашалған мүсіні оны қолбасшы әрі мемлекет басшысы ретінде даңққа бөледі. Тәкаппар, айбынды кескін-келбет пен қолдың көсіле созылған әсерлі ишараты мүсінге монументтік сипат дарытады. Сулығы білегіне сәнмен оралған, күрзісі сардарлық өктемдігін нышандайды. Август бедерлі бейнелермен әшекейленген сауыт киген. Жетілген, атлет денелі алып тұлға, бұлшық еті ойнаған жалаңаш балтыр грек құдайлары мен қаһармандарының мүсіндерін еске түсіреді. Августың аяқ жағына мүсінші тәңірия Венераның баласы Амур бейнесін орналастырған. Август әулеті содан тарапты-мыс деген сөз бар. Августың бет әлпеті шынайы бейнеленіп, ал келбетіне турашылдық, ерлік, адалдық сияқты қастерліқасиеттер берілген. Август, тарихшылардың айтуынша, әккі, қатал саясатшы бола тұрса да, оның бойында өнегелі азамат сипаттары баса көрсетілген. Жарамсақтанған сенаторлар «отан әкесі» деп атаған императордың қаһарманға айналдырылған бейнесіне ақын Горацийдің: «От шашатын Юпитердің аспанды билеп-төстейтініне сенеміз біз: Римге айбарлы британдықтар мен парсыларды бағындырған Август жер бетіндегі тәңірі іспетті», - деген жолдары таңғажайып үндеседі.

Гард көпірі. Б. э. I ғ. Ним (Оңтүстік Франция)

Римнің ұлылығын мадақтау идеясы I-IV ғасырлардағы Империя дәуірінде жасалған сәулет өнерінің алып ескерткіштерінде аса айқын бейнесін тапты. Рим сәулет өнерінде «әлем әміршісі» атанған халықтың талғамына тән ғимараттардың ерекше монументтілігі алдыңғы жүлгеге шықты. Құрылыс белгілі бір саяси мақсатты - билеушінің жомарттығын баса көрсету мен оның атын ұрпақтар есінде сақтау мақсатын көздеді. Алаңдар ансамблін, әкімшілік ғимараттары мен ойын-сауық құрылыстарын тұрғызған императорлар бірімен-бірі бәсекеге түсті. Жазушылар император Август кірпіштен қаланған Римді қабылдап алып, оны мәрмәрден салып кетті деп жазған болатын. Витрувийдің сөзіне қарағанда, Август «империя айбынын ғаламат қоғамдық ғимараттар салумен арттыра түсуді» ойлаған. Ақын Овидий біздің эрамыздың жол айырығында күллі әлемнің асыл қазынасына ие болған алтын Рим туралы айтқан. Екінші бір жазушы: «Рим барлық құдайлар мен адамдардың назарын аударды», - деп есептеген. IV ғасырда Клавдиан ұлан ғайыраспаннан кең ештеңе жоқ, Римнің аумағын ешкім көзбен шола алмайды, оның сұлулығын ешқандай ақыл ұға алмайды, оны мақтауға жан баласының тілі жетпейді деуге хақылы еді. Замандастардың бұл пікірі, ең алдымен, қаланың сәулеттік келбетіне қатысты.

Колизей. Б. э. 75-80 жж. Рим

«Нан мен ойын-сауықты» талап еткен римдік тобырға кеңінен танылуға тырысып, императорлар гладиаторлар шайқасы үшін орасан зор амфитеатрлар салғызды. Мұның 75-80 жылдары және орта ғасырларда Римде салынған ең ірісі «колоссеум» (алып) деген латын сөзінен Колизей деп аталды. Жоспары бойынша ол аумақты сопақ құрылыс (188X156 м) . Колизейдің биіктігі 50 м, қабырғасы ірі серек тас (травертин) блоктарынан қаланған. Күмбезді аркаларының үш қабаты қабырғаның ішкі жағындағы алыпбағаналарға тіреледі. Қай нүктеден қарасаң да жақсы көрінетін олар театр қасбетін сан құбылған сәулелі көлеңкеге бөлейді. Шексіз қайталанылатын аркадалардың салтанатты ырғағы ғимаратқа айбындылық пен монументтік сипат береді. Аркаларға тірек болған бағаналар конструкциялық мәнін жоғалтып, сәулеттік сәнін ғана сақтаған жартылай колонналармен әдіптелген. Бірінші яруста бағаналарға - дорлық, екінші яруста - иониялық, үшінші яруста - коринфтік ордердің жартылай колонналары сүйелген, төртінші ярустың біркелкі тегіс қабырғасын коринфтік пилястрлер бөліп тұрады. Пилястрлер арасына үш-үштен қойылған діңгектіреуіштердің үстінен көрермендерді күннің ыстығынан қорғайтын орасан зор құрама шатыр тартылған. Антаблементті көтерген жартылай колонналар ярустар жігін бөліп, қабырғаның биіктігін баса көрсетіп тұр. Колизейде пайдаланылған ордерлік аркада Рим сәулетінің композициялық аса маңызды түрі болды.

Колизей аренасы

Колизейдің өзгеше бір сәні - екінші және үшінші ярустар аркаларындағы мүсіндері еді. Амфитеатр өрт пен жер сілкінуден ауыр зардап шекті. Орта ғасырлар дәуірінде көп замандар бойы ол сарайлар мен шіркеулер құрылысына блоктар қопарып алынатын, тас қашайтын орынға айналды.

Колизей жоспары жете ойластырылған дәл есебімен көзге түседі. Қасбеттерінің композициялық құрылысы ғимараттың ішкі конструкциясын айқьін жеткізеді. Қабырға ярустарына амфитеатр ішіндегі орындықтар белдігі сәйкес келеді. Орасан зор амфитеатр негізін шаршы төлке мен бетоннан қаланған сексен тарап қабырға құрастырып тұр. Олар жоғарғы ярустарға шығатын тепкішекпен тұтасып, көрермендер орындарын көтеріп тұрған бетон итарқаны мықтап тірейді. Көрермендердің сан мыңдаған тобы Колизейге төменгі ярустың сексен аркасы арқылы еңіп, Колизей қабырғасымен қаз-қатар тартылған итарқа галереяға шығатын. Олардың төртеуі - көрермендерге, ал мәрмәр, мозаикалармен әрленіп әшекейленген бесіншісі - гладиаторларға арналған. Шеңбер галереялар жоғарғы екі яруста қайталанып, көрермендердің демалыс орын немесе нөсер жауғанда баспана міндетін атқарды. Қақпалардың, басқыштар мен галереялардың жете ойластырылған жүйесі амфитеатрға көрермендерді тез толтыруға да, кідіртпей тез боса- туға да кең еркіндік береді.

Мозаика. Б. э. IV ғ.

Колизей ортасында гладиаторлар шайқасы үшін аңдар қуып шығарылатын алаң бар. Оның ағаш еденіне құм төселетіндіктен, алаң осылай - латынша «арена» сөзімен аталып кеткен. Арена астында аңдарға арналған тор, жараланған не өлген гладиаторлар үшін бөлмелер мен су құбыры болатын. Құбыр арқылы аренаға су толтырылып, теңіз шайқастары көрсетілетін. Арена аумағы бірден үш мың жұп гладиатор кіргізугемүмкіндік беретін. Аренаның үстінде сенаторларға арналған мәрмәр күрсілі кең алаң -подиум тұратын, арнайы ложада император отыратын. Одан әрі беті мәрмәрмен көм- керілген тас орындықтардьщ үш ярусы тұр. Бұдан жоғарырақта қаз-қатар ағаш орындықтар мен көрермендер түрегеп тұратын галерея орналасқан. Колизейге елу мыңдай адам сиятын. Рим ақыны Марциал оны әлемнің ғаламаты деп атады.

Император Тит аркасы. Мәрмәр. Б. э. 81 ж. Рим

Колизей конструкциясының негізін құрайтын - арка мен итарқа күмбез: Грекия сәулетіне колонналар қандай тән болса, Рим сәулет өнеріне де бұлар сондай жарасатын. Бұл сәулеттік пішіндер Римнің дүниежүзілік өнерге қосқан өзгеше бір үлесі болатын. Аркалар Римге және Империяның басқа да қалаларына тау бұлақтарынан таза су жеткізіп беретін акведуктарды, су құбырларын салуда да пайдаланылды. Су құбырының жолында өзендер мен сайлар кездескенде, құрылысшылар су құбыры каналы көтеріп тұратын аркадалар жасады. Римдегі бірінші су құбыры б. э. бұрынғы сонау IV ғасырда пайда болды, ал б. э. III ғасырының басында, астана тұрғындары миллион адамнан асқан тұста қаланың он бір акведугы болды.

Басқа акведуктарға қарағанда римдік Галлия провинциясында I ғасырда салынып, Рим қаласын ауыз сумен қамтамасыз еткен Гард көпірі жақсы сақталған. Су құбырының жалпы ұзындығы 50 шақырым болған. Бірақ одан қалған тек Гера өзенінің үстінен өтетін үш ярусты аркада, ұзындығы 273 м, биіктігі 49 м. Акведукты жасаушылардың батыл ойы тегеурінді құрылыс тәсілін талап етті. Гард көпірі - қашалған тасты қалаудыңғажайып үлгісі. Құм қайрақ блоктарының жігі желім лайсыз мұқият жымдастырылған Аркалардың қалануы ерекше күрделі. Олардың арқалықтары 20 метрге жетеді, ал өзеннің екі жағасын қосатын орталық арқаның арқалығы 24, 4 м. Айбынды акведук айналадағы пейзажбен астасып кеткен. Оның өн бойында Рим сәулет өнеріне тән инженерлік конструкцияның үйлесімді сұлулығы, қайталанылатын аркалардың қуатты ырғағынан көрінетін сәулетшілік ойдың айқын да сымбатты логикасы бүр атып тұр.

Помпейдегі көше. Б. э. 1 ғ.

Римдіктер сәулет ғимараттарын аса қадірлеп, акведуктарын ерекше мақтан тұтты. II ғасырдың басында Римді сумен қамтамасыз етуге жетекшілік жасаған инженер Фронтин: «акведуктар - Рим империясы айбынының басты куәсы», - деген пікір айтқан.

Флора. Стабийден табылған фреска. Б. э. I ғасырдың ортасы. Неаполъ. Ұлттық музей

Римдіктер арка пішінін сардарлар менимператорлар жеңістерін мадақтайтын салтанатты ескерткіштер жасауға пайдаланды. Ең таңдаулы салтанат аркаларының бірі Рим форумына алып келетін қасиетті жолдың үстіне 81 жылы Иудея көтерілісін басқан император Титтің жеңісіне ескерткіш ретінде салынған. Мәрмәрден қаланған биіктігі 20 м арка император мен оның қасында төрт ат жеккен күймеде келе жатқан жеңіс тәңіриясы бейнеленген қола мүсіндер тобының тас тұғырына айналған. Арка астындағы биік тастұғыр, қасбеттегі төрт әсем капителі бар жарты колонналар ескерткіштің сәнді сымбатынтұлғаландыра түседі.

Арка маңдайшасына қашалған арнаулы жазу сенат пен Рим тұрғындары арканы құдіретті император Титке арнап салғанынбаяндайды. Кең маңдайша император Титтің салтанатты шеруін бейнелейтін бедерлермен безендірілген. Оның біреуінде, күймеде - император, екіншісінде - римдік легионерлер Иерусалим храмынан асыл олжа алып келеді. Тит аркасында ғажайып сәулеттік бейне мен оқиғаның тарихи мәнділігін ашатын мүсіндік әшекейлер тұтастығы сақталған. Империя дәуіріндегі жиһазды үйлердің құрылысы жайлы Помпеи мен Геркуланумның жұртын қаз- ғанда ашылған ғимараттар айқын түсінік бере алады. Бұл шағын қа- лалар 79 жылы Везувийдің кенеттен атқылауы кезінде опат болды. XVIII ғасырдан бері жүргізіп келе жат- қан қазба жұмыстары Помпеидің үштен екі бөлігін ашты. Көлденең қиылысатын оқтай түзукөшелер қаланы шаршы кварталдарға бөліп жатқан. Тіпті, сауда дүкендері сығылысқан ең бай көшенің ені 10 метрден аспайтын, ал қаптал көшелердегі үйлердің арасы 3 метрден 6 метрге жететін.

«Александр Македонскийдің парсы патшасы Дариймен шайқасы». Мозаика. Бір бөлшегі. Б. э. бұрынғы 100 ж. шамасы. Неаполь: Ұлттық археологиялық музей

Өткел жолдарға тас тақталар, ал олардың тоғысатын тораптарына жаңбыр кезінде жүргіншілердің аяқтары суға тимеу үшін биіктігі тротуармен бірдей жалпақ тастар төселген. Тротуар астынан су құбырының трубалары тартылған. Археологтар қаланың сауда алаңын, әкімшілік ғимараттарын, храмдарды, қолөнершілер шеберханаларын, гладиаторлық мектеп пен байлардың қыруар үйлерін ашты. Үйлер жоспары тап-тұйнақтай симметриясымен көзге түседі, бөлмелер үйдің орталық кіндігінің жан-жағына орналасқан. Үй қонақтар шақырылатын ресми және семья тіршілік ететін жеке бөлмелер болып екі бөлікке бөлінетін. Бірінші жартысының орталығы атриум - салтанаттықабылдау бөлмесі. Онда төрт бұрышты бассейн басты орын алатын, дәл үстінен төбеден жарық түсуі үшін формасы осындай тесік қалдырылған. Сол ашықтан мәрмәрмен көмкерілген бассейнге жаңбыр суы құйылатын. Бассейннің шетінде шатырды көтеретін колонналар, ал бассейннің ішінде фонтан қызметін атқаратын мүсін тұрды. Бір үйде бұл - қолына қабыршақ ұстап, күліп тұрған мәрмәр бала, екінші үйде - билеп жүрген қоласатир. Атриумға үйдің екінші жеке семьялық бөлігі жанай салынған: үй иесінің жұмыскабинеті мен архив сақталатын орын - таблин, сондай-ақ ұзынша, жалпақ, ашық ішкі аула - перистиль болатын.

Зікір вилласының фрескасы. Б. э. бұрынғы 60-ыншы жж. Помпеидің қасында

Мұндай аулашалар грек үйлерінде кең тараған еді, б. э. бұрынғы II ғасырдан бастап римдіктер соларды бай үйлердің міндетті түрдегі бір құрамдас бөлігі ретінде пайдаланды. Перистиль сүйікті демалыс орнына айналды. Оның айналасынан үш жерден, кейде екі жақтан жабылған колоннада өтетін, ал орталығында шағын бақ болатын. Сырланған немесе мәрмәр түсті сылақпен сыланған колонналар, сылдырап аққан фонтандар, мозаика не қабыршақтармен көмкерілген қуыс текшелер, жасандысарқырамалар, тамаша мүсіндер - осының бәрі перистильді сәнге бөлеп, оған таңғажайып сипат беретін. Атриум мен перистиль айналасында асханалар, ұйықтайтын бөлмелер, ас үйлер, моншалар мен басқа да орындар болған.

Зікір вилласының фрескасы. Құпия жиынға қатысушылар мен биші қыз

Үйлердің сәндік жиһаздар өнері Рим республикасының тек соңғы ғасырында кемелденді. Помпеи үйлерінде еден мозаикамен әшекейленді. Сол жерден кезбе актерлерді, теңіздің түсін, таласып жатқан әтештерді, аузына бұлдырық тістегенмысықтарды бейнелейтін мозаикалар табылды. Б. э. бұрынғы 100 жыл шамасында жасалған ең қызық мозаика Фавн үйінен табылды. Ол билеп жүрген сатирдың немесефавнның атриумнан табылған қола мүсініне орай осылай аталған. Мозаика 15 шаршыметр аумақты алып жатыр, 1, 5 миллион табиғи қиыршық тастардан құрастырылған. Мозаикашыға суретші Филоксеннің ( б. э. бұрынғы IV ғасырдың аяғы) Александр Македонскийдің парсы патшасы Дариймен шайқасын бейнелейтін картинасы түпнұсқаболған. Шебер қырғын соғыстың шешуші сәтін таңғажайып өнерпаздықпен сипаттаған. Оң жақта парсы атты әскерлері дүрліге қашып барады. Ортадағы күймеде шошақ бас киімді, сол қолына садақ ұстаған Дарий бейнеленген. Оның көшірі жаралылар мен өліктерді баса-көктеген аттарды қамшылап барады. Парсы патшасына қарсы ұмтылған Александрдың дулығасы айқас қызуымен жерге ұшып түсіп, шаштары ұйпаланып қалған. Сақалы өскен, жүдеу, ажарсыз жүзі қайсар-қайратқа толы. Патшаны қорғамақ болып, екі парсы шонжары жеңімпазға тап берген.

Суретші соғыстың алмағайып қауырт кезін, қару-жарақтың жарқылын, сарбаздардың әсерлі бет әлпетін келісті жеткізген. Композиция шеберлігі, реалистік дәлдік, қара, ақ, сары және қызыл реңдер қоспасынан жасалған түр-түстер әсемдігі, бейнелер даралығы - осының бәрі шебердің зор дарынын танытып, оның шығармасын антик мозаикасының аса көрнекті туындыларыныңқатарына қосады.

Зікір вилласынан табылған фреска. Өзін тәңірге бағыштаған әйел. Фрагмент.

Бай үйлердің қабырғалары фрескалық өрнектермен сәнделген. Үстіне сыр жағылатын сылақ бірнеше қабаттан тұратын, әр қабат барған сайын бірте-бірте жұқарып, қабажақтала беретін. Б. э. бұрынғы II ғасырда римдіктер гректерден түрлі түсті мәрмәрден қаланғандай әрленген қабырғаға өрнек салуды үйренді. Қызыл, сары, қара және ақ фрескалар бояу-реңінің құнарымен, тазалық-мөлдірлігімен көзге түсетін. Б. э. бұрынғы I ғасырда қабырғалық өрнек едәуір күрделіленді. Суретшілер қабырғаларда сәулет бөлшектерін - колонналарды, кенерелерді, пилястрлер мен капительдерді бейнеледі. Көп пішінді аумақты композициялар да пайда болды. Б. э. бұрынғы I ғасырдағы таңдаулы кескіндеме үлгілерінің бірі фреска сюжетіне қарай Зікір салу вилласы деп аталған Помпеиге таяу қала сыртындағы вилланың бай өрнектері . Қабырғаға жайыла орналастырылған композицияда шарап құдайы Диониске табынуға байланысты тылсым оқиғалар бейнеленген. Суретші тұрқы тірі тұрпатымен шамалас дерлік жиырма тоғыз пішінді кескіндеген, олар қабырғаның нарт қызыл фонында айқын сүлде түрінде көрінетін жекелеген топтарға біріктірілген. Мифологиялық кейіпкерлер -Дионис, оның зайыбы Ариадна, сатирлар мен силендерден басқа да зікірге қатысушылар бейнелері қөрерменнің көз алдынан тізілім етеді. Әсіресе, айбарлы қанатты тәңірияның тізе бүккен қызға ұзын қамшысын үйіріп, дүре соққалы ұмсынған қалпын кейіптейтін көрініс аса әсерлі. Қыз бетін қолымен көлегейлеп, отырған әйелдің тізесіне құлай кеткен. Оңьің қара қоңыр сулығы нәзік тәнінің алтын сары реңін айқындап көрсетеді. Осы топтың іргесінде қолына соқпалы аспаптар ұстаған жалаңаш биші, оның ар жағында күлгін кү- рең сулық киген қыз тұр. Сол сулықтың фонында бишінің қайратты да әсем пішіні тұлғалана көрінеді. Суретші бишінің күрделі қимыл-қозғалысын, үлбіреген, майысқан ару сымбатын таңғажайып шеберлікпен бере білген. Алтын реңдeс сары шарқаты қыздың ал қызыл алау тәніне жарасып-ақ тұр. Фреска бояуынан кескіндемешінің терең талғамы сезіледі: сары, жасыл рең күлгін, қан қызыл және қара күрең реңдермен етене қабысады. Қабырға фоны бояулардың шайдай шаңқай үндестігін аша түседі. Б. э. I ғасырында, Рим империясының дәуірінде, бай үйлердің қабырғаларында суретші қиялынан туған фантастикалық ғимараттар мен таңғажайып аркалар пайда болды. Бұлдырап тым әріден көрінген колоннадалар, галереялар мен портиктер бөлме кеңістігін одан әрі кеңейте түсіп, көрерменнің көз алдынан шексіз жазықтық ашады. Фрескалар көбінесе атақты грек суретшілерінің мифологиялық тақырып? арналған картиналарын қайталайтын, шеберлер тапсырма берушілер өтініші бойынша бүкіл сурет галереяларын қайта көшіріп шығатьн.

Зікір вилласының фрескасы. Сулығы желбіреген әйел. Бір бөлшегі

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алғашқыда Микены мәдениеті
Антик дүниесінің өнері
Мәдениеттің әртүрлі элементтерінің қызметтері
Ежелгі Грекия мен Рим мәдениеті туралы
Материалдық мәдениет
«ЕЖЕЛГІ ГРЕК МӘДЕНИЕТІНІҢ КЛАССИКАЛЫҚ КЕЗЕҢІ»
Мәдениет және өркениет
Мәдениет пен өркениет жайлы
Мәдениет пен өркениет
Гомер дәуірінін, мәдениеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz