Ежелгі Римдегі сәулет өнері


Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
- Ежелгі Рим өнері
- Ежелгі Римдегі сәулет өнері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Ежелгі Рим өнері - Б. э. бұрынғы VIII ғасырдан б. э. V ғасырына дейінгі он екі ғасырдан астам кезеңді қамтитын тарихы бар Ежелгі Рим адамзатқа орасан бай мәдени, көркем мұра қалдырды.
Дүниежүзілік мәдениеттің асыл қазынасына Вергилийдің, Горацийдің Овидийдің поэзиялық туындылары, Ливий мен Тациттің тарихи еңбектері, Лукрецийдің материалистік философиясы, Цицеронның шешендік өнері, Марциал мен Ювеналдың уытты сатиралары енді. Римдік право жүйесі заң туралы ойдың дамуында көрнекті роль атқарды.
Ежелгі Рим шеберлері өзінен бұрынғы ерте дүние цивилизациялары көріп-білмеген алып сәулет ансамбльдері мен инженерлік ғимараттардың жаңа типін, реалистік мүсіндік портрет пен ғажайып фрескаларды, мозаикалар мен көркемдік кәсіп шығармаларын тудырды.
Антик дүниесі өнерінің дамуы Рим өнерімен аяқталды. Ол ертедегі грек және ертедегі итальян өнерлерінің үздік жетістіктерін мұра етіп қабылдап, творчестволықпен қайта өңдеді.
Рим шеберлері өздерінен бұрынғылардың дәстүрлерінен шабыт алғанымен, өздерінің өзгеше стилі мен творчестволық даралығын әрдайым сақтай білді.
Рим мәдениеті, оның өнері сияқты, ең алдымен Ежелгі Италия халықтары жасаған цивилизация топырағында өсіп-өнді, олардың арасында саяси да мәдени тұрғыдан анағұрлым дамығаны этрустар болды.
Рим империясы өнері (б. з. д. I-IV ғасырлар)
Октавиан Август бейнесі салынған теңге. Бір бөлшегі. Мыс. Б. э. I ғ. Берлин. Мемлекеттік музейлер
, Империя орнатылған тұстаРим әдебиетімен өнерінің , оның үстемдігін дәріптеу міндеті тұрды. Б. э. бұрынғы 27 жылы Рим сенаты бірінші император Октавианға Август, яғни «даңқын асырған», «жарықтық» немесе «құдіретті» деген титултабысетті. Бұдан соң бұл титулды Римнің барлықбилеушілеріалды. Императордың принцепс, яғни бірінші азамат және біріншісенатордеп аталатын билігі заң жолымен бекітілген жоқ. Жаңа саяси құрылыс, сырттай қарағанда, республика түрін бүркенген монархия болатын.
Октавиан Август мүсіні. Мәрмәр. Б. э. I ғ. басы. Рим. Ватикан
Тарихи еңбектер Рим жүргізуге тиіс деген ой айтылады. Ақын Вергилий: «Міне, римдік, сенің өнерің осы болмақ. Есіңде сақта, сен халықтарды басқарып, , әлсіздерді аяп, мүсіркеуге, тэкаппарларды тізгіндеуге тиістісің», - деп уағыздады. Бұл алаңдары мен храмдарда тұрғызылған императорлардың қыруар мүсін- дерінде өз бейнесін тапты. Әміршініңбейнесі Римнің күші мен қуатын кейіптейтін. Сондықтан мүсіншілер императорлар бейнесінде портреттік ұқсастықты сақтай отырып, оларды әдейі дәріптеуге тырысты. Еліктеу үшін оларға айбынды асқақпафосымен ізгілік-сабыры, байыбы, пропорциясының сұлулығы римдіктер назарын аударған б. э. бұрынғы V-IV ғасырлардағы грек мүсіндері үлгі болды. Әсіресе, Грекия классикалық өнерінің римдік портрет дамуына керемет ықпалы б. э. бұрынғы I ғасырдың аяғы мен б. э. I ғасырында көрінді. Римдік шеберлер грек мүсінінен Империя толық жауап беретінпластикалықтіл мен кейіпкерлерді қаһармандандыру тәсілдерін тапты.
Вергилий «Энеиданы» жазып отыр (қасында - тарих музасы Клио мен трагедия музасы Мельпомена) . Мозаика. Б. э. II ғ. аяғы - III ғ. басы. Тунис. Ұлттық Бардо музейі
Октавиан мүсіні онықолбасшыәрі мемлекет басшысы ретінде даңққа бөледі. Тәкаппар, айбынды кескін-келбет пен қолдың көсілесозылғанәсерлі ишараты дарытады. Сулығы білегіне сәнмен оралған, күрзісі сардарлық өктемдігін нышандайды. . Жетілген, атлет денелі алып тұлға, бұлшық еті ойнаған жалаңаш балтыр грек құдайлары мен қаһармандарының мүсіндерін еске түсіреді. Августың аяқ жағына мүсінші тәңірия Венераның баласы Амур бейнесін орналастырған. Августәулетісодан тарапты-мыс деген сөз бар. Августың бет әлпеті шынайы бейнеленіп, алкелбетінетурашылдық, ерлік, адалдық сияқты . Август, тарихшылардыңайтуынша, әккі, қатал саясатшы бола тұрса да, оның бойында өнегелі азаматсипаттарыбаса көрсетілген. Жарамсақтанған сенаторлар «отан әкесі» деп атаған императордың қаһарманға айналдырылған бейнесіне ақын Горацийдің: «От билеп-төстейтініне сенеміз біз: Римге айбарлы британдықтар мен парсыларды бағындырған Август жер бетіндегі тәңірі іспетті», - деген жолдары таңғажайып үндеседі.
Гард көпірі. Б. э. I ғ. Ним (Оңтүстік Франция)
Римнің I-IV ғасырлардағы Империя дәуірінде жасалғансәулет өнерініңалып ескерткіштерінде аса айқын бейнесін тапты. Рим сәулет өнерінде «әлем әміршісі» атанған халықтың талғамына тән ғимараттардың ерекше монументтілігі алдыңғы жүлгеге шықты. Құрылыс белгілі бір саяси мақсатты - билеушінің жомарттығын баса көрсету мен оның атын ұрпақтар есінде сақтау мақсатын көздеді. Алаңдар ансамблін, әкімшілік ғимараттары мен ойын-сауық құрылыстарын тұрғызған императорлар бірімен-бірібәсекегетүсті. Жазушылар император Август кірпіштен қаланғанРимдіқабылдап алып, оны мәрмәрден салып кетті деп жазған болатын. , Август «империя айбынын ғаламат қоғамдық ғимараттар салумен арттыра түсуді» ойлаған. Ақын Овидий біздің эрамыздың жол айырығында күллі әлемнің асыл қазынасына ие болған алтын Рим туралы айтқан. Екінші бір жазушы: «Рим барлық құдайлар мен адамдардың назарын аударды», - деп есептеген. IV ғасырда Клавдиан ұлан ғайыраспаннанкең ештеңе жоқ, Римніңаумағынешкім көзбен шола алмайды, оның сұлулығын ешқандай ақыл ұға алмайды, оны мақтауға жан баласының тілі жетпейді деуге хақылы еді. Замандастардың бұл пікірі, ең алдымен, қаланың сәулеттік келбетіне қатысты.
Колизей. Б. э. 75-80 жж. Рим
«Нанмен ойын-сауықты»талапеткен римдік тобырға кеңінен танылуға тырысып, үшін орасан . Мұның 75-80 жылдары және орта ғасырларда Римде салынған ең ірісі «колоссеум» (алып) деген латын сөзінен Колизей деп аталды. Жоспары бойынша ол аумақты сопақ құрылыс (188X156 м) . Колизейдің биіктігі 50 м, қабырғасы ірі серек тас (травертин) блоктарынан қаланған. Күмбезді аркаларының үш қабаты қабырғаның ішкі жағындағы . Қайнүктеденқарасаң да жақсы көрінетін олар театр қасбетін сан құбылған сәулелі көлеңкеге бөлейді. Шексіз ырғағы ғимаратқа айбындылық пен монументтік сипат береді. Аркаларға тірек болған бағаналар конструкциялық мәнін жоғалтып, сәулеттік сәнін ғана сақтаған жартылай колонналармен әдіптелген. Бірінші яруста бағаналарға - дорлық, екіншіяруста- иониялық, үшінші яруста - коринфтік ордердің жартылай колонналары сүйелген, төртінші ярустың біркелкі тегіс қабырғасын коринфтік пилястрлер бөліп тұрады. Пилястрлер арасына үш-үштен үстінен көрермендерді күннің ыстығынан қорғайтын орасан зор құрамашатыртартылған. Антаблементті көтерген жартылай колонналар ярустар жігін бөліп, қабырғаның биіктігін баса көрсетіп тұр. Колизейде пайдаланылған ордерлік аркада Рим сәулетінің композициялық аса маңызды түрі болды.
Колизей аренасы
Колизейдіңөзгеше бір сәні - екінші және үшінші еді. Амфитеатрөртпен жер сілкінуден ауыр зардап шекті. Орта ғасырлар дәуірінде көп замандар бойы блоктар қопарып алынатын, тас қашайтынорынғаайналды.
Колизейжоспарыжете ойластырылған дәлесебіменкөзге түседі. Қасбеттерінің композициялық құрылысы ғимараттың ішкі конструкциясын айқьін жеткізеді. Қабырға ярустарына амфитеатр сәйкес келеді. Орасан зор амфитеатр негізін шаршы төлке менбетоннанқаланған сексен тарап қабырға құрастырып тұр. Олар жоғарғы ярустарға шығатын тепкішекпен тұтасып, көрермендер орындарын көтеріп тұрған бетонитарқанымықтап тірейді. Көрермендердіңсан мыңдаған тобы Колизейге төменгі ярустың сексен аркасы арқылы еңіп, Колизей қабырғасымен қаз-қатар тартылған итарқа галереяға шығатын. Олардың төртеуі - көрермендерге, ал мәрмәр, мозаикаларменәрленіп әшекейленген бесіншісі - гладиаторларға арналған. Шеңбер галереялар жоғарғы екі яруста қайталанып, көрермендердің демалыс орын немесе нөсер жауғанда . Қақпалардың, басқыштар мен галереялардың жете ойластырылған жүйесі амфитеатрға көрермендерді тез толтыруға да, кідіртпей тез боса- туға дакеңеркіндік береді.
Мозаика. Б. э. IV ғ.
Колизей ортасында аңдар қуып шығарылатыналаңбар. Оныңағашеденіне құм төселетіндіктен, алаң осылай - латынша «арена»сөзімен аталып кеткен. Арена астында аңдарға арналған тор, жараланған не өлген гладиаторлар үшін бөлмелер мен суқұбырыболатын. Құбыр арқылы аренағасутолтырылып, теңіз шайқастары көрсетілетін. Арена аумағы бірден үш мың жұп гладиатор . Аренаның үстінде сенаторларға арналған мәрмәр күрсілі кең алаң -подиумтұратын, арнайы ложада император отыратын. Одан әрі беті мәрмәрмен көм- керілген тас орындықтардьщ үш ярусы тұр. Бұдан жоғарырақта қаз-қатар ағаш орындықтар мен көрермендер түрегеп . Колизейге елу мыңдай адам сиятын. Рим ақыны Марциал оны әлемнің ғаламаты деп атады.
Император Тит аркасы. Мәрмәр. Б. э. 81 ж. Рим
Колизей - арка мен итарқа күмбез:Грекиясәулетіне колонналар қандай тән болса, Рим сәулет өнеріне де бұлар сондай жарасатын. Бұл дүниежүзілік өнерге қосқан өзгеше бірүлесіболатын. Аркалар Римге және Империяның басқа да қалаларына таубұлақтарынантаза су жеткізіп беретін акведуктарды, су құбырларынсалуда да пайдаланылды. Су құбырының , құрылысшылар су құбыры каналы көтеріп тұратын аркадалар жасады. Римдегі бірінші су құбыры б. э. бұрынғы сонау IV ғасырда пайда болды, ал б. э. III ғасырының басында, астана тұрғындары миллион адамнан асқан тұста қаланың он бір акведугы болды.
римдік Галлия провинциясында Iғасырдасалынып, Рим қаласын ауызсуменқамтамасыз еткен Гард көпірі жақсы сақталған. Су құбырының жалпы ұзындығы 50 шақырым болған. Бірақ одан қалған тек Гера өзенінің үстінен өтетін үш ярусты аркада, ұзындығы 273 м, биіктігі 49 м. Акведукты жасаушылардың батыл ойытегеуріндіқұрылыс тәсілін талап етті. Гард көпірі - қашалған тасты қалаудыңғажайыпүлгісі. Құм қайрақ блоктарының жігі желім лайсыз мұқият жымдастырылған Аркалардың қалануы ерекше күрделі. Олардың арқалықтары 20 метрге жетеді, ал өзеннің екі жағасын қосатын орталық арқаның арқалығы 24, 4 м. Айбынды акведук айналадағы пейзажбен астасып кеткен. Оның өн бойында Рим сәулет өнеріне үйлесімді сұлулығы, қайталанылатын аркалардың қуатты ырғағынан көрінетін сәулетшілік ойдың айқын да сымбатты логикасы бүр атып тұр.
Помпейдегі көше. Б. э. 1 ғ.
Римдіктер сәулет ғимараттарын асақадірлеп, акведуктарын ерекше мақтан тұтты. II ғасырдың басында Римді сумен қамтамасыз инженер Фронтин: «акведуктар - Рим империясы айбынының басты куәсы», - деген пікір айтқан.
Флора. Стабийден табылған фреска. Б. э. I ғасырдың ортасы. Неаполъ. Ұлттық музей
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz