Ежелгі Үнді әдебиеті



Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Ежелгі Үнді мәдениеті .
Ежелгі Үнді әдебиеті . Үнді әдебиеті 4 ғасырға жуық өмір сүріп келе жатыр .
Ішіндегі ең ежелгісі – Ведалық әдебиет б.з.д. 2 –ші мыңжылдықтың соңында 1-
ші мыңжылдықтың басында пайда болды . Ол шығармалар санскрит тілінде
жазылған . Оның негізі төрт ведадан тұрады :
Риг – Веда гимндер ведасы ( құдайларға айтылатын өлең) .
Сама - Веда ритуалдар мен өлең айту ведасы .
Яджур – Веда құрбандық шалу ведасы .
Тарихы[өңдеу]
Археологиялық ескерткіштер Үндістанда тас ғасыры кезеңінің өзінде-ақ
адамзат қоғамының өмір сүргенін дәлелдейді. Бұл дәуірдің қабаттарынан шелль-
ашель мәдениетіне жататын тас құралдар табылған. Инд өзенің жазығынан
табылған қола мәдениетінің қалдықтары б.з.б. 3-мыңжылдықтың бас кезіне
жатады. Инд жазығындағы ежелгі мәдениеттер б.з.б. 3-мыңжылдықтың 2-
жартысынан б.з.б. 2-мыңжылдықтың 1-жартысына дейін, Гуджтаратта бұдан да
бұрынырақта пайда болған деп есептелінеді (Хараппа мәдениеті). Б.з.б. 2-
мыңжылдықтың 2-жартысында Үндістанға арийлер келіп, алғашында Пенджабты,
соңынан Ганг жазығын мекендеді. Ежелгі үнді діни мадақтау жырлары мен
жадылау өлеңдерінің жинағы — ведалар арий тайпаларының өмірін суреттейді.
Арийлер мал, егін өсірумен айналысып, әр түрлі қолөнерді меңгерді, сауда-
саттық жүргізді. Б.з.б. 1-мыңжылдықтың 1-жартысында Солтүстік Үндістанда
бірнеше құл иеленуші мемлекеттер пайда болды. Бұл кезеңнің тарихы аз
зерттелген. Б.з.б. 6 ғасырдағы құл иеленуші мемлекеттердің көпшілігі
Солтүстік Үндістанның шығыс бөлігінде, Ганг мен Джамна өзендерінің
алаптарында орналасты (Анга, Магадха, Вриджи, Каши, Кошала, Панчала, Ватса,
Куру, т.б. мемлекеттер). Олардан солтүстік-батысқа және оңтүстікке қарай
орналасқан Гандхара, Аванти, т.б. мемлекеттер жөнінде деректер аз
сақталған.
Бұл құл иеленуші мемлекеттердің халқы 4 топтан құралды:
• брахмандар;
• кшатриялар;
• вайшьялар;
• шудралар.
Олардың алғашқы екеуі артықшылық жағдайда болды. Патша қазынасына егіншілер
түскен өнімнің 16 — 112 бөлігін берді. Патша сондай-ақ қолөнершілер
еңбегін пайдалану (айына 1 күн), әр түрлі алым-салықтар жинау құқығына ие
болды. Егіншілер рулық және көршілік қауым болып өмір сүрді. Құлдардың
еңбегі негізінен үй ш-нда пайдаланылды. Б.з.б. 6 — 4 ғасырларда қол жеткен
экон. прогресс ежелгі үнді қоғамы өмірінің жағдайларына айтарлықтай
өзгерістер енгізді. Тауар-ақша қатынастарының дамуы құлдықтың таралуына
жағдай жасады. Әлеум. қарама-қайшылықтардың өсуі діни-сектанттық қозғалысты
туғызды, олардың ішінен буддизм мен джайнизм ерекшеленді. Б.з.б. 4 ғасырдың
ортасында Нанд әулеті билеген Магадха мемлекетіне Ганг жазығы түгел
бағынды. Инд өз. жазығының бір бөлігін Ахемен әулеті жаулап алды. Б.з.б.
327 — 325 жылы Үндістанға Александр Македонский әскері баса-көктеп кіріп,
Биас өзендеріне дейінгі жерді иеленді. Магадханың көршілес аймақтарды басып
алуы Маурья әулеті тұсында да жалғаса берді. Ашок патшаның кезінде Маурья
әулеті Үндістанға түгелдей дерлік, қазіргі Ауғанстан аумағының бір бөлігіне
өз биліктерін орнатты. Олар күшті әкімш. және әскери аппарат құрды. Бірақ
ішкі қарама-қайшылықтар мен Үндістанға бактрия гректерінің баса-көктеп
кіруі оларды әлсіретіп жіберді. Б.з.б. 2 — 1 ғасырларда Солтустік
Үндістанда грек-бактриялықтар, парфиялықтар мен шактардың көптеген
әулеттері билік жүргізді. Осы кезде Деканда Сатавахандар мемлекеті күшейе
бастады. Б.з.б. 1 ғасырда Солтүстік Үндістанның көпшілік бөлігі Кушан
патшалығының билігіне көшті. 1 — 3 ғасырларда Үндістан Риммен қызу сауда
жүргізді. Шығыстағы елдермен, Қытаймен сауда қатынастары кеңейді. 6 — 12
ғасырларда Үндістанда көптеген ортағасырлық мемлекеттер өмір сүрді. Олардың
арасында үздіксіз соғыс жүрді. 8 — 10 ғасырларда Солтүстік Үндістандағы
мемлекеттердің неғұрлым ірілері — Палдар мен Гурджара-Пратихарлар
мемлекеттері еді. 8 ғасырдың басында Синдіні арабтар жаулап алып, елге
ислам діні тарай бастады. 11 ғасырдың бас кезінде Үндістанның солтүгіне
Ғазнауи сұлтандығының билеушісі — Махмұд Ғазнауи бірнеше рет жорық жасап,
Пенджабтың біраз бөлігін бағындырды. 12 ғасырдың соңы — 13 ғасырдың бас
кезінде Солтүстік Үндістанды Гурлар мемлекетінің билеушісі — Мұхаммед
жаулап алды. Ол қайтыс болғаннан кейін оның Ганг жазығындағы жергілікті
билеушісі өзін тәуелсіз деп жариялап, астанасы Дели болған өз мемлекетін
құрды (қ. Дели сұлтандығы). Кришна өзеннен оңтүстікке қарай 14 ғасырдан 17
ғасырдың 1-жартысына дейінгі аралықта үлкен мемлекет — Виджаянагар өмір
сүрді. 1565 жылы Виджаянагар билеушісі Кришна өзеннің жағасында Декан
мұсылман одағынан жеңіліп, патшалығы ыдырап кетті. 17 ғасырдың ортасына
таман бірнеше дербес князьдіктер құрылды (Мадура, Майсур, т.б.).
Әдебиеті[өңдеу]
3 мың жылдан астам уақыт бойы өз дәстүрлері қалыптасқан үнді әдебиеті
санскрит тілінде жазылған, лирика, эпос пен драманың негізі қаланған діни
мадақ жырлар — ведалардан басталады. Шамамен б.з.б. 6 — 5 ғасырларда ауыз
әдебиетінде аса көлемді эпик. поэма — “Махабхарата” мен “Рамаянаның” негізі
пайда болып, б.з. алғашқы ғасырларында санскрит тілінде түпкілікті
қалыптасты. Б.з.б. 1-мыңжылдықтың 2-жартысында пали мен кракритах тілінде
діни дидактика мен ауыз әдебиеті сюжеттері үйлескен буддалық әдебиет туды.
Б.з.б. 4 — 3 ғасырларда елдің дравидтік оңт-нде ежелгі туындыларының (“Он
жыр”) дүниеауи сипаты басым болған өзіндік драма-тамиль әдебиетінің негізі
қаланды. Санскрит тілінде жазылған халық ертегілерінің жинағы —
“Панчатантра” (б.з. 3 — 4 ғасырлар) повесть жанрының бастамасы болды. Жаңа
заман шебінде жеке шығарм-қа көшу байқалып, дербес әдеби түрлер мен
формалар қалыптасты: Халаның пракриттік лирикасы (шамамен 4 ғасыр),
Ашвагхошидің (шамамен 2 ғасыр), Бхасаның (4 ғасыр) санскриттік драмалары,
тамиль-лиро-эпостық поэзиясы (мыс., авторы Иланго Адигаль болып есептелетін
“Білезік туралы повесть”, 7 — 9 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ежелгі Үнді мәдениеті жайлы
Үндістан мемлекеті туралы
Классикалық араб әдебиеті
Үндістан Республикасы туралы
Империя дәуірінің алтын ғасырының өкілі
Қазақстан көшпенділерінің мәдениеті
Тарихи поэтика пәнінің зерттеу нысаны
Көне Қытайдың мәдениеті
Ежелгі Үнді мәдениеті. Ежелгі Шығыс мәдениеті
Үндістан Республикасы
Пәндер