Үнді мен Қытай философиясының дамуы


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

Ежелгі Үнді философиясы

Философиялық ой біздің дәуіріміздің алғашқы І-ші мыңжылдықтың ортасында Ежелгі дүниенің негізгі үш орталығындағы -Үндіде, Қытайда ертедегі Грецияда шамамен бір мезгілде туды. Ежелгі шығыс елдеріндегі, ең алдымен, Үнді мен Қытай философиясының дамуы мен қалыптасу тарихы, «оларда философия толық дамымаған» - деген еуропашылдық көзқарастарды жоққа шығарады. Қазіргі уақыттары Шығыс және Батыс философиялық ойларының бір-біріне деген ықпалдары адамзат өркениетінің жаңа үлгісіндегі тұжырымдарды тудыруда.

Ежелгі шығыста адам өмірінің мәні, жағдайды өзгерту арқылы емес, оның өзін-өзі өзгерту шарттарымен байланыстырылады. Өзін-өзі өзгерту идеалы болып көнелік саналады. Шығыс философиясы әуеліде көнеліктің, кейіннеи діннің «қызметшісі» және де жаңа ілім ескі теорияларды дәл, нақты оқуымен баламаланды. Шығыс философиясы әр уақытта бірсалалы болып келеді және онда онтологиялық, гносеологиялық, этикалык, психологиялык тұрғылардан қарастыру позициялары болмайды.

Шын мәнінде, үнді өркениеті, біз саналы немесе рефлексиялы түрде үлгі-нұсқа ретінде санайтын еуропалықтан айырмашьшығы бар, мәдениетгің және тарихтың басқа үлгісі болып саналады. Алайда адамзаттың рухани жетуілуі - ғылым, философия, демократия батыста дүниеге келген деген түсінік біздің санамызға әбден сіңсіп кеткен.

Ал, үнді мәдениетінде көптеген философиялық сюжеттер еуропалықка қарағанда басқаша дәлелденеді. Бұл әлемге адам қайдан келеді, оның мақсаты неде, өлім дегеніміз не? Ежелгі үнді дәстүрлері бойынша, бұл жерге жаңа адам, жаңа дене кейпінде қайта-кайта келеді және алдын ала анықгалган тұрде, бұл реинкарнация идеясы яғни қайта туу идеясы. Индустар үшін жердегі өмірі жаттану күй-жағдайын бейнелейді, ал, елім болса қосылуды, рухани босануды және оянуды әкеледі. Тағдыр доңғалагы әрбіреуді рух жетілгенше қайта келудің азабын көтеруге мәжбүр қылады. Бұл мәдеииеттің адамдарды өлімнен емес, жаңа тіршіліктің қайталануынан қорқады. Міне сол себептен қасиетті доңғалақтардың астына ұмтылып, Ганга суларына бататыны. Адам не ғұрым қайта туудың кезендерінен өтсе, сол ғұрлым жақсырақ . . .

Дәстүрлі мәдениет Құдай, құдайлар, құдайлылық, қасиеттілер, тақуалар туралы тұрақты түрде айтып келді, яғни біздің табиғаттан тысқы күш деп айтатындарымыз. Соған қарамастан дәстүрлі мәтін жұмбақтарга толы және оны түсіндіру де қиын. Бірақ дәстурлі мәтін өзінің бастапқы түрінде пәнділік белгілерсіз болған.

Ол адам жадында болады және есте сақтау арқылы ауызша бірден-бірге беріледі. Үндістік қасиетті матін дәл осылай - «шрути» (естілгеи) деп аталады және «смрити», (есте калған) . Сонымен қатар. әсіресе мынаны ерекше атаған жөн, ауызша айтылатын мәтіндер алғашкы жазылу түріне түскенге дейін жүздеген жылдарға созылуы мүмкін.

Үнді философиясы туралы айта кететін тағы бір ерекшелік мынада. ондағы бізге жеткен шығармалар тікелей философияға арналған емсс.

№3 кесте.

Ежелгі Үнді философиясынын пайда болуына ықпал жасаган діни,

діни-философиялық әдебиеттер.

  • ВЕДАЛАР
  • ПУРАНДАР
  • БРАХМАНДАР
  • ИТИХАСТАР
  • АРАНЬЯТЕР
  • ЭПИКАЛЫҚ

ПОЭМАЛАР

  • УПАНИШАДТАР

Ежелгі Үнді

философиясы

Ия оларда метафизикалық ойлар көп. Бірақ олар қатаң философиялық трактат түрінде баяндалмаған. Бұл, бір жағынан әдеби мұра және сонымен бірге діни сананың әлпеті және мифтік жеткізілімдер. Философиялық мазмұн да және нұрға бөлену де бар. Бірак, айрықша бөлектенген түрде философиямен айналысу әзірге жоқ. Сол себептен болар қазіргі заман философтарының көшілігі философияның пайда болуын Үндімен емес, антикалық мәдениетпен байланыстырады.

Жалпы, сараптап айтсақ үнді философиясын ерекшелендіретін негізгі қасиеттер жиынтығы мыналардан тұрады:

1) өзіндік мәдени негізде болуы;

2) дәстүрлілік;

3) діншілдік;

4) өзін-өзі іштей терендету және руханилықтың шыңына ұмтылушылық (спиритуалдылы бағыттылық) ;

5) рационалдылыққа мистиканы қосу;

6) ең жоғаргы мақсаттарды анықтағанда және әлем бейнелерінің көптігін мойындауда көпшілік мектептердің бірлігі;

7) алемді мойындауды және оны жоққа шығаруды үйлестіру;

8) транстық жағдайға кешуді барлық мектептердің қабыл алуы;

9) философияға өмір сүру салты ретідде қарау;

10) қоғамда философияны жоғары дәрежеге қоюы және мәдениетге философиялық ойлардың ықпалдылығы.

Даналықтың сарқылмайтын қайнар кездерін, тарихилықтан гөрі мифологиялықты баяғы өткеннен іздестіру, уақыттан тыю мәңгілік - ежелден қалыптасқан философиялык ілімдер, үлгі регінде бағаланады.

Үнді философиясы - адам ақылының тәуелсіз жетістіп. Дін мен әлеуметгік мәселелер өмірде басты роль атқаратын болса да, ол философиямен еркін айналысуға мүмкіндік берді. Адам өмірі касталық кұрылым нормаларымен шектелсе де, кез-келген пікірге қосылуга кұқығы болды.

Үнді философиясының тарихы мына кезендерден тұрады:

№ 4 кесте

1
Ведалық кезең
Б. д. д. ХҮ-ҮІІғғ.
1: 2
Ведалық кезең: Эпикалық кезең
Б. д. д. ХҮ-ҮІІғғ.: Б. д. д ҮІ ғ. -б. д ІІ ғ.
1: 3
Ведалық кезең:

Постклассикалық

(схоластикалық) немесе Сүтр кезеңі

Б. д. д. ХҮ-ҮІІғғ.: Б. д. ІІІ ғ. Бастап - ХҮІІІ ғ.
1: 4
Ведалық кезең:

Неоиндуизм кезеңі немесе жаңа

Үнді философиясы

Б. д. д. ХҮ-ҮІІғғ.: ХІХ - ХХ ғғ.

1 . Ведалық (сөзбе-сөз - білім) кезең (б. д. д. ХV-VIIғ. ғ) арийлық өркениет пен мәдениеттің біртіндеп таралу мезгіліне сай келеді. Ведалық әдебиеттің төрт сатысы: самхиттер (қасиетті жазбалар немесе діни гимндер) . немесе ведалардың тікелей өздері (Ригведа, Самаведа, Яджурведа және Атхарваведа) .

2. Эпикалык кезең (б. д. д. VІ - ІІ - б. д II ғ) . Рамаяна және Махабхарата поэмаларының түпкілікті қалыптасқан мезгілі.

3. Сутр кезең (б. д. III ғ. бастап - XVIII ғ. ) әртурлі мектептер жинақтаған философиялық нәтижелерін қорытындылап оларды бір жүйеге келтіру мезгілі болды.

Үндідеп ең алғашқы мәтін «Веда» (кіріспе, білім) деп аталады. Солардың ішінде діни ән ұран болып аталатын «Ригведаның» дүниеге көзқарастарынын ең басты принцип, табиғат пен әлеуметтік өмірдің кейбір құбылыстарын кұдай деп тұлу болды. Мыс:

Индра - найзағай кұдайы, құдіретті сардар;

Варуна - әлемдік тәртіптілік пен әділеттіліктің кұдайы;

Агни - от пен әулиеттің құдайы;

Сома - қасиетті сусынның құдайы.

Ежелгі үнді философиясы екі мектептер (даршан) тобына айырылады. Біріншісі, ортодоксальдық алты даршаннан тұрады: санкхья, йога, нъяя, вайшешика, пурва - миманса, веданта.

Екінші топ - үшеу : буддизм, джайнизм, локаята (кейде үшінші ортодоксальды емес даршинға адживиканы жатқызады) мектептен тұра-ды.

Бірінші топтағы даршандар кейде қосарласқан күйінде аталады, өйткені санкхья - йогага, нъяяға, вайшешикке; пурва - миманса ведантаға жақын келеді. Енді осыларды қысқаша сипаттаймыз.

1. Санкхъя (санскрит бойынша - санап шығу, есептеу, құрастыру деген мағынаны білдіреді) . Негізін қалаған біздің д. д. VII ғ. өмір сүрген Капила. Санкхъя мектебі веда жолымен дамыды, болмыстың жалпыға бірдей рухтылығын жариялады. Әлемнің әртүрлілігінің көптігін екі алғашқы басталыммен байланыстырды - материалды (пракрити) және идеалды (пуруши) . Пракрити (жаратушыдан алғашқы) Әлемді жасаушы күш және әр түрлі сапалықтың қайнар көзі. Ол алғашқы материя - барлығының басты себебі. Ол әлемдегі шекті, өзара тәуелді, нақтылы заттарының себебі. Пуруши (адам, еркек) ешбір іс-әрекет жасамайтын сапасыз таза трансцендентальды сапа. Пурушты денемен, сезімдермен, ақылмен, зердемен теңдестіруге болмайды. Ол танымның объектісіне жатпайтын субъектілі көптілік тәжірибе.

Пракритилердің субстанционалдық күштері гун деп аталады (санскритте - арқан, ықпал жасаушы) . Пракрити үш гуннан түзіледі: саттва - жарық пен қуаныштың қайнар көзі, раджас - қайғы-қасіреттің қайнар көзі, тамаса - қаранғылықтың қайнар көзі.

Гун физикалык түрде қабылданбайды. Оларды салдарына байланысты, яғни қуаныш, қайғы-қасірет, рахаттылықты тудыратын объектісіне байланысты біледі. Мысалы, гүл қызға жан рахатын әперсе, ауру адамға басқаша әсер етеді, ал жас жігітте немқұрайлылықты туғызуы мүмкін. Гунның тепе-теңдіктегі өзара әрекеттестігі пракрити қозғалысы болып саналады. Гун шын мәнінде тіршілік энергиясы, әртүрлі күштердің жиынтығы. Жалпы гун заттардың пайда болуы үшін өзара шырмалған.

Пуруши және пракрити - негізгі субстанция. Олардың қосындысынан тірі жандар сияқты әлемді құрастырылады, сезімтал дене (джива) пайда болады. Әлем ғарышттық ұйқысынан оянып саналылыққа айналғандай болады. Пуруши мен пракритидің қосылуы өз қозғалысына ықпал жасайтын адам денесін еске түсіреді. Пуруши шығармашылыққа ие, әлемнің дамуына түрткі болады. Өзін-өзі жетілдіру мен танымның мақсаты - Әлемнің құрылымын, пуруштың пракритиден дербес екіндігін түсіну, рухтың кемелділігі, өз мақсатын онымен біттестіру, өзіндегі пракрити мен пурушиды айыру арқылы азаттыққа жету - мокша.

Адам өзінің парықсыздығынан, білімсіздігінен Пурушиді заттық әлеммен байланыстырады. Кез-келген қайғы-қасірет сонымен қатар қуаныш пен рахаттылық сондай араласудың нәтижесі. Тап осы күй-жағдайдан шығып даналық жолына түсу үшін оқиғалардың әділ бақылаушысы болу керек. Сонымен Мен (Пуруши) сыртқы әлемнен босанып, еркіндік алады, қайта жаратылу және өлу айналымдарынан (сансара) босанады.

Карма ұғымы, сансара (қайта туылу жүйелері) ілімімен тығыз байланысты. Осы сансарадан шығу мокша (босану) деп аталады. Мокшаға жету жолдарын әртүрлі мектептер өзінше айқыңдайды: кұрбандық шалу, аскеза, йогалық практика.

2. Йога (байланыс, күш салу, тырысу) негізін қалаған (біздің д. д. II ғ. Немесе б. д. II ғ) Патанджали - «Йогасутрдың» авторы. Йога, азат болудың санкьхя белгілеген жолдар мен Әдістерін іс-тәжірибелік жолға қойды. Йога, белсенді жігерлік арқылы және қадалушылық арқылы, өз- пурушын өзінің пракритиінен айыру арқылы, өте құнды киелікке ие, Жоғарғы Пурушиге және Ишваро деп аталатын жаратушы Әміршіге әкеледі. Бұл үшін йогтердің «сегіздік» Әдісі өңделген: діни жарлықтың орындалуын және өнегелі талаптарды қатал сақтау, әсіресе ахимсаны - тірі жанға зиян келтірмеуді; физикалық және тыныс органдарын жаттықтыру арқылы денеге бақылау орнату; назарын, сезімдерін, пайымдарын шоғырландыру - осынысымен Пракритидің өте нәзік құрамаларының байламдарын бірте-бірте жүйелі түрде жоя бастайды. Ақыр соңында, әйтеуір транстық күй-жағдайына жетеді (самадхи), тіпті әртүрлі айырмашылықтар, ойлар жоғалады, тоқтайды және бостандық орнайды.

3. Нъяя (ереже, қисын) даршанының негізін салған Готама (II ғ . б. э. дейін немесс б. э. II ғ. ) Негізгі мәтіні - «Нъяясутра». Бұл мектептің жақтастары адамдық Меннің қимастарын қиып өтіп таза ойдың органы болып есептелінетін өзіндегі атманға қарап, объектіге, еркіндік алуға қарай жүру керек, - деп есептейді. Мұның негізгі жолы - таным. Нъяя философтары танымның тәсілдерін зерттей отырып, ең анық және анық емес білім түрлерінің жіктелуін жасады, әртурлі логикалык қорытындыларды шығару формаларын өңдеді - Дүниетану мәселерінде нъяя негізінен вайшешиктердің ережелеріне ерді.

4. Вайшешика (айыру) мектебінің негізін салған Канада (б. э. Дейінгі I ғ. Немесе б. э. I ғ. ) «Вайшешика сутрды» жасады. Вайшешиктер метафизикасының негізінде теизм, атомизм, сонымен қатар схоластика үлгісіндегі реализм идеялары жатады. Соңғы вайшешиктің буддисттермен болған таласында қорғаған тезисі: категориялар, заттарға ұқсас нақты, дербес бар болуына ие бола алады. Вайшешиктерде, абсолютті құдайшыл Мен - Ишвара Әлемді атомдардан жаратады, оларды сүйейді және оларды карма заңымен жасалатын (көрінбетін) каузалды-құндылықпен - адришты арқылы қиратады. Білім - Әлемдегі жүйені табу. Онда нақты ақикаттың жеті түрлі айырмашылығы бар, олардың әрқайсысы көптеген түр-лерден тұрады. Мысалы: сапа және қарекеттерді сақтаушы - субстанцияның тоғыз -түрі бар: апаттардың бес элементі: жер, су, от, ауа, эфир (акаша) және тағы да (санада берілген үйлестік (координация) органы) төрт элемент - кеңістік, уақыт, жан - атман, ақыл - манас.

5. Пурва - миманса (дәл. : алғашқы зерттеу) . Бұл мектептің негізін қалаган Джаймини болып есептеледі (б. д. дейінгі IV - Ш гг. ), «Мимансасутраның» авторы. Бұл дарашан Веда және ведалық

салттарды сақтау мақсатында пайда болды. Веда жетілген, өзімен дхарма ақиқатын әкелетін фуңдаментальды қасиет ретінде түсінілді Ол бастапқыда сөзді табиғи деп түсінді, тек кейіннен ғана бір шама адам сөздерінің дыбыстарынан ғана көрінді. Салт-жоралардың орындалуының нәтижесінде адам азаттыкқа жетеді. Бостандықты, қайғы-қасіреттерден құтылу және салттарды атқару нәтижесінен рахаттану тұрғысында түсінді. Миманса қоғамдық - касталық ұжымды демеуге және брахманизм мен индуизм мәдениеттерінің құндылықтар қатарын сүйемелдеуге көмектесті.

6. Веданта (Веданың аяқталуы), ежелгі Үңдідегі негізгі мектептердің бірі. Ол басқа да мектептер сияқты упанишадтың негізінде құрылды, кейіннен индуизмнің пайда болуының қайнар көзі болды. Бұл мектептің негізін салушы және «Ведантасутраның» авторы Бадаран (б. д. дейінгі IV - III ғ. ғ. ) болып есептелінеді. Ведантаның қалыптасу шыңы ведалық бағыт ретінде орта ғасырдың басынан басталады. Оған дейін эпикалық туындылар «Махабхар-ата» және «Брахма - Сутра» бұрын болып өткен. Ведантаның ең ірі тұлғаларының бірі Шанкара (VIII -ІХғ. ғ. ) болды. Ол шиваизм ілімінің ұстазы, буддизм идеясын қайта қарап шығармашылық негізде монистік адвайта - ведантаны жасады (санскритте «адвайта» -екі жақтысыз) . Шанкараның ойынша Әлемдегі әр түрлілік бұлынғыр, бірақ солай бола тұрса да объективті.

Табиғат заңдары - барлық мәндердің бостандыққа жетуімен

анықталады. Ал адамның Брахманмен, құдаймен бірігу мақсатында йогадан басқа әдістерді веданттар мойындамайды. Олардың ішінде ведантизм арасында мына төртеуі ең маңыздысы болып саналады: карма-йога, бхакти-йога, джана-йога, раджа-йога.

Карма-йога - еңбек жолындағы, істері, әрекеттері «бостандық» әдісі. Карма-йога - әрекеттену, істеу деген мағынаны береді. Карма-йога - материалды және рухани әлемдегі барлық жаратылысты итереді. Карма-йога - табиғаты құдіретті үш күштен тұрады. Олар: раджас - белсенді, тамао - енжар саттво - тепе-тендік. Карма-йоганы-Вивекананда, адамдағы ең қорқынышты қасірет - өмірге деген бойкүйез көзқарас, белсенді іс-әрекеттен қашу, өзінің тағдырына бас ию деп тұжырымдайды. Карма-йога ілімінде, адам не істесе де табиғат үшін емес, тек өзі үшін, өзіне ғана жағдай жасап, әрекеттесуі керек. Табиғат адамның көмегін керек етпейді. Табиғат бізге дейін де өмір сүрген, бізден кейін де өмір сүре береді. Табиғаттың өз кармасы бар. Карма-йога - өзіміз үшін еңбек етуге бағтайды. Вивекананда кез келген әрекет жақсылық пен жамандықтан тұрады, барлық әрекетте жақсылык пен жамандық бір-бірімен тығыз байланыста дейді.

Бхагти-йога екі сатыға бөлінеді: біріншісі - дайындық, немесе төменгі түрі, адамдар арасында көп таралған, яғни сезімдік ләззатынан жоғары көтерілмейді. Олар үшін өмірдің мәні: «ішіп жеуден, ұрпақ қалдырудан, өмірден өтуден» тұрады. Бұл адамдар сезінуді үйренудің алдында жоғарғы тәртіпті керек етіп, жаңа түрлердің сынынан өтуі керек. Вивекананданың айтуынша, бхагтидік төменгі деңгейдегі өкілдері бірбеткей адамдар (фанатиктер) болып табылады.

Вивеканандаша, адам жердегі өмірінде өзіне мұрат таба білуі керек және өмірінің соңына дейін соған беріліп өтуі тиіс. Бхагта руханилықтың жоғары деңгейін және тазалығын талап етеді.

Рамануджа мынадай бес түрлі тәртіпті көрсетті:

1. Сатья - шыншылдық;

2. Арджава - шынайылық;

3. Дайя - біреуге жақсылық жасағанда, өзіне ешқандай пайданы көздемеу;

4. Ахимса - ісімен, сөзімен және ойымен басқа біреуге зиян жасамау

5. Абхидхья - басқалардан жақсылық, нәтижесіз ойдан арылу, өкпені естен шығару.

Міне, осы бес жолды қатаң орындағанда ғана, бхагтидің ең жоғарғы нысанына жетуге болады.

Джанана-йога - таным жолымен азат болу. Ең бірінші өзіңді таны, сонда ғана барлық тіршіліктегі бірінші негізді танисың. Адам білімді пәндерден немесе сыртқы дүниедегі құбылыстардан алмайды. Білім адамда әрқашан кездеседі, бірақ ол жасырын түрде болады. Адам өзінің түсінігін жоғары деңгейде жеткізгенде ғана, еркін.

Раджа - йога - әдептік, физикалық және психикалық жаттығулар жолынан азат болу әдісі. Раджа-йога - ілімін жүйелендіруші Патанджали болды. Ол жанның азат етуін сегіз сатылы деп атап, және адам денесімен жанды азат етуде осы сатылардан өтуі керек.

1. Иама - сабырлылық адамгершілік тәртібі.

2. Ньяяа - мәдениеттілік

3. Асана - дененің жағдай тәртібі

4. Пранаяма - тыныс алуды бақылау

5. Пратьяхара - сезімнің шығуы

6. Дхарана - көңіл Бұлу ақылдың тәртібі

7. Дхьяна- объектіні бақылау

8. Самадхи - топталу немесе объективтік топталуды ақылдың таратуы.

Болмыстың алғашқы негізін іздестіруде, Брахмлн туралы ілім алынгаи. Брахман - ең биік объективті шындық, ол мәнділіктің бастамасы, шығармашылық құбылыс, осы дүние және Атман - субъективті, тулғалық бастама. Упанишадтың ең жоғары орталық ойы -бұл Брахман мен Атманның бірлігі, тұтастығы. Брахманмен бірігу -бұл жоғарғы мақсат, оған жету үшін шынайы біліммен қауышу негізгі құрал болып есептеледі.

Бұл көзқарастар:

- Атман туралы (немесе Брахман туралы) - әлемнің негізінде жатқан дүниенің біртұтас жаны және жеке адамдардың жанының сарқылмас бұлағы болып саналуы туралы;

- адам жанының өлгеннен кейін басқа адамға көшуі туралы;

- тіршіліктегі әрекеттері үшін өлгеннен кейінгі берілетін карма заңы туралы;

- өтпелі оқиғалардың щеңберінде және бұлыңғыр сезім, жердегі тіршілікте амалсыз айналыста болатын денеден денеге көшіп жүретін жан сансара туралы;

- жоғарғы жетілгендік және жан рахатына жету үшін айналымнан шығып Атманмен қосылдыратын нирвана жағдайы туралы «Ведаларда» берілген.

Бұл ілімнің негізіндегі брахман ұғымы - ешқандай көптік және де басқа қасиеті жоқ рухани субстанция. Бұл бірыңғай, одан басқа ештеңе жоқ жалғыз нақтылық. Бірақ Брахман жалпыға бірдей толассыз рух ретіңде бүкіл әлемнің бастауы және оған олар қайтып келеді. Брахман бүкіл ғарышты қамтиды және соларда іске асады, өйткені ондағы барлық заттар сияқты адамдар да сол ғарыштың бөлшектері. Брахман ғарыштан тыс та бола алады. Әлем бұлдыр дүние (Майя), бұлай болатын себебі Брахман табиғатын білмегендік.

Майя әр алуан көзге көрінетін дүние арқылы өзінің нағыз Брахмандық мәнін жасырады. Майя магиялық сиқырлы күш тектес, Брнхманнан отты жандырғыш күш пен оттың өзінің арасындағы айырмашылықтай, яғни олар бір. Брахман - ең жоғарғы рух, ал атман - оның адам арқылы көрінуі. Брахман және атман, құдай және жан ретінде біртұтас. Атман, Брахманның жаңғырығы түрінде кез келген адамның сөйлеу актісінде «таза өзінділік және таза сана түрінде» болады. Бұл «таза өзінділік» (чистая непосредственность) бұлдыр әлемнің барлық мәндерінің шекті негізі. Дене таза емес тәннен түзеледі, сезімқұмарлықты туғызады.

Ортодоксалды емес мектептер

І. БУДДИЗМ. Буддизмнің негізін қалаған, кейіннен Будда («көзі ашылған») атын берген, принц Сиддхартха Гаутама болды. Оның уағыздары нирванаға қол жеткізудің жолдары. Буддизм ілімі әрі қарай дамуға көптеген мүмкіндіктер қалдырды. Уақыт оза жаңа бағыттар, көптеген әрқилы секталар мен философиялык мектептер дүниеге келді.

Біздің дәуіріміздің I ғ. Буддизімнің жаңа түрлері пайда болды. «Махаяна» (даңғыл жол), «Хинаяна» (тар жол), Махаяна - бұл, махаббат пен қайғы қасіретті буддизм догматтарының шеңберіне енгізу талпынысы. Хинаяна (дәстүрлі буддизмді дәріптеуші) және махаяна, оның ауқымында төрт философиялық мектептер (вайбхашиктер, саутранинтиктер, його-чарлар және мадхъямикпер) дамыды да, олардың шырқау биіктері V-VІІ ғасырларға сәйкес келеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Будда философиясы
Ежелгі Шығыс және Антикалық философия
Аникалық философия
Көне Қытай философиясының негізгі өкілдері
Көне үнді философиясының ерекшелгі
Ежелгi Үндi және Ежелгi Қытай философиясы
Ежелгі Шығыс философиясының ерекшелігі
Философия пәні мен оның қызметі
Ежелгi Үндi философиясы туралы ақпарат
Грек философиясының негізгі сұрағы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz