Ежелгі үнді философиясының даму ерекшеліктері мен кезеңдері



Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Ежелгі үнді философы

Жоспар

І Кіріспе

ІІ Ежелгі үнді философиясының даму ерекшеліктері мен кезеңдері.
а) Ведалар
б) Жайнизм
в) Буддизм жән оның негізгі идеялары

Үнді халқының, көрші Қытай елі сияқты 4-5 мыңжылдық өркениеттік
тарихы бар ел. Олай болса, оның өзіне тән ерекшеліктері бар. Б.з.д. 1
мыңжылдықтың ортасында Үнді елінде философия пайда болды. Философиялық
ойлар мифологиялық көзқарастың ыдырауының нәтижесінде қалыптасты.

Үнді елінің ғажап ерекшелігі-оның әлеуметтік ұйымдастырылуында.
Ондағы адамдар үлкен жабық әлеуметтік топтардан тұрады. Оны - варна немесе
каста дейді. Негізінен алғанда, Үнді қоғамы төрт кастаға бөлінді. Олар: 1)
Брахмандар (ақтар) - айналысатын істері - ой еңбегі, негізінен діни
қызметкерлер, ел басқарушылар; 2) Кшатрилер (қызылдар) - айналысатын істері
- жауынгерлер; 3) Вайшьилер (сарылар) - еңбек ететін адамдар, негізінен
егін егу, мал бағу, қолөнермен айналысу т.с.с; 4) Шудралар (қаралар) - ең
ауыр, кір жұмыстармен айналысатындар.
Тарихи тұрғыдан алсақ, алғашқы үш каста б.ғ.д. 1500 жылдары үнді
еліне басқа жақтан келген арий тайпалары. Шудралар - жергілікті сол жерде
пайда болған аборигендер болып есептеледі. Касталық қоғам қалай пайда
болғаны, оған әкелген қандай себептердің болғаны белгісіз болса да, оның
негізінде жатқан үш принципті көрсетуге болады. Олар: 1) Әрбір кастаның
ішкі тазалығы және басқалардың сол тазалықты бұзуы мүмкіншілігінен пайда
болатын үрей, қорқыныш сезімі; 2) Касталық қоғамның пирамидалық құрылымы.
Әр каста өзінен төмен тұрған топтарға жоғарыдан қарап өзінің төмендегіге
қарағанда қадірлілігін сезінуге мүмкіндік алды; 3) Реинкарнация, яғни,
адамның жан-дүниесінің келесі өмірде ауысып кету мүмкіндігі.
Үнді халқының тағы бір орасан зор ерекшелігі - оның өте
бай мифологиясында. Жер бетіндегі бірде-бір халықтың аңыздарын
үнді аңыздарымен салыстыруға болмайды. Үнді аңыздарында үш мыңнан артық
Құдай кейіпкерлері суреттелген. Олар да адамдар сияқты сүйінеді, күйінеді,
туады, қартаяды, соғысады, бір-біріне көмектеседі т.с.с.Үнді
мифологиясындағы негізгі құдайлар мен негізгі ұғымдар. Йндра -
найзағайдың, күн күркіреудің құдайы; Митра - күн құдайы; Варуна - аспан
құдайы; Агни - от құдайы; Яма - өлім құдайы; Тапас - дене іңкәрі, жылылық;
Рита - ғарыштағы тәртіп; Пуруша - ғарыш адамы, рух, жан; Карма -адамның
тағдырын құрайтын жан-дүние; Сансара - ғарыштағы қысылған, күйзелген жан-
дүние әлемі: Мокша - бұл дүниедегі азаптан құтылып, дүниежүзілік рухқа
қосылуға мүмкіншілік алу; Дхарма - заң мен әділет құдайы.
Ежелгі үнді философиясының кезеңдерін үш буынға бөліп қарауға
болады. Ол кезеңдер мыналар: 1. Ведалық кезең (б.з.д. 1500-600 жж).
2. Эпикалық шығармалар дәуірі (б.з.д. VІ-ІІІ ғ.ғ.). 3.Философиялық су
тралар (б.з.д. III ғасыр - б.э. ғасыры).
Ежел гі үнді философиясының даму тарихы ведалық әдебиет пен
брахманизмді танып білу нәтижесінде қалыптасты. Веда текстері – діни
мазмұндағы әдебиетте р. Олар б.з.д. II мыңжылдықтын ортасынан бастап
жазыла бастаған. Веда текстерін ің жазылуының аяқталуы б.з.д. VI ғасырға
сәйкес келеді. Яғни, бұл әдебиет арийлер кезеңінен бастап Үнді елінде
алғашқы мемлекеттер пайда болғанға дейін жазылып келген.
Бұл құбылыс қоғамның кастаға бөлінуімен (варна) байланысты болды.
Веда арнайы кітаптар жинағы болып табылады. Оларды төрт жинаққа бөліп
қарайды.
1. Самхит жинақтары. Самхит жинақтарының өзі төрт топқа бөлінеді:
Ригведалар (гимндер ілімі); ә) Сама-ведалар (жырлар, өлеңдер ілімі);
б) Атхарва-веда (дұға, сүрелер ілімі); в) Яджу-веда (Құрбан шалу
формалалары жайындағы ілім).
ІІ. Брахмандар (веда текстеріне комментарийлер, түсініктемелер).
ІІІ. Араньяк кітаптары жинағы. Араньяк жинақтары - сопылық жолын ұстап
елден бөлек өмір сүруге бел байлаған, монахтың аскеттік өмір жолын
ұстанған адамдарға арналған тексттер.
ІV. Упаншиадтар (Философия тұрғысынан маңызды кітаптар жинағы).
Ведалық дүниетаным - ритуалдарға, әдеп-ғұрыптарға негізделген күрделі
мифологиялық көзқарастар жинағы. Ол әрдайым дамуда болған.
Мифологияға тән политеизм, антропоморфизм, ашық құдайлар жүйесі
ведаларда да орын алған. Бұл дүниетанымның маңызды түсінігінің бірі –
сансара ілімі. Үнді діни-мифологиялық сенімі бойынша адам табиғаттың бір
бөлігі. Табиғаттағы барлық заттар сияқты адам да денеден және мәңгі рухтан
тұрады.Сансара ілімі бойынша дене өлген соң, рух басқа денеге көше алады.
Ведалар - үнді әдебиетінің ең көне діни және философиялық мұралары.
Ведалардан Ежелгі Үндістанның мәдени-әлеуметтік өмірі туралы көптеген
деректер ала аламыз. Ведалар мифологиясы өте тартымды болып келеді.
Оның басты кейіпкерлеріне бір-бірімен ғарыштық қақтығыста болатын Дэвалар
мен Асуралар құдайылық кландары жатады. Дәвалар ғарышты ретке
келтіруші, үйлестірушісі, құрастырушы, сақтаушы күштерге жатады.
Олардың арасында жиі айтылатындары: Агни, Брихаспати, Вануна, Вайо,
Вишну, Индра, Митра, Пушан, Савитар, сурья т.б.
Индра Дэвалардың патшасы ретінде құрметтеледі. Яджурведада Рудру
Жоғары Құдай ретінде басқаларынан жоғары қойылады. Ведалық құдайлар
пантеонында көпшілігінің анасы түрінде Адите қарастырылады және ол Әлемнің
Аналық Өрісі деп алынады. Асуралар қатігез, ашулы ғарышқа бастау болатын
ретсіз, стихиялық материяны білдіреді. Дэвалар мен Асуралардың арасындағы
шек шартты түрде болады, ғарыштық процесте кейбір Асуралар Дэвалар қатарына
өте алады. Ведалар мифологиясында құдайлардан басқа абыздар, батырлар,
демондар да әрекет етеді. Олардың барлығы рита деп аталатын әлемдік бір
заңға бағынады және ақиқат (сатья), парызбен (врата) байланысты. Ведаларда
құдай мен адамның арасындағы үйлесімділіктің маңызы дәріптеледі.
Үнді философиясында карма және мокша ілімдері де болды. Карма қайта
туу доктринасын толықтырады. Карма тірі жандардың жасаған іс-әрекеті мен
қылықтарының қадамдарының жалпы жиынтығы арқылы оның қайта тууын анықтайды.
Рухтың заттан затқа, денеден денеге көшу тізбегі шексіз бола бермейді. Адам
имандылықпен, дхарма заңымен өмір сүрсе, діни ережені ұстанса, рухтың
Брахманға (Абсолют) айналуына жол ашады. Рух қайта туудан құтылғанда
мокшаға қол жетеді. Мокшаға жету - бұл азаптан құтылу, себеп-салдар заңымен
көшіп, рухтың жиһан кезуден құтылуы болып табылады.
Ведалық гимндерде жалпы принципті іздеу мәселелері де қойылған. Ондай
принцип ретінде универсалдық космостық тәртіп жарияланған. Ол -бейнесіз,
денесіз және барлық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шығыс философиясы
Философия пәнінен оқу-әдістемелік кешені
Философия, оның пәні, қызметтері және зерттеу объектісі
КӨНЕ ҮНДI ФИЛОСОФИЯСЫ. УПАНИШАД РӘСIМI. ВЕДАНТА ЖҮЙЕСI
Антика мәдениетіндегі философия
Мәдениет ғылымының қалыптасып, дамуы
Тарихқа өркениеттік көзқарас
Философия пәнінен емтихан сұрақтары мен жауаптары
Философия мәдениет феномені хақысында
Будда философиясы
Пәндер