Екiншi дүниежүзiлiк соғыс қарсаңындағы КСРО-ның және Германияның геосаяси мақсаттары мен мүдделерi


Мазмұны
Кiрiспе . . . 3
I тарау. Екiншi дүниежүзiлiк соғыс қарсаңындағы КСРО-ның және Германияның геосаяси мақсаттары мен мүдделерi.
- Соғыс қарсаңындағы Германияның геосаяси мақсаттары . . . 9
- Соғыс қарсаңындағы КСРО- ның саяси
стратегиясы . . . 19
II тарау. 1939 - 1940 ж. ж. аралығындағы кеңес - Германдық қатынастар.
2. 1 Молотов - Риббентроп пактiсі . . . 20
2. 2 Кеңес - германдық қатынастардың шиеленісуі және оның екiншi дүниежүзiлiк соғыстың ашылуына тигізген әсері . . . 27
2. 3 Кеңес - Германдық қатынастарының халықаралық саясаттағы рөлі . . . 36
Қорытынды . . . 44
Пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi . . . 46
Кiрiспе.
Тақырыптың өзектілігі:
Өткен ғасырда адамзат тарихында маңызды әрi iрi оқиғалар орын алды. Қоғам, мәдениет және технология саясатында үлкен жетiстiктерге жеттi. Көптеген халықтар тәуелдiлiк бұғауын бұзып, әлемнiң сипаты басқа түрге ие болды.
Екінші дүниежүзілік соғысынан күні бүгінге дейін бірнеше жариялымдардың негізгі тақырыбы болып келді. Әрине ол таң қаларлық мәселе емес. Оның негізгі себебі кеңес тарихының ғылымы сол уақытта соғыс алдындағы саяси дағдарыстық толықтығы қаралмады. Өйикені берілген уақыттағы кеңес-герман қатынасын толығымен зерттемеген.
Екінші дүниежүзілік соғыстың одан бұрынғы соғыстардан түбегейлі айырмашылығы сол - ол біреулер үшін жер шарындағы түрлі аймақтар мен ресурстарға бақылау орнатып, билік жүргізу жолындағы күрес болса, екніші біреулер үшін әйтеуір өмір сүру құқығын сақтап қалу жолындағы жанталасқан әрекетке айналды.
ХХ - ғасырда әлем елдерiнiң тағдырын күрт өзгерткен дүние жүзiлiк соғыстар болып өттi. Ұлы-Отан соғысы аяқталғанына 60 жылдан аса уақыт өтсе де, оның тарихына деген қызығушылық азайған жоқ. Оған бірнеше себеп бар:
- Біріншіден, екінші дүние жүзілік соғыс пен негізгі мазмұны- Кеңес халқының Ұлы отан соғысы дүние жүзі картасын қамтып, XX-ғасырдың әлемдік тәртібін анықтап және XXI-ғасырғада әсерін тигізді.
- Екіншідіен, соғыстағы қатыгездіктер Гитлерлік концлагерлерде жапа шегіп, туыстарынан айырылған. Соғыста ондаған миллион қаза тапқандармен мүгедектікке душар болғандар соғытың зардабын шекендер соғысқа қатыспаған ұрпақты да «кім кінәлі және оның қайталанбауы үшін не істеуге болады?» деген мәселелер толғандырады.
- Үшіншіден мемлекеттік құрылысы экономикасы, мәдениеті, салт -дәстүрі, әдееп құндылықтарының жүйелері мемлекет басшыларымен олардың қарулы күштері және әлеуметтік жүйелер әр түрлі елдер үшін сынаққа айналды.
- Төтіншіден соғыс Батыс елдерінің басыларына айналған әлемнің Транс Ұлттық Корпарацияларының (ТҰК) басшылары секілді әлемнің қарапайым адамдарымен қатар біздің отанымыздың негізгі жауларын анықтап берді. ТҰК-ға тән экономикалық мүдделер оларды әлемнің жетекшілігіне тұруды тлап етті, ал ол үшін қажеттісі- саяси және экономикалық басты қарсылас КСРО-ны жеңу мен оның байлықтарын иемдену мақсатында екінші дүние жүзілік соғыс шайқасын ұйымдастыру еді.
- Бесіншісі, КСРО-ны талқандаумен оның нәтижелерін белгілеу Ұлы - Отан соғысы туралы тарихтың шындығын бұрмалауды қажет етті.
Отанымыздың барлық жанұяларына әсер еткен соғыстың қатігездігі құрбандары мен қорлығы ТҰК-ға қажетті сезімталдықдеңгейді қаруға айналған әсерді алып мынаны ұғындырады:
- соғыстың себебі И. В. Сталин мен Гитлердің жеке мүдделерінің қақтығысуы болып табылады.
- КСРО-ның жеңісі аяқ астылық. И. В. Сталин мен оның жақтастарының қара ниеттеріне қарамастан, аяқ астында табылған тұлғалар (ең бастысы Г. К. Жуков) агресияны тойтара алды. Рузвельт пен Черчилдің басшылығындағы демократиялық әрекеттері, тағы басқа да батыс әлемінің адамгершіліктері мол және дарынды жетекшілер жеңіске жетуге көмектесті.
Бұл оқиғаларға қатысты құжаттардың көп болуы тарихшылардан оларды көп зерттеудi де қажет етуде. Әсiресе соғыс қарсаңындағы оған белсендi қатысқан елдердiң арасындағы қарым - қатынасты зерттеу үлкен мәнге ие болып отыр. Себебi соғыс қарсаңындағы ұстанған позициялары мен саяси дипломатиясын жете бiлу қажет.
Осыған орай ұлы Отан соғысы қарсаңындағы кеңес - герман қатынастары сан қырлы болып келедi. Себебi миллитаристiк Германия екiншi дүние жүзiлiк соғыстан өртiн жаққан ел болса, КСРО соғыстың жеңiмпазы болды. Соғыс қарсаңындағы бұл екi ел арасындағы қарама - қайшылықтар адам түршiгерлiк соғысқа алып келдi. Соғыстың тууына екi елде өз үлестерiн қосты /1/. Алайда кеңестiк көзқараста тек Германия айыпталып, КСРО - ның мүддесi жасырылып қалған. Осындай қарсы тұру үшін Ұлы -Отан соғысының себептерін халықты қырғынға ұшыратқан нағыз кінәлілерді анықтау басты жүктеме болып табылады.
Соғыс қарсаңындағы кеңес-герман қатынасы тарих ғылымында әлi күнге дейiн дау туындатуда. Сондықтан бұл тақырыпқа қазiргi көз-қараспен баға беру және шынайы сипатын ашу жұмыстың өзектiлiгi болып табылады. Кеңес - герман қатынастарын зерттеу өте күрделi мәселелердің бірі болып табылады. Өйткенi оның халықаралық құқықтық мөлшерге негiзделген жария жағы бар да, халықаралық құқықпен пен мүлде санаспайтын жағы тағы бар.
Тақырыптың зерттелу деңгейі:
Кеңес-герман қарым- қатынасын айқындайтын құжаттар мен деректердiң әлi күнге дейiн негiзгi сипатын жоймастан бiздiң қолымызға жеткендерi бар. “Документы и материалы кануна второй мировой войны”, “Канун и начало войны” /2/, деген жинақтарда көптеген мәлiметтер мен құжаттар берiлген. Алайда мұндағы құжаттардың басым көпшiлiгi бiр жақтық көзқарасқа ие. Мұнда соғыс қарсаңындағы КСРО-ның мүддесi мен позициясын айқындайтын құжаттар жариялан-бастан құпия түрiнде қалған. Дегенмен басқа деректермен салыстыра отырып құжаттарды құнды дүние деп айта аламыз. Сондықтан осы деректерге сүйенудi дұрыс деп таптым.
Аталған тақырыпты зерттеуде көптеген кеңес тарихшылары көлемдi еңбектер арнаған. Атап айтқанда Севостьянов П. П. “Перед велики испытанием” /3/, Сиполс В. Я. “Дипломатическая борьба накануне второй мировой войны” /4/, Овсяный И. Д. “Тайна в которой война рождалась”/5/, Волков В. К. «Советско-германские отношения» во второй половине 1940 г /6/, Гарбунов Е. А. “20 августа 1939 года” /7/, Максимычев И. Ф. «Дипломатия мира против дипломатии войны»: очерк советско-германских отношений /8/, Беремков В. М. «Старницы дипломатической историй» /9/ және тағы басқа ғалымдардың еңбектерi бар. Бұл деректердiң басым көпшiлiгi кеңестiк көзқарастың шырмауынан шыға алмаған. Мұнда германдық фашистердiң саясаты барынша әшкерленiп жазылған да, коммунистердiң саясаты барынша ақталған. Соғыс қарсаңындағы орыс - герман қатынасын зерттеуде У. Черчильдiң “Вторая мировая война” атты еңбегiн маңызды деп айтуымызға болады. Еңбектiң бiрiншi том, он төртiншi тарауында соғыс қарсаңындағы КСРО мен Германияның саясатына арнаған. Ол соғысқа белсене қатысушылардың бiрi ретiнде басқа құжаттарда кездеспейтiн мәлiметтердi берген.
Кеңес үкіметі соғысқа дайын болды ма? деген сұраққа жауап іздесек, ол тарихшылардың арасында дау туындатуда. Кеңес одағы өз жауларына қарсы тұра алатындай жағдайы бар болатын. КСРО соғысқа 20 жыл, ал Гитлер 9 жыл дайындалды /10/ деген деректер де бар. Мәселен 1935-37 жылы сомолет, танк шығару ісі 1930-31 жылдарға қарағанда 4 есе өсті. 1941 жылы армия қатарында 800 мың адам артығымен тұрды. Курсанттар әскери училищелерге жедел оқуларға жіберілді.
У. Черчилль Сталиннiң де соғысқа мүдделi болғанын және оған дайындық жүргiзгенiн айта келе, оның басты қателiгi деп соғыстың басталу уақытын дұрыс болжай алмағандығында /11/ - дейді автор өзінің еңбегінде. 1939 жылы 23- тамызда кеңес пен герман арасындағы келісім Ресей үшін өмірлік қажеттілік деп аталды. Келісімдегі жасырын протоколдар туралы еш нәрсе айтылмады. Сталиннің сөзінше: «Бұл келісім бейбітшілік акт» /12/, - деп атады.
Тақырыптың мақсаты мен міндеттері:
Жазылып отырған жұмыстың мақсаты - тарих ғылымының қазiргi талабына сай тақырыпты жан-жақты зерттей отырып, Ұлы Отан соғысы қарсаңындағы кеңес-герман қатынастарының көлеңкелi беттерiн ашып шынайы сипатын беру. Осы мақсатта жазылған жұмыстың негiзгi мiндеттерi төмендегiдей:
- Екiншi дүние жүзiлiк соғыс қарсаңындағы кеңес-герман қатынасының орнауы және шиеленiсуiне түрткi болған басты себептердi ашу.
- Тарихта Молотов-Риббентроп пактiсi деген атқа ие болған келiсiмнiң мәнiн айқындау.
- Соғыс қарсаңындағы КСРО - ның мақсаттары мен мүдделерiне дұрыс баға беру.
- Кеңес -германдық қатынастарының халықаралық саясаттағы рөлін анықтау.
Зерттеу жұмысымның хронологиялық шеңбері 1938-1941 жылдар аралығын қамтиды. Себебі екінші дүние жүзілік соғыстың негізі 1938 ж Мюнхен келісім шартынан бастау алады. Себебі осы келісім сөздің нәтижесінде Чехословакия фашистік Германияның алғашқы агрессиясына ұшырады. Ал соғыстың нағыз тұтанып, одан әрі жалғасын тауып созылуы 1941 жылдың 22 маусымындағы КСРО мен Германия әскерлерінің соғыс қимылына көшуіне әкеп тіреді /13/.
Кеңес - герман қарым-қатынастарының өрбуiне және өзгеруiне басқа да iрi державалардың позициялары мен саясаттары едәуiр ықпал етiп отырды. Сондықтан зерттеу жұмысының территориялық ауқымы соғыс қарсаңындағы бүкiл Европаны қамтиды.
Себебi бұл кезеңде екi елде қалыптасқан қарым-қатынастың сипаты, сол кездегi Европадағы iс-қимылдарды зерттеу барысында ашыла түсері сөзсiз.
Диплом жұмысының құрылымы мен көлемі
Диплом жұмысы кіріспеден, 2-тараудан, 5 тақырыпшадан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
I тарау. Екiншi дүниежүзiлiк соғыс қарсаңындағы КСРО-ның және Германияның геосаяси мақсаттары мен мүдделерi.
1. 1 Соғыс қарсаңында Германияның геосаяси мақсаттары.
Гитлер өкметi алғашқы күндерденақ өз сыртқы саясатындағы жоспарларын жүзеге асыруға кiрiстi. Немiстер дүние жүзiне өз үстемдiктерiн жүргiзуге тырысты. Европаны большевизмнiң қауiпiнен құтқару керек деген жалған ұранмен Кеңес үкiметiн жойып жiберудi мақсат етiп, коммунистерге қарсы соғыс жорығын ұйымдастырды. Немiс фашистерiнiң бұл пиғылы АҚШтың, Ұлыбританияның, Францияның билiк жүргiзушi топтары фашистiк атрессияларды Кеңестер Одағына шабуыл жасауға итермеледi. Олардың мақсаты соғыста екi жақты бiрдей өзара әлсiретiп одан кейiн өздерiнiң позицияларын күшейту ниетiнде болды.
Германия өзiнiң агрессивтiк саясатын Мюнхен келiсiмiнен кейiн ашық көрсете бастады. Аталған келiсiм шартта әрбiр ұлы державаның көздеген өз мақсаттары болды. Мюнхен келiсiм шартының негiзi болып табылатын Чехославакия халықаралық аренада маңызды мәселелердiң бiрiне айналды. Германияның бұндай агрессивтік саясатына КСРО өз қарсылығын бiлдiрдi. 1938 жылдың 15 наурызында американ журналистерiнiң Германия Чехославакияға шабуыл жасай қалса КСРО не iстемекшi деген сұраққа, сол кездегi Кеңес үкiметiнiң сыртқы iстер комиссары М. М. Литвинов бiздiң одақтастық мiндеттемесiн орындайды деп мәлiмдейдi. Сәуiр айының екiншi жартысында Москвадағы Чехословак өкiлi З. Фирлингер прагаға Кеңес үкiметiнiң ресми позицияси туралы былай хабарлайды: “өтiнiш жасалатын болса КСРО Франция және Чехославакия елдерiмен бiрге чех халқының қауiпсiздiгiн қамтамаыз ету жөнiнде барлық шараларды қолдануға әзiр”/14/.
Дегенмен Чехославакия тәуелсiздiгiнiң тiрегi болған кеңесчех шартын бүлдіруге тырысып, гитлершiлер антикеңестiк қаупiн өршiттi. Осындай жағдайда агрессорды ”тыныштандыру” жөнiндегi ағылшынфрансуз саясаты алға шыға келдi.
Ағылшын пример министрi Н. Чемберлен Гитлермен және өзiнiң франсуз әрiптесi Э. Даладьемен кездесулерiнен кейін 1938 жылы 19 қыркүйекте Чехословакия үкiметiне ағылшын франсуз ультиматумын қояды, ал оны қабылдау Чехославакияның бүтiндей тәуелсiздiгiнен айырылуы едi.
Франсуз және ағылшын үкiметi Чехославакияның Германия протектаратына айналатынын түсiнiп, қауiпсiздiктi қамтамасыз ету үшiн ашықтанашық бiрлескен талап қоюды өздерiнiң борышы деп. Олар Гитлердiң Чехословакияға шабулын Судет облысын қайтарғанда қана тоқтата алатынына сенiп бақты. Ультиматумның негiзi Чехословакияның немiстер басым орналасқан аймағын Германияға беру болып табылды.
Бұл талап чех үкiметiне 19 қыркүйекте тапсырылды. Осу ультиматум нормальды түрде қамтыған нота Судет обылысы жөнiндегi Германияның территориялық талабы қанағаттандырылса, Чехославакия өз тәуелсiздiгiнiң халықаралық кепiлдiк алатыны көзделдi.
Чехославакияның КСРО мен жасалған шарттан, яғни сырттан көрсетiлген нақты көмек жөнiндегi келiс сөздерден бас тартуы ультиматумның құрамдас бөлiгi болып табылды. Кiшi мемемлектердi фашистерге жемтiк етiп, қауiпсiздiктi қамтамасыз ету қате пiкiр. Өйткенi Франция мен Англия өздерiнiң қауiпсiздектерiн қамтамасыз ету шараларын жүргiзiп жатқанда, Германияның әскери қуаты өсе түстi.
Германия тарапынан қауiп төнiп отырған Чехославакия өкiметiнiң басшысы Э. Бенлш КСРОға мынадай сауал қояды: Чехославакияға шабуыл жасалған жағдайда КСРО ұлттар Лигасының мүшесi ретiнде 16-17 статиялар (агрессияға қарсы коллективтiк шараларды қолдануды көздейтiн статьялар) негiзiнде дереу пәрмендi көмек көрсете ме? /15/. КСРО үкiметi бұл сауалға шұғыл және аз жауап бердi. Кеңес үкiметi Бенштiң сұрақтарына жауап берсе де, 21 қыркүйекте Чехославакияның сыртқы iстер минстрi К. Крофта кеңес үкiметiнiң пiкiрiн бiле отырып, ағылшынфрансузгерман талаптарына чех үкiметiнiң келісiм беретiнiн бiлдiрдi. 1938 жылдың 29-30 қыркүйегiнде Н. Чемберлиннiң иницативасымен Гитлер және Муссалин, Даладьэ қатысқан келiссөзге қол қойылды.
Германия, Ұлыбритания, Франция және Италия мемлекеттерi Мюнхен келiсiмшартын толық қолдады және бұл шарттың күшiне енiп, жүзеге асыруда өздерiн жауапты деп санады.
Сонымен Мюнхенде жоғарыда аталған елдердiң басшылары Чехославакияны бөлiнісi туралы жариялап, оған Судет облысы және онымен шекаралас аудандарды Германияға беру, сондайақ Польша мен Венгрияға қойған территориялық талаптарды қанғаттандыру жөнiнде нұсқау бердi. Чехословакия өз территориясының халқының төрттен бiрiне шуығы орналасқан бестен бiр бөлегiнен, қуатты қорғаныс құрылыстарынан және ауыр өнеркәсiбiнiң тең жартысынан айырылды. Германияның жаңа шекарасы Чехославакияның астанасы Праганың іргесiне келiп тiреледi.
Мюнхен келiсiмi деп көрсеттi ағылшын зерттеушiлерi А. Рид пен Д. Фимер, қарсыластық, опасыздық бейнесi, келiсiмдер окупацияланған Чехославакия шығысқа, кеңес одағының жүрегiне кез-келген семсерге айналды. Қысқаша айтсақ Мюнхен опасыздығы бейбiтшiлiктi тудыра алмады, керiсiнше барлық елдердiң бейбiт сүйгiш күштерiне қарсы бағытталып, қауiп төндiрдi және фашистер түрлi елдердегi реакцияшыл топқа сүйенiп өзiнiң, өзiнiң талаптарын кеңейте түседi. ” Мюнхен келiсiмi фашистiк Гитлердiң халықаралық қатынастағы ықпалына күштi әсер еттi.
Американдық тарихшы Ф. Шуман Франция, АІШ және Англияның жүргiзген саясаттарына былайша сипаттама берген: ”АҚШ, Англия және Франция бейтараптылық саясатын ұстанды, олар фашистер мен коммунистердiң өзара бiрiнбiрi жоюын күттi” /16/.
Аталған державалар Германияны КСРОға қарсы қару ретiнде пайдаланғысы келедi. Ал Германия болса батыс державалардан қауiп болмайтындығын жақсы түсiндi. Осыны пайдаланған Гитлер 11 наурызда Австрияны жаулап алу туралы дерективасын жариялайды. Сонымен 12 наурыз күнi Герман әскерлерi Австрияға кiргiзiлiп, нәтижеде Австрия Германияның құралына енедi. Фашистердiң бұл әрекетi Англия, Франция және АҚШ тарапынан қарсылық тудырмады. Ұлттар Лигасына келер болсақ британ және франсуз үкiметi бұл сұраққа байланысты мәселенi көтеруге қарсы болды. Австрия Германияға қоссылғаннан соң Гейлердiң бұйрығымен Герман әскерлерiнiң генералдық штабы Чехославанияны жаулап алуға дайындалды. Фашистер 1937 жылдың 7 желтоқсанында негiзделген “Грюн” жоспарын iске асыруға тырысты. Чехославакияны әскер арқылы жаулап алу Германияға оңай соқпады. Германия әлi мұндай iрi соғыстарға дайын емес едi. Бұл кезде Чехославакия Европадағы мықты әскерi бар елдер қатарында болатын. Чехославакия мен Германия шекараласқан ауданда “Мажино линиясы” үлгiсiнде қорғаныс бекетi бар болатын. Сонымен бiрге Чехославакия Европадағы екi iрi держава КСРО және Франциямен өзара көмек келiсiм шартына қол жеткiздi. Германия Чехославакияны толық жаулап алуды оның Судет обылысыондағы орналасқан халқының басым көпшiлiгi немiстер болатын, оны өзiне берудi талап етуден бастады.
1938 жылдың 22 наурызда франсуз үкiметiне егер Чехославакияға соғыс қаупi төне қалса, Англия Францияға көмек бере алмайтындығы туралы нота жiбередi. Осылайша Англия орталық Европада фашистердiң ашық қарулы агрессиясына жол бередi. Ал Германияның өзiндiк саясаты болды. 1938жылы 19 сәуiрде Германияның сыртқы iстер минстрi Риббентроп өз деректемесiнде былай көрсеткен: Ресми жау деп, Россияны атау қажет, ал шындығында негiзгi күштi Англияға бағыттау керек” /17/.
1938 жылы 4 қазанда Москвадағы франсуз елшiсi Р. Кулондр Мюнхен келiсiмi “Кеңестiк Ресейге қауiп төндiруде, ”/18/ - деп атап көрсеткен. Мюнхен келiсiмiнiң нәтижесiнен кейiн Франция мен Англияның стратегиялық және саяси позициялары төмендедi. Версаль келiсiмшартының нәтижесiндегi Франция мен Англияның Европадағы гегомониясы әлсiредi.
Кеңес-француз өзара көмек туралы келiссөздерi өз жұмысын тежедi. Ұлттар Лигасы да iс жүзiнде өмiр тоқтатты. Германия Европада негiзгi агрессивтiк күшке айналды. Төрт державаның Мюнхен келiсiмшартындағы өзара жақындасуы екiншi дүниежүзiлiк соғысты тездеттi.
Германия өзiнiң өнеркәсiп өндiрiсiн соғысқа қажет жабдықтарды, қару-жарақ, соғыс державаларын шығаруға көшiрдi.
1939 жылы 22 наурызда Германия және Италия арасында “достық және одақтастық” туралы келiсiмшартқа қол қойылады /19/. Бұл келiсiмшарт бойынша соғыс болған жағдайда келiсiмге келген екiншi мемлекет одақтас ретiнде соғысқа енуге және өзiнiң барлық қарулы күшiмен көмек көрсетуге мiндеттi болды. Негiзiнен аталған келiссөз Англия мен Францияға бағытталған.
Тарихта белгiлi болғанда Германия Европадағы Ұлы державалар болып саналатын Англия мен Францияны жауалап алып, сонынан кеңестiк Ресейге жорық жасамақ болды. Мақсаты дүниежүзiне өз үстемдiгiн орнату болды.
1. 2 Соғыс қарсаңындағы КСРО - ның саяси стратегиясы
1939 жылдың көктемiнде КСРО, Ұлыбритания, Франция өкiлдерiнiң арасында басқыншыларға қарсы бiрлесiп күресу мәселесiн талқылау басталды. Сталинмен келiссөздерге байланысты У. Черчиль өз естелiгiнiң “Кеңестiк құпия” атты тақырыптамасында былай дейдi: “Бiз Англия мен Германия арасында қатынастарды тоқтату кезеңiнде тұрмыз. Германия болса Англияға қоқан-лоқы көрсетiп, Шығыс Европада еркiн қол алуға ұмтылуда. Ал Челембер болса Шығыс Европа мәселесiн “бейбiт жолмен шешу” саясатын ұстанып бақты” /20/. Мүндай жағдайда ағылшын үкiметiнiң Польша мен Румынияға берген кепiлдiгi жөнiнде ойлануы қажет болатын. Аталған кепiлдiк тек қана Ресеймен одақ құрған кезде орындалар едi. Сондықтан осы мақсатта 16 сәуiрден бастап кеңес-ағылшын-француз келiссөздерi басталды. Келiсiм шарттық негiзi өзара көмек болып табылды. Кеңестердiң ұсынысы бойынша аталған үш держава өз уақытын iшiнде талқылаудан өткiзiп, әскери конверция құру болды. Өзара көмек келiсiм шарты мен әскери конверцияның мерзiмi 5-10 жыл деп белгiлендi. Комунистердiң мұндай ұсынысы 19 сәуiрде ағылшын үкiметiнiң сыртқы саясатындағы комитетiнiң кезектi отырысында талқыланды. Негізінен Англияны қызықтырған мәселе Германия Польша мен Румынияға соғыс аша қалған жағдайда Кеңес одағы жеткiзiп тұратын әскери материалдар болды.
Н. Чемберлен өз мүддесiн ойлап: «Кеңес одағының бұл мемлекеттерге әскери көмек беруi ағылшын - француз - кеңес әскери одағын құруды онша қажет етпейдi»/21/, - деп көрсетедi. Комитеттiң шешiмi бойынша үш державаның әскери одағын құруға қарсы болды. Сонымен қатар француз үкiметiне Кеңес одағына өз жауабын беру алдында Лондонмен ақылдасуын хабарлайды. Англия КСРО-ның әскери ахуалын өте төмен бағалады. Оған дәлел Лорд Сетфнидiң сөзi бола алады: “Реесй өзге жоспарларда ұлы держава болғанымен, бiзбен әскери қарым - қатынаста ол орта топтағы елдер қатарында” /22/. Нәтижеде Англия КСРО-мен әскери конверцияға келiсуге қарсы болады.
Британ дипломаттары КСРО-ны халықаралық жағдайда оқшаулауға бар күшiн салды. Н. Чемберлен кеңес-герман қайшылықтарын iске асыру саясатын одан әрi жалғастырды. Ал бұл кезде халықаралық жағдай шиеленiстi. 28 сәуiрде Гитлер 1934 жылғы шабуыл жасамау туралы поляк-герман диклорациясының, сонымен бiрге 1935 жылғы ағылшын - герман теңiз келiсiмшартының жойылғанын жариялады. Осылайша ағылшындар коммунистермен келiссөздерiн қайта қарауларына тура келдi. Сол күнi-ақ британ елшiсi У. Сидс, М. М. Литвиновқа ағылшын үкiметi кеңес ұсыныстарын қарап жатқанын хабарлайды.
8 мамыр күнi ағылшын үкiметi КСРО-ға өзiнiң ұсыныстарын қояды. Ол бойынша КСРО-ға бiржақтық мiндеткерлiк енгiзiлдi, анығырақ айтар болсақ Кеңес Одағы Англия мен Францияға көмек беруі қажет болды. Ал Франция мен Англия оның есесiне соғыс болған жағдайда Шығыс Европа елдерiн өз қамқорлығына алуға мiндеттелдi.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz