Халықаралық капитал қозғалысындағы несие қатынастарының мәні



Пән: Халықаралық қатынастар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

Бөлім 1. Халықаралық капитал қозғалысындағы несие қатынастарының

мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.1 Халықаралық несиелеудің ролі мен несиелеу нысандары ... ... ... ... ... ... .6
1.2 Несиенің халықаралық инвестициялардағы алатын орны мен
маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
1.3 Халықаралық несие және сыртқы қарыздың байланыстары ... ... ... ... ...16

Бөлім 2. Ел экономикасына шетелдік несие ресурстарын тарту және
қолдану мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..21
2.1 Шетел инвестицияларын тартудың құқықтық негіздері: әлемдік тәжірибе
және Қазақстандағы жағдай ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2 1
2.2 Сыртқы қарыздың үйлесімді деңгейі және оны басқару тәсілдері ... ... ... .28

Бөлім 3. Қазақстан Республикасындағы сыртқы қарызды басқару

мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 35
3.1 Қазақстан экономикасына шетелдік несие ресурстарын тартудың қазіргі
жағдайы мен мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .35
3.2 Қазақстан Республикасының қазіргі сыртқы қарыз жағдайы мен сыртқы
қарызды өтеу мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .45

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... 56
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 59
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..63

КІРІСПЕ
Дамушы елдердің әлеуметтік-экономикалық даму бағытының өзгеруі осы елдер
ішінде қандай болса, әлемдік нарықта да соншалықты экономикалық өзгерістер
туғызды. Дамушы елдерде қаржы құралдарының жетіспеуі, ал дамыған елдерде
олардың молшылығы бір жағынан елдерді экономикалық әр сатыға бөлсе, екінші
жағынан халықаралық қатынастардың дамуына әсерін тигізді. Халықаралық
қатынастардың дамуы, өз негізінде, нашар дамыған елдердегі технологиялық
процестің жылдамдауына ықпал жасады.
Осы сыртқы қаржы құралдарын пайдалануда ең маңыздысы халықаралық еңбек
бөлінісін тереңдету, тиімді экономикалық механизмдерді жандандыру, сондай-
ақ мемлекеттік мүддемен байланысты стратегиялық бағдарларды анықтау тәрізді
экономиканы реформалаудың тактикалық мәселелерін кешенді шешу. Сонымен
әлемдік тәжірибеден елдер экономикасы алдында туындаған нақты мәселелерді
шешуде сыртқы құралдарды тиімді әрі орынды пайдаланудың үлгілі нәтижелеріне
көз жеткізуге болады. Осыдан келіп өтпелі экономикадағы көптеген елдер,
оның ішінде Қазақстан да, әлеуметтік-экономикалық дағдарыстан шығуда
халықаралық қаржы құралдарын өте маңызды факторлардың бірі есебінде
қарастыра бастады.
Алайда көптеген елдерде қарыз капиталы түріндегі қаржылық құралдар
ағымының өсуі жаңа бір мәселені - сыртқы қарыз немесе сыртқы берешек
мәселесін туғызды. Ал дамушы елдерде сыртқы берешектің өсуі ірі ғалами
экономикалық мәселелердің біріне айналды, яғни валюта-қаржылық мәселеден
елдердің басым көпшілігінің мүдделерін қозғайтын халықаралық мәселеге
айналды.
Қарыз мәселесінің шиеленісуі дамушы елдерге қандай болса, дамыған
елдерге де соншалықты әсер ететін, тіптен бүкіл әлемдік қоғамдастық үшін
соңы насырға шабатын экономикалық және саяси зардаптар әкелуші дағдарысты
жағдайларды жеңу жөнінде белгілі бір шаралар жасап, жүзеге асыру
қажеттіліктерін туғызды.
Қарыздық реттеудің халықаралық механизмдері халықаралық валюта-несиелік
қатынастарға айтарлықтай әсер ете отырып қарыз дағдарысын сәл де болса
бақыланатын жағдайға ауыстыруға ықпал жасады. Әйткенде де қарыз мәселесі
созылмалы түрге ие болып көп жағдайда дамушы елдердің әлеуметтік-
экономикалық және саяси жағдайына, жалпы әлемдік экономика жағдайына кері
әсерін тигізуде.
Сондай-ақ тәуелсіз экономикалық даму кезеңіне аяқ басқан Қазақстан
Республикасы да сырттан қарыз құралдарын тарту саясатын белсенді жүргізе
бастады. Осы мақсатта мемлекеттің құқықтық, саяси, экономикалық,
ұйымдастыру мүмкіндіктері жұмылдырылды. Сыртқы құралдарды тарту үшін сыртқы
секторды дамытудың заңды және институционалды негізі жасалынды. Маңызды
экономикалық және саяси шешімдер капитал экспортерлерінің талап-
тілектерінің ерекшеліктерін, республика мүддесін есепке ала отырып
жасалынды. Екінші жағынан ұстанған саясаттың негізгі мақсаты - дағдарыстан
шығу үшін және экономикалық өсімге қол жеткізу үшін келуші қаржы құралдарын
тиімді қолдану болды.
Алайда ұлттық экономикада шетел капиталының айтарлықтай көлемі
тұтынылғанына қарамастан, алға қойылған мақсаттар толықтай жүзеге аса
қойған жоқ. Сонымен қатар борыш міндеттемелерін туғызушы, халықаралық несие
тәрізді, кейбір қаржы құралдарының ойдағыдай деңгейде мақсатқа сай
тартылмауы, тиімді пайдаланылмауы мемлекетке сыртқы қарыздың өсуі түрінде
шығындар әкелді.
Осы мәселелерге байланысты дамушы елдердің сыртқы қарызының
ерекшеліктерін және ел экономикасына салынатын шетелдік инвестициялар
құрылымын зерттеу және де өтпелі экономикадағы елдер, оның ішінде Қазақстан
экономикасындағы сыртқы қарыз жағдайын, оның құрылымын толық талдау ғылыми
және практикалық тұрғыдан аса өзекті және маңызды мәнге ие. Сондықтан да
әлемдік экономиканың осы құбылысын кешенді талдау әрекеті тек оның
экономикалық табиғатын және келешекте мүмкін тенденцияларын айқындау ғана
емес, сонымен қатар елдің жалпы экономикалық тұрақтылығын қалыптастыруда
қарыз мәселесі жағдайын болдырмау мақсатында нақты практикалық ұсыныстар
әзірлеу мақсаттарына да көзделген.

1. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КАПИТАЛ ҚОЗҒАЛЫСЫНДАҒЫ НЕСИЕ ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ МӘНІ

1.1 Халықаралық несиелеудің ролі мен несиелеу нысандары
Сыртқы қаржы құралдары алушы-елге өзінің экономикалық өсу қарқынын
үлкейтуге мүмкіндік туғызады. Бұл ресурстар инвестициялауға арналған ішкі
жинақты толықтыра отырып даму барысын жылдамдатады.
Халықаралық несиелеудің борышқор-ел жағдайына әсерін алып қарайтын
болсақ оның жағымды әсері де, кері әсері де бар.
Халықаралық несиелеудің жағымды ролі - өндіріс күштерінің дамуын
жылдамдату. Ұдайы өндіріс барысының тездетілуіне халықаралық несие келесі
бағыттар арқылы әсер етеді:
- елдің сыртқы экономикалық қызметін ынталандырады. Сондай-ақ ел
экономикасының бәсекелестік қабілетін арттыру үшін жағдай жасайды;
- жекеменшік шетел инвестициялары үшін халықаралық несие қолайлы жағдай
туғызуды қамтамасыз етеді. Әдетте бұл халықаралық капиталға қатысы бар
банктер мен ұлттық кәсіпорындар позициясының нығаюына ықпал жасайды;
- елдің сыртқы экономикалық байланысына қызмет көрсетуші валюталық
операциялар және халықаралық есеп операцияларының үздіксіздігін қамтамасыз
етеді;
- елдің сыртқы саудасының және де басқа сыртқы экономикалық қызмет
түрлерінің экономикалық тиімділігін арттырады.
Ал, кері әсері халықаралық несиелеу қайшылықтарының одан ары шиеленісе
түсуінде. Халықаралық несиелеудің кемшіліктері:
- бір жағынан борышқор-ел өндірісінің дамуын тездетуге ықпал жасаса,
екінші жағынан кей тауарларды артық өндіруге ықпал жасауы мүмкін. Ал бұл
экономикадағы үйлесімсіздікті тереңдете түсуі мүмкін;
- экономикада үйлесімсіздіктің күшеюі, көбінде, әлеуметтік мәні зор
салалардың кешендеп қалуына байланысты. Несие табысты салалардың (мұнай,
газ және т.б.) дамуын жеңілдеткенімен, шетел капиталы аз тартылатын
салалардың (мал, ауыл шаруашылығы) дамуын тежейді;
- өндірістің бірдей емес өсуі жағдайында (капиталды тиімсіз қолдану
салдарынан туындайтын) қарыздық капитал құйылуы ақша айналымының және
несиенің, валюта жүйесінің, төлем балансының, жалпы ұлттық экономиканың
тұрақсыздығының күшеюіне әсерін тигізеді.
Сондай-ақ, егер дамыған елдер несиелік құралдарды негізінде жаңа жұмыс
орындарын құру және жұмыс бастылықтың жоғары деңгейін сақтау үшін қолданса,
дамушы елдерде бұл құралдар көбінде тек инвестициялауға немесе бюджет
тапшылығын толықтыруға арналған ішкі ресурстарды қосымша толықтырады.
Соңғы жылдарда бара-бара кеңейіп келе жатқан, дамушы елдерді несиелеу
нарығы - өзіндік несие құрылымын құруға әкелді. Дамушы елдерді несиелеу
нысандарын Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының құрамына кіретін
және дамушы елдерге “көмек көрсету” мәселелерімен айналысушы Дамуға
жәрдемдесу Комитеті анықтайды. Бұл ұйым дамушы елдерді халықаралық несиелеу
бойынша статистикалық мәліметтер жинағын жүргізіп, оның толық жариялануын
жүзеге асырады.
Енді дамушы елдерді несиелеу түрлерінің жіктеуін қарастырайық (1-сурет)
1, 24 б.].
Ресми қаржыландыру көздері болып мемлекеттер үкіметі және көпжақты
ұйымдар табылады. Бұл ресми көздер дамушы елдерде мемлекеттік сектормен
қатар жеке секторларды да қаржыландырады. Және коммерциялық көздермен
салыстырғанда қарыз алушыға тиімдірек шарттар қояды. Дамуға жәрдемдесу
Комитеті қаржы құралдарының ресми көздерін дамуға ресми көмек және де басқа
дамуды ресми қаржыландыру деп жіктейді. Осы Комитет анықтамасы бойынша
дамуға ресми көмек үкіметтік органдар мен көпжақты ұйымдардың экономикалық
дамуды немесе әл-ауқатты қолдау мақсатында беретін субсидия немесе несиеден
тұрады. Субсидия (немесе грант) - бұл қайтарымсыз берілетін құралдарды
білдіреді. Және де қайтарымсыз негізде

1-сурет. Дамушы елдерді несиелеудің негізгі түрлері.

табыстау үшін белгілі бір тауарларды, қызметтерді немесе қаржы құралдарын
бөлу міндеттемесін қарастырушы заңды құжатты білдіреді. Табыстау операциясы
трансферт деп аталады. Ал несие - ақша немесе тауарларды қарызға, әдетте,
пайыз төлеу шартымен берілетін белгілі ақша сомасы. Дамушы елдерде жиі
қолданылатын сыртқы капитал түрлерінің бірі қарыз. Қарыз (заем) дегеніміз
несие берушінің қайтарымдылық және басқа да күні бұрын ескерілген
талаптардың шарты негізінде қарыз алушыға ақшалай қаражат беруі. Қарыз
алушы берешек (әдетте, пайыздық төлем, сондай-ақ мерзімі өткен жағдайда
айыппұл) борышқорлық міндеттемелер шартына немесе алдын ала ескерілген
графикке сәйкес өтелуі қажет. [2, 117 б.].
Дамуға ресми көмек құрамында болып тек жеңілдікті шартта берілуші, яғни
25%-дан кем емес грант-элементке ие, қаржылық ресурстар ғана саналады.
Грант-элемент берілген несиелердің жеңілдік деңгейін, яғни оның грантқа
(субсидияға) жақындау деңгейін көрсетеді. Грант-элемент берілген
несиелердің номиналды сомасы мен оның дисконтталған ағымдағы құны
арасындағы (несиенің номиналды сомасынан пайызбен көрсетілген) айырманы
көрсетеді. [1, 27 б.].
Дамуға ресми көмек екі құрамдас бөліктен тұрады. Мұның біраз бөлігі
Дүниежүзілік Банк, аймақтық даму банктері тәрізді халықаралық қаржы
ұйымдарының үлесіне тиеді. Ал 50%-дан астам негізгі бөлігі тікелей ұлттық
көмек агенттіктері, яғни екіжақты негіздегі дамуға ресми көмек үлесіне
тиеді.
Ірі несие беруші-елдерде дамуға ресми көмекті жүзеге асыруға қажетті
құралдар мемлекеттік бюджеттен бөлінеді және парламент бақылауында болады.
Көп жағдайда дамуды ресми қаржыландыру алдын-ала ескерілген жобаларға және
мақсаттарға беріледі.
Дамуды ресми қаржыландыру - тек қана дамушы елдерге қатысты қолданылатын
ерекше қаржы-несиелік механизм. Бұның берілу негізі осы елдердің
экономикалық артта қалуын аластату үшін қолданылуы. Ең бірінші, дамуды
ресми қаржыландыру және дамуға ресми көмек АҚШ президенті Г.Трумэн (1949
жыл) билігі кезінде енгізілді және алғашқы кезде тек саяси мақсатта
жүргізілді. Алайда уақыт өте келе, қаржыландыру және несиелендірудің осы
түрлерінің өсуіне қарай оның мақсаты да көп ауқымды қамтып, әлеуметтік-
экономикалық бағытта өрби бастады.
Бүгінде дамуға ресми көмек саласымен келіп түсетін жеңілдік несиенің
жартысынан көбі, мемлекет тарапынан көп көңіл бөлуді талап ететін,
әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту үшін қолданылады. Сонымен қатар,
әлеуметтік инфрақұрылымның дамуы, өз кезегінде, жеке инвестицияларды
тартуға, басқа салалардың дамуына өз әсерін тигізеді. Осының нәтижесінде,
дамуды ресми қаржыландыру саласында жол, білім беру, денсаулық сақтау
объектілері әлі де болса ерекше болып қалуда. [3, 78 б.].
Дамуға ресми көмек құрамына кіретін техникалық көмек ретінде әртүрлі
салалардағы көмек көрсету түсіндіріледі: оқыту, кеңес, ұйымдастыру және
оқытуға қолданылатын құрал-жабдықтарды сатып алу. Дамуға ресми көмек
шеңберіндегі қаржылық көмек төлем балансын, тауардың сыни импортын және
инвестициялық жобаларды қолдауға бағытталады.
Шетелдік көмектің кей түрі жеңілдіксіз жағдайда беріледі. Мысалы,
Дүниежүзілік Банк несиелерінің грант-элементі төмен. Мұның себебі, банктің
қаржылық нарықтарда құралдарды қарызға алып, кейін оны дамушы елдерге қарыз
беруші қаржылық делдал ретіндегі жаратылысы. Аймақтық даму банктерінің де
қызметі осыған негізделген. Алайда көпжақты қаржылық ұйымдар өз пайдасын
көбейтуге ұмтылмайды. Олар өз операцияларын экономикалық қайта құруды және
дамуды қамтамасыз ете алатын өрістерге жұмылдырады. [2, 7 б.].
Қаржы құралдарының тағы бір түрі экспорттық несиелер - бұл тауарлар мен
қызметтерді нақтылы сатып алуды қаржыландыруға арналған несие құралдары.
Экспорттық несиелер: тікелей экспортерлар немесе мердігерлер (жабдықтаушы
несиесі); экспортерларға қызмет көрсетуші коммерциялық банктер (сатып
алушыларға несие) немесе экспортер-елдердің арнайы мемлекеттік агенттіктері
(ресми экспорттық несиелер) арқылы беріледі.
Әлемдік құнды қағаздар нарығы несие нарығына қарағанда, дамушы елдердің
сыртқы қаржы құралдары көздерінде болмашы роль атқарды. Қарыз алушыға
белгілі бір талаптар қойылатындықтан, дамушы елдердің бұл нарықтың белсенді
мүшесі болу мүмкіндіктері аз. Мұнымен қатар Қазақстан Республикасының шетел
капиталын қолдану жөніндегі Комитетінің (КИИК) несиелеу жіктеуін
қарастыруға болады (А-Қосымша).
Жалпы қорыта айтқанда, несие бұл несие алушыға белгілі бір шарттар
негізінде берілуші ақша қозғалысының ерекше түрі. Сондай-ақ қоғамдық
өндіріс барысын жылдамдатушы, экономиканың үздіксіз құрылымдық қайта
құрылуын жүзеге асыруда негіз болушы және де өндіріс тиімділігінің жалпы
көтерілуін қамтамасыз етуші нарықтық экономиканың негізгі категорияларының
бірі.
1.2 Несиенің халықаралық инвестициялардағы алатын орны мен маңызы
Несиелік қаржыландыруды тиімді пайдалана білу экономикалық дамудың
тездетілуіне септігін тигізеді. Шынында ел капитал қорлануын тек ішкі жинақ
қорды жұмылдыру арқылы ғана емес, сондай-ақ оны басы артық ақша қаражатына
ие елдерден тарту жолымен де қаржыландыра алады. Сыртқы несиені пайдалануда
елдің ұтатыны экономиканың тезірек дамуы. Алайда, егер ел сыртқы қаржыны
тартатын болса, онда ол сыртқы қарызды басқару жүйесін құруы қажет: орынсыз
және шектен тыс шеттен алып пайдалану борыштық міндеттемелерді туғызады. Ал
бұл өз кезегінде келешекте экономикалық саясат жүргізу еркіндігінің
шектелуіне елеулі әсерін тигізеді.
Дүниежүзілік капитал нарығы түрлерінің бірі - дүниежүзілік инвестиция
нарығы. Сондай-ақ оны ұлттық бизнесті жандандыру мақсатында шетел капиталын
тартудың ең дамушы түрлерінің бірі ретінде сипаттауға болады.
“Инвестиция” термині ағылшын тілінен аударғанда “іnvestments” - “күрделі
қаржы жұмсалымы” дегенді білдіреді. Сонымен “инвестиция” және “күрделі
қаржы жұмсалымы” сөздері синонимдер болып табылады [4, с.8].
Жалпы қабылданған терминология бойынша “күрделі қаржы жұмсалымы” ұғымы
бір мезгілде осы әрекеттің қимылын да, нәтижесін де білдіреді, яғни
инвестиция шешімі де, инвестицияланатын игілік те [5, 27 б.].
Ал күрделі қаржы жұмсалымы - негізгі қорларды ұдайы өндіру, оның өсуі
және толық жетілдіру шығындары [6, 45 б.].
М.И. Кулагин экономикалық мағынада инвестицияны мынадай деп түсінуді
ұсынады: Пайда алу мақсатында өнеркәсіп, көлік, ауыл шаруашылығы және де
басқа ұлттық экономика салаларына ұзақ мерзімді қаржы бөлу [7, 5 б.].
Қазақстан Республикасының “Шетел инвестициялары туралы” Заңы бойынша
“инвестиция” ұғымы былай түсіндіріледі: “мүліктік құндылықтардың барлық
түрі және оларға ие болу құқығы, сондай-ақ пайда (табыс) түсіру мақсатында
инвесторлардың кәсіпкерлік қызмет объектілеріне салған зияткерлік меншікке
құқығы” (1-бап) [9, 1-бап].
Жалпылама алғанда инвестицияны нақты және қаржылық инвестиция деп екі
түрге бөлуге болады. Әдетте қаржылық инвестициялар ретінде жай акциялар
және облигациялар қарастырылады. Ал нақты инвестицияларға материалды
ұстауға, көруге болатын активтердің (жер, құрал-жабдық, зауыт тәрізді)
қандай да бір түріне салынған инвестициялар жатады [9, 1-бап]. Қазіргі
кезгі экономикада инвестицияның үлкен бөлігін қаржылық инвестициялар
құрайды. Қаржылық инвестициялау институттарының жоғары деңгейде дамуы нақты
инвестицияның өсуіне де ықпал жасайды.
Кез-келген ел экономикасында инвестициялық өріс негізгі болып табылады,
және елдің экономикалық дамуын анықтайды, ал инвестициялық саясат
экономикалық саясаттың басым өрісі. Әлемдік тәжірибе бойынша, экономикалық
даму мәселесін шешуші ел жалпы ішкі өнім өсімінің әр пайызына жалпы ішкі
өнімнің 3%-дан кем емес мөлшерінде өндірістік инвестиция бөлуі тиіс.
Өндірістік дамыған елдердің (АҚШ, Жапония, Ұлыбритания және т.б.)
экономикалық кезеңдерін қарастырсақ, соңғы кезде барлық жағдайда дерлік осы
елдердегі жоғары инвестициялық белсенділік кезеңіне экономиканың ең жоғары
қарқынды көтерілуі сәйкес келеді.
Халықаралық капитал ұлттық экономиканың жақсы дамуына тек нақты бір
шарттар бойынша ғана әсерін тигізе алады. Бұл шарт дұрыс саясат таңдауға,
барынша көп пайда түсіру, нәтижелікке жету мақсатында дұрыс қолдану
бағыттарына байланысты. Бұл, әсіресе, шетел капиталының несиелік негізде
құрылған түрлерін тиімсіз қолданған кезде елдің сыртқы қарызының өсуіне
және экономикалық жағдайының нашарлауына әсерін тигізеді.
Жалпы алғанда алушы-ел үшін шетел капиталы мен инвестиция импорты бірден
тікелей қарыз мәселесін туғызбайды. Алушы-ел үшін оның қалай пайдаланылуы
шешуші роль атқарады. Егер құралдар өндіргіш мақсаттарға арналса, яғни шет
елден жаңа құрал-жабдықтарды сатып алу немесе өндіріске инвестицияларды
тікелей жүзеге асыру мақсатында шикізаттың маңызды түрлерін сатып алу
тәрізді мақсаттарға арналса - алынған қарыздарды өтеу және пайыздарды төлеу
сомасының баламасын өздері (алынған құралдар) құрайды. Ал егер қаржы
құралдары өндіргіш емес мақсаттарда қолданылса - шет елден азық-түлік,
тұтынушы сипаттағы өнеркәсіп тауарларын сатып алуға, мемлекеттік аппаратты
ұстауға, мемлекеттік бюджет немесе төлем балансы тапшылықтарын болдырмауға
жұмсалса, онда бұл борыш мәселесін шиеленістіреді.
Экономиканың дамушы сатысындағы кез-келген ел үшін ішкі инвестиция
көздерінің шектеулілігі бірқатар елдер үшін инвестициялаудың маңызды көзі
болып табылушы шетел капиталының атқарар ролін арттыра түседі.
Шетелдік инвестициялар қарыздық және өнеркәсіптік немесе кәсіпкерлік
түрде жүзеге асырылады. Бірінші жағдайда әлеуметтік-экономикалық дамудың
басым бағыттарын қарастырушы жобаларды жүзеге асыру үшін пайдаланылатын
шетелдік несиелер (заемдар) айтылады.
Шетелдік несие ел экономикасы үшін өте қажет. Алайда оны тарту және
қолдану елдің түпкілікті мүдделеріне сай келуі тиіс, елдің сырттан алып
пайдалануының жалпы стратегиясының шеңберінде болуы шарт, сондай-ақ сыртқы
қарыз бойынша ел жағдайын нашарлатпауы қажет.
Шетел инвестициясының кәсіпкерлік түрі тіке және қоржынды инвестиция
түрінде болады. Қарыздық және кәсіпкерлік түрлер арасында айтарлықтай
айырмашылық бар. Негізгі айырмашылығы: кәсіпкерлік капитал кәсіпкерлік
түсім түсіру мақсатында, ал қарыз капиталы пайыз алу мақсатында жүзеге
асырылады, және де кәсіпкерлік капитал бұл шет елде меншік құратын шетелдік
инвестиция.
Әдеттегі несиелеуден тіке инвестицияның айырмашылығы: шетелдік инвестор
қаржы құралдарын пайдалануға бере отырып оның мақсатты пайдаланылуын
шамалайды. Және оның пайдаланылуын бақылау құқығын өзінде қалдырады [10, 3
б.].
Ал қоржынды инвестициялар - шетел инвесторының капитал салатын ел
иелігіндегі пай, акция және де басқа құнды қағаздарды сатып алу жолымен
жүзеге асады.
Дамушы елдер үшін қоржынды инвестицияларды тарту екі жолмен жүзеге
асырылады:
1. Ірі ұлттық агенттер және мемлекеттердің құнды қағаздар эмитенті
(мемлекеттік облигациялар, корпоративті құнды қағаздар, акциялар және т.б.)
ретінде әлемдік құнды қағаздар нарығына шығуы;
2. Шетел капиталын инвестициялық мақсатта ішкі ұлттық құнды қағаздар
нарығына тарту.
Халықаралық кәсіпкерлік құрылымында тіке шетел инвестициялары
айтарлықтай роль атқарады. Тіке шетел инвестициялары дегеніміз - капиталды
экспорттаушы елдердің қабылдаушы ел аймағында өндірісті ұйымдастыруы. Бұған
жергілікті тұрғындардан жұмысшы күшін дайындау мен оқыту, әлеуметтік
жағдайларды қалыптастыру да кіреді.
Тіке шетел инвестициялары инвестордың басқа ел резиденті болып табылатын
кәсіпорынның шаруашылық қызметіне көп уақыт қызығушылық туғызуын
сипаттайды. Әдетте кәсіпорынның жарғы капиталына жарна салу немесе оның
акциясының бақылау пакетін сатып алу. Акционерлік капитал үлесін сатып
алумен басталған келісім шетел инвесторының кәсіпорын қызметін басқаруға
қатысуымен ұштасады.
Тіке шетел инвестицияларының экономика үшін пайдалылығы айдан-анық -
мемлекет бюджетіне қарыздық ауыртпалық болып түспей тиімді қолдану
жағдайында экономика үшін шешуші роль атқарушы өндірістерді инвестициялау
үшін қажет қаржы құралдарына қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Әдетте шетел инвесторының иелігінде компанияның немесе кәсіпорынның
акционерлік капиталының 25%-ы болса, онда мекеме сол шетел инвесторының
бақылауында болады. Кәсіпорын акциясының бақылау пакетіне ие болу сыртқы
экономикалық операцияларға қатысты жауапкершіліктің бәрін өз мойнына алу
болып табылады. Бұл инвестордың капиталдан түскен түсімге меншіктік
құқығын, сондай-ақ кәсіпорын акциясының бақылау пакетіне ие болуын, елдер
арасында жаңа технология және жоғары білікті мамандардың белсенді айырбасын
көрсетеді. Қазіргі күнде экономика салаларының әр түрін қамтитын (көбінде
шикізат өндіру, өнім өндірісі, өнім сату және де басқа қызмет көрсету
түрлері) тіке шетел инвестициясында әлемдегі ірі фирмалар үлесі зор.
Ел экономикасына инвестиция тартудың бірқатар артықшылықтары бар:
бюджетке түсетін салық түсімінің өсуі; ғылыми-техникалық потенциалдың
жоғарылауы; жұмыссыздық деңгейі төмендейді; бәсекелестік қабілет артып,
экспорт өседі; отандық кәсіпорындардың әлемдік нарыққа шығу барысы
жылдамдайды; инвестиция нәтижесінде мемлекет кірісінің өсуі елдің жалпы
әлеуметтік-экономикалық ілгері басуына, жақсы дамуына мүмкіндік туғызады.
Сөйтіп ол инвестицияланушы елдердің экономикасына тек экономикалық қана
емес, сондай-ақ қосымша жұмыс орындарын құру, жаңа техникалық және басқару
білімдерін енгізу түрінде әлеуметтік әсерін де тигізеді, демек әлеуметтік
мұқтаждық шығындарын азайтады. Шетел инвестициясының осы артықшылықтары оны
тартымды және өзара тиімді қыла түседі.
Шетел инвестициясын ел экономикасына тартуда мемлекет алдында тұрған
негізгі талап-тілектің бірі: нақты, дәл саяси және экономикалық келешегі
және оның айтарлықтай ұзақ уақытқа берілуі. Сондай-ақ инвестициялық
ахуалды жақсарту, шетел капиталын тарту үшін ынтаны күшейту (жеңілдік кеден
тарифтері, нақты құқық нормалары және т.б.).
Қысқаша айтқанда инвестиция бұл келешекте табысқа қол жеткізу мақсатында
капиталды бүгінгі күні орналастыру әдісі. Шетелдік инвестициялардың
пайыздық табыс табу мақсатында қайтарымдылық, мерзімділік, төлемділік
шартымен берілуі немесе салынуы несие болып табылады. Алушы-ел қаржы
құралдарын тиімді пайдалана білмеген жағдайда экономикалық зардаптарға
душар болады. Демек шетелдік инвестициялардың, қарыз капиталындағы
халықаралық несие тәрізді, кей түрлерінің оңды әсерлерімен қоса, елдің
сырттан алып пайдалануының жалпы стратегиясы шеңберінен асып кеткен
жағдайда (белгіленген мөлшерден асқан кезінде) ел тәуелсіздігіне нұқсан
келтіруші сыртқы қарыздылық мәселелерінің туындауы тәрізді кері әсерлері де
бірге жүреді.

1.3 Халықаралық несие және сыртқы қарыздың байланыстары
Халықаралық несиенің жалпы экономикалық мәні бірқатар өзіне тән
белгілері арқылы ашылады. Кез-келген несие тәрізді халықаралық несиеге де
қайтарымдылық, төлемділік, мерзімділік тән.
Әдетте халықаралық тәжірибеде несиені өтеудің үш тәсілі қолданылады:
үйлесімді, үдемелі және бір жолғы. Үйлесімді тәсіл - бұл жыл сайын біркелкі
сомада несиені бірқалыпты өтеу. Үдемелі тәсілде несие мөлшері бірте-бірте
өсе түседі. Ал бір жолғы өтеу бір ғана төлеммен жүзеге асады. Өтеу
тәсілдеріне сүйене отырып төлем графигі жасалынады [11, 102 б.].
Қарызды пайдалануға бере отырып несие беруші-ел ақшалай немесе тауарлы
түрдегі өз құралдарының бір бөлігін белгілі бір уақытқа басқа жаққа
аударады. Демек оны басқа бір елдің уақытша пайдалануына береді. Қарызға
берілген құнның баламасы тек белгілі бір мерзімнен кейін ғана кері алынады.
Осы уақыт ішінде несие беруші-ел ішкі капитал салымдары мен тұтынуын шектей
тұрады. Екінші жағынан алып қарасақ, несие алушы-ел белгілі уақытқа қосымша
құралдар алады, және осының есебімен өндірісті ұлғайтады, жаңа материалдық
құндылықтар жасайды, ішкі тұтынуды кеңейтеді, демек экономикалық өсім
жоғарылайды. Сондықтан несие алушы-ел несие құралдарын пайдаланудан алынған
қосымша нәтиже есебімен несие беруші-елдің құралдарды басқа жаққа
аударғандықтан ала-алмай қалған табыс бөлігінің орнын толтырады. Мұндай
орнын толтыру несие алушының несие берушіге алынған несие сомасынан белгілі
пайыз (қарыздық пайыз) төлеу түрінде жүреді.
Халықаралық несиенің жағымды жақтарымен қоса, кемшіліктері де бар.
Халықаралық несие қаржы жетіспеушілігі жағдайында өндірістің кеңеюін
қамтамасыз ете отырып, экономиканың тез дамуына мүмкіндік туғызады;
бірқатар жағдайларда өндірістің өсуіне ықпал жасаушы жалғыз ғана тәсіл
болып табылады; елдің сыртқы экономикалық қызметін ынталандырады. Нарықта
несие алушы жағынан қосымша сұраныс туғыза отырып, борышқор елге тіке шетел
инвестицияларының ағылып келуі үшін қолайлы алғы-шарттар жасайды.
Сондай-ақ халықаралық несиелеу несие алушы-ел үшін бірқатар зиян-
зардаптар туғызады. Халықаралық несиелеу несие алушы-елде өндірістің тез
дамуына ықпал жасай отырып, кей тауарларды өтелу мүмкіндігінен артық
шығаруға әсерін тигізуі мүмкін. Ал ол экономикадағы үйлесімсіздікті
тереңдете түседі, экономика дамуының кезеңділігін жасанды ынталандырады.
Экономикада бұндай үйлесімсіздіктің болуы шеттен тартылған капиталдың
әлеуметтік маңызы бар салаларға салынбауы. Өндіріс өсуінің бірдей емес
нәтижесі (капиталды тиімсіз қолданған жағдайда туындауы мүмкін) жағдайында
қарыз капиталының құйылуы ұлттық (кейде әлемдік) экономиканың, төлем
балансының, валюта жүйесінің, несие және ақша айналымының тұрақсыздығын
күшейтеді.
Қаржылық тұрақтылығы төмен деңгейдегі елдер үшін шетелдік капиталды
несиелік негізде тарту, оны тиімді пайдалана білмеген жағдайда, осы елдің
қаржылы-ақша жүйесінде елеулі қиындықтарға әкеліп соқтырады. Біріншіден,
капитал импорты айналымдағы ақша жиынын көбейтеді. Өндірістік емес түрдегі
қаржы құралдары бөлігі көп болған сайын оның инфляцияға әсері де күштірек
болады. Екіншіден, шетел капиталын тиімсіз пайдалану елдің сыртқы қарызының
тез өсуіне әкеледі. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, 100 жағдайдың 80-90
жағдайында несие алушы-елдер несиені уақытылы қайтаруға қабылетсіз болып
келеді екен [12, 361 б.]. Осының нәтижесінде мемлекеттік бюджет тапшылығы
арқылы сыртқы қарыз ішкі мемлекеттік қарыздың өсуіне әсерін тигізеді.
Бюджет тапшылығы және ішкі қарыздың бұндай жолмен өсуі инфляцияны одан
сайын күшейте түседі.
Жалпы “сыртқы қарыз” терминінің мағынасын қалай түсінуге болады?
Ішкі және сыртқы қарыз ұғымдарының экономикалық табиғатын алып қарар
болсақ мемлекеттік қаржы теориясының кез-келген кіріспе бөлімінде сыртқы
мемлекеттік қарыз - бейрезиденттер алдындағы қарыз, ішкі мемлекеттік қарыз
- резиденттер алдындағы қарыз деп нақты анықтамалар берілген.
Алайда “сыртқы қарыз” ұғымына оның инварианттылығына байланысты әр
уақытта бір мәнді анықтама беру оңай емес. Халықаралық практикада “сыртқы
қарыз” терминінің екі негізді анықтамасы бар: бейрезиденттерге берілуі тиіс
жиынтық қарыз немесе шетелдік валютада көрсетілген қарыз. Британ
энциклопедиясында сыртқы қарызды жалпы алғанда бейрезиденттердің, шетелдік
несие берушілердің немесе басқа мемлекеттің меншігіндегі қарыз ретінде
анықтама беріледі. Сондай-ақ көп жағдайда сыртқы қарыз бен ішкі қарыз
арасындағы айырмашылық қарыз көрсетілген валютаға негізделеді, дейді [13,
98 б.].
Қазақстан Республикасының N464-І Заңы бойынша сыртқы қарызға мынадай
анықтама беріледі: жалпы сыртқы борыш - алынған (игерілген) және өтелмеген
мемлекеттік және мемлекеттік емес сыртқы несиелердің, сондай-ақ
резиденттердің бейрезиденттермен келісім-шарттары бойынша берешектік
міндеттемелерінің белгілі бір күнгі сомасы [14, 1-бап.].
Жоғарыда берілген анықтамаларды қорыта келе, сыртқы қарыз бұл белгілі
бір кезеңде бейрезиденттермен жасалынған келісім-шарттар бойынша
қолданылған соманың қайтарылмаған және пайыздық төлем төленбеген бөлігі.
Дүниежүзілік банк жіктеуі бойынша дамушы елдердің жалпы сыртқы қарызы
мемлекеттік, мемлекеттік кепілдікті және жеке кепілдіксіз ұзақ мерзімді
қарыздан, ХВҚ несиесін қолданудан және қысқамерзімді қарыздан құралады.
Қысқа мерзімді берешек өтелу мерзімі 1 жылдан кем барлық қарыздан және ұзақ
мерзімді қарыз бойынша мерзімі өткен пайыздық төлемдерден тұрады.
Мемлекеттік және мемлекеттік кепілдікті қарыздарға қызмет көрсету
бойынша төлемдер бюджет құралдары есебінен жүзеге асырылады. Ал жеке
кепілдіксіз қарыз бойынша төлем төлеу жауапкершілігін қарыз алушы өз
мойнына алады.
Егер несие алушы-ел тиімді деңгейдегі макроэкономикалық тұрақтылыққа ие
болса несиені тарту үлкен мәселе бола қоймайды. Несие алушы елдің несие
беруші ел алдындағы борыш міндеттемелері өз уақытында қайтарылмай,
жинақталып қалған күнде сыртқы қарызды өтей алу мәселесі туындайды. Әлемдік
тәжірибеде несие алушы елдердің сыртқы қарызын реттеудің, сыртқы қарыз
мәселелерін шешудің бірқатар халықаралық бағдарламалары жасалынған.
Проблемалы борыш міндеттемелерін конверсиялаудың негізгі жолдары мыналар:
қарызды есептен шығару, қарыздың өтеуін төлеп алу, қарыз секьюритизациясы
және қарыз құрылымын қайта ұйымдастыру [2, 15 б.].
Қарызды есептен шығару тәсілі ең ақырғы жолда қолданылады. Бұл елдің
шетелдік міндеттемелері оның төлем қабілеттілігінен асып кеткен жағдайда
ғана туындайды. Мұндай жағдайда экономикалық өсімге жағдай жасалынбайды,
қосымша табыстар сыртқы қарызды өтеуге жұмсалынады.
Қарызды өтеуді төлеп алу тәсілі несие алушы елдің ашық нарықта өз борыш
міндеттемелерін үлкен дисконтпен сатып алуын білдіреді. Жекелеген
қарыздарлар елеулі алтын-валюта резервіне ие болуы мүмкін немесе экспорт
есебінен оны көбейте алуы мүмкін, ал несие берушілер осы елдердің қарызын
күдікті, сенімсіз қатарына жатқызады және ашық нарықта үлкен дисконтпен
сатылады. Ал несие алушыға өз қарызын мұндай дисконтпен сатып алу өте
тиімді.
Сыртқы қарыз мәселесін реттеудің үшінші схемасы қарыз секьюритизациясы.
“Секьюритизация” туындаған борыштық талаптарды оның нарықтық құндылығы
өсетіндей қылып жаңа құралдарға айналдыруды білдіреді. “Секьюритизация”
қарызға байланысты шығындарды азайтады. Өйткені бұл қарыздың нарықтық
құндылығын көтереді және де дамушы елдердің борыштық міндеттемелеріне
инвесторлар үшін қол жететіндей қылады. Бұл борышқор үшін де тиімді,
өйткені жаңа құнды қағаздарға қатысты шығындар әлдеқайда салыстырмалы төмен
болып келеді.
Қарыз дағдарысы туындаған жағдайда борышқор-ел несие беруші елмен
борышты өтеу мерзімін өзгертуге және төлем мерзімдерін ұзартуға қатысты
келісімдер жүргізуге мәжбүр. Шектен тыс қарыз алу мен қарыздың жиналып
қалуына инфляция, айырбас бағамының өсуі, экспорттың тоқырап, импорттың
шектен тыс өсуі салдарынан туындаған төлем балансындағы қиындықтар қосылса,
онда қарызды төлеу мерзімін өзгерту тек қысқа мерзімді ғана жақсарту
әкеледі. Негіз болатын себептер шешілмей берешек мәселесін шешу тек кейінге
қалдырыла береді.
Шынында да сыртқы қарыздылық мәселесі қазіргі заманның жалпы, ғаламды
мәселелерінің біріне айналды. Сыртқы қарыз көптеген дамушы елдердің
әлеуметтік-экономикалық дамуын қандай да бір дәрежеде тежейді және ондағы
әлеуметтік-саяси даулардың шиеленісуіне мүмкіндік туғызады. Дамыған елдер
дамушы елдерде экспорт кеңейту мүмкіндігін азайта отырып халықаралық
саудаға жағымсыз әсерін тигізеді. Дер уақытында шешілмеген жағдайда сыртқы
қарыз экономикалық мәселеден халықаралық ауқымдағы саяси мәселеге айналып
кетеді.

2. ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫНА ШЕТЕЛДІК НЕСИЕ РЕСУРСТАРЫН ТАРТУ ЖӘНЕ ҚОЛДАНУ
МӘСЕЛЕЛЕРІ

2.1 Шетел инвестицияларын тартудың құқықтық негіздері: әлемдік тәжірибе
және Қазақстандағы жағдай
Қайбір елдің экономикасында болмасын шетел инвестициялары елдің
экономикалық және әлеуметтік тез дамуының катализаторы болып табылады.
Инвестициялар - бұл кез-келген елдің экономикалық дамуының негізі, ғылыми-
техникалық прогресстің тез дамуының, өндірістің құлдырауын тоқтатудың және
еңбек өнімділігін арттырудың бірден-бір жолы. Қайбір ел болмасын мұндай
жетістіктерге инвестицияны ел экономикасына ұтымды тарта білгенде және
тартылған инвестицияны тиімді таратып, үлестіре білгенде ғана қол жеткізе
алады. Яғни қолайлы инвестициялық ахуал құруы қажет. Бұл Республикамыздың
ұзақ мерзімді басым мақсаттар мен оларды іске асыру стратегияларында
назардан тыс қалмаған:“...Біздің міндетіміз Қазақстанды дүниежүзілік
қауымдастық алдында инвестициялар үшін тартымды жер ретінде көрсетіп,
неғұрлым маңызды салаларға инвесторларды пәрменді тарту болып табылады...”.
Қолайлы инвестициялық ахуал - бұл экономикалық және саяси тұрақтылық,
саяси тәуекелдің барынша төмендігі, ұлттық экономиканың ресурстық
ауқаттылығы, инвестиция үшін заң шығару базасы және т.б. Сондай-ақ міндетті
шарттары: заңдардың тұрақтылығы, қаржылық, салықтық және кедендік реттеуде
кәсіпкерлік үшін айқын, дәл құқықтық негіз құру, салықтар, тарифтер мен
жеңілдіктердің бәсекелестік қабілетті деңгейі, саяси тұрақтылық.
Шетел капиталын тартуда және оны тиімді пайдалануда, ел егемендігіне
нұқсан келтірмей заңдық реттеуде шетел тәжірибесі өте тиімді.
Латын Америка елдерінде шетел капиталын тартуда заңдылық базаларын
құруға көп көңіл бөлінеді. Қазіргі кезде инвестициялық іс-әрекетке ешқандай
шек қойылмайды, дивидендтер мен табыстың ауысуы үшін кедергілер алып
тасталынған, инвесторларды тіркеу процедурасы жеңілдетілген.
1989 жылы қабылданған шетелдік инвестициялар туралы Заңда шетелдік
капиталы бар кәсіпорындарға сыртқы құралдардың келіп құйылуын
ынталандыратын “инвестициялаудың автоматтық режимі” енгізілген, сондай-ақ
шетелдік инвестициясы бар кәсіпорындарды (биржадағы акциялары бағаланушы)
капиталға айналдыру үшін қолайлы жағдай құратын “таза инвестициялау режимі”
енгізілген.
Дүниенің қарама-қарсы бөлігінде Қытай Халық Республикасы да үлкен
жетістіктерге жетті. Сондай-ақ бұрынғы кеңестік республикалармен
салыстырғанда Қытайда қолайлырақ инвестициялық ахуал қалыптасты және де
Euromoney журналының рейтинг-парағында 38-орынға ие болды. (170 елдің
ішінде Эстония 122-орынға, Қазақстан -129, Литва -130, Латвия -132, Ресей
137-орынға ие болды). 17 жыл ішінде қолданылған шетелдік инвестициялар
көлемі 181,4 млрд. долларға жетті, сондай-ақ осы инвестициялардың
тартылуымен 270 мыңнан астам кәсіпорындар құрылды.
Шетелдік инвестицияларды заңдылық реттеудің тиімді жүйесі айтарлықтай
қысқа мерзім ішінде құрылды. Қазіргі күнде Қытай Халық Республикасындағы
инвестициялық ахуал дүниежүзілік стандартқа 75%-дан астам деңгейде сәйкес
келеді [13, 14 б.]. Сондай-ақ келісім-шарт құру еркіндігінің жалпы
халықаралық принципі қаланды, екі жаққа да бірдей қатысты келісім-шарттар
туралы Заң зерттеп дайындалды.
Қытай Халық Республикасының шетелдік инвестицияларды тарту мақсатында
ұстанған салық саясаты да айтарлықтай қызығушылық туғызады. Айта кететін
болсақ, шетел капиталы қатысты кей кәсіпорындар (жаңа және озық
технологияларды игеру аймақтарындағы кәсіпорындар, техно және зияткерлік
қажетсінетін объектілер, энергетикалық және коммуникациялық объектілер және
т.б.) үшін табыс салығы 15%-ға дейін төмендетілген. Ауыл, орман, мал
шаруашылығындағы кәсіпорындар, және де елдің дамымаған шет аудандарындағы
кәсіпорындар табыс салығын төлеуден 10 жылға жарым-жартылай немесе толық
босатылады. Ал бұл мерзім аяқталғанда осы жеңілдікті 10-30% шегінде қолдана
алады. Сондай-ақ инвестиция салынған кәсіпорындардың табысы ескі немесе
жаңа кәсіпорындарға, өнімі экспортқа арналған немесе озық технологияны
пайдаланатын кәсіпорындарға қайтадан салынса, онда қайта инвестицияланған
сомадан табыс салығының 40%-ы немесе қайта инвестицияланған сомадан
төленген табыс салығы толық көлемде қайтарылады [15, 14 б.].
Және де мемлекет басымдықты даму салаларына инвестиция салуда шетелдік
инвесторларға қолдау көрсетеді. Олар: ауыл шаруашылығы және жаңа аграрлық
технологияны кешенді игеру объектілері; инфрақұрылымды және негізгі
өндірісті дамыту объектілері; ресурстарды кешенді қолдануды және қоршаған
ортаны қорғауды қамтамасыз ететін жаңа құрал-жабдықты және жаңа прогрессті
тездетуге мұқтаж ірі және орта мемлекеттік кәсіпорындар және т.б.
Сонымен қатар Кытай мемлекеті шетел капиталы салымын қолдаумен қатар
шектеу саясатын да ұстанады. Өндірістік қуаттылығы нарық сұранысын
қанағаттандыратын, әкелінген бөлшектерден дайындалған өнімі ішкі нарықта
толық жүзеге асатын объектілер мен салаларға шетелдік капитал салымы
шектеледі. Және шетелдік инвесторларға мемлекет қауіпсіздігіне, әлеуметтік-
экономикалық дамуға, қоршаған ортаға зиян келтіретін кәсіпорындар құруға
инвестиция салуға тыйым салынады.
Басқа да дамушы елдер ТМД елдерімен салыстырғанда шетел инвестицияларын
тартуда және оны тиімді қолдануда әлдеқайда көп тәжірибе жинақтаған.
Бірқатар елдер тәжірибесі көрсетіп отырғандай, экономикалық өсудің жаңа
кезеңіне өтуді қамтамасыз ететін шетелдік инвестицияларды тарту үшін мына
жағдайлар орындалу қажет: ұлттық және шетелдік кәсіпкерлікті қолдау
жөніндегі заңдық ережелер жинағын құру, осы ережелердің салыстырмалы
тұрақтылығы, және де ең маңыздысы олардың іс жүзінде қалтқысыз орындалуы;
шетелдік меншік иелеріне келтірілген шығынның орнын толтыру; әлеуметтік-
психологиялық жағдайдың тұрақтылығы және ішкі саяси күрестің ақырғы
нысандарынан бас тарту; ұлттық валютаға деген сенімді қамтамасыз ету;
саясаттың, оның негізгі бағыттарының тұрақтылығы, нақты және тиімді
басқару.
Қазақстан Республикасы үшін де экономикаға инвестиция салудың негізгі
көздерінің бірі болып шетел капиталы табылады. Шетел капиталын ел
экономикасына көптеп тартуда және тиімді қолдануда қазіргі күнде біршама
жағдайлар жасалынған. Қазіргі күнде республикада шетел капиталын тартудың
заңдылық негіздерін 30-ға жуық заңдық және ведомоствоға қарасты актілер
құрайды. Соның ішінде салық салу, антимонопольді қызмет, сақтандыру,
банкроттық, банктер және банктік қызмет, бағалы қағаздар, қор биржаларының
құрылуы және жұмыс істеуі туралы Заңдар және де басқа Заңдар. Бұл Заңдарда
негізгі ұғымдар, жеңілдіктер, кепілдіктер мен құқықтардың кең өрісі
анықталған, шетел қатысуындағы кәсіпорындардың қызметін лицензиялау, оларды
құру және тіркеу процедуралары қазіргі заңдылықтарға сәйкес қарастырылған,
туындаған дауларды сот арқылы шешу тәртіптері орнатылған және де басқа іс-
шаралар жүзеге асырылған.
Шетелдік инвестициялар қатысатын кәсіпорындар құру тәртібі ҚР-ның
“Шетелдік инвестициялар туралы” Заңымен реттеледі. Осыған сәйкес шетел
қатысатын кәсіпорынды мемлекеттік тіркеу заңды тұлғалар үшін Қазақстан
Республикасы заңдылықтарымен бекітілген жалпы ережелер бойынша жүзеге асады
(16 бап).
Аталмыш заңға сәйкес шетел инвесторларына шетелдік инвестициялардың
құқықтық режимі берілген (Ұлттық режим немесе ең қолайлы жағдай режимі. Бұл
екеуінің қайсысының шарттары ең қолайлы жағдай туғызатынына байланысты).
Осыған байланысты олар Қазақстанда кәсіпкерлік қызметті ұлттық
заңдылықтарда қарастырылған кез-келген ұйымдық-құқықтық нысанда жүзеге
асыруға хақылы.
Жарғылық қордағы шетелдік инвесторлардың үлесі қандай да бір
заңдылықтармен шектелмейді. Қазақстандық және шетелдік қатысушылардың
мүліктік салымдарының бағасы және үлесі екі жақтың келісімі бойынша
анықталады. Және де шетелдік инвесторларға арналған кепілдіктер жарғылық
қорындағы шетелдік инвесторлардың үлесі кемінде 35% немесе ақшаға балағанда
кемінде 1 млн. АҚШ долларын құрайтын шетел қатысатын кәсіпорындардың
мүдделерін қорғауға да қолданылады [16, 79 б.].
Сондай-ақ Қазақстан Республикасына шетел қатысатын кәсіпорынның жарғылық
қорына шетелдік инвестордың салымы ретінде әкелінетін жабдықтар мен олардың
жинақтаушы қосалқы бөлшектері, шетел қатысатын кәсіпорындардың, шетелдік
заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктерінің шетелдік қызметкерлерінің
жеке мүлкі кеден бажын төлеуден босатылады.
Сонымен қатар республикадағы инвестициялық ахуалды жақсартушы “Тікелей
инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы” 1997 жылғы 28 ақпандағы Заң
болып тұр. (1999 жылы 2 тамыздағы N466-І Қазақстан Республикасының Заңы
бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілген). Бұл заң экономиканың
приоритетті салаларына өз капиталын салуға дайын инвесторлардың жағдайын
дәл, айқын анықтайды.
Жобаны жүзеге асыруға қажет шикізат, материалдар және құрал-жабдықтар
импортының кеден бажын төлеуден толық немесе жарым-жартылай босатылуы да
инвесторлар үшін тиімді жағдай туғызады.
Және де инвесторды бюрократиялық кедергілерден қорғаумен қатар
инвестициялық жобаларға байланысты қызметтегі жариялылық пен заңға бой
ұсынуын қамтамасыз ете отырып инвесторды қабылдау процедурасын, қажетті
сараптау жұмыстарын жүргізу мерзімін бекітеді.
Қазіргі кезде шетел инвестицияларын құқықтық реттеу екі деңгейде -
ұлттық-құқықтық және халықаралық-құқықтық деңгейде жүзеге асырылады. Шетел
инвестицияларымен байланысты қатынастарды ұлттық-құқықтық реттеу
кемшіліктері халықаралық құқықтық реттеу жолымен орны толтырылады. Шетелдік
инвестицияларға ұлттық заң берген кепілдіктер жаңа заң қабылдануына
байланысты кез-келген уақытта алынып тасталуы мүмкін. Ал халықаралық
келісім арқылы берілген кепілдіктерді мемлекет бір жақты алып тастай
алмайды. Сондықтан да инвестицияларды қорғау туралы ұлттық заңдар мен
халықаралық келісім-шарттар мазмұны жағынан ұқсас болғанымен шетелдік
инвесторлар үшін шетелдік инвестицияларды халықаралық құқықтық реттеу үлкен
мәнге ие. Шетелдік инвестицияларды халықаралық құқықтық реттеу көпжақты
және екі жақты халықаралық келісімдер арқылы жүзеге асырылады. Осы уақыт
ішінде Қазақстан Республикасы 60-қа жуық елмен екі жақты келісім-шарт
түзеді және де көпжақты халықаралық келісімдерге кірді [22, 15 б.].
Сонымен республикада қазіргі кезде шетелдік инвестицияларды тартуды
мемлекеттік реттеудің негізі белгілі бір шамада құрылған десе де болады (Б-
Қосымша).
Алайда мұндай механизмнің ұтымдылығы айтарлықтай жоғары болмай отыр, ал
бұл өз кезегінде елдің инвестициялық ахуалына кері әсерін тигізеді. Және де
ескере кететін бір жайт жаңа заңдарды қабылдап қана қою аз, олар толық
орындалуға тиіс және толып жатқан заңнан туындайтын актілерді, нұсқамаларды
пайдалану орталықтағы және жергілікті жерлердегі шенеуніктердің шектеулері
мен тосын іс-әрекеттері салдарынан жадағайланып қалмауы керек. Егер
шетелдіктер республиканың сот жүйесіне сенбесе, егер заң әзірлеушілер оған
өзгеріс енгізген кезде талқылауда және сапасын анықтауда үнемі асығыстық
жасайтын болса, онда өндірісшілер мен инвесторлардың қатері еселене түседі.
Камерон МакКенна заң фирмасы өкілдігінің басшысы Томас Джонсон заңдарға
өзгерістер енгізген кездегі асығыстық салдарынан және таусылмайтын жаңа заң
тасқыны мен ескі заңдарға үнемі толықтырулар енгізіле беретіндіктен
Қазақстанның қаупі заң жағынан белгілі бір дәрежеде тұрақсыз деп
бағаланатынын атап көрсетті [22, 16 б.]. Мысалы, шетел инвестициялары
туралы заң жөнінде инвесторлар оны қолдану өте күрделі деп санайды, сондай-
ақ бірнеше рет түзетілген салық заңдарының өзі де сенімділікті азайта
түседі (В-Қосымша).
Демек осы шетел капиталын тарту және пайдалану саласында ұстанған
мемлекет саясаты құқықтық өріс, басқару тәсілдері және әкімшілік іс-
шараларға байланысты нақты бір кемшіліктерге ие. Осы үш фактор шетел
капиталының жеткілікті деңгейде тиімді болмауының негізгі себептерін
түсіндіреді. Бұған дәлел ретінде салықтар мен инвестициялар жөніндегі
халықаралық орталықтың (ІTІC) жүргізген сұрақ-жауап мәліметтерін айтуға
болады. Осы сұрау нәтижесі бойынша шетелдік инвесторлар үшін республикада
негізгі кедергілер рейтингі бойынша алғашқы орындарға бюрократия, салықтық
және қаржылық режим, құқықтық инфрақұрылым, қаржылық тәуекел ие. Осы
негізгі факторлардың ішінде тек қаржылық тәуекел ғана отандық үкіметтің
тікелей бақылауында емес. Демек қалған негізгі факторлардың алдын алып,
ретке келтіру өз қолымызда. Респонденттер инвестициялық келісім-шарттардың
жиі бұзылатынын ескере кетті [35].
Қорыта келе, біздің ойымызша, қарастырылатын жобаларға жоба алдылық
талдаудан халықаралық стандартқа сай деңгейде өтпейінше несие құралдарын
беру ісі тоқтатылмаса дефолт мәселесі маңызды болып қала бермек. Мұндай
талдауды республикада көптеген тәуелсіз ұйымдар, оның ішінде шетелдік
ұйымдар жүргізуде.
Және де әлемдік тәжірибедегі кез-келген елдің даму кезеңдерінде шетелдік
капиталдардың айтарлықтай маңызы барын ескерер болсақ, онда ел
экономикасының дамуында шетел капиталы ерекше маңызға ие. Демек біз әлі де
болса инвестициялық ахуалдың жақсаруына, шетелдік инвестициялардың
тартылуына және оның тиімді, орынды қолданылуына көп көңіл бөлуіміздің мәні
зор.

2.2 Сыртқы қарыздың үйлесімді деңгейі және оны басқару тәсілдері
Кез-келген елдің сыртқы қарыздарының өсуі өздігінен мәселелер
тудырмайды. Мұндай мәселелер борышқордың қандай да бір себептермен өзінің
қарызы бойынша мерзімінде қызмет көрсетуге мүмкіншілігі болмаған жағдайда
туындайды. Яғни берешектің негізгі сомасын және пайызды өтеу шотына
төлемдерді несиелік шартта бекітілген төлемге сәйкес жүзеге асыру
мүмкіншілігі болмаған жағдайда туындайды.
Жалпы алғанда елдің шетелдік несие құралдарын алу мүмкіншілігі
(қабілеті) осы құралдарға қол жететіндігі жағдайымен шектеулі.
Қарыз ауыртпалығы өлшемінде, егер ел одан асып кеткен жағдайда қарыз
“тұзағында” қалып және де тағы тартылған несиелер көп жағдайда экономиканың
дамуына емес, ал бұрын алынған несиелерді өтеуге қолданылатын, дәлірек,
қолдануға мәжбүр болатын сыртқы қарыздың оңтайлы деңгейін қарастырайық.
Елдің төлем қабілеттілігі жағдайын және сыртқы қарызын өлшеу үшін
халықаралық тәжірибеде әртүрлі әдістер және көрсеткіштер жүйесі
пайдаланылады. Олар бір-бірінен мәселелерді қамту дәрежесімен, қандай да
бір экономикалық көрсеткішке көңіл бөлетіндігімен айырылады.
1977 жылы батысгермандық экономист Х.Петерсен елдің төлем қабілеттілігі
жағдайын бағалаушы көрсеткіштер жинағын ұсынды. Автор бұл жүйесін “Ерте
жария ету жүйесі” деп атады. Бұл жүйенің негізі болып ОЭСР-дің көрсеткіштер
жинағы алынды. Оның ішінен дамушы елдерде қиын есептелетін және
статистикалық мәлімделмейтін көрсеткіштерді алып тастап, біршама басқа
өзгерістер қосты. Сонымен ол келесі кестедегі жеті көрсеткіш (өзінің шекті
мөлшерін қоса) енгізілген төлем қабілеттілігін бағалау жүйесін алды.
Егер осы жеті көрсеткіштің үш немесе одан көбі шекті мөлшерге жетсе,
онда ел қарыз дағдарысында қалуы әбден мүмкін.

1-кесте. Төлем қабілеттілігін бағалау жүйесі

Көрсеткіштер атауы Шегі
1. Барлық сыртқы қарыздың жылдық экспортқа қатынасы, % 120
2. Шетелдік инвестициядан түскен жалпы жылдық өнімнің жылдық
экспортқа қатынасы, % 10
3. Ағымдағы операциялар бойынша төлем балансы тапшылығының жылдық
экспортқа қатынасы, % 20
4. Шетел валютасындағы қорлар көлемінің айлық импортқа қатынасы,
айлар 2,5
5. Шетел валютасындағы қорлар өсімі, % 0
6. Инфляция қарқыны, % 12
Жалпы ұлттық өнімнің өсу қарқыны, % 3

Жалпы кез-келген елдің қаржы жағдайын талдау “жалпы” жоспардағы
көрсеткіштерді талдаудан басталады. Бұлар: қарыздың жалпы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржылық менеджменттің эволюциясы
Халықаралық капитал рыногы
Несие жүйесі жайында
Еңбекақы төлеуге арналған сомада - уақытша бос ақша капиталы
Ұдайы өндірістік тұжырымдамасын жақтаушылар
Несие бәрінен бұрын тауар өндірісі процесінде пайда болатын оның негізгі өндірістік қатынастарымен анықталатын қоғамның әлеуметтік байланыстарының белгілі бір типі
Халықаралық экономикалық интеграция
Несие беруші - несие келісімнің қарыз ұсынатын жағы
Экономикалық категория ретінде несиенің мәні және қажеттілігі
Қаржының мәні, функциясы және ролі
Пәндер