Елбасының тәрбие сабағы


Елбасының тәрбие сабағы
1-кластан бастап, өмір бойы оқуға үндейді
Бұрын хабарлағанымыздай, 3 қыркүйек күні еліміздің барлық өңіріндегідей біздің облысымыздың мектептерінде де Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен “Жаңа әлемдегі - жаңа Қазақстан” атты сабағы өтті. ТМД елдері көлемінде тұңғыш рет өткізілген бұл шараны Ақ Жайық атырабындағы 357 мектеп түгел тамашалады. Соның ішінде 40 мектеп оған интерактивті тақта арқылы қосылды.
Интерактивті тақтаның көмегімен Елбасының тәрбие сағатын тыңдағандардың бірі - С. Сейфуллин атындағы дарынды балаларға арналған №11 облыстық мектеп-интернат кешені. Білім ордасының басшылары мектептегі 750 оқушының барлығы бірдей оn-linе сабаққа қатысуы үшін 10 нүкте дайындады. Оның екеуіне жоғарыда атап өткен ғажайып тақта орнатылды. Аталмыш сабақ басталар алдында осы оқу орнының директоры Ерсайын Сапаров жиналғандарға “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” сабағының мақсаты мен міндеттері жөнінде қысқаша әңгімелеп берді.
Сағат тілі дәл тоғызды көрсеткенде, Елбасы Астанадағы Райымбек батыр атындағы №50 “Қазғарыш” мектеп-лицейіндегі 11-класқа кірді. Сабақ мемлекеттік Әнұранмен басталды. Бір мезгілде еліміздегі 1000 оқу ордасындағы 6, 5 мың оқушы Елбасымен бірге орындарынан тұрып, оң қолдарын кеуделеріне қойып, Әнұранды шырқады. Сонан соң Президентіміз оқушылар мен ұстаздар қауымын, ата-аналарды Білім күні мерекесімен құттықтады. Сабақты бастамас бұрын Нұрсұлтан Әбішұлы интерактивті тақта, яғни өркениетті елдердің жаңа технологиясын біздің де пайдаланар күніміз туғанын қуанышпен атап өтті. Бұл да еліміздің алға қарай жылжығанын көрсететін тағы бір нышан. Ұлыбританиядан мемлекет қаржысына сатып алынған ғажайып тақта қазіргі таңда 1000 мектепке орнатылса, келер жылы басқа да білім ордалары осындай мүмкіндіктерге қол жеткізбек. Сөйтіп, келешекте еліміздің барлық мектептері интерактивті тақтамен қамтамасыз етілмекші. Одан соң Мемлекет басшысы тәуелсіздігімізді баянды ету жолындағы қыруар істердің бірсыпырасына тоқталды. Бабаларымыздың қаны мен терінің арқасында бізге мирас болып қалған Алатаудан Арқаға дейінгі, Атыраудан Алтайға дейінгі ұшқан құстың қанаты талатын осынау сайын даланың көсегесін көгерту үшін қолға алынған істерді баяндады. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы әлеуметтік-экономикалық салалардағы қиыншылықтар қазір келмеске кетті. “Осы күнге жетуге сендердің ата-аналарың көп жұмыс жасады, - деді Президент жас ұрпаққа қарап. - Солардың еңбектерінің арқасында еліміздің экономикасы өрлеп, өркендеудің даңғыл жолына түсті. Халықтың әл-ауқаты артты. Бос қалған дүкендердің сөресі толды. Қазір еліміздің қай өңіріне барсаңыз да, зулап жүрген мәшинелер легіне тап боласыз. Сол кезеңдерде халықтың жүйкесіне тиген жылу мен жарық мәселесі де өз шешімін тапты. Қазақстан ел бола ма, болмай ма, халық бір-бірімен жанжалдаса ма жоқ па дегендердің күткені болмады. Әлемге танылған Қазақстан деген мемлекет орнады, тәуелсіздігіміз нығайды. Бұрын ешкім білмейтін қазақ деген халық дүние жүзіне танылды. ”
Одан әрі Елбасы алдымызда тұрған мақсаттарға тоқталды. Бұл мақсаттар - республикамызды бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына қосу, инновациялық технологияларды белсенді жүргізу. Мемлекетіміз дамудың біраз белестерінен қалып қойғаны рас. Егер Қазақстан тек шикізат шығаратын ел болып, мұнай сатумен ғана айналысса, онда оның күндердің бірі күні таусылары анық. Осыны жете түсінген Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанды мұнай мен газға деген тәуелділіктен босатуды көздеп, жаңа индустриалды-инновациялық экономика құруды бастады. Давос форумының сараптауы бойынша 117 мемлекеттің арасында еліміз 61-орында тұр. Ендігі мақсат - 50-орынды иемдену. Бұл істе үлкен сенім жастарға артылып отыр. Оған жалындаған жастық жігер аздық етері сөзсіз. Болашақ өкілдері заманауи біліммен толық қамтылуы тиіс. Сол себепті мемлекет үлкен қаржы ағымын білімге қарай бағыттап отыр. Мәселен, алдағы үш жыл ішінде Қазақстанда 229 жаңа мектеп іске қосылмақ. Соның 65-і биыл пайдалануға беріледі. Биылғы Жолдауда айтылғанындай, Үкіметке 100 мектеп салу міндеттелді. Президент одан әрі ендігі жылдан бастап Қазақстан да дүние жүзіндегі дамыған мемлекеттері секілді 12 жылдық білім беру жүйесіне көшетінін де айтып өтті.
Елбасы келесі кезекте өзінің Жарлығымен жыл сайын республикамыздың 3 мың үздік оқушысы “Болашақ” бағдарламасы бойынша шетелдің алдыңғы қатарлы оқу орындарында білім алып жатырғандарына тоқталды. Ол оқу орындарын бітіріп келген жастар қазір министрліктер мен ведомостволарда лауазымды қызмет атқаруда. Президент әлемге танымал ЖОО-ларда білім нәрімен сусындағандармен шетелдік компаниялардың да санасатынын да жасырмады. “Біздің барлық жастарды шетелге шығарып, оқытуға мүмкіндігіміз жоқ, - деді одан әрі Президент. - Әр отбасының оған жағдайы да жете бермейді. Мен Астанадан дүниежүзілік талапқа сай университет салдырып жатырмын. Оның әр факультеті батыс университетінің талабына жауап беретін болады. Студенттер бір жыл осында білім алса, келер жылы оқуын шетелде жалғастырады. Одан алған дипломымен әлемнің кез келген жерінде жұмыс істей алады. Тағы сондай ЖОО-ның Алматыда да қабырғасы қалануда.
Жалпы, білімнің іргетасы мектепте қаланады. Егер олай болмаса, университетте оқу қиын болады. Және жоғары оқу орнында алған білімді де үнемі жетілдіріп отырмаса, 3-4 жылдың ішінде көштен қалып қоюың ғажап емес. Жаһандану дәуірінде 1-кластан бастап, өмір бойы оқу керек.
Сендерге қандай мұғалім, профессор, олар ұшан-теңіз ақылдың иесі болса да, бәрібір өздерің талпынбасаңдар, олардың берген білімі серік болмайды. Мектептің мұғалімі, университеттің оқытушысы сендерге дүниеде қандай білім барын көрсетеді, қандай оқулықтар бар екенін, қандай кітаптар оқу керектігі бойынша бағыт береді. Соны жеріне жеткізіп оқымасаңдар, ізденбесеңдер артта қаласыздар. Менің ойлайтыным - сендердің болашақтарың, Отанымыздың болашағы. ”
Қасиет КӘРІМ, С. Сейфуллин атындағы дарынды балаларға арналған
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz