Елдің хал-ахуалын,төл мәдениетін жақсарту-саяси биліктің басты парызы


Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Елдің хал-ахуалын, төл мәдениетін жақсарту-саяси биліктің басты парызы.

Жер бетіндегі құндылықтардың ең биігі болып табылатын адам және оның өмірі, рухани байлығы. Қазіргі техногендік қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі-адам өміріндегі руханилықты өркендету, ұлттық рухани байлықты сақтап, жас ұрпаққа насихаттау және елдің тұрмыс-тіршілігін жақсарту. Қазақ елі ұлан-ғайыр даласымен, табиғи қазба байлықтармен, тарихы мен мәдениеті байлығымен ерекшеленетін жас мемлекет. Халқымыздың саны 17млннан енді асты. Жер асты шикізатқа өте бай елміз. Алайда, еліміздің статистика агентінің ұсынып отырған төменгі қажеттілікті көрсететін азық түлік қоржынының қалай жұмсалуын жобалағанына көңіл аударсақ 17439 тенгенің бір айда 3540 - ет, балық сатып алуға, 2580 - сүт, май және жұмыртқаға, 2546 - жемістер мен көкөністерге(картоп осының ішінде), 1343 - нан, жарма өнімдеріне, 455 теңгесі қант, шәй және басқадай дәмдерге арналған көрінеді. Сонда бір айда бір адамға 10464 тенгеден к еледі екен де, орта есеппен күніне 573. 33 теңгеге тамақтануды қанағат тұтуы тиіс екен. Қалған 6075 тенгені бір айда күнделікті тұрмысқа қажет заттарды сатып алуға, қоғамдық көлікпен жүруге, коммуналдық қызметтерді өтеуге, дәрі-дәрмек, киім-кешек алуға және тағы басқа да өмірде туындап жататын қажеттерге жұмсауға арналған. Қазіргі азық-түліктің, каммуналдық қызметтерінің, электр қуатының, қоғамдық көліктерде жүру құнының және басқа да қызмет көрсету ақыларының үнемі өсіп жатқаны белгілі, бірақ осы жағдай еске алынып, одан жұртты қорғайтындай механизм белгіленбеген. Ақиқаты сол, қарапайым жұрттың дені кедейшілікте өмір сүріп жатыр. Егерде « 2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңның 9-бабына сүйенсек бізде биылғы жылдың қаңтар айынан бастап жалақының ең төменгі мөлшері-17439 тенге болып отыр. Біз жоғарыда көрсеткендей, Ирландияда бір айда 209839 тенге табыс таппайтындарды күнкөрісі төмендерге теңесе, біздің елде бір адамға азық-түлік қоржыны бойынша бір жылға 209268 тенге белгіленген. Яғни, біздің елде бір айлық төменгі табыс көзіне негізделген кедейліктің шегі 6975, 6 теңге болуы еліміздегі кедейшілік көріп отырған адамдардың санын жасанды төмендетуге алып келіп, соның салдарынан экономикалық даму стратегиясын жасаған кездерде, әлеуметтік мәлелелердің шешуін жоспарлауда қателіктердің бар екенін көрсетеді.

Президентіміз Н. Ә. Назарбаев кезекті Жолдауында үкіметке ауыл-аймақтардың инфрақұрылымдарын дамыту, жұмыссыздықпен күресу, халықтың тұрмысын көтеру және қызмет көрсету сапаларын әлемдік заманауи үлгіге сай дамыту сияқты бірқатар тапсырмаларды жүктеген болатын. Бұл мәселелерді іске асыру үшін де қазақ үкіметі бірнеше мемлекеттік бағдарламалар қабылдаған болатын. Мысалы, Жұмыспен қамту-2020, Жол картасы т. б. Бірақ бұл аталған бағдарламалардың орындалуы өте баяу, шикі тұстары айтарлықтай жетерлік. Оған негізгі себеп, елдің гүлденіп, өркендеп дамуына тұсау болып тұрған сыбайлас-жемқорлық дерті. Мәселен, жергілікті әлеуметтік салаға бөлінген мемлекет қаржысының уақытылы игерілмеуі, тұрмысы төмен отбасыларға әлеуметтік жеңілдіктердің тиімді берілмеуі, тендордың сапалы өткізілмеуі т. б мәселелер халыққа жасалынған қиянат деп есептеуге болады. Қойнауы қазынаға бай елімізде, өз күнін өздері көріп жатқан тұрғындардың мөлшері 30пайыздан астам десек, олардың санатына еңбекке қабілетті жұмыссыздарды қоссақ, ел азаматтарының жартысы жұмыссыз болып шыға келеді. Сондай-ақ, қылмыс жасаушылық жастар арасында жиі орын алуда. Жұмыссыз жүрген ауыл жастары, ЖОО-н бітірген білімді де, тәжірибелі жастар жұмысқа орналаса алмай, құрылыс, базар жағалап кетті, бұрынғы бойларында болған биік адамгершілік қадір-қасиеттері азайып, олардың арасында нашақорлық, ұрлық жасау, тонау, қарақшылық, бұзақылық үйреншікті әдетке айналып барады. Жұмыссыз жүрген ауыл жастары арасында ішімдікке салынып, мал ұрлығымен айналысатындар көбеюде. Олар жұмысқа орналаса аламағандықтан, амалсыздан күнкөріс құралы ретінде қылмысқа баруда. Жергілікті әкімдік ауыл-аймақтардағы жұмыссыздықты жою үшін индустриалды-инновациялық жүйені негізге ала отырып, өндіріс орындарын(цех, зауыт, фабрика) көптеп ашуды жедел түрде қолға алу қажет деп есептеймін. Сондай-ақ, отандық туризм кластерін тиімді қолға алу сияқты бірқатар жобаларды орындайтын уақыт жетті. Осы аталған жобалар оңды шешімін тапса, ауыл азаматтарының біразы қалаға ағылмай, жұмысқа тартылып, тұрмысы жақсарар еді. Еліміз Кеден Одағына мүше болғалы баға шарықтап, бой бермей бара жатыр(азық-түлік, ет, коммуналдық тарифтер т. б), инфляция деңгейі өте жоғары. Дүкен сөрелерде ресей мен беларуссияның, қытайдың өнімдері қаптап кетті. Себебі, беларусь пен ресейдің өнімдеріне қарағанда, отандық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігі төмен және қымбат. Біз қайда құлдырап кетіп барамыз. Саяси жүйедегі еркін бәсекелестіктің болмауынан экономикадағы бәсекелестікке жол аша алмай отырмыз. Біздегі экономика тек қана монополиямен ғана шектелген. Барлық салада:авиация, темір жол, тас жол, байланыс және коммуникация, электр қуаты, айта берсек, ұзын сонар тізім, әрқайсысы, жекелеген бір-бір монополияға айналған. Олардың атқарып отырған қызметінің жасырын тұстары көп, әрі бәсекелестікке қабілеті қауқарсыз. Ал, халық болса, монополистердің тарифтік саясатын реттеуге ықпал ете алмауда. Тәуелсіздіктің 22 жылында монополистер тарифтерді қымбаттатып, түскен қаржыны өздерінің жеке мақсаттарына жұмсайтыны жасырын емес. Біздің қалтамыздан жырып алынған қаржы-жекелеген монополистердің табыс көзі. Монополияға қарсы агенттік халықтың жағдайын ойлаудан қалып бара жатыр. Үкімет пен жергілікті билік осы мәселелерді мықтап қолға алатын уақыт жетті деп есептеймін. Бұл істер алдағы уақытта оңды шешімін табу үшін Нұр Отан, Құқық қорғау органдары, БАҚ, қоғамдық институттар, партиялар біркісідей ұйымшылдықпен атсалысса, күрмеуі қиын мәселелер тиімді шешілер еді. Егер саяси билік бұл мәселелерді дұрыс жолға қоя алмаса, ел халқының да төзімі бір күні таусылатынын айтудың өзі қорқынышты және енді дамып келе жатқан еліміз үшін авторитарлық жүйенің көлеңкесінде қалып қою қауіпі тұрғандығын айтқым келеді. Ұлттың руханияты қашанда халықтың, мемлекеттің тұтқасы бола білген. Жас мемлекетіміз үшін бұрынғы төл мәдениетімізді бүгінгі заманауи үлгіге сай қайта жаңғыртып, түркмен елі сияқты модернистік даму жолына түсетін уақыт жетті деп санаймын. Өткенімізді түгендеп, жіберген қателіктерден сабақ алдық. Бұл ұлы мәселені жанашырлықпен айтуымның өзіндік себебі бар

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ ағартушылығы Қазақстанның XIX ғасырдың екінші жартысындағы жағдайында əлеуметтік-экономикалық жəне мəдени прогресс жолындағы мықты қозғалыс беруші күші
Мемлекеттік тілге байланысты қабылданған заңнамалық құжаттардың сипаты және олардың жүзеге асырылу деңгейі
Қазақ баспасөзінің пайда болу тарихы
Тоталитарлық саяси режимдер
Мемлекеттік тіл саясаты
Еліміздің нышандарының пайда болу белгісі мен олардың нақты сипатын айқындау
Мемлекеттік тілдің білім саласында қолданылуы
Қазақстандық патриотизмді қалыптастырудың негізгі тенденциялары
ҚР-ның Конституциясы
Мәдениет - бұл тарихи құбылыс
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz