Елімізде білім беру жүйесі



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Көлемі: 9 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 400 теңге
Таңдаулыға:   
Тегін:  Антиплагиат

Қандай қате таптыңыз?

Рақмет!






Елімізде білім беру жүйесіндегі оң өзгерістер көптеп саналады. Солардың
қатарына жеке тұлғаның қасиеттерін, қабілеттерін дамытып, шығармашылығын,
талантын ұштаудағы оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруды, оқытудың озық
технологияларын пайдалануды жатқызуға болады. Оның себептерінің бірі
қазіргі таңда ғылым мен техниканың дамуына, технология ғылым саласының озық
жетістіктерінің өндіріске көптеп өзгерістер енгізуіне байланысты мектепте
шығармашылық тұлғаға тән білім мен іскерлікті беру қажеттігі туындайды.
Шығармашылық - мәдени немесе материалдық құндылықтарды өз ойы бойынша
жаңадан жасау ретінде түсінілетіні белгілі, әрі ол ойлаудың жоғары формасы
болып табылады.Әр ұрпақ әлеуметтік-экономикалық жаңарулар тұсында ұрпақтың
қол жеткізген жетістіктерін меңгерумен қатар, өз іс-әрекетінде сол
жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей, жетілдіре отырып, барлық салада
таңғажайып табыстарға қол жеткізеді. Шығармашылықтың саласы көп (музыкалық,
көркем, техникалық, т.с.с), әрі сала бойынша іс-әрекет нышандары әркімде
болатынын, бірақ оны дамыту керектігін еліміздің психологтары XX ғасырдың
бас кезінде зерттеулер барысында негіздеген болатын.
Шығармашылық тұлға — бұл шығармашылыққа деген тұрақты да жоғары
қызығушылығын білдіретін, шығармашылық қабілетті қалыптастырудың
органикалық бірлігінде көрінетін, оған бір немесе бірнеше әрекет түрлерінде
прогрессивті, жеке мәнді шығармашылық нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік
беретін мотивациялық-шығармашылық белсенділік тән - тұлға.
Шығармашылық тұлға қабілеттер арқылы көрініс табады. Ол көріністер
адамның қасиеттерінің синтезі, психологиялық ерекшеліктері, жеке қасиеті
немесе адамның психологиялық қасиеттерінің жиынтығы ретінде айқындалуда.
Шығармашылық жөнінде өз ойларын көптеген ғүламалар еңбектерінде жазып
қалдырған. Адамның жеке басын, қабілеттерін дамытуды өз еңбектерінде ұлы
дала ойшылары Жүсіп Баласағұн, Әл-Фараби, Абай өз тұжырымдарын,
көзқарастарын білдірген. Платон, Аристотель, Сократ қабілеттердің дамуына
өзіндік зерттеулер жүргізген.
Көрнекті педагогтар ҚД.Ушинскийдің, Ы.Алтынсариннің,
Н.К.Крупскаяның, А.С.Макаренконың шығармаларында
қабілеттерді дамытудың жолдары қарастырылған.
Ресей ғалымдары Л.С.Выготский, С.Л.Рубинштейн, А.Г.Ананьев,
А.Н.Леонтьев, В.В.Давыдов, Л.В.Занков, В.А.Крутецкий, Б.М.Теплов, т.б.,
сондай-ақ республикамыздың көрнекті ғалымдары Т.Т.Тәжібаев, М.М.Мұқанов,
Ж.М.Әбділдин, Қ.Б.Жарықбаев, Қ.К.Жампейсова, Т.С.Сабыров, Ж.И.Намазбаева
т.б. өз еңбектерінде жеке тұлғаны дамыту мәселесінің теориясы мен
практикасының негізін қалаған деп білеміз.
Шығармашылық қабілеттердің, шығармашыл тұлғаның болуы адам қанындағы
құрамның өзгешелігімен сипатталады деген пікір XX ғасырдың 20-жылдарына
дейін өмір сүріп келді. Кеңестік дәуір кезеңіндегі ғылыми зерттеулер
шығармашылық қабілеттердің нышаны кез келген адамда болатыны дәйекті түрде
дәлелденді. Ал, 60-жылдардан бастап жалпы білім беретін мектеп пәндерін
оқыту процесінде оқушылардың шығармашылық ісәрекеттерді дамыту жөніндегі
зерттеулер жандандырылды.
Қабілеттер жайлы, оның адамның еңбектік сферасына
байланысты зерттеулер жүргізілді. Мәселен, музыкалық қабілеттер, бейнелеу
өнеріне деген қабілеттер, әдеби қабілеттер, математикалық қабілеттер,
педагогикалық қабілеттер. Сондай-ақ оқушылардың шығармашылық
қабілеттіліктерін дамыту, оқушылардың техникалық шығармашылықтарын
ұйымдастыру және т.б. мәселелер бойынша зерттеулер жандандырылды.
Оқыта отырып баланың шығармашылық қабілеттерін дамыту мәселесін
педагог-ғалымдар Ш.А.Амонашвили, Л.И.Божович, И.П.Волков, О.С.Газман,
Е.Н.Кабанова-Меллер, Н.Ф.Талызина, Д.Б.Эльконин, И.С.Якиманская және т.б.
қарастырған және аталған ғалымдардың еңбектері көптеген іс-тәжірибелерге
негіз болды.
Республикамызда оқушылардың шығармашылық қабілеттерді дамыту бойынша
бірқатар зерттеулер жүргізілді. Олардың ішінде жоғарғы сыныптарға шығарма
жазғызу, факультативтер және үйірме жұмыстары арқылы қабілеттерді
шығармашылық деңгейге көтеру, оқушыларды сөз өнеріне баулу арқылы көркем-
шығармашылық қабілеттерін дамыту, ойын әрекеті арқылы шығармашылық
қабілеттерді дамыту, оқыту барысында бастауыш сынып оқушыларының
шығармашылық қабілеттерін дамыту, оқушыларды еңбекке баулудағы
техникалық шығармашылықты дамыту мәселелері тереңінен зерттелген.
Оқытудың шығармашылық бағыттылығын күшейту, баланың қабілеттілігін
дамытуға басшылык. жасау, мақсатты бағыт-бағдар беру, педагогикалық ықпал
ету педагогикалық ғылымның негізгі мәселелерінің бірі. Ғылым мен
техниканың, өндірістің, табиғат жөніндегі білімдер жүйесінің дамуы білім
беру мазмұнының барлық құраушы элементтерінің мазмұндық өзгерісіне алып
келеді. Білім мазмұнын айқындайтын құжаттың бірі - оқулықтардың қазіргі
бастауыш сынып сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға
әдістеменің жоқтығын айқындай келе, Б.А.Тұрғынбаева арнайы зерттеу
жүргізді. Оның зерттеуі бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық
қабілеттерін дамыту мәселесін педагогикалық тұрғыдан шешуге бағытталды.
Шығармашылық қабілеттердің өзі де білім базасына, іс-
әрекеттердегі технологиялық процестсрді жүзеге асыратын
іскерліктерге байланысты болып табылатыны белгілі. Осы тұрғыдан
қарастырғанда пәндік білімдер мен іскерліктердің оқушылардың
шығармашылық қабілеттерін дамытуға маңызы ерекше болары
айқын.
Адамның шығармашылықтағы іс-әрекеттерінің құрылымы мен
мазмұны ұқсас болып келетіні жөніндегі пікірлер де XX ғасырдың
бас кезеңінде пайда болды. Ғалымдар мен инженерлер: XX ғасырда бастау алған
техникалық шығармашылық мәнінің жоғары екендігін көтерді. Ғалымдар мен
инженерлер техникалық өнер табушылық және жаратылыстанудағы жаңашылымның
өнердегі шығармашылық сияқты шығармашылық іс-әрекет екендігі жөніндегі
тезисін қорғады. Олар техникалық өнертабыстағы адамның іс-әрекетінің жоғары
рухани жүруінің көрінісі көркем шығармашылықтагы сияқты екендігін атап
көрсетті. Шығармашылық идеяның тууы суретшілердегідей және өнер
табушылардағыдай бірдей жүреді.
Жалпы XX ғасырдың 20-жылдарына дейін шығармашылық іс-әрекет
шығармашыл тұлғаның құдай берген өзіндік ерекшелігі деп есептеліп келді.
Осыған байланысты кейбір ізденуші-ғалымдар шығармашылық процесті зерделеуге
болмайды, себебі данышпандық идея өнертабысшыға, ғалымға, суретшіге
құдайдың табыстауы түрінде жүреді деген қарсы пікірлер де айтылды.
П.Энгельмейер шығармашылық теориясында бірқатар мәселелерді қойды
және көркем, техникалық, ғылыми шығармашылықты қамтитын жалпы шығармашылық
теориясын (эвриология) құруға ұмтылыс жасады. Ол техникалық өнертабыстан
ғылыми және көркем шығармашылықтың жалпы ортақтығының барын, сондай-ақ
олардың бір-бірінен айырмашылығын көрсетуге ұмтылды. Бұл мәселені ол жан-
жақты қарастыруға тырысты, мәселенің философиялық, әлеуметтік,
психологиялық, технологиялық және ұйымдастырушылық жақгарына тоқталды.
Шығармашылық табиғаты (мәні) мәселесін қарастырды, оның техникадағы,
өнердегі, ғылымдағы, діндегі пайда болуын қарастырды. Ол "адам
шығармашылығы" ұғымын талдай келе, осы ұғымның мәнді белгісін табуға
тырысты.
Көптеген зерттеушілер Рибо мен Энгельмейерден бастап шығармашылық
процестердің реті сатылы, кезең түрінде жүзеге асырылатынын айқындады. Әр
бір өнер табушының шығармашылық сатысының ішінде өте кіші адымдардың болуы
зерттеушілердің ойынша өнер табыс идеясының туындауына толық психологиялық
сипаттама беру қажеттігін көрсетеді. Шығармашылық процесс ең азы үш саты
бойынша анықталады. Олар:
Бірінші саты — ойлап табу идеясының туындау және міндеттердің
қалыптасу кезеңі. Бұл кезеңде интуиция үлкен рөл атқарады.
Екінші саты - қойылған міндеттерді шешуді іздестіру сатысы. Өнертабыс
схемасын немесе жоспарын құрастыру.
Үшінші саты - өнертабысты конструктивті атқару. Өнертабысты материалда
орындау.
XX ғасырда өнертабушының шығармашылық іс-әрекеттерді зерделеуі кезінде
мақсатты түрде шығармашылық процесті дәстүрлі қараудан қандай-да бір
зерттеудің жаңа әдістерін таңдауы қажет болды.
XX ғасырдың 20-жылдарынан бастау алған шығармашылық процес және оны
зерттеуге байланысты көптеген жұмыстар жүргізілді, оның ішінде ойлап
табушылыққа бейімі бар адамның сипатты сапаларын айқындау әдістемесі,
организмде немесе жеке тұлғада шығармашылық потенциалды сақтау мәселесі,
шығармашылық қабілеттерді дамытудың әртүрлі тәсілдері бойынша.
Шығармашылық процеске даярлауды мектеп қабырғасында жүзеге асыру
мәселесі педагог-ғалымдардың назарында болды. Халыққа білім беру жүйесінің
негізгі міндеттері ретінде қоршаған әлемді шығармашылықпен қабылдауды
дамыту үшін қажетті өз бетінше ойлана алатын мектеп оқушыларын қалыптастыру
қарастырылды. XX ғасырдың 70-жылдарында мектеп оқушыларын проблемалы
оқытуды ұйымдастыру практикада жүзеге асырыла бастады. Н.Г. Алексеев пен
Э.Г. Юдин бұл оқытудың ұйымдастырылуы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін
қалыптастыруды бірден жақсартады деп санады.
Зерттеуші ғалымдардың еңбектері бойынша адамның шығармашылық
қабілеттері ерте айқындалады және оларды (қабілеттерді) орта мектептің
өзінде дамытуға ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның білім беру жүйесі
Білім беру жүйесі
Жалпы білім беру жүйесі
Қазақстанда білім беру жүйесі
Францияның білім беру жүйесі
Еліміздегі білім беру жүйесі
Англиядағы білім беру жүйесі
Шетелдік білім беру жүйесі
Еуропада білім беру жүйесі
Ресейдегі білім беру жүйесі
Пәндер
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь