Трикотаж өндірісінің өсу қарқыны


Кіріспе
Трикотажды өнеркәсіп соңғы уақыттарды қарқынды дамуға ие болып отыр, және салыстырмалы ең жас өнеркәсіп саласы болып табылады.
Трикотаж өндірісінің өсу қарқыны тоқыма өнеркәсіптерінің басқа өндірістеріне қарағанда анағұрлым жылдам болып отыр. Әсіресе ішкиімдік және сыртқы трикотажды бұйымдар және тркотажды маталар өндірісінің өсу қарқыны көрсеткішінің жоғары екендігін айтуға болады. 1970 жылы іш киімдік трикотаж 1950 жылдарға қарағанда 4, 5 есе жоғары өндірілсе, сыртқы киімдер 8, 8 есе, мақтақағазды маталар 1, 3 есе, жүнді маталар 2, 3 есе, лен маталарының 1, 3 есе өскендігін және тек қана жібектен өндірілетін бұйымдар өндірісі ғана трикотажды бұйымдардан жоғары өндірілгендігін атап көрсетуге болады.
1975 жылы 1970 жылға қарағанда барлық маталардың 25 пайызға артық өндірілді, ал трикотажды бұйымдар өндірілу көлемін айтатын болсақ 50 пайызға дейін артты.
Трикотажды өнеркәсіптің химиялық шикізаттардың жаңа түрлерімен, жоғары өнімділіктегі тоқу машиналарымен және заманға сай безендіру машиналарымен жабдықталуы сырт киімдік трикотажды бұйымдар ассортиментін едәуір шамада кеңейтуге септігін тигізді. Алып қарайтын болсақ, соңғы жылдары жаңа түрдегі киімдер: халаттар, комплектілер, ерлер костюмдері, пальтолар және т. б. трикотажды тәсілмен өндіріле бастады.
Негіздік иірім жіп - матада жолақ бойында ораналасады, ал мойыншалық иірім жіп - көлденең бағытта орналасады. Негіздік иірім жіп жоғары беріктікке және серпімділікке ие болуы қажет, себебі ол тоқу процесінде көпретті қайталанатын күштер әсеріне ұшырайды және осы күштер әсеріне үзілусіз шыдас беруі қажет. Сондықтан негіздік иірім жіп сапасы жағынан жоғары және мойыншалық иірім жіппен салыстырғанда жоғары бұралушылыққа ие болуы қажет.
Трикотажды бұйымдарды трикотажды машиналарда өңдейді, мұнда иірім жіптер үлкен күштер әсеріне ұшырымайды. Бірақ ол белгілі бір беріктік пен серпімділікке ие болуы қажет. Күшті бұралған иірім жіп өру процесінде керу бәсеңдеген кезде трикотажда түйіндер түзуі мүмкін, және машинада инелердің сынуына алып келеді немесе өзі үзіліп кетуі мүмкін. Трикотажды бұйым негіздік жіп секілді сызықты тығыздыққа ие болады.
Е ліміздің тоқыма өнеркәсібінің ағымдағы жағдайын бағалау
Тоқыма өнеркәсібі табиғи, жасанды және синтетикалық талшықтарды иірім жіптерге және маталарға өңдеумен айналысатын жеңіл өнеркәсіп топтарын құрайды. Мемлекеттік классификаторға сай Қазақстан Республикасының тоқыма өндірісі экономикалық іскерліктің 3 түрінде көрсетілуі қажет.
Қазақстан Республикасы тоқыма өнеркәсібі сферасындағы экономикалық іскерлік түрлері
Табиғи талшықтардан жасалатын тоқыма иірім жіптер нарығы
Табиғи талшықтардан жасалатын тоқыма иірім жіптердің көлемі Қазақстанда 2005 жылы 4165 тонна құрады.
2005 жылғы ҚР тоқыма иірім жіптерінің экспорты және импорты және өндірілу көлемі
Иірім жіптердің 99 пайызы табиғи талшықтар (мақта) негізінде жасалады.
Қаақстан Республикасында өндірілетін табиғи талшықтардан жасалған иірім жіптердің 17, 9% мөлшері экспортқа шығарылады, 82, 1 пайызы маталар, трикотажды бұйымдар, кілемдер және басқа да тоқыма маталар өндірісінде пайдаланылады.
Қазіргі уақыттта АҚ «Меланж» өнімдері жергілікті нарықта таралуда, және Туркияға, Оңтүстік Кореяға, Нидерландыға, Германияға, Латвияға, Украинаға, Ресейге, Италияға, Португалияға, Хорватияға Польшаға таралуда.
Экономикалық бөлім
Футерлі ілме тоқыма трикотаждың дайын өнімінің өзіндік құнын есептеу
Негізгі өндірістік жұмысшылардың еңбек ақысының жылдық қорын трикотаж өндірісінің штаттық кестесінің есебіне байланысты аламыз.
Трикотаж өндірісінің жұмысшыларының 1 тобыныың негізгі еңбек ақысының сағаттық қоры келісімді жұмыс істеушілер және уакқытша жұмыс істеушілердің еңбекақысының қосындысына тең, және келесідей құрайды:
Келімді жұмыс істеушілер - 238072 теңге;
Уақытша жұмыс істеушілер - 49 134 теңге
Барлығы: 287 206 теңге
2. Жабдықтарды ұстап тұру және эксплуатациялауға жұмсалатын шығын
2. 1 Қозғалтушы энергияға жұмсалатын шығындар
Электрэнергиясының бағасы келесідей құрайды:
2489, 2 х 15 = 36097, 8 теңге
2. 2 Бір жылдағы көмекші және тасымалдаушы жұмысшылардың негізгі еңбек ақысының қоры келесідей құрайды:
164586, 5 теңге
2. 3 Осы жұмысшылардың қосымша еңбек ақысы:
164 586, 5 / 100 х 6 = 9875, 2 теңге
2. 4 Әлеуметтік сақтандыруға өткізілетін аударымдар
(164 586, 5 + 9875, 2) х 14 / 100 = 24424, 7 теңге
2. 5 Жабдықтар және амортизациялау қорының құнын есептеу
Кесте 2.
2. 6 Жабдықтарға ағымдық жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жұмсалатын шығындар (жабдықтардың толық құнының 4-5 пайызы)
3 017 674 / 100 х 4 = 120 706
Калькуляция баптары бойынша дайын бұйымның өзіндік құнын есептеу
Бап 1.
«Қалдықтарды шығарып тастағандағы шикізаттар және негізгі материалдар»
Р 1 = 10 855 225 теңге;
Бап 2
«Технологиялық қажеттіліктерге жұмсалатын көмекші материалдар»
Р 2 = Р х К / 100 = 10855225 х 9 / 100 = 976970 теңге
Бап 3.
«Технологиялық қажеттіліктер үшін су және отын, энергия»
Р 3 = Р 1 х К/100 = 10855225 х 3/100 = 325656 теңге
Бап 4
«Өндірістік жұмысшылардың негізгі еңбек ақысы (1 тобы) »
Р 4 = НЕҚ х 100/К 4 = 287 206 х 100 / 30 = 957 353 теңге;
Бап 5
«Байластыру өндірісінің өндірістік жұмысшыларының қосымша еңбек ақысы»
Р 5 = Р 4 х К 1 / 100 = 957353 х 12 / 100 = 114 882 теңге
Бап 6
«Өндірістік жұмысшылардың әлеуметттік сақтандыруларына аударымдар»
Р 6 = (957 353 + 114 882) х 14/100 = 150 113 теңге
Бап 7
«Жабдықтарды ұстап тұру және эксплуатациялауға жұмсалатын шығындар»
Р 7 = РСЭ х 100/К 7
Кесте 3
Р 7 = 699572, 2 / 60 х 100 = 1165954 теңге
Бап 8
«Цехтық шығындар»
Р 8 = Р 4 К 8 /100 = 957353 х 32 / 100 = 306 253 теңге
Бап 9
«Жалпыфабрикалық шығындар»
Р 9 = К 9 /100 ∑Р = - 10/100 х (325 656 + 957353+114882+150113+116594+306253) = 302021 теңге
Бап 10
«Өндірістен тыс шығындар»
Р 10 = К 10 /100 ∑Р = (10855225+976970+3020210+302021) х 0, 4/100 = 60617 теңге
Экономикалық тиімділікті анықтау
Экономикалық тиімділікті есептеу
Алдын ала болжамдалған экономикалық эффект екі жақты плющті ілме тоқыма негізінде МТ дөңгелек трикотажды машинада алынған бұйымды және тоқыма қондырғыда АТМ-175-5 футерлі ілме тоқыма негізінде алынған бұйымдарды салыстыру және бұйым бірлігіне жұмсалатын шығынды бірдей етіп ала отырып есептеу арқылы анықталады.
Осы бұйымдарды өңдеуде бірдей химиялық және сандық құрамдағы және бірдей сызықты тығыздықтағы шикізат пайдаланылды.
Иірім жіп - мақта қағазды
Боялған күйдегі сызықты тығыздығы 25 х 2 текс
Боялмаған сұрыпты күйдегі 25 х 2 текс
Шикізаттың салмағы - 2284883 кг;
Бір бұйымның салмағы - 0, 204 кг
Жылына шығарылатын көлемі - 11200406 дана
Экономикалық тиімділікті есептеу және техника - экономикалық салыстыруды келесі көрсеткіштер бойынша жүргіземіз.
- Еңбек өнімділігі
а) Өндірістік жұмысшылардың саны
тоқыма тәсілін «1» индексімен белгілейміз, ал трикотажды тәсіл - «2» болып белгіленеді
Ч 1 = 541 адам
Ч 2 = 320 адам
б) Еңбек өнімділігі
ПТ 1 = В/Ч 1 = 11200406 / 541 = 20703, 2 дана жыл - 1 адамға есептегенде
ПТ 2 = В/Ч 2 = 11200406 / 320 = 35001, 3 дана жыл - 1 адамға есептегенде
Мұндағы:
ПТ - еңбек өнімділігі
В - Өнімнің жылдық шығарылу көлемі, дана
в) Еңбек өнімділігінің артуы
РПТ = ПТ 2 - ПТ 1 = 35001, 3 - 207 03, 2 = 14298, 1 дана
РПТ = (ПТ 2 -ПТ 1 ) х100 / ПТ 1 = 14298, 1 / 20703, 2 х 100 = 69%;
г) Босатылған жұмысшылар саны (шартты) :
Р в = Ч 1 -Ч 2 = 541 - 320 = 221 адам
ІІ. Жылдық экономикалық эффекті
- а) Шикізатқа жұмсалатын шығындар
І - 9269710 теңге;
ІІ - 10855225 адам.
б) Технологиялық қажеттіліктер үшін қосалқы материалдарға жұмсалатын шығындар
І - 834273, 8 теңге
ІІ - 976970 теңге
в) Технологиялық қажеттіліктер үшін отынға, энергияға және суға жұмсалатын шығындар:
І - 278091, 3 теңге
ІІ - 325656 теңге
г) Еңбек ақыны есептеу
Тоқыма өндірісі үшін:
Орташа сағаттық еңбек ақы - 0, 8 теңге
Негізгі еңбек ақы - 2406554, 3 теңге
Қосымша еңбек ақы - 288786, 5 теңге
Барлық негізгі + қосымша еңбек ақы
2406554, 3 + 288786, 5 = 2689340, 8 теңге
Трикотаж өндірісі үшін:
Орташа сағаттық еңбек ақы - 0, 73 теңге
Негізгі еңбек ақы - 957353 теңге
Қосымша еңбек ақы - 114882 теңге
Барлық негізгі + қосымша еңбек ақы
957353 + 114882 = 1072235 теңге
Негізгі және қосымша еңбек ақы бойынша жылдық экономикалық тиімділік
Жұмысшылардың І тобы үшін:
2689340, 8 + 1072235 = 617105, 8 теңге
д) Жабдықтарды ұстау эксплуатациялау үшін жұмсалатын шығындар
І - 1375559, 7 теңге
ІІ - 1165954 теңге
е) Цехтық шығындар
І - 770099, 4 теңге
ІІ - 306253 теңге
ж) Жалпы фабрикалық шығындар
І - 472633, 95 теңге
ІІ - 302021 теңге
з) Өндірістік емес шығындар
І - 61239, 8 теңге
ІІ - 60617 теңге
- а) Толық өзіндік құн
С 1 = 16134296 теңге
С 2 = 15215044 теңге
б) Өнім бірлігінің өзіндік құны
С 1 = С/В = 16134296/11200406 = 1, 44 теңге
С 2 = С/В = 15215044/11200406 = 1, 35 теңге
в) Өзіндік құнды төмендету
Э ед = С 1 - С 2 = 1, 44 - 1, 35 = 0, 09 теңге
г) Жылдық экономикалық эффект
Э г = (С 1 - С 2 ) х В = (1, 44 - 1, 35) х 11200406 = 100803, 5 теңге
Мұндағы: С 1 - тоқыма тәсілімен өңделген өнім бірлігінің өзіндік құны, теңге
С 2 - трикотаждық тәсілмен өндірілген өнім бірлігінің өзіндік құны, теңге
В - өнімнің жылдық шығарылу көлемі
С 1 + ЕК 1 > С 2 + ЕК 2
Мұндағы: С 1 - тоқыма тәсілімен өңделген өнім бірлігінің өзіндік құны, теңге
С 2 - трикотаждық тәсілмен өндірілген өнім бірлігінің өзіндік құны, теңге;
К 1 тоқыма өндірісіне ижұмсалған капиталды салымдар, теңге;
Е - 0, 15
16134296 + 0, 15 х 5579054 = 16971154
15215044 + 0, 15 х 3017674 = 15667695
Олай болса, трикотажды тәсілмен футерлі ілме тоқыма арқылы алынған өндірістегі жылдық экономикалық эффекті келесіге тең болады:
Э г = 1008036, 5 теңге
Техника экономикалық көрсеткіштер кестесі
Еңбекті қорғау және тіршілік қауіпсіздігі
2004 жылы 28 ақпанда Қазақстан Республикасының президентi Н. Ә. Назарбаев «Қауiпсiздiк және еңбектi қорғау» туралы жаңа заңға қол қойды.
Заңда айтылған «Қауiпсiздiк және еңбектi қорғау» - бұл басқару органдарының мемлекетiк жүйесi, табиғатың әсерiнен және техногендi сипаттағы жағдайлардан халықты, мемлекет территориясындағы шаруашылық объектiлерiн бейбiтшiлiк және соғыс кезiнде қорғау шараларының жиынтығы.
Еңбектi қорғауды басқару жүйесi (ЕҚБЖ) - кез келген өндiрiс саласын басқарудағы мақсатты жүйе.
Жүйенiң негiзгi функциялары:
- еңбектi қорғау аумағындағы ұйымдастыру және координация жұмыстары;
- еңбектi қорғаудағы жоспарлы жұмыстар;
- еңбектi қорғау жағдайын бақылау және ЕҚБЖ-н функциялау;
- еңбектi қорғау жағдайының көрсеткiштерiн бағалау, есеп және анализ;
- еңбектi қорғау жұмыстарын талпындыру шаралары.
Футерлі ілме тоқыма иірім жіптерді алу технологиялық процесін жобалаудағы тіршілік қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын жасау
Қондырғыда жұмыс істейтін жұмысшы персоналға жүргізілетін техника қауіпсіздігі бойынша нұсқаулардан (біріншілік - жұмысқа кіру кезінде жүргізілетін, ретті - айдың соңы немесе басында, периодты - жылына бір рет жүргізілетін) басқа қондырғыда техника қауіпсізді бойынша басқа да шаралар жүргізіледі. Трикотажды ілме тоқыма бұйымдарды өндіру процесінде қауіпті объектілер болып: аппараттар, қонлырғылар және станоктар, босаған орамаларды орнату және толған ормаларды тасымалдау, жабдықтардың қозғалыстағы бөлшектеріне персоналдың жақын жұмыс істеу операциялары, шаңдардың бөлінетін орындары, дірілді көп шығаратын жабдықтар және т. б. есептеледі. Апаттық жағдайдағы қауіпті негізгі факторлар болып қондырғыдағы төгілген өнімдер, технологиялық аппараттардағы жоғарғы қысым және температура есептеледі. Жоғарыда аталып өткен қауіпті жағдайлардың алдын алу үшін жобада желдету жүйелерінің тоқтаусыз жұмыс істеуі СНиП 0405-86 қарастырылған.
Трикотажды ілме тоқыма бұйымдарды өндіру процесін қауіпсіз жүргізуді қамтамасыз ететін келесі шаралар орындалған:
1. Аппараттар және жабдықтарды орналастыру технологиялық жобалаудың ережелері және нормаларына сай жарылыс және өрт қауіпсіздігі нормаларын сақтай отырып орындалған.
2. Бөлмелердегі және жұмыс орындарындағы қауіпті және зиянды болып келетін өндірістік факторлар мүмкін болатын нормалардан аспайды. Жарылысқа және өртке қауіпті заттар бөлінуі мүмкін болатын орындар жергілікті сору арқылы жүргізілетін желдетумен жабдықталған.
3. Жұмыс орындары және қондырғы территориясы нормаларға сай жарықтандыруға ие.
4. Күйіп қалудан сақтану мақсатында аппараттар және жабдықтар, құбырлар, яғни 60 0 С жоғары температурада болатын барлық орындар оқшауланған.
5. Технололгиялық аппараттар герметикалы, коррозиядан қорғалған, және найзағай болған жағдайда және статикалық электрленуден қорғалған.
6. Технологиялық бақылану деңгейі жоғары, процестер БӨП және А құралдарымен жабдықталған, қашықтықтан басқару пульты және аналитикалық бақылау жүргізу қарастырылған. Сигналдау және блокировкалау жүйелері үнемі қосылған жағдайда болуы қадағаланады.
7. Қондырғыларды шикізатпен, реагенттермен және энергоресурстармен жабдықтаудың ритмдік жүйесі құрастырылған.
8. Апаттық жағдай орын алғанда апаттық орындар жұмысы тоқтатылып және болған апат себебі аластатылуы қажет.
9. Қорғағыш - сақтандырушы, реттеуші және ілмектік арматура, коммуникациялар, аппараттар және автоматтандыру жүйелері техникалық құжаттама бойынша бекітілген мерзімде тексеруден өткізіледі.
10. Қондырғылар өрт сөндіру құралдарымен, көбікті және сумен өшіру жүйелерімен жабдықталуы және олардың әруақта жұмыс жағдайда ұсталуын қамтамасыз ету қажет.
11. Жұмысшыларды жеке басты қорғау құралдарымен және ұжымдық қорғау жүйелерімен қамтамасыз ету қажет.
12. Қызмет көрсетуші персоналды кәсіби дайындау жұмыс сипатына сай болуы қажет.
Жобаланып отырған кәсіпорында футерлі ілме тоқыма трикотажды бұйымдарды өндіру үшін жоғары технологиялық жабдықтар қолданылады, олар өзініңі технологиялық сипаттамалары бойынша ескі тозған жабдықтардан әлде қайда жетілдірілген болып табылады. Осы аталып отырған ілме тоқыманы жүзеге асыру үшін технологиялық ауысымдар бойынша келесі жабдықтар таңдалып алынған:
өру процесі үшін «Beninger» фирмасының Ben - Ergotronic моделіндегі таспалы байластыру машинасы алынған, ол діріл және шуды аз бөлуімен, жоғары жылдамдығымен, бобиналарды ауыстырудағы автоматты тәсілдерді пайдалануымен, оның техникалық мақсаттылығының әдемілігімен ұштасуымен, адамның жұмыс істеуге деген қабілетін жоғарылатуымен және орналасқан орнында алаңды рационалды пайдалана алуымен ерекшеленеді.
Жобаланып отырған кәсіпорында жұмыстың қалыпты шарттарын ұстап тұруды қамтамасыз ету үшін зақымдануды төмендету бойынша шаралар жүзеге асырылады, ол үшін әрбір айда техника қауіпсіздігі бойынша тексерулер, шу шамасын төмендету бойынша тжаңа технологиялық жабдықтарды орналастыру және шуданоқшаулайтын аралық бөлгіштерді орнату жүргізіледі. Өндірістік бөлмелердегі температураны және ауаның салыстырмалы ылғалдылығын белгілі бір деңгейде ұстап тұру үшін арнайы мақсаттағы ауаны кондиционерлеу және желдету жүйелері, ал талшықтардан бөлінетін шайдар немесе қылдарды жинау үшін автоматты транспортерлар және арнайы тележкалар орнатылады.
Зақымдану және келеңсіз жағдайлар болу санны төмендету мақсатында немесе оларды болдырмау үшін тоқыма жабдықтарында нормативтер және техника қауіпсіздігі бойынша ережелер қабылданған.
Қауіпсіздік стандарттары және техника қауіпсіздігі ережелері
Цех ішіне келуші бөгде адамдар немесе практикант студенттер машинаға жақындауына және қандай да бір басқару тетіктерін басуға, машина бөлшектерін ұстауға тиым салынады, кез келген жағдайда бөгде адамдарға немесе сырттан келушілерге цех ішіне немесе қандай да бір өндірістік объектіге кіргізуге жол берілген жағдайда олармен бірге білікті персонал күзетіп жүруі қажет.
- Қондырғылардағы келеңсіз жағдайлардан қорғану
Осы құрылғы тек СЕ белгісі орнатылған қондырғылар үшін ғана есептелген. Басқа қондырғылар үшін құрылғы тапсырыс бойынша әкелінуі мүмкін.
Қондырғы матаның қиылуы немесе қыстырылып қалуынан сақтануды жүзеге асыратын қауіпсіздік жүйесімен жабдықталған. Қауіпсіздік жүйесі қондырғының жұмысын егер инфрақызыл көрсету құралынан шығатын сәуле ПУСК нұктесін басуға дейін қиылысатын болса қондрғы жұмысын тоқтатады.
Ескерту: қауіпті!
Қауіпсіздік жүйесіндегі фотоэлементтің орналасуы өзгертілмеуі қажет, ол жүйенің жұмысының тоқтауын болдырмау мақсатында және келеңсіз жағдайлардың алдын алу мақсатында жүргізіледі.
Қауіпсіздік жүйесінің тиімділігін тексеру үшін өлшемі 8 х 8 мм болатын затты (мысалы: қарапайым карандашты) сәулеге қойыңыз және индикаторды тексеріңіз. Егер индикатор өшетін болса, ол қондырғының жұмысының қандай да бірп кедергінің болып отырғанын көрсетеді. Егер сіз қарындашты алып тастайтын болсақ, онда қызыл түс жанып, яғни қондырғының қайтадан жұмысқа дайын екендігін көрсетеді.
- Итеруші құрылғысы жоқ қондырғылар үшін фотоұяшықтардың орналасуы
1. 1. 2 Итеруші құрылғылары бар қондырғылар үшін фотоұяшықтарды орналастыру
- Қарпу үшін есептелген цилиндрлер үшін қауіпсіздік түтікшесі
Қондырғы негізінен қауіпсіздік түтікшесімен жабдықталады, ол заттардың престеуші цилиндр және құрылғы арасына түсіп кетуінен және материяның созылып кетуінен сақтайды.
Ескерту. Материаның кесілуі және қондырғының зақымдалуын болдырмау мақсатында қауіпсіздік түтікшесі дұрыс орнатылуы қажет.
1. 3 Мойыншаның және кесуші біліктің жылжыуының ауыстырып қосқышының қауіпсіздігі бойынша құрылғы. Қондырғы модульденген қаптамамен қапталады, ол қондырғының жылдамдығына тең жылдамдықпен қозғалатын мойынша ауыстырып қосқышын қорғайды.
1. 4 Басқару панеліндегі қауіпсіздік приборлары
Басқару панелінің жетектегі және жетектелуші бөлшектеріне ену есігі басқару панелінің ішкі бөліктерінің бөгде заттардың кездейсоқ енуінен сақтану үшін құлыппен жабдықталған.
Ескерту.
Басқару панелінің есігі ашық тұрған сәтте басқару панелі кернеуде болады, соған сай есікті ашудан алдын негізгі электроқоректендіру ажыратылған болуы қажет.
Назар аударыңыз
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz