ҚР Президентінің Қаулысымен Ақмола қаласы Астана қаласы боп өзгертілді



Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
20.10.1997 жылы ҚР Президентінің Қаулысымен Ақмола қаласы Қазақстан
Республикасының астанасы болып жарияланды.

06.05.1998 жылы ҚР Президентінің Қаулысымен Ақмола қаласы Астана қаласы
боп өзгертілді.

1832 г. – құрылған жылы
1961 жылға дейін – Ақмола қаласы
1961-1992 жылдар аралығында – Целиноград қаласы
1993-1998 жылдар аралығында – Ақмола қаласы

Астана қаласының тәуелсіз Қазақстанның барша әлемге танылған Елордасы
атанғанына бүгін 12 жыл толды. Петропавлда Астана мен қала күні бірге атап
өтілді. Мерекелік шараларды тамашалауға Орталық алаңға жиналған жұртшылықты
облыс әкімінің бірінші орынбасары Самат Ескендіров құттықтады.
6-ші шілде - еліміз үшін тарихи маңызды күн. 1993 жылы дәл осы күні
Елбасы Жоғарғы Кеңесте сөз сөйлеп, ел астанасын Ақмолаға көшіру жөнінде
ұсыныс жасаған болатын. Міне Ақмола Астана болғалы 12 жыл өтті. Астана -
бүгінде әсем де сәулетті қала.
Бұл шаһарға келген қонақ таңданбай қоймайды. Еліміздің бас қаласы 14
облысқа үлгі, олар Елордаға қарап бой түзейді, - деді Петропавлдың орталық
алаңына жиналған жұртшылықты құттықтаған облыс әкімінің бірінші орынбасары
Самат Ескендіров. Салтанатты мереке осы күні туған сәбилердің ата-аналарына
сыйлықтар тапсырудан басталды. Одан соң осы күні некелерін қиып, болашаққа
бірге алғашқы қадам жасаған жаКелешекке қол созған елорда

Астана жас тәуелсіз мемлекеттің тарихына өз алтын бетін жазып үлгерді.
Өздеріңізге белгілі, 90-жылдардың ортасында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев
ешкім күтпеген жерден оңтүстікте орналасқан Алматы қаласынан
республикамыздың қақ ортасына астананы ауыстыру туралы шешім қабылдады. Көп
ұзамай Астана еліміздің экономикалық, саяси, мәдени өмірдің қайнаған
ортасына айналды. Қазіргі кезде елорда халқының саны жарты милионнан асты.
1-ші маусымның мәліметтері бойынша халық саны 538 мың 300 адамды құраған.
Қазақстандық менеджмент, экономика және болжамдау институтының зерттеу
тобының есептері бойынша 2030 жылға қарай Астанада 1 млн. 200 мың адам
тұратын болады.

Әрине, қазіргі заманға сай Астананың көркін жаңа сәулеттік ғимараттар
ашып тұр, олар қаланың ажарын танымайтындай етіп өзгертті. Объектілердің
жобалауына шетелдік сәулетшілер, алдыңғы қатарлы құрылыс компаниялары
тартылды. Астананың жобалау базасының дамуына 2000 жылы құрылған жобалау
институты - “Астана бас жоспары” МҚК-ның қосқан үлесі зор. 2002 жылы
қолайлы ивестициялық хал-ахуалды қалыптастырып, жеке инвесторларды тартуға
жол ашқан “Астана – жаңа қала” арнайы экономикалық аймақты құру туралы
Жарлық шықты. Елорданың бас жоспарын жасауына үлкен көңіл бөлінді. Ең үздік
бас жоспарына екі конкурс жарияланды. Екінші конкурсқа Ресей, Италия,
Жапон, Австралия, Германия, Түркия, Польша, Өзбекстан, Беларус және т.б.
елдердің шығармашылық топтары мен шеберлері қатысты.

Жеңіске әлемдік сәулет өнерінің шебері және танымал теоретик Кейшо
Курокава жетті. Астананы дамыту негізі етіп, сембиоз, метаболизм және
абстракциялық символизм идеяларын алды. Жапон сәулетшісі үшін қала – бұл
қоршаған ортамен тамаша үйлесіп жатқан жергілікті ландшафтқа көрік беріп
тұрған тірі организм. Бұл идея Есілдің жағасында кең далада бой көтеріп
келе жатқан Елордаға сәйкес келді. Ең басында-ақ құрылысшылардың алдына
қалананы сәулетті, жарық, үйлесімді және ыңғайлы салуға тапсырмалар
жүктелді.
Қаланы салуда және оны қайта жаңартуда міндетті түрде әлемнің озық
тәжірибелері мен дәстүрлі жетістіктер қолданылды. Бірінші кезекте, қаланың
бұрынғы орталық көшелерін қайта күрделі жөндеуден өткізу, оны елорда
мәртебесін сай жасау міндеті тұрды. Бұл жұмысты жүргізген кезде ашық
түстерді көбірек қолдануды тапсырды. Екінші кезекте, Есілдің сол
жағалауында арнайы әкімшліктің құрылысы басталды. Келесі жылдың күзінен
бастап орталықтың жұмысы толық ұйымдастырылатын болады.

Кұрылысы басталғаннан бері осы жылдың 1-ші шілдесіне дейін Арнайы
экономикалық аймаққа (АЭА) 162 нысан тіркелген. Дәл қазіргі кезде Есілдің
сол жағалауында 500 орындық балаларға және аналарға арналған республикалық
ғылыми орталық, 300 орындық балалар сауықтыру орталығы, 160 орындық
нейрохирургиялық республикалық орталығы, 240 орындық жедел медициналық
орталығы, бірінші кезекте 500 адамды қабылдай алатын диагностикалық орталық
сонымен бірге велотрек, 30 мың көрерменге арналған стадион және 3500 адамға
арналған концерт залы және көптеген тұрғын үйлер және т.б. бой көтеріп келе
жатыр. Осыдан бірнеше жыл бұрын ғана Астананың картасында “Ақорда” ҚР
Президенттің Резиденциясы, Парламент Сенаты мен Мәжілісі, Транспорт және
коммуникация министрлігі, Сыртқы істер министрлігі, Жоғары сот, Ұлттық
кітапхана, кардиологиялық орталық таға да басқа көптеген стратегиялық
маңызы бар нысандар пайда болды.

Осы жылы тағы да бір маңызды әкімшілік орталық – Министрліктер үйі
пайдалануға берілді. Аталған нысанның жалпы аумағы – 228 мың шаршы метрді
құрайды. Нысан құрылысы шамамен 1,5 шақырымды қамтиды. Онда 20 блок бар.
Министірліктер үйінде жұмыс кабинеттері мен офистік бөлмелермен қатар 4
конференция залы, 6 асхана, мұрағат, мұражай, емхана орналасқан.

Есілдің сол жағалауында салынып жатқан АЭА-қа құрылғаннан бастап (2006
жыл 1 шілдесіндегі жағдай бойынша) қаржыландырудың барлық көзі бойынша
442,6 мирд. теңге бөлінген, оның 239,4 млрд. теңгесі игерілді.

Қас қағым сәтте адам айтқысыз тез өсіп келе жатқан Астана
саясаттанушылар, әлеуметтанушылар, қоғамтанушылардың және сәулетшілердің де
қызығушылығын оятып отыр. Сондықтан да болар елордада бой көтерген жеке
нысандарға шетелдік сәулетшілер де өзінің үлесін қосуда. Мысал үшін, Астана
салынып жатқан биртандық шебер Норман Фостердің екі жобасын алуға болады.
Біріншісі, Бейбітшілік пен ынтымақтастық сарайы және “Хан шатыры” атты
сауда ойын-сауық орталығы. Бұл нысан ұлы көшпенділердің озық дәстүрі мен
мәдениетін негізге ала отырып бой көтерген.

Бейбітшілік пен ынтымақтастық сарайы ол 25 қабаттан тұрады. Оның жалпы
көлемі 25,5 мың шаршы метр. Астанадағы бейбітшілік пен ынтымақтастық сарайы
сияқты архитектуралық наным нысандары бүкіл әлемде жоқ. Әрине әртүрлі діни
дәстүрлерді бір шаңырақтың астына жинайтын ғимараттар бар, дегенмен,
Қазақстан храмының олардан айырмашылығы – өзара келісім аясында тиімді
сұхбат құруға арналған бір ғана алаңқай. Бұл жерге әртүрлі әлемдік діни
дәстүрлердің өкілдері қатысатыны, Мәдениет мұржайында, Өркениет
Университетінде, 1500 орындықты опера театрында бас қосатыны ақылға
қонымды. Бұл тамашаға қолдау көрсететін төрт мықты тіреуіш – символдық
әлем алақаны. Бұл - діни татулықтың, Қазақстанның еркі мен ашықтығын
білдіреді. Пирамида Есілдің сол жағалауымен оң жағалауын байланыстырады.
Құрыш, алюминий, көптеген арнайы шыны конструкциялар, техникалық ғаламат
ойлар, сәулет өнеріндегі жаңашылдық – ғимаратты шындығында ғажайыпқа
ұқсатады.

Хан шатыры ойын-сауық орталығы Астанадағы ғажайып орындардың бірі
болмақ. Жаңа қаланың осінің солтүстік жағын ала бере, көздің жауын
алатындай, екі жүз метрлік сұлу ғимарат бой көтермек. Атауының өзі айтып
тұрғандай, қала тұрғындары мен қонақтарының алдынан көшпенді алыптың
қолымен тұрғызылған хан шатырлары есіктерін айқара ашып, көпшілікті
таңқалдырмақ. Бірегей сәулет-құрылыс тұжырымдамасының өзі ежелгі
Сарыарқаның қатал климатына бір өзі төтеп беретіндей ойластырылған.
Елорданың жаңа ойын-сауық орталығында бірнеше табиғи ландшафт ұсынылады.
Жарық, ылғалдылық пен температура жыл бойы бақыланып, ауа райы қатал
аймақтың тұрғындары үшін жайлы орынға айналады. Масатыдай құлпырған жасыл
желекті баспалдақты дәлізді көргенде, еріксіз есіңізге климаттық белдеу
түседі. Соңғы үлгідегі материалмен қапталған ғимараттың құрылымы арқылы
түскен табиғи жарық айналаны нұрға бөлегендей.

Астана-Бәйтерек монументінде барлығы символға құрылған, алтын шапақты
күн мен оның 97 метрлік биіктігі, әлемдік жаратылыстың үш негізін
білдіретін үш бөліктен тұратын ішкі сәулеті Қазақстаннан тысқары жерлерге
де мәлім. Бұл темірден, шыныдан, бетоннан орнатылған алып бәйтерек,
сәулеттік өзгеше ойымен, өзінің қомақтылығымен ерекшеленеді. Металл
конструкцияның биіктігі 105 метр, салмағы 1000 тоннадан асады, ол жерге
қағылған 500 қадаға орнатылған. Диаметрі 22 метрлік, күн сәулесінің
әсерінен мың құбылатын, салмағы 300 тонналық хамеолеон әйнегінен жасалған
шар, әлемде тұңғыш рет осындай рекордтық самғау биікке көтерілді.
Жаңарған елорданың көркін аспанмен таластырған Астана-Бәйтерек, сәулет
өнерінің жаңару нышаны, Астана символы, Қазақстан символы болып отыр.
"Атамекен - Қазақстан картасы" этно-мемориалдык кешені.Қазақстан кең
байтақ. Бірақ оны алақанда тұрғандай көруге, оның сәулеті мен жерінің
тарихымен танысуға болады, балалық арманыңды жерде тұрып этно-мемориалды
кешенде өзіңді бейне бір ертегінің алыбындай сезінуге болады. Жоба
Каздизайнда белгілі сәулетшілер мен дизайнерлерді тартудың арқасында
жүзеге асты. Табиғат пен адамның тартуынан тұратын танымал Қазақстанның
кішірейтілген нұсқасы 1,7 гектар ауданды – екі футбол алаңын алып жатыр.
Мемлекет басшыларының аллеясы таяу жерде орналасқан саяси репрессия
құрбандарына арналған монументпен байланысады. Қартада 14 облыс пен бірге
республикалық маңызға ие, Астана, Алматы қалалары орналасқан.

Астананың туристік бағдары да күн санап өсіп келе жатыр. Осы жолда
салынған Астанадағы алғашқы бесжұлдызды қонақүйдің бірі –
“Интерконтиненталь”. Бар жоғы 2 жылдың ішінде тұрғызылған қонақүйдің тұсауы
кесері 1998 жылы маусым айында болды. Ғимараттың жалпы аумағы – 47 мың
шаршы метрді құрайды.

Астанананың айқарлы беттерінде елорданың қақ төрінде орын тепкен,
еуразияшылдықтың символы болып отырған Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық
университетінің маңызы зор. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтің бастамасымен
университетке атақты түркітанушы-ғалым Лев Николаевич Гумилевтің аты
берілген болатын. Университетте жиі-жі халықаралық ғылыми форумдар өтіп
тұрады. ЕҰУ-не Елбасы, Үкімет басшысы және танымал ғалымдар мен қоғам
қайраткерлері кездесу жасап тұрады. ЕҰУ-де әлемнің ірі тұлғасы болып
есептелген Рим Папасы Иоанн Павел ІІ қонақ болған.

2000 жылы пайдалануға берілген Президенттік мәдени орталық астаналықтар
үшін ғылыми-рухани орталықтардың бірі болды. Президентттік мәдени орталыққа
570 мың кітап қоры бар кітапхана, 400 орындық концерт залы, Қазақстан
мұражайы және шеберхана кіреді. Ғимараттың жалпы көлемі 15 мың 500 шаршы
метр. Астананың мәдени-рухани өмірінде ақ-қара түске кезектескен роялға
ұқсайтын Қазақ мемлекеттік музыка академиясы. Осы ерекше архитектураның
авторы – Сағындық Жанболатов. Астанадағы тағы бір ерекше көзге түсетін
ғимаратын ұшатын тарелканы бейнелеген цирк ғимараты. Жобаның авторы –
қазақстандық архитектор Төлеген Әбділда.

Астананың көлік инфрақұрылымының қарқынды дамуы автокөлік ағынын ұтымды
реттеуге, көшелерді кеңейту арқылы көліккептерістерін болдырмауға, аспалы
көпірлер салу арқылы қаланы жаңа әкімшілік орталықпен байланыстыруға
қолайлы жағдайлар жасайды. Көлік инфрақұрылымын кеңейту мен дамыту
бойыншааталғанжоспарлар жұмыстары қала көшелеріндегікөлік ағындарын нақты
түрде саябырсытып, Астана қаласының автокөлік жолдарының желілік жағдайын
жақсарта түседі,сондай-ақ, қаланың көліктік қатынастарын қамтамасыз ететін
жаңабағыттар ашуға жәнеқолданыстағы бағыттарды бөлуге мүмкіндік береді.
2006-2010 жылдар аралығында Астана қаласында жалпы алғанда 20 көлік-
инфрақұрылымдық нысанның құрылысы жоспарланып отыр. Олардың ішінде 4 көпір,
8 көлік түйіні, 8 жерасты жаяу жүргінші өтпелері, 2 жол желілері мен 42
шақырымды құрайтын бірқатар жаңа жолдар пайда болады.

Соңғы бір-екі жылдың клемінде Қазақстанның халқы 4 есеге кбейіп отыр.
Қаланың экономикалық бөлінісі ЖІӨ-нің 2 пайызын құрайды. Осы жылдың бірінші
жарты жылдығында елорданың бюджетіне 176 млрд. теңге, бұл күткендегіден 15
млрд. 200 млн. теңгеге көп. Шағын бизнестің де саны 40 мыңнан асады.

Бүгінде елорда әлемнің 20 жуық елдерімен Ресейдің алты аймағымен достық
қарым-қатынаста. Астана үлкен қалалар мен Халықаралық астаналар
Ассамблеиасына (МАГ) кірген. 1999 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен Астанаға, ең
жоғары белгілердің бірі “Бейбітшілік қаласы” деген атақ берген болатын. Дәл
қазіргі кезде әлемнің белгілі сәулетшілерінің қатысуымен Елбасының
төрағалығымен құрылысшылар кеңесін құру мәселесі шешіліп жатыр. Осы жылдың
қыркүйек айында елордада скульпторлардың халықаралық сиппозиумы өтеді.

Астана - әлемнің үздік астанасы болу үшін өзінің алдына нақты міндеттер
мен мақсаттар қойды. Ол өзінің мақсаттарына жету үшін жұмыс істейтін
болады.

Ресурстар
ҚР Үкіметінің, ҚР Ұлттық Банкінің және ҚР Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін
тұрақтандыру жөніндегі 2009 – 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл
жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

Сарыарқа төсінде бой көтерген бас қаламыздың 11 жылдығы сәніне
салтанаты сай тойланды. Аспаны ән-күйге бөленген Астана тұрғындары мен
қонақтары бұл жолы да естен кетпес қызықтың куәсі болды.
Астананың туған күніне арналған шаралар ел байрағын көкке көтерумен
басталды. Бұл – қала күнінің беташары болды десе де болады. Қазақ жұртын,
оның бірлігі мен еркіндігін, аспанының ашықтығын көрсететін көк туымызды
111 метр биіктікке көтеру салтанатына Елбасының өзі келіп қатысты.
Сарыарқаның самалымен тербеле түскен бұл алып байрақтың ені – 15, ұзындығы
– 32 метр. Яғни, бұл – еліміздегі ең үлкен ту. Аспанмен тілдескен туымызды
қаланың қай жерінен болса да көруге болады. Бұл Астананың қандай
мемлекеттің елордасы екенін бірден-ақ еске салып, әрбір Елім! деген
азаматтың жүрегінде тәуелсіздік рухын оятады. Қаланың 15 мың тұрғыны
қолдарына сары және аспан түстес қолшатырларын ұстап алып, орталық алаңға
шықты. Қолшатырлардан жасалған жалау космос арқылы көктен суретке
түсірілді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, алдағы уақытта біз оны интернет
желісінде көретін боламыз. Аспанның шайдай ашық болып тұрғанына қарамастан,
көпшіліктің қолшатыр ұстағанын көргендер таңданысын жасыра алған жоқ. Ал
шараға қатысушылар Астананың мерейін асыруға сүбелі үлесімізді қостық деп
қуанды. Көк тудың астына жиналған дүйім жұртқа бұл шараның қаншалықты
маңызды екенін Елбасы былай жеткізді: Мемлекеттің туы, Елтаңбасы, Әнұраны,
Елордасы – халықтың негізгі рәміздері. Келген қонақтарымыз біздің туымызға
басын иіп, елімізге құрмет көрсетіп, мемлекетімізді сыйлағанын білдіреді.
Біздің жастарымыз туымызға қарап, отансүйгіштік, патриоттық рухта
тәрбиеленуі керек. Мемлекетіміз мықты болуы үшін, отанымызды, ең бірінші
оның рәміздерін сүюіміз керек.
Басты байрағымыз тігілген алаң бұдан былай мемлекеттік рәміздер кешені
деп аталатын болды. Сондықтан елімізде өтетін барлық ұлықтау, атақ беру,
мемлекеттік сыйлықтарды тапсыру секілді шаралардың бәрі дәл осы жерде
өтпек. Осының дәлелі ретінде еліміздің жоғары бас қолбасшысы Нұрсұлтан
Назарбаев бір топ әскерилерге алғашқы шендерін тапсырды.
Астана күнін атап өту мәдени салтанатты шаралармен ғана шектеліп қойған
сияқты болғанымен, сырт көз үшін қазақ еліне үлкен сын. Сол себепті, дәл
осы күні Қазақстан өзінің еңсесін тіктеген ел екенін бар жағынан паш етті.
Осы мақсатта Қазақ елі монументінің жанында, жаңа әрі жас Астананың 11
жыл ішінде қалай бой көтергені театрландырылған сахнада жұртшылық назарына
ұсынылды.
Біздің мерекеміз Астананың бас алаңы – Қазақ елі монументінің
жанында өтіп жатқанының символдық мәні бар. Бұл монументтің алдында
Тәуелсіздік сарайы, Бейбітшілік пен келісім сарайы салынды. Бұлар барлығы
бірге қазіргі Қазақстанның үш маңызды құндылығын кейіптейді, – деді Н.
Назарбаев. Осы орайда Елбасы бабаларымыз ғасырлар бойы қорғаштап, сақтаған
қасиетті туған жерімізді біздің бірінші құндылығымыз деп атап көрсетті.
Бұл жер жүзден астам этностарды құшақ жая қарсы алып, қазір олар тату-тәтті
өмір сүріп жатыр. Екінші құндылық – бұл Тәуелсіздігіміз бен біздің
азаттығымыз. Бұлар бізге өз тағдырымызды өзіміз шешуге және тарих алдына,
бүкіл әлем алдында жауапты болуға құқық береді. Үшіншісі – бұл халықтың
бірлігі, туған Отанымызды өркендету жолындағы бейбітшілік пен келісім, –
деді Елбасы.
Жас ұрпақты жарқын болашаққа талпынуға шақырған Президент, бұл уақытты
көрмей кеткен қаншама ата-бабаларымыз бар. Аллаһ бізге осындай бақытты
берді. Соған дұрыс қарап, түсіне білейік, осыған сай болайық, құрметті
ағайын. Еліміздің астанасын, халқымыздың рәміздерін қадірлеу, бұл еліміздің
болашағына деген мықты сенім болады. Осы біздің жасаған шаруаны артымыздан
еріп келе жатқан буын тек қана қолдап қалмай, қасық қаны қалғанша жерімізді
қорғап, еліміздің бірлігін сақтап, жарқын болашаққа қол созулары тиіс.
Астана біздер үшін қасиетті саналатын осы құндылықтарды сақтаушы болып
табылады. 11 жылдың ішінде біз иен далада жаңа қала тұрғызып, іс жүзінде
мүмкін емес дүниелерді атқара алдық. Олай болса, біз кез келген қиын
міндеттерді мойымай атқара аламыз. Біз барлығымыз бірге елордамызды бұдан
да күшті етіп, гүлдендіре аламыз, – деді Мемлекет басшысы.
Астананың туған күні осылайша мемлекеттік мереке деңгейінде аталып
өтті. Ұйымдастырылған шаралардан қазақи нақыш пен ұлттық рух сезілді.
Астананың гүлденуі бұл Қазақстанның өркендеуінің айғағы екені анық. Ендеше,
торқалы тойын тойлаған Елордаға абыройың асқақтай берсін дейік.

Астана — Қазақстан Республикасының елордасы.

Астанада 697 257 адам тұрады (1 қаңтар 2011). Қазір қаланың аумағы 200
km2 алып жатыр. Қала Қазақстанның орталық бөлігінің солтүстігінде Ақмола
облысында, Есіл өзенінің алабындағы өзен маңы жазықтығында орналасқан.

Мазмұны [жасыр]
1 Атауы
2 Жағырапиясы
2.1 Ахуалы
3 Әкімшілік бөлінісуі
4 Жұрты
5 Тарихы
6 Өзін-өзі басқаруы
7 Экономикасы
8 Мәдениет және қоғам
9 Әлеуметтік саласы
10 Қаланың назар аударарлық орындары
11 Бауырлас қалалар
12 Түсініктемелер
13 Тағы қараңыз
14 Сыртқы сілтемелер

Атауы

Қаланың атауы қазақ тілінен алынған. Қазақша ол сөз елдің бас қаласы
дегенді білдіреді. Астана сөзі қазақ тіліне парсы тілінен ауысқан. Онда ол
"киелі орын", "босаға" деген мағыналарға ие.
Жағырапиясы
Ахуалы

Астана ахуалы

Әкімшілік бөлінісуі

Астанада Сарыарқа ауданы, Алматы ауданы және Есіл ауданы бар.
Жұрты

Астана қаласы халқының саны 2000 жылмен салыстырғанда 169,2 мың адамға
көбейіп, 2006 жылдың басында 550,2 мың адам болды.

Астана қаласы халқының табиғи қозғалысының оң факторы бала туу мен неке
қию деңгейінің артуы болып табылады. 2005 жылы қалада 8,8 мың бала өмірге
келді, ол 2000 жылы туылғандармен салыстырғанда 4,3 мыңға көп. 2005 жылы
бала туудың коэффициенті 1 мың тұрғынға шаққанда 6,3, өлім — 6,7 құрады.

Қала халқының өсуі негізінен көші-қон ағыны есебінен қамтамасыз
етілуде. Көші-қон сальдосының елеулі түрде өсуі (50 мыңнан асатын шекте)
2000—2001 жылдары байқалды.

Келгендердің санының кеткендерден асып түсуі негізінен азаматтардың
республиканың ішіндегі көші-қон есебінен қамтамасыз етілді. Алайда соңғы
жылдары оның салыстырмалы түрде тұрақтануы байқалады (2002 ж. — 6,8 мың,
2003 ж.- 5,4 мың, 2004 ж. — 14,2 мың, 2005 ж. — 15,7 мың адам). Халықтың
табиғи өсімі осы кезеңде 2000 жылғы 1513 адамнан 2005 жылы 5,2 адамға дейін
көбейді.
Тарихы

Астана 1830 ж. Есіл өзенінің жағасында қазақ-орыстар әскерлері негізін
қалаған бекіністен бастау алады.

1862 ж. Ақмола қала мәртебесін алды.

1962 ж. қалаға Целиноград атауы берілді.

1997 ж. егемен Қазақстанның Президенті Н. Назарбаев Жарлығымен елорданы
Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылдады.

1998 ж. мамыр 6 жаңа елорданың атау Астана болып өзгертілді.

1998 ж. шілде 10 Қазақстанның жаңа елордасы — Астананың халықаралық
тұсауы кесілді.

1998 ж. ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Астана қаласына Бейбітшілік қаласы
жоғары атағы беріліп, медальмен марапатталды. Бұл атақ қысқа мерзім ішінде
әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамуда неғұрлым әсерлі әрі
қуатты өсуге, тұрақты этникааралық қатынасты орнықтыруға қол жеткізе алған
ғаламшардың жас қалаларына беріледі. Бразилияда өткізілген бұл конкурста
Астана барлық өлшемдер бойынша әлемнің әр түрлі елдерінің он екі қаласын
басып озды.
Өзін-өзі басқаруы

Мәслихат жалпыға бірдей тең және тікелей сайлау құқығының негізінде
құпия сайлау арқылы қала халқымен 4 жылдық мерзімге сайланады. Астана
қаласы мәслихатының құрамына бір мандаттық аймақ бойынша сайланған 25
депутат кіреді. Депутаттар арасынан сайланып, өз қызметтерін босатылған
негізде атқаратын қалалық мәслихат хатшысы мен тексеру комиссиясының
төрағасынан басқа қалалық мәслихат депутаттары өз қызметтерін босатылмаған
негізде атқарады.

Сессияда қарастыруға енгізілетін мәселелерді алдын ала қарастыру,
мәслихат шешімдерін жүзеге асыруға әрекет жасасу және бақылау қызметтерін
іске асыру үшін мәслихатта 4 тұрақты комиссия құрылған:
әлеуметтік-экономикалық даму, бюджет және қаржы мәселелері жөнінде;
заңдылық, құқық тәртібі, депутаттың өкілдігі және этика мәселелері
жөнінде;
шаруашылық құрылысы, экология, халыққа көлік, сауда және тұрмыстық-
тұрғын үй қызметтерін көрсету мәселелері жөнінде;
әлеуметтік және ұлттық-мәдени даму мәселелері жөнінде.
Экономикасы

Астана

Астана өте серпінді дамуда. Елорда көшірілген кезден бастап қала
экономикасына салынған инвестиция көлемі 3,5 миллиард доллардан асты. 2007
жылға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АСТАНА ҚАЛАСЫ ТУРАЛЫ
Астана қаласы
Астана - Қазақстан Республикасының елордасы
Астана -- Қазақстан Республикасының елордасы туралы
Есіл жағасындағы бас қаланың даму перспективасы
Астана, Павлодар қалалары
Қазақстанның болат профилі
Әскери оқу орындары
Қазақстан Республикасының ұлттық мұрағаттары
Салық комитетті бөлімдерінің құрылымы
Пәндер