18 жасқа толмаған қызметкер мен еңбек шартын жасау ерекшеліктері



Пән: Іс жүргізу
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
18 жасқа толмаған қызметкер мен еңбек шартын жасау ерекшеліктері.
Еңбек шартының бір жағы, белгілі жасқа толған және еңбек шартын
жасауға талап қылған азамат та, екінші жағы жұмыс беруші немесе кәсіпорын
әкімшілігі. Бірақ осы еңбек қатынастары пайда болу үшін тараптардың
(жақтардың) белгілі заңды қасиеттері болу керек. Бұл заңды қасиеттер
мынандай элементтерден тұрады: еңбекке құқықтық қабілеттілік; тараптардың
құқықтары мен міндеттерін жүзеге асырудың кепілдіктері; еңбек шартындағы
міндеттерді орындау жауапкершілігі;
Еңбекке құқықтық қабілеттілік деп еңбек шартындағы тараптардың
құқықтар мең міндеттерге ие болу қабілеттілігін айтады. Еңбекке құқықтық
қабілеттіліктің негізгі өлшемдері (белгілері) мыналар: жас өлшемі
(возрастной); ерік (жігер) өлшемі (волевой); әлеуметтік өлшем.
Еңбек заңдарында жеке еңбек шартын 16 жасқа толғанадамдармен жасасуға
жол берілген. 14 немесе 15 жастағы жасөспіріммен шарт жасасу жөнінде келіс
сөзден кейін жұмыс беруші одан ата-анасының (асыраушысының қамқоршысының)
біреуінің жазбаша түрдегі келісімін (өтінішін) және олардың шартқа қол
қоюын талап етуге міндетті.
Ата-анасы өзінің өтінішінде:
— жасөспірімнің жалпы білім беретін оқу орнын тастап кету себебін,
егер бітірген болса, онда қашан, қайда бітіргенін;
— жасөспірім таңдап алған жүмыстың оның денсаулығына, дәрігердің еңбек
нұсқамасына және оның жеке басының мүдделеріне, қызығушылықтары мен
әдеттеріне сәйкес келетінін көрсетуге міндетті.
Өтініште жасөспірімнің таңдаған жұмысын атқаруына кедергі келтіретін
қандай да болмасын себеп болған жағдайда жұмыс беруші шарт жасасудан бас
тартуға тиіс.
14-16 жастағы кәмелетке толмағандар еңбек жасына немесе азаматтық
кәмелетке толмаған адамдардың еңбек етуге құқығы субъектілігі мен мазмұны
жағынан бірдей еңбек ету құқығы субъектілігіне ие болады. Сондықтан шарт
жасасу кезінде осындай кәмелетке толмағандардың ата-анасының біреуінің
(қорғаншысы, қамқоршысы) келісімі болуын олардың еңбек етуге кұқығы
субъектілігін танудың қосымша арнаулы талабы деп түсінуге болмайды.
Ата-ананын, (қорғаншының, қамқоршының) біреуінің 14 немесе 15 жасар
жасөспіріммен шарт жасасуға берген келісімі олардың нақты жұмыс берушімен
жасалатын еңбек етуге кұқықтық қатынастарьшың заңдылық құрамының қажетті
элементі болып табылады. Жасөсліріммен шарт жасасуға өзінің келісімім
білдіре отырып ата-ана (қамқоршы, қорғаншы) оны осы ұйымдагы еңбек
жағдайына кабілетті деп таниды және осыған байланысты жұмыс беруші
тарапынан еңбек шартында келісілген еңбекақы және еңбек жағдайы жөніндегі
кепілдіктердің сақталуын бақылай алады. "Щбёіі '^кғдайы
Жұмыс беруші жұмысқа жанадан келген жас қызметкерлерді ішкі еңбек
тәртібінің ережелерімен егжей-тегжейлі таныстыруға, техника, өрт
қауіпсіздігі жөнінде жан-жақты нұсқау беруге, жасөспірімдерді дербес
жұмысқа олар жұмыстың кауіпсіз тәсілдерін игергеннен және жеке басын қорғау
құралдарымен қамтамасыз еткеннен кейін ғана жібереді.
Ерекше жағдайларда ата-анасының немесе қамқоршысының, қорғаншысының
келісімімен орта білім алған не жалпы білім беретін оқу орнын тастап кеткен
15 жасқа толған жасөспірімдермен еңбек шарты жасалады. Сондай-ақ ата-
анасының бірінің (қорғаншысының, қамқоршысының) келісімімен жеке еңбек
шарты оқудан бос уақытында денсаулығына зиян келтірмейтін және оқу процесін
бұзбайтын жұмысты орындау үшін 14 жасқа толған оқушымен жасалуы мүмкін.

Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердің
еңбек сапасындағы құқықтары
Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлер еңбек қатынастарында құқықтары
бойынша кәмелетке толғандармен теңестіріледі, ал еңбекті қорғау, жұмыс
уақыты, демалыс уақыты және басқа да еңбек жағдайлары саласында осы
Кодексте белгіленген қосымша кепілдіктерді пайдаланады.

Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердің еңбегін пайдалануға тыйым
салынатын жүмыстар
1. Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердің еңбегін ауыр жұмыстарда,
еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәмелетке толмағандардың әрекет қабілеттілігі туралы
Еңбек құқығындағы құқықтық реттеу әдістері
ЖАСҚА ТОЛМАҒАНДАР ЕҢБЕГІН ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ
Еңбек шартының нысанасы
Қызметкерлердің жекелеген санаттарының еңбегін құқықтық реттеу
Жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру
Кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау
Қазақстан Республикасының еңбек құқығы пәнінен лекция жинағы
Қазақстан Республикасының еңбек кодексі негізінде еңбек шартының реттелуі
Еңбек құқықтық қатынастар саласындағы әлеуметтік әріптестік
Пәндер