Енгізу-шығару ұйымдастыру тәсілдері және файлдарға еркін қатынас: стандартты кітапханалар мен Linux командалары


Зертханалық жұмыс №2

Тақырыбы: Енгізу-шығаруды ұйымдастыру тәсілдері. Файлға еркін қатынас құру. Енгізу-шығарудың стандартты кітапханасы.

Жұмыстың мақсаты: Енгізу-шығару құрылғыларының алгоритмдері-нің жұмысын, функцияларын және құрылымдарын оқып үйрену. Драйверлер-дің конфигурациялау файлдарын, енгізу-шығару стандартты кітапханаларын және енгізу-шығаруды қайта бағыттау командаларын оқу. Командалық интерпретатормен жұмыс жасау.

Linux операциялық жүйесінің негізгі командалары

mkdir - каталог құру

cp - файлды каталогқа немесе файлға көшіру

ls - каталогта орналасқан файлдар жайлы ақпаратты көрсетеді

rm - файлды жою

rmdir - каталогты жою

cat - файлдың мәнін экранға шығарады

grep - файлдың барлық жолдарын шығарады

chmod - қатынау құқығын өзгерту

cd - бір каталогтан екінші каталогқа өту

pwd - ағымдағы каталогты көрсетеді

man - барлық командаларды көрсетеді

Архивтендіру және қысу

ar - (ar [параметры] [имя_члена] архивные_файлы . . . ) . CNU архивтен-діру құралы, құру, өлшеу және түйіншектеп шешу үшін арналған.

compress - (compress [параметры] [имя . . . ] ) . Берілген файлды қысады. Файл немесе файлды қысуды сәтті орындаған жағдайда . z кеңейтілуі пайда болады.

gunzip - (gunzip файл) . gzip командасының көмегімен сығылған файлды түйіншектеп шешеді.

zcat - (zcat [параметры] [файл . . . ] ) . Стандартты енгізу құралынан алынған файлды сығады немесе шығарып, оның қорытындысын шығару стандартты құралына жібереді.

zip - (zip[параметры] [zip-файл список] ) . Файлды қысады және буып-түйеді. Алынған архивтер RKZIP құралымен әрекеттеседі, MS-DOS-та файл-ды архивтендіру үшін көп қолданылады.

Bash қабықшасының қосалқы командалары

alias - (alias [-p] [имя . . . ] ) . Бар бүркеншіл атты командалар туралы ақпаратты көрсетеді, сонымен бірге жаңа бүркеншікті атты қабықшаны құру үшін қолданады.

fg - (fg [задание_или_процесс] ) . Қабықшаның қосымша функциясы. Фондық режимде орындалатын үрдісті артықшылық режиміне ауыстырады.

history - bash қабықшасының ағымдағы сеансында соңғы орындалған командалардың тізімін көрсетеді.

jobs - фондық режимде орындалып жатқан bash қабықшасының ағымдағы сеансында үрдісті көрсетеді.

test - файлдардың типін тексереді және мәнін салыстырады. Команданың орындалу нәтижесі true және false мәні бола алады.

Файлдарды ұйымдастыру

ln - (ln [параметры] источник [назначение] ) . Тағайындау файлына сіл-

теме құрады. Бұл команда көмегімен бірнеше жұмсақ және қатты сілтемені бір файлға құруға болады.

mv - (mv [параметры] источник нзначение) . Файл немесе каталогтың ор-

нын ауыстырады немесе атын өзгертеді.

rename - (rename источник назначения ) . Файлдың атын ауыстырады. Үлкен көлемді файлдардың атын өзгерткен кезде өте тиімді.

shred - (shred [параметры] файл . . . ) . Файлдың жоюын қатерсіз орын-дайды, алдын ала оның құрамын басқа дискке жазып қояды.

Файл атрибуттары

chgrp - (chgrp [параметры] группа файл… ) . Иеленуші әлде көрсетіл-ген файлдағы иеленушілер тобын ауыстырады. Бұл команданы орындау үшін күшті пайдаланушы артықшылығы болу керек.

sum - (sum [парметры] [файл . . . ] ) . Файлдың бақылау қосындысын және оның блоктағы мөлшерін санайды және көрсетеді.

touch - (touch [параметры] файл . . . ) . Файлды құрудың уақытын ағым-дағыға өзгертеді. Егер берілген файл жоқ болса, жаңа бос файл құрылады.

wс - (wс [параметры] [файл . . . ] ) . Көрсетілген файлдағы байт, сөз және жол мөлшерін көрсетеді.

Файлдарды іздеу

find - (find [путь . . . ] [выражение] ) . Берілген мәніне сәйкес файлдың бар затына файлдық жүйеде көрсетілген барлық подкаталогтарды көреді.

locate - (locate [параметры] образец . . . ) . Алдын ала құрылған файл-дық жүйедегі мәліметтер қорында файлдардың тез ізделінуі.

updatedb - (updatedb [параметры] ) . Мәліметтер қорын жаңартады, файл-да, жүйеде файлды locate командасы арқылы тез іздейді.

which - (which имя_программы . . . ) . Команданың орындалу файлына то-лық жолды көрсетеді.

Бөлек топқа бөліп қойуға сай файлдармен жұмыс жасау құралдары

convert - (convert [параметры] ) . Суреттегі бір форматтан басқа фор-матқа түрлендіру үшін қолданылатын, командалық жолдың күшті құралы.

gawk - (gawk [параметры] [-f файл_программы] текстовый_файл) . бұл команданың аты GNU awk болып аталады. Сонымен қатар, awk- бұл жай ғана команда емес, текстті өндеу үшін қолданылатын және өз атын мына инициалдан алған: Aho (Axo), Weinberger (Вайнбергер) және Kernighan (Керниган) .

sed - (sed [параметры] команда [файл . . . ] ) . Ағымдағы редактор (sed - Stream Editor) . Ағымдық енгізу барысында текст үстінен күшті операциялар орындайды және нәтижелерді стандартты шығару құрылғысына жібереді.

Файлдық жүйемен жұмыс жасау үшін арналған командалар

badblocks - (badblocks [параметры] устройство единицы_измере-

ния_блоков) . Дисктің мәліметтерін сақтауға жарамсыз, секторларының бар болу бөлімін қарастырады.

du - (du [параметры] каталог) . Каталогтың әр файлымен толтырылған дискілердің санын көрсетеді.

quotaon - (quotaon [парметры] ) . Файлдық жүйе ресурстарын қолдануға қойылған шекті қосады және өшіреді.

tune2fs - (tune2fs [параметры] устройство) . etc2 немесе etc3 томдары үшін файлдық жүйе параметрлері орнатады.

umount - (umount [параметры] ) . Файлдық жүйе бөлімдерін немесе Linux файлдық жүйе тасымалдаушыларын өшіреді.

mtools құралдары

mdu - MS-DOS каталогымен толтырылған дисктік кеңістікті көрсетеді.

mcat - өңделмеген мәліметтерді дискетаға көшіреді.

mcopy - дискетаның файлдық жүйеге алдын ала қосылмауынсыз, файлдарды Linux-тан және Linux-қа көшіру үшін, MS-DOS-тың форматталған дискетасын қолданады.

mformat - (mformat [параметры] дисковод:) . Дискетада MS-DOS файл-дық жүйесін құрады.

Басылымға шығару

lp - (lp[параметры] [файл . . . ] ) . LPRng басылымға шығару қызметіне тап-сырманы жібереді.

lpq - (lpq [параметры] ) . Басылымға шығару кезегін зерттейді.

lpr - (lpr[параметры] ) . Басылымға шығару доменіне документті жібереді.

lprm - (lprm [параметры] ) . Тапсырманы басылымға шығару кезегінен алып тастау.

Үрдістер

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
С тіліндегі енгізу/шығару функциялары және стандартты енгізу/шығару кітапханасы
Еркін және тізбекті қатынас құру тәсілдері мен енгізу-шығару ағындарының негізгі принциптері (жадқа бейнелеу, порттық I/O, DMA)
Linux жүйесінде SHELL командалары мен файл жүйесін басқарудың негіздері
C тіліндегі стандартты енгізу-шығару функциялары және кітапханалық құралдар
Пернетақта құрылымы, контроллер командалары және енгізу-шығару бағдарламалық қамтамасыз ету
Oracle VirtualBox-та Ubuntu орнату, Linux негізгі командалары және C++ тілінде практикалық бағдарламалау
Linux командалық жолы: желілік диагностика және файл алмасу командалары
Енгізу-шығару үзу жүйелері мен енгізу-шығару құрылғыларының аппараттық және программалық негіздері
C/C++ тілдеріндегі файлдық енгізу-шығару және мәтіндік файлдар
Си тіліндегі файлдар мен енгізу-шығару: ағымдар, режимдер және негізгі функциялар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz