Ең қымбат қазына — тіл



Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Көлемі: 26 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 400 теңге
Таңдаулыға:   
Тегін:  Антиплагиат

Қандай қате таптыңыз?

Рақмет!






Ең қымбат қазына — тіл
Мақсаты: Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, өз ана
тілінің көрікемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріңдегі
маңызын ұғуға үйрету. Сөздік қорларын молайтып, шешендік өнерге баулу.
Мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру.
Көрнекілігі: Газет тігінділері, қанатты сөздер, оқушылар ығармасы.

Өту барысы:

Ұйымдастыру
Көрініс: "Ең қымбат қазына" Қатысушылар: қария, баласы, дана қарт.
Ертеде бір тілге жүйрік шешен қария көз жұмарында ұлына:
"Балам, әкем кедей болды деп қамықпа. Менің саған тастаған көп
қазьшам бар, соны тауып алып қадіріне жет" депті. Бала кейін оны әрі
іздейді, бері іздейді, таба алмайды. Арып-ашып жүріп, ауылдағы абыз-
ақсақалдарға мұңын шағыпты. Әлгі дана қарт тындап болып:
"Әке баласына өтірік айтпас болар, ақтық демінде ақиқатын айтқан
екен. Әкең өте шешен адам еді, жарықтық. Оның саған қалдырған мол мұрасы —
қасиетті тіл. Бәріміз сөздің дәмін келтіріп, қалай сөйлеуді сенің әкеңнен
үйренген едік. Дүниеде тілден қымбат, мәңгілік мұра болмақ па, сірә!" — деп
аталы сөздің жұмбағын шешіп беріпті.

1-жүргізуші: Сен осы тіл ең қымбат қазына деген сөзбен келісесің бе,
мүмкін біздің одан да қымбат қазынамыз бар шығар?

2-жүргізуші: Жоқ, мен олай ойламаймын. Дүниедегі ең қымбат қазына,
әрине, тіл. Тіл -ең алдымен қатынас құралы. Егер тіл болмаса, сен маған осы
сұрақты қоя алар ма едің, ал мен саған өз ойымды айта алар ма едім?
1-жүргізуші: Оның өте дұрыс. Шынында да тіл қатынас құралы болумен
қатар ойдың да көрінісі. "Тілі байдың — ойы бай" деп текке айтылмаса керек.

2-жүргізуші: Иә, тілі тазаның ойы да таза деген де сөз бар емес пе?!

1-жүргізуші: Әлбетте, әр елдің, әр ұлттың өз тілі бар. Әр тіл өзінше
сұлу, өзінше тартымды, өзінше бай. Алайда дүниеде өз тіліңнен асқан сұлу,
бай түсінікті тіл жоқ.

2-жүргізуші: Адам баласы ес білген кезінен бастап айналадағы жаңа
ұғымдарды ана тілі арқылы қабылдап, олардың мәнін түсіне бастайды.

1-оқушы: Жастайыңнан қиялыңды-қиялға өрлеткен ғажайып ертегілер,
шыншыл да сыршыл аңыз-әңгімелер, ерлікті, елдікті дәріптеген батырлар
жырлары, береке-бірлікті мақсат еткен өткір де өміршең шешендік сөздер,
халық даналығы - мақал-мәтелдер ана тілінде дүниеге келіп, әрбір адамға сол
ана тілінде жетіп отырады. Ана тілінде тараған осындай халық мұраларынан
үлгі аласың, оларды өміріңе өнеге етесің.
Абай даналығына, Махамбеттің батылдығына, Бұқардың ақылгөйлігі мен
халқына деген жанашырлығына, Абылайдың данышпандығына, Бөгенбай мен
Қабанбайдың ерліктеріне сүйсініп, рухани өміріңе азық етесің.

2-оқушы: Тіл тазалығы дегеніміз - ана тілдің сөзінен басқа тілдің
сөзімен шұбарламау.

3-оқушы: Тілдің тілден кендігі болғанымен, кемдігі болмайды.

Жақсыдан жадыңа алған бір ауыз сөз,
Асықпа түспеді деп қолыма тез.
Дамылсыз ізденуге ерінбесең,
Керегің өміріңде болады кез.

4-оқушы: Дүниеде не ащы? Тіл ащы.
Дүниеде не төтті? Тіл тәтті.

5-оқушы: Көпке қызмет ететін адамның мынаңдай 5 қасиеті болады:
1. Бір көзің жүзден артық көріп, екінші көзің көрсоқырдан бетер көрмейтін
болсын.
2. Бір қүлағьщ сақ болса, екінші қүлағың керең болсын.
3. Көңілің керуен сарайдай кең болсын, естіген мен көргеніңнің бөрін
көңіліңе сыйғыза біл, әрі сақтай біл.
4. Естігеніңнін бәрін қайталаушы болма,
жақсы да, ақылды сөзді ғана айт.
5. Әрі бал, әрі зәр төгетін тіл болсын.

6-оқушы: Көз — жіті, қүлақ — сақ, көңілің — кең болу керек.
Кім өзін жүрттан артық санаса — сол ақымақ.
Адамды екі нөрсе қартайтпайды:
бірі— жақсы мінез, екінші — жақсы сөз.

7-оқушы: Биіктеп кетсең - қүлау бар,
Қуанып кетсең — жылау бар.

8-оқушы: Бақ пен дөулет көшпелі,

9-оқушы: Ең жақсы киім — хадқының киімі.

10-оқушы: Байлық — нағыз дүшпан.

11-оқушы: Ақыл — Алланың сыйлығы.

12-оқушы: Білікті адамның сөзі — таза гүл.

13-оқушы: Ханға жексүрын атансаң да, халыққа жексұрын атанба. -

14-оқушы: Жүз адам мақтаған кісі жүз адамға татиды.

15-оқушы: Сыпайылық — данышпандық белгісі.

16-оқушы: Арақ-шараптан ақы да, пайда да, абырой да, қайырымды мінез-
құлық та, адамгершілік те күтпе.

17-оқушы: Ең жақсы әдет — халықтың әдеті.

18-оқушы: Удан ащы не бар?
Удан ащы әдепсіз адамның аузынан шыққан сөз.

1-жүргізуші: Мақсүтым — тіл ұстартып, өнер шашпақ,
Наданның көңілін қойып, көзін ашпақ.
Өлді деуге бола ма айтындарщы,
Өлмейтұғын артында сез қалдырған.

2-жүргізуші: Жүртым-ай шалқақтамай сезге түсін,
Ойланшы сыртын қойып, создің ішін, - депті Абай атамыз.

1-оқушы: Әкемнің қүты, шешемнің сүті,
Сіңірген түла бойыма.
Бар асылын халықтың,
Откен ұлы тарихтың,
Қүйған сана ойына.
Туған тілім, өркенде,
Бола бер күшті көркем де.
2-оқушы: Ана тіл — біздің туған анамыз,
Анамыздай сыйлап бағып-қағамыз.
Ана тілін бағаласақ қалай біз,
Озіміздің сондай болмақ бағамыз.
Ана тілін кім аялай білмесе,
Анасынан безген үл деп қараңыз!

3-оқушы: Туған тілім — бабам тілі, өз тілім!
Туған тілім — анам тілі, өз тілім!
Туған тілім — далам тілі, өз тілім!
Туған тілім — адам тілі, өз тілім!
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сөнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып-ақ алындар.
4-оқушы: Ана тілі, дана тілі, бақ тілім,
Сенсің менің қасіретті шаттығым.
Сенсің менің тазалықты пәктігім,
Сенсіз бақыт дүниеде тапты кім?
5-оқушы: Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем,
Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.
Ел бетіне қалай түзу қараймын,
Ана тілі егер сені білмесем.

6-оқушы: Қазақ тілі — Атаң, Анаң!
Қуат алар Отан да одан.
Дүниеде ешбір асыл,
Тең келмейді қатар оған.
Дүшпаның да бас иетін,
Тілің- Ұлттық қасиетің.
Тартқан талай ұлыстар бар,
Тілсіздіктің қасіретін.

7-оқушы: Тілі аманның — күні келген,
Қор болмайды мұны білген.
Тіл жоғалса,
Заман туар
Ит мөңіреп,
Сиыр үрген.
8-оқушы: Тіл сыйлаған,
Ардан азбас.
Тіл сыйламас,
Бордай оңбас.
Мардымсумен, "мамалаумен",
Ата салтын жалғай алмас.
9-оқушы: Тіл ұстарту,
Тіл сындыру —
Сөз сиқырын,
Кілтін білу.
Ел мен елді елдестіру,
Естілікке ұмтылдыру.
10-оқушы: Қазақ тілі —
Бас денеге.
Бес қару да,
Қас шебер де
Өз тілінде ымдаса да,
Сөз түйсінтер тас кереңге.

11-оқушы: Қазақ тілі —
Халық тілі.
Тіл аманда
Халық тірі.
Өз тілінде жылағанның,
Көз жасы да
Халықмүңы...

12-оқушы: Махмүт Қашқари: "Тәрбие басы — тіл" депті. Ал Игунеки: "Әдептің
басы — тіл" деген.

13-оқушы: Ақыл көркі — тіл, тілдің көркі — сөз.
Сөз өнері — киелі өнер.
Өнер алды — қызыл тіл.
Сөз құдіретінен асқан құдірет жоқ.
Адамды жылататын да сөз, қуантатын да сөз.

14-окушы: Адамды жүбататын да, ақыл беретін де, күш-қуат беретін де, ой-
сана беретін де осы сөз.

1-жүргізуші: Тек оны тыңдап, мән-мағынасын түсіне білу керек.
2-жүргізуші: Олай болса,ұлы адамдардың даналық ойларын тындап көрелік.
1-оқушы: Ана тілін үмытқан адам өз өткенінен де, болашағынан да қол
үзеді.

1-жүргізуші: Міне, осындай даналық сөздер бізге тіл арқылы жетті емес
пе?!
Олай болса, біздің тілге деген құрметіміз шексіз.

2-жүргізуші: Тілге қандай құрмет көрсетсек те лайық. Бүгінгі тіл
мерекесі, тіл салтанаты, тіл қуанышы құтты болсын! Лайым ойларыңыз да,
тілдеріңіз де таза болсын! Тіліміз жасай берсін!

1-жүргізуші: Туған тілім — тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сөз ойдағы.
Осы тілмен мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім мен де бірге өшемін.

Тіл тағдыры - ел тағдыры

Мақсаты: Оқушыларға қазақ тілінің ерекшеліктерін, шешен сөйлеудің
мүмкіндіктерін түсіңдіру. Сондай-ақ, қазақтың би-шешендерінің, ақын-
жырауларының сөздерін, өлең-жырларын тереңірек ұғындырып, ақыл кенін, ой
мәйегін үқтыру.
Көрнекілігі: Тіл туралы нақыл сөздер жазылған гоіакаттар, өлең
кітаптар, билердің және ақындардың портреттері мен нақыл сөздерінің жинағы,
т.б.

1-жүргізуші: Қайта туды қазағымның ай-күні, Күннен-күнге асар ма екен
айбыны? Жетпіс жылда өтті талай кешуден, Қатар көріп шаттық, табыс,
қайғыны.

Тіл дегенің тиегі ғой жырдың да, "Ештен кештеу" түсінгеңдей жүртым да.
Шықпағанда республика Тіл заңы, Елдігім де көтер ме еді құрдымға?

Алтын бесік - ағайын, жүрт, туғаным, Дос беліссе қыза түсер думаның.
Барлық ұлттың өкілдері жарасып, Асырайық іс жүзіне Тіл заңын. Ән: "Ата
дөстурі"

2-жүргізуші: Ана тілім — абыройым, ожданым, Әрқашанда мәуелі екен өз
бағым. Нанымды жеп, суымды ішіп кейбіреу, Көре алмайды қазақ тіддің
озғанын.

Тіл тағдыры қабырғама батады, Түзеу қиын бір жіберген қатаны. Күні
үшін тілін сатқан арсыздар, Мансап үшін Отанын да сатады.

Шүкір қазір тілім алды еркіндік, Мың қуанып, мың жасарып серпілдік.
Бір қорқыныш тілімізді кеспесін, Бықсып жанған рушылдық пен жершілдік.

Отау тікті "Қазақ тілі" қоғамы, Төй-тәй басқан жас сәбидей ол өні. Бір
жеңнен қол, бір жағадан бас шықпай, Мәртебеміз көтерілмес жоғары.
Кеп бастауыш ұғымдар да құрылды, Орістетті тілімді де, ділімді. Барлық
жанды түгел бауыр санаймын, Темен санап кемітпесе тілімді. Шейіт болған
туған елдің бағы үшін, Ортамызға оралды сан арысым. Қазақ жүрты езі момын
болғанмен, Ашындырса жатқа бермес намысын. Ақындар суреттері ілінген
қабырга газетімен таныстыру.

1-жүргізуші: О, туған тіл! Тас бұлақтың түнығы да сенде, ана сүтінің
жұғымы да сенде, райхан гүлдің жүпары да сенде, мөжнүн ғащықтың іңкөрі де
сенде, қыран қүстың жанары да сенде, шымыр үланның талабы да сеңде, назды
сұлудың нәзіктігі де сенде, сахара даланың жазықтығы да сенде... Сондықтан
ана тілін ар-иманымыздай ардақтап, аялай білейік.

1-оқушы: Қазақ тілі!
Ол - менің ана тілім.
Ләззат-қуат
Сейлессем табатыным.
Тізілтіп сез маржанын,
Жазғанымда
Білем анық,
Бағымның жанатынын.
Қазақ тілі!
Байсалды баба тілім!
Сол байлықтан
Аз емес алатыным,
Беретінім
Қанша екен? Шүбәсіз хақ,
Қарыздар боп,
Әйтеуір қалатыным.
Тілім менің
Шешен де дана тілім!
Сәтін күткен
Жүлдызды сағатының,
Көмілмеген
Шаңына ғасырлардың
Қансоқтада
Қатталған қабатының
Сен - үнісің
Туыстық теңдігімнің.
Сен — үнісің
Бүгіннің, ендігінін.
Сен — тілісің
Адамзат Абайының.
Сен - тілісің
Ұрпақтың талайының.
Сен - тілісің
Махамбет, Мүхтарлардың...
Алуан-алуан
Қаламдас ағайынның.
Жыр желкенін
Жел кеулеп кергендікті,
Қүп көрген соң
Өр ойға ергендікті.
Абай қырда
Қазаққа қабыддатқан
Гетені де,
Пушкин мен Лермонтовты.
Тілім менің
Дарабоз тарланымсың
Махаббатым,
Ақаусыз арманымсың.
Түтастықтың
Тініндей үзілмейтін,
Елдігімнің
Өлшемі, ардағымсың.
Қазақ тілі!
Ақжолтай! Ана тілім!
Анық маған
Сөнбестей жанатының.
Анық маған
Болашақ замандарға
Бөгделенбей,
Бөгелмей баратының!

Хор: "Мектебім"
2-окушы
: Қазақпын мен, қазақтың бөлшегімін,
Қажеті не өзгенің өлшемінің.
Айбарлы елдің ұлымын ай таңбалы,
Кейіпкері емеспін ертегінің.
Қазақпын мен, қазақтың тентегімін,
Жау шебінде сыналған семсерімін.
Тайыз емен, теренмін, тамырымын,
Иілмейді ешкімге еңсе бүгін.
Қазақпын мен, қазақтың бөлшегімін,
Қажеті не басқаның өлшемінің.
Қазақ деген жалғыз ұлт мен боламын,
Енді менің жетеді көпке үнім.
Ана тілім, туған тілім, бал тілім,
Сен арқылы дүние танып талпындым.
Сен арқылы әлемге аян бар ісім,
Сен өзіңсің таусылмайтын алтыным.
Ана тілім, сенен биік шың бар ма?
Сен арқылы жарып кіргем шындарға.
Сенсіз маған өуен қайда, жыр қайда?
Мен шалқимын құдіретің түрғаңда.
Ана тілім, іс жоқ күнің жетпеген,
Сенен туды лирикалық лепті өлең.
Сені анамның махаббаты деп білем,
Сені ойымның шарайнасы деп білем.
Ана тілім — ар-намысым, ардақтым,
Көкірегіме өзің алғаш шам жақтың.
Өзіңменен ақыл-ойым өрістеп,
Қиялымды қияларға самғаттым.
Ана тілім — атамұрам, қымбаттым,
Өзің алғаш ана өлдиін тындаттың.
"Ата" дедім түңғыш рет былдырап,
"Құлыным" деп өкем сен де үн қаттың.
Қасиеттім! "Ана" атымен аталған,
Сен арқылы аталардан бата алған.
Сенен ұғып өсиетін Абайдың,
"Атамекен", "туған ел" деп ән салған.

Ән: "Атамекен"

2-жүргізуші: "Туған жер - тұғырың, туған тіл — қыдырың" дегеңдей, туған
жер, туған тіл адамға қандай ыстық, қандай қымбат. Оның қасиетін, қадірін
бір сөзбен, бір өлең шумағымен айтып жеткізу мүмкін емес. Дегенмен де
кезекті сынып оқушыларына берелік.
3-оқушы: Қасиетті, ардақты Ана тілім,
Айшықты әрі шешен дана тілім.
Анамның ақ сүтімен еміп қоса,
Сонымен саналы үл болып жаратыддым.
Жыр етсем аландаған әке мүңын,
Дей алмас ешкім қазір қате мұның.
Барады қадірлемей кейбіреулер,
Ардақты тілін Абай, Сәкенімнің.
Білмеген өз ұлтының тіл арнасын,
Ұлылығын халқының ұғар ма шын.
Өз тілінде-ақ Әуезов жазып шыққан,
Әлемге аты өйгілі шығармасын.
Білеміз шаттық хабар қайдан үшты,
Бөрі енді өзімізге байланысты.
Қаумалап тік көтеріп әкетейік,
Қанатын жаңа ғана жайған істі.
Қалағандай қиюлап үй тастарын,
Балталап бүза алмайсың үйқастарын.
Тіліңнің білгің келсе құдіретін,
Жүртыңның оқы өлеңін, жыр дастанын.
Өз тілін жетік біліп үйренсе кім,
Ең жақын ұрпағы сол Жиреншенің.
Замандас, сергіт ойды, заман туды,
Қолыңа тіл тағдыры тиген сенің.
Тамашадан тілге қатысты көрініс көрсетіледі
.

1-жүргізуші: Тамаша өлең таңдайға татып баддай,
Өз тілінде жыр оқу бақыт қандай!
Жан-дүниең жарқырап сала берер,
Ағарып келе жатқан атып тандай.

Ендігі кезекті "Атаның сезі - ақылдың көзі" дегендей, мақал-мәтелдерге,
тіл туралы нақыл создерге береміз.
Мақал-мәтелдер айтылады.

2-жүргізуші: Балалар, құтты болсын тілің бүгін,
Ашатын жан сарайын білімдінің.
Кешегі анаң айтқан, бабаң айтқан,
Тіліне зер салындар бұрынғының,
- дей келіп, бүгінгі "Тіл мерекесіне" Толе би, Қазыбек би, Әйтеке билер
келіпті. Сол кісілердің ауылдарын аралап, шешендік создерін естіп тыңдайық.

"Шешендік сөздерге саяхат"

2. "Төле бидің төрелігі"
3. "Кім жақын, не қымбат, не қиын?"
сауалына Қазыбек бидің берген жауабы.
Шу өзенінің Балқашқа жақын жайылымына бұдан көп жыл бұрын уйсін мен аргын
тайпаларының белді бектері таласыпты.
Екі жақтың да билері бас қосып, кеңесіп ботуаласа алмай отырганда, топқа
еріп келген он бес жасар Төле билік айтушылардың бірде-біріне көңілі
толмай:
Ақты ақ деп бағалар,
О, игі жақын ағалар.
Өзегі талса ел біткен,
Өзен бойын жағалар.
Би: "Ата түрып үл сөйлегеннен без, ана түрып қыз сойлегеннен без" деуші
еді. Мына бала кім озі?
Төле: О, би аға, он үште отау иесі демес пе.
Кінәлімін бе келіп қалсам он беске?
Соз сөйледім, бүйыра көрмеңіз айыпқа,
Алакөз болу ағайын адамға лайық па?
О, игі асқар тауымыз,
Әділ ме осы дауымыз?
Жар астында түрғаңда,
Жасырынып жауымыз.
Би: Жасы кіші демеңцер,
Ақылы асса аға ғой.
Балам, ағалық билікті саған бердім.
Төле: "Сары табақтан сарқыт қайтады" деген билікті маған берсеңіз, Шу
әзенінің оң жағын үйсін, сол жағын арғын жайласын.
Би: Үй баласы ма деп едім,
Ел баласы екенсің.
Ай маңдайлы арысым,
Талабың алдан отелсін.
Ауылыңның таңы бол,
Маңдайдағы бағы бол.

Көрініс:
Қазыбек биге бір адам:
"Кім жақын, не қымбат, не қиын?" деген үш сұраққа жауап беріңізші, — деп
қиылып отырып алыпты.
Сонда Қазыбек:
Тату болса, ағайын жақын,
Ақылшы болса, апайың жақын.
Бауырмал болса, інің жақын,
Инабатты болса, келінің жақын.
Алдыңа тартқан адал асын,
Қимас жақын қарындасың.
Сыбайлас болса, нағашың жақын,
Адал болса, досың жақын.
Еркелейтін немерең жақын,
Оз ұрпағың - шөберең жақын.
Жан серігің жас кезіңнен
Бәрінен де әйелің жақын.
Алтын үяң - Отан қымбат,
Құт берекең — атаң қымбат.
Аймалайтын анаң қымбат,
Мейірімді апаң қымбат.
Туып өскен елің қымбат,
Кіндік кескен жерің қымбат.
Ұят пенен ар қымбат,
Өзің сүйген жар қымбат.
Арадан шыққан жау қиын,
Таусылмайтын дау қиын.
Шанышқылаған сөз қиын,
Дәл осындай жағдайда,
Пана болмас өз үйің.
Жазылмас дерт қиын,
Не істерінді біле алмай
Ашиды сонда бас миың,

- деп жауап беріпті. Енді бөріміз Төле биден бата алайық.

АТАЖҮРТ
Мақсаты:
Білімділік: Қазақ халқының жазба әдебиетінің негізін салушы, ұлы ойшыл ақын
Абайдың өмір тарихын меңгерту.
Дамытушылық: Таным-түсініктерін дамытып, шығармашылықпен жұмыс істеуге
баулу.
Төрбиелілік: Абай жолы арқылы оқушыларды адами қасиеттерге баулу,
адамзаттың бейнесі арқылы үлгі-өнеге алуға шақыру.
Барысы:

Жүргізуші:
Бәрімізге қасиетті Абай ақын, Оқып-біліп өзіне болдық жақын. Жылы тиіп
жүрекке өлендері, Әр сөзінен үғамыз ақыл-нақыл. Үйретті ол ұрпағын
жақсылыққа, Қара сөзі әркімге басшы-нүсқа. Қаншама жыл өтсе де сөзі өлген
жоқ, Өсиетін аламыз басшылыққа. Қалдырған асыл сөзі - аманаты, Күн сайын
жайнай түсіп, жаңаратын. Маржандай төгілдірген өлең-жырға, Келешек
ұрпақтары таң қалатын. Ақылымен сүйсіңдірген ұлы дана, Біртуар халық ұлының
бірі ғана. Ұрпақтары бүгінде еске алады, Абайды өзгелерден көріп дара, —
дей отырып, бүгінгі "Атажүрт" тарихи-танымдық бағдарламамызға қатысушы
команда капитандарымен жөне оның мүшелерімен таныстырып өтелік.
"Томирис" жөне "Көк бөрі" тобы өздерін таныстырады.
Жүргізуші: Ақын жырлары шексіз, мүхит үстіңде төрттен бір бөлігі ғана
қылтиып көрініп, қалғаны судың астында, көзден тасада жатқан айсбергке
үқсайды. Оның шын қүдіретін, ғажайып қасиетін кеудесінде сәулесі бар
оқырман ғана аңғарады.
"Сенбе жүртқа түрса да қанша мақтап, Әуре етеді ішіне қулық сақтап. Өзіңе
сен, өзінді алып шығар, Еңбегің мен ақылың екі жақтап," — дей отырып,
сайысымызды бастайық.
I кезең: "Қанат қақты "
Бұл кезеңнің шарты бойынша әр топтың топ басшысына жеделдетіп 5сұрақ
беріледі. Әр сұраққа 1 секунд уақыт беріледі. 1 сұрақ 2 мың ұпаймен
бағаланады.
Жүргізуші: Қанаттарыңыз талмай биікке самғай беріңіздер! Сіздерге сөттілік
тілеймін! "Қыздың жолы жіңішке" деп ата-бабамыз қызды қонағындай сыйлаған.
Ал, арулар, сайысқа қалайсыңдар?
Сендер өтер әлі де талай сын бар.
Сұрағыма жауап бер, қымсынбай кеп,
Жауап қатсаң сұраққа, жарайсыңдар.
Ортамызга "Томирис" тобының топ басшысын шақырамыз.
" Томирис "топ басшысының сұрақтары:
1. Абайдың шын есімі? (Жауабы: Ибраһим)
2. Абайды әлемге танытқан роман-эпопеяны ата. (Жауабы: Мұхтар Әуезовтың
"Абай жолы")
Алғашында Абай өз ауылында жалдамалы молдадан білім алады, кейін ауқатты
Қүнанбай баласын қай жерде, кімнің медресесіне оқуға береді? (Жауабы:
Семейдегі Ахмет Ризаның медресесі)
Абайдың Ділдәдан тараған кенже ұлы? (Жауабы: Мағауия)
Абайдың 1890-1898 жылдар арасыңда жазылған бір алуан шығармалары қалай
аталады? (Жауабы: Қара сөз)
Жүргізуші:
"Томирис" тобының үпайын есептейік. Еліміздің елдігін сақтап қалған ер
азаматтар екені баршаңызға аян. Сол ер азаматтардың ұрпақтары білімді,
өнерлі, парасатты болса, тәуелсіз еліміздің туы көкке асқақтары анык.
Өнер қуып жігіттер өтер деймін,
Бір басына өнері жетер деймін.
Бөске түскен "Көк бөрі" топ басшысы,
Сұраққа жауап беріп өтер деймін.
"Көк бөрі" топ басшысына сұрақтар:
Абай қай жерде туды? (Жауабы: Семей облысының Шыңғыс тауында дүниеге
келген).
Абайдың әкесі Күнанбай кай рудын старшыны болды? (Жауабы: Тобыкты руынын
старшыны бодды).
3. Акын үш-ак нәрсе адамнын касиеті деген.
Атап бер. (Жауабы: Ыстық кайрат. нүрлы ақыл,жылы жүрек).
4. Жас кезінде өз анасы мен кіші шешесіекеуінің тәрбиесін көріп өскен
Абайды қалайатаған? (Жауабы:1елғщ)а)
5. Абайдың дүниеден өткен жылы? (Жауабы:1904 жыл)
Жүргізуші:

"Көк бөрі" тобының үпайын есептейік.
Ғалым болмай немене,
Балалықты қисаңыз?
Болмасаң да үқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз.
"Ондай болмақ қайда?" деп,
Айтпа ғылым сүйсеңіз.,
Сізге ғылым кім берер,
Жанбай жатып сөнсеңіз.
Дүние де өзі, мал да өзі,
Ғылымға көңіл бөлсеңіз.
Келесі кезең "Самғау" кезеңі.
Бұл кезеңнің шарты бойынша жоғарыда табло цифрлары (8 сұрақты терезелер)
көрсетілген, әр терезені ашсаңыздар, астынан сұрақтарға байланысты
фотосуреттер шығып отырады.

II кезең: "Самғау "
Жүргізуші: Осыдан бір жарым ай өткен соң, күз тақап жайлаудың елі
ІПығыстан кайта асып, бауырға қарай үздік-создық көштер созьгдды. Маңыңдағы
дала шөбі сарғайған. Осы сары төскей өлкенің санадан солған запырандай
болған санаты қайғы-дертін айтқандай Шығыстан соққан үздіксіз қоңыр жел
жылы күнде оңынан соғатын жел еді. Қыстауда күншығыска қарай созьглған
қүлаберісте сондай бір кішкене төбеіпікгін үстінде жақын заманда салынған
биік, кең төрт қүлақты бейіт бар. Бүның сол жақ бүрышында сырты тоза түскен
саңдықтап қойған бір бейіт бар. Оның басына Оспан аты жазылған. Жаз
ортасынан бері
сол Оспан бейітінің қасына және сандықтап қойған бір жаңа бейіт —Абайдың
бейіті.
Бүгін осы бейіттің басына өте кеп елдің көштері соғъш өтті.
Бұл "Абай жолы" роман-эпопеясынан келтірілген үзінді. Бұл сұраққа жауап
берулеріңіз үшін таблодагы фотосуретті пайдалануларыңызга болады.
Сұрақ: Ұлы ақьшның бейіті орналасқан қыстау қалай аталады?
Жауап беруге 1 минут уақыт беріледі.
Кезектеріңізді келесі комаңдаға бересіздер ме? Егерде кезектеріңізді келесі
командаға беріп, олар жауап бере алмаса "Алтын қорларыңызға" 2 мың үпай
қосылады. Ал егер олар жауап берсе өздеріне 2 мың үпай қосып алады.
Қосымша көмек тағы бар. Қосымша көмек алғандарыңыз үшін қоржындарыңыздан 1
мың үпай шегеріледі.
Қосымша көмек: Қазірде Еуразияның кіңдігіне орнатылған белгі тас бар.
(Жауабы: Жидебай қыстауы)
Жүргізуші: Алпысыншы жыддары Қазақстанға Перудың атақты әншісі Има Сумак
келді. Оның дауысындай дауыс табиғатта өте сирек кездеседі. Бірде Ермек
Серкебаевтың баритон дауысына, бірде Күләш Байсейітованың сопрана дауысына
салады. Ол бірде арқыраған арыстанның, бірде күркіреген жолбарыстың, бірде
қүбылтқан бұлбұлдың үніне салады. Ал "Күн гимні" әнін жалғыз тыңдай
алмайсың. Түрлі аңдардың дауысына салғанда өзіңді тап бір орман арасында
жалғыз қалғандай сезінесің. Қорқыныштан жүрегің жарылып кете жаздайды.
Үнінің сиқырын сұрағанда ол: "Мен жасымнан Перу ормандарының арасында,
орманшының отбасында өстім. Әкем мен шешем мені бесігіммен ағаш басына іліп
кетіп, өздері орман аралап кеткенде мен сондағы андардың, құстардың дауысын
салатынмын. Сөйтіп мен ән салуды табиғаттың өзінен үйрендім. Дауысымның бар
күпиясы осы ғана". - деп жауап берген.
Ендеше. ұлы Абайдын табиғаты сүлу да әдемі Шынғыс тауында гуыльгп, ақын
болмауы, сазгер болмауы мүмкін емес еді.
Ендігі кезекті Абайдың табиғат суретіне толы әндеріне кезек берелік.
Ән: "Қараңгы түнде тау қалгып "
Жүргізуші: Бұл жер Қодар қыстауынан алыс емес. Оның бауыры әдемі, тоғайлы
өзен болатын. Тал-терегі болсын жөне қисықша қызыл қайың болсын, барлыгы да
көктеп, жайнап түр. Бұл ара бір қүйқалы жақсы қыстау. Бөкенші Борсақ ерте
кеп, осында орнап әлі бауыр басып келеді.
Ырғызбай ішінен өсіресе осы жерге қызығушылар көп болатын. Мұнда отырған
ауылдар Борсақ, Жексен ауылы. Ол Борсаққа әлдеқандай көрінгенмен, өзге
жүрттың келесінде бүта ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Әдеп – ең қымбат мирас
Самұрық-Қазына экономиканың қуатты тірегі
Мемлекеттік қазына
Ата дәстүрі – асыл қазына
«Білім беру – жасырылған қазына»
Жер — қазына, су — алтын
Қымбат металдар және олардың құймалары
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл ауқат қоры»
Тіл ерекшелігі
Ең үздік жұмыс берушілер
Пәндер
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь